Қазақстандағы аударма өнерінің даму кезеңдері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

I тарау Аударма теориясының қалыптасуы

1.1 Аударма теориясының негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Қазақстанда аударма теориясының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ...

II тарау Қазақстандағы аударма өнерінің даму кезеңдері

2.1 Революцияға дейін пайда болған аударма өнерінің алғашқы үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Қазақстандағы аударма өнерінің XX ғасырдағы даму бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әлемде әр алуан тіл, әр алуан ел өмір сүріп отырған жағдайда аударма мәселесінің күнделікті қажетті іске айналуы заңды. Қазақ ғылымында да арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі – аударма әдебиеттің тілі. Бұдан жарты ғасыр бұрын М.О.Әуезов: «...аударма төл күйінде, қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін» атап өткен. Аударма көне де, жаңа да өнер. Ол басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым қатынас жасаудың делдалы, дәнекері. Тургенев: «Всякий перевод назначен преимущественно для незнающих подлинника. Переводчик не должен трудиться для того, чтоб доставить знающим подлинник случай оценить, верно или неверно передал он такой-то стих, такой-то оборот: он трудится для "массы",-деген. (4;47) Аударма өнерінің құбылыстарын зерттеу де, табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі сан алуан құбылыстарды зерттеу сияқты, әр қырынан қарастыруды қажет етеді. Аударма проблемасын әр қилы тұрғыдан: тарихи-мәдени, әдебиеттану, лингвистикалық және психологиялық тұрғыдан алып қарастыруға болады. Қазақ аудармасының тарихына, теориясы мен тәжірибесіне арналған мақалаларда, жинақтарда, монографияларда, аударманың тарихи-мәдени, әдебиет салаларындағы жайы көбірек..
1. Айтбаев Ө. Аудармадағы фразеологиялық құбылыс. – Алматы:1982
2. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы.- Алматы: Ғылым, 1975.
3. Кереева-Канафиева К. Пути развития переводческого исскуства в Казахстане.- Алма-ата:1984
4. Федоров А.В. Введение в теорию перевода – М.: 1953.
5. Хайруллин Р. Аударма сыпаты. – Алматы:Жазушы, 1976
6. Қазыбек Г.Қ. Көркем аударма тәжірбиесі. – Алматы: Қазақ университеті,2005
7. Алпысбаев Қ.Қ., Қазыбек Г.Қ. Қазақ аудармасының теориясы мен практикасы. – Алматы: 2001.
8. Талжанов С. Көркем аударма туралы. – Алматы: 1962
9. Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына
10. «Дала уалаятының газеті». – Алматы: Ғылым, 1989
11. «Дала уалаятының газеті». –Алматы: Ғылым, 1960
12. «Айқап». – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1995.
13. Тұрарбеков З. Аударма туралы. – Алматы, 1961.
14. Тұрарбеков З. Әдебиеттер достығының дәнекері (қазақ аударма өнері жайлы ойлар). Алматы: Қазақстан,1977.
15. Алимов А.К. Проблемы художественного перевода в Казахстане в 20-30 годы. – Автореф. канд. дисс.., Алматы: 1991.
16. Қазақ әдебиеті 6 май, 1955ж. №18 3б.
17. Әуезов М.О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 17-том Мақалалар, аудармалар (1936-1944). – Алматы: Жібек-жолы, 2004.
18. Әуезов М.О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 30-том Мақалалар, аудармалар (1949-1952). – Алматы: Жібек-жолы, 2007.
19. Комиссаров В.Н. Теория перевода. – Москва: Высшая школа,1990.
20. Рецкер Я.И. Теория перевода и переводческая практика М.: 1974.
21. Тюленев С.В. Теория перевода. – М.:2004. Учебное пособие.
22. Алимов В.В. Основы теории перевода. – Москва, 2000.
23. Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына. Көркем аударма мәселелері. – Алматы: Жазушы, 1976.
24. Левин Ю.Д. Русские переводчики XIX века и развитие художественного перевода.- Л.: Наука,1985.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..

I тарау Аударма теориясының қалыптасуы

1. Аударма теориясының
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Қазақстанда аударма теориясының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ...

II тарау Қазақстандағы аударма өнерінің даму кезеңдері

1. Революцияға дейін пайда болған аударма өнерінің алғашқы
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Қазақстандағы аударма өнерінің XX ғасырдағы даму
бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Әлемде әр алуан тіл, әр алуан ел өмір сүріп отырған жағдайда аударма
мәселесінің күнделікті қажетті іске айналуы заңды. Қазақ ғылымында да
арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі – аударма әдебиеттің тілі.
Бұдан жарты ғасыр бұрын М.О.Әуезов: ...аударма төл күйінде, қалыптасып,
есею күйінде ғана екендігін атап өткен. Аударма көне де, жаңа да өнер. Ол
басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым қатынас жасаудың
делдалы, дәнекері. Тургенев: Всякий перевод назначен преимущественно для
незнающих подлинника. Переводчик не должен трудиться для того, чтоб
доставить знающим подлинник случай оценить, верно или неверно передал он
такой-то стих, такой-то оборот: он трудится для "массы",-деген. (4;47)
Аударма өнерінің құбылыстарын зерттеу де, табиғаттағы және қоғамдық
өмірдегі сан алуан құбылыстарды зерттеу сияқты, әр қырынан қарастыруды
қажет етеді. Аударма проблемасын әр қилы тұрғыдан: тарихи-мәдени,
әдебиеттану, лингвистикалық және психологиялық тұрғыдан алып қарастыруға
болады. Қазақ аудармасының тарихына, теориясы мен тәжірибесіне арналған
мақалаларда, жинақтарда, монографияларда, аударманың тарихи-мәдени,
әдебиет салаларындағы жайы көбірек. (14; 15)
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болған тұсынан бері қарай
ғылымның аударма саласы едәуір сипатқа ие болып отыр. Егеменді елдің рухани
дамуындағы бағыттардың бірі – дүниежүзілік ақпараттар алмасудың сапалы
деңгейіне көтерілуі; ақпараттық база жасау; ақпараттық-анықтамалық
ресурстар құру. Шет мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының саяси-
әлеуметтік байланыстары, қарым-қатынастары жөнінде ақпараттарды жинау,
қабылдау, өңдеу, жеткізу жүйесі бір тілден екінші тілге аудару ісімен тығыз
байланысты. Аталған жағдаяттарға орай соңғы жылдарда аударылу процесінің
объектісі ұлғайды, көркем аудармамен қоса күнделікті баспасөз материалдары,
публицистикалық стильдің әр алуан жанрлары, саяси қайраткерлердің сөздері
мен баяндамалары, ресми құжаттар (жарлықтар, бұйрықтар, өкімдер, жарғылар
мен ережелер, қатынас қағаздары), кинофильмдер, жарнамалар негізінен
аударма жолы арқылы жүзеге асырылуда. Жазба аудармамен қатар ауызша аударма
(ілеспе аударма және қосарласа аударма) жеке жанр ретінде байқала бастады.
Қазақ тілінен өзге тілге тәржімалау ісі де жоғары деңгейде қалыптасқан.
Қазіргі жаңа қоғамдағы еңбек қарым-қатынастары шетел тілдерін оқып-
үйренуді, шетел тілдері туралы білім-дағдыны еңбек процесінде пайдалануды
талап етіп отыр. Осыған байланысты аудармашылық кәсіп жаппай сипат алуда.
Аударма туралы белгілі әдебиеттанушы Ю.Д.Левин былай деген: ...
Преобразование инонационального писателя в переводе имеет двоякий смысл. С
одной стороны он вводит этого писателя в новую литературу, тем самым
обогащая ее. Но с другой стороны обогащается и сам переводимый писатель.
(24; 6)
Дипломдық жұмыстың тақырыбы. Қазақстандағы аударма теориясы мен
практикасының негізгі бағыттары.
Зерттеудің өзектілігі. Осы ғасыр бойында, әсіресе соңғы жарты ғасырда
қазақ мәдениетінде өзге тілден қазақшаға аударудың бай тәжірибесі
жинақталды. Қандай да болмасын тәжірибенің негізінде ғылыми тұжырымдарды
түйіндеу, теориялық негіздемені қалыптастыру, ғылым дамуындағы заңды
құбылыс болып табылады. Орыс тілінен қазақ тіліне аударылған әдебиет –
қазақ мәдениетінің күрделі арнасы болып табылағандықтан, бұл бағыттағы
аударманың сандық және сапалық көлемі жағынан ауқымдылығы қазақ әдеби
тілінің динамикалық жай-күйіне елеулі әсер етті. Сондықтан дипломдық
жұмыста, әр кезеңде орыс тілінен аударылған шығармаларға назар аударып,
оларды кезең бойынша жүйеге келтірдік.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Қазақ қоғамындағы аударма өнерінің
теориясы мен практикасының қалыптасу және даму кезеңдерін, XYIII ғ. бері
қарайғы кезеңде қазақ тіліне аударылған қоғамдық саяси, ғылыми, ресми және
көркем проза материалдары негізінде аударма әдебиеттің қазақ
мәдениетіндегі орнын, сонымен қатар оның дамуына шет елдерінің тигізген
ықпалын анықтау. Байырғы тәжірибенің негізінде бір тілден екінші тілге
аудару процесіндегі ортақ заңдылықтарды, тілдердің өзара ықпалдасуын, бір-
біріне қатысын ғылыми тұрғыдан қорыту.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе бөлімнен, екі
тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I тарау Аударма теориясының қалыптасу тарихы

1. Аударма теориясының негізі
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, екітілділік ежелгі дәуірлерден
бастап көрініс тапқан. Екі тілде сөйлеген рулардың арасындағы соғыстардың
нәтижесінде, адамдар тұтқынға алынды. Тұтқынға түскен адам сол рудың тілін
түсінуге, үйренуге мәжбүр болды, осылайша билингвтер пайда болды. Бұл
кездейсоқ және уақытша құбылыс болғанымен, сол кездің өзінде бір тілден
екінші тілге аудару қажеттілік болды.
Ежелгі Мысыр, Рим империясы, ежелгі Греция мемлекеттері, Үндістан,
Иран және т.б. мемлекеттік бірлестіктердің қалыптасуымен байланысты,
олардың арасында қарым-қатынас қажеттілігі туындады. Және маман
аудармашылар қажет болды. Аралас некеге тұрудың нәтижесінде екітілділктің
әр-түрлі формалары дүниеге келді.
Екітілділіктің тұрақты формалары феодал дәуірінде қалыптаса бастады.
Себебі, бұл ғасырларда пұтқа табынушылық жойылып, қоғамға негізгі тіл мен
жазбаны алып келген, жаңа діндер пайда болды. Капитализм дәуірінде
екітілділік кең тарады.
1875 жылы Бодуэн де Куртенэнің Опыт фонетики резьянских говоров атты
кітабы басылып шықты. Онда ол тілдің аралас сипатын талқылайды. Ол: Екі
тілдің араласуы екі бағытта болатын құбылыс, бір жағынан ол өз тіліне
аударма тілінің элементтерін қосады, екіншіден ол екі тіл арасындағы
айырмашылықтарды жояды дейді.
Екі тілде сөйлейтін іскери адамдардың арасындағы қатынас аудармашылар
арқылы жүзеге асады. Ежелгі Ресейде оларды толмач деп атаған. Қазір
олардың көмегінсіз халықтар мәселесі бойынша келіссөз жүргізу мүмкін емес.
Аудармашылардың практикалық қызметінің және аударма саласына жүргізілген
зерттеулердің арқасында, аударма теориясын үнемі толықтырып отыруға
мүмкіншілік бар. Аударма теориясы аударманы үйренушіге де, маман
аудармашыға да қажет. Оқу құралы ретінде аударма теориясыз өмір сүре
алмайды. Маман аудармашы аударма тәжірибесін өз саласында орынды қолданса,
өзінің кәсіби біліктілігін көтеруге жол ашады.
Аударма теориясы саласына байланысты В.Н.Комиссаровтің Теория
перевода, Современное переводоведение, Л.С.Бархударовтің Язык и
перевод, Рецкер Я.И. Теория перевода и переводческая практика, А.Д.
Швейцердің Теория перевода, И.И.Ревзин, В.Ю.Розенцвейгтің К обоснованию
лингвистической теории перевода және т.б. еңбектері аударма теориясында
елеулі орын алады. Андрей Венедиктович Федоров XX ғасырдың 30-жылдары
аударма теориясының негізін өзінің аударма теориясы бойынша М.Горький
атындағы Москваның әдебиет институтында оқыған дәрісінде салды. О
художественном переводе деген кітабында ол аударма теориясы мен
практикасының сәтті үйлестіру, тек кең филологиялық негізде ғана мүмкіндігі
жайлы баяндайды. 1953 жылы оның Введение в теорию перевода атты еңбегі
жарық көреді. (22; 9, 10). Бұл еңбегі бойынша, аударма теориясы
филологиялық ғылымның саласы болып табылады, сонымен қатар кейбір
жағдайларда әдебиеттану ғылымымен, оның тарихы және теориясымен, қарастырып
отырған тілде сөйлейтін халықтардың тарихымен тығыз байланысты.
А.В.Федоров өз еңбегінде аударма теорисының негізгі бөлімдерін
қарастырған.
1. Бірінші бөлімінде аударма теориясын қалыптастыру үшін, аударманың
тарихын, аудармашылық ой-пікірлер мен көзқарастарды біріктіріп, оны жүйелеу
сияқты мәселелерді қарастырған.
2. Екінші бөлімінде аударманың жалпы теориясы қарастырылады. Белгілі
бір аудармаларды талдап, аударма жұмысында маңызды тіларалық
айырмашылықтарды зерттеу арқылы аударма заңдылықтарын белгіледі. Екі
тілдің ғана ерекшеліктері мен айырмашылықтарын қарастыратын жеке аударма
теориясы, жалпы аударманы қарастыратын жалпы аударма теорисы осы бөлімге
кіреді.
Аударманың жалпы теориясы біріншіден тілдің аудармаға қоятын негізгі
міндеттері мен шарттарын зерттейді. Екіншіден материалдың жанрлық
ерекшеліктеріне байланысты (газеттік-ақпараттық, іскери-құжаттамалық,
арнайы ғылыми мәтіндер, қоғамдық-саяси көзқарасиағы шығарма немесе көркем
аударма) негізгі міндеттері мен шарттарын зерттейді және жазушының өзіндік
стилін қарастыру негізінде жалпы қағидалар жасалады. (4; 16, 17).

2. Қазақстанда аударма теориясының қалыптасуы
Аударма өнерінің қазақ топырағындағы гүлдене бастауы – орыс әдебиеті
классиктерінің және орыс әдебиеті арқылы әлем сөз өнері зергерлері
шығармаларының қазақшаға тәржымаланған тұсы. Соған орай алғашқы кезде
мерзімді басылымдарда пікір, ұсыныс түрінде басталған аударма теориясы мен
практикасына байланысты зерттеу жұмыстары кең арнаға, ғылыми салаға
айналды. Аударма өнерін зерттеудің тарихы бастауын 1914 жылы "Айқапта"
жарық көрген Сәкен Сейфуллиннің пікірінен бергі аралықтағы еңбектердің
көтерген мәселесі де, зерттеу бағыты мен әдісі де сан түрлі. Аударма
өнеріне қатысты А.Байтұрсынов, М.Сералин, Ж.Аймауытов пікірлері болғанына
қарамастан және аударма өнерін зерттеу көкейтестілігі күн тәртібіне
қойылғанмен, халқымыздың ұлы ойшылдарының бірі – М.Әуезовтың 1936 жылы
жарияланған "Пушкинді қазақша аудару тәжірбиелері туралы"атты мақаласына
дейінгі еңбектерде (Б.Кенжебаевтың Абай аудармашылығы жайында 1925 жылғы,
Е.Алдоңғаровтың Пушкиннің "Сараң сері", "Тас мейман" қазақша аудармалары
туралы 1926 жылғы мақалалары) ғылыми талдаулар мен тұжырымдар болған жоқ.
Қазақ топырағындағы аударма теориясының алғашқы қазығы сияқты осы
мақаладан кейін М.Әуезовтың "Ревизордың аудармасы туралы", "Пушкин
аудармасы қазақ әдебиетіне не берді?", "Евгений Онегиннің қазақшасы
туралы", "Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар" атты мақалалары мен 1937
жылғы 5 қаңтарда "Казахстанская правда" газетінде "Евгений Онегин на
казахском языке" атты мақаласының жарық көруі қазақ әдебиеттану ғылымында
көркем аударма теориясының өмірге келгенін көрсетеді.
М.Қаратаевтың аударма өнеріндегі қиындықтар мен принциптерді,
жетістіктер мен кемшіліктерді әңгіме арқауы еткен, аударма
шығармалардытуған әдебиеттің саласы ретінде дәлелдеген "Жүз жылдан кейінгі
Пушкин", "Пушкин мен Абай", атты екі мақаласының, Т.Жүргеновтың "Казахский
перевод "Шах-наме", Р.Жаманқұловтың "Пушкин өлеңдерінің аудармасы жөнінде
бір-екі сөздің" аударылуы атты мақалаларының қазақ көркем аударма
теориясының іргетасы деп танырлықтай еңбектер екені даусыз.
Қазақ аударма өнерінің қырқыншы жылдардағы зерттелуі туралы Ө.Айтбаев:
"... соғыстың әлегі бұл салада да ізін қалдырды. Яғни, көңілдің аудармадан
гөрі басқа мәселеге алаң болғаны мәлім. Бұл тұста біз бір ғана еңбекті
ескере аламыз. Ол – М.И.Ритман-Фетисов пен Б.Кенжебаевтың бірлесіп жазған
"Советтік Қазақстандағы аударма жұмысы" деген мақаласы" – деп тұжырымдайды.
Алайда, 1946 жылы қорғалған Қ.Жұмалиевтің "Абайға дейінгі қазақ поэзиясының
тілі" тақырыбындағы докторлық диссертацмясында Абай аудармалары туралы
бағалы ойлар айтылуы, С.Мұқановтың 1945 жылдары аяқталған "Абай Құнанбаев"
атты монографиясында ұлы ақынның аудармашылық қызметі сөз болуы, жоғарыда
аталған мақаладан кейін М.С.Сильченконың "Пушкин және қазақ әдебиеті",
М.Фетисовтың "Пушкин шығармаларының қазақша аудармаларының қоғамдық –
мәдени маңызы" атты мақалаларының жарық көруі қазақ аударма өнерінің қиын –
қыстау кезеңде де зерттелгенін көрсетеді.
Қазақ аударма өнерінің теориялық мәселелерін терең зерттеу елуінші
жылдардан басталды. Бұл аударма мәселесіне мемлекеттік маңыз беріліп,
Бүкілодақтық проблема деңгейіне көтерілуімен тікелей байланысты. КСРО
Жазушылар Одағы бұл мәселені 1951 жылы көпшілік талқысына салып, көркем
аударма туралы Бүкіл одақтық бірінші кеңес өткізді. Кеңестің өтуі және
кеңес қарсаңында кең түрде пікір алысу жүруі көркем аударма мәселесінің
зерттелуіне игі әсер етті. Осы кезеңде көркем аудармаға байланысты
Қазақстанда тұңғыш ғылыми диссертация қорғалды. Ол-Жамбыл өлеңдерінің
орысшаға аударылуын зерттеу объектісі етіп алған К.Ландаудың еңбегі
болатын. Бұл еңбек тек аударма проблемаларын шешуге атсалысып қана қойған
жоқ, ол көркем аударманың Қазақстандағы ғылыми-теориялық зерттелуінде
қозғау салушы ретінде роль атқарып, оны ғылыми сала ретінде тану ұғымын
тиянақтай түсті.
М.Әуезов, М.Қаратаев, М.Жанғалин, Қ.Шәріпов, Ә.Ипмағанбетов,
З.Ахметов, С.Нұрышев, С.Қирабаев, К.Канафиева, Қ.Сағындықов,
А.Садықовтардың 1950-60 жылдар аралығында жарық көрген еңбектері қазақ
аударма өнерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуін қалыптастыру ісіне үлкен үлес
қосты.
Аударма өнерінің зерттелуінде С.Талжанов, Ә.Сатыбалдиев, Ө.Айтбаев
және т.б. ғылымдар еңбектері орыстың классикалық әдебиеті үлгілерін
қазақшаға тәржімалауды әңгіме арқауы етсе, С.Құспанов, Х.Садықав,
М.Бисенқұлов және т.б. зерттеушілер еңбектері көркем шығармалардың қазақ
тілінен орыс тіліне аударылуындағы проблемаларды шешуге арналған.Кейінгі
кездегі аударма теориясы мен тәжірибесіне байланысты осы бағыттағы толымды
еңбек ретінде Н.Сағындықованың зерттеулерін атасақ, Б.Репин, Ю.Сушков,
А.С.Ермағанбетова, К.И.Дүйсетаева, М.Ш.Құрманов және т.б. зерттеушілер
сатылы аударманың қыр-сырын ашуды мақсат етіп, орыс тілі арқылы қазақ
көркем шығармаларының шетел тілдерінен орыс тілі арқылы қазақ тіліне
аударылуы мәселелерін сөз етеді.
Аударманың түрлі проблемаларын қозғаған кітапшалардың жарыққа шығуы,
мақалалар жинағының басылуы және жеке кітап болып басылған монографиялық
зерттеулердің өмірге келуі 1950 жылдардан бастап өз арнасына түсе бастаған
аударманың ғылыми зерттелуін тереңдете түсті. Олар: С.Нұрышевтің "Абайдың
аударма жөніндегі тәжірбиесінен" (мақалалар жинағы,1957), З.Тұрарбековтың
"Аударма туралы" (1961), "Қазақ аудармасының теориясы мен практикасы"
(1973), "Әдебиеттер достығының дәнекері" (1977), С.Талжановтың "Көркем
аударма туралы"(1962), "Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері" (1975),
Ә.Сатыбалдиевтің "Рухани қазына" (1965), М.Әлімбаевтың "Өрнекті сөз – ортақ
қазына" (1967), Т.Әбдірахмановтың "Жаңа ғасыр көгінде"(1969),
Ү.Суханбердина құрастырған "Әдеби мұра" (1970), Ө.Айтбаевтың "Аудармадағы
фразеологиялық құбылыс" (1975), Р.Хайрулиннің "Аударма сыпаты" (1976),
М.Құрмановтың "Алтын арқау (1979), С.Сейітовтың "Пушкин лирикасын қазақ
тіліне аудару дәстүрі" (1985), Ш.Сәтбаевтың "Достық дастандары" (1983),
Г.Бельгердің "Гете мен Абай" (1995), Н.Сағындықованың "Основы
художественного перевода" (1996)" атты кітаптары мен басқа да қаламгерлер
еңбектері. Сонымен қатар, көркем аударма мен жалпы аударма мәселесіне,
әдебиеттер байланысына қатысты Қ.Жұбанов, І.Жансүгіров, М.Әуезов,
М.Балақаев, З.Ахметов, С.Қирабаев, С.Аманжолов, С.Қоспанов, М.Қаратаев,
З.Қабдолов, Р.Нұрғалиев, С.Бәйішов, Ә.Нұрпейісов, М.Жанғалин, Қ.Шәріпов,
Ә.Ипмағамбетов, С.Исаев, К.Канафиева, Р.Бердібаев, Ш.Сәтбаева, Т.Ахтанов,
Т.Сайранбаев, Г.Бельгер, Х.Әдібаев, А.Жовтис, З.Лизунова, Қ.Сағындықов,
Х.Өзденбаев, А.Нысаналин, К.Нұрмаханов, С.Ахметов, С.Нұрханов, С.Қоспанов
және т.б. әдебиет пен сын майданының жауынгерлері айтқан пікірлер мен
ұсыныстардың қазақ аудармасының теориясы мен практикасы дамуына ықпал етіп,
себін тигізгді. Жариялану мерзімі жылда болғанымен, бұл еңбектердегі
теориялық тұжырымдар мен пікірлер негізінен орыс филологиясындағы қағидалар
мен түсініктерді тірек етеді. Себебі, қазақ ғылымының дамуы орыс ғылымымен
тікелей байланысты және ол байланыс нығая да жалғаса бермек.
Сонымен қатар, үшінші бағытты – аударманы жалпы филологиялық объект
деп тануды ұсынушылар да бар. Орыс филологиясында аударманы белгілі бір
салаға жатқызуды әурешілік деп таныған, яғни аудармада тілтану және
әдебиеттану әдістерін біріктірмей шындыққа жету мүмкін еместігін Б.А.Ларин
айтса, қазақ филологиясында Ө.Айтбаев фразеологизмдерге байланысты: "На наш
взгляд, это разногласия среди филологов говорит за то, что категория
фразеологических словосочетаний принадлежать к какой-либо единой отрасли, и
требует к себе подхода с филологических позиции, куда примыкает и наука о
художесивенной прозе" - деген пікірді айтады. 10

II тарау Қазақстандағы аударма өнерінің даму кезеңдері

2.1 Революцияға дейін пайда болған аударма өнерінің алғашқы үлгілері.

Қазақ тіліне аударма үлгісі XYII-XYIII ғасырларда келген. Араб-парсы,
шағатай тлдерінен ауысқан, ауызша айтылған ертегілер, көптеген ұсақ мысал-
нақылдар осы пікірдің тиянақты тірегіндей. Шын мағынасында бұлар аударма
емес, мазмұндау – өзінше қайталап айту еді.
Қазақстанда аударма өнерінің алғашқы туындылары революцияға дейін
пайда болды. Қазақ халқының ұлы ағартушылары Ыбырай Алтынсарин, Абай
Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық баспа
Қазақ халық биінің даму тарихы
Аударма теориясының негізгі ұғымы және оның басқа ғылыми салалармен байланысы
Өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті және аударма саласының дамуы мен зерттелуі
Аударуманың теориялық мәселелері
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ әдебиетіндегі аударманың орны, маңызы
Аударма
Көркем аударма түсінігі
Пәндер