Дамыған елдердегi аралас экономика және сол туралы ғалымдарының iлiмдерi



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ТАРАУ. Дамыған елдердегi аралас экономика
және сол туралы ғалымдарының iлiмдерi ... ... ... ... ... ... ...6

2 ТАРАУ. Аралас экономиканың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.1. Аралас экономиканың белгiлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2. Аралас экономиканың ерекшелiктерi ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.3. Аралас экономиканы мемлекеттiк реттеу ... ... ... ... ... ... 13

3 ТАРАУ. Ғылыми.техникалық прогрестiң тигiзетiн әсерi ... ... ... 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24

Қолданылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту керек; жаңаның бәрi емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс түрінің біреуін басқасының ауыстыруы, бұл тауарлы өндірістiң заңы. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі - аралас экономика.
Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны білдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс - аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастардың бар екенін көрсетті, сөйтіп экономист ғылымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргiзудің екі түрі, аралас экономиканың алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардың бер жағын емес, ең тереңдігі шын нақты қатынастарды айкындайды.
1. Курс экономической теории: учебное пособие./под ред. Чепурина М.Н. Алматы, 1994. – 480 с.
2. Макконел Кэмпбелл Р., Брю Стэнли Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика. М., Республика, 2000.
3. Ребнев Л. С., Нуреев Р. М. Экономика: Курс основ.  М., 2000.
4. Словарь современных экономических и правовых терминов / Авт.-сост. В.Н. Шимов и др.; Под ред. В.Н. Шимова и В.С. Каменкова. – Мн.: Амалфея, 2002.
5. Экономика. Краткий словарь. – Ростов н/Д: Феникс, 2001. – 336 с. – (Словари XXI века).
6. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика: Учебник – МГУ: Дис, 1997.
7. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика: учебное пособие Алматы: Бiлiм, 1997.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ТАРАУ. Дамыған елдердегi аралас экономика
және сол туралы ғалымдарының iлiмдерi ... ... ... ... ... ... ...6

2 ТАРАУ. Аралас экономиканың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.1. Аралас экономиканың белгiлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2. Аралас экономиканың ерекшелiктерi ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.3. Аралас экономиканы мемлекеттiк реттеу ... ... ... ... ... ... 13

3 ТАРАУ. Ғылыми-техникалық прогрестiң тигiзетiн әсерi ... ... ... 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24

Қолданылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
Кiрiспе

Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап
өту керек; жаңаның бәрi емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс
түрінің біреуін басқасының ауыстыруы, бұл тауарлы өндірістiң заңы.
Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі - аралас экономика.
Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны
білдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс - аралас экономиканы сипаттайды, ол
бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек
сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастардың бар екенін көрсетті,
сөйтіп экономист ғылымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті,
содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргiзудің екі
түрі, аралас экономиканың алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын
өмірдегі қатынастардың бер жағын емес, ең тереңдігі шын нақты қатынастарды
айкындайды. Аралас экономика өзiнiң бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің
арасындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар арасындағы қатынастарды
емес, тіпті формациялар мен өндіріс арасындағы қатынастарды емес, ол бір
қоғамдық өндіріс түрінiң екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтаған.
Аралас экономикада ешкiмді, ештеңенi ешқандай қыстау, қинау жоқ. Мұнда
табиғи эволюция табиғи жолмен, біреулері жаңадан, бұрынғылары қоғамдық
өндіріс "ескертуімен" өзгерiп, жүріп отырады. Оның өтпелілігі мұндай жаңа
өндіріс әдісінің пiсiп-жетiлуiнде, бірақ бұл бір өндіріс әдісінiң
екіншісіне өту кезеңі емес.
Мұндағы процестер өте күрделі, өйткені заңдылықтарды қалыптастыру
бұрынғылардың модификациялануы мен жаңалануы, мәндік қатынастары өзгерген
түрлері туралы сөз болып отыр.
Қазақстанда және басқа да тәуелсiз мемлекеттер қатарында әмiршiлдiк
экономикадан нарыққа өту кезеңiнде мүлде басқа жағдай қалыптасуда,
экономикадағы мемлекет рөлiнiң басымдалағы бiзге өткен күннен мұра болып
қалды, нарқы одан бiртiндеп босатып, өзiн-өзi реттеу механизмiн енгiзу үшiн
тұтас реформалар бағдарламасын қабылдау қажет. Қазақстан экономикасының
дамуының өткен жолы бiздiң мемлекетiмiздiң объективтi заңдылықтары мен
ерекшелiктерi аса мол күштi және өндiрiстi ұйымдастырудың таза нарықтық
үлгiсiне көшу үшiн, ұзақ тұрақтандыру қажет ететiндiгiн айқын көрсетiп
отыр. Бұл орайда соңғы 10-жылдықта экономика саласында маңызды нәтижеге қол
жеткiзген басқа елдердлiң тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру
тәжiрибелерiн есепке алу шарт. Сонымен қатар, экономикада ұлттық дәстүрдi,
Қазақстанның халықаралық нарықтағы болашағы мен қазiргi жағдайын есепке
алмай басқа бiр елде тәжiрибеденг өтькен жалпы схемамен iс-әрекет жасауға
әсте болмайды. Бiр әлеуметтiк-экономикалық жүйеден басқасына ауысу тек
ұйымдастыру шараларын ғана талап етiп қоймайды, мемлекет азаматтарыың
қоғамдық санасының түбегейлi өзгеруiн, меншiк саласында жаңа қарым-
қатынастардың қалыптасуын және iлкiмдi адамдардың тұтас тобының пайдав
болуын талап етедi. Осының бәрi табиғи түрде жүзеге аспаса, қоғамның барлық
саласында жаңа нарықтық қарым-қатынас қалыптаспаса, бiздiң бiр жүйеден
екнiшi жүйеге ауысу кезiнде тұрғанымыз. Қазiргi кезде Қазақстан үкiметi
нарықтық қарым-қатынастарға кедергi жасамастан қоғамның әлеуметтiк-саяси
және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты белсендi де,
мақсатты саясат жүргiзуде.
Егер Қазақстан экономикасын бүгiнгi әлемдiк қауымдастықтағы қазiргi
үлгiмен егжей-тегжейлi салыстырсақ, онда маңызды айырмашылықтың бiрi
өндiрiс құрыл-жабдықтарын жеке иемденетiн адамдар тобының аз екендiгiне көз
жеткiземiз. Сондықтан да экономикалық реформа бағдарламасында мемлекеттiк
меншiктi бiрте-бiрте азаматтар қолына көшiретiн кең көлемдi жеке меншiктеу
ерекше орын алады.
Қазiргi кезде қазақстандағы экономиканың дерлiк толығымен, нарыққа өту
жағдайларында үкiмет алдында түрған басты проблема бүкiл дерлiк ұлттық
байлықтың мемлекет меншiгiнде болып отырғандығында.
Яғни республикада нарықтық қатынастар дамуының қазiргi кезеңiне
барынша тән ерекшелiктер мiне, осындай. Оларға жан-жақты баға берiлдi деген
ойдан аулақ бола отырып, ең алдымен нарықтық қатынастар механизмiн
белгiлеуде принциптi позициялар ұқсастығын атап өту қажет. Осы салада
ғылыми және практикалық тәжiрибе алмасудың республикада өтпелi кезең
мiндеттерiн шешу үшiн пайдалы болатыны күмәнсiз.

І ТАРАУ. ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДЕГI АРАЛАС ЭКОНОМИКА ТУРАЛЫ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ
IЛIМДЕРI
Әр түрлі елдердiң қазіргі экономикасын аралас зкономика деп сипаттауға
болады, бірак АҚШ-тың немесе ГФР-ның экономикасын өтпелі деп айтуға
келмейдi. АҚШ-тың, ГФР-ның экономикасы өз бойына тауарлы және ұжымдық
қатынастардың заңдылықтарын жинақтағанымен, оларда туып келе жаткан
қоғамдық-экономикалық кұрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан,
бiз АҚШ-тың немесе ГФР-нің экономикасын өтпелі экономика дей алмаймыз. Жаңа
экономмкалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінсіз өз бетімен
дамитын ерекше эмбрион сияқты. Зерделеп отырған құбылыстың белгілерін атау
қиын емес, өйткені оларды бұрынғы ғалым-экономистер өз түсiнiгi бойынша
айқындайды. Ғылыми әдебиетте олар монополистік капиталлизмнің немесе
индустриалды қоғамның, болмаса басқа бір концепцияның белгiлi сипаттары
ретінде көрінеді. Осы алғы шарттар аралас ұғымын анықтайды және оның
мынадай белгілерін атап өтуге болады. Алдымен аралас экономика өндірістегі
тауарлы және ұжымдық өндірістің барлығын, оларға тән заңдар, заңдылықтар
мен қатынастарды сипаттайды. Аралас экономика нақтылы экономикалық
шындықтың құн заңы мен жоспарлылық заңының әрекетін білдіреді. Олар туралы
Дж. Гэлбрейт "Нарықтық қатынастар кейбір жоспарлау жолымен модификацияланып
отыру тиіс" деп жазды. Проблеманың осы жағына назар аударуды Ч. Макмиллан
жақтап Линбломның мына сөздерін келтіреді: "Дәстүрлі экономикалық теорияның
ең үлкен қателіктерінің бірі - бизнесмендерді қорғаушы күш қызмет
көрсетумен тауарларды сату, ал нарықтық экономикадағы өндірістерді
дамытудагы бірден-бір мүдде сатып алу мен сату қатынастары. Мұнда күмәнді
ірге тасты өндіріс жүйесі қызмет істей алмайды. Оның дамуы үшiн мемлекеттік
реттеуді енгізу керек". Жоспарлылық пен құнның модификацияланған түрлері
әлі де болса ұжымдық өндірістiң экономикасында классикалық тауар
өндірісінiң жоқтығын білдіреді.

ІІ ТАРАУ. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ

Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны
білдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс - аралас экономиканы сипаттайды, ол
бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек
сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастардың бар екенін көрсетті,
сөйтіп экономист ғылымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті,
содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргiзудің екі
түрі, аралас экономиканың алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын
өмірдегі қатынастардың бер жағын емес, ең тереңдігі шын нақты қатынастарды
айкындайды. Аралас экономика өзiнiң бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің
арассындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар арасындағы
қатынасгарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс арасындағы қатынастарды
емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінiң екіншісімен ауысу қатынастарын
жинақтаған. Аралас экономикада ешкiмді, ештеңенi ешқандай қыстау, қинау
жоқ. Мұнда табиғи эволюция табиғи жолмен, біреулері жаңадан, бұрынғылары
қоғамдық өндіріс "ескертуімен" өзгерiп, жүріп отырады. Оның өтпелілігі
мұндай жаңа өндіріс әдісінің пiсiп-жетiлуiнде, бірақ бұл бір өндіріс
әдісінiң екіншісіне өту кезеңі емес. Мұндағы процестер өте күрделі, өйткені
заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңалануы,
мәндік қатынастары өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр. Бұлар жөнiнде
өтпелі кезеңде айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы түрдегі процестерді
өзіне қабылдамайды және адекватты материалдық-техникалық база жасалган
кезге қамтымайды.
Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап
өту керек; жаңаның бәрi емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс
түрінің біреуін басқасының ауыстыруы, бұл тауарлы өндірістiң заңы.
Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі - аралас экономика. Аралас
экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелi экономика
формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.

2.1. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ БЕЛГIЛЕРI

Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырған өндіргіш күштердiң
өсуі азамат коғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының қатпарларына да
терең өзгерістер туғызады. Бұл процестің белгілері Ресей ғалымдарын
мынандай қорытындыға итермелейдi: "Мүмкін соғыстан кейінгі тарихқа тән
жалпы адамзат құрылымның интенсивті күшеюі, өркениеттің жаңа өтудің күәсі
болар... ол экономикалық тиімділiкгі түсінгені iзгiлiкпен қосуға
бағытталган" мәселенің бұл қойылысында қазіргі дүниедегі өзгерісті, мәнді
мойындау бар.
Екінші жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс
түріндегі өзгерістерді көшіруге болмайды. Олар жай ғана модификация емес,
басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу ірі
өнеркәсiптің нәтижесі, содан кейін қоғамдық өндiрiстiң индустриаландыруы
капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістiң өмірге объективті келуін
қамтамасыз етті. Нәтижесiнде өмірге, қоғамдық машинаға сүйеніп өз бойына
қарама-қарсы екі тенденция қосады, кәсіпорындар мен өндіріс салаларының
оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық
қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастардың қоғамдық
өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысып өтпелі жағдайын білдіреді.
Қоғамдық өндiрiстiң бұл өтпелі жағдайы нарық қатынас дамуының жаңа сатысын
- аралас экономиканы туғызады.
Тауарлы өндiрiс - аралас экономика, өйткенi мұнда ұжымдық өндiрiс
қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика
қызметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық
өндірiстiң заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық
қатынастар дамуының табиғи-тарихи процесі меншіктің түрлi формаларының
басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсiлi табиғи жолмен басқа
тәсiлiне ауысып отырады.
Аралас экономиканы түрлі өндіріс әдістері арасындағы кедергі, ол
мемлекеттік жеке кәсіпкерлер ісіне араласуынан болады деп қарамау керек.
Аралас экономиканы көп укладтылықпен теңестіру де қате көзқарас. Әр түрлі
укладтар түрлі дамыған өндiрiс әдiстерiнде болады. Айталық, дамыған
капитализмде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлық шаруашылықтың
қалдықтары болды; бірақ осының себебінен капиталистiк өндірістік
қатынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу тауарлы өндірістің
капитализмді туғызғанымен бірдей, керісінше емес. Аралас экономиканы
формациялық емес деп қарау да күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық өндіріспен
ұштасады, оған маркстік-лениндік формация жүйесінде орын табылмағаны
белгілі. Шын мәнінде бұл көзқарас қоғамдық қатынастарға үстірт қараудан
шығады. Егер бұл құбылыс капитализм де емес, социализм де емес десек, онда
ол информациялық құбылыс бола алмайды. Мұндай көзқарас қоғамдық даму
барысындағы процестерді көрсете алмайды.

2.2. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

Аралас экономиканың алғашқы көрінісі - экономика реттеудің мемлекеттiң
араласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттiң экономикалық қызметінің күшеюінен
көрінеді. Бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны
ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т.б шаралар кіреді. Аралас
экономикаға тән белгінің бірі - мемлекетпен бизнестің өзара байланысы.
Бірақ мұнда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар, ол әр
түрлі өнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін бiлдiрiп, қоғамдық
өндірісті біртұтас өзара байланыстың түрлерi мен саяси лоббизм жолымен
реттеуге қатысады.
Аралас экономиканың басты белгісі - мемлекеттік меншiк. Айталык, жеке
сектордың қолынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе темір жол транспортында,
атом энергетикасында, космостық техникада игеруде ерекше бiлiнеді. Қазіргі
ондірістің бұл салалары тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қана
қоймай, сонымен қатар қоғамның барлық күш-жігерiн қажет етеді. Олар өз
кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай тікелей ықпал жасайды.
Мемлекеттік меншіктің пайда болуы - тауар қатынастарында жаңа лептің,
ұжымдық өндірістің үстемдiгін сипаттайды. Аралас экономикаға меншіктің көп
түрлiлiгi тән, мұнда жеке-дара ұжымдық мешінктің түрі олардың негізі болып,
басқа түрлерінің пайда болуына әсер етеді. Аралас экономиканың маңызды бір
белгісі құндық және жоспарлылық тұтқалар арқылы реттеу. Оларды қолдану
баскарудың мемлекеттік және басқа да органдарда жүреді, бұлар кеңістік және
консультация немесе зерттеу сипатында болады. Өнеркәсіп органдарын
сәйкестендiретiн мемлекеттік жоспарлау органдары Жапониядағы индустриалды
құрылысының кеңесі сияқты стратегиялық жоспарлау принципі негізінде
"тұрақтандыру саясатына салық, ақша және сауда құралдары экономикалық
белсенділікті реттеу үшін қолданылуы".
Жапония аталған шаралардан басқаларын да жүргізеді. Олар: "бүкіл
экономика үшін ұзақ мерзiмдi индустриалдық құрылымды жан-жақты жасайды. Бұл
құрылымдар әлем экономикасында әрекет ететін нарықтық күштермен
анықталады". Жапонияның, мысалы, индустриалдық дамуы жоғары және
посиндустриалдық жағдайына көшуі анығырақ болған сайын экономикада
жоспарлылық та жоғары болады. Әр түрлі мемлекеттік құрылымдарда олар түрлі
көріністер табады.
Аралас экономиканың мәнді бір сипаты - микро-макро деңгейіндегі
экономикалық процестерді ұйымдастырудың, баскарудың ролінің артуы.
Ұйымдастыру қатынастары ролінің артуы тек қана техникалық себептерден емес,
алдымен экономикалық процестердiң салдарынан болады. Қарастырып отырған
аралас экономиканың белгiлерінің тағы бір жағы жекеленген кәсіпорындардың
трест, концернге, диверсификацияланған кәсіпорындарға, фирмаларға ауысуы.
Олар микро деңгейдегі ұйымдастыру мен басқару қызметін түбірінен өзгертеді.
Ірі кәсіпорындардыц көлемі, олардың өндірістік тұтынуы, транспорттық және
ақпарат мүмкіндiктерiне қарап өкім шығаруы - бәрі баға белгілеуге,
сұранысты, ұсынысты бақылауға, нарықтық берекетсіздігін жоюға жағдай
жасайды, еркін бәсеке дәуіріне тән қиындықтарды жеңуге көмектеседі.
Аралас экономиканы қазіргі қоғамның индустриалдық даму дәуiрiндегi
экономикалық жүйе сипаттайды, оған белгілi бір заңдылықтар тән. Ол
заңдылықтар тауарлы және ұжымдық өндірістің заңдарына тәуелді. Аралас
экономика шаруашылықты жүргізу жүйесі ретiнде пайда болып, тек қана ұжымдық
өндірісті дамытып қана қоймайды, ең алдымен тауарлы қатынастар жүйесін
тереңдете түседі. Бұл шеңбердiң ұлғаюы тауарлы қатынастардың жер шарындағы
көптеген елдерді қамтуынан айқын білінеді. Олар тауар эаңдылықтарының
дамуынан, оның заңдары әрекетінiң күрделенуімен, элементтерінiң жаңа
түрлерінен көрінеді және олар ұжымдық өндірістің тең заңдылықтары болып
табылады.

2.3. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

Экономика өзiмен-өзi бола алмайды деп санаған Джон М.Кейнс. Ортақ
ерiктi бiлдiрiтетiн экономикалық саясат – бұл тәуелсiз айнымалыларға:
тұтынуға бейiмдiлiк, капиталдың шектi тиiмдiлiгi және пайыз мөлшерi, ал ол
арқылы жұмыспен қамтылуға және ұлттық табысқа әсер ету үшiн құрылған
мемлекеттiк реттеу. Кейнс ақша-несие және салық саясатына iш тартады, ал
мемлекеттендiруге скептикалық түрде қарайды.
Мильтон Фридмен жағымды экономикалық бiлiмдердi нормативтi саяси iс-
әрекет құрылатын iргетас ретiнде бағалайды. Саясат әсiресе шешiм қабылдауда
ғылымнан гөрi өнерге жатады.
Вальтер Ойкен экономикалқы саясатты экономикалық үрдiстерге әсер ететiн
мемлкеттiк шаралардың жиынтығы ретiнде түсiнген. Экономикалық саясаттың
шешушi мақсаты қажетсiз, қатерлi тенденциялардың пайда болуына әкелмейтiн
жағдайларды туғызудан тұрады деп көрсеткенг В.Ойкен.
Авторитарлық тәртiп тәуелсiз нарықтық саясатын жүзеге асыра алатындығы
туралы мифтi туғызған чилилiк тәжiрибе, ереженi растайтын ерекшелiк болыр
табылады. Диктатура нарықтық жүйеге қайшы келедi, өйткенi бiрiншiсi
көндiруге, екiншiсi ерiктiлiкке негiзделедi. ХVII ғ. меркантилистерi –
нормативтi экономикалық теорияның пионерлерi, үкiмет жағынан жете басқару
шаруашылық аймақта тәртiптi қамтамасыз етуi мүмкiн деп жазды. Олар
мемлекеттiк басқару әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қамтамасыз ететiн құрал деп
таныды.
ХХ ғасыр мемлекеттiң экономикаға қатысуының жаппай дерлiк нығаюымен
белгiленген болатын.
ХIХ ғ. екiншi жартысынан ұлттық өндiрiс бұрын-соңд болмаған масштабқа
жеттi. Ғасырдың соңы ғылыми-техникалық дамудағы жарылыспен, өрлеумен және
бiрқатар жаңа салалардың пайда болуымен, яғни қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң
тереңдеуiмен байланысты. Осы жағдайлардың бәрi үйлестiруде, пропорционалды
макродеңгейде ұстауда, антициклдiк реттеуде сұранысты туғызды.
Монополиялық құрылымдардың жағынан: картель, синдикат, олигополиялардың
нарыққа басып кiруi басталды. Осы жағдайларда бәсекелестiктi қамтамасыз ету
үшiн антимонополиялық заңдарды шығару және оларды мемлкеттiк құралдармен
iске асыру қажет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жүйелер
Дін және мәдениет
Экономикалық жүйе: мәні, түрлері және көрсеткіштері
Кәсіпорынның миллиондаған пайдалары
Ежелгі Грекия мен Римдегі саяси идеялар
Дамыған елдердегі менеджменттің негізгі концепциялары
Мәдениет аясындағы философияның тарихи типтері
Жаһандану. Глобалдық мәселелер философиясы
Шағын кәсіпкерлікті басқару
Дағдарыс жағдайында мемлекеттік реттеу
Пәндер