Мемлекеттің нысандары


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекеттің нысандары

Кез келген мемлекет оның мәні мен әлеуметтік бағыттарынан басқа сыртқы белгілерімен де сипатталады, оның жиынтығын нысандар құрайды. Мемлекеттің нысаны - бұл мемлекеттің қалай құрылғандығын және мемлекеттік билік қалай іс жүзіне асырылатындығын анықтайтын белгісі. Дәлірек айтсақ, мемлекеттің нысаны дегеніміз оның негізгі үш элементінің (буынның) бірлестігі: басқару нысандары, мемлекеттік құрылыс нысандары және саяси (мемлекеттік-құқықтық) режим. Бұл бірлестік (жиынтық) мемлекет билігінің қызметі, құрылымы және ұйымдастырылу жақтарының негізі болып табылады. Сондықтан да болар мемлекеттің нысандары жөніндегі түсінігіміз толық әрі жан-жақты болуы үшін оның үш жақтарының сырын ашып көрелік:

1) алдымен мынаны анықтап, білуіміз қажет: жоғарғы билік кімнің қолында, мемлекеттік биліктің жоғары органдары қалай қалыптасады, олардың құрылымы, билік өкілеттілігінің көлемі (мөлшері) қандай, олар бір-бірімен, өрі халықпен қалай өзара іс-қимыл, әрекет жасасады, мемлекеттің жоғарғы органдарының ұйымдастырулары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қалай, әрі қандай мөлшерде қамтамасыз етуді көздейді. Мұндай мемлекет нысанының элементін (буынын) басқару нысаны делінеді. Оның негізгі екі нысаны бар: монархия және республика, бұлардың да өзіндік түрлері бар (сипаттама төменде беріледі) ;

2) міндетті түрде мынаны анықтау қажет: мемлекеттің аумағы қалай құрылған, қандай бөліктерге бөлінеді, мемлекеттің өзінің аумақтық бөліктерімен байланысы қандай. Және де тұрып жатқан ұлттардың әрқайсысының мүдделі қандай мемлекеттік нысанда көрініс табады. Мемлекет нысанының бұл элементін (буынын) мемлекеттің аумақтық құрылысының нысаны деп атайды. Мұның да екі негізгі нысаны бар: унитарлық (біртұтас) мемлекет және федеративтік мемлекет (бұлардың да ерекшеліктері төменде айтылады) ;

3) анықтауды қажет ететін тағы да бір ұғым - өзінің билігін жүргізуде мемлекет қандай тәсілдерді және құралдарды пайдаланады, сонымен бірге, оған халықтың қатысу деңгейі мен мемлекеттегі тұлғаның жағдайы неден байқалады деген мәселелер. Мұны мемлекеттік (саяси) режим дейді. Барлық мемлекеттік (саяси) режимді демократиялық және демократиялық емес деп бөлу ғылымда қолданады (тиісті бөлімде сөз етіледі) .

Әрбір мемлекеттің нысаны жоғарыда сөз етілген элементтері (буындары) - басқару нысаны, мемлекет құрылымының нысаны және саяси (мемлекеттік) режим - белгілі бір тарихи факторларға байланысты туындайды. Әрине, оларға алдымен қоғам жетістіктерінің экономикалық даму деңгейі ықпал ететіні сөзсіз. Негізгі саяси күштердің де әсері кем емес. Мұны орта ғасырда кең тараған басқару нысаны болып табылатын монар-хияны еске түсіруге болады. Ал буржуазиялық революциядан кейін, тарихтан белгілі, монархияның өзі күрт өзгеріске үшырады немесе ол республикалық басқару нысанымен алмастырылды.

Осындай нысанының әр қилы болуының тағы да бір себебі - оған өсер ететін жағдайлардың ішінде елдің географиялык орналасу жағдайы, тарихи дәстүрлер, діндер мен діни көзқарастар, халықтың мәдени дамуының деңгейі және ұлттық сана-сезімі, оның саяси пәрменділігі ерекше орын алады.

1. Басқару нысанына байланысты монархия мен республика танылады. Ең көнесі - монархия (грек тіліндегі топаз - бір және агсһе - билік дегенді білдіреді) бір адамның "билігі", "бірыңғай билік" деген ұғымда айтылады. Монархия - бұл сондай басқару нысаны, ондағы ең жоғарғы мемлекеттік билік формальды (толық немесе ішінара) болса да мемлекет басшысы - монархты (фараонның, корольдің, патшаның, шахтың, императордың) қолында шоғырланған, көптеген жағдайларда ол өмірлік немесе мұралық дәстүр бойынша атадан балаға (ер, қыз) қалдырылып отырған. Монарх өзінің іс-әрекеттері үшін заң жүзінде жауапкершілікке тартылмайды.

Монархияның түрлеріне келетін болсақ, ол шектеусіз немесе абсолюттік болып бөлінеді. Абсолюттік монархияда барлық билік толығымен бір адамның (монархтың) қолында шексіз, ондайда конституция мен парламент болмайды, билік тармақтарына бөлінбейді. Өйткені ол өзі заң шығарады, ең жоғарғы лауазымды қызметтің барлығына чиновниктерді тағайындайды, жоғарғы соттылықты өзі атқарады және мемлекетті басқаруды өз қалауынша жүргізеді, ал егерде кеңесшілерді қатыстырса, онда олардың берген кеңесі ол үшін міндетті емес. Адамдардың теңсіздігі табиғи деп есептелінеді, сондықтан олар монархқа шектеусіз төуелді болуы керек. Әрине, халық мемлекет басқаруына мүлдем қатыстырылмайды. Өкімет қатаң тәртіптің, қысымшылық жасаудың және қалыптасқан дәстүрді сақтап қалуға тырысу негізінде жұмыс істейді.

Тарихтан білетініміз, абсолюттік монархия құл иеленуші дәуірде де (мысалы, көне замандағы Рим империясы), ортағасыр дәуірінде де өмір сүрген болатын (Көне Египет, Көне Қытай) .

Абсолюттік монархияның белгілерін тұжырымдайық, олар:

1) монархтың жеке басының мемлекеттік билікке шексіз ие болуы;

2) әдетте, монарх өз билігін өмірбақи пайдаланады. Жоғарғы билікті мұрагерлік тәртіппен иеленудің қалыптасуы;

3) монарх мемлекетті өздігінше халық билігінен туындамайтын құқықпен басқару;

4) мемлекеттің басшысы ретінде монархтың заң жауапкершілігінің болмауы.

Буржуазиялық революциядан кейін кейбір елдерде абсолюттік монархияның орнына шектеулі конституциялық монархия келді. Кейде оны дуалистік және парламенттік монархия деп те атайды. Өйткені, дуалистік монархияда мемлекеттің басшысы - монархпен бірге өкімет билігін басқа жоғарғы орган, мысалы, парламент жүргізеді. Мұнда монарх феодалдардың мүддесін көздей отырып, атқарушы билікті толығымен өз қолына шоғырландырды (үкіметті құрады яғни өз *кдлауынша министрлерді тағайындаиды және оларды қызметтен босатады, әрине олар монархтың алдында жауапты. Ал заң шығару билігі парламенттің қолында, ол халық сайлаған өкілдерден, яғни буржуазияның және өзге де халық топтарының мүдделерін көздейтін депутаттардан құрылған. Бірақ қазіргі қезде дүние жүзінде монархияның бұл түрі кездеспейді десек те болады (мысалға Марокко, Иордания) .

Парламенттік монархия деп аталуының басты себебі мынада: монарх атқарушы өкімет басшысы ретінде құқыққа толық ие бола алмайды, оның құқығы шектеулі, ол заңды түрде. Негізгі заңда (Конституцияда) тұжырымдалған. Сондықтан да болар шектеулі конституциялық монархия делінуі. Мұнда, егер монарх министрлерді тағайындаған жағдайда соңғылары оған бағынышты емес, керісінше, енді министрлер парламент алдында жауапты. Демек, министрлерді қызметтен босату парламентке байланысты. Осындай монархиялар өте көп - бұлар Жапония, Швеция, Бельгия, Ұлыбритания және т. б. Бірақ, Ұлыбританияда, бәрімізге белгілі, жазбалы Конституция жоқ, мемлекеттік өміріндегі мәселелерді тұжырымдайтын өзге жеке заңдар жұмыс істейді. Бұлар арқылы королеванын билігі шектелінеді. Осындай басқару нысаны бойынша монарх мемлекеттің басшысы, әрі мемлекеттін, ұлттын, халықтың бірлігінің рәмізі, ол қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етеді және өкілділік функциясын атқарады.

Қазіргі кездегі шектеулі монархияның белгілері мыналар:

1) үкімет парламент сайлауында көп дауысқа ие болған белгілі

бір партия немесе (партиялар) өкілдерінен құрылады;

2) көп депутаттық орынды алған партийный жетекшісі

үкімет басшысы бола алады;

3) заң шығару, атқару, сот сфераларында шын мәнінде,

монархтың билігі жоқ болады, бейнелі түрде көрініс табады;

4) заң актілерін парламент қабылдайды, оған монарх тек

формальді түрде қол қояды;

5) үкімет, конституцияға сәйкес, монархтың алдында

емес, парламенттің алдында жауапты болады.

Басқарудың екінші негізгі нысаны - республика болып есептелінеді. Республика дегеніміз мемлекет биліктің жоғарғы органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлаған, немесе айрықша өкілді мекемелердің қалыптастыратын органды айтамыз. Демек, сайланған өкілдер қоғамды басқарудағы іс-әрекеттері үшін заң жауапкершілігіне тартылады. Бұдан да басқа республикалық басқару нысанының белгілеріне жататындар: мемлекеттік билікті халық атынан жүргізу, жоғарғы мемлекеттік билік шешімдерінің міндеттілігі.

Қазіргі кезде республиканыц екі негізгі түрлері бар: президенттік және парламенттік. Президенттік республикаға (мысалы, АҚШ) тән қасиет, біріншіден, президентті выборщиктер коллегиясы (немесе халық тікелей) сайлайды; екіншіден, ол белгілі мерзімге сайланады; үшіншіден, әрі мемлекет баесшысы, әрі үкімет басшысы болып саналынады. Ол министрлерді өз тағайындайды және қызметтен босатады, яғни үкіметі басқарады. Үкімет президенттің алдында жауапты. Ал парламент болса үкіметтің қызметіне бақылау жасай алмайды. Президенттің басқа да өкілеттілігі бар, айталық жоғарғы әскери қолбасшысы болып саналады. Президенттік республикада заң билігін коллегиалды орган - парламент жүргізеді, оны халық белгілі бір мерзімге сайлайды. Президент парламентті таратуға хақысы жоқ. Керісінше, парламент президентті қызметінен мерзімінен бұрын босата алады, әрине егер оған заңды негіз болса (мысалы, импичмент - шеттету процедурасы бойынша), яғни Конституцияны бұзса, не қылмыс жасаса. Төртінші белгісі ретінде мемлекет басшысының парламенттік республикаға қарағанда өте кең өкілеттілікке ие болуды.

Парламентах (парламентарлық) республика (мысалы, Германия, Италия) мынадай деректермен сипатталады: президента, әдеттегідей, халық емес, парламент сайлайды, сондықтан ол тек мемлекеттің басшысы болып табылады, үлкен билік өкілеттігіне не емес. Үкіметті басқа лауазымды адам - Премьер-Министр басқарады және оны парламент сайлауда жеңіп шыққан (көп дауыс алған) партия өкілдерінен, яғни парламентте көп орынға ие болғандардан құрайды. Үкімет оған сенімсіздік білдіруге хақысы бар парламенттің алдында жауапты, нәтижесінде Үкімет отставкаға кетуі мүмкін. Парламенттік республикада президент мерзімінен бұрын парламентті таратуға және жаңа сайлаудың мерзімін тағайындауға құқылы.

Аралас республикалық басқару нысандары да көздеседі. Мұнда әрі Президенттік, әрі парламенттік республикалардың белгілері болады. Бұған Франция жатады. Ресей Федерациясының Конституциясы бойынша Ресейде аралас президенттік-парламенттік басқару нысаны бар.

Басқару нысандарынын кемістігі, біріншіден, Президенттік республикада Президенттік авторитаризмге ауысу тенденциясы көрініс табады, екіншіден, парламенттік республикаға тән қасиет үкіметтің тұрақсыздығы, үкімет дағдарысқа жиі ұшырайды және отставкаға кетуге мәжбүр болады.

Өмірде шынайы емес мемлекеттің басқару нысандары төмендегіше түрлері де кездесіп қалады:

- жартылай Президенттік республика - мұнда жеке министрлердің мемлекет басшысының алдында емес, парламенттің алдында жауаптылығы белгіленеді;

- жартылай парламенттік республика - мұнда үкіметке сенімсіздік білдіруді жариялаудың күштіленген тәртібі белгіленеді;

- монархиялық республика - мұнда монарх белгілі мерзім қайта сайланады {мысалы, Малайзияда және Біріккен Араб Эмиратында - 5 жылдан кейін) ;

- суперпрезиденттік республика - президенттік биліктің неғұрлым күшейтілгендігі сипатталады;

- президенттік - монократиялык республика - бұл бірпартиялық жүйеде жүзеге асады, ал оның Конституциясы өмірлік президенттерді қалайды.

2. Мемлекет құрылысының нысаны - бұл мемлекеттің аумақтық құрылымын, оның аумақтық бөліктерімен арақатынасын анықтаушы күш.

Мемлекеттің аумақтық қүрылыс нысаны төменгі жағдайларды анықтайды:

- мемлекеттің ішкі құрылымы қандай бөліктерден тұратындығын;

- осы бөліктердің жағдайлары қалай және олардың органдарының өзара қатынастары қандай;

- орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың арақатынастары қалай құрылған;

- тұратын ұлттардың әрқайсысының мүдделері қандай мемлекеттік нысанда берілгей.

Мемлекеттік құрылым нысандарына (яғни мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуына) қарай біртұтас (унитарлық) және федеративтік (күрделі) болып бөлінеді. Яғни бұлар тұтас мемлекет, оның аумағы тек мемлекеттік белгілеріне ие емес әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге бөлінеді (департаменттерге, аудандарға, облыстарға және т. б. ) . Унитарлық мемлекетте бірыңғай орталықтандырылған мемлекеттік аппарат бар: бір парламент, бір президент, бір үкімет. Мұнда тағы да бірыңғай Конституция, бірыиғай заңдар жүйесі, бірыңғай азаматтық, бірыңғай валюта, бірыңғай салық жүйесі бар, унитарлық мемлекетке, мысалы, Поодца, Финляндия, Франция, Литва, Қазақстан, т. б. жатады. Сонымен қатар, бұның өзгеде ерекшелік белгілері бар, олар; бірыңғай жоғарғы атқарушы, өкілді және сот органдары; өзінің құрамында басқа мемлекеттері немесе мемлекеттік құрылымдары жоқ; қарулы күштері, оларды басқаруды орталық мемлекеттік органдар жүргізеді; аумағында ұлттардың тұруы үшін ұлттық автономия құрылуын көздейді; барлық мемлекетаралық сыртқы қатынастарды орталық органдар жүзеге асырады, олар халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді. Осыларға байланысты унитарлық мемлекеттің анықтамасын толық бергенді жөн көрдік. Унитарлық (тұтас) мемлекет дегеніміз өз құрамында басқа мемлекеттер немесе мемлекеттік құрылымдары жоқ, тек әр түрлі әкімшілік-аумақтық бірлестіктерден тұратын, әрі орталық мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының бірыңғай жүйесімен, бірыңғай конституциясымен, сот жүйелерімен, азаматтығымен сипатталатын тұтас, орталықтырылған ұйым. Кейде мұны жалаң мемлекет деп те атайды.

Федеративтік мемлекет - латын тілінде /оейиз - одақ, яғни күрделі мемлекет ұғымын айтады. Оның құрамына бірнеше мемлекеттер немесе мемлекеттік құрылымдар - федерация субъектілері (федерация мүшелері) кіреді, олардың әрқайсы-сы әр түрлі аталуы мүмкін, мысалы, штаттар, кантондар, республикалар, автономиялық республикалар т. б.

Федерация мүшелері бірігіп жаңа мемлекет құрады, өздерінің кейбір биліктік өкілеттігін жаңадан пайда болған мемлекетке беріп, өзіндік егемендігін (тәуелсіздігін) шектейді. Сондықтан федерацияда екі бірдей мемлекеттік билік органдар болады: федералдық, оның билігі бүкіл федерация аумағында таралады және федерация субъектілері, өзінің қарамағында қалған мәселелерді еркін шешеді. Заңдар федералдық және федерация субъектілерінің заңдары болып бөлінеді. Бір қызығы, федерация субъектілерінде екі бірдей Конституция, федералдық заң жүйелері мен өзінің заң жүйелері жүреді. Сондықтан федерация субъектілерінің заңдары, әрине, федералдық заңдарға, әсіресе федералдық Конституцияға қайшы келмеуі тиіс. Федерацияда валюта бірыңғай, ал азаматтық екеу (қос), өйткені федерация субъектілерінің азаматы, әрі федерация азаматы болып есептелінеді. Федерацияға кіретін мүшелерінің құқығы тең келеді, сондықтан олардың федерациядан шығу туралы мәселені біржақты шешуге мүмкіншіліктері жоқ. Қазіргі кезде федерация - АҚШ, Германия, Индия, Ресей, Федерация құрылымы мынадай принциптерге негізделген: ұлттық, аумақтық және аралас.

Қорыта келе, күрделі мемлекеттің мынадай белгілерін атауға болады: құрамына кіретін мемлекеттік құрамдар федерация субъектілері деп аталады, олардың өзіндік әкімшілік-аумақтық бөліністері болады; екі бірдей жоғарғы мемлекет билік органдарының жүйесі - федеративтік органдар мен тиісті федерация мүшелерінің органдары қатар қызмет атқарады; федерация мүшелерінің өзіндік қонституциясы (конституциялық Жарғы, заңдық құзыреті, құқық жүйесі, т. б. ) бар; әдетте жалпы федеративтік азаматтығы және федерация субъектілердің азаматтығы заңдармен реттелінеді. Сөйтіп, федерация - бұл мемлекеттік құрылымдардан тұратын, белгілі бір заңдық дербестікке иелі күрделі (одақ) мемлекет.

Федерациядан конфедерацияны ажырата білуіміз қажет. Бұл ұғым тәуелсіз мемлекеттердің одағы дегенді білдіреді. Конфедерацияның белгілері: 1) федерациядан өзгешелігі сол, оның жалпы ортақ заң, атқарушы және сот органдарының болмауы; 2) бірыңғай армиясы, бірыңғай салық жүйелері, бірыңғай мемлекеттік бюджеттері болмайды; 3) уақытша одаққа кірген мемлекеттерде ғана азаматтық сақталады; 4) одақта тұрған уақытында мемлекеттер бір-бірімен бірыңғай ақша жүйесі, бірыңғай кеден ережесі, мемлекетаралық кредит саясаты жөнінде келісуі мүмкін. Одаққа кірудің басты мақсаты - белгілі бір мәселелер бойынша, айталы'қ экономикалық проблемаларды, қорғаныс жөне т. с. с. бірігіп шешім қабылдау. Демек мұнда федерация сияқты жаңа мемлекет кұрылмайды. Сондықтан одаққа кірген мемлекеттер өз егемендігін (тәуелсіздігін) сақтайды. Конфедерцияда өзіндік бірыңғай аумағы, бірыңғай азаматтығы және валюталары болмайды. Конфедерация субъектілерінің әркайсысының өзіндік заң, атқарушы және сот биліктерінің органдары, өзінің конституциясы сақталынады. Олар өз аумағында толық билікті дербес жүргізе береді. Конфедерацияның жалпы органы құрылуы мүмкін, бірақ олардың шешімін конфедерация субъектілерінің жоғарғы өкімет органдары бекітуі тиіс, содан кейін ғана ол әрқайсысының аумағында қолданыста болады. Конфедерациядан шығу біржақты тәртіппен жүргізілуі мүмкін. Тарих көрсеткендей, конфедерация берік емес, мемлекеттердің бірлескен ұйымы ретінде ұзақ уақытқа бейімделмеген. Олар қойылған мақсатқа жеткеннен кейін таратылып кетулері (Австро-Венгрия), немесе ең берікті одаққа - федерацияға айналуы мүмкін (мысалы, 1776-1787 жж. аралығында АҚШ алғашында конфедерация дел аталынған болатын) .

Демек, конфедерация - бұл елдерінің тәуелсіздігін сақтайтын, өзіндік мемлекетгік өкімет және басқару органдары бар, әрі белгілі бір мақсатқа жету үшін үйлесімді әрекетке бейімделген арнайы біріккен органдарды құратын біріктірген мемлекеттер.

Тарихта белгілі мемлекеттің құрылымының нысаны ретінде

- империя танылған. Бұл (латын тілінде ітрегіит - билік, мемлекет) жеке аумақты күшпен жаулап алу және қосу нәтижесінде пайда болған күрделі мемлекет. Империяның құрамдас бөліктерінің жағдайы, әдетте, бірдей емес. Империя ерте заманда пайда болған (мысалы, Александр Македоискийдің, Рим империясы), көне заманда, XX ғасырдың басына дейінгі Ұлыбритания, революцияға дейінгі Ресей бұған дәлел бола алады.

Енді саяси (мемлекеттік) режімнің түрлерін көрелік. Тарихқа белгілі мемлекеттік режімнің бірнеше түрлері бар. Солардың бірі - демократиялық және демократиялық емес болып бөлінуі. Оның осылай болып бөлінуі мемлекеттік билікті іске асырудағы демократизмнің деңгейіне: мемлекеттік істі басқаруға халықтың қатысуына, тұлғаның құқығы мен бостандығының кепілденгендігіме байланысты.

Демократиялық режимде (грек тілінде Летоз - халық және Л атаіоз - билік) халық билікттің қайнар көзі болып табылады. (КР Консгитуциясм, 3-бал, 1 -тармақ) . Сондықтан, оның негізгі органын (мысалы парламентті) халық сайлайды, онын мүддесін көздейді, сондықтан, өкілді демократия деп аталуының мәні сонда. Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте болады. Сонымен бірге, бүкілхалықтық дауыс беру арқылы (референдум) халық өз еркімен қандай болмасын шешім қабылдайды. Мұндай институртты тікелей демократия дейді мысалы, 1993 ж. РФ Конституциясы, 1995 ж. ҚР Конституциясы) . Бұл режімде көппартиялық бар, заңды оппозиция қатыстырылады және сөз еркіндігіне қысым жасалынбайды.

Демократиялық режімнің экономикалық негізін меншіктің әр түрлі мысандары (сонын ішінде жеке меншік) жеке нарықтық қатынастар құрайды. Демек, демократия деп жұртшылықтың мемлекет басқару ісіне қатысуын жеке бас бостандығын жариялайтын, яғни азаматтардый саяси құқықтарды пайдалану (адамныи заң алдында тендігі, сөз, баспасөз, жинальк бос-тандығы, тұрғын үйге ешкімнің қол еұқпауы және басқалар) мүмкіндігін қамтамасыз ететіи мемлекет құрылысын айтады. Таптық «іэғамда демократияныи таптық сипатта болатыны сөзсіз.

Демократиялық саяси режімнің белгілері:

1) адамның құқықтары мен бостандықтарының конституцияда белгіленіп шынайы іс жүзіне асырылуы;

2) барлық азаматтардың тең құқықтығы;

3) әр түрлі саяси (соның ішінде оппозициялық) партиялардың болуы, мемлекет орталық жәие жергілікті өкімет органдарының сайланбалылығы және алмасулығы, олардын сайлаушылар алдында есеп беруі, тағайымдалу жолымен қалыптасатын мемлекет органдарының және оның қызметкерлерінің сайлау органдарының алдындағы жауапкершілігі;

4) мемлекет қызметіндегі жариялылық.

Барлық демократиялық емес режімдерді біріктіретін арна - бұл халық биліктің қайнар көздері болып есептелінбейді, әрі мемлекет ісін басқаруға қатыстырылмайды. Тұлғаның құқықтары мен бостандықтары формальды түрде жарияланса да, шын мәнінде аяққа басылып, шектеулі болады. Демократиялық емес режімнің өзі тоталитарлық және авторитарлық деп бөлінеді. Тоталитаряық режімде мемлекет қоғамдық өмір сферасының үстінен толық, жалпы бақылау жасап отырады (мысалы, өзіміз өмір сүрген кеңес дәуірі оған куә) . Экономика саласында мемлекеттік меншік үстемдік басым болады, экономикалық қатынастарда қатаң мемлекеттік реттілік көрініс тауып, жеке меншікке тыйым салынады, бұйрық әдістері кеңінен қолданылады. Саяси сферада бір партия басқарып, партия мен мемлекет, аппараттары бірігеді. Соның салдарынан бұл режімде мемлекеттік аппарат орталықтандырылады, сөйтіп бюрократизмге, менменділікке кен жол ашылып, өрбиді. Экономика негізінен әскери өнеркөсіпке бейімденеді.

Тоталитарлық режімнің тән белгісі - бүкіл халықтын сана-сезіміне әрекет ету мақсатында барлық ақпарат құралдары арқылы патшалықты уағыздау, яғни мемдекетті басқаратын бір адамға табыну, соған құлшылық ету, оны барлық нысанда жөнді, жөнсіз мадақтау, оның ешқашанда қателеспейтінін, айтқандарының барлығы заңды деп тану жеке басқа да түрде пендешілік жасау. Бұл режімде тек қана бір-ақ идеология уағыздалады, дәріптелінеді. Сөз, ой еркіндігіне жол берілмейді. Бүкіл қоғамдық ұйымдар мемлекеттің қатаң бақылауында болады. Жеке адамның құқықтары мен бостандықтары қатаң бұрмаланады. Билікті күштеу, зорлық-зомбылық өдістерін кен қолдану негізінде жүргізу, бүкіл халықтық репрессияны (лаңкестікті) кең қолдану.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет нысандары
Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері
Мемлекеттің негізгі нысандары және сипаттамасы
Мемлекет нысанының түсінігі, мәні және мемлекетті басқару нысаны
Мемлекеттiң басқару нысандары
Мемлекеттік басқару нысаны
Шетел конституциялық заңнамаларындағы мемлекеттік басқару нысандары
МЕМЛЕКЕТ НЫСАНДАРЫ МАЗМҰНЫ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Мемлекеттің белгілері, функциясы, органдары және нысандары
Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы унитарлық (біртұтас) мемлекет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz