Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері туралы



Әрбір жеке адамның денсаулығы — адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Адам денсаулығы — оның негізгі байлыгы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі — жалпы бір мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулыкты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін бір шама септігін тигізуі керек. Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес денсаулықты сактау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағларламалар әзірленген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы бағдарлама бойынша жүмыс істеп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының Адам және азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға кұқығы бар. Осыған байланысты Казақстан Республикасының азаматтары заңмен белгіленген тегін әрі кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Әрбір жеке адамның денсаулығы — адам өміріндегі айтарлықтай орын
алатын фактор болып табылады. Адам денсаулығы — оның негізгі байлыгы.
Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі — жалпы бір мемлекеттің,
қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі
денсаулыкты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып,
халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар
қолданып, қоғам үшін бір шама септігін тигізуі керек. Қазіргі кезде
мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес денсаулықты
сактау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағларламалар әзірленген, Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы бағдарлама бойынша жүмыс
істеп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының Адам және азамат
бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы
азаматтарының денсаулығын сақтауға кұқығы бар. Осыған байланысты Казақстан
Республикасының азаматтары заңмен белгіленген тегін әрі кепілді медициналық
көмек көлемін тегін алуға құқылы. "Мемлекеттік және жеке меншік емдеу
мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысушы адамлардан
ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша
жүргізіледі" делінген. Осыған орай азаматтардың денсаулығын нығайту,
айналадағы қоршаған ортаны сақтау шараларын жүзеге асыру мақсатында,
әсіресе өсіп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулыгын сақтау үшін
мемлекеттік және жеке емдеу мекемелері заңға сәйкес ақылы түрде тегін
медициналық жәрдем көрсетуді жүзеге асырып отыр.

Денсаулық дегеніміз — адам ағзасының дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі.
Яғни адам агзасының әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылган қалпында
сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір қызметті атқаруы.
Денсаулыққа қарсы кылмыстардың қоғамға қауіптілігі — бұл қылмыстарды
жасаған кезде бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе
абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай
отырып, адам өмірі үшің ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына
заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру; көбінесе оның
мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол
міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады. Мысалы, адам
денсаулығына зиян келуі — оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі
келтіруі мүмкін, сондай-ак әскери немесе басқа да арнайы қызметтерді
атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтанда адам денсаулығына қарсы
қылмыстарды жасау — тек жәбірленушінің - өзіне ғана емес, сондай-ақ оның
жақын туысқандары үшін, де үлкен залал. Жәбірленушінін денсаулығына зиян
келу салдарынан оның жақын туысқандарына да белгілі бір көлемде материалдық
немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан
оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да коғам қызметтеріндегі
байланысы үзіледі, оның еңбекке, коғам қызметтеріне белсенді түрде
қатысуына көбінесе мүмкіндік бермейді. Адам денсаулығы — адам өмірнің;
негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылатындығы сондықтан.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы
қылмысқа қандай қылмыстар жататындығы нақты көрсетілген. Адам денсаулығы
қарсы қылмыстарға мыналар жатады:
1)денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап);
2) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта келтіру (104-бап);
3) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап);
4) азаптау (107-бап);
5) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап);
6) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулына ауыр зиян келтіру
(109-бап);
7) қылмыс жасаған адамды, ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян
келтіру (110-бап);
8) денсаулыққа абайсыздан зиян келтіру (11-бап);
9) қорқыту (112-бап);
10) ауыстырып салу не өзгелей пайдалану үшін адамның ағзаларын,
тінін алуға мәжбүр ету (113-бап);
11) медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы
(114-бап);
12) сөз ауруларын жұқтыру (115-бап);
13) адамның иммунитет тапшылығы вирусын жүқтыру (116-бап);
14) заңсыз жасау (117-баптың 4-тармагы);
15) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап); қауіпті жағдайда қалдыру
(139-бап).

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың
объектісін, объективтік жағын, субъектісін, субъективтік жағын жеке-
жеке талдайық.

Дене жарақаттарының объектісі — бөгде адамның қалыпты
денсаулығы болып табылады.

Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтік жағы —
басқа адамның денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен
әрекетсіздіктер арқылы зиян келтірумен көрініс табады. Көбінесе дене
жарақаты әрекет арқылы жасалынады. Кінәлі адам жәбірленушінің
денсаулығына әртүрлі жолдармен, атап айтсақ, механикалық әсер ету
арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен
күйдіру), электрлік жолмен (тоқпен ұру) термикалық әсер ету (ағзаға
инфекциялы ауруларды жұқтыру) арқылы, сонымен қатар психикалық әсер
ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене
жарақатын келтіреді. Егер белгілі бір адам өзіне жүктелген міндеттерді
орындамаса, әрекетсіздік арқылы да дене жарақаты келтірілуі мүмкін.

Егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік жағдайында, яғни емдеу
мақсатында болса, дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылықтан босатылуға
негіз болып табылады. Мысалы, егер жәбірленуші өзінің ағзасына хирургиялық
ота жасауға келісімін берсе, онда хирургтер осы хирургиялық
операциялардан туындайтын белгілі бір зардаптарға жауап бермейді, себебі
жәбірленуші хирургиялық операциялардан туатын салдарға қарсы
болмады. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы
мүмкін. Спорттың нақты түріне қатысты жалпы ережені сақтамау салдарынан
туған дене жарақаты денсаулыққа қарсы
қылмыс ретінде сараланады. Мысалы, футбол ойыны кезінде оның ережесін
өрескел бұзған кінәлі бөгде адамға дене жарақатын келтірсе, онда оның
әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде танылады.

Дене жарақатын келтірудің субъективтік жағы 2 нысаннан түрады: 1)
қасақана (тікелей және жанама), 2) абайсызда (менмендік және
немқүрайлылық). Тікелей қасақана дене жарақатын келтіру бір адамның екінші
бір адамға дене жарақатын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы
түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлі сондай зардаптың
болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді. Абайсыздық
нысанының өзінде сенімділік түрінде кінәлі өзінің әрекетінен немесе
әрекетсіздігінен туатын салдардың, яғни дене жарақатының болуын көре алады,
бірақ ол салдар бола қоймас-ау деген өзіне сенімділік ниетте болады,
немқұрайлылық турінде адам дене жарақатының болатынын көре алмайды,
бірақ көруге тиісті болатын.

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың субъектілері туралы мәселеге
тоқталайық.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15-бабының 2-тармағында
көрсетілген дене жарақатын салумен байланысты мына қылмыстарды жасаған есі
дұрыс субъектілер үшін 14 жас белгіленген: 1) денсаулыққа қасақана ауыр
зиян келтіру (103-бап); 2) ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа
қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіру (104-баптың 2-тармағы).

Ал мына дене жарақаттарын салғаны үшін заң бойынша есі дұрыс
субъектілер үшін 16 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян
келтіру (105-бап); азаптау (107-бап); 3) денсаулыққа жан күйзелісі
жағдайында зиян келтіру (108-бап); 4) қажетгі қорғаныс шегінен шығу кезінде
денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап); 5) қылмыс жасаған адамды ұстау
кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап); 6) денсаулыққа абайсызда
зиян келтіру (111-бап); 7) қорқыту (112-бап); 8) соз ауруларын жұқтыру (115-
бап); 9) адамның иммунитет тапшылығы вирусьш жұқтыру (116-бап); 10) заңсыз
түсік жасау (117-бап); 11) қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап).
Ал мына төмендегі дене жарақаттарын салумен байланысты қылмыстарды
жасаған есі дұрыс арнаулы субъектілер заң бойынша жауапкершілікке
тартылады: 1) заңсыз түсік жасау (117-бап); 2) медицина қызметкерінің
өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап); 3) ауыстырып
салу не өзгедей пайдалану үшін адам мүшелерін немесе чтнін алуға мәжбүр ету
(113-бап); 4) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап). Осы жоғарыдағылардан
айқын болғандай, кейбір дене жарақатын салған есі дұрыс субъектілер үшін 14
жас, ал кейбір субъектілер үшін 16 жас.

Сот медииинасы тәжірибесінде беттің жарадануы тым жиі
кездеседі. Бет жарақатын бағалау кезінде бірқата факторларды:
жарақат салған кезде оның адам өміріне қауігггілігін (ми шайқалуы т.б.),
сезім мүшелерінің зақымдануын және бет пішінінің қалпына келмейтіндей болып
бұзылуын ескеру керек. Бет сиқының бұзылуы туралы мәселені сот шешеді. Бет
жарақатының жазылуы дегеніміз - тыртық көлемінің кішіреюі, табиғи
жағдайлардың нәтижесінде олардың өңінің өзгеруі, мысалы, тыртықтардың
эжімдерге, мойын қыртыстарына және т.б. ұқсап тұруы болып табылады, сондай-
ақ консервативтік
емдеу әдістерінің нәтижелері де осыған жатады. Ал егер консерватавтік емдеу
жақсы нәтижеге жеткізбей, зақымданушыға косметикалық операциялар жасалса,
жарақат операиияның нәтижесіне қарамаған қалпына келмейтін жарақат деп
қаралады да ауыр дене жарақатына жатады, өйткені мұндай жағдайда орын
алатын ішқұса болып қатты
қайғыруға бет-пішіннің өзгеруі ғана емес, адамның қоғаммен
байланысының бұзылу қаупі де негіз болады.

Еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалту деп -
жалпы еңбек қабілеті, мамандықгы талап етпейтін еңбекке қабілеттілік
жатады. Еңбек қабілетінің үштен бірін жоғалту зардап шеккен адамның жалпы
еңбек қабілеті мен оның жоғалту көлемін онша өзгертпейтін жарақат
зардаптарының біршама жақсаруы организмдегі өзгерістермен байланысты. Еңбек
қабілетін жоғалту тұрақты болады. Жалпы еңбек қабілетінің 33% мөлшерін
жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Кәсіптік еңбек қабілетін
жоғалтуды анықтау зардап шеккен адамның кәсіптік еңбек қабілетінен айыруға
ниеттенгендік анықталатын жағдайларда тергеушінің қаулысы немесе сот
қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Еңбекке қабілетті адамның еңбек
қабілетінжоғалтуына апарып соғатын жарақаттар жас балаға, қарт адамға,
кәмелетке толмаған жасқа, 1-топтағы мүгедекке, яғни еңбекке жарамсыз
адамдарға салынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дене жарақатының қаншалықты
ауыр екенін анықтағанда мыналар негізге алынады: 1) балалардың кейін ол 10
жасқа толғанда еңбек қабілетін қандай дәрежеде жоғалтқаны көрсетіледі; 2)
мүгедек адамның алынған жарақатқа байланысты еңбек қабілетін біржола
жоғалтуы дені сау адамдардікі сияқты анықталады, яғни мүгедектігі мен тобы
ескерілмейді.

Егер келтірілген зақымдардың салдарынан түсік болса, жүктілік
мерзіміне қарамастан, ол ауыр дене жарақатына жатқызылады. Бұл орайда
арнайы акушерлік-гинекологиялық зерттеулер арқылы түсіктің зардап шегуші
организмінің жеке ерекшеліктеріне, яғни ауырлығына немесе ішкі жыныс
мүшелерінің жетілмегендігіне байланысты емес, қайта оған дене жарақатаның
тікелей себеп болғаны анықталуға тиіс.

Жарақат алуға байланысты "ішқұса (психикасының бұзылуы) ауыр дене
жарақатаның белгісі болып табылады. Мысалы: бас сүйек жарақатына байланысты
пайда болатын қояншық (эпилепсия) осындай ауру. Ішқұсанын диагнозын қою
және оның себебі жарақат алуға байланысты екенін анықтау сот-психиатриялық
сарапшының құзыретіне жатады.

Есірткімен немесе уьггты умен ауруға душар еткен денсаулықтың
бұзылуын тудыру денсаулыққа қасақана ауыр зияи келтіру. Бұл есірткі немесе
уытты у арқылы адамды соған душар етіп, оған ауыр дене жарақатын келтіру
болып табылады.

Енді жоғарыда көрсетіп кеткен 103-бапқа қайта оралып, оның 2-тармағына
тоқталайық. Осы баптың 1-тармағындағы әрекеттер: а) екі немесе одан да көп
адамға қатысты жасалса; б) адамның қызметтік жұмысын немесе кәсіптік немесе
қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты
жасалса; в) кінәліға дәрменсіз күйде екені белгілі, сол сияқты адамды
ұрлауға немесе кепілге алуға үштасқан адамға қатысты жасалса; г) аса
қатігездікпен жасалса; д) ұйымдасқан топпен жасалса; е) жалдау бойынша; ж)
бұзақылық ниетпен; з) әлеуметтік, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық
тұрғысынан; и) жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында;
к) бірнеше рет жасалса немесе оны осы Кодекстің 96-бабында көзделген кісі
өлтірген адам жасаса, — деп атап көрсетілген.

Осы 103-баптың 1 және 2-тармағында көзделген әрекеттер абайсызда
жәбірленушінің өліміне әкеп соғуы мүмкін. Ауыр дене жарақатының салдарынан
жәбірленушінің өлімі бір құрамдағы екі кінә нысаны ретінде көрініс табады:
қасақана ауыр дене жарақатын келтіру;
абайсызда жәбірленушіге өлім келтіру.

Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өліміне әкеп соғатын
кінәлының әрекеттері тікелей басқа адамның денсаулығына қол суғуға
бағытталады, сондықтан да жалпы кінәлылық әрекеттері адам денсаулығына
қарсы қылмысқа жатады. Жалпы кінәлының әрекеттерінің субъективтік жағын
қарастырсақ, кінәлы өзінің қасақана
әрекеттері арқылы жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіреді, мұндай
әрекеттерді ол тілеп немесе саналы түрде жол беріп істейді, бірақ бұл
әрекеттердің салдарынан келетін зардап, зиян жәбірленушінің өлімі абайсызда
болады, яғни кінәлы жәбірленушінің өлуін тілемейді, ол өлмейді деген
менмендік немесе немқұрайлылық қатынас түрінде болады. Егер абайсызда
жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе,
мұның салдарынан жәбірленуші өлетін болса, онда бұл жағдай абайсызда кісі
өлтіру қылмысы құрамын құрайды. Сонымен ауыр дене жарақатының салдарынан
жәбірленушінің өлімі келген жағдайға байланысты жалпы заң бойынша 2
қорытынды шығаруға болады: 1) Егерде кінәлы тікелей немесе жанама
қасақаналықпен өлтіруге
бағытталған әрекеттерді жасап, мұның салдарынан жәбірленуші өлсе, онда
кінәлының әрекеті қасақана кісі өлтіру қылмысы құрамын қурайды. Егерде
кіналынын өлтіруге бағыталған тікелей қасақаналық әрекетінің салдарынан
жәбірленушіге өлім келмей, оған тек ауыр дене жарақаты салынса, онда
кінәлының әрекеті кісі өлтіруге оқталу ретіндеесептеледі, ал жанама
қасақаналықта - дене жарақаты ретінде бағаланады. Жәбірленушіге өлім
келтіруді мақсат тұтпай жанама қасақаналықпен жасалған дене жарақаты
өлтіруге оқталу ретінде қарастырылмайды.

2) Егерде ауыр дене жарақатының салдарынан келген жәбірленушінің
өлуіне кінәлінің тікелей немесе жанама қасақаналық ниеті болған кезде онда
кінәлының әрекеті тұтасымен 103-баптың 3-тармағымен сараланады

ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАСАҚАНА ОРТАША АУЫРЛЫҚТАҒЫ ЗИЯИ КЕЛТІРУ (104-бап)

Қылмыстық кодекстің 104-бабында көрсетілген қылмыстың денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтіруден өзгешелігі келтірілген зиянның дәрежесінде.
Ауыр зиянға қарағанда орташа ауырлықтағы зиян келтіру мынадай өзіндік
белгілермен: 1) адамның өміріне қауіптіліктің болмауынан; 2) Кодекстің 10-3-
бабында көрсетілген зардаптарға әкеп соқпауынан; 3) денсаулықтың ұзақ
уақытқа бұзылуына; 4) жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін
айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеліп соғумен сипатталады. 3 аптадан (21
күннен әрі) артық уақытқа уақытша еңбек қабілетін жоғалту денсаулықтың ұзақ
уақытқа бұзылуы, ал жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін (1-на 30%-
ға дейін) жоғалту тұрақты жоғалту деп танылалы.

Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірудің ауырлататын
түрлері Қылмыстық кодекстің 103-бабында көзделген осындай белгілермен
бірдей, сондықтан оларлы қайталап тамап жатудың қажеті жоқ.

Субъективтік жағынан керсетілген қылмыс тікелей немесе жанама
қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субьектісі 104-баптың 1-тармағы бойынша
16-ға толған, ал осы баптың 2-тармағы бойынша 14-ке толған адам болады.

ДЕНСАУЛЫҚКА КАСАКАНА ЗИЯН КЕЛТІРУ (105-бап)

Қылмыстық кодекс денсаулықтың қысқа уақыттық бұзылуына немесе жалпы
еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа
қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жауаптылық белгіленген. Ұзақтығы 6
күннен 21 күнге дейінгі уақыт аралығындағы денсаулыққа келтірілген зиян
денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуы, ол жалпы еңбек қабілетінің 10%
дейінгісін жоғалту айтарлықтай емес тұрақты жоғалту деп танылады. Осы
көрсетілген белгілердің әрқайсысы аяқталған жеке қылмыс құрамдары болып
танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен
істеледі. Қылмыстық ниет әртүрлі болуы мүмкін. Егер жеңіл зиян бұзақылық
ниетпен қоғамдық тәртіпті бұзумен ұштаса отырылып келтірілсе, онда
кінәлының әрекеті Қылмыстық кодекстің 257-бабы бойынша сараланады.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.Қылмыстық
кодекстің 102 және 104-баптарында сипатталған зардаптарға әкеп соқпаған
жағдайда адамды ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен
тән зардабын немесе психикалық зардап шектіргені үшін жауаптылық
белгіленген.
Обьективтік жағынан алғанда қылмыс азаптау аркылы - ұдайы ұрып-соғу
немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен жүзеге асырылады.
Ұдайы ұрып-соғуға жыл ішінде кемінде үш реттен артық сабау жатады. Тән
зардабын шектіруге — адамды астан, жылудан, сусыннан айыру немесе оны өте
ыстық, не болмаса суық жерге жауып қою, шулы, ауасы ластанған жерде ұстау
т.с.с. жатады.
Психикалық зардап шектіруге ұрып-соғумен бірге адамды қорлау, оған
бұзақылық әрекеттер жасау, әртүрлі күйдіретін, сайқымазақ етулер жатады.
Күш қолдану арқылы зарлап шектіруге үнемі өткір немесе қатты затпен,
құралмен денені ауырту, күйдіретін, қыздыратын немесе басқа нәрселермен
денені болмашы жарақаттау т.с.с. әрекетттер жатады.

Егер азаптаудың әсерінен денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян
келтірілсе, онда кінәлының әрекеті істің нақты жағдайларына байланысты
Қылмыстық кодекстің 103 немесе 104-баптары бойынша саралануға жатады.

Қылмыс күш қолдану немесе психикалық зардап шеккізу әрекеттері
басталған сәттен бастап аяқталған деп табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстық субъектісі — 16-ға толған адам. Қылмысгық кодекстің 107-
бабының 2-тармағында азаптаудың ауырлататын түрлері.
а) кәмелетке толмаған немесе кінәлыға дәрменсіз күйде екендігі белгілі,
не кінәлыға материамық немесе өзге тәуелділікгегі адамға, сонымен
бірдей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулыққа қасақана қарсы қылмыстар
Денсаулыққа қарсы орташа ауырлықтағы зиян келтіру
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі және субъективтік жағы
Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар
Адам өлтіру - материалдық құрамға жататын қылмыс
Қылмыстық құқықтық пәні
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік белгілері
Пәндер