Қолөнер тарихы



Ертеден біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштерден, діни әртүрлі құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-өрнектері ағаштан оюлап, тастан қашап жасалған діңгектер - халық қолөнерінің тамаша туындылары.
XІX ғасырда және XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегі мен ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға арнап сәукеле, шашбау, білезік, сырға жасап, оларды түрлі-түсті өрнектермен әшекейлеу қолөнері де өрістей түсті.
Қазақ халқының «Қарыс қазы - балықта, қалың қазына – халықтаң деген мақал да өнер молшылығынан туған еді. Әйелдер қой жүнінен жіп иірген, ал жіптен өрмек тоқып, шекпен, шалбар сияқты сырт киімдер, қапшық, қоржын, киіз үйдің түрлі бауларын дайындаған. Қой жүнінен киіз басылады, киізді оюлап жақсы текемет басатын болды, шиден бас киім, аяқ киім сияқты заттар дайындалады.
1. Арғынбаева X. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987 ж.
2. Ахметұлы Қ., Ахметова Ф. Өмір нәрі — ата кәсіп, Алматы, 1999 ж.
3. Әбдіғапбарова Ұ.М. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. Алматы: Өнер, 1999 ж.
4. Зәкірианов А.Қ. Ата салтың - халықтық қалпың Алматьг. Рауан. 1995 ж.
5. Қазыбеков Н. Дала өрнектері.
6. Қасиманов С. Қазақ халқының қол өнері. Қазақстан, 1995ж
7. Медоев А.Г. Гравюры на скалах. Алматы : Жалын, 1979ж.
8. Нұрағалиев Р.Н. Шаңырақ. Үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы, 1989 ж.
9. Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы: Қазақстан. 1977 ж.
10. Тұрлығыл Т., Таймағамбетов Ж., Адырбек Б. Ежелгі Қазақстан тарихы. Алматы: Атамұра, 2001 ж.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Жастар тәрбиесіне арқау болып отырған ұлттық қолөнер - бұл күнде бүкіл
қоғамымызға ортақ, кешегі ата-бабаларымыздан мирас болып қалған ұлы тәрбие
құралы.
Дипломдық жұмысының мақсаты:
Оқушыларды қасиетті халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасын
ұқтырып, ұлттық тәлімнің сыры мен ерекшелігінің неде екендігін және де салт-
дәстүрін ұлттық қолданбалы қолөнерге үйрету арқылы тәрбиелеу.
Міндеті:
Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан ұрпаққа көнеден келе жатқан
ұлттық қолөнерге, соның ішінде "ши тоқу" өнеріне ерекше сүйіспеншілік
қалыптастыру.
Жаңалығы:
Қазіргі өмір талабынан туындап отырған "компьютер" заманында бүгінгі
мектеп оқушысының ой-қиялы ғылыми-техникалық прогреспен бірге күн санап
өсуде. Сондықтан еңбек пәнінің ғылыми дәрежесінің неғұрлым жоғары болуын
қамтамасыз етуіміз керек.
Дипломдық жұмыстың графикалық бөліміне келгенде, ең алдымен шиден
тоқылатын бұйымның нобайы дайындалады. Нобайды мөлшерін кішкене етіп, қара
және ақ түспен жасайды, сосын оны түрлі-түсті бояумен көрсетеді.
Енді нобайды керек мөлшерде үлкейтуіміз керек. Дипломдық жұмысқа
енгізген жаңалығымыз сол, мектепте ши тоқу сабақтарында тоқылатын бұйымның
нобайы компьютердің көмегімен үлкейтіледі. Бұл өте тиімді болады деп
есептейміз, өйткені нобайды үлкейтуге кететін көп уақыт үнемделеді.
І. Қолөнер тарихы сонау көне заманнан ХХ ғасырдың аяғына дейінгі қазақ
халқының қолданбасы қолөнерінің тарихы жайында жан-жақты баяндалған.

ІІ. Ши тоқу өнері. Қазақ халқының қолөнерінің бір түрі ши тоқудың егжей-
тегжейі көрсетілген.

ІІІ. Киіз басу, сырмақ сыру, текемет оюлау әдіс-тәсілдері баяндалған.
1 ҚОЛӨНЕР ТАРИХЫ

1.1 Халық мұрасы - қолөнер

Ертеден біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен
ескерткіштерден, діни әртүрлі құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы
сәнді ою-өрнектері ағаштан оюлап, тастан қашап жасалған діңгектер - халық
қолөнерінің тамаша туындылары.
XІX ғасырда және XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде
киіз үйдің сүйегі мен ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек
тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға арнап сәукеле, шашбау,
білезік, сырға жасап, оларды түрлі-түсті өрнектермен әшекейлеу қолөнері де
өрістей түсті.
Қазақ халқының Қарыс қазы - балықта, қалың қазына – халықтаң деген
мақал да өнер молшылығынан туған еді. Әйелдер қой жүнінен жіп иірген, ал
жіптен өрмек тоқып, шекпен, шалбар сияқты сырт киімдер, қапшық, қоржын,
киіз үйдің түрлі бауларын дайындаған. Қой жүнінен киіз басылады, киізді
оюлап жақсы текемет басатын болды, шиден бас киім, аяқ киім сияқты заттар
дайындалады.
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,
тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер
жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай
ғасырлық тарихы бар.
Өзінің талай тайпалардан құралған ата-бабаларының ғасырлар бойындағы
дәстүрлерін бойына жиған қазақ халқы өз талғамына, өз талабына сай күнбе-
күнгі тұрмыста қажет бұйымдарды өндіруді өрістеткен. Бұл бұйымдар алғашқы
кезде рудың, елдің, үй ішінің керегіне, кейінірек сауда алмасу қажетіне
өндірілетін болған.
Көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс жағдайында негізінде мал
шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты өнерлердің маңызы зор болды.
Мысалы, әйелдер қой жүнінен жіп иірген; ал жіптен өрмек тоқып, шекпен,
шалбар сияқты сырт киімдер, қапшық, қоржын, киіз үйдің бауларын дайындаған.
Қой жүнінен үйге жабатын түрлі-түрлі киіз басылды; киізді оюлап жақсы
текемет басатын болды, шидем, бас киім, аяқ киім сияқты кейбір киімдер
тоқым сияқты заттар дайындалды. Теріден саба, торсық сияқты ыдыстар, ең
алдымен аяқ киім, белбеу істелінді. Сүйектен де әртүрлі нәрселер жасалды,
сүйек сәндікке, түрлі бұйымдарды нақыштауға пайдаланылды.
Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтармен қатар, аң аулауға, мал
өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің
сүйегі, ағаш кереует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі
бау-басқұр тоқып, арқан жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа
тіліп, өрім өріп, қолдан алуан ыдыс-аяқ адалбақан, асадал, бесік және т.б.
көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі
нақыштармен әшекейлейтін болды, қазақ қолөнерінде көңілге қонымды мәнерлер
мен ондағы қолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданып келеді.
Бертін келе адамзат қоғамы дамыған сайын қолөнердің біразы жаңа әдіс тауып,
жаңа түрге ие болды, кейбіреулері тұрмыс қажетіне жарамсыз болғандықтан
тіпті қолданылмады.
Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың
сапасына қатты талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді болуын қалады.
Еңбек үстіндегі шығармашылық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керекті
заттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Сонымен қатар жиһаздардың ою-
өрнектері де талғамға қарай жаңа мәнер, жақсы әшекейлермен безендіру және
жиһаз мүліктердің жаңа түрлерін шығару талабы да арта түсті. Техникамен
жақсы жабдықталған фабрикалар мен кәсіпшілік ательдерінде кілем тоқылып,
тігу ісі мен кестелеу өнері де машинамен орындалды.
Бұл айтылғандардың қолөнер халық тұрмысында ежелгі маңызын жойды,
ендігі жерде сонымен шұғылданудың керегі жоқ деген ұғым әсте тумайды. Қайта
халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға лайықты
сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру керек. Мысалы, жеңіл
күпі, қаптал шекпен, саптама етік, түлкі тымақ, жүн қолғап, бөкебай сияқты
ұлттық киімдер малшылар қауымы үшін қазір де қажет. Киіз үйдің сүйегі үзік
– туырлық, қымыз, саба, тері қауға мен ер тоқым тұрмандары керексіз деп
ешкім де айта қоймайды.
Осыған байланысты осы еңбекте қазақ халқының қолөнері саласының біраз
түрлеріне тоқталып кетуді жөн көрдік. Олар ою-өрнектердің түрлері, олардың
атаулары мен қолданылатын орындары. Өрнектердің түрленіп даму тарихы мен
кейбір ою өрнек элементтерінің үлгісі; көркемдік түрлердің, әшекейлердің
ортақ атауы сияқты. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла
береді.
Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да өте көп. Қазақтың
қолөнеріндегі ою-өрнек әуендерін сыныптағанда бірнеше көзқарастар туып
отыр. Мысалы, зерттеуші ғалым Н.Қасимановтың еңбегіне жүгінсек, ертедегі
қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктеу, негізінен 3 түрлі ұғымды көрсетеді:
Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону
көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың
ұлттық өрнегіндегі бір ерекшелік осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелегенде
де, ұлттық ою-өрнектің негізі болған мүйіз оюы үнемі араласып отырады. Ою-
өрнек әшекей жасау шеберлігіне бейнелеу өнерінің бір түрі. Енді осы ою-
өрнектердің көп қолданылатындарына, сондықтан да халық шеберінің
көпшілігіне белгілеу атауларының кейбір түрлеріне мысал.
1. Мүйіз өрнектері – бұрын-соңды зерттеуші ғалымдарының барлығы бұл
өрнектің негізі қойдың, арқардың, бұғының, сиырдың мүйіздерін мегзеуден
шыққан деп түйеді. Біз ше де сол дұрыс сияқты, өйткені мүйізң өрнегі өте
ескі өрнек және ол көбінесе мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі не
жартылай көшпелі елдердің қолөнерінде негізгі мәнер ретінде жиі кездеседі.
2. Қошқармүйіз – мұндай оюлардың формасы қойдың төбесі мен екі жаққа
иіріле түскен мүйіз тәріздініп келеді де, кейде осы мүйіздің қолтығында
қойдың құлағын долбарланған шолақ мүйіз тәрізді тағы екі буыннан тұрады.
Байқап қарағанда бұдан қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.
3. Арқармүйізң – Бұл қошқармүйізгең жақын бейнелес ою. Бірақ, одан
айырмашылығы арқармүйізң өте шиыршықтанып келеді. Кейде тармағы да көбейе
түседі:
4. Қосмүйізң – қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейтін,
кейде ырғақң, кейде ілмекң деп аталатын өрнектердің тек бір жақ сыңарын
ғана келтіріп оюлайды.
5. Сынықмүйізң бен сыңарөкшең деген оюлар бір-біріне өте ұқсас.
Көбінесе қошқармүйізң, қосмүйізң деп аталатын өрнектердің тек бір жақ
сыңарын ғана келтіріп оюлайды.
6. Сынықмүйізң – қазақтың мүйізң оюы әдетте тік бұрыш жасамай, ылғи
дөңгелене иіріліп тұрады. Көбінесе сынық жасап барып қайта тармақтанған
оюлар күрделене түседі. Мұндай оюлар ши орауға, терме бауға, алашаға
қолданылады.
7. Төртқұлақң – бұл қошқармүйізң оюының 4 тармақтан құрылып, ортасы
крест бейнесін жасап келген түрі. Мұны көбінесе оюлардың ортасын не шет
бұрыштарын, кебеже, жүкаяқ, аяққап бетін әшекелеуде жиі қолданады.
8. Түйетабанң – көгалда, сазды жерге шығатын көп жапырақты, тікенекті,
ортасында үлпілдек мамығы бар өсімдігінің бейнесі дөңгелек табаққа ұқсас.
Түйетабанң өрнегі негізінен тігіп, батырып, сызып өрнектеуге қолайлы.
9. Өрмекшімүйізң - түйенің қос өркеші сияқты ою. Мүйіз оюларының
композициясында, сырмақ, текемет, түс киіздерінде көбірек кездеседі.
10. Сыңар өкшең – Сыңармүйізң оюында айтылғандай, мүйіздің бір сыңары
етіктің басына ұқсас, жетесінен өкше шығарылады.
11. Қос алқаң – қазақ оюларының ішінде көп тарағадарының бірі. Алқа,
сырға, жүзіктің көзі сияқты заттарда қосарлана келіп, жүрек бейнесіндегі
алқаны бейнелейді.
12. Құсқанатың – бұл мүйіз оюымен не шахмат шақпақтарының ізімен
бейнеленген құстың қанаты тәріздес өрнек.
13. Қазтабанң – бұл аңшылық кәсіппен байланысты. Құсты, құстардың
мүшелерін тұспалдаудан туған. Бұлар көбінесе мүйіз мәнерімен жасалады.
Мысалы, қазмойынң, құстұмсықң, құсмұрынң, т.б.
Қазақ халқының ою-өрнек өнері ерекше бай, оның ашық та анық бояулары,
салтанатты да сәнді оюлары ерекше көз тартады. Айшықты сырмақ, текеметтерді
мәнерлі өрнекті ағаш төсек сандықтары, әртүрлі тақтадан тұратын әдемі
алашалар, түс киіздерінің бояулары мен өрнектері, үйлесіп, үндестік тауып,
бояулар симфониясын құрайды. Талай ғасырлар бойы даламен сырласып көшіп-
қонып жүрген халық, табиғаттан сұлулықты тани біліп, бояуларды табиғатпен
атастыра қолданды. Ақ отаудың киізіне басылған қызыл ою халқымыздың ақ
жарқын бейнесіндей сәнді де көңілді рай танытты. Аты беймәлім көптеген
халық шеберлерінің қолтаңбалары ғасырдан-ғасырға мұра болып таралып келеді.
Оны әрбір ұрпақ өкілдері көркемдік жағынан қолданылар орнына қарай сәндік
бояудың, әшекей мен ою-өрнектің сан үлгілерімен байытып отырады.
Халқымыздың өнерпаз дәстүрі бүгінде өркендеп отыр. Әйелдер күнделікті
тұрмыста жүн иіріп, алаша, кілем тоқиды. Олардың ою-өрнектерінде жаңаша
сипаттар пайда болды. Халқымызға тән ашық түсті бояулар реңі құлпыра
қолданылады. Ұлттық ою-өрнектерді қазіргі күнделікті тұрмысымызға ендіруге
еліміздің суретшілері, өнер саласының қызметкерлері атсалыса еңбек етуде.
Көне мұралардағы оюларды бүгінде Алматы кілем тоқу фабрикасының тоқыған
кілемдерінен, керамикалық заттардан, түрлі әшекей бұйымдардан қазір де
көптеп көруге болады.
1.2 Жүнен басылып жасалатын бұйымдардың жасалу әдіс-тәсілдері

Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігіндегі үлкен орын
атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен
бау-шу, арқан есіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әртүрлі төсеніштер мен
қап, шекпен сияқты ең қажетті мүліктер жасалған.
Қазақ халқының шаруашылығында мал жүннің ең асылы және бұйымдар жасауға
ең көп қолданылатын түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан
кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің жүні, шудасы. Жүк артып, күш көлік
ретінде пайданылған түйенің жүні ұйысып, киіздей болып қалады. Оны жабағың
дейді. Сол жабағының астынан боздақң деп аталатын үлпілдек жүн өседі де,
жабағы өзінен-өзі көтеріледі. Түйе жабағысынан әртүрлі жеңіл де жылы күпі
тігіледі. Жабағы жүнді түтіп көрпеге де салады, әртүрлі жіптер иіреді.
Түйе жүннен неше түрлі өрмек жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу, құр,
кілем, қоржын сияқтыларды тоқиды. Сол сияқты түйе жүні айыл қүйысқан,
өмілдірік, ноқта жасауға және көген, бау-шу есуге өте қолайлы. Түйе жүні
көрпеге салуға, шопанға таратуға өте жақсы, жеңіл әрі жылы болады, қылшық
шықпайды.
Шудаң деп түйенің мойнындағы, тізесіндегі, екі өркештің үстіндегі
салалы қылшық жүндерін айтады.
Шудадан жамау жасқаулық жіп иіріледі. Бұрын қазақтың тон-шалбары,
сабасы мен торсығы, көн ыдыстары осы шуда жіппен тігілген. Шуда жіп
шертерң, керушің деп аталатын әй-күй аспаптарына шек ретінде де тағылған.
Қойдың жүнін жабағың, күзем жүнң, қозы жүнің, өлі жүнң және шет –
пұшпақң деп бес түрге бөліп атайды. Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі
күседі, ішпек, терлік жасайды, тыстап күпсек (бөстек), көпшік, жеңіл байпақ
тігеді. Қойдың жабағы жүнін түтіп, одан кейін матаның сыртына шықпас үшін
қылшықтарын бүрілтіп қайнатады. Сонымен бірге жабағы жүнді киімнің,
көрпенің арасына салады, неше түрлі иіру ісіне, бізбен, сыммен тоқу
жұмысына қолданады. Түтілген жабағы жүннен шүйке жасалып, бау-шу есіледі,
өрмек жіптері, неше түрлі жиектер ширатылады.
Ал күзем жүннен, қозы жүнінен киіз басылады, текемет, қалпақ, кебенек,
киіз етік, пима сияқты киім кешектер жасалады. Күзем жүні мен қозы жүні
иіруге келмейді, ол киімнің, көрпенің арасына тартуға да жарамсыз.
Өлі жүн дегеніміз – малдың терісінен жұлынып немесе жидітіп алынған
жұлма жүн қойдың бауырында, пұшпақтарында байланып жүретін білтеленген жүн.
Қотанның ортасында түсіп қалған үзік, жүндерді шет пұшпақ жүнң деп атайды.
Мұндай жүндер көбінесе арқан иіп, есуге жұмсалады.
Ешкі жүнін түбіт, қылшық деп екіге бөледі. Түбіт иіруге шарф, шұлық,
қолғап, шәлі сияқты жеңіл әрі жылы киімдерді тоқуға тиімді. Оны ешкі
түлеген кезде қылшық жүнімен бірге қырқып алып, түтіп қылшығынан бөледі.
Қазақ талғамында ешкі түбіті түйе жүнінен де қымбат, жібекпен теңдес
саналған.
Жылқының жал құйрығын қылң деп атайды. Жалқұйрық көбінесе арқан, жіп
есуге, сүзгі тоқуға, тұзақ есуге жұмсалады. Жылқы қылын терімен қаптап
көпшік, жастық, бөстек жасауға, қобызға тартуға пайдаланылған. Қазақ
шеберлері мал жүнінен басқа қоянның жүнінен де басады.
2 ШИ ТОҚУ ӨНЕРІ

Ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отыршылықта тіршілік еткен
Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түрікмендер, жартылай отырықшы
өзбектер, қарақалпақтар) көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен
шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланып келеді,
сувенирлер түрде, офис, пәтер жасауда. Оны киіз үйдің құрамды бір бөлігі
ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ қазақтар мен қырғыздарда оларды
үйдің ішінде аяқ-табақ, ошақ басын қоршап қою үшін де қолданады. Тоқылған
шиді киіз үйдің есігіне ұстау үшін пайдаланады. Оны әр түрлі шаруашылық
мүлдесіне, мәселен, киіз басу сияқты жұмыстарда да пайдаланады. Сондай-ақ
киіз үйге төселген киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін
төсеніш ретінде киіз астына төсейді.
Тоқылған шиді қазақтар сияқты қырғыздар да, жартылай көшпелі басқа да
шығыс халықтары да пайдаланып келді. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзу
үшін шыпта жасау сияқты күнделікті тұрмыс қажетіне де ерте заманнан-ақ
пайдаланған.
Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқанда
үйдің жылы болуына әсер тисе, күннің жылы кезінде туырлығын жоғары түріп
қойып, үй ішін салқындатуға жақсы.
Ши өңдеу, тоқу өнерімен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы
басқа да халықтарда көбіне әйелдер айналысқан. Жай ғана ақ шиден өзіне
күнделікті тұрмыста пайдаланылатын затты әрбір әйел өздері тоқып алады.
Халқымыз ши тоқуды өз алдына өнер санаған. Мәселен, киіз үйдің
айналасына ұстайтын шиге түрлі түсті боялған жүн орап, сол арқылы алуан
түрлі өрнек салып тоқитын болған. Мұның өзі ақ боз үйдің сәнін кіргізіп,
салтанатын асырып тұрады.
Ерте кезде тұрғын үйдің негізгі түрі тек киіз үй болған уақытта ши
дайындауға топтанып әйелдермен бірге ер кісілер де баратын болған. Ерлер
жағы шиді түйеге, өгізге немесе атқа арту сияқты ауыр жұмыстарды атқарған.
Шиді күзге қарай дайындаған.
Халық шаруашылығында шиді орап тоқумен қатар шиді, қамысты, бұталарды
байластырып тұрғын үй, мал қора салу, қар тоқтатқыш қалқандар тоқу, әр
түрлі төсеніштер жасаудың да маңызы зор. Бұл әрі оңай, әрі арзанға түседі,
әрі неше алуан мәнермен өрнектеліп тоқылады. Сондай-ақ бұта, шыбық, ши,
қамыстарды өзімен-өзін өткермелеп тоқу әдісі, әсіресе жеңіл арбаларға,
қораб, балық ұстайтын ау және нәрсе салатын түрлі ыдыстар тоқуда көбірек
қолданылып жүр. Қазақ жерінің кең дала, шалқар көлі мен өзенді алқаптары ши
мен қамысқа өте бай. Соңғы жылдары осы материалдарды түрғын үй салуға да
кеңінен қолданып жүр.
Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты белгілі қашықта тіке қадап, екі ашаға
көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған, қарапайым сырық пайдаланылады. Оны
үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орнатады. Киіз үйдің
ішінде сырықтың екі жағындағы ашалы ағашы керегеге байланып (екеуінің арасы
қандай нәрсеге арналып тоқылатыны шидің еніне байланысты) төменгі жағы жай
ғана жерге бекітіледі. Ашаның үстінен көлденең қойылған сырықтың биіктігі
түрегеліп тұрып істеуге ыңғайлы болуы тиіс. Өйткені, қой жүнінен көбінесе
қоңыр жүннен иіріп, тас немесе басқадай салмақты зат байланған жөне бір-
біріне қарама-қарсы орналасқан екі жіптің екеуін екі қолмен ұстап тұрып,
кезекпе-кезек қарсы бағытта сырықтың үстінен асырып отырады. Ондай жіптің
арасы 10-15 см болады, саны жиырма-отыз шамасындай болуы мүмкін. Сөйтіп,
көлденең сырықтың үстіне қойылған бір ши бастан-аяқ байланып болған соң
екіншісі қойылады, осы тәртіп ши тоқылып біткенше қайталанып отырады. Алғаш
тоқи бастағанда төрт шиді бірден салып қабаттап, ширатылған жүн жіппен
айқастыра орап крест сияқты байластырады. Мұны шидің алақаны дейді. Әрине,
тек төрт шиден ғана қабаттап бекіту шарт емес, оны үш шиден де крест салып
байластыруға болады. Мұны ши тоқушылар шыбын қанатң деп атайды. Әдетте
шыбын қанатң тоқылған шидің алғашқы бастамасы мен соңғы аяқталу кезеңінде
шамамен алғанда 20-40 см. болуы керек. Бұл шидің екі шеті қалың болып, тез
тозып қалмауына себі тиеді. Ши тоқушылар тоқылған шидің бұл бөлігін қарақұс
деп атайды. Шиді байлау үшін қарақұсқа бекітілген бауды шибау деп атайды.
Қазақ халқының қолөнер саласында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп
безендіру, түр салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас қалып
келе жатқан ұлттық өнері болып табылады.
2.1 Ши түрлері

Ши бұйымының жалпы сырт көрінісіне қарай үш топқа бөледі: ақ ши, ораулы
ши, шым ши. Мұндай ши түрлері әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа
пайдаланады. Атап айтқанда, қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе құрт,
ірімшік жаюға, өре жаюға, сүзгіге, киіз басуға, шыптаға, мал сойғанда еттің
астына салуға, сырғайыл салынған үйдің төбесіне жабуға ұстайды.
Өң бойы тұтас емес әр жерінен аралатып оралған шиді орама ши немесе
ораулы ши деп атайды. Ораулы ши-сәндік жиһаздарының бірі.
Ал ұзына бойы әр түрлі жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің
сәнді жиһазының бірі болып есептеледі. Оны киіз үйге, ас-су, ыдыс-аяқ
тұратын жерге қоршау етеді. Кейде оны түскиіз орнына да ұстайды, сондай-ақ
үлкен үйлердің ішін бөлмелеп долда жасауға құруға өте ыңғайлы. Былғарымен
қатар ертеректе батырлардың оқ салып жүретін қорамсақ қаптары да шиден
тоқылған, оны былғырымен қаптаған.
Демек, киіз үйдің керегесін орай тұтуға көбінесе жоғарыдағы айтылған
шидің соңғы екі түрі: шым ши мен орама ши пайдаланады. Шым шиді кейде жез
шиң деп те атайды (бұл ерте уақыттағы жез оралған кезден қалған атау болса
керек).
Қолөнер ісінің басқа түрлеріне қарағанда ши тоқу арзанға түседі,
төзімді болады, әрі неше алуан мәнермен өрнектеліп тоқылады. Әсіресе, киіз
үйдің ішін әсемдеуге киіздің алатын орны ерекше. Неше түрлі сырмен боялып,
сағамақтары күмістендірілген кереге көздері мен құлпырған басқүр
таңғыштарға (баулар, бау), термелеп әріп, жібекпен шашақтаған уық бауларға,
зермен кестелеп, шұғамен оюлаған туырлық пен үздіктің ішкі өрнектеріне ши
жалпы түр беру ретінде өте үйлесіп тұрады. Осындай әдемі оралған кілем
шилер малды ауылда, мектепте қазір ши тоқуды меңгертіп, суретшілер
өздерінің туындыларында шиді кеңінен пайдаланып жатыр. Әсем болумен қатар
ши көшіп-қону жағдайында алып жүруге өте қолайлы.
Шым ши тоқу - қазақтың қолөнер саласындағы ұлттық өнерінің бір түрі.
Өрнектеп шым ши тоқуда болсын, халықтың қолөнерінің қайсысы бір саласында
болмасын, қазақ әйелдерінің шеберлік, көркемдік талғамы өзінің табиғи
шынайлығымен көз тартады. Шым ши тоқығанда әуелі әрбір тал шиге түрлі түсті
боялған жүн оралады. Ол шилердің әрқайсысының өз орны болады. Ши тоқушы
соны ауыстырып алмай әр шиді өрнегіне қарай орнына қойып отыруы керек.
Сонда ғана өрнек дұрыс шығады.
Шым ши тұтылған үй сәнімен қоса жылы болады. Әрі дыбыс өткізбейді.
Өйткені, шидің сыртындағы жұмсақ жүн дыбысты жұтады.
Шым ши тоқуда, негізінен, оюдың көшендік құрылысының маңызы ерекше. Бұл
саладағы қазақ шеберлерінің қолданып жүрген қазіргі барлық ою түрлерін
көшендік жағынан: толық жекелеген және тұтас ою, бірбеткей ұзындық ою, екі
жақты ұзындық ою, екі жақты ұзындық ою болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде
кездесетін қазақ оюларының ішіндегі жоғарыдағы аталған жекеленген және
тұтас ою әуені (көлемін) шаршы оюң деп те атайды. Оған белгілі тік сызықты
ою әуені төрт бұрышты, дөңгелек, үшбұрышты, тағы басқа көп бұрышты оюларды
жатқызуға болады. Олар шым шидің бетін тұтас сәндеуге қолданылады. Мұндай
оюлардың қайталанып келіп отыратын күрделі қиын көшені түрлері сәуле,
шахмат, ұзындық оюларын ашық жерге түсіргенде тіке сызықты қоршау, көмкеру
кезінде сол әуендер бөлшектермен оюланып, жиектеледі.
Өрнектеп ши тоқу өнерін қазақ шеберлері қолданған. Олардың ши бетіне
салған түрлері жүзтеруң деп аталады. Әрқайсысы шаршыға тең алты шаршыдан
кейін, оның екі жағынан шыбық ши, одан кейін, алақан ши жалғасады. Алақан
шиге түр салынбайды. Көшіп-қонғанда түр салынған жағы түтіліп, тез тозып
қалмау үшін, алақан ши шым шидің екі жағынан салынады. Кереге сыртынан бір
босағадан екінші босағаға дейін, шиді айналдыра тұтуды ши ұстау деп атайды.
Ұсталған шидің екі шетіндегі керегеге байланатын жіпті шашбау дейді.
Даланың шиін өңдеп, тоқып, кәдеге жарату қиын да жұмыс болмағанымен оны
көркемдеп, мәнерлеп, әдемі кілем іспетті дүние ету оңай да іс емес. Әйтеуір
халқымыздың қалаулы шеберлері жасаған шым ши киіз үйдің керегесін сыртынан
жауып, киіз есіктің ішкі жағынан тұтынады.
Қысқасы тоқылған шым шиді қазақтар өте жоғары бағалайды және оны ұқыпты
тұтынған. Өйткені, оны жасау үшін көп уақыт және айтарлықтай қаражат
жұмсалады.
Ши тоқу – ши сабақтарын белгіленген, яғни күйдіріп белгіленген жеріне
қарай бірінен кейін бірін қарапайым құрал арқылы 12-15 жерден жіппен шалып
байластыруға ши тоқу дейді.
Шаршы – бір тұтас өрнекті қамтыған шидің бөлігі, шаршыға әр түрлі өрнек
әуендері түрі түсуі мүмкін, оның жүзтеру, патшайы, қошқар мүйіз дейтін
атаулары бар.
Шыбық – шаршы гүл түрі салынған шидің аяқталған шетінен шидің өң бойына
бір түсті әр түрлі жүннен оралған шидің бөлігі – шыбық деп аталады.
Ала қанат – шидің өрнегі тозып, қажалып кірлемеу, көшіп қонғанда
бүлінбеу үшін шыбын қанатқа, жалғастыра ақ шиден сиректеу етіп, шидің екі
жағынан 20-40 см шамасында тоқылады. Осы тоқылған бөлігі алақанат деп
аталады.
Шабу – шиді тоқып болған соң екі шетін тегістеп қырқып тастауды шабу
деп атайды.
Ши есік — шым шиді киізге тігу әдісімен киіз үй есігінің ішкі жағын
әсемдеу үшін пайдаланады. Етек жағы әшекейленбей жай ғана әдіптеліп
көркемделеді.
Бұдан басқа қазақтың Адай тайпасында түрлі зат қою үшін текше сөре
жасауға да пайдаланған. Өрнекті шым ши тоқу үшін шиді дайындағанда өте
ұқыпты түрде, ши сабағының әрі ұзын, әрі жіңішкесін сұрыптап жинайды. Оны
бір-бірлеп түрлі-түске боялған қой жүнімен немесе көктемгі көпсіп түрған
түйе жүнімен орайды. Дәулетті, тұрмысы жақсы кісілер жібек де орайтын
болған. Мұны ши орау дейді.
Қолөнер саласының басқа да түрлері сияқты шым ши тоқытып, үйретілетін
арнаулы орын бұрынғы кезде болмаған. Тек ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр бойынша
қалып отырған.
Қыздар мен жас келіншектер шешелері мен әжелеріне көмектесе отырып,
олардың жұмысына, өнеріне зейін қойып жүріп, үйреніп алатын болған. Атақты
шеберлер қолөнер саласындағы бірнеше өнердің техникасын меңгеріп түс
киіздер мен сырмақтар жасап, өрнекті шым ши тоқумен бірге, тігіншілік
пен киіз үйдің бау-басқұрларын да жасай алатын болған. Мұндай жұмыстарға
ерте замандарда заттай ақы төленген, оған көбінесе мал беретін болған.
Бірақ, дәл мынандай болсын деген нарық, нақтылы баға қойылған.
Өрнекті ши орау өзіл тәсілінің ерекшілігі әрбір ши сабағы түрлі түсті
жүннен жеке-жеке оралатындықтан шебердің күрделі түрді алдын-ала түгел
түсіріп алдына үлкен қиындық келтірген. Солай болғанмен, өрнекті ши тоқуда
дәстүрлі тәжірибесі мол қазақ шеберлері табиғи таланты мен өнерпаздық
дарындылығының нәтижесінде сан қилы, алуан түрлі ою-өрнек көшенінің
(көшендік өрнек) туындыларын жасай білді.
Қазақтың өрнекті шым шиі ең алдымен өзінің қолданбалы өнер бейнелігімен
ерекшеленеді. Әрине, бұдан жайнаған және көп түсті бояумен берілгендіктен
деген ұғым тумау керек, қайта, қолөнер саласындағы бұл өнердің ерекшелігі,
оюларына сәйкес келіп, бояу түсінің қатаң сақталатынында. Қолданбалы өнер
ши тоқуда салынған өрнек түрлерінің ірі болып, бояу түстерінің сәйкес
келуі, көбінесе қызыл, ақ көкшіл сілемінің басымдылығынан көрінеді. Басқа
сары, жасыл, қоңыр түстер бос қалған жерлер мен жиектерін толықтыру үшін
түсірілетін кейбір майда түрлер салу үшін қолданылған. Оған Дудиннің
жинағын зерттеген жұмыстары куә.
Әр түрлі нұсқасының көп бояулы түрлі-түсті оюлар салынған шилер өз
алдына бір топқа жатады. Оның бояулары қазақтың қолөнер саласындағы басқа
да өнер түріне қатысты. Бұған барлық кеңестікте ою ромба ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының тоқыма өнерінің мәдени мұрасы
Бастауыш сыныбында еңбекке баулуды оқыту
Суретшілер қолөнершілер шығармашылығын зерттеу
Қазақ ою - өрнегі мәдениеті
Қолөнер бұйымдарын жасауда ағаш өңдеу технологиясын дамыту
Бисерден тотықұс тоқу технологиясы
Гобелен тоқу әдістері
Фетр матасынан жасалған бұйымдардың пайдасы
Қазақтың ұлттық қолөнер тарихын оқыту әдістемесін зерттеу
Қазақ халқының қолөнері және ұлттық киімдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан аса бай мұра
Пәндер