Несие қабілеттілікке әсер ететін факторлар



Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістеріне де негізделеді. Қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.
Қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақытылы есеп айырысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы – онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, ал жақын перспективадағы қарызды өтеу қабілетін болжайды.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
1.Несие қабілеттілікке әсер ететін факторлар

Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау
әдістеріне де негізделеді. Қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл
коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға
себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты
болып келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін
факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай
жасайды.
Қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл қарыз алушының өзінің қарыздық
міндеттемелері бойынша толық және уақытылы есеп айырысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір
айырмашылығы – онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі
төлемсіздікті есепке алмайды, ал жақын перспективадағы қарызды өтеу
қабілетін болжайды. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем
қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында
иек артатын ең бір формальді көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз
алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті
капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы
төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы
қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер
банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға
беретін нақты несиесімен байланысты қарапайым тәуекелдерінің дәрежесін
көрсетеді.
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік
операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке
несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық банктің тәжірибе қарыз алушының несиелік
қабілетенің мынадай критерийлерін бөліп қарайды:
• Қарыз алушының мінездемесі
• Қаражатты қарызға алу қабілеті
• Ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті табу
қабілеті(қаржылық мүмкіндігі)
• Капиталы
• Несиенің қамтамасыз етілуі
• Несиелік мәміле жасалатын жағдай
• Бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен
қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дәл келуі)
Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және
менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің
мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының заңды тұлға ретіндегі беделі оның сол аяда ұзақ уақыт
қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге
сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің
(жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі
беделінен тұрады. Менеджерлердің беделі олардың кәсіби жарамдылығына
(білімі, жұмыс тәжірибесі), моральдық сапасына, жеке қаржылық және
отбасылық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-
қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.
Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге,
нестелік келісім шартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының
болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде, белгілі бір
өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі –
оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу
қабілеті болып табылады.
Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды
критерийі болып саналады. Оны бағалауда мынадай екі шарттың маңызы зор:
1) Оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктің тарапынан жарғылық қордың
(акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және
қаржы левераж коэфициенті негізінде талданады;
2) Несиеленетін операцияларға меншікті капиталды жұмсау дәрежесі, яғни
ол банк пен қарыз алушның арасында тәуекелдің бөлінуін куәләндірады.
Қаншалықты меншікті капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз
алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап
отыруға мүмкіндік туады.
Несиенің қамтамасыз етілуі – қарыз алушының активтерінің құны және
келісімшартта көрсетілітін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің (кепіл,
кепілхат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша көздер
қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк
алдындағы міндеттемелерін уақытылы орындауына кпілдік береді. Кепілдік
сапасы, кепілхат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты болуы,
қарыз алушының ақшалай қаражатының жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.
Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы,
салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар
жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы жағдайын анықтайды.
Аталып өткен , банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері
несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер
қатарына жататындар:
• Іскерлік тәуекелді бағалау;
• Менеджментті бағалау;
• Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
• Қаржылық коэффициенттерді бағалау;
• Ақша тасқынын талдау;
• Қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау
• Орналасқан жеріне бару арқылы қарыз алушының жұмысын қадағалап
отыру.
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін
бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының
қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және
заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ
пайданы алу, бөлу және тиімді пайдалану мен сипатталады.

2.Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері.
Қарыз алушының кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық
жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің
қаржылық құжаттары қолданылады.
Қарыз алушының кәсіпорынның қаржылық жағдайыоның мынадай төлем
қабілетіне байланысты:
1) Шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақытылы
қанағаттандыру;
2) Несиені қайтару;
3) Жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
4) Бюджетке төлемдерді және салықтардытөлеу.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері
бойынша есеп айырыса алады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға
беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық
құжаттары қолданылады.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері
бойынша есеп айырыса алады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең
көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның
тиімділігін, төлем қабілеттілігін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін
көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады. Қазақстан
Республикасында ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық зерттеулер орталығы
дайындап, ҚР Ұлттық банк Директоратының 27 қыркүйек 1994жылы. Мәжілісінде №
26 қаулы бойынша бекітілген Қарыз алушының несиелік қабілетін талдауына
байланысты банктердің әдістемелік нұсқауы, сондай-ақ АҚШ-та және басқа да
елдерде пайдаланатын әдістемелер де бірнеше танымал.
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауда мынадай негізгі
көрсеткіштер пайдаланылады (1 кесте)

Көрсеткіштер атаулары Есептеу алгоритмі
1 2
1 Ағымды өтімділік коэффициенті Ағымдағы активтерағымдағы
міндеттеме
2 Мерзімдік өтімділік коэффициент Ағымдағы активтер –
запастарағымдағы міндеттеме
3 Активтер рентабельдігі Пайда кәсіпорын активтері
4 Рентабельділік сауда Өнімді сатудан түскен пайдаөнімді
сатудан түскен түсім
5 Негізгі құралдар мен басқа ПайдаҺнегізгі құралдар+айналымнан
айналымнан тыс активтер тыс активтер
рентабельділігі
6 Меншікті капитал рентабельдігі Пайда меншікті капитал
7 Ұзақ мерзімді міндеттеме Пайдаұзақ мерзімді несие және
рентабельдігі займдар
8 Қаржы тұтқасы коэффициенті Заемдық қаражаттарменшікті
қаражаттар
9 Тіркемелі активтерді өтеу Тіркемелі активтер (ғимараттар және
коэффициенті құрылғылар - амортизация)
қамтамасыз етілген несиелер
10 Қарызға қызмет ету коэффициенті Пайда қарыз бойынша шығындар
11 Қор қайтарымы Жалпы пайда – түсімактивтер

Осы көрсеткіштердің ішінде аса көңіл аударатыны бұл баланс
өтімділігіне байланысты көрсеткіштер.
Өтімділік деп кәсіпорынның барлық төлем түрлері бойынша өз
міндеттемесін орындай алу қабілетін түсіндіреді. Өтімділік жалпы қарыз және
өтімді қаражаттар (ақшалай қаражаттар, алашақ қарыз, қорлар) көлеміне
байланысты болып келеді. Баланс өтімділігі актив баптарындағы ақшалай
қаражаттарға айналу мүмкіндігіне байланысты топтастырылған қаражаттарды
міндеттемелерімен салыстыру арқылы анықталады.
Баланс активінің баптары олардың өтімділік дәрежелеріне қарай үш топқа
бөлінеді:
1) Ақшлай қаражаттар (есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа да
шоттардағы қаражаттар қалдығы; касса; басқа да ақшалай қаражаттар;
арнайы қорлардың қаражаттары; күрделі қаржы жұмсалымдырына
пайдаланылмаған қаражаттар қалдықтары.);
2) Жеңіл іске асатын талаптар (төлейтін мерзімі жетпген, жөнелтілген
тауарлар және тапсырылған жұмыстар; берешектермен есеп айырысулар;
өзінің жүйесіндегі кәсіпорындардан оларға қаржылай көмек ретінде
берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу; банк несиелеоі және
кәсіпорынның арнайы қорларынан , берілген несиелер бойынша
жұмысшыларымен және қызметкерлерімен есеп айырысу). Жеңіл іске асатын
талаптар қатарына мерзімінде төленбеген жөнелтілген тауарлар мен
тапсырылған жұмыстар жатпайды.
Берешектермен есеп айырысу құрамында үш айға дейінгі қарыздар есепке
алынбайды. Мұнда өзінің жүйесіндегі кәсіпорындармен оларға қаржылай
көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу бабында жақын
арадағы үш ай ішінде қайтарылатын қарыздар есепке алынады.
3) Жеңіл іске асырылатын тауарлы – материалдық құндылықтар (арзан
бағалы тез тозатын заттарды шегеріп тастағанды өндірістік қорлар;
аяқталмаған өндіріс; алдаы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да
айналым қаражаттары).
Қарыз алушылардың салалық ерекшеліктеріне байланысты өтімділік
коэффициентінің біршама щңтайлы мәеі 1,2 мен 1,5 аралығын құрайды.
Көрсеткіштің мәнін 1-ден төмен болуы жармайды. Өтімділік коэффициенті қарыз
алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шаруашылық айналымнан ақшалай
қаражаттарын босатылуын сипаттайды. Қаншалықты бұл коэффитиентінің мәні
жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты келеді.
Бірақ та алашақ қарыздың сипатын ескеру қажет. Алашақтар туралы есеп
аталған шоттардың қарыз алушының жағдайына әсер етуіне баға беруге және
сондай-ақ жүргізілген несиелік саясатының нәтижелігін бағалауға мүмкіндік
береді.
Өтімділік коэффициентін талдау барысында мынадай факторларды есепке
алу қажет:
• Қызметінің көлемі (қаншалықты өндіріс және өнімді сату көлемі
үлкен болса, соғұрлым тауарлы – материалдық құндылықтар қоры көп
болады);
• өнеркәсіп және өндіріс саласы (өнімге сұраныс жәнеоны сатудан
түсетін төлемдердің жылдамдығы);
• өндірі циклінің ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);
• материалдар қорын жаңарту үшін қажетті уақыт (өтімді
қаражаттардың айналысы);
• жұмыстың маусымдылығы;
Өтімді қаражаттардың мөлшерінің төмендеуіне ықпал етушілерге мыналар
жатады:
• ағымдағы қызмет зияндары;
• өткен жылдары және төтенше оқиғалардың нәтижесінде болған
зияндар
• өтімді қаражаттар бағасының төмендетілуі;
• күрделі қаржы жұмсалымдарға иммобилизациялануы.
Өтімді қаражаттардың артық болғаны қажет емес. Егер де ол артық болса
айналым активтерінің жұмыс тиімділігі азаяды. Өтімді қаражаттардың артық
болу себептері:
• күрделі қаржы жұмсалымдары кеңейтпей-ақ пайданың жинақталуы;
• амортизацияланатын объектілердің ауыстырылмауының нәтижесінде
амортизацияның жинақталып қалуы.

3.Жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау
Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға беретін
несиелеріне тұтыну және ипотекелық несиелер жатады.
Тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі туралы
Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау
Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы және бәсекеге қабілеттілігі
Қазақстан Республикасының қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау
Несиелік тәуекелдерді басқару әдістері
Шағын және орта бизнестің инновациялық әлеуеті
Азық-түлік нарықтарын мемлекеттік реттеу
Банктік тұтыну несиелері
Еңбекке сұрныс көлемі жалақы көлеміне кері байланыста
Несиелік тәуекелді бағалау әдістері
Пәндер