Мемлекеттің пайда болуы туралы



Кіріспе
1. Мемлекеттің пайда болуы
2. Мемлекеттің ұғымы мен белгілері
3. Мемлекеттің пайда болу теориясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуының алғы шарттары. Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте томен денгейімен ерекшеленетін алғашқы қауым¬дық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объектитві түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін «өсуі» керек, Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда табиғаттың дүлей де соқыр күштерінін алдында дәрменсіз болып қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінін іс-әрекеті мен қылығының аяғы неге апарып соғатындығын болжай алмайтындығымен сипатталатын.
1. М.Т.Баймаханов. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы, 2003.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1. Мемлекеттің пайда болуы
2. Мемлекеттің ұғымы мен белгілері
3. Мемлекеттің пайда болу теориясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуының
алғы шарттары. Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен
ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға
дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму
кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету
салаларының өте томен денгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын
ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объектитві түрде өтіп, мемлекеттік
деңгейіне дейін өсуі керек, Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп
шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда
табиғаттың дүлей де соқыр күштерінін алдында дәрменсіз болып
қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінін іс-
әрекеті мен қылығының аяғы неге апарып соғатындығын болжай алмайтындығымен
сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудың
жетілмеген, дерекі құралдарын пайдаланды, соған қарай қоғамда еңбек
өнімділігі табыстың жинақталып, осында қалып қалуына мүмкіндік жасай
алмады: ол қалдықсыз пайдаланылды.
Мемлекеттің пайда болу процестерінің саяси-құқықтық ойда бейнеленуі.
Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке заңдылықтары ежелден-ақ
адамдарды толғандырып, олардың қызығушылығын туғызып келді. Алғашқы
қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын
беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және олардың
динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты
әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибслері коптеген теорияларға, тұжырымдар
мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың
тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып қалды, ал енді бір
бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де болса
олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді. Аталған
теорияларға талдау жасай келіп, біз орбір ойшылдың мемлекеттілік
генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз, олардың басқа
ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де әртүрлі.
Сонымен, кейде терең ойлы жәнее дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт
пікірлермен қоңсы қонып жатады. Алайда, ойшылдар айтқан постулаттардың,
болжамдар мен ережелердің жиынтығы баға жетпес байлық. Қоғамдық-саяси және
мемлекеттік-құқықтық шындықты оның дамуының озгермелі кезендерінде адамның
ойлау логикасын түсінуге мүмкіндік бере отырып олардың негізгілерін
білудің, әр түрлі ойшылдың пайдаланған аргументтері мен дәлелдерін
салыстырып, талдау жасаудың, олардың күшті және әлсіз жақтарын аңыктап,
осы теориялардың адамзаттың кәдесіне жарайтын-жарамайтындығына қорытынды
жасаудың маңызы зор.

Мемлекеттің пайда болуы

Осындай өте қиын жағдайларда, тіршілік ету үшін адамдардың алғашында
шағын ғана отбасылық кезбе топ құруға, кейінірек қауымның құрамы бойынша
одан әлдеқайда көбірек болып топтасу қажет болды. Бұл топтар негізінен
туыстық қатысы бар адамдардан құрылды. Кезбе топтың немесс қауымның
мүшелерімен туыстық қатысы жоқ адамдарға сенімсіздік көрсетіліп, олар
ортаға жіберілмеді. Біртіндеп қоғамның негізін салған рудың адамдары
бөлектеніп шыға бастайды. Ол үшін олардың мынадай ерекшеліктері болуы керек
болды:
1) сол кездегі іс-әрекеттің негізгі салаларын қамтуға мүмкіндік
беретін қоғамдық өмірдің өзіндік бір нысаны ретінде ортақ шаруашылықты
жүргізе алатын, ұжымдық тұтынуды жүзеге асыратын, ұжым мүшелерінің қажетін
қанағаттандыратын болуы керек;
2) туыстық жағынан аса жақын емес, сондай-ақ таяудағы мақсат,
мүдделері де бөлектеу ру мүшелері айтарлықтай ұйымшылдық көрсетіп, бір
біріне көмектесіп, қауіп-қатерден бірлесіп қорғануы керек; 3) осыған сәйкес
руды басқару жүйесі құрылды: ру тіршілігінің негізгі мәселелсрі барлық ру
мүшелерінің дауысы тең болып саналатын рудың жалпы жиналысында қаралып,
сонда шешілді; жалпы жиналыс қандай да бір қоғамдық міндет жүктелетін ру
басшысын, әскер басын және басқа да адамдарды сайлайды, сондай-ақ олардың
қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Барлық қоғамдық міндеттердің ақысыз-
пұлсыз атқарылатындығын, тұрақты негізде емес және ру мүшелерінің ұсынысы
бойынша кез келген сәтте өзгеріп тұратындығын атап айту аса маңызды, ал
кәсіби немесе жартылай кәсіби басқарушы-қызметкерлер түріндегі қандай да
бір басқару және мәжбүрлеу аппаратын ру ұйымы білген емес.
Ру адамдар арасындағы алғашқы қауымдық құрылыстың алғашқы ұйымы
ретіндегі қоғамдық тұрмыс жүйесін толық қамтыған жоқ - ол небәрі осы
жүйенің бір буыны ғана болды. Бірнеше ру фратрийге бірікті, ал бірнеше
фратрий тайпа құрды. Кейде тайпалар одағы сияқты бірлесіктерді де
кездестіруге болады.
Осынау басқалардан анағұрлым ірілеу бөлімшелердің шеңберінде болып
жатқан қоғамдық істерді басқару, руды басқару тертібімен бірдей негізде
жүргізілді.
Бұдан кейінгі кезеңдерде алғашқы қоғамның негізінде болған өзгерістер
оның барлық тараптарына қатысты болды. Тұрмыстың экономикалық саласында
болған өзгерістердің маңызы айырықша еді. Күннен күнге өндіргіш күштер
жетіле бастады: егер алдымен жабайы жеміс-жидектерді, дәнді дақылдарды
жинау және жабайы аңдарды аулау бағыты басым болса, сосын, солармен қатар
мәдени дақылдарды сеуіп, мал өсіру қолға алына бастады. Сүйектен, тастан,
ал кейінірек қоладан еңбек құралдары, аң аулайтын және қорғанатын құралдар
қолданыла бастады. Адамның тұтынған затынан өндірген затының артылып қалуы
ұшырасты. Артық дүниесі көбейгендер оқшауланып шыға бастады. Сөйтіп, осының
негізінде жеке меншік пайда болды да, бірыңғай әлуметтік қоғамда үлкен бір
өзгеріс жасап, оны байлар мен кедейлер деп екі топқа бөліп берді. Осы
кезеңдегі ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің (қалған жұртышылқтан бақташылар
тайпасының бөлініп шығуы қолөнердің егін шаруашылығынан бөлінуі; копестер
тобының пайда болуы) әсерімен бұл процестер тереңдей түсті.
Біртіндеп басқарудың рулық ұйымы мен қоғамдық тұрмыс қоғамның жаңадан
тіршілік ету жағдайларында қайшылықтары кездесе бастады да, өздеріне
жүктелген міндетті орындай алмайтын жағдайға жетті. Оның қоғамның өзгерген
жағдайын ескере алатын жаңа ұйымға, - мемлекетке жол беруі керек болды.
Бұдан былай қарай мемлекет езінің тарихының барлық келесі кезеңдерінде
серіктес болып келген қоғамның тікелей атрибуты болды.
Әр халықта мемлекеттің пайда болу ерекшеліктері. Әр халықтың нақтылы-
тарихи тұрмыс жағдайы қоғамдық өмірдің рулық жүйесінің ыдырау процесіне
және мемлекеттің пайда болуы мен оны басқаруға әсер етпей қоймады. Мұндай
жағдайлар тіпті көршілес және этникалық жағынан жақын халықтардың арасында
әркелкі болғандықтан да қаралатын процестердің нысанының қарқынының және
соның салдарының бірдей болуы туралы әңгіме етудің өзі артық. Шартты түрде
мемлекеттің пайда болуының ба-тыстық және шығыстық моделі деп болуге
болады. Бұл екі модельдің бір-бірінен елеулі айырмашылығы бар.
Батыстық модель туралы Ф.Энгельстің Семьяның, жеке меншіктің және
мемлекеттің шығу тегі деген еңбегінде, сондай-ақ көлемді монографиялық
және оқу әдебиеттерінде толық жазылған, оның бірнеше варианты бар, олардың
әрқайсысында осы процеске шешуші ықпал ететін түрлі факторлар басым.
Тап күресінің теориясы жәнс оның мемлекеттің пайда болуын анықтайтын
ықпалы тұрғысынан қарағанда Афинының тәжірибесі ерекше қызығушылық
туғызады; мұнда мемлекет, Ф.Энгельетін сөзімен айтқанда, тікелей рулық
қоғамның өз ішінен өрбіген таптық қарама-қайшылықтардан пайда болған.
Жеке меншіктің пайда болуы таптар мен әлеуметтік топтарды алдын ала
анықтап алып, сосын жіктеді, одан кейбіреулер басқаларды қанау мүмкіндігін
алды. Аталған топтардың басқаларға экономикалық үстемдігі сенімді, нық және
тұрақты болуы үшін оны мемлекет құрып, саяси үстемдікпен нығайтып қойды.
Басқа факторлардың (сырттан жаулап алу, тайпааралық конфликтілер және
соғыс) бұл жерде елеулі есері болған жоқ; олар экономикалық және әлеуметтік-
таптық факторлардың басымдық роліне көлеңке түсіре алған жоқ.
Бұл процесс көне Римде басқа сценарий бойынша жүрді. Мұнда рулық
қоғамда біртіндеп келімесктер (плебетер) көбейе берді де, римдіктер оларға
араласып, сіңіп кетуден сақтанып, жеке бір тұйық аристократияға айналды.
Римге келіп жатқан плебетердің саны қаншалықты көп болса да, ауқымды жұмыс
көлемін орындаса да құқықсыз еді. Осының барлығы олардың наразылығын
туғызып, құқығы мен артықшылықтары үшін күресуге итермеледі.
Күрестің нәтижесі плебетердің рулық құрылысты бұзып, мемлекет құруымен
аяқталды.
Германдық тайпалардың мемлекет құру процесіне сыртқы факторлар ықпал
етті. Дамудың мемлекетке дейінгі сатысында тұрған бұл тайпа ұзақ уақыт бойы
Рим империясына қарсы басқыншылық соғысын табысты жүргізді. Рим
империясынан көп аумақты жаулап алған олар басқаруды соңғы болып
ұйымдастыруы, олардың өздсріне сөзсіз бағынуын, алым-салық пен басқа да
төлемдердің дер кезінде төленуін, өздеріне қажетті тәртіпті қадағалап
отыруы керек еді. Алайда олардың рулық органдары бұл міндеттерді шешуге
бейімделмеген болып шықты, сөйтіп өздерінің шамасы келетін мемлекет құру
қажеттігі туды. Әрине, жоғарыда аталған фактор (бөтен аумақты жаулап алу
және оларды басқарудың қажеттігі) өзінен өзі емес, басқа да бірқатар ішкі
факторлармен (қауымдық меншіктің ыдырап, жеке меншіктің пайда болуы, герман
жұртшылығының байлар мен кедейлер болып болінуі, жіктелуі) бірлесіп әрекет
етті, алайда соңғысына қатысты ол қуатты катализатор мен жеделдеткіштің
ролін атқарды.
Мемлекеттін пайда болуының шығыстық моделінің көптеген белгілері
азиялық және африкалық тайпалар мен ұлыстарға тән климаттық және басқа да
табиғи жағдайлармен сипатталады. Мұнда орасан көп егін шаруашылығы
массивтерін игеруге деген қажеттілік, суару каналдарының құрылысы мен басқа
да ирригациялық жұмыстарды жүзеге асыру қажеттілігі анық сезіліп тұрды.
Мұндай жұмыс көлемін жекелеген отбасы, тіпті кейде қауым да атқара алмайтын
еді; бұл тек орасан зор материалдық, кадр және басқа да ресурстары бар,
мемлекте деп аталатын қуатты да ықпалды ұйымның ғана қолынан келетін еді.
Сол себепті де мұнда ұзақ уақыт бойы жерге қоғамдық меншік сақталып келді,
ол кейіннен мемлекеттің меншігіне айналды. Пайдаланып жүргеніне қарамастан
жеке меншіктің, мемлекеттің пайда болуының батыстық моделіне, жататын
елдердегі сияқты, басымдық жағдайы болмады. Мемлекеттің ролінің артуына
байланысты кездескен объективті қиындықтарды жеңуде мемлекеттік билік
көбінесе деспоттық бағытты ұстанды. Ол мәжбүрлеу-жазалау аппаратына, қарулы
күштерге, бюрократиялық шенеуніктікке сүйенді, бұлардың алдында кез келген
адам өзін құқықсыз сезінетін, олардың тағдыры тұтасымен мемлекетке тәуелді
еді, заң жүзінде де, іс жүзінде де соның қолында болды. Қатыгездік,
шығыстың жауыздығы және екіжүзділік билік жұмысына өзінің ізін. қалдырды.
Сөйте тұра мемлекет сыртқы әлемнен тұйықталып, бөлектену бағытын ұстанды:
басқа елдермен ақпараттар алмасу жоққа тән еді, соның нәтижесінде әрбір
режим өз бетінше, ешкіммен араласпай әрекет етті, кейде жалпы прогрестен де
хабардар болмайтын еді.
Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы. Қазақстанның аумақтық,
табиғи-географиялық, топырақ-климаттық жағдайлары, оны мекеңдеген халықтың
ерекшеліктері алғашқы қауымдық құрылыста және одан кейінгі кезеңдерде
басқару нысанын қалыптастырып, дамытуға, ұйымдастыруға және тіршілік етуін
қамтамасыз етуге әсер етті. Далиған кең даланың өзі де алғашқы тобырдың,
қауымның, тайпаның бір орында тұрақтамай, үнемі көшіп-қонып жүруіне жағдай
туғызғандай еді. Сонымен қатар ұлы дала жері жоқ көптеген көршілес тайпалар
мен халықтардың осында келіп, орнығып, тұрып қалсақ деген көз құртына да
айналды. Қазақстан аумағының көптеген мифациялық тасқындардың түйіскен
жерінде, халықтың жер аударылу жолында болғандығының да әсері болды. Осының
барлығы аталған аумақта мемлекеттіліктің пайда болу процесінің бірқатар
ерекшеліктерінің болуына алып келді.
1. Қазақ даласы бір халықтың емес, көптеген халықтың (сақтар,
үйсіндер, хундар, сарматтар және т.б.) мекені болғандақтан бірі екіншісін
қуып шығып, сосын өздері жаңа келімсектердің шабуылына ұшырап жатты — ру-
тайпалық институттарды мемлекеттікке қайта құру процесінде айқын жүйелілік
пен сабақтастықтың болуы кейдс қаралмады да. Кейде, мемлекеттіліктің бір
халықта пайда болған нышаны соғыстың немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні жайында
Қоғамды басқаратын аппарат
Мемлекет белгілері, функциясы және органдары
Мемлекеттің пайда болуының алғышарттары
Мемлекеттің және құқықтың пайда болуының себептері. Мемлекеттің пайда болуы туралы негізгі теориялар
Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялары
Мемлекеттің пайда болуы туралы ақпарат
Мемлекеттің белгілері, функциясы және органдары
Мемлекеттің сыртқы функциялары
Мемлекеттің белгілері, функциясы, органдары және нысандары
Пәндер