Азаматтық құқықтың мазмұны, субъектілері және объектілері



Кіріспе:

Негізгі бөлім:
1. Азаматтық құқықтың мазмұны, субъектілері және объектілері
2. Азаматтық құқықтың түрлері
3. Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Азаматтық заңдарда 1994 жылы 27 желтоқсанда он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің 2 сессиясы қабылдаған жаңа Азаматтық кодекс (жалпы бөлім) ерекше орын алады және сонымен қатар,1 шілдеде 1999 жылы қабылданған Азаматтық кодексті (ерекше бөлімін) атап көрсетуге болады.
Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының жүйесі анықталған.Ең алдымен ол жалпы республикалық болып табылады және Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзгеде заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан(заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1,2-ші тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан,Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларынан тұрады.
1. Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2001 ж.
2. Е.Баянов «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері» Алматы 2003 ж.
3. Н.Дулатпеков,С.Амандықова,А.Турлаев «мемлекет және құқық негіздері» Астана 2001 ж.
4. Қ.И.Оспанов «Құқық негіздері» Алматы 2006 ж.
5. Қ.Д.Жоламан,А.Қ.Мұхтарова,А.Н.Тәукелев «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 1998 ж.
6. З.О.Ашитов, Б.З.Ашитов «Қазақстан Республикасының құқық негіздері » Алматы «жеті жарғы» 2003ж
7. Баққұлов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2000ж
8. Ғ.С.Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» Алматы 2004ж
9. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқықғының негіздері» Алматы 2003ж

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе:

Негізгі бөлім:
1. Азаматтық құқықтың мазмұны, субъектілері және объектілері
2. Азаматтық құқықтың түрлері
3. Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Азаматтық заңдарда 1994 жылы 27 желтоқсанда он үшінші сайланған
Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің 2 сессиясы қабылдаған жаңа
Азаматтық кодекс (жалпы бөлім) ерекше орын алады және сонымен қатар,1
шілдеде 1999 жылы қабылданған Азаматтық кодексті (ерекше бөлімін) атап
көрсетуге болады.
Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан Республикасы азаматтық
заңдарының жүйесі анықталған.Ең алдымен ол жалпы республикалық болып
табылады және Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан
Республикасының өзгеде заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің заң
күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан,Парламенттің сенаты мен
Мәжілісінің қаулыларынан(заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-
бабының 1,2-ші тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан
Республикасы Президентінің жарлықтарынан,Қазақстан Республикасы үкіметінің
қаулыларынан тұрады.Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын
анықтай келе,бұл қатынастардың субъектілерін де атап көрсетуге
болады.Оларға жеке тұлғалар(Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел
азаматтары, азаматтығы жжоқ адамдар), заңды тұлғалар,мемлекет және
әкімшілік-аумақтық бөлініс.1964 жылшғы азаматтық Кодекспен салысстырғанда
1994 жылы 27-ші желтоқсанда қабылданған Азаматтық Кодекстің ерекшклігі
сол,мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге
қатысушылармен тең негізде түсеті,ндігі атап көрсетілген.
Азаматтық құқық-жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның
әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен
ажырамас байланыстағы қазақстан Рреспубликасы құқығының бір саласы.Тауар-
ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты
жеке мүліктік емес қатынас тардың азаматтық құқықтың пәні болып
табылады.Жеке мүліктік емес қактынастардың мәніне жатпайтындықтан, әрі
басқа заңнамаларда қаралмағандықтан, мүліктен тыс, жеке мүліктік емес
қатынастар азаматтық заңнамалармен реттеледі.
Азаматтық құқықтарды қорғауды сот,төрелік сот немесе аралық
сот:құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды қалпына
келтіру;құқық бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге
тыйым салу;міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды,
төленетін айыпты өндіртіп алу; мәмілені жармсыз деп тану; моральдық зиянның
өтемін төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту, мемлекеттік
басқару органының нмемес жергілікті өкілді не атқарушы органның заңдарға
сәйукес келмейтін құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану;
азаматтың немсе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге
асыруына кедергі жасағаны үшін мемлекеттік органнан немесе лауазымды
тұлғадан айыппұл өндіртіп алу арқылы, сондай-ақ заңдылықты актілерде
қарастырылған басқа да әдістермен жүзеге асырады. Заңдылықтарда арнайы
қарастырылғанг жағдайларда азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған
адамның тікелей іс жүзіндегі немесе заңдық әрекеттерімен жүзеге
асырылуы мүмкін (өзін-өзі қорғау).
1. Азаматтық құқық қатынастардың субъектілері.

Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын
құқықтық қатынасқа қатынасцшыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың
субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-
аумақтық бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық
қатынастарға қатысуының алғышарты олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке
және азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.
Азаматтық құқықтың негізгі субъектілері жеке және заңды тұлғалар
болып табылады. Мемлект пен әкімшілік-аумақтық бөліністер де азаматтық
құқықтың субъектілірі болып табылады,бірақ өздерінің азаматтық олар
арнайы және соған уәкілетті заңды тұлғалар арқылы жүзеге сырады.
Жеке тұлғалар деп Қазақстан Республикасының азаматтары,басқа
мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар ұғынылады.
Азаматтық құқыққа ие болып,міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық
қабілеті) барлық азаматтарға бірдей деп танылады.Азаматтық құқық
қабілеттілігі ол туған кезден басталып,қайтыс болған соң тоқтатылады.
Азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және
оны жүзеге асыруға,өзі үшін азаматтық міндеттер жасап,оларды орындауға
қабілеттілігі (азаматтық құқық қабілеттілігі) кәмелетке толғанда,яғни он
сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемде пайда болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтық құқық нормалары
бар. Атап айытқанда, 6-бапта Қазақстанда мемлекеттік меншік пен меншіктің
танылатыны және тең дәрежеде қорғалатыны белгіленген. Азаматтардың жеке
меншігі мәселелері Конституцияның 26-бабында неғұрлым тәптіштеп
баяндалған. Азаматтың ар-ожданы, қадір-қасиеті және абыройлы есімі, оның
бостандығы мен өміріне ешкімнің тиіспеуі, жеке және отбасылық құпия, хат
жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф және өзгеде хабарлар сияқты
рухани қазыналар жөнінде туындайтын жеке мүліктік қатынастарды азаматтық-
құқықтық реттеудің негізгі Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-18
баптарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 62 тарау және 1124
баптан тұрады. Жалпы бөлім мынадай бөлімдерден тұрады: жалпы ережелер,
меншік құқығы және басқа да заттық құқықтар, міндеттемелік құқық. Ерекшк
бөлім мынадай бөлімдерден құралған: міндеттемелердің жекелеген түрлері,
интеллектуалдық меншік құқығы,мұрагерлік құқығы,халықаралық жеке құқық.
Азаматтық заңдылықтар өздері реттейтін қатынастарда қатысушылардың
теңдігін, мешікке қол сұғылмаушылықты,шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің
болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын,азаматтық
құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына
келтірі луін,оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға
негізделеді.

Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері.
Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық
құқық объектілері бола алады.мүліктік игіліктер мен құқықтарға
(мүлікке):заттар,ақша,соның ішінде шетел валютасы,құнды қағаздар, жұмыс,
қызмет, шығармашылық интелектуалдық қызметтің объектіге айналған
нәтижелері, фирмалық атаулар,тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың
өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. Жеке
мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға:жеке адамның өмірі, денсаулығы,
қадір-қасиеті,абыройы,игі атақ,іскерік бедел,жеке өмірге қол сұқпаушылық,
жеке құпия мен отбасы құпиясы,есім алу құқығы,автор болу құқығы,шығармаға
қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар
жатады.
2. Азаматтық құқық қатынас түрлері.

Қатынастардың негізі материалды игіліктердің болуы және болмауына
бацланысты қалыптасатындықтан азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері
мүліктік және мүліктік емес деп бөлінеді. Мүлікті қатынастар
мүліктік,материалды игіліктер сипатында болатындыұтан, олардың эканомикалық
мазмұны бар. Мүліктік емес қатынастарға адамның, азаматтың өмірі,
денсаулығы, еркіндігі, бостандығы, қауіпсіздігі, ар-ожданы, намысы, аты-
жөні т.с.с. жеке басының мүліктік емес мүдделері жатады. Мүліктік,
материалды игіліктер бір жеке және заңды тұлғалардан екіншілеріне
көшуі,қайтарылуы мүмкін. Ал мүліктік емес құбылыстар мен мүдделер екінші
біреуге берілмейді, көшпейді.
Азаматтық құқық қатынастары негізінен:
а) Мүлітік және мүліктік емес
ә) Абсолютті жңне салыстырмалы
б) Заттық және міндеттемелік теп ажыратылады.
Азаматтық құқық,қатынастары мүліктік қатынастар мен мүліктік емес
қатынастарға бөлу мынаған негізделген: мүліктік құқық қатынастарының
беогілі бір эканомикалық мазмұнв бар,сонымен бірге мүліктік құқық
қатынастарының мұндай мазмұны болмайды және жеке адмның кейбір материалдық
емес мүдделерін қамтамасыз етеді.
Құқық қатынастары тағы да абсолютті және салыстырмалы болып бөлінеді.
Бұлайша бөлу қатысушылардың байланысы негізіне негізделген. Субъективті
құқығы бар тұлғаларға міндетті тұлғалардың беймәлім тобы қарсы тұратын
құқық қатынастары абсолютті құқық қатынастары деп аталады. Мүлікті және
жеке мүліктік емес құқық қатынастары абсолютті болуы мүмкін.бұл арада
меншікті заттың бір субъектісі туындыныі немесе өнертабыстың авторы
басқарцға құқықты болып табылады.Қалған тұлғалардың бәрі міндетті
болады.Олардың негізгі міндеті келеңсіз болып табылады және меншік
иесінің өз құқығын жүзеге асыруына,автор құқығын бұзбауға және т.б. келіп
саяды.
Басқаруға құқықты адамға алдын ала белгілі адамдардың белгілі бір
ацқын тобы өарсы тұратын құқық қатынастары салыстармалы деп
саналады.Олар бірнещеу болуы мүмкін,бірақ олар әрқашанда дәл анықталған
болады. Мысалы, азаматтар немесе зағды тұлғалар жасасқан шарттан
туындайтын құқық қатынастары салыстырмалы.
Заттық және міндеттемелік құқық қатынастары. Профессор
М.И.Брагинскийдің атап көрсеткендей, Рим құқығынан бастау алатын заттық
немесе міндеттемелік болып бөлу ең алдымен құрлықтағы елдердің заңдарынды
маңызын сақтап қалған.Егер де институциондық жүйе бойынша жасалған
кодекстерде бұлайша болц онша айқын көрінбесе,пандектілік үлгіні
пайдаланған кодекстерде оның негізгі маңызы бар.
Мейлінше жалпылама түрінде заттық және міндеттемелік құқық қатынастары
арасындағы айырмашылық мынадан аңғарылады:заттық құқықтық мәселені
зат,абсолютті сипатта болады, затпен байланысты болғандықтан,соның ізінен
шықпайды және,ақырында, құқық иесінің белсенділігін және сонымен бірге
өзіне қарсы тұлғалардың енжарлығын керек етеді.Міндеттемелік құқық
қатынастарына олардың мәселесі белгілі бір адамның іс-әрекеті болуы
тән,олар салыстырмалы болады, борышкерден қалмайды және құқықты адам-несие
берушіге қарсы тұратын сол борышкердің белсенділігін керек етеді.Мүлікті
беру,ақша төлеу,жұмыс орындау және т.б. сондай іс-әрекет болуы мүмкін.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру әруақытта да мерзіммен тыңыз
байланысты.Сондықтан азаматтық құқығында мерзімнің алатын орыны
ерекшк.Азаматтық заңдар уақыт кезеңі мен азаматтық құқықтардың пайда
болуын,өзгеруін немесе жрйылуын анықтаумен қатар заңда немесе шарттарда
көрсетілген әрекеттердің жүзеге асырылуын да қамтамасыз етеді.Уақыттың
кезеңдері объективті түрде,яғни азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың
еркіне бағынбайтын болғандықтан,оқиғалар қатарына жатады.
Мерзімді есептеу. Азаматтық заңдарда мерзімді есептеу ережелері жоғары
деігейде анықталған.Азаматтық кодекстің 172-бабына сәйкес мерзім жылдармен,
айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетін уақыт
кезеңі ретінде белгіленуі мүмкін. Сонымен қатар,мерзім сөзсіз болуға тиісті
оқиғаның көлемінде көрсетілуі де ықтимал. Мысалы, азаматтың қайтыс
болуы.Азаматтың қайтыс болуы көптеген құқықтық салдарға әкеліп
соқтырады,мәселен,мұра ашылады және т.б.
Мерзім,негізінен алғанда,заңда,мәміледе немесе соттың шешімінде
тағайындалады.
Мерзімнің аяқталуына тоқталатын болсақ,онда төмендегі ережелерге
сүйенуіміз қажет. Егер мерзім жылдар есебінен есептелетін болса,онда мерзім
мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді.Айлармен есептелетін
мерзім мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітеді.Жарты жыл есебімен
есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері қолданылуы
тиіс. Егер жылдармен немесе айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы
тиісті күн саны жоқ айға тура келсе,онда сол айдың соңғы күнінде бітеді.
Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе,онда содан кейінгі
ең таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып саналады.
Егер мерзім қандай да бір әрекет жасауға белгіленген болса,онда бұл
әрекет мерзімнің соңғы күніндегі жиырма төрт сағатқа юейін орындалуы
мүмкін. Бірақ,егер бұл әрекет мекемеде немесе ұйымда жасалуға тиіс болса,
онда мерзім олардағы жұмыс ресми түрде аяқталған кезде немесе тиісті
операциялар жасалып болған кезде бітеді.Сонымен қатар,егер мерзімнің соңғы
күніндегі жиырма төрт сағсақа дейін почтаға немесе телеграфқа тиісті
жазба мәлімдемелер мен хабарламалар тапсырылса,онда олар мерзімінде
берілген болып есептелінеді.
Талап қою мерзімі. Талап қою мерзімі дегеніміз-субъективтік құқықтарына
немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірген субъектілердің оларды қалпына
келтіру туралы талабының қавнағаттандырылу мүмкін болатын заңда көрсетілген
уақыт кезеңі. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы
бұзылған тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді.Сондықтан да талап қою
қағидасын екі мағынада түсінгеніміз жөн болар. Талап мерзімі азаматтық
құқықтық категория ретінде,ал екінші ұғым іс жүргізу құқығының негізінде
анықталатын қағида,яғни құқығы бұзылған тұлғаның сотқа талап қою
құқығы.Заңның мағынасынан көрініп отырғандай,талап қою мерзімінің өтіп
кетуіне қарамастан,сот құқығы бұзылған субъектінің құқығын қорғау туралы
талабын қабылдауға міндетті (Азаматтық кодекстің 179-бабы).
Талап қою мерзімі ниституты азаматтық құқық қатынастарының
қатысушыларына өз міндеттерін дер кезінде орындауға ықпал жасйды.
Талап қою иерзімдері және оларды есептеу тәрітібі заңмен көзделеді және
олардың талаптардың келісуімен өзгертуге болмайды.
Тараптар өздерінің келісімдері бойынша талап қою мерзімін қысартуға
немесе ұзартуға мүмкіншіліктері жоқ,өйткені талап қою мерзімінің ережелері
заңда көрсетілген,яғни бұл нормалар императивтік мағынада анықталған.
Заңда анықталған ережелер бойынша талап қою мерзімінің ағымы
тоқтатылуы,үзілуі және қалпына келтірілуі де мүмкін.
Талап қою мерзімінің тоқтатылуы-талап қоюға кедергі келтіретін
жағдайлардың салдарынан есепке алынбайтын уақыт.Мерзімді тоқтата тұруға
әкеліп соқтырған мән-жайлар жойылған күннен бастап,талап қою мерзімінің
ағымы одан әрі жалғасады.Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі алты айға
дейін,ал егер талап қою ерзімі алты айдан аспаса-талап мерзіміне дейін
ұзартылады.
Талап қою мерзімі заңмен белгіленген мына төмендегі жағдайлар бойынша
тоқтатылады:
1) егер де талап қоюға осы жағдайдағы төтенше және тойтаруға
болмайтын оқиға (бой бермейтін күш) кедергі жасаған
болса,мысалы,жер сілкіну,топан су,сел ағыны немесе басқадай
табиғи апаттар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің белгіленуімен міндеттемені
орындау кейінге қалдырылса (мораторий);
3) егер де талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген
әскери бөлімшелер құрамында болса;
4) егер де әрекет қабілеттілігі жоқ адамның заңды өкілі болмаса;
5) егер де тиісті қатынасты реттейтін заңдардың қолданылуы
тоқтатылса.
Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті тоқтату мерзімінен айыра білу
керек. Талап қою мерзімінің өтуі белгіленген тәртіппен талап қою,сондай-ақ
міндеттер адамның борышты немесе өзге міндеттерді мойындағандығын
дәлелдейтін әрекеттер жасауы арқылы үзіледі. Үзілістен кейін талап қою
мерзімінің өтуі қайтадан басталады,үзіліске дейін өткен уақыт жаңа мерзімге
есептелмейді.Басқа сөзбен айтқанда,жаңа мерзім пайда болады.
Талап қою мерзімін қалпына келтіру тек ерекше жағдайларда,яғни
талапкердің жеке басына байланысты мән-жайлар (мәселен:ауыр науқас
дәрменсіз халде болу,сауатсыздық және т.б.) бойынша жүзеге асырылуы
мүмкін.Жоғарыда көрсетілген дәлелді есептер болған жағдайда соттың ғана
талап қою мерзімін қалпына келтіру мүмкіншілігі бар.Көрсетілген негіздер
осы қатармен ғана аяқталып қоймайды,оның шеңберін кең түсінгеніміз жөн
болар.

3. Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы

Сөздiң кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына
жол берiлмейтiндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртiбiн мемлекеттiң
қолдауын айтамыз.
Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтарды қалпына келтiрудi
қамтамасыз ету принципi, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негiзгi
бастауы ретiнде айтылады (АК-тiң 2-бабы).
Қатысушылардың қарауындағы субьективтi азаматтық құқықтар тек қана
нақты жүзеге асырылуға тиiс емес, сонымен бiрге олар субьективтiк құқықтың
бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтiрудi
бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкiндiктер бередi. Бұл тұрғыдан проф. В.П.
Грибановтың мынадай пiкiрi көңiлге қонады: “Құқық қорғау сипатының
мүмкiндiгi оның құқық өкiлеттiгi ретiнде субьективтiк материалдық талаптар
мазмұнының өзiмен белгiленедi.
Демек кез келген субьективтi азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен
бiрге осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегiмен
оны қорғауға тиiстi құқықты еншiлейдi.

Азаматтық құқықтарды қорғау тәсiлдерi.
Азаматтық кодекстiң 15-тарауының шеңберiнде азаматтық құқықтағы
қорғануды кең мағынадағы меншiк иесiнiң мүддесiн қорғаудан айыра бiлу
керек. Кең мағынада меншiк иесiнiң мүддесiн қорғау екi негiзгi нысанға
бөлiнедi: юрисдикциялық және юрисдикциялық емес.
Қорғаудың юрисдикциялық түрi субьективтi құқықтар бұзылғанда немесе
дауға түскенде өкiлеттi мемлекеттiк органдардың оны қорғауға араласуы болып
табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесi бұзылған тұлға мемлекеттiк немесе
басқа да құзыреттi органдарға (сот, аралық сот, жоғары инстанция және т.б.)
шағынады, әлгi аталған органдар өз кезегiнде бұзылған құқықты қалпына
келтiру және бұзушылықты жою үшiн өкiлеттiгiне сай қажеттi шараларды
қолданады.
Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және
арнайы тәртiбiн белгiлейдi. Жалпы тәртiпке сәйкес заңмен қорғалатын
азаматтық құқықтардың мүддесiн қорғау сот (төрелiк немесе аралық сот)
арқылы жүзеге асады.
Азаматтық кодекстiң 9-бабы жалпы тәртiппен қатар әкiмшiлiк тәртiбiн де
қарастырған. Әкiмшiлiк тәртiппен жүзеге асырылатын мнешiк иесiнiң құқығын
қорғау құралы шағым болып табылады, ол құқық бұзушылық нәтижесiнде зардап
шеккен құқық иесi мүддесiн қорғауға орай тиiстi өкiлеттi органға берiледi.
Кейбiр заңдарда аралас, яғни меншiк құқығы мен басқа да заттық құқық
қорғаудың әкiмшiлiк сот тәртiбiн қолданады. Мұндай жағдайда мүлiктiң меншiк
иесi мен иеленушiсi сотқа шағымбас бұрын мемлекеттiк басқару органына
шағымданады.
Қорғаудың юрисдикциялық емес нысаны заттың меншiк иесi мен оны
иеленушiсiнiң мемлекеттiк және басқа құзыреттi органдарға бармай-ақ өз
бетiмен қорғануын бiлдiредi. Азаматтық кодекстiң тұжырымдарында аталған
әрекеттер “азаматтық құқықтардың өзiн-өзi қорғауы” ұғымымен байланысты (АК-
тың 9-бабы) және меншiк құқығы мен басқа да заттық құқықтарды қорғаудың бiр
әдiсi ретiнде қаралады.
Азаматтық құқықтың өзiн-өзi қорғауы өзiнiң заңдық табиғатында құқық
қорғау әдiсi болып табылмайтын өзiндiк нысанын еншiлейдi деген пiкiр де
бар. Мәселен, проф. А.П. Сергеев қорғанудың дербес түрiнде өзiн-өзi қорғау
құқығы сот және әкiмшiлiк нысандарымен бiрдей қаралуы керек едi. Бiздiң де
пiкiрiзше өзiн-өзi қорғау құқығына ешкiмнiң тиiспейтiндiгiн қамтамасыз
етуге, бұзылған құқықты қалпына келтiрiп, оның салдарын жоюға бағытталған
өкiлеттi тұлғаның заң немесе шарт негiзiнде әрекет етуге жол берiлген
азаматтық құқықты қорғаудың дебес нысаны болып табылады.
Жоғарыда айтылған құқықтық қорғаудың кең мағынасың меншiк құқығың
қорғаудың (және басқа да заттық құқықтың) арнайы құрал жүйесiнен айыра бiлу
керек. Мұндай арнайы қорғану құқық бұзушылықтың сипатына байланысты келедi.
Меншiктiң абсолюттi құқығы немесе басқа да заттық құқығы (мысалы,мүлiктi
алып қою) ретiнде тiкелей құқық бұзушылық кезiнде заттық-құқықтық сипаты
бар құралдары оны қорғауға кiрiседi. Құқық бұзушы мен өкiлеттi тұлға
арасында мiндеттемелiк қатынас болған ретте (мысалы, жалға алушы шартта
көрсетiлген мерзiмде затты меншiк иесiне қайтаруға тиiс боса) мiндеттемелiк
құқықтың қорғау құралдары қолданылады. Мiндеттемелiк-құқық құралы талап
қоюға тән нәрсе, ол бiрден меншiк құқығың көрiне бермейдi, азаматтық
құқығың басқа институттарына негiзделедi, яғни ақыр аяғында қорғайды. Ал
меншiк құқығын қорғауға тiкелей бағытталуымен сипатталуы және қандай да бiр
нақты мiндеттемемен байланысты болмайды. ҚР заңдары жәбiрленушiнiң құқық
бұзушыға қарсы талап қою түрiн тандау мүмкiндiгiн (айтылық, шарттық немесе
заттық-құқықтық) бермейдi, бұл орайда шетелдердегi “талап қою бәсекесi” деп
аталатын жағдайлары қолдамайды.
Азаматтық құқық институттардың әр түрiнен туындайтын не заттық-
құқықтық, не мiндеттемелiкке жатпайтын ерекше қорғау тобы белгiленген.
Мысалы, хабар-ошарсыз кеттi деп танылған немесе өлдi деп жарияланған
адамдардың меншiкке мүлiкке құқықтарын қорғау (АК-тiң 29,32-баптары), кепiл
ұстаушының жауапкершiлiгi туралы және т.б. болып табылады.
1 Азаматтық құқықты қорғаудың жаңа құралдары АК-тiң 9-10 баптарында
қарастырылған. Бұл баптарда бұрын-соңды заңдарда қаралмаған жолдары
көрсетiлген. Мысалы, моральдық зиянды өтеу, яғни тұлғалардың өзiндiк
мүлiктiк емес иелiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе
олардан айырылуы, соның iшiнде жәбiрленушiнiң өзiне қарсы құқық
бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешiрген жан азабы немесе тән
азабы. Моральдық зиян ақшалай нысанда төленедi. Екiншi бiр жағдай, ол
мемлекеттiк билiк органының заңдарға сай келмейтiн құжат шығаруы,
сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекетiмен, (яки
әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалды өтеу механизмi енгiзiлген (9-
баптың 5-тармағы).
1 Азаматтық-құқықтық қорғаудың әдiстерi дегенiмiз:
• Зат иесiнiң ол затты бiреудiң заңсыз иеленуiнен өзiне зат
күйiнде қайтарылуын талап етуi (ликвидация);
• Иемдену еркiнен айырмай-ақ заңды пайдалануға жасалып отырған
кедергiнi жоюды талап ету (негаторлық талап);
• Затты жойып жiберген немесе бүлдiрген жағдайда зиянның
(шығынның) орнын толтыру (ақшалай құнын өтеу);
• Басқа бiр адам негiзсiз ие болған немесе сақтап қалған,
виндикция жолымен зиянның орнын толтыру арқылы қайтарып алуға
болмайтын заттың құнын зат иесiне ақшалай төлеу;
Меншiк құқығын қорғаудың алғашқы екi әдiсi меншiк иесiне затты сол
қалпында иемдену, пайдалану және оған билiк жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз
етуге бағытталған. Талап ету, яғни бұзылған меншiк құқығын қалпына келтiру
туралы – затты иесiне қайтару немесе пайдалануға тигiзiп отырған кедергiнi
жою туралы сотқа қойылған талап заттық-құқықтық талап деп аталады. Аталған
әдiстердiң соңғы екеуi мiндеттемелiк құқығына жатады – мұндай жағдайда
меншiк иесiне заттың ақшалай ақысы төленедi, ал тиiстi талаптар
мiндеттемелiк талаптар деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық құқықтың түсінігі туралы
Авторлық құқықтың түсінігі
Авторлық құқық негiзгi жағдайлары
Азаматтық - құқықтық қатынастар объектілері
Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері мен ерекшеліктері
Авторлық құқық жайлы
Азаматтық құқық субъектілерінің түсінігі
Азаматтық құқық негіздері жайында
Авторлық құқықтың объектілері
Азаматтық құқық қатынастардың субъектілері
Пәндер