Валеология денсаулық туралы ғылым



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ВАЛЕОЛОГИЯ ПӘНІН ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2 ВАЛЕОЛОГИЯ ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ... ... ... ... ... ... ... 6
3 ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ САҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... .10
4 АҒЗАҒА ЗИЯН ЗАТТАРДАН ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ. ... ... ...13
5 ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
6 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. «Денсаулық – зор байлық». Адамзат баласының тіршілік өміріндегі ең бір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек. Денсаулыққа немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Сондықтан да қазіргі кезде «Валеология» пәнінің маңызы зор. Валеология сөзі грек және латын сөздерінен алынған. «Валео» - денсаулық , «логос» - ғылым. Оның негізін алғаш рет қалаған Ицкович Брехман. Ол медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1987 жылы ол валеология терминін ғылымға енгізді.
1. Валеология. Республикалық педагогикалық әдістемелік журнал.- №6, 2003
2. Валеология. Республикалық педагогикалық әдістемелік журнал.- № 1, 2003
3. Ж.Ж.Жатқанбаев. Валеология. - Алматы 2003
4. Х.Қ.Сәтбаева, Ж.Б.Нілдібаева. Валеология (Оқу - әдістемелік құрал). – Алматы, 1999

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ВАЛЕОЛОГИЯ ПӘНІН ҚАЛАЙ
ТҮСІНЕМІЗ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .4
2 ВАЛЕОЛОГИЯ ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ
ҒЫЛЫМ ... ... ... ... ... ... ... 6
3 ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ САҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... . 10
4 АҒЗАҒА ЗИЯН ЗАТТАРДАН ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ. ... ... ...13

5
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .20
6 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

КІРІСПЕ

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің
шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық.
Денсаулық – зор байлық. Адамзат баласының тіршілік өміріндегі ең
бір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз
ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.
Денсаулыққа немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес,
активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір
адамның басты міндеті. Сондықтан да қазіргі кезде Валеология
пәнінің маңызы зор. Валеология сөзі грек және латын сөздерінен
алынған. Валео - денсаулық , логос - ғылым. Оның негізін алғаш рет
қалаған Ицкович Брехман. Ол медицина ғылымдарының докторы, профессор.
1987 жылы ол валеология терминін ғылымға енгізді.
Денсаулықты қалай сақтау керек? Үнемі көңілді жүру әркімнің
қолынан келетін іс. Міне, жоғарыда айтылған қағидаларды жан- жақты
дамытып, іске асыру валеологияның міндеті. Сондықтан да валеология
пән ретінде студенттерге ұсынылып отыр.
ВАЛЕОЛОГИЯ – денсаулық және салауатты өмір сүру салты туралы
ғылым!

1. ВАЛЕОЛОГИЯ ПӘНІН ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ

Валеология - екі шет тілінен алынған . Латын сөзі Vale (Сау болу,
Аман болу) қазақша деніңізсау болсын деген мағынаны береді. А.С. Пушкин
өзінің достарына жазған хатының соңына әрқашан Vale деген сөзді қосып
отырған. Деніңіз сау болсын деген сөз. Бір сөзбен айтқанда валеология
денсаулық туралы ғылым.
Валеология терминін 1987 жылы орыс ғалымы – медицина ғылымдарының
докторы, профессор – фармакогносист И.И.Брехман ғылымға енгізген болатын.
Адам денсаулығының төмендеуі, көптеген отандық және шет ел ғалым
дәрігерлердің жазған еңбектерінде келтірілген. Денсаулық туралы қазіргі
заман адамдарының ұғымдары онша көп емес екендігі және олар денсаулығына
көп мән бермейтіні байқалды.
Баршаға белгілі – адамдардың денсаулығымен шұғылданатын, тек медицина
ғылымдары ғана. Бірақ медицина ғылымы ауруларды емдеу мәселесімен
шұғылданады да ауралардың пайда болуымен айналыспайды.
Ауру адамдардың физиологиясы мен тек физиология ғылымдары шұғылданады.
Ұлы физиолог И.П.Павлов өзінің еңбегінде былай деп жазған еді.
... Өкінішке орай, бізде әлі күнге дейін организмнің (ағзаның) негізгі
принципі – денсаулық деп аталатын сыртқы және ішкі біркелкі қалыптың
айқын анықтамасы жоқ ... Иә, медицина ғылымы қаншама көне болғанымен ,
денсаулық туралы анықтама бере алмайды. ХХ ғасырда әртүрлі себептер
әсерінен медицина емдік, госпитальдық, емханалық соңғы он жылдықтар бойына
ықшам мамандандырылған анықтама бере бастады.
Сондықтан да осы уақытта медицинаны аурулар ғылымы атай бастады. Мұндай
сипаттама медициналық энциклопедиядан тиісті орын алған. Бұл ғылыми жинақта
денсаулық туралы толық түрде анықтама берген. Медицина - көне заманнан
бері қарай адам ауруларын емдеп, аурулардың алдын алуды мақсат еткен ғылыми
жүйе деп жазған . Бұл жазылған қағидаға зер салып қарасаңыз денсаулық
деген ешқандай сөз келтірілмеген .
Адамзат баласының денсаулығы айналаны қоршаған сыртқы орта
факторларымен және ішкі физиология үрдістерімен байланысты болатыны
анықталып отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) , анықтамасы бойынша
денсаулық дегеніміз – ағзаларда аурулардың не болмаса физиологиялық
кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық) , рухани және
әлеуметтік толық аман – есендік . Академик В.Н.Казначеевтің (1989) жеке
тұлға денсаулық туралы анықтамасы бұдан да толығырақ баяндалды. Оның
анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз, ағзаның ұзақ өмір сүру барысында
биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің ,
әлеуметтік белсенділігінің , сондай-ақ жас ерекшеліктеріне байланысты дені
сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы.
Ал И.И. Брехманның (1987) анықтамасы бойынша , денсаулық адамның
ерекшелігіне сәйкес адамның өзгермелі ортада тұрақтылығы, сонымен бірге
сенсорлық, вербалды және құрылымды ақпараттарды қабылдау қабілеттілігі.

2. ВАЛЕОЛОГИЯ ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ

Денсаулық — баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дуние. Ол жақсы болу
үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті барлық икемді аямай
жұмсау керек.
Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. Денсаулықсыз өмір
қызықсыз әлем деп есептеймін.

Мен өзімді әлемге қандай болуым керек екендігіме алып келдім. Адам
болуым үшін қандай болуым керек – ақылды , әдемі және денсаулығым күшті
болуы керек .
Иммануил Кант
Біз, әрқашан өзімізде ата-анамыздың қалдырған байлығын қалай болса
солай шашумен айналысып келеміз, денсаулықтың қандай қазына екендігіне
түсінбестен туған туындылар. Ол ата-анадан келген байлық. Біз денсаулықты
есепсіз қалау болса солай кетіруге тырысамыз, денсаулықтың келешекте не
болатынын ескермейміз де. Денсаулықтың не екенің , оның қадірін тек
ауырғанда ғана білеміз.
М.Петтенкофер
Валеология- медицина ғылымдарының саласы емес. Ол медицина ғылымдарына
жатпайды. Оның өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттері бар. Өз алдына
дара ғылым. Өзінің зерттейтін арнаулы функциялары бар.
И.И.Брехман өзінің еңбектерінде валеология туралы былай деп жазды:
Денсаулық туралы ғылым интегралды түрде болуы керек . Оның пайда болуы,
дамуы және қазіргі кездегі жағдайы экологиямен, биологиямен, медицинамен,
психологиямен, педагогиямен және т.б. ғылымдармен тығыз байланыста болады.
Жаңа интегралды ғылым болғандықтан ол міндетті түрде философиялық ойды және
ғылыми түсініктерді жүйеге келтіріп дамытып отырды.
Валеология — медицина ғылымдарының саласы емес. Ол медицина ғылымдарына
жатпайды. Оның өзінің аддьна қойған мақсаты мен міндеттері бар. Өз алдына
дара ғылым. Өзінің зерттейтін арнаулы функциялары бар.
И.И.Брехман өзінің еңбектерінде валеология туралы былай деп жазды:
"Денсаулық туралы ғылым интегратды түрде болуы керек"
Оның пайда болуы, жәме қазіргі кездегі жағдайы экологиямен,
биологиямен, медицинамен, педагогикамен және т.б. ғылымдармен тығыз
байланыста болады. Жаңа интегралды ғылым болғандықтан ол міндетті түрде
философиялық ойды және ғылыми түсініктерді жүйеге келтіріп
дамытып отырады.
Валеология И. И. Брехманың айтуына қарағанда, ол адамтану ғылымы деп
айту керск. Оның көздеген мақсаты адамдардың, денсаулығын арттыру,
ауруларды болғызбау, аурулардың алдынг алу. Денсаулықты сақтау адам
адам үшін ең маңызы зор. . Қазіргі кезде валеология ғылымына
сұраныстар көбейіп отыр. Космос кеңістігін игеруге байланысты
валеология ғылымына сұраныс көбйді.
Денсаулық адамның рухани байлығы. Ол біздің жер деп аталатын

планетамызбен тығыз байланыста болады.
Табиғат байлығнмен бірге өсіп, біте қайнасьп келе жатыр. Адам денсаулығының
потенциалды денсаулығын арттыруға көмектеседі.
Адамды емдеу дәрігерлердің алғашқы қадамынан бастап осы уақытқа дейін
адамдардың денсаулығын қорғау медицинаның бірінші міндеті болып кслді.
Кейін ел ғылым ретінде дамыды. Адамдардың денсаулығының мықты болуына да
дәрігерлер айтарлықтай үлес қосып келеді. "Медицина ғылымы кейбір
ғалымдардың пайымдауынша медицина адамдарды емдеуді өзінің бірінші мақсаты
етіп қояды. Ауруларды зерттеу медицинаның міндеті, сондықтан да мсдицина —
ауру туралы ғылым (И. И. Брехман).
"Медицинаның біржақты дамуы"- деп жазды И. Давыдовский жеке отандъгқ
ғалымдар және шетел ғалымдары, адамдар ағзасының қасиетін дамытуға азда
болса, жаңадан кірісе бастады. Ағзаның өзіндік табиғи қорғаныс күші бар
екенін дәрігер байқады. Ағзаның қорғаныс қасиеті өте күшті болатынын
дәрігер білді. Міне, осыған байланысты, 1960 жылдан бастап саналогия ғылымы
пайда болып, дами түсті. Саналогия дегеніміз - жалпы ілім - ағзаның
ауруларға қарсы тұру күші. Оның негізін санагенез қүрайды. Санагенез -
ағзалардың айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі,
бейімдеулілік механизмдерінің динамикалық комплексі. Ол төтенше қоздырғыш
факторлардың әсерінен пайда болады. Бұл бағытты дамытқан С. М. Павленко
мен С. Ф. Олейник еді. Олардың айтуларына карагаңда, санагенездің көптеген
механизмі арнаулы түрде жүргізілген жаттығулардың нәтижесідце қарқыңды
түрде дами түседі деді. Ағза түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұра алатынын
олар жазды.
Кейінгі кезде ағзалардың неше турлі дерггерге қарсы түратыны, туа пайда
болатын иммунитеттен болатыны байқадды.
И.И.Брехманның айтуына карағанда саналогия - ағзалардың дерттсрдсн
айығуы туралы ғылым деді. Оны денсаулық туралы ғылым деп есептеуге
болмайды.
Сондықтан да валеология медицина ғылымының негізінде бірақ,
валеология жеке дара ғылымекені кейінгі кезде дәлелдене түсті.
Валеологиялық мәселелерді ойдағыдай шешу үшін экология, медицина басқа
ғылымдар интегративті түрде болуы керек.
Валеологая ғылымының өзінс тән категориясы және негізгі
зсртгсйтін міндеттері бар. Олар:
1) адамның денсаулығының қалай сақталуын білу;
2) актуальдылығы жөнс потенциалды мүмкіидігін анықтау;
3) денсаулықтың сакталу факторларын зерітттеу.
Осы және басқадай мәселелерді шешу үшін өмір сүрудің сапасы
салаауаттық
өмір сүру салты зерттеп шешуге болады.
Валеология - биология ғьлымдарымсн салыстырғанда жас ғылым.
Оны зертгейтін мамандар көп емес. Денсаулықтың сақталуының нсгізі
неге байланысты екені әлі де болса толығымен анықтала қойған
жоқ.
Оның анықтау ғылыми зертгеулер жүргізілуі қажет.
Валеологияның интегративтілігі ғыльмдардың бірімен-бірінің
байланыстылығында. Ғылымньң байланыстылығы адам денсаулығын күшейтеді.
Экология айналаны қоршаған сыртқы ортамен тірі ағзалардың қарым-
қатынастарын зерттейтін ғылым. Ол айналаны қоршаған сырткы орта
факгорларының денсаулыкқа тигізетін әсерін анықтайды. Ал физиология -
ағзада өтетін физиологиялық үрдістерді, олардың денсаулықтағы маңызын
анықтайды. Адамиың ішкі жағдайын
зерттеп, сипатгама береді.
Ағзаға этапты түрде жас ерекшелігіне қарай анықгама береді. Дәрігерлер
дені сау адамның параметрін анықтайды. Ауруды емдейді, аурудың алдын алады.
Ауырмаудың жолын көрсетеді. Осыған орай медицина ауруды емдейтін мексме
болып санаймыз. Жас жеткіншектерді аурудан сақтандыру тек дәрігерлердің
ғана жұмысы емес, сондай-ақ, бұл жұмысқа педагогтар да қатынасуы керек.
Педагогика тәрбие туралы ғылым. Тұлғаның қалыпты жағдайда өсуі мен дамуына
өз үлесін қосады. Жас адамдар күнделікті өмірде өз орнын тауып, белгілі бір
тіршілік стилін тауып өмір сүруі мүмкін.
Адамдар адекваггы тіршілік етуге қашанда дайын болуы керек.
Валеология денсаулық сақтау, салауутты өмір сүру салты ғылымы. И. И.
Брехман озінің еңбегінде бьлай деп жазды "Адам және биологиялық
белсенді заттар" деп аталатын кітапты ағылшын тіліне аударған
кезде, ол кітаптың алғы сөзінде " валеология денсаулық сақтау
ғылымы "-деп жазды.
Бұл ғылымың негін адам деисаулығы мен дені сау адам кұрайды деп
И.И.Брехман тұжырым жасаған. Валеология айналаны қоршаған сыртқы ортаның
факторлары адам денсаулығына қалай әсер ететінін карастырады. Сондай-ақ,
биоәлеуметтік жағдайдың денсаулыққа тигізетін әсерінде анықтайды..
Валеология медицина ғылымдарына біршама жақындасады.

3 ДЕНСАУЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ САҚТАУ.
"Дснсаулық - зор байлық" дейді қазақ. Халықтың денсаулығын сақтау
аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары мемлексттік, әлеуметтік,
экономикалық (нарықтық экономика — макроэкономика), медициналық және
биологиялық (физиологиялық) мәселе. Адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын
жақсарта беру, аурулардың алдын алу. Халықтың дене және рухани
күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін,
жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамаңдандылған медициналық көмек
көрсстуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса
маңызды міндеттерінің бірі. Бүл туралы біздің ата заңымызда
(конституциямызда) кең көлемде жазылған. Басқадай қаулы-қаралар жеткілікгі.
Сонымен 2002 жылы — денсаулық жылы деген атаудың өзінен аңғартады.
Елімізде денеаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министрлігі
айналысады. Облыстарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдсрі жүргізіп
отырады. Кейінгі кездс халықтьң денсаулығы өте нашарлап кетті. Оның ең
басты себептерінің бірі экологиялық жағдайларға байланысты. Қазақстан
жерінің экологиясы басқа мемлекеттермен салысгарғанда, өте нашарлап кетті.
Қазақстан Республикасыңда емдсу-пракгикалық мекемелер арқылы барлық
медициналық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік
бюджеттен арнаулы турде қаржы бөлініп отырады. Балалар дәрігерлік көмекті
балалар ауруханасы мен емханалардан тегін алады, ал 3 жасқа дсйінгі
балалар консультация орындарыньң бақылауында болады. Дснсаулық дегеніміз -
ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі. Айналаны
қоршаған сыртқы орта факгорлары әсерінен адамдардың денсаулығы
қалыптасып, ол дами түседі.

Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі
болды: Физикалық денсаулық - ағза жүйесімен органдардың өсу деңгейі.
Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер калайды. Олар
ағзаның бейімделу реакциясын қамтамассыз етеді.
2. Соматикалық денсаулық - Ол адам ағзасы мен органдарының
арасындағы биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының
биологиялык бағдарламасы реттейді.
3. Психикалық денсаулық - ол адамның психикалык, сфсрасының жағдайы.
Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау, адам өмірінің мақсатын
болжау, мүның бәрі биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктен туындайды.
Ағзасында функциялардың өздігінен ретгенуі, функциалық үрдістердің
келісімді түрде өтуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларынъң,
әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жатдайда болуы.
4. Рухани денсаулық - ол адамдардың информацияны кабылдау қабілеттілігі
мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы карым-қатынасгардың сипаттамасын
көрсетсді. Оның негізгі бағалық жүйесі индивидтердін қоғамдағы орны мсн
оның мотивті түрде орнығуын : баяндайды. Ол адамның көніл-күйін анықтайды.
Өйткені рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын ,
сүйіспеншілігін және жан дүниесінің сұлулығын көрсетеді.
Физикалық, соматикалық, психикалық және рухани денсаулықтардың
өздерінің жинақталған көрсеткіштері мен критерийлері болады.
Олар:
1. Соматикалық жөне физикалық денсаулықың критерийі мен бәрін "өзім
жасай аламын" деп көрсететін критерий;
2. Психикалық денсаулықтың, критерийі — маған қажет затгардың
бәрін "өзім тауып аламын";
3. Рухани денсаулықтың негзгі критерийі — мен "өзім жасауым керек".
Денсаулықты көрсететін негізгі белгілер;
1) Адам ағзаларында арнаулы (иммунды) жене арнаулы емес түрде пайда
болып қалыптасқан денсаулық және оны бұзатын факгорларға денсаулықтың қарсы
түра алатындығы;
2) Ағзаның өсуі мен дамуының көрсеткіші;

3) Ағзаның қор ретінде (резервте) жиналған және функционалдық
жағдайын сипаттайтын белгілер.

4) Әртүрлі дефектілерге байланысты дамымай калған немесе бір ауруларға
сәйкес денсаулыктьң, болмауы жәнс денсаулық деңгейі;
5) Моральді еріктің деңгейі және рухани-мотивациялық белгі.

Адамдардың денсаулығы неге байланысты болады дегсн сауалға келетін
болсақ, денсаулықты шартсыз түрдс 100 пайыз етіп алсақ, оның 20% тектік
факторларға, 20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық
факторлардың әсеріне, 10 - денсаулық сақтау жүйелерінің әлсәздігіне
байланысты болатыны анықталып отыр. Денсаулық сақтау жүйесі жақсы
түрде жұмыс істейтін болса, және дәрі-дәрмектер жеткілікті болса,
онда адамдардың денсаулығы артатүсетіні сөссіз. Неше түрліжұқпалы дертке
адам ағзасы қарсы тұра алады.
Өйткені адам ағзасы табиғаттың өзі ерекше жаратқан құбылысы.
Денсаулықтың 50%-і жақсы болуы адамдардыің өздеріне байланысты болатынын
медицина және биология ғылымдары ғълыми тұрғыдан дәлелдеп шықты. Көптеген
адамдар олардың ішіне жас жеткіншектер денсаулықтарын өздері бұзатыны
байқалып отыр. Олар: ішімдік ішу, есірткі олар есірткі заттар мен
айналысу, және токсикалық уларды иіскеу, немесе денелеріне жағумен
әуестену. Қандайда болмасын, олар адам өміріне өте қысқартып жіберетіні
сөсіз.

4 АҒЗАҒА ЗИЯН ЗАТТАРДАН ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ.

4.1 АЛКОЛЬ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ.

Тарихи деректерге қарағанда жүзім шырынынан алкоголь
алу сонау V -ҮІ ғасырларда болганы байқалады. Бұл үрдісті жүзеге
асырған көне араптар еді. Алкоголь ес ауыстыратын зат деген
мағына береді. Кейде алкоголь- рахаттану деген мағна береді.
Алгкоголь ағзаға қуат беретіні сөссіз. Нерв жүйесін қоздыратын
жасанды зат. Алкоголь миға бірнеше әсер етеді. Мида арнаулы
түрде тұйық шеңбер құрылады. Қолайсыз сезімдер пада болады.
Адам неше түрлі ойға батып, әргүрлі ауыр қылмыстар жасайды.
Әртүрлі ішімдіктерде алкоголь бір мөлшерде болмайды. Сырада орта
есеппеи алғанда — 3-6 %, Кейбір сыраларда бұдан да көп мөл шерде алкоголь-
спирт болуы мүмкін - 10- 17%, Шарапта — 10-14%.. виски, арақ, джин,
бренди, ром, конякта 40-50% болады.
Қандағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау ғылымы
Валеология -денсаулық ғылымы
Валеология ғылымы жайлы
Валеология - денсаулық туралы ғылым ретінде
Валеология салауатты өмір салты
Валеология – денсаулық туралы ғылым туралы ақпарат
Валеологиялық білім беру
Бастауыш мектеп оқушыларында валеологиялық мәдениет негіздерін қалыптастырудың жолдары
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Денсаулық адамның рухани байлығы
Пәндер