Театрдың пайда болу сипаты
1 Кіріспе
Театрдың пайда болу сипаты
2 Негізгі бөлім
а) Театрдың даму кезеңі
ә) Қазақ театрының қалыптасуы
3 Қорытынды бөлім
Театрдың замануи даму жағдайы
Қолданылған әдебиет
Театрдың пайда болу сипаты
2 Негізгі бөлім
а) Театрдың даму кезеңі
ә) Қазақ театрының қалыптасуы
3 Қорытынды бөлім
Театрдың замануи даму жағдайы
Қолданылған әдебиет
Театр – грек сөзінен аударғанда ойын-сауық деген мағынаны білдіреді. Театр өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнеленетін сымбатты өнердің бір түрі, ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
Театрдың әрекет пен сауыққа негізделген мән-мағынасы тарихи тұрғыда, оның өмірге алғаш келіп тууымен байланысты айқындалады. Адамзат тарихымен қоса жасап келе жатқан театрдың қайнар көзі ежелгі замандағы аңшылық пен ауыл шаруашылық ойын-сауықтарына халық мерекелері мен салт-жораларына саяды. Осы негізде пайда болған алғашқы трагедиялық және комедиялық характердегі дәстүрлі ойын-сауықтар мазмұнынан драмалық тартыстар мен сюжеттердің нышандары, сондай-ақ хор әндері, билер, диалогтар, киім киіп сән-салтанат құру, маскамен бет-әлпетін өзгерту секілділері бой көрсетті.

1) Қазақ өнер энциклопедиясы
2) «Уақыт және театр» Бағыбек Құндықбаев. Алматы: Өнер, 1981.
3) «Бел-белестер» Бағыбек Құндықбаев. Алматы: Өнер, 1986.
4) «Театр тағылымы». Әшәрбек Сығай. Алматы: Дәуір, 2003.

Жоспар
1 Кіріспе
Театрдың пайда болу сипаты
2 Негізгі бөлім
а) Театрдың даму кезеңі
ә) Қазақ театрының қалыптасуы
3 Қорытынды бөлім
Театрдың замануи даму жағдайы
Кіріспе
Театрдың пайда болу сипаты
Театр – грек сөзінен аударғанда ойын-сауық деген мағынаны білдіреді.
Театр өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында
актерлер күшімен бейнеленетін сымбатты өнердің бір түрі, ойын-сауықтар,
сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
Театрдың әрекет пен сауыққа негізделген мән-мағынасы тарихи тұрғыда,
оның өмірге алғаш келіп тууымен байланысты айқындалады. Адамзат тарихымен
қоса жасап келе жатқан театрдың қайнар көзі ежелгі замандағы аңшылық пен
ауыл шаруашылық ойын-сауықтарына халық мерекелері мен салт-жораларына
саяды. Осы негізде пайда болған алғашқы трагедиялық және комедиялық
характердегі дәстүрлі ойын-сауықтар мазмұнынан драмалық тартыстар мен
сюжеттердің нышандары, сондай-ақ хор әндері, билер, диалогтар, киім киіп
сән-салтанат құру, маскамен бет-әлпетін өзгерту секілділері бой көрсетті.
Ойын-сауық әрекетінің діни-салттық негізден бірте-бірте арылып бөлінуі,
қаһарманның хор тобынан алдыңғы қатарға шығуы және көпшілік мейрамдарын
арнайы ұйымдастырылған ойын-саыққа айналдыру әдеби дарамалардың тууына
қолайлы жағдай жасады. Актерлермен көрермендерге жіктеліп бөліну театрдың
аса маңызды қоғамдық функциясын айқындай түсті. Бұл процесс европаның театр
өнерінің өркен жаюына зор ықпал жасаған. Ежелгі Греция театрында айқын
көрініс тапты.
Негізгі бөлім
Театрдың даму кезеңі
Театрдың дамуы кезеңдерінің бірі көне замандағы театр мәдениеті. Ежелгі
Грецияда халық дәстүрі мен гуманистік ойға негізделген театр ұйымдасты.
Б.з.б. 5 ғ-дың өзінде-ақ ежелгі гректердің мемлекет қалаларында театр
қоғамдық өмірдің орталығына айналды. Бұларда ойын-сауықтар бүкіл халық
мерекесі саналады. Аспан аясында, төбесі ашық алып амфитеатрларға оң
мыңдаған көрермендер жиналып, ойын-сауықты тамашалап отырды. Ал мұндай ойын-
сауықтар маман актерлерден басқа хорға қатысатын барлық көрермен
азаматтардың өздерін де қамтитын болған. Бірақ музыка мен би ойын-сауық
әрекетінің қажетті элементі болып қалды.
Ежелгі Грецияда өз техникасы мен дәстүрі бар әр түрлі театрлар өмір
сүрді. Драматург Эсхил, Сафокл мен Европид тргедияларында аңыз құдайлары
мен қаһармандарының образы жасалды, қайсыбір саяси-әлеуметтік игі мұраттар
қорғалып, азаматтық пен мораль нормалары тұжырымдалады. Аристофан
комедияларында ежелгі дәуірдің саяси және әлеуметтік күресі бейнеленіп,
қоғамда орын тепкен кемшіліктер мен орынсыз жайлар өткір күлкі отына
ұшырады. Б.з.б. 5 ғ-да импровизациялық халық театры түрінде пайда болған
мемлекет қала мен деревнядағы төменгі тап өкілдерінің өміріне байланысты
күлкілі жайларды бейнеледі, кейіннен ол Таяу Шығыс елдері мен Ринго
таралып, өзінің әдеби драматургиясын туғызды. Грек театр мәдениетінің
дәстүрі жаңа қоғамдық өмірдіңт ерекшелігіне орай Ежелгі Рим ттеатрында
спектакльді қою мен театр техникасы едәуір дамып, сахна түрлері өзгерді,
ойын-сауықтың жаңа түрлері, оның ішінде мифологиялық сюжетке құрылған
музыка-би сауығы – пантомима. Бұл империя дәуірінде гүлденіп, 5 ғ-ға дейін
негізгі театр жанрларының бірі болып қалады. Ойын-сауықтың көптеген алуан
түрлері Ежелгі Шығыс елдерінде де, соның ішінде Жапонияда, Индонезияда,
Қытайда, Үндістанда т.б. елдерде туып, өрістей бастады. Эпикалық түрдегі
халық поэзиясының мазмұнымен байланысты туған мұндай ойын-сауықтар халық
шығармашылығының барлық трлерінің (би, музыка, пантамима) басын қосып,
оларды өзара бір-бірімен шендестірді; мұның өзі кейннен театр жүйелерінің
көркем тәсілдері бар оригиналды драматургия жасауға алып келді. Ерте
кезеңдегі Театр түрлерінде жеке, бір адамға тән мінез даралығын емес, жалпы
адамдарға ортақ мінез-кескіндерді көрсету принципі үстемдік алды да бұл
тұрақты маскатиптердің тууына себепші болды. Мұндай принцип орта ғасырдағы
халық театр сауықтарына да тән болатын. Орта ғасырда халық Батыс Европадағы
театрдың дамуы реалистік-демократиялық ағымдағы халық өнерінің шіркеу мен
феодалдардың діни-мистикалық идеологиясына қарсы күресі үстінде өтті. Халық
Театры қала мен село бұқарасының әуесқойлар шығармашылығының тағы бір
өкілдері кезбе актерлар – гистриондар деп саналса, Ежелгі Русьте өз
өнерлерімен көрермендермен тікелей байланыс жасап әрі алғашқы синкретизм
мен импровизацияны қайта жаңғыртқан скаморохтар деп саналды.
Орта ғасыр Театрындағы ең ірі жанр болып табылатын Миракль мен Мистерия
сауықтарының (15-16ғ.) діни мазмұнынан өмір әуендері кең көрініс тапты және
әуесқой актерлердің өнері арқылы келген шіркеуге қарсы элементтер тұрмыстың
реализм мен стихиялы халықтық боулар да бой көрсетіп қалып отырды. 15-16 ғ-
дағы аллегориялық драма сауығы – моралитте өсиет пен мораль айтушылықтан
аспады. 14-16 ғ-да бірқатар елдерде (Италияда, Францияда, Германияда
т.б.)фрас секілді орта ғасыр Театрының ең демократиялы бір түрі өркен
жайды. Бұл алаң жанры жалпы феодалдыққа қарсы кзклген бағытымен, жарқын
сатиралық және өткір әлеуметтік-тұрмыстық бояуының молдығымен ерекшеленеді.
Дәстүр мен импровизацияны шендестіру секілді халық алаң театрының алуан
түрлеріне тән тәсілдер осы фарс арқылы қайта өркендеу дәуіріндегі алғашқы
европалық профессионалды театр болып саналатын италянның дель арте
комедиясына (16-17 ғ.) ауысты, ал мұныңспектаклі тұрақты маска образдар мен
сценариилерге негізделген ұжымды актерлік шығармашылық бойынша жасалды. Бұл
спектакльдер актерлердің көрермен-көпшілікпен емін-еркін қарым-қатынас
жасап отыруына құрылды әрі олар жарқылдаған буффонада, гипербола,
гротескіге құрылған өткір сатираға, нәрлі юморға, динамика мен жарқын
бояуға толы болды. Фарстық ойын-сауықтар сияқты бұлар да қалың
көрермендерге арналып, көбіне алаңдарда, ағаштан тұрғызылған сахналарда
көрсетіліп отырды. Әдеби драматургия қайта өркендеу дәуірінде өмірге келді.
Театр әдебиеттік негізге құрылып бұдан былай ол қаланың орталықтарына,
тұрақты мекен жайларға қарай ойысады. Жалпы мәдениеттің даму процесінде
Театрдың шығармашылық міндеттерінің ұлғайып өсуі оның алуан түрлерінің
жіктеліп, әрқайсысының жеке, өз алдына дамуына себепкер болды. Мысалы, 16
ғасырда опера, 18 ғасырдың ортасында балет, 19 ғасырдың ортасында оперетта
жеке жанр түрінде бөлініп шығып, қалыптаса бастады.
Қайта өркендеу дәуірінің гуманистік мәдениеті көне замандағы Театр
дәстүрін қайта жаңғыртып оны халықтың ұлттық дәстүрімен ұластырды. Әсіресе
көне заман драматургиясының драма теориясы (Аристотель, Горации) мен театр
архитектурасының (Витрувий) осы дәуірдегі сахна өнеріне ықпалы мол болды.
Қайта өркендеу дәуіріндегі У.Шекспир, М.Сервантес, Лопе де Вега,
П.Кольдерон т.б. секілді ұлы драматургтар пьесаларында тарих мәселесі өткір
әлеуметтік және саяси талас-тартыстар үстінде ашылды; олар өздерінің
өмірлік мақсат-мұратын орындауға ұмтылған, ойлау мен әрекет жасау қабілеті
жойқын, кесек мінезді ерен жандардың бейнесін алдыңғы қатарға шығарды.
Жоғары адамгершілік пен қаһармандық негізінің болуы, өмірге деген
философиялық көзқарас, поэзиялық, қайырымдылық пен зұлымдықтың ымырасыз
кереғарлығы, арлылықтан арсыздыққа, трагедиялықтан комедиялыққа табиғи
түрде ауысып отырушылық т.б. қайта өркендеу дәуірі драмасының ерекшелігін
айқындады және оның барлығы сол дәуірдегі сахналық мәдениеттің де,
ерекшеліктерін қалыптастырды. Драматургияның халықтығы Театрдың да халықтық
сипатын айқындады.
Спектакльдерді қою өнері жөнінен театр негізінен алаң ойын-сауығына тән
қарапайымдылық пен шарттылық тәсілдерін ұстанды. Драмалық әрекетте музыка,
ән менби табиғи тоғыстығын тапты. Европа елдерінде кезбе актерлер
труппасынан басқа театр антрепренерлері басқараған жеке меншікті немесе
актерлер жолдастығы типіндегі тұрақты кәсіпорындар пайда бола бастады.
Көптеген Театрлары ұйымдасты. 16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың басындағы
феодалистік-католиктік реакция қайта өркендеу дәуірі реализімінің даму
өрісін тарылтып, Театрдағы демократиялық ағымдарға тұсау салды. Театрдың
жаңадан қайта өрлеуі классициззмнің кең өріс алуымен тығыз байланысты; ал
классициззмнің қоғамдық негізі 17 ғасырдағы бірқатар европалық елдерде
абсолюттік тәртіпті нығайту және бітұтас ұлттық мемлекеттер құру мақсатымен
феодалдық дворяндық бытыраңқылыққа қарсы күрес жүргізу болды. Жан төзгісіз
қиыншылықтарды, әсіресе қоғамдық игіліктер талабы мен жеке бастың қамын
күйттеуден туатын адам бойындағы шарпылысқан екі ұдай сезімді жеңе білетін
қаһармандар бейнесін жасау театр міндетіне айналды.
Классицизм тұсында замани мәселелер дерексіздікпен қатар жалпы маңызды
сиапт алды. Осы кезеңде Францияда қатаң ережеге құрылған театр жүйесі
Буалоның Поэтикалық өнер атты теорикалық поэмасы, 1674ж. т.б. жасалды.
18 ғасырдың аяғында дауыл мен тегеурін драматургиясының (Германия),
мелодрамалар мен сатиралық ағымдағы водевильдерінің өмірге келуі Театрдың
демократиялық негізін кеңейте түсті. 19 ғасыр аралығындағы өткен саяси-
әлеуметтік процесс нәтижесінде көрермендер молайды да оның өзі жалпы Театр
жүйесінің демократияландыру мен Театр жүйесінің толассыз өсуіне ықпал етті.
Театрдың бүкіл көркемдік құралдары мен репертуарын қозғаған жаңа
сахналық реформа пісіп жетілді. Бұл алдыңғы қатарлы Театрдың көркем
әдебиетпен (проза мен поэзия саласымен), жаңа драмалармен (Чехов, Ибсен,
Гауптман, Шоу, Горький, Л.Н.Андреев т.б. драматургиясы) және ондағы
ізденістермен белгіленеді. Театр 20 ғасырдың басындағы күрделі өмір
көріністерінің қайшылықтарын, мүдделерін жан-жақты аша отырып, шынайы
бейнелеуге ұмтылды. Бостандық театрлары деп аталатын Театрлар реализмнің
жаңа бір қырларын табу жолында күрес жүргізді.
19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында азаттық қозғалысының өрлеуімен
байланысты. Россияда да Театр өнері бойынша жаңа эксперименттік ізденістер
жүргізілді. Әсіресе режиссер К.С.Станиславский мен В.И.Немирович-
Данченконның спектакль қоюдағы тың ізденістері өте жемісті болды. Осы
кезеңде сахналық образжасау мен актерлерді тәрбиелеутәсілі, яғни кеңес
дәуірінде одан әрі даму жолын тапқан Станиславский жүйесі қалыптасып, іс
жүзінде қолданыла бастады. Төңкерістен бұрынғы орыс Театрындағы идеялық
күрес аса күрделі шиеленіскен жағдайда өтті. 1917 жылғы қазан төңкерісі
театрдың жаңа перспективалық дамуына кең жол ашты. Кеңес үкіметі жылдарында
бұрын болмаған немесе алғашқы сахналық белгілері ғана болған халықтардың
(қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмен т.б.) театр мәдениеті туып дами
бастады. Өзара үнемі шығармашылық тәжірибе алмасып отыру көркеғмдік
процесті байытып, жаңа үлгідегі театрдың қалыптасуын қамтамасыз етті. Осы
кездегі Европа мен АҚШ елдеріндегі театрдың жаңа үлгі-түрлерінің даму
процесі күрделі де алуан жағдайдыбастан кешірді. Италияның неореалистік
театры соғыстан кейінгі қаусаған өмір тіршілігін, бұқара көпшіліктің арман-
мүддесін көрсетуді мақсат тұтты.
50 жылдардың ортасында демократиялық қозғалыстың өрлеуіне орай
Ұлыбританияда режиссер Дж. Литлвуд жетекшілік еткен Ройял Корт театры
және Уоркшоп театрлар ашу-ыза кернеген жастардың драматургиясы өмірге
келді.
60 жылдардың аяғында жарқын саяси бояуға толы экспериментті Театрлар
қозғалысы кең етек алды. Шекспир трагедиялары мен комедиялары негізінде
ағылшындар қойған постановкалар (Корольдік Шекспир театры, реж. П.Брук,
актерлер П.Скофилд. Д.Тьютин. т.б.) дүние жүзіне танылды. АҚШ-та көркем
қолтума туындылары (Ю.О.Нил, Т.Уильямс, А.Миллер т.б.) кейбір сәті түскен
жағдайларда болмаса, көбіне мьюзиклдер мен эстрадалық жеңіл ойын-сауықтар
қоюдан аспайтын Бродвей театрларына қарама-қарсы бағытта прогресшіл идеялық
ағымдағы, көркем репертуары бар Бродвейден тыс аталатын театрлар кең өріс
алды. 60 жылдары хеппингтер, саяси шолулар мен мьюзикл жанрының жаңа
түрлерін қоятын Бродвейден тыс шағын экспериментті тетрлар өрістеді. АҚШ
театр мәдениетінің даму жолында университеттік театрлар роль атқарды.
Театр шығармашылығына ден қою жалпы бұқаралық сипат алды. Жастар
спектакльдері цирк, жәрмеңкелік серуен мен қуыршақ Театрының элементтерін
бойына сіңіріп, пантамима, поэзиялық және деректі Театр, буффонада, фарс,
балаған, дель арте комедияларысының үрдіс тәсілдерін молынан пайдалану
негізінде қойылды. Спектакльдер қала алаңдарында, цехтар мен фермаларда,
курорттық жағажайларда қойылып, Театр өнері қалың көрермендер тобын кеңінен
қамтыды. Дүние жүзі елдерінің барлығында дерлік жастар Театры бар.
Спектакльді қоюшы ғана емес, бүкіл ұжымға жетекшілік ететін режиссерсіз
театрдың болуы мүмкін емес. Осымен байланысты қазіргі уақыттағы театрда
режиссер қызметінің және сценография мен музыканың ролі бұрынғыдан да арта
түсті. Сахналық өнерде ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі қыруар
көркемдік тәжірибе жинақталып, ұлттық Театр шығармашылығының мол дәстүрі
қалыптасады. Осы тәжірибе мен демократиялық дәстүр 20 ғ-дың сахналық
мәдениетінде одан әрі пайдаланып, сәтімен игерілді. Романтизм мен реализм
жаңа тарихи даму сатысынан өтіп, тың түр табуда. Бұған өткен кеңес
Театрының тәжірибесі толық дәлел. Бейнелі шешімге ұмтылу, көркемдік
тәсчілдерді ұтымды қолданып, оның мазмұнды болу жағын қарастыу – қазіргі
пргресшіл Театр ағымын айқындайтын белгілер.
Қазақ театрының қалыптасуы
Ұлттық театр өнерінің элементтері халықтың ежелден келе жатқан әдет-
ғұрпы мен тұрмыс-салтына (бет ашар, бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз
кәде, шілдехана), ойын-сауығы (алтыбақан, кімді қалайсың, қыз ойнақ,
қынаменде, ортеке, судыр-судыр) мен халық қуларының өнеріне (Алдар Көсе,
шаншарлар), ақындар айтысы мен шешендік өнерге саяды.
Ұлттық профессионалды театр өнерінің қайнгар көзі халық
шығармашгылығына, әнші ақындар айтысы мен шешендік өнеге ежелден келе
жатқан әдет-ғұрып пенн тұрмыс-салтқа (беташар, бәдік, жар-жар, жоқтау,
қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауық (алтыбақан, қызойнақ, ортеке,
судыр-судыр) пен Алдар көсе, т.б. секілді күлдіргі қулар өнеріне саяды. 18
және 19 ғ-да күнделіктьі өмірдің өзекті мәселелеріне құрылған ажуа, мысқыл,
шымшыма сияқты неше алуан қызықты өткір сатиралық әңгімелерді жанынан
шығарып әрі оны көрермендер алдында қолма-қол бар бояуымен құлпыртып
орындауы арқылы қулар мен шаншарлар өнері халық арасында кең танылды. Қу
немесе қуақылар өз өнерін дәстүрлі мереке-жиындарда, той-тамашаларда,
шілдехана мен жәрмеңкелерде, халық думандарында көрсетіп отырған.
Әлеуметтік әділетсіздікке, ескі керітартпа әдет-ғұрыпқа, зұлымдыққа қарсы
шығып, керенау жалқаулық, екі жүзділік, сараңдық сияқты жат мінездерді
күлкі, мысқыл етіп аяусыз ажуалады.Осыған қоса олардың өнері әдетте шапшаң
қимыл-қозғалысқа, басқа бейнелерге айналып, күтпеген жерден күлкі
тударытаны әрекеттер жасауға құрылып отырды. Осыған қоса олардың өнері
әдетте шапшаң қимыл-қозғалысқа, басқа бейнелерге айналып, күтпеген жерден
күлкі тудыратын әрекеттер жасауға құрылып отырды. Импровизация мен
актерлік шеберлікке негізделген қулар мен шаншарлардың өнері театр ойын-
сауығына жақын болды. Қазақ халқының қоғамдық өмірі мен тұрмыс-салтына
байланысты пайда болған олар қиыннан қисын табар тапқыр, ой-қиялы жүйрік,
ділмар адамның жиынтық бейнесіне айналды.
19 ғ-дың 2-жартысынан бастап Оралда (1859), Орынборда (1869) және
Омбыда (1875) орыс драма театрының негізі қаланып жұмыс істей бастады.
Әсіресе В.А.Андреев-Бурлак, А.Л.Вишневский, М.Т.Иванов-Козельский, сынды
белгілі орыс актерлерінің гастрольдік сапармен келіп өнер толғауы осы
театрлар тарихында айтарлықтай оқиғаға айналды.
1880 жылы Әулиеатада (Тараз) жергілікті гарнизон офицерлері және
солдаттар күшімен бірнеше спектакль көрсетілді. 1890 жылы Семей қаласында
Музыка мен драмалық өнер әуесқойларының қоғамы ұйымдасты.
1905-07 ж. Қызылжар, Орал, Орынбор және Семей қалаларында театрдың
көшпелі труппалары ойын-сауық кештерін өткізді.Мұның барлығы қазақ өнерінің
туып, өмірге келуіне біршама игі әсер етсе де төңкеріске дейінгі кезеңде
халық сахна өнерінің дәстүрі шын мәнінде кәсіби даму өрісін таппады. 1911-
12 ж. Ақмешіт, Ақмола, Қосатанй, Қызылжар, Орал мен Семей қалаларында т.б.
жерлерде ойын-сауық үйірмелері ұйымдаса бастады. 1913-14 ж. Семейде қазақ,
татар мұғалімдері мен оқушы жастар бірлесіп, шығыс кеші деген атпен ойын-
сауық кештерін ұйымдастырды. Осыған сәйкес ойын-сауық бағдарламасы мәдени-
ағарту тақырыбындағы баяндамалардан, шағын пьесалардан, тұрмыс-салттық
ойындардан және және концерттерден құралды. Көрермендерді қазақ халқының
тұрмыс-салтымен, жалпы әлеуметтік-рухани өмірімен таныстырып отыру осы
секілді кештердің негізгі мақсатына айналды. Ұлттық театр өнері тарихында
мәні зор ойын-сауықтар: Абайдың қайтыс болғанына 10 жыл толуына арналған
әдеби, этнографиялық-музыкалық кеш (1914), Біржан мен Сара айтысы (1915,
екеуі де Семейде) және Қазақша қыз ұзатудың (1915, Атбасарда) сахнаға
лайықталған нұсқасы. Алғашқы екі кеште Қ.Бекбергенов, Н.С.Құлжанова,
Қ.И.Сәтбаев, т.б. өнерпаздар халықтың ән-күйлерін орындап, Абай Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин, И.А.Крыловтың өлеңдерін оқыды. Осы жылдары ұлттық
драматургияның алғашқы туындылары жазылып, баспа бетін көреді әрі оның
бірқатары әуесқойлардың күшімен сахнаға да қойылды.
1918-24 ж. Ақмолада, Әулиеатада, Көкшетауда, Орынборда, Ташкентте,
Түркістанда және Шымкентте көптеген қазақтың драмалық үйірмелері мен
труппалары ұйымдастырылып, олардың репертуарынан Ж.Аумауытовтың, Әуезовтың,
М.Дулатовтың, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің, т.б.-лардың драмалық шығармалары
орын алды. 1918 жылы Алматыда, Семейде, Петропавлде, т.б. қалаларда
бірқатар бірқатар орыс драма театрлары ашылып, А.Н.Островскийдің (Жасаусыз
қалыңдық, Найзағай, 1918-21, Петропавл), Горькийдің (Шыңырау түбінде
және Тоғышарлар 1918-20, Семей) және Л.Н.Толстойдың (Қараңғылық
патшалығы, 1919, Алматы) пьесалары бойынша спектакльдер қоя бастады. Орыс
және татар драма драма труппаларының қызметі қазақ театр
көркемөнерпаздығының өріс алып дамуына зор ықпал жасады. Қазақтың әуесқой
театр ұжымының алғашқы даму кезінде Қызыл керуен мен Ес-аймақ
труппаларының мәні зор болды. Қызыл керуен труппасын орыс мектептерінде
оқитын қазақтың оқушы-жастары, уездік саяси ағарту бөлімі мен әр түрлі
мекемелерде істейтін қызметкерлер құрады. Алғашында клубтарда, жұмысшы
солдат-депутаттарының жиналыстарынан кейін және әскери бөлімдер арасында
концерт қойды. Концерт бағдарламалары халықтың күйлерінен,
инсценировкалардан, шағын пьесалардан құралды. Труппаға қатысушылар
қатарында болған қазақ мәдениетінің қайраткерлері Қ.Байжанов, И.Байзақов,
Ж.Елебеков, Ж.Шанин өздерінің алғашқы өнерлерін осы Ес-аймақтан
бастаған. 1922 ж. Орынбордағы Қазақтың халық ағарту институтының жанынан
тұрақты тұңғыш театр үйрімесі құрылып, оның жұмысына А.Абдуллин, Бадыров,
С.Мұқанов, Қожамқұлов, Ж.Оспанов, т.б. қатысады. Түптеп келгенде осындай
әуесқой театр ұжымдарының үгіт-насихаты ағартушылық және шығармашылық жұмыс
қазақ сахна өнерін дамытуда үлкен роль атқарды.
1926 ж. Қызылорда қаласында тұңғыш профессионалды театр – Қазақтың
мемлекеттік драма театрының (қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық драма
театры) ашылуы ұлттық мәдени тарихымызда мәні аса үлкен оқиғаға айналды.
1926 ж. қаңтарда Әуезовтің Еңлік – Кебек спектаклімен бастады. Қазақ
мемлекеттік драма театрындағы алғашқы буын актерлердің көпшілігі табиғи
дарын иесі болумен бірге ескі ел өмірін, тіршілік-тынысын, тұрмыс-салтын
жақсы білуі нәтижесінде шынайы сахналық тұлғалар жасады. Қазақ театр
өнерінің қалыптасып даму кезеңі спектакльдерде натуралистік, әлеуметтік-
тұрмыстық және фольклорлық-этнографиялық бояудың қатаң сақталуымен, халық
әндерін мол пайдаланылуымен ерекшеленеді. Мұның өзі бір жағынан театр мен
көрермендер арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге мүмкіндік туғызса, екінші
жағынан актерлердің синтездік өнерді меңгеруіне жол салды. Осы кезеңде
театр ұлттық пьесаларды ғана қоюмен шектелмей, алғаш рет классикалық
драматургия туындыларын игеруге талпыныс жасады. Сахнада классикалық
шығармаларды қою жұмысы режиссерлік шеберлікті, орындаушылық өнер мәдениеті
мен актерлік техниканы жетілдіріп ұштауға көп көмектесті.
1928 ж. Қазақтың мемлекеттік драма театры республиканың жаңа астанасы
Алматыға көшіп келді. Қ.Байсейітов, К.Ж.Байсейітова, Елебеков, Ержанов,
Ш.Б.Жиенқұлова, Ә.Т.Шанин, т.б. өнерпаздар театр труппасына тың күш болып
қосылды. Театр репертуары Шаниннің Шахта, Майлиннің Майдан,
І.Жансүгіровтің Кек пен Түрксіб, т.б.-лардың жаңа өмір жолындағы халық
күресін көрсететін ұлттық драматургия туындыларымен толыға түсті. Қазақ
ауылындағы тап тартысы мен әйелдер теңдігін юейнелейтін және төңкеріс
тақырыбындағы пьесаларды сахнада қою жұмысы одан әрі өз жалғасын тапты.
Әсіресе осы кезеңдегі қазақ театры өнерінің қалыптасу жолында Әуезов
драматургиясы мен Шаниннің режиссерлік қызметінің мәні зор болды. Шанин
қазақтың мемлекеттік драма театрының директоры әрі көркемдік жағын
басқарған кезінде ол театрдың шығармашылық және профессионалдық жағынан
өсуіне, репертуардан тәрбиелік һәм идеялық-көркемдік сапасы жоғары драмалық
шығармалардың орын алуына, актерлер мәдениетін көтеруге көп көңіл бөлді.
Ұлттық төл туындыларды қоюда ән-күйлер мен тұрмыс-салттық, этнографиялық
бояуды мол қолданды. Драмалық шығармадағы белгілі бір дәуір тынысын
айқындап ашуда пайдаланыт әртүрлі сахналық реквизитке декорация мен
костюмге ерекше ден қойды. Шанин халық өнерінің көркем озық дәстүрлерін кең
пайдалана отырып, өзінің режиссерлік шығармашылығы арқылы оны ілгері
дамытты. Оның есімі драматург әрі актер ретінде де көпшілікке танымал
болды. Шаниннің қаламынан туған Торсықбай, Арқалық батыр, Айдарбек,
Баян батыр, т.б. пьесалары көптеген жергілікті қазақ театрларының
репертуарынан орын алды. Шанин республикадағы тұңғыш драма театрының
негізін салып, оны ұйымдастыруға, сондай-ақ ұлттық драматургияны
қалыптастыруда зор еңбек сіңірді. Қазақтың мемлекеттік драма театрының
буыны бекітіліп, қалыптасуына ересен еңбек сіңіпргендердің бірі –
заманымыздың ұлы суреткері Әуезов. Әуезовтің есімі, әсіресе, оның көп қырлы
шығармашылығының ең құнарлы бір саласы ұлттық профессионалды театр өнерінің
туып, қалыптасы, нығайып өсу, өркендеп даму жолымен тығыз байланысты. Ол
өзінің алғашқы жазушылық қадамын драматургиялық жанрдан, атап айтқанда,
әйгілі Еңлік – Кебек трагедиясынан бастағаны, оны өзі бас болып сахара
сахнасына тұңғыш рет қойғаны барша қауымға белгілі. Осыдан кейінгі іле-шала
Бәйбіше – тоқал мен Ел ағасы пьесаларын жазған. Аталмыш драмалық
шығармалар жер-жерлерде кең қанат жайған түрлі көркемөнерпаздар үйірмесінің
репертуарынан орын алып, Қазақстанда сахна өнерінің туып, өріс алуына
ұйытқы болды. Театр өнеріне деген ынта-ықыласы жастайынан оянған Әуезов
алдымен қазақ сахнасының репертуарлық қорын жасау жолында үзіліссіз ұзақ
жылдар бойы өте жемісті еңбек етті. Оған жазушының қуатты қаламынан туған
Қарагөз, Қара қыпшақ Қобыланды, Абай, Айман – Шолпан, Түнгі сарын
т.б. драмалық шығармалары толық дәлел. Ол бұған қосы осы заманғы және
классикалық шетел драматургиясының озық туындыларын қазақ тіліне зор
шеберлікпен аударып, театр репертуарының қорын байытты. Облыс
орталықтарында шаңырақ көтерген қазақ драма театрлары өз репертуарын Әуезов
драматургиясынан бастады, әрі актерлік пен режиссерлік өнер саласында да
жеткен биігін де осымен межеледі. Сайып келгенде, оның драматургиялық
мұрасы қазақ театрары репертуарының алтын қорына айналды. Қорыта айтқанда,
мұның барлығы Әуезов шығармашылығының театрмен практикалық баянды
байланысын айқындай түсетін жайлар. Қазақ театр өнерінің қалыптасуы мен
даму барысында оның Жалпы өнер театры мен қазақ театры, Қазақстан
мемлекет театры, Театр, музыка кадры, Қазақстан мемлекет театрының жеті
жылдығы және алдағы міндеттері атты мақаласының да мән-маңызы аса үлкен
болды. 1926-30 жылдар – қазақ театрының шығармашылық жағынан әлі
қалыптаспаған, бірақ профессионалды сахна өнерін меңгеруге қадам басқан
шағы. Осы жолда қазақ театры әуесқойлар труппасы мен көркемөнерпаздар
үйірмесінің азды-көпті тәжірибесіне, халық шығармашылығының бай мұрасына
сүйенді; сөйтап олардың жақсы қасиеттерін өз бойына жинақтады. Бұлар бірін-
бірі қайталамай, керісінше бір-бірін толықтыра түсті, әрі бұқара халыққа
бұрын-соңды бейтаныс болып келген профессионалды сахналық өнерге жол салды.
Бұған сол кездегі театр репертуарындағы пьесалардың көркем-идеялық мазмұны,
актерлік және режиссерлік өнер ерекшелігі, жас театр ұжымының алғашқы
шығармашылық жолы толық дәлел сияқты.
30 жылдары қазақ театрының дамуын И.Г.Боров, М.А.Соколов,
М.Б.Соколовский, Я.П.Танеев, т.б. кәсіби дайындығы бар орыс режиссерлерінің
көмегі көп болды. Олар қазақ актерлерін орыс театрының бай тәжірибесімен
және К.С.Станисавскийдің жүйесімен таныстырып, профессоналды сахна өнеріне
шыңдады, әсіресе орыс, шетел классикасы мен осы заман драматургиясының озық
үлгілерін (Гогольдің, Н.Ф.Погодиннің, К.А.Треневтің, У.Шекспирдің
пьесалары) театр репертуарына енгізіп байытуда айтарлықтай еңбек сіңірді.
Республика үкіметінің 1935 жылы Колхоз-совхоз театрларын құру туралы
қабылдаған арнайы қаулысынан кейін 30 жылдардың 2-жартысынан бастап
көркемөнерпаздар үйірмелері негізінде пайда болған аудандық және колхоз-
совхоз театрлары кең қанат жайды. Олардың саны 1937 жылы 8 болса, 1940 жылы
14-ке жетті. Еңбекшіқазақ, Қаратал, Ойыл, Теңіз, Атбасар аудандарында және
Жамбылда жұмыс істеген колхоз-совхоз театрлары кезінде көрермендердің
сүйіспеншілігіне бөленді. Мұндай театрлар репертуары көбіне ән-күй,
күлдіргі би мен сықақ әңгімелер, тақпақтар, т.б. концерттік нөмірлерден
құралды. Кейбір колхоз-совхоз театрлары концертке қоса драмалық
спектакльдерді де қойып, жергілікті тұрғындардың мәдени талап-тілегін өтеу
ісіне елеулі үлес қосты. 30 жылдардың 2-жартысында театр ұжымына
Алматыдағы, Москвадағы және Ленинградтағы арнаулы театр оқу орындарын
бітірген жастар келіп қосылды. Алматы театр училищесі мен театрлар
студиясын тамамдаған А.Абдуллина, А.Ахметова, Г.Әбдірахманова,
К.Ш.Әділшінов, З.К.Жақыпов, Б.Қалтаев, Ж.Тұрсынов, А.Ыбыраев, т.б. болды.
Ленинградтың сахна өнері техникумы жанындағы қазақ студиясын бітірген бір
топ жастар Шымкент облыстық драма құрамына, ал ГИТИС-тің қазақ студиясын
бітірушілер қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрының
труппасына қабылданды. Осылармен қатар келген Н.Бейсеков, А.Тоқпанов,
Ә.Ысмайылов сияқты жоғары білімді алғашқы қазақ режиссерлері де ГИТИС-тің
түлектері еді.
Қазақтың мемлекеттік драма театрының көркемдік жағын Насонов (1932-
35), Боров (1936-38) пен Соколовский (1939-40) басқарды. Мұнда Тоқпанов пен
Ысмайылов (1938 жылдан) режиссер ретінде спектакльдер қоюмен, ал
А.В.Зверев, Қожықов, Ненашев, Столяров пен Э.Г.Чарномский театр
қойылымдарын безендіру ісімен айналысты. Театр труппасында Айманов,
Бадыров, Бөккева, Қармысов, Қожамқұлов, Қойшыбаева, Майқанова, Өмірзақова,
т.б. сынды актерлердің әр буыфн өкілдері жемісті еңбек етті. Театрдың
репертуары болса, ол негізінен Қазақстанның өткені мен қазіргі кеңес
дәуіріндегі өмірін бейнелейтін ұлттық драматургия туындыларынан құралды.
Әсіресе тарихи тақырыпқа жазылған пьесаларды қоюда театр табыссыз болмады.
Бұл жылдары театр репертуарынан шетел классикасының және осы заман
драматургиясының туындылары да мол орын алып отырды. Осы заманғы орыс және
классикалық шығармаларды қазақ тіліне Әуезов, Мүсірепов, т.б. драматургтар
аударды. Осымен байланысты театр сахнасынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz