ОҚО-ның кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің Қазақстан \Республикасына индустриалық-инновациялық 2003-2015 жж даму стратегиясы


МАЗМҰНЫ
3. 1. 1 Шағын және орта кәсiпкерлiктiң қазiргi жағдайы
мен дамуын талдау . . .
3. 1. 3 Бағдарламаны iске асырудың негiзгі бағыттары
және тетiктерi . . .
Облыс әкімдігінің
2006 жылғы 24 қаңтардағы
№45 қаулысымен бекітілді.
«Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
1. «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» (бұдан әрі «Департамент») мемлекеттік мекемесі заңды тұлға мәртебесіне ие, өз құзыретінің шегінде өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес мемлекеттік басқару органы болып табылады.
2. «Департамент» облыс әкімдігінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы №1 қаулымен құрылған.
3. «Департамент» өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің шешімдеріне және өкімдеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Департаменттің» құрылтайшысы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі болып табылады.
5. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 16, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 5 үй.
6. Департаменттің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
1. 1 Негізгі міндеттері
14. «Департаменттің» негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдерін және өкімдерін іске асыру және олардың орындалу барысын бақылау;
2) индустриялық-инновациялық даму стратегиясының орындалу барысын үйлестіру, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туристік қызмет салаларында тұжырымдамалар, өңірлік бағдарламалар, негізгі бағыттар әзірлеу және жүзеге асыру;
3) өз құзыреті шегінде өнеркәсіпті, кәсіпкерлікті және туристік қызметті дамытудың салалық, өңірлік бағдарламалары аясында инвестициялық жобаларды несиелеуде ықпал көрсету;
4) өнеркәсіп пен кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді іске асыруға бағытталған шаралар әзірлеу және жүзеге асыру;
5) туристік қызметті дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру, оның ішінде белгіленген тәртіпте туристік қызмет сапасын жоғарылату және оның инфрақұрылымын нығайту арқылы туризм индустриясының бәсекелестікке қабілеттілігін дамытуға жағдай жасау;
6) өз құзыреті шегінде жекелеген қызмет және қызмет көрсету түрлерін лицензиялау функцияларын іске асыру;
7) тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқа және орта мерзімдік кезеңіне арналған стратегиялық және индикативтік бағдарламаларын әзірлеу;
8) өз құзыреті шегінле облыстың аудандары мен қалаларының әкімдерімен бірлесіп, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туризм салаларындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қызметін үйлестіру және өзара іс-әрекет жасау бойынша іс-шаралар әзірлеу;
9) Қызмет көрсету, кәсіпкерлік және туристік қызмет саласын дамытушы, өнеркәсіп тауарлары, халық тұтыну тауарларын өндірумен және әзірлеумен шұғылданатын қауымдастықтардың, консорциумдардың, акционерлік қоғамдардың, шаруашылық серіктестіктерінің және басқа ұйымдардың қызметіне өз құзыретінің шегінде ықпал ету;
10) өнеркәсіп, кәсіпкерлік, туризм ұйымдары мен мекемелерінің тұрақты қызмет етулеріне ықпал ету;
11) Қазақстан Республикасының, ТМД мемлекеттерінің, таяу және қиыр шетелдердің деңгейінде заңмен белгіленген тәртіпте шаруашылық және ғылыми-техникалық байланыстар үшін қолайлы жағдай жасауға көмек көрсету;
12) өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туризм салаларына инвестициялар тартуға ықпал ету, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық және инновациялық жобалар тізіміне ұсыныстар енгізу, ішкі инвестициялық саясатты іске асыруға, сонымен бірге шетелдік инвестициялау процестеріне қатысу.
1. 2 Функциялары
15. Департамент өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
2) өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының ғылыми даму ұйымдарымен және институттарымен өзара іс-әрекеттерін нығайту жөнінде іс-шаралар өткізу;
3) мемлекеттік, облыстық және салалық даму бағдарламалары шегінде жаңа технологиялық құрылысты енгізу, өнеркәсіп саласындағы жаңа, қайта өңдеуді игеру, ғылымды көп қажет ететін, ресурстарды үнемдейтін және экологиялық таза технологиялар мен құрал-жабдықтарды жасау жөніндегі инновациялық процестерді жылдамдатуға көмек көрсету;
4) облыс өнеркәсібінің өндірістік әлеуетін қолдану тиімділігін арттыру, бәсекелестікке қабілетті өнімдерді шығаруды көбейту шараларын дайындау және іске асыру;
5) жекелеген салалар және салалық кластерді дамытуға ықпал ету;
6) құрылыс индустриясы кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру, осы саланы дамытуға ықпал ету;
7) заң актілерімен берілген құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар өткізу үшін берілген жер және су учаскелерін қорғауға, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауіпсіздік ережелерін сақталуына, археологиялық ескерткіштер мен басқа да тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауына бақылау жасауды жүзеге асыру;
8) келісім шарт жасасу барысында облыс халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерін сақтауға байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен өтетін келіссөздерге қатысу;
9) жер қойнауын пайдаланушылардың келісім шарттық міндеттемелерді қазақстандық мазмұны және облыс аумағын әлеуметтік дамыту бөлігінде орындауларына мониторинг жүргізуге қатысу;
10) келісім шартпен байланысты жолай қызмет үшін немесе жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу барысында келісім шарттық негізде сатып алу үшін қазақстандық тауар өндірушілер мен Қазақстанда шығарылған тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің мемлекеттік тізіміне енгізуге жататын және мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес тауар өндіруші, жұмыс пен қызмет көрсетуші облыста тіркелген ұйымдар бойынша мәліметтер регистрін құрастыруды жүзеге асыру;
11) кең тараған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және бірлесіп барлау жөніндегі материалдарды дайындау;
12) ғылыми, тарихи-мәдени және эстетикалық маңызы бар жер қойнауын пайдалануға байланысты объектілерді құру мен сақтауға ықпал ету;
13) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына жататын, ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және басқа құндылықтарға ие жер қойнауы учаскелерінің және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізімін құзыретті орталық атқарушы органдардың келісімімен бекіту үшін ұсыныстар дайындау және енгізу;
14) өз өкілеттігінің шегінде өңірлік инновациялық бағдарламалар дайындау және жүзеге асыру, оларды құқықтық, ұйымдастырушылық және басқа қолдаумен қамтамасыз ету;
15) инновациялық қызметтің инновациялары мен мамандырылған субъектілерін құруға қатысу;
16) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру;
17) өз құзыретінің шегінде жергілікті жерлерде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен сапалы жүзеге асуын қамтамасыз ету және ол үшін жауапты болу;
18) шағын кәсіпкерлік пен инновациялық қызметті қолдаудың өңірлік инфрақұрылымын қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз ету;
19) Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асырушы уәкілетті органына шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне байланысты өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы есептерді және басқа ақпараттарды ұсыну;
20) шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғауға бағытталған қызметті атқаратын қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-әрекеттерді жүзеге асыру;
21) халықты жұмыспен қамтуды молайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;
22) туризмді дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және орындау;
23) жергілікті туристік ресурстарды қорғау бойынша шаралар әзірлеу және енгізу;
24) тиісті аумақтағы туристік қызмет рыногын талдау;
25) тиісті аумақта туризмнің дамуына талдау жасау және ол туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну;
26) туристік қызметтер мен туризм объектілерін жарнамалау, туристік ақпараттар ұсыну;
27) туристік ақпараттық орталықтар құруға қатысу;
28) балалар мен жастарға арналған лагерлердің қызметіне жәрдем көрсету;
29) туристік қызмет субъектілеріне олардың қызметін ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;
30) берілген құзыреттің шегінде қызмет түрлері бойынша Лицензиялар қызметін жүзеге асыру:
31) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру;
1. 3 Құқықтары
16. Өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін «Департамент» өз құзыретінің шегінде мына төмендегілерге құқылы:
1) өнеркәсіп, кәсіпкерлік, туристік қызмет салаларының даму басымдықтарының негізгі бағыттары бойынша облыс әкіміне, Қазақстан Республикасының тиісті орталық атқарушы органдарына ұсыныстар енгізуге;
2) «Департаментке» жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан, мекемелерден және басқа ұйымдардан, облыс аудандары мен қалаларының жергілікті атқарушы органдарынан қажетті ақпараттар мен мәліметтер сұратуға және алуға;
3) басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп өнеркәсіп кәсіпорындарын экономикалық сауықтыру шараларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысуға;
4) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламалары мен жоспарларын түзуге, сондай-ақ «Департаменттің» құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша облыс әкімдігінің қаулысы және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындауға қатысу;
7) заңмен белгіленген тәртіпте және өз құзыретінің шегінде өнеркәсіп, кәсіпкерлік кәсіпорындары жұмысының және туристік қызмет мәселелері бойынша келіссөздер жүргізуге, келісімдер мен басқа заң актілеріне қол қоюға;
8) салааралық сипаттағы мәселелерді облыстық деңгейде шешу үшін «Департамент» жанынан комиссия мен топтар ұйымдастыруға;
9) «Департаменттің» құзыретіне жататын мәселелерді шешу және «Департаменттің» алдына қойылған міндеттерді орындау бойынша жұмыстарды жақсарту және жетілдіру жөніндегі мәселелер мен ұсыныстарды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәжілістеріне енгізуге;
11) «Департамент» Қазақстан Республикасы заңнамасымен және осы Ережемен белгіленген басқа да құқықтарды пайдаланады.
Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мемлекеттік мекемесінің штат құрылымы
2. ОҚО-ның кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің Қазақстан Республикасына индустриалық-инновациялық 2003-2015 жж даму Стратегиясын орындауы
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясында жаңа технологиялық өндірістерге, жаңа жұмыс орындарын құруға бағдарланған шағын кәсіпкерлікті дамыту есебінен «орташа тапты» қалыптастыруға бағытталған.
Облысымызда стратегияны орындау қолданыстағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, оның іске асырылуы жөнінде іс-шаралар жоспарлары арқылы жүзеге асырылуды. Осы мақсатта Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы қабылданды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты жалпы аймақтық өнім құрылымында шағын және орта кәсіпкерлік үлесін жоғарылату. Жаңа жұмыс орындарын ашу және несилендіру жүйесін жақсарту жолымен халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, барлық деңгейдегі бюджеттер үшін салық базасын ұлғайту және кәсіпкерлікті одан әрі кең көлемде дамыту арқылы тұрғындардың әл-ауқатын және өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады.
Сонымен қатар, осы саланы дамытуда кәсіпкерліктің өндіріс секторын басым түрде дамыту, ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік емес инститтардың тиімділігін арттыру міндеттемелері қойылды.
Аймақтық бағдарламада көрсетілген іс-шаралардың жүзеге асырылуы нәтижесінде 2005 жылы облыс бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 115, 4 мың бірлікті құрады, оның ішінде жеке тұлғалар мен шаруа қожалықтарының саны 102, 3 мың бірлікті құрап, онда 247, 9 мың адам жұмыспен қамтылған. 2004 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кәсіпкерлік субъектілерінің саны 0, 5 пайызға өсіп, Бағдарламадағы межеден 15, 4 мың бірлікке артты. Тіркелген кәсіпорындың 111, 1 бірлігі жұмыс істеп тұрғандар немесе 96, 2 пайызын құрайды.
Кәсіпкерлік субъектілерінің 13, 9 мың бірлігі заңды тұлға ретінде тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандардың саны 9, 6 мың бірлік және онда 65, 5 мың адам жұмыспен қамтылған. 2005 жылы шағын бизнес саласында барлығы 314, 4 мың адам жұмыс атқарды, бұл көрсеткіш 2004 жылмен салыстырғанда 0, 7 пайызға өсіп, Бағдарламада жоспарланған межеден 14, 4 мың адамға артық. Ал, облыс бойынша экономикалық белсенді халықтың 30 пайызын құрайды.
Алдын ала деректер бойынша 2005 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілері 119, 0 млрд. теңгенің өнімін (жұмысы, қызметі) өндірген немесе өткен 2004 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1, 2 пайызға өскен, бұл Бағдарламада жоспарланған межеден 47, 1 пайызға артық.
Облыста заңды тұлға ретінде 2005 жылы 1693 кәсіпорын құрылып, 3212 жаңа жұмыс орны ашылып, Бағдарламадағы жоспарланған межеден 11 пайызға артқан. Шағын бизнестегі құрылымдық бірліктер санының едәуір өсуі ауыл шаруашылық, сауда және құрылыс салаларында жаңа кәсіпорындардың ашылуына байланысты, болып отыр.
2005 жылы ішінде кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай қолдау 3 деңгейде - екінші дәрежелі банктер, қоғамдық қорлармен, микрокредиттік ұйымдар және облыстық бюджет арқылы жүргізілді.
2003-2005 жылдар аралығында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында облыстық бюджетте «Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін кредиттеу» бағдарламасы бойынша 134, 0 млн. теңге көлемінде кредит қаражаттары кәсіпкерлік құрылымдарына бөлініп толығымен игерілді.
2003-2005 жылдары шағын бизнес кәсіпкерлеріне мемлекеттік емес ұйымдардан берілген кредиттік қаражаттар
Жоғарыда көрсетілгендей мемлекеттік емес ұйымдардың кейінгі жылдары шағын бизнесті қолдауға бағытталған кредит қаражаттарының қарқынды динамикасы байқалады.
Микрокредиттік бағдарламаны кеңейту және механизімін өрістетіп дамыту үшін дөңгелек үстелдер, тренинг, семинарлар өткізілді . Айта кетсек, 2004 жылдың 24-27 наурызында “Евразия ” Қорымен және Алматылық банк оқу орталығымен бірлескен “Микроқаржылық ұйымдарының клиенттерін бағалау” атты семинар өткізілді. Облыстағы 16 микрокредиттік ұйымдарының және мемлекеттік органдарының 30 өкілдері шақырылып оқытылды. Нәтижесінде облыстағы микрокредиттік ұйымдардың саны 2003 жылмен салыстырғанда 48 пайызға өсті. Қазіргі таңда облыста 77 микрокредиттік ұйымдар тіркелген.
“Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ Аймақтық филиалы 2005 жыл бойы микрокредиттік ұйымдарға арналған “Қаржыландырудың негізгі принципі мен механизімдерімен таныстыру” атты дөңгелек үстел және осы мәселе бойынша облыстың 8 қаласында кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді. Сонымен бірге, қорда кәсіпкерлерге бизнес жобаны жасау, құжаттарды рәсімдеу және заңдық мәселелері бойынша тұрақты консультациялар беріледі.
Елбасымыздың 2005 жылы 18 ақпанындағы халыққа жолдаған Жолдауында “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ “үлкен қаржылық маркетке” айналуға тиіс екендігі ерекше аталып өткен, бұл мәселе департамент тарапынан өз шешімін табуда, аталған Қормен өз ара ықпалдасу жұмысын әрі қарай жүргізіп, кәсіпкерлерлікті қолдаудағы мемлекеттік саясатты орындау мақсатында 2005 жылдың 1 желтоқсанында Департаментпен Қор арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Меморандумда кәсіпкерлерге арналған насихаттау, ақпаратпен қамтамасыз етумен, оқыту мен семинарларды өткізу, құқықтық қорғау және кеңес беру, облыс экономикасына тиімді жобаларды бірлесіп іріктеу жұмыстарымен т. б. мәселелерін тиімді шешу жолдары қарастырылған.
Ірі, орта және шағын кәсіпорындар арасында кооперациялық байланыстарды қамтамасыз етуге, облыстың ірі және орта кәсіпорындары үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлар өндірісін ұйымдастыру бойынша облыстағы халық тұтынатын күнделікті тауарларға мониторинг жүргізіліп, оның 74% астамы шетелден келетіндігі анықталды. Аймақ деңгейінде шығаруға болатын тауардың түрлері топтастырылды. Облыс теледидары және БАҚ арқылы жарнама беріліп, осы мәселемен айналысатын кәсіпкерлердің тізімі жасақталды.
Халық тұтынатын тауарларды шығаруға қызығушылық білдірген кәсіпкерлер бойынша сараптама жасап оларды үш топқа бөлді: жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді әрі қарай дамыту; кәсіпкерлік қызметін енді ұйымдастыратын тауарөндірушілерді; мүмкіншілігі шектеулі, бірақ дұрыс деп танылған идеясы бар мамандар. Қазіргі таңда, осы жұмыстың барысында туындаған мәселелердің шешу жолдары қарастырылып, бірқатар кәсіпкерлердің бизнес жоспарлары әзірленіп ауылшаруашылық департаментіне және “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ Аймақтық филиалына бағытталды.
2003 жылы ақппараттық-коммуникациялық технологияларды қолданысқа енгізу халықаралық бағдарлама бойынша Бизнес инкубатор “СодБИ мен” бірлесіп жүзеге асырылып, Бүкіләлемдік банктің Info Dev бағдарламасына ұсынылған жоба Орталық Азиядағы ең үздік жалғыз және ТМД елдерінің ішіндегі екі жобаның бірі болып танылған. Жоба екі жылға есептелген. 2004 жылы осы бағдарламаның аясында облыстағы кәсіпкерлік құрылымдары туралы, оларда қандай өнімдер өндірілетіні және тағы басқа деректер негізі құрылды, бұл мәліметтер Интернет сайттың “Оңтүстік Қазақстанда жасалынған” атты модулінде жарияланды.
Бұл облыс кәсіпкерлеріне өндірілген өнімдерін тек қана республика көлемінде ғана емес, шет елдерге де тасымалдауға үлкен мүмкіндік туғызды. Осы сайтт 2005 жылы мамыр айында ашылды. Мәліметтер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылған. Интернет сайтта “Шымкент”, “Туризм”, “Бизнес” порталдары бар .
2004 жылы шағын бизнес проблемаларын шешу үшін және тауар өндірушілердің тауарлары мен қызметтер тізбесін Интернет-сайтқа орналастыру жөнінде облыстың он екі аймағында- Арыс, Түркістан, Кентау қалаларында, Мақтарал, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ Қазығұрт, Ордабасы Төлеби және Түлкібас аудандарында семинар-кеңестер өткізілді.
Осы аталған аймақтарда кәсіпкерлік құрылымдардың басшылары арасында сауалнама жүргізілді.
Қоғамдық ұйымдармен жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2004 жылдың жартыжылдықта ОҚО әкімиятымен, халықаралық «Прагма» (ЮСАИД) корпорациясы, «Оңтүстік кәсіпкерлері лигасы» ҚБ және Фармацевтік қызметті қолдау және дамыту ассоциациясының Оңтүстік Қазақстан бөлімі бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімге қол қойды.
Осы шараның аясында 2005 жылдың ақпан айында облыста шағын және орта бизнес құрылымдарын бақылау-қадағалау, фискалдық мемлекеттік органдарының заңсыз тексерулерінен қорғау туралы дөңгелек үстел және сертификация мәселелерін шешу мақсатында семинар өткізіліп, жұмысшы тобы құрылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz