Қызылорда экологиялық ахуал



1960 жылдан бастап Қазақстан мен Орта Азияда суландыруды қарқынды дамытудан Сырдария мен Амудария өзендерiнiң төменгi жағының су ағысы үнемi азайып отырды. Осының салдарынан Арал теңiзiнiң деңгейi тұрақты төмендедi, бұл өзен жағасының шөлейттенуiне, экожүйе жағдайының нашарлауына әкеп соқты.
Жер асты суларының минералдануының артуы және Аралдың жалаңаштанған Түбiнен эолдық тұзды шаң қалдықтарының көтерiлуi салдарынан топырақтың белсендi тұздану процесi, жер асты сулары деңгейiнiң ирригациялық жүйеден тыс төмендеуi мен көлденең су алмасудың жоқтығы аридизация мен шөлейттену процесiнiң дамуына әкеп соқты.
Гидрологиялық жағдайлардың өзгеруi топырақтың барлық физикалық-химиялық сипатының айтарлықтай өзгеруiне, гумустың және оның әлеуеттi құнарлылығының едәуiр төмендеуiне себеп болды.

Қызылорда Экологиялық ахуал
      1960 жылдан бастап Қазақстан мен Орта Азияда суландыруды қарқынды
дамытудан Сырдария мен Амудария өзендерiнiң төменгi жағының су ағысы үнемi
азайып отырды. Осының салдарынан Арал теңiзiнiң деңгейi тұрақты төмендедi,
бұл өзен жағасының шөлейттенуiне, экожүйе жағдайының нашарлауына әкеп
соқты.
      Жер асты суларының минералдануының артуы және Аралдың жалаңаштанған
Түбiнен эолдық тұзды шаң қалдықтарының көтерiлуi салдарынан топырақтың
белсендi тұздану процесi, жер асты сулары деңгейiнiң ирригациялық жүйеден
тыс төмендеуi мен көлденең су алмасудың жоқтығы аридизация мен шөлейттену
процесiнiң дамуына әкеп соқты.
      Гидрологиялық жағдайлардың өзгеруi топырақтың барлық физикалық-
химиялық сипатының айтарлықтай өзгеруiне, гумустың және оның әлеуеттi
құнарлылығының едәуiр төмендеуiне себеп болды.
      Соңғы 30 жыл iшiнде Арал өңiрiнiң топырағында органикалық
тыңайтқыштардың тапшылығы және суармалы судың иондық құрамының өзгеруi
салдарынан гуминдық қышқылдардың бөлiнуiнен гумус құрамы 30-40%-ға
төмендедi және дағдарыстық шекке жақындады. Қазiргi уақытта егістiк
алқаптың 60%-ның құрамында гумустың үлесi 1% төмен болып отыр.
      Жер асты сулары режимiнiң, топырақ қабатының, Арал өңiрi климатының
аридизация және континенталдықтың жоғарылауы жағына өзгеруi өсiмдiктер
тозуының жоғары қарқынына негiз болды. Егер 1960 жылға дейiн гидроморфтық
флора (көлдi-батпақты және қамысты) шамамен 800 мың гектарды алып жатқан
болса, қазiргі уақытта 100 мың гектарға жуық. Шабындықтардың өнiмдiлiгi 2,5-
3 eceгe төмендедi.
      Жер асты сулары деңгейiнiң төмендеуi құдықтар мен ұңғымалардың
қатардан шығуына әкеп соқты, бұларсыз жайылымдардың қалыпты жұмыс iстеуi
мүмкiн емес.
      Жайылымдардың көп бөлігін өнiмділігі 60-300 кгга гало-ксерофиттік
кешендер алып жатыр, 1961 жылға дейiн бұлардың өнiмдiлiгi 1,0-1,6 тга
құраған едi. Егер бұрын жайылымдардың флора құрамында өнiмдiлігі жоғары
бағалы өсiмдiктер басым болған болса, қазiргi уақытта оларды бiржылдық
сораң шөптер алмастырады, яғни Түрлердiң саналуандылығы жоғалуының жылдам
процесi жүруде, бұл құрғақшылық процестерiнiң көрсеткiшi және ауыл
шаруашылығының дамуы үшiн қауiптi болып табылады.
      Осыншалық кең аумақта өсiмдiк қабатының тозуы қыздыру әсерiн күшейту
және атмосферада көмiрқышқыл газының шоғырлануының ұлғаюы, эолды тұз-шаң
қалдықтары салдарынан климаттың ғаламдық және өңiрлiк өзгеруiне әкелдi. Бұл
Арал өңiрiнiң флорасы мен фаунасының биологиялық саналуандығының тұралауына
әкеп соғады, адамның тiршiлiк ету ортасын бұзады.
      Қабылданып жатқан шаралар нәтижесiнде өңiрдiң су балансы тұрақтану
үрдiсiне ие болды. Қызылорда облысына судың келу көлемi 1995 жылы - 12,6
текше километрді құраса, 2002 жылы 19,3 текше километрдi құрады. Осыған
байланысты Сырдария өзенiнiң сағасына су жiберу едәуір ұлғайып, 2002 жылы
8,6 текше километрдi (1995 жылы - 5,6 текше километр) құраған. Көрсетілген
жылдары өзеннен су алу көлемi облыс бойынша 5,0 текше километр шегiнде
тұрақталды.
      Қызылорда облысы бойынша табиғи жерҮстi көздерден су алу 1993 жылы
5793,5 млн. текше метрден 2002 жылы 5124,5 млн. текше метрге дейiн
төмендедi.
      Орта Азия елдерi тәуелсiздiк алғаннан кейiн трансшекаралық өзендер
ағынын, әсiресе Сырдария өзенi бассейнiнде мемлекетаралық су бөлу
мәселелерi күрт шиеленiсті. Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан электр қуаты мен
энергия көздерiн республикааралық алмасу процесi бұзылды. Осыған
байланысты, су электр станциясының Нарын-Сырдария каскадында қысқы маусымда
электр энергиясын өндiру көлемiнiң өсуiнен Сырдария өзенiнiң табиғи режимi
өзгердi. Сырдария өзенiнiң ортаңғы және төменгі ағысына қысқы маусымда
көлемi жағынан көктемгі су тасқыны кезеңiндегi шығыстармен шамалас су
шығыстары Түсе бастады. Жыл сайын бұл Қазақстан мен Өзбекстанның
аумақтарында орналасқан су қоймаларының қысқы маусымда шамадан тыс толуына
және вегегациялық мерзiмде суару суларының тапшылығына әкеледi. Жағдай жыл
сайын шиеленiсе Түсуде. 2004 жылдың басында су шаруашылығының жағдайы
Сырдария өзенiнiң бассейнiнде ерекше күрделендi.
      Апатты жағдайды болдырмау үшiн Түскен суды Сырдария өзенiнiң төменгi
жағына бұрынғыдан 2 және одан да көп есе ағызып жiберу қажеттiлігі туындап
отыр. Сонымен қатар Сырдария өзенi арнасының су өткiзу қабiлетi соңғы 35-40
жылда Түбiнiң лайлануы мен жасанды құрылыстардың (понтондық көпiрлер,
өткелдер және т.т.) салынуынан күрт төмендедi.
      Осы тұрғыдан өңiрде қазiрдiң өзiнде осы проблеманы шешу жөнiнде
шаралар қабылдануда. Сырдария өзенiнiң ағынын реттеу және Арал теңiзiнiң
солтүстiк бөлiгiн сақтап қалу жөнiндегі жоба iске асырылуда, бұл 2006 жылы
аяқталады. Жоба Солтүстiк Арал теңiзiнде бөлiп тұратын бөгеттi, Сырдария
өзенiнде су ағытқыш пен Ақлақ тiреуiш бөгетiн, әйтек су көтеру бөгетiн
салуды, Шардара бөгетiн қайта жөндеудi, Қызылорда және Қазалы су тораптарын
қалпына келтiрудi және басқа да жұмыстарды көздейдi.
      Қызылорда қаласында қоршаған орта мониторингi және халықтың
денсаулығын қорғау жөнiндегі орталық жұмыс iстей бастады.
Әлеуметтік-экономикалық жағдай
Су пайдалануды және ауыз суға қол жеткiзудi қамтамасыз ету жағдайы     
Арал өңiрiнде халықтың 70 пайызынан астамы ауыз суды сумен жабдықтаудың
орталықтандырылмаған көздерiнен пайдаланады.
      Қолданыстағы су құбырларының санитарлық-техникалық жағдайы су
құбырлары құрылыстары мен су тарату желiлерiне жоспарлы-профилактикалық
жөндеу жұмыстарының жүргiзiлмеуiнен, су құбырлары мен құрылыстарының
ауыстырылмауынан нашарлауда.
      Арал өңiрiнiң төңiрегiндегi Ақтөбе облысының өңiрлерiнде халықты
сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерi шешiлмеген елдi мекендер саны
едәуiр. Мәселен, Ақтөбе облысының Байғанин ауданында халықты
орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 2003 жылдың басында 7,5% құрады.
Соңғы 10 жыл iшiнде осы облыстың Ырғыз ауданында сапалы ауыз сумен
қамтамасыз ету 53,0-ден 42,7%; Мұғалжар ауданында - 83,0-ден 69,3%-ға;
Темiр ауданында - 86,6-дан 80,5%-ғa дейiн төмендедi. Байғанин ауданының
Байғанин кентiнде, Мұғалжар ауданының Жұрұн селосында Темiр ауданының
Алтықарасу селосында су құбырлары жұмыс iстемейдi. Ырғыз ауданының
жекелеген селоларында халық iшуге пайдалану мақсатында Торғай өзенiнiң ашық
тоғандарынан алынатын суды әкелiнетiн сумен бiрдей пайдаланады.
      Оңтүстiк Қазақстан облысының Отырар ауданы халқының 41,5%-ы
әкелінетін суды пайдаланады.
      Қарағанды облысының ашық тоғандардағы суды пайдаланатын ауылдық елдi
мекендерiнiң неғұрлым көп саны Ұлытау ауданында орналасқан. 52 елдi
мекеннiң 14-i қоғамдық құдықтың, 21-i ашық тоғандардың суын, 2-i әкелiнетiн
суды пайдаланады.
      Қызылорда облысын ауыз сумен қамтамасыз етудiң жағдайы
қанағаттанғысыз, мұнда да көптеген ауылдық елдi мекендердегі халық құдықтың
суын, әкелiнетiн суды, сондай-ақ ашық көздердің суын пайдаланады.
      Ауыз сумен жабдықтау саласында Қызылорда облысы бойынша 1992 жылдан
бастап 2002 жылға дейiн республикалық бюджет есебiнен 1060,98 млн. теңге
сомасына 15 жоба iске асырылғанын айта кеткен жөн. Бұдан басқа, 2001-2003
жылдар аралығында жергілiктi бюджеттен "Таза су" өңiрлiк бағдарламасы
шеңберiнде ауыз сумен қамтамасыз етуге 293,3 млн. теңге бөлiндi. Арал,
Жалағаш, Қазалы, Сырдария аудандарының халқын ауыз сумен қамтамасыз ету,
Жиделі топтық су құбырын қайта салу сияқты iрi жобалар iске асырылды.
Халықтың денсаулығы
      Арал өңiрi халқының ауруға шалдығу деңгейi 1992 жылдан бастап ұлғайды
және 2002 жылы орташа республикалық көрсеткiштен асып Түсті.
      2002 жылы Қызылорда облысында ауруға шалдығу 100 мың адамға шаққанда
71538-дi құрады, орташа республикалық мәндегі бұл көрсеткiш 57518-дi
құрайды. 1992 жылмен салыстырғанда ауруға шалдығу 100 мың адамға шаққанда
1,6 есеге, Арал және Қазалы аудандары бойынша шамамен 2 есеге өсті. Ақтөбе
облысының Шалқар ауданында халықтың ауруға шалдығуы 1992 жылы 100 мың
адамға шаққанда 18231-ден 2002 жылы 59145-ке дейiн, яғни 3,2 есеге өсті.
Республика бойынша тұтастай алғанда 1992-2002 жылдар аралығында халықтың
ауруға шалдығу көрсеткiшiнiң өсу үрдiсi жоқ. Қарастырылып отырған
өңiрлердегi ауруға шалдығудың өсуi азаматтардың медициналық жәрдемге
жүгiнуiмен және қызмет көрсету сапасының жақсаруымен, оның шынайы өсуiмен
де Түсiндiрiледi. Сонымен бiрге, 2002 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе
облысының Мұғалжар, Teмip, Байғанин, Ырғыз аудандарында ауруға шалдығу 1992
жылмен салыстырғанда 100 мың адамға шаққанда 30247-ден 38338-ге дейiн
ауытқып отырды, бұл орташа республикалық көрсеткiштен едәуiр төмен.
      Өңiр бойынша туберкулезбен ауыру жоғары, бұл көрсеткiш 2002 жылы 100
мың адамға шаққанда республика бойынша - 165-тi құраса, Қызылорда облысы
бойынша - 292-нi, Ақтөбе облысы бойынша - 259-ды құрады. Туберкулезбен
ауыратындардың көпшiлiгі Қызылорда қаласында байқалады - 100 мың адам
санына - 373, Қызылорда облысының Арал ауданында - 360, Ақтөбе облысының
Ырғыз ауданында 100 мың адамға 320-дан келедi.
      Сонымен қатар Оңтүстiк Қазақстан облысының тиiстi аудандарындағы
туберкулезбен ауратындар саны орташа республикалық көрсеткiш шегінде немесе
одан төмен.
      Вирусты гепатит бойынша ахуал шиеленiскен жағдайда қалып отыр, бұл
Арал өңiрiнiң жекелеген өңiрлерiндегi ауыз су сапасының нашарлығының куәсi.
      Бала туу деңгейi жоғары болғанмен, ұрпақ әкелетiн жастағы әйелдер мен
балалар арасында ауруға шалдығушылықтың жоғары деңгейi сақталып отыр.
әйелдер денсаулығының индексi төмен. Экстрагениталдық патология деңгейi
жоғары. ЖҮктi әйелдер қан аздықтан, бҮйрек патологиясынан, ұрпақ әкелу
органдарының қабынуынан зардап шегуде. Нәресте өлiмiнiң көрсеткiшi жоғары.
      Тұтастай алғанда, Арал өңiрi аудандарында соңғы жылдар iшiндегi
халықтың жалпы өлiм-жiтiмi орташа республикалық көрсеткiштен төмен, 1000
адамға орташа 7-8 оқиғаны құрайды. Мәселен, 2002 жылы ел бойынша халықтың
жалпы өлiм-жiтiмi 1000 адамға шаққанда 10,0, бұл көрсеткiш Қызылорда облысы
бойынша 7,5 құрады, ал халықтың табиғи өсiмi 1000 адамға шаққанда - 12,9,
Оңтүстiк Қазақстан облысының Түркiстан қаласында, Отырар, Шардара, Арыс,
Созақ аудандарында 2002 жылы халықтың жалпы өлiм-жiтiмi 1000 адамға
шаққанда 4,7-ден 6,9-ғa дейiн ауытқып отырды, Ақтөбе облысының Байғанин,
Ырғыз, Темiр, Шалқар аудандарында 2002 жылы халықтың жалпы өлiм-жiтiмi 1000
адамға шаққанда 7,2-7,8-дi, осы облыстың Мұғалжар ауданында - 8,9-ды
құрады.
      Қарағанды облысының Ұлытау ауданы бойынша өлiм-жiтiм көрсеткiшi
көрсетiлген жылы 1000 адамға шаққанда 8,5-тi құрады.
Халықты әлеуметтік қорғау
      Тұтастай Арал өңiрi бойынша халықтың тұрмыс деңгейi тұтастай ел
бойынша тұрмыс деңгейiне қарағанда төмен. Халықтың күнкөрiс минимумынан
төмен кiрiсi бар үлесi Қызылорда облысы бойынша 2000 жылы 51,6%-ды, 2001
жылы - 39,5%-ды, 2002 жылы - 32,3%-ды құрады, бұл көрсеткiш республика
бойынша - тиiсiнше 31,8, 28,4 және 24,2%. Бұл облыста еңбекақы деңгейi
бойынша да артта қалу байқалады. 2002 жылы облыс бойынша бұл 17,0 мың
теңге, оның iшiнде Арал ауданы бойынша - 13,7 және Қазалы ауданы бойынша -
15,6 мың теңгенi құрады, ал көрсетiлген жылы республика бойынша орташа
еңбекақы 20,0 мың теңгеден артық болды.
      Арал өңiрiндегi жұмыссыздық деңгейi тұтастай республика бойынша
жұмыссыздық деңгейiнен әдеттегідей жоғары. Арал өңiрiнiң төңiрегiндегi
өңiрлер бөлінiсiнде жұмыссыздықтың неғұрлым жоғары деңгейi Қызылорда
облысында байқалады. Егер тұтастай республика бойынша 2000 жылы жұмыссыздық
деңгейi 12,8%-ды, 2001 жылы - 10,4%-ды, 2002 жылы - 9,3%-ды құраған болса,
ал Қызылорда облысында  тиiсiнше - 14,5, 12,6 және 12,5%-ды құрайды.
      Сонымен бiрге, талдау Арал өңiрiне жататын аудандардағы жұмыссыздық
деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан
облыстарында орташа облыстық көрсеткiштерден төмен екендiгiн растайды.
      Соңғы он жыл iшiнде өңiрден халықтың тұрақты көшуi байқалуда.
Мәселен, 1993 жылдан бастап 2002 жыл аралығында Қызылорда облысынан 117,1
мың адам көшiп кеткен және көрсетiлген кезең iшiнде көшi-қонның терiс
сальдосы 56,1 мың адамды құрады, оның iшiнде Арал және Қазалы аудандарына
15,1 мың адам келедi.
      Ақтөбе облысының Арал өңiрi аймағына жататын аудандарында 1999 жылдан
бастап 2003 жылғы 1 қазан аралығындағы кезеңде көшi-қонның терiс сальдосы
9,6 мың адамды, оның iшiнде Шалқар ауданынан 2,5 мың адамды құрады.
      Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 1992-2002 жылдары көшi-қонның
терiс сальдосы 9,8 мың адамды құрады, бұл ретте 2002 жыл iшiнде аудан
халқының саны барлығы 17,3 мың адамды құрады.
      Осы өңiрлердiң халқын әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      1992-1998 жылдар аралығында халыққа заттай жеңiлдiктер бюджеттегi
қаражатқа байланысты берiлдi. Бұл жеңiлдiктердi ауылдан гөрi қала халқы көп
пайдаланғанын айта кеткен жөн.
      1996 жылы "Арал өңiрiндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап
шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес экологиялық қасiрет себебiнен мүгедек болған
адамдарға және асыраушысынан айрылған отбасыларға шеккен зияны үшiн өтемақы
төлеу толық жүзеге асырылды.
      1999 жылғы сәуiрде "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк
жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, осыған орай
бұрынғы заттай жеңiлдiктер ай сайынғы арнайы мемлекеттік жәрдемақылар
төлеумен ауыстырылды. Мұндай саясат тек бюджет қаражатын ұтымды жұмсауға,
бюджеттiң атқарылуын бақылауға ғанa емес, сонымен бiрге арнаулы әлеуметтік
көмек беруге қол жеткiзуге, елiмiздiң бұрын жеңiлдiктердi пайдаланған
барлық азаматтарының мемлекеттік әлеуметтiк көмекпен қамтамасыз етiлуге
бiрдей қол жеткiзуiне мүмкiндiк бердi.
      "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Арал өңiрi аумағында
тұратын адамдарға 2005 жылдың 1 қаңтарына дейiн заттай жеңiлдiк беру
тоқтатылды.
      1999 жылғы сәуiрден 2004 жылғы 1 қаңтар аралығындағы кезеңде
Қызылорда облысының әлеуметтiк жағынан қорғалатын санат қатарындағы
тұрғындарына республикалық бюджеттен 4057,3 млн. теңге сомасында арнайы
мемлекеттiк жәрдемақы төлеу жүзеге асырылды.
      2002 жылдан бастап жыл сайын республикалық бюджеттен мемлекеттiк
атаулы әлеуметтiк көмек пен тегін медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген
көлемiн көрсетуге мақсатты трансферттер бөлiнiп келедi. Осы мақсаттарға
2002-2003 жылдары Ақтөбе және Қызылорда облыстарының бюджеттерiне 908,9
млн. теңге сомасында мақсатты трансферттер бөлiндi. 2004 жылға арналған
республикалық бюджетте:
      Қызылорда облысының бюджетiне тегiн медициналық көмектің
кепiлдендiрiлген көлемiн көрсету үшiн 122,3 млн. теңге мөлшерiнде, Арал
және Қазалы аудандарының халқына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек
көрсету үшiн - 156,8 млн. теңге;
      Ақтөбе облысының бюджетiне тегін медициналық көмектiң
кепiлдендiрiлген көлемiн көрсету үшiн - 17,1 млн.теңге мөлшерiнде, Шалқар
ауданының халқына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшiн - 43,2
млн. теңге мақсатты трансферттер көзделдi.
      Тұрғын үй заңнамасына сәйкес коммуналдық қызмет көрсету жөнiндегi
жеңiлдiктер халықтың әлеуметтiк осал топтарының тұрғын үйiн ұстауға
арналған тұрғын үй көмегi Түрiнде берiледi.
      2003 жылы республикалық бюджеттен атаулы әлеуметтік көмекке
Қызылорда, Ақтөбе облыстарына жергiлiктi бюджетте көзделген қаражатқа
қосымша жалпы сомасы 344,4 млн. теңге мақсатты трансферттер бөлiндi.
      Экологиялық қасiрет аймақтарында тұрған адамдар:
      жасы 55-ке келген және көрсетiлген аймақтағы жалпы жұмыс өтiлi 25 жыл
болған ерлер;
      жасы 50-ге келген және көрсетiлген аймақтағы жалпы жұмыс өтiлi 20 жыл
болған әйелдер 1996 жылғы 16 маусымға дейiн жасы бойынша зейнетке жеңiлдiк
шарттарымен шығуға құқығы болды ("Қазақ ССР-iнiң азаматтарын пенсиямен
қамтамасыз ету туралы" Қазақ ССР-iнiң 1991 жылғы 17 маусымдағы Заңының 13-
бабы).
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19
маусымдағы Заңының 8-тармағына сәйкес "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет
салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағына өзгерiстер енгізiлдi, оларға
сәйкес экологиялық апат және экологиялық дағдарыс аймақтарында тұрып жатқан
және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтардың экологиялық
қолайсыз жағдайларда тұрып жатқаны үшiн мынадай аймақтар бойынша
коэффициент қолданыла отырып зейнетақы алуға құқығы бар:
      экологиялық апат - 1,5;
      экологиялық дағдарыс - 1,3.
      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 5-бабына сәйкес
мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтардың зейнетақы
мөлшерiн сақтауға кепiлдiк бередi, сондықтан қазiргi уақытта жоғарыда
аталған коэффициенттер мен көтермелер зейнетақы мөлшерiне кiредi.
      "Арал өңiрiнiң экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен
азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-
бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес экологиялық қасiрет аймағында
тұратын халыққа экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшiн:
      экологиялық апат аймағы бойынша - 1,5;
      экологиялық дағдарыс аймағы бойынша - 1,3;
      жағдайы экологиялық дағдарыс алдындағы аймақ бойынша -  1,2
коэффициентi Түрiнде қосымша еңбекақы белгiленген.
      Көрсетiлген коэффициенттер жұмыскердiң лауазымдық жалақысына
(тарифтiк ставкаға) есептеледi.
      Осылайша, көрсетiлген заң кесiмi қолданысқа енген сәттен бастап осы
уақытқа дейiн экологиялық қасiрет аймағында тұратын жұмыс iстейтiн халық
белгiленген коэффициенттер ескерiлген еңбекақы алуда.
      Бұдан басқа, осы Заңның 13-бабына сәйкес:
      экологиялық апат аймағы бойынша - 12;
      экологиялық дағдарыс аймағы бойынша - 9;
      жағдайы экологиялық дағдарыс алдындағы аймақ бойынша - 7 күнтiзбелiк
күн жыл сайын ақы төленетiн қосымша демалыс берiледi.
      Еңбек демалысын берумен бiрге жыл сайын сауықтыруға арналған айлық
тарифтік ставка немесе лауазымдық жалақы мөлшерiнде материалдық көмек
көрсетiледi.
      Арал өңiрi халқының тұрмыс деңгейiн жақсартуға бағытталған
қабылданған шаралар нәтижесiнде ел бойынша тұтастай алғандағыдай халықтың
орташа жан басына шаққандағы табысы өсуде. Бұл туралы мемлекеттік атаулы
әлеуметтiк көмек алушылар санының азаюы куәландырады. Егер алушылар саны
2002 жылы Ақтөбе облысының Байғанин, Мұғалжар, Темiр, Шалқар, Ырғыз
аудандарында 41,7 мың адамды, Қарағанды облысының Ұлытау ауданында - 2,6
мың адамды, Қызылорда облысында - 130,6 мың адамды, Оңтүстiк Қазақстан
облысының Арыс, Отырар, Созақ, Шардара аудандарында - 24,3 мың адамды
құраса, ал 2003 жылғы 1 қарашада тиiсiнше 20,5, 1,7, 67,3, 14,7 мың адамды
құрады.
      Арал өңiрi аумағында тұратын азаматтар, сондай-ақ бала тууға
байланысты бiр жолғы төлемдер, коэффициент қолданылатын стипендиялар, жыл
сайын қосымша төленетiн демалыс алу құқығын пайдаланады.
      Бұл ретте, әлеуметтік көмек Түрлерiн төлеу халықтың сапалы тыныс-
тiршілігін қалыптастырудағы негізгі факторлар болып табылатын флора мен
фаунаның биологиялық саналуандығының қысқаруы, халықтың сапалы ауыз сумен
қанағаттанғысыз қамтылуы, жайылымдар мен егiстік жерлердiң тозуы сияқты
проблемаларды шешуге әсер етпейдi.
Әлеуметтік инфрақұрылым
      Өткен жылдары Арал өңiрiнде әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту жөнiнде
шаралар қабылданды. Өңiрде туберкулезге қарсы ауруханалар, перзентханалар,
орталық аудандық ауруханалар, мектептер мен басқа да объектiлер салынды.
      1992 жылдан бастап 2002 жылға дейiн Қызылорда облысы бойынша
республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен әлеуметтік
саланы, сумен жабдықтауды және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған 55
жоба iске асырылды.
      Көрсетiлген жылдар iшiнде 31 мектеп қатарға қосылды және қайта
жөнделдi.
      1993 жылы республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен Тереңөзек
кентiнде Сырдария орталық аудандық ауруханасы салынды.
      2002 жылғы шiлдеде республикалық бюджет қаражаты есебiнен Қызылорда
қаласында құны 76,6 млн. АҚШ доллары болатын көп бейiндi аурухана кешенi
пайдалануға берiлдi. Жергілiктi бюджет есебiнен Жалағаш орталық аудандық
ауруханасы салынды.
      2003 жылға арналған деректер бойынша Мұғалжар ауданының Қандыағаш
қаласында, Темiр ауданының Шұбарқұдық кентiнде, Ақтөбе облысының Шалқар
қаласында туберкулез ауруханасы жоқ, осы облыстың Байғанин ауданында ескi
ғимараттың авариялық жағдайына байланысты аудандық аурухана салу қажет.
Қызылорда облысының халқы қолданыстағы объектiлердiң авариялық жағдайына
байланысты немесе оларды нормативтерге жеткiзу үшін үш туберкулез
ауруханасын, екi перзентхана орталық аудандық аурухана салуға мұқтаж.
Оңтүстiк Қазақстан облысының Apaл өңiрiнiң аудандарында төрт туберкулез
ауруханасын, перзентхана мен аудандық аурухана салу проблемасы тұр.
      Арал өңiрiнде негiзiнен қолданыстағы білім объектілерiнiң
авариялылығы себептi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қолайсыз аймақтардың режимін құқықтық реттеудің кейбір мəселелері
ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық және халықаралық деңгейде реттеу
Көші қон факторлары
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Азғыр ауылының экологиялық жағдайы алаңдатарлық мәселе
Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулығына әлеуметтік-экологиялық факторлардың әсері
Арал теңізінің экологиясы жайында
АЙМАҚТЫҚ КЕДЕЙШІЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
Арал өңірінде табиғи-шаруашылық кешенді экономикалық орнықты дамыту
Қызылорда облысының кейбір демографиялық жағдайларын сипаттайтын тақырыптық карталар жасау
Пәндер