Мақатаев, Мұқағали Сүлейменұлы



Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Балалық бал дәурені соғыста қаза болып, анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген.
Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдық мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») 1963-1965, «Жұлдыз» (1965-1972) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973) қызмет атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мақатаев, Мұқағали Сүлейменұлы (1931-1976) – қазақтың әйгілі ақыны.
Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы. Топырақ
бұйырған жері Алматы қаласы. Балалық бал дәурені соғыста қаза болып, анасы
Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген.
Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып,
ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері,
жетіжылдық мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық Советтік
шекара газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң Социалистік
Қазақстан (қазіргі Егемен Қазақстан) газетінің (1962-1963), Мәдениет
және тұрмыс (қазіргі Парасат) 1963-1965, Жұлдыз (1965-1972)
журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973)
қызмет атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған
ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік
қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Ильич (1964),
Армысыңдар достар (1966), Қарлығашым келдің бе?, Мавр (1970),
Аққулар ұйықтағанда (1973), Шуағым менің (1975) атты жыр жинақтарын
көзінің тірісінде жариялап үлгерді.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан
тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали
жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей
поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл
сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер
деңгейінде туындатып отырған. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа
биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. Мұқағали поэзиясы тек өнер үшін
туындаған өнер деңгейіндегі ғана құбылыс емес. Оның өлмес өнері, қанатты
поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын
кемелдендіре түсті.
Мұқағали аударма саласында да өзіндік шеберлік шалымымен толымды еңбектер
тындыра алды. Ол Дантенің Құдіретті комедиясының Тамұқ атты бөлімін,
Шекспирдің Сонеттерін, Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
Біртуар дара дарын Мұқағали Мақатаевтың қаламынан туған қанатты жырлар
халқымен бірге мәңгі жасай бермек.
Мен өмiрдi жырлау үшiн келгенмiн

Поэзияны жұлдызды аспан десек, соның ең жарығының бiрi Мұқағали Мақатаев
болар едi. Поэзияны биiк шың десек, Мұқағалиды тек биiктi мекен ететiн
мұзбалаққа балар едiк. Ал поэзияны алып мұхит десек, ақын жырларын сол
мұхиттың түпсiз тереңiнен ғана табылар жауһар дер едiк.
 
Биiктiктi, мөлдiрлiктi, тазалықты - бәрiн-бәрiн Мұқағали поэзиясынан
табамыз. Ақын өлеңдерi оқырманның жүрегiне жол салып, жанды баурап әкететiн
нәзiктiгiмен құнды сияқты.
Мұқағалиды бiлмейтiн қазақ жоқ шығар, сiрә. Бiр кездерi:
 
Бүгiн менiң туған күнiм, ой, пәлi-ай,
Неге жатыр мына жұрттар тойламай?!
-
 деп жырлаған ақынның 75 жылдық мерейтойы жер-жерлерде тойлануда. Ақын
атымен аталатын №140 орта мектепте Мен өмiрдi жырлау үшiн келгенмiн атты
оқушылардың қалалық ән мен жыр байқауы болып өттi. Халқымыздың бiртуар
ақиық ақыны М.Мақатаевтың шығармашылығына арналып екiншi жыл өтiп отырған
бұл байқауда оқушылар үш номинация бойынша сынға түстi.
 
Бiрiншi - ақын өлеңдерiн мәнерлеп оқу шеберлiгi. Жырлайды жүрек деп
аталған бұл бөлiмге 18 талапкер қатысты. Ақын өлеңдерiн тебiрене оқыған Ж.
Муралимов, А. Қалжан, А. Нұрбекова, Б. Құралова, А. Әуелбекова, Д.
Жiгiтбеков сынды жастар көрермендердi тәнтi еттi.
 
Ал Қайран, жеңгем өлеңiн жүрекке жеткiзе оқыған орыс қызы Сперина
Ольганың өнерiн ерекше атап айтқанымыз жөн болар.
 
Күмiс көмей, жез таңдай әншiлерiмiздiң сайысы Дариға, домбырамды бершi
маған деп аталыпты. Аталмыш номинация бойынша ақын өлеңдерiне жазылған
әндер шырқалды. Еркебұлан Әнуарбековтың №136 мектептiң Ұландар хорымен
бiрлесе орындаған
 
Майдандастар әнi және А. Гаипова, Ш. Кәрменов, А. Бекбергенова, А. Төлеп,
М. Сәбиевалар көпшiлiктiң құлақ құрышын қандырды. Дегенмен де Мұқаңның
Дариға, домбырамды бершi маған, Фариза әндерi айтылса орынды болар едi.
 
Байқаудың үшiншi номинациясы - Жазылар естелiктер мен туралы, яғни жас
ақындардың Мұқағали Мақатаевқа арналған жырлары сайысқа түстi. Жырларын
бәйгеге қосқан 12 ақынның iшiнде болашағынан үмiт күттiретiндерi баршылық.
 
Әрине, қолына қалам ұстай салысымен немесе 4 жол өлең жаза салып ешкiм де
ақын болып кетпейдi. Сайыскерлерiмiздiң жырларынан балаңдық пен сәбилiк
есiп тұрғандай болды.
Тағы бiр айта кететiн жайт, жыр сайысының бiрiншi шарты өлеңдегi шумақ
саны делiнiптi. Өлең өлкесiне жаңадан аяқ басқан оқушыларымыздың өлеңдерi
талапқа сай жазылыпты.
 
Өлеңнiң құндылығы, бағасы ешқашан да шумақ санының көптiгiмен, көлемiмен
өлшенбейтiнiн ұйымдастыру алқасы ескермеген болса керек. Жас ақындарымыздың
бағына орай қазылық еткен ақын ағаларымыз (Қ. Мырза Әли, О. Асқар, Ә.
Бәзiлхан) орынды өлеңнiң көлемiне емес, мазмұнына, мағынасына, сөз саптау
шеберлiгiне қарап бердi. (Д. Жiгiтбеков - I орын, Ә. Омарова, А. Жолдыбаева
- II орын, Д. Дүйсенбаев, А. Кеңесбекова, С. Дүйсебаева - III орын)
Қазылардың шешiмiмен I орынға Жырлайды жүрек номинациясы бойынша Алмат
Әуелбеков, ал, Дариға, домбырамды бершi маған - әншiлер сайысында
көпшiлiктi өнерiмен тәнтi еткен Арайлым Гаипованы лайық деп таныды.
 
Жаңадан көктеп келе жатқан гүлге су қаншалықты қажет болса, жас
жеткiншектерiмiзге жылы сөз соншалықты қажет сияқты. Қадырдай, Оразақындай
Алашқа белгiлi ақындардың қолынан марапат қағаз алудың өзi олар үшiн биiк
асу екенi даусыз.
 
Мерекелiк кеш соңында құрылғанына небәрi бiр айдың жүзi болған Мұқағали
қорының президентi Бақытгүл Қыдырбайқызы жүлдегерлерге сыйлықтар тапсырып,
ақ жол тiледi.

Мұқағали-мәңгілік жыр
ХХІ-ғасырдың төл перзенті және қазақ поэзиясындағы творчествосы күрделі нар
ақындардың бірі – Мұқағали Мақатаев.

Бүгінгі таңда Мұқағалидың поэзиясы адамның жансарайын жаңғыртып, ой-санасын
сәулелендіріп, болмыс-бітімін жаңаша жасандыра, жарқырата түсетін нақты
рухани күшке айналып отыр.

М.Мақатаев қай өлеңінде, қай дастанында болсын ел алдында еркін сөйлеп,
емірене еркелеп, тосылмай толғап, жан сырын жайып салатын жомарт ақын.

Қазақ халқы өзінің бар арман-мақсатын, мұң-қайғысын, үміт-тілегін Мұқағали
мұрасы арқылы жалғанның жарығына жария етті. Оның өлеңдеріндегі образ -
кілт сөздің қайталанып келуі музыкалық өрнектің де міндетін атқарғанын,
кейіннен ақын жырларына жазылған әуен-саздарынан байқалады.

М.Мақатаев бүгінде бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген сүйікті ақыны.
Ақын жүрегін жарып шыққан ойлы жырлар кім-кімнің де көңіл пернесін дөп
басып, жанына майдай жағып, сыр бөлісуге шақырып тұруы қандай ғажап.
Жырларының бағасын, құдіретін ақынның өзінен асырып айта алмаспыз.

Мұқағали өзінің туған жері "Қарасазды" былай жырлаған еді:

Мен туған жер-Қарасаз, баурайдағы,
Жалғанда жер біткеннің бал қаймағы.
Есім кетіп жүргенде ес білдірген,
Жаралған жұлдызым ғой маңдайдағы.
Бақытым ғой "Қарасаз" келіп, қонған,
Кисем-киім, ішсем-ас, көлік болған,
Мендей ұлдың осы жер мыңын туып,
Әлі күнге мыңына жерік болған.

Иә, өлең үшін өмірімен де, кеудесі өр, көңілі көр кейбір "пенделермен де"
күресіп өткен ғажайып ақынның қай қырын айтып тауысарсың. Мұқағали туралы
ойлағанда оның еркелігі, Қарасаздың Қарасуындай мөлдірлігі, қазақ
даласындай жомарттығы, баладай сенгіштігі, әсіресе өзінен кішілер алдындағы
инабат-ізеті алдымен есіңе түсіп, жан-жүрегіңді елжіретеді.

Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалиы да жалғыз. Сол шындықты шын
жүректен түсінсек тек қана тарлан талант, жыр жампозы Мақатаевтың ұлттық
мақтанышымыз екенін мойындаймыз. Құдіретті ақынға көзі тірісінде
көрсетілмеген құрметтің, берілмеген сый-сияпаттың орынын толтырудың бір
жолы, бір жөні бар: ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын ұлт игілігіне
асыруға асығу.

Туған халқының арман-мақсатын терең түсінген, толғай жазған, сөйтіп,
жанының жыршысы болған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың екінші өмірі-
мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр. Өлмес өнері - өлеңімен жалпақ елінің
жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы
перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы
анық.

Міне, 2006 жылы Мұқағали Мақатаевтың 75 жасқа толуына орай, Ақтөбе облыстық
Сақтаған Бәйішев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының ғылыми-әдістемелік
бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Мұқағали-мәңгілік жыр" - атты
"ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК" облыстық байқауы өткізілді. Облыстық байқаудың мақсаты
- мыңдаған оқырман қауымға өздері өлеңдерін сүйіп тыңдайтын ақиық ақын
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен творчествосын ашып көрсету, кең
жариялылықпен жарнамалау,

ақын өлеңдері арқылы жыр сүйер оқырман жастарды туған жерге деген
сүйіспеншілікке, ұлтжандыққа, өмір шындығы, ақиқатқа тәрбиелеу, кітапхана
қызметкерлерінің шығармашылық мәртебесін арттыру, көпшілік шаралардың
түрлерін ұйымдастыру.

Үстіміздегі 2006 жылдың 1 наурызы мен 10 қазаны аралығында облыс
кітапханалары арасында қазақ поэзиясының тарланы, ақиық ақын Мұқағали
Мақатаевтың 75 жылдық мерейтойы аясында "Мұқағали мәңгілік жыр" атты үздік
әдістемелік жұмысы облыстық байқауы жарияланып, қорытындысы шығарылды.
Облыстық байқауға 15 әдістемелік ұсынылды.

Байқау ережесінің шарты бойынша үздік әдістемелік жұмыс "Кітапхана"
журналында озық іс-тәжірибе - әдістемелік болып жарияланады деп көрсеткен
болатынбыз.

Сіздерден байқау қорытындысы бойынша "Ең үздік әдістемелік" деп танылған
Мұғалжар аудандық орталықтанған кітапхана жүйесінің әдістемелік жұмысын
журналда жариялауыңызды өтінеміз.

"Мұқағали мәңгілік жыр" облыстық байқауының ережесі мен әдістемелікті
жіберіп отырмыз.

Мұхтар ШАХАНОВ

Мұхтар ШАХАНОВ: Бізге тілсіз, рухсыз тәуелсіздіктің көк тиынға керегі жоқ

– Мұхтар аға, ел ішінде сіздің денсаулығыңызға алаңдап жүргендер баршылық.
Сондықтан алдымен халіңізді сұрап алсақ деп едік...
– Дәрігерлер маған маусымның басына дейін тырп етпей демалыста болыңыз
деген. Бірақ оны күтіп жататын жағдай қайда, жұмысқа шығып кеттім. Күніне
қазір 10-15 дәріден қабылдап жүрмін. Соның арқасында, Құдайға шүкір,
жақсымын.
– Сіз Жалын журналы қайта жарыққа шыға бастағанда журналды әлемдік
дәрежеге көтерем деп әжептеуір жұмыс істей бастағансыз. Артынша бір жылдан
кейін Мәжіліс сайлауы болып еді, кандидаттардың арасынан бір-ақ шықтыңыз.
Бұл қадамға сізді не итермеледі?
– Депутаттыққа түссем деген ойым жоқ еді. Маған біраз азаматтар келіп:
Мұха, тіліміздің жағдайы – мынау. Қанша шырылдасақ та оңалар емес. Оны биік
мінбелерде тұрып айтатын адам керек. Осы үшін тәуекел етпейсіз бе? деп
жүрді. Ол кезде мен Жалын журналының бас редакторы болып отырғанмын.
Қызылорда облысында облыс бойынша Жалын журналына 60-70 дана ғана жазылған
екен, сондықтан журналдың тиражын өсіру үшін Қызылордаға бардым. Сондағы
кездесулерде жұрттың көпшілігі тағы да сол Қайткен күнде де Парламентке
баруыңыз керек деген ұсыныс жасап жатты... Осылайша ойдан ой тұтанып кетіп,
мемлекеттік тіліміздің мүддесі үшін депутаттыққа бел байладым.
– Тіл мәселесін сіз алдында қолыңыздағы баспасөз құралы арқылы да көтеріп
жүрдіңіз. Мемлекетік тіл қозғалысын да құрдыңыздар. Енді қолыңыздағы
депутаттық мандат діттеген жерге жетудің мүмкіндігіне айналып отыр ма?
– Бүгінгі таңда қазақ үшін нөмірі бірінші мәселе – тіл, нөмірі екіншісі де –
тіл, үшінші, төртінші, бесіншісі де – тіл... Тіл жойылған сәттен бастап ұлт
жойылады. Сондықтан да егемендік алған тұста, бұл мәселеге назар
аудармауымыз – қылмысқа пара-пар іс.
Менің Төрт ана деген өлеңім бар. Онда адамның рухани дүниеге терең тамыр
жіберіп, толыққанды адам болуы үшін қастерлеп өтуге тиіс төрт анасы туралы
айтылған: туған жер, туған тіл, туған дәстүр және тарих. Қазір біздің
жеріміз әлдекімдердің иелігіне өтіп, сатылып кетіп жатыр. Осы жердің
сатылуына орай Отан деген сөздің де құны кетуде. Дәстүріміз бен тарихымыздың
мәселесі мәз емес. Демек, сол төрт анамыздан қазір бізде қалып отырғаны
жалғыз тіл ғана. Ал тіліміз кетсе, біз кім боламыз? Біздің тек түріміз ғана
қалады делік, бірақ мұндай түр бүкіл Азия халықтарында бар ғой. Демек, түр
біздің рухымыздың қорғаны бола алмайды. Тіл кетсе, ұлттығымыздан ештеңе
қалмайды. Қазір жыл сайын дүние жүзінде 24 тіл жойылып жатыр, сол 24-тің
ішінде кетеміз. Осыны түсінбеген адамдарға мен қайранмын. Мен бұны бұрын да
айтқам, тағы да қайталап айтам, қайталаудан жалықпаймын: бізге тілсіз,
рухсыз тәуелсіздіктің көк тиынға керегі жоқ.
Бірақ мұндай сөздеріміз Парламент мінбесінде тұрып айтсақ та, көпшілікке
жетіп жатқан жоқ. Біздің сорымызға қарай баспасөз құралдарының бәрі сатылып
кеткен. Көптеген телеарналар сатылған, газеттердің әрқайсысының өз қожайыны
бар. Сондықтан олар өзіне сөз тимейтін жеріне дейін ғана бара алады.
Ұнамайтын нәрселерін халыққа керек болып тұрса да жарияламайды. Мысалы, мен
бүгінге дейін қаншама рет мемлекеттік тіл мәселесін көтеріп, сөз сөйледім,
үндеулер жарияладым, ал Хабар оны көрсеткен жоқ.
– Әуелде сіз тіл мәселесін көтергенде Мәжілісте ылғи да айтыс туып кетіп
жататынын байқағанбыз. Сөзіңізге қарсы шықпағанның өзінде де бәзбіреулер
тарапынан сіз көтерген мәселенің маңыздылығын бәсеңдету амалдары жасалып
жатты. Ал қазір сол депутаттар арасынан өзіңізге жақтастар таба алдыңыз ба?
– Бұл тұрғыда Амангелді Айталы үлкен қайрат көрсетіп жүр. Бұрын да ол бұл
мәселені бірнеше рет көтеріп келді. Қазір бірлесіп қимылдап жатырмыз. Одан
да басқа бірен-саран жаны ашитын жігіттер бар. Бірақ аз.
ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ ҰЛТСЫЗ, РУХСЫЗ КОСМОПОЛИТТЕР ЕКЕНДІГІН КӨРСЕТТІ
– Біздің білуімізше, Францияда да француз тілінің тазалығын сақтау, оны,
әсіресе, ағылшын тілінің ықпалынан қорғау мәселесі туып отыр бүгін. Бұл
орайда Франция парламентінде бір ағылшын сөзін қолданғанға 400 франк
көлемінде айыппұл салу шарасы жолға қойылған. Ал сіздер біздегі тіл
мәселесін шешудің нақты қандай жолдарын ұсынып отырсыздар?
– Өткен аптада ғана Парламентте Сайлау туралы Конституциялық заң
қаралғанда біз Ұлты қазақ азаматтарға мемлекеттік тілді игергендігі
жөніндегі аймақтық сайлау комиссиясының анықтамасы қажет деген бап енгізуді
ұсынғанбыз. Бірақ біздің Парламенттің депутаттары оны қабылдамады, көпшілігі
ұлтсыз, рухсыз, космополиттер екендігін көрсетті.
– Мұндай әрекет былтыр да болып еді ғой.
– Иә, бірақ биыл біз былтырғының жартысындай да дауыс жинай алмадық.
Жалпы, бүгінгі таңда еліміздегі 2 миллионнан астам қазақ өз ана тілін
білмейді. Енді солар өздерінің арифметикалық құрылысын ендіруде. Айталық,
осы 2 миллионнан астам қазақтың болашақта бала-шағалары да сол әке-шешелері
жүрген жолмен кетуі мүмкін. Сондықтан қазір бізге бір жыл емес, бір ай
кешігудің өзі – үлкен ұтылыс. Адам белгілі санадан өткеннен кейін шахматты
түрде өрбиді емес пе. Біз тіл мәселесін балабақшадан бастау керек деп
түйдік. Ал елімізде қазақ тіліндегі балабақша жеткіліксіз. Бүкіл
республикада 61 мыңнан астам бала ғана қазақ балабақшасында тәрбиеленеді. Ал
600 мыңнан астам қазақ баласы не қазақ тіліндегі балабақшаның жоқтығынан, не
балабақша төлемақысының тым жоғарылап кетуі салдарынан үйінде отыр.
Астананың өзінде 4000-дай бала балабақшада орын болмағандықтан, кезекте тұр
екен. Біздің басты қателігіміз осында.
Сондықтан мен осыдан бірер ай бұрын Парламентте тұрып кезінде бір коньяктің
құнынан асар-аспас бағаға сатылып кеткен балабақшаларды кері қайтару
мәселесін көтеріп, үндеу жариялағам. Құдайға шүкір, бірен-саран болса да ел
мүддесіне бұрыла бастаған кәсіпкерлеріміз бар екен, артынша Оңтүстік
Қазақстан облысы Түлкібас ауданында С. Дауылбаев деген кәсіпкер, Ақтөбе
облысы Мәртөк ауданында М.Жанғалиев деген кәсіпкер өз меншігіндегі балабақша
үйін қайтарып беріпті. Ал Қызылорда облысында 1993 жылға дейін 296 балабақша
болса, соның 236-сы жекешелендіріліп кеткен екен, жақында облыс әкімі Икрам
Адырбеков кезінде қолды болған 10 балабақшаның қатарға қосылатынын
мәлімдеді. Сол секілді Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты 280
балабақша үйін 2002 жылы жеке меншікке сатып алған Германия мемлекетінің
азаматы Арнольд Валь мемлекеттік тілге қосқан үлесім болсын деп тез арада
балабақшаны мемлекет есебіне өткізетінін хабарлады. Бұл біздің ұсынысымыз
Парламенттегі әріптестеріміздің, тіпті Үкіметтің тарапынан қолдау таппаса
да, ел арасынан қолдау табатынын көрсетеді.
Қысқасы, орыс балабақшасына барған бала міндетті түрде ертең орыс мектебіне
барады. Сондықтан қазақ балабақшаларының санын көбейте отырып, мемлекеттік
тіл мәселесін шешуді осыдан бастау керек. Қазір көп мектеп салынып жатыр,
менің Үкіметке айтар ұсынысым: комплексті түрде балабақша әрбір мектептің
жанынан бірге салынуы керек. Қоян аулағанда адам құлағынан ұстайды, сонда
ғана ол тырналамай, тырп етпей отырады. Сол секілді бұл мәселені де осылай
құлағынан ұстап тұрып шешу керек деп ойлаймын.
ОЛЖЕКЕҢДІ ӨЗ БАБАЛАРЫНЫҢ ТІЛІНЕ БЕТ БҰРУҒА ШАҚЫРАМЫН
– Мұхтар аға, сіз партиялықсыз ба?
– Кезінде Олжас Сүлейменов екеуміз бірлесіп Халық конгресі партиясын
құрғанбыз. Бірақ кейіннен мен біз сияқты адамдардың ешқандай партияда
болмағаны дұрыс-ау деген ойға келдім. Өйткені біздің өлеңдеріміз,
шығармаларымыз – барлығы партияның өлеңі сияқтанып кетеді екен. Оның үстіне,
кейбір азаматтар да әңгіме арасында Сіздердің партияда болмағандарыңыз
дұрыс деп жатады. Барлық партияға ара-тұра баға беріп, соларды ойға тартып
отыратын бейтарап азаматтар, расында, қоғамға керек.
– Дегенмен өзіңіз іш тартып тұратын партия бар ма?
– Қазір партиялар жеткілікті бізде. Бірақ сол партиялардың мемлекеттік тілге
бет бұрып жатқан бірде-біреуі жоқ. Тіпті қағаз жүзінде десек те, жалғыз
Отан партиясының бағдарламасында ғана мемлекеттік тіл мәселесі қамтылған.
Іс жүзінде бұл партияның өзі де тіл үшін күресіп жатқан жоқ. Ал оппозициялық
партияларды алсақ, олар тіл үшін күреспек түгілі тіл мәселесін
бағдарламасына да енгізбеген. Ондай партиялардың қазір бізге қажеті жоқ.
- Олжас демекші, сіз осында шырылдап мемлекеттік тіл – қазақ тілі мәселесін
көтеріп жүрсеңіз, Олжас Сүлейменов орыс тілі мәселесін көтеріп жүр. Өткен
айда ғана ол Мәскеудегі бір жиында сөйлеген сөзінде өзінің қазақ тілінің
тағдырынан гөрі орыс тілінің тағдырына көбірек алаңдайтынын көрсетті. Олжас
Сүлейменов сіздің досыңыз емес пе, әлгі әрекетін қалай қабылдадыңыз?
– Олжас Сүйлейменов – біздің халқымыздың дара перзенті, ұлы ақыны.
Кеңестік-тоталитарлық жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кездің өзінде ол
ядролық сынақтарға қарсы батыл үн қосып, Невада-Семей қозғалысын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев
Мұқағали Мақатаев - мәңгі жыр
Мұқағали Мақатаев Сүлейменұлы
Мақатаев мұқағали (мұқаметқали) сүлейменұлы
М.Мақатаев шығармашылығы
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығындағы ұлттық болмыс, халықтың салт-дәстүрлері мен нақыл сөздері
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы метафораның қолданыстық ерекшеліктері
Мақатаев Мұқағали
Туған жерімнің табиғатын таныстыру
Мұқағали Мақатаев жайында
Пәндер