Қаржылық есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1.тарау. Қаржылық есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар
1.1 Қаржылық есеп берудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Есеп берудің құрамы. Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8

2.тарау. Қаржылық есеп берудің құрамы
2.1 Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
2.2 Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
2.3 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру ... ... ... ... ... ... ... ... 13

3.тарау. Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есеп тұжырымдамалары
3.1 Бухгалтерлік есептің қазақстандық және халықаралық стандарттары мен тұжырымдамалық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
3.2 Қаржылық есеп берудің элементтерін белгілеу, мойындау және өлшеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Бухгалтерлік қортынды есеп берудің мақсаты бұл есепті пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі мен қаржылық жағдайы және олардың қозғалысы туралы, сондай – ақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері туралы әрі ақиқат ақпарат беруден тұрады. Ұйым туралы ақпаратқа мүдделі жеке немесе заңды тұлғалар осы кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушы болып саналады. Халықаралық практикада бухгалтерлік есеп үдерісін төрт түрлі негізгі сатыға бөлу қабылданған.
Бірінші сатыда әр түрлі фактілері (іскерлік мәліметтер) құжатталады.
Екінші сатыда – есеп деректері жіктеліп және оларды бухгалтерлік есепшоттарына, бухгалтерлік есептеу тіркелімінде бас кітапта көрсету жолымен біріктіріп жазады.
1. ҚР-ның "Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі" туралы заңы. 24.06.2002.
2. ҚР-ның бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының Қаулысы. 13.11.1996.№ 3.
3. ҚР-ның Қаржы министрлігінің 18.09.2002 жылғы № 438 бұйрығымен (ҚР Қаржы министрлігінің өзгертулер енгізілген 21.10.2003 жылғы № 372 бұйрығымен) бекітілген Бухгалтерлік есеп типтік шот жоспары.
4. Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов (с 1 января 2003 г.). – А.: Ержанов и К, 2003.
5. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерскиий учет на предприятии. – А.: Центраудит-Казахстан, 2002.
6. Кеулимжаев Қ.К. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Алматы, «Экономика» 2006
7. Төлешова Г.Қ. «Дамыған қаржылық есеп» Алматы, «Экономика» 2005
8. Баймұханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы, «Экономика» 2007
9. Әбдіпанапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері. Оқулық, Алматы, 2006
10. Тулешова Г.К. «Финансовый учет в соответствии с международными стандартами» (часть 1,2) Алматы, 2003
11. Под редакцией Р.М.Рахимбековой «Финансовый учет на предприятии» Алматы, «Экономика» 2003
12. Кеулимжаев К.К. и др. «Финансовый учет» Алматы, 2003
13. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. Алматы, 2000
14. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Алматы, «Экономика» 2005
15. Радостовец В.К. и др. «Бухгалтерский учет на предприятии». Алматы, 2002

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1-тарау. Қаржылық есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар
1. Қаржылық есеп берудің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
. 5
2. Есеп берудің құрамы. Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың
мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8

2-тарау. Қаржылық есеп берудің құрамы
1. Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
2. Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп
беру ... ... ... ... ... ... ... ... 13

3-тарау. Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есеп тұжырымдамалары
1. Бухгалтерлік есептің қазақстандық және халықаралық стандарттары мен
тұжырымдамалық
негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 17
2. Қаржылық есеп берудің элементтерін белгілеу, мойындау және
өлшеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... . 25

Кіріспе

Бухгалтерлік қортынды есеп берудің мақсаты бұл есепті пайдаланушыларға
кәсіпорынның мүлкі мен қаржылық жағдайы және олардың қозғалысы туралы,
сондай – ақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері туралы
әрі ақиқат ақпарат беруден тұрады. Ұйым туралы ақпаратқа мүдделі жеке
немесе заңды тұлғалар осы кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін
пайдаланушы болып саналады. Халықаралық практикада бухгалтерлік есеп
үдерісін төрт түрлі негізгі сатыға бөлу қабылданған.
Бірінші сатыда әр түрлі фактілері (іскерлік мәліметтер) құжатталады.
Екінші сатыда – есеп деректері жіктеліп және оларды
бухгалтерлік есепшоттарына, бухгалтерлік есептеу тіркелімінде бас кітапта
көрсету жолымен біріктіріп жазады.
Үшінші сатыда мазмұнына қарай бухгалтерлік есептің мемлекеттік
жүйесінің талабына сай бухгалтерлік қорытынды есеп жасалады.
Төртінші бухгалтерлік есеп үдерісінің қортындылама сатысында
ұйымның шаруашылық қызметіне талдау жүргізіліп, оның нәтижесі кәсіпорын
әкімшілігінің өз қызметіне баға беруі мен алдағы уақытта орындалатын
жұмыстары туралы шешімдер қабылдауы үшін пайдаланады.
Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды
қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе кемшілігін
анықтайды.
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның
міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын
бағалауға мүмкіндік береді.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық
қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы
және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның
көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және
қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі
басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау
кезінде өте маңызды болмақ.
Қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып табылады және
бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады.
Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есепке аудиторлық текерулер
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай – ақ
әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшыларының бастамасы
бойынша жүргізіледі.
Қаржылық есеп берудің негізгі мақсаты пайдаланушыларға қаржылық
жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер
жпйлы ақпарат ұсыну болып табылады. Дегенмен қаржылық есеп беру
экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға қажетті барлық ақпаратты
өзіне енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткен оқиғаларды бейнелейді.

1-тарау. Қаржылық есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар
1.1. Қаржылық есеп берудің маңызы

Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-
шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған
көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996
жылғы 12 қарашадағы № 2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны
мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына
көшті. Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп
беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда, есеп беру Халықаралық
бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның,
мекеменің қаржылық есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына
сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
нәтижелері көрсетіледі. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында
кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі.
Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта
түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын
мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын,
орналастырылуын және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын,
баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын
кешенді түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған
құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр
(айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның
меншікті қаражаттарының, қарыз қаражаттарының, мөлшерін анықтауға мүмкіндік
береді.
Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды
қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе кемшілігін
анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті, несиелік және өзге қарыз
көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады.
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның
міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын
бағалауға мүмкіндік береді. Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен
міндеттемелерді жабу дәрежесімен анықталады.
Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым өтімді активтерді,
жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан,
қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорынның мынадай пассивтерін:
неғұрлымжедел пассивтерді, қысқа мерзімді пассивтерді, ұзақ мерзімді
пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға болады. Мұның өзі нарық
жағдайында, бәсекелес кәсіпорындардың ортасында жұмыс жасайтын кәсіпорындар
үшін өте маңызды.
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі
басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау
кезінде өте маңызды болмақ.

1.2. Есеп берудің құрамы. Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі
талаптар
Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың,
өкілдіктердің, бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да
құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді қоса
алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін қаржылық
есеп беруді жасайды.
Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде
әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар бойынша жасалады. Атап
айтқанда, шаруашылық субъектілері қаржылық есеп беру құрамында мыналарды:
кәсіпорын балансын, кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері
труалы есеп беруді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді
тапсыруға міндетті.
Шарушылық субъектілерінің бастамасы бойынша немесе әріптестермен
келісім бойынша қаржылық есеп беру басқа да есептік деректермен және
түсіндірме жазулармен толықтырылуы мүмкін.
Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1 қаңтардан
31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзім саналады. Жаңадан құрылған
кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып олар заңды тұлға құқын
алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезең, ал 1
қазаннан кейін құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдың 31 желтоқсанын қоса
алғандағы мерзім саналады.
Қаржылық есеп беруді толтыруға қойылатын талаптар: көрсеткіштердің
қарапайымдылығы мен түсініктідігі, деректердің шынайылығы; жинақтамалы және
талдамалы есеп деректерінің сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы
көрсеткіштермен салыстырмалалығы; есепті көрсеткіштерлің өткен жылдың
осындай мерзіміндегі есепті көрсеткіштермен салыстырмалылығы.
Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпорынның (мекеменің)
басшысы мен бас бухгалтер, сондай – ақ жоспар жасау қызметінің басшысы
жауап береді.қаржылық есеп беру мерзім сайын әзірленеді және тапсырылады
және пйдаланушылардың кең ауқымының ақпараттарды тұтыну мұқтаждығын
қанағаттандырады. Кейбір пайдаланушылардың өкілеттігі болса, қаржылық есеп
беруде көрсетілгендерге қосымша ақпараттарды талап ете алады.
Қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып табылады және
бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады. Қаржылық есептемеге
түсіндірме жазу, қосымша, кестелер және осы есеп беруге негізделген немесе
олардан алынған ақпараттар енеді және онымен бірге оқылатын болады.
1.3. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың мерзімі
Шаруашылық субъектілері тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені
құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне, мемлекеттік салық
инспекциясына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына, несие беруші
банктерге және басқа шаруашылық субъектілерімен келісімдердің негізінде
басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады.
Шаруашылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін
30 күн ішінде, ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің
ішінде тапсыруға міндетті.
Бюджеттік мекемелер айлық, тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені
жоғары тұрған ұйымдарға олар белгілеген мерзімдерде тапсырады.
Қаржылық есептемені пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі және
әлеуметті инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілер, қызметкерлер, сондай-ақ
министрліктер, ведомстволар және жұртшылық жатады. Кәсіпорынның, ұйымның,
мекеменің жылдық қаржылық есебі мүдделі пайдаланушылар, сатып алушылар,
жеткізушілер, инвесторлар, биржалар, банктер және басқалар үшін ашыө
баспасөзде жарияланады.
Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар,
банктер, сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде,
журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті. Жарияланатын
қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп, оның дұрыстығын
тәуелсіз аудитор растауы тиіс.
Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есепке аудиторлық текерулер
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай – ақ
әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшыларының төрттен
бірінің бастамасы бойынша жүргізіледі.

2-тарау. Қаржылық есеп берудің құрамы
2.1. Қажылық есеп берудің баптарын бағалау

Материалдық емес активтер бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ
уақыт бойы пайдаланылатын және кіріс келтіретін материалдық емес
объектілерге кәсіпорынның жұмсаған шыңындары көрсетіледі. Материалдық емес
активтерді кәсіпорынның құрылтайшылары (меншік иелері) жарғылық капиталға
салым есебінде енгізуі, сондай – ақ кәсіпорын өз қызметінің барысында сатып
алуы мүмкін. Бап бойынша бастапқы бағалау кезіндегі материалдық емес
активтердің құны, есептелген тозудың сомасы жекелей келтіріледі және қалдық
құны көрсетіледі.
Материалдық емес активтер баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі.
Материалдық емес активтердің тозуы өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік
құнына олардың бастапқы құны мен ұтымды пайдалану мерзіміне қарай кәсіпорын
есептеген нормалар бойынша, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен
аспайтындай болып жатқызылады. Ұтымды пайдалану мерзімін анықтау мүмкін
болмайтын материалдық емес активтер бойынша тозу нормасы он жыл мерзімге
есептеліп, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып
белгілінеді.
Негізгі құралдарбабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немесе
запастағы негізгі құралдар бойынша мәліметтер көрсетіледі. Бұл бап бойынша
заңдарға сәйкес кәсіпорынның меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құны
да көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны,
тозуы және қалдық құны жеке-жеке көрініс табады.
Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Негізгі
құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құнымен қайта
есептеу коэффициенттері негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы
деректер болып табылады.
Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициертке көбейту
жолымен қалпына келтіру құнына дейін қайта бағаланады. Негізгі құралдар
қайта бағаланғаннан кейін негізгі құралдардың бастапқы құны қалпына келтіру
құнына алмастырылады (яғни қалпына келтіру құны баланстық құнға айналады).
Есеп беруде негізгі құралдардың тозуы жекелей көрсетіледі. Сонымен,
баланстың негізгі құралдар деген бабын толтыру үшін мынандай жинақтамалы
шоттардың ақпараты қажет: 2411 – Жер, 2412 Үйлер мен ғимараттар, 2413
машиналар мен жабдықтар, 2414 көлік құралдары, 2423 машиналар мен
жабдықтардың тозуы, 2425 Көлік құралдарының тозуы, 2428 Кеңсе
жиһаздарының тозуы.
Ұзақ мерзімді инвестициялар бөлімі бойынша баланста кәсіпорынның
ұзақ мерзімді инвестициялары, басқа кәсіпорындардың активтеріне (бағалы
қағаздар – акциялар, облигациялар) Қазақстан Республикасының аумағында
құрылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына салымдар, сондай – ақ
кәсіпорынның басқа кәсіпорындарға берген қарыздары көрініс табады. Есеп
берудің Тауарлы – материалдық қорлар (ТМҚ) бабын толтырған кезде II
бөлімдегі Материалдар, 1340 - аяқталмаған өндіріс, 1330 – Тауарлар
деген бөлімшелердің ақпараттары пайдаланылады.
Алдағы кезеңдердің шығыстары бабын толтыру үшін 1620 Алдағы
кезеңдердің шығыстары деген бөлімшенің ақпараты пайдаланылады.
Баланстың пассивіндегі Бөлінбеген кіріс бабы бойынша бөлінбеген пайданың
қалдығы көрсетіледі. Бұл бап бойынша көрсеткіштер 5400 – Бөлінбеген кіріс
(жабылмаған зиян), 562 – Алдыңғы жылдардың бөлінбеген кірісі (жабылмаған
зияны),5410 – есепті кезең кірісі (зияны) жинақтамалы шоттарының
деректері негізінде толтырылады.

2.2. Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру

Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру Қазақстан Республикасындағы
бухгалтерлік есептің №3 стандартында ашылып көрсетіледі. Бұл – стандарт
бағалау әдісі. Есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер
анықталғанда және түзетілгенде қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижелері
туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың сыныптамасын
белгілейді.№3 БЕС 2003 ж. 17 қаңтарында өз күшін жоғалтты. №5 – кестеде
КЕGОС ААҚ-ның 2003 жылғы жарты жылдық кіріс пен шығыс жайлы есебі
көрсетілген.
Кіріс пен шығыс туралы есеп беруде мынадай баптар ашылып көрсетіледі:
- негізгі қызметтен (өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді сатудан) алынған
табыс;
- сатылған өнімнің, жұмыстың қызметтің өзіндік құны;
- жалпы кіріс;
- кезең шығындары. Оған енетіндер: жалпы және әкімшілік шығындары,
проценттерді төлеу шығындары, сату жөніндегі шығындар;
- негізгі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;
- салық салуға дейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;
- табыс салығы;
- салық салудан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;
- төтенше жағдайлардан алынған кіріс немесе зиян;
- таза кіріс немесе зиян;
Осы баптардың барлығының сомасының өзгерісі түсіндірме жазбада ашылып
көрсетілуге тиіс. Стандарт төтенше жағдай деп аталып жүргендерге түсінік
береді.
Бұл кәсіпорынның әдеттегі қызметінен ерекшеленетін оқиға немесе
операция. Яғни олар жиі қайталанбайды немесе тұрақты болып отырмайды.
Төтенше жағдайда кірістің немесе зиянның мәні мен сомасын түсіндірме
жазуларда бөлек ашып көрсету керек.
Стандарт сондай – ақ тоқтатылған операцияға анықтама береді. Бұны
тоқтатылған операциялар бойынша кәсіпорын: филиалының сатылуымен немесе
таратылуымен түсіндіруге болады. Түсіндірме жазуда мыналар ашылуға тиіс:
тоқтатылған операцияның мәні, тоқтатылған операцияның сомасы мен
географиялық ауданы, операцияның нақты тоқтатылған күні, операцияны
тоқтатудың әдісі (сату немесе тарту және олардың себебі), тоқтатылған
операциядан алынған кіріс немесе зиян, өнімдерді стаудан немесе есепті
кезеңдегі кәсіпорынның әдеттегі қызметінен алынған кіріс немесе зиян.
Стандарт бағалауды өзгертудің әдістерін және олардың кіріске немесе
зиянға әсерін қарастырады. Есептік бағалаудағы өзгерістердің нәтижесі таза
кірісті немесе зиянды анықтаған кезде мыналарға қосылады:
- есепті кезеңге, егер өзгеріс осы кезеңге ғана әсер етсе;
- өзгеріс болған еспті кезеңге және келесі есепті кезеңге, егер өзгеріс
оларға да әсер етсе.
Кірістер мен зиянға әсер ететін есептік бағалаудағы өзгерістердің мәні
мен көлемі де түсіндірме жазуларда көрсетілуге тиіс. Сонымен қоса
стандартта елеулі қателіктер мен олардың шаруашылық қызметіне әсері
қарастырылады. Елеулі қателік дегеніміз есепті кезеңде анықталған,
маңыздылығы соншалық, тіпті бұрынғы жылдардың қаржылық есептемелері
жарамсыз деп санауға әкеп соқтыратын бұрынғы жылдардың қателіктері. Бұрынғы
жылдардың қаржылық есептемесін жасау кезінде жіберілген қателікке
жасалғантүзетудің сомасы есепті кезеңнің кірісіне немемсе зиянына екі
әдіспен қосылады:
- бөлінбеген кірістің бастапқы сальдосын өзгерту жолымен;
- есепті кезеңнің таза кірісіне немесе зиянға енгізу жолымен, бұл орайда
түсіндірме жазуларда мыналарды ашу керек: елеулі қателіктің сипаты,
есепті кезең және әрбір бұрынғы кезең үшін түзеті сомалары, қайта
есептелген салыстырмалы деректер немесе себептер, есеп саясатындағы
өзгерістер.
Қателіктің бұрынғы жылдардың кірісіне немесе зиянына қалай әсер
еткенін көрсету үшін қосымша ақпарат кесте түрінде тапсырылуы мүмкін. Есеп
саясаты Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі департаментінің
талабы бойынша немесе егер мұндй өзгерту неғұрлым дұрыс ақпарат алуға
мүмкіндік жасайтын болса, кәсіпорынның өзі өзгертуі мүмкін. Есеп саясатын
өзгерту нәтижесінде туындаған түзету сомасы бөлінбеген кірістің бастапқы
сальдосын өзгерту жолымен есеп беруде көрсетіледі және есепті кезеңнің таза
кірісін немесе зиянын анықтаған кезде ескеріледі. Егер есеп саясатындағы
өзгерістер есепті кезеңге, алдыңғы кезеңге және кезекті есепті кезеңдерге
елеулі түрде әсер ететін болса, онда түсіндірме жазуларда есеп саясатының
өзгеру себебі, есепті кезең және әрбір бұрынғы кезеңдер үшін түзету сомасы,
таза кірісті немесе зиянды анықтаған кезде ескерілген түзету сомасы, қайта
есептелген салыстырмалы деректер немесе олардың қайта есептеудің мүмкін
болмау себептері ашылып көрсетіледі.

2.3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру – бұл ақша қаражаттары
мен олардың эквивленттерінің келіп құйылуы мен шығысталуы. Ақша
эквивленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары (мерзімі бір жылдан
кем) және облигация, қазынашылық векселі және т.б. сияқты өтімді бағалы
қағаздар жатады. Ақша түсімдері туралы ақпарат, біріншіден, кәсіпорынның
ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін табу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің мақсаты
Бухгалтерлік қорытынды есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар
Басқарушлық және қаржылық есептіліктер айырмашылықтары
Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудің негізгі принциптері
Есеп берудің мәліметтері
Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы
Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Кәсіпорынның есеп саясаты
Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылардың ролі
Бөлінбеген пайда есебі
Пәндер