Ұлы жүз Суан тайпасының шежіресі
Кіріспе
І тарау. Шежіре . тарих ғылымының бір саласы
ІІ тарау. Суан тайпасының этникалық тарихы орналасуы
Қорытынды
Иллюстрациялар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Шежіре – тарихи оқиғаларды жазып отыратын жылнама.Қазақ арасында шежіре сөзінің көп тараған мағынасы – адамның арғы ата – бабаларынан / ру, тайпа / бері қарай тарауы жөніндегі мәлімет. Бұл ертеректе көбіне жазу арқылы емес, еске сақтаумен жүзеге асып келген. Демек, шежіре дегеніміз – жаттап, еске сақтау арқылы жеткен тарих1.
Қазақ елінің шежіресі өз ұлтының өткен өмірі, саяси - әлеуметтік жағдайы, салт – дәстүрі, тыныс – тіршілігі туралы сыр шертеді. Бұл жазу-сызуы болмаған қазақтардың жадында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа ғасырлар бойы беріліп келген, әлі ғылыми жүйеге түспеген рухани қазынасы2.

1. «Ана тілі» газеті. Алматы, қаңтар, 2003ж.
2. С.Толыбеков «Қазақ шежіресі», Алматы, 2002 ж. 3-бет.
3. Бейсенбайұлы Ж. «Қазақ шежіресі», Алматы, 2004ж.
4. «Зерде» журналы, 2000 жыл, № 1, 21-бет
5. Шежіре қазақтың ру тайпалық құрылысы. Алматы, 2003 жыл
6. Көпейұлы М.Ж. Қазақ шежіресі, Алматы 2005 ж
7. Ш.Құдайбердиев «Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресі», Алматы, 2004 ж.
8. Б.Серікбайұлы «Қоңырат шежіресі», Алматы, 2005 ж.
9. М.Ж.Көбейұлы «Қоңырат шежіресі», Алматы,2006 ж.
10. С.Ешмұхамбетов «Суан-шежіре», Алматы, 2005 ж.
11. Д.Дүйсенбаев «Домалақ ана», Алматы, 2005 ж.
12. Н.А.Аристов «Заметки об этническом составе тюркских племен», Спб. «Живая старина», 2006г.
13. Востров и Муканов «Родоплеменный состав и расселение казахов», Алматы, 1998 г.
14. Қазақ совет энциклопедиясы, 12-том, 232-бет.
15. Уәлиханов Ш.Ш. «Ұлы жүз шежіресі»
16. Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз - казахского народа Ташкент, 2005 г.
17. «Білім және еңбек» 2006 №6 Қ. Аманкелдиев «Шежіре шерткен сыр».
18. «Білім және еңбек» 2006 №12 Ә. Нұрманбетов «Дерегі доп, керегі көп»
19. Салғараұлының Қ. «Қазақтың қилы тарихы». Алматы,2004ж.
Зерттеулер
1. Аристов Н.А. «Заметки об этническом составе тюркских племен и нардностей», СПб «Живая старина», 2006г.
2. Аристов Н.А. Опыт выяснения этнического состава. СПб. «Живая старина», 1994г.
3. Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменный состав и расселение казахов. Алматы, 1998г.
Мерзімді басылымдар
4. «Ана тілі» газеті. 1999, 2001,2005, 2006 ж.
5. «Білім және Еңбек». 2006 ж. № 12
6. «Білім және Еңбек». 2006 ж. № 6
7. «Зерде» журналы. 2000 ж. № 1.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Тарих факультеті
Арнайы тарихи пәндер және
оқыту технологиясы кафедрасы
Диплом жұмысы
Ұлы жүз Суан тайпасының шежіресі
(Этникалық тарихы, орналасуы)
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:
Қорғауға жіберілді
2008
Кафедра меңгерушісі:
т.ғ.д., профессор Сыздықов С.М.
Алматы 2008
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І тарау. Шежіре – тарих ғылымының бір
саласы ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ тарау. Суан тайпасының этникалық тарихы,
... ... ... ... ... ... ... ... .
орналасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .
Иллюстрациялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Шежіре – тарихи оқиғаларды жазып отыратын жылнама.Қазақ арасында шежіре
сөзінің көп тараған мағынасы – адамның арғы ата – бабаларынан ру, тайпа
бері қарай тарауы жөніндегі мәлімет. Бұл ертеректе көбіне жазу арқылы емес,
еске сақтаумен жүзеге асып келген. Демек, шежіре дегеніміз – жаттап, еске
сақтау арқылы жеткен тарих1.
Қазақ елінің шежіресі өз ұлтының өткен өмірі, саяси - әлеуметтік
жағдайы, салт – дәстүрі, тыныс – тіршілігі туралы сыр шертеді. Бұл жазу-
сызуы болмаған қазақтардың жадында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа ғасырлар бойы
беріліп келген, әлі ғылыми жүйеге түспеген рухани қазынасы2.
Карл Маркс ру тарихы жөніндегі көшпелілердің түсінігіне тоқтала келіп,
олардың құрылымы – бәйтерек ағаштың құрылымына қатты ұқсайды дейді.
Демек, шежіре ертеден ғасырлар бойы өмір сүріп келеді. Оны білу әрбір
қазақтың парызы. Оны игеру үшін алдымен жеті атаға дейін білу, өз руындағы
халық зердесіне із қалдырған батырлары, ақындары, олардан қалған ұлағатты
сөздерді де ұстау керек.
Жалпы қазақ шежіресінің негізгі нұсқасына Ш.Ш.Уәлиханов, орыстың
этнограф ғалымдары Н.А.Аристов, Г.Г.Румянцевтардың басшылығымен Жетісу
облысының Лепсі, Қапал, Жаркент, Алматы Верный уездерінің
шаруашылықтарын тексеру барысында жинақталып, 1911-13 жылдарда Ташкентте
жарияланған материалдар және этнографиялық карталармен бірге берілген
шежірелерді жатқызуға болады. Сонымен бірге белгілі ғалым М.Тынышпаевтың
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында, яғни 1925 жылы орыс тілінде жарық
көрген История Киргиз – казахского народа деп аталған кітапшасындағы
шежіресі де көңіл аударарлық деректеме.
Бұл шежіре 1990 жылы Ана тілі газетінде қазақ тілінде басылып шықты2.
Қазақ тарихында сондай Жабулы қазан күйінде қалып келген салалардың
бірі – шежіре тарқату еді. Қазақ арасында ежелден жалғасқан үлгісі бар
дәстүрге патша үкіметі қазақ жерін жаулап алысымен-ақ айрықша көңіл
аударып, отарлауға көмегі тиеді деген үмітпен оны жинау үшін жер -жерге
экспедициялар аттандырған екен. Орыс зерттеушілері: А.Левшин, В.Вельяминов
– Зернов, Н.Аристов, А.Харузиндер жазып алған қазақ шежірелері бірталаай
ғылыми тұрғыда құндылығынан басқа түптің – түбінде алысты көздеген пиғыл,
кімнің қай руға жататынын анықтау арқылы оларды бір-біріне айдап салу,
сөйтіп отаршылдықтың – бөлшекте де, билей бер дейтін сыннан өткен ұранын
жүзеге асыруға бағытталған саясат үшін де әбден керек болған сияқты.
Шежіре тарқату үрдісі – мәдениетті, өз билігі өзіндегі елдерде тарихтың
орнықты бір тармағы боп әбден қалыптасқан дәстүрлі сала.
Шежіренің көп-көп томды жинақтары Албания Германия, Англия, Франция
сияқты бірқатар еуропалық елдерде ғана емес, көптеген Шығыс мемлекеттерінде
ұдайы толықтырылып шығып тұрады. Қазақ арасында шежірені көбіне – көп
ауызша айту үшін үлгісі басым дамыған десек те, кезінде халқымыздың ардақты
ойшылдарының жазбаша қалдырып кеткен шежірелері де бар. Мұхаммед Хайдар
Дулатидың Тарихи – й Рашиди, Қадырғали Жамаиридың Жәши-ат-тауарих
жылнамалары, Ш.Уәлихановтың Ұлы жүз шежіресі, М.Шорманұлының,
А.Ниязовтың, Ә.Бөтейұлының, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шежірелері - өз кезінің
қымбат қазыналары, сондай-ақ, қазақ ойшылдары топтаған бірнеше шежірелер
төңкеріске дейін- ақ баспаханаларда басылып, кітап болып шыққан. Олар:
Ш.Құдайбердіұлының 1911 жылы Орынборда басылған Түрік, қырғыз һәм хандар
шежіресі, Нұржан Наушабайұлының 1903 жылы Қазанда басылған Манзумат
қазақиясы деген еңбектері.
Осы ғасырдың жиырмасыншы жылдары бізді де шежіреге қатысты алғашқы
ғылыми зерттеулер дүниеге келе бастады. Бұл орайда өзі Петербор институтын
бітірген темір жол инженері бола тұра қазақ тарихы жөнінде тамаша еңбектер
қалдырған Мұхаметжан Тынышбайұлының 1879-1938 1925 жылы Ташкентте
басылған Қазақ халқының тарихына қатысты материалдар деген кітабы осы
мақсаттағы алғашқы талпыныс еді. Кейін бұл тақырып профессор Сәрсен
Аманжоловтың 1903-1958 ж.ж 1959 жылы шыққан Қазақ тілінің
диалектологиясы мен тарихының мәселелері атты орысша жазған еңбегінде
біршама сөз болды.
Бұдан кейін осы мәселені арнайы қозғап, жарық көрген екі еңбек:
В.Востров пен М.Мұқановтың Қазақтардың ру құрамы мен қоныстануы 1968 ж.
атты кітаптары еді. Біздің республикада талай жыл бойына шежіреге деген
салқын көзқарастың сіресіп келгеніне бұдан артық қандай мысал жазуға
болады.
Өркениетті елдерде баяғыдан-ақ ғылыми жөн-жобасы мен жүйесі қалыптасқан
даусыз ақиқаттың қазақ топырағында шет қақпай күй кешіп келе жатқан халі,
осы күнге дейін оның қазақ тілінде жинақталып, жарық көрмегені әділетке
үйлеспейтін жай екендігіне ден қойған Ана тілі газетінің істі бастап
кеткені бәрімізге белгілі.
Ал ғылыми деректерге сүйенсек, Қазақ пайғамбарлардан тараған жоқ. Ол
тым көне замандардан байтақ даламызда, алып аймағымызда қоныстанған
этникалық тарихы аса күрделі, байырғы тайпалық бірлестіктер қауымдасуының:
сонау Сақ, Ғұн, Үйсін мемлекеттері, Түрік, Түргеш, Қарлұқ дәулеттерінің,
Қыпшақ ұлысы, кейінгі Алтын Орда, Көк Орда, Ноғай ордаларының құрамына
кірген түрік тілдес елдер мен жұрттардың топтасқан одағының ортақ атауы.3.
Түрік халықтарының тегін таратып, шежіресін жасау, Орта ғасырлардан
бері қарай үрдіске айналып, хатқа түсе бастады. Шежірелердің көпшілігін
Ислам дінінің Орта азия мен Қазақстанға дендей енуімен қатар дүниеге
келгендіктен адамзат баласын Нұх пайғамбардан өрбітіп, қазақтың да ата-
тегін арабтармен байланыстырып, сахабалар ұрпағы етіп көрсету дәстүр болды.
Алайда бұл шындықтың ауылынан алыс еді.
Ғұлама ғалым, академик Әлкей Марғұлан Ғылымға жүгінген тон атты
мақаласында: Түрік тайпаларының араб жұртымен ең алғаш жақын кездесуі VI-
VII ғасырлардан былай қарай -деп жазды. Бұл сөз тарихи шындық4.
Тарих атасы Геродоттан бастап, кешегі Гумилевқа дейінгі көптеген
ғалымдардың келтірген мәліметтеріне қарап, Еуразияның ұлан – байтақ кең
сахарасында Скиф, Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Оғыз, Қыпшақ, Қырғыз, Ұйғыр
т.б.ру тайпалардың өмір сүргеніне көз жеткіземіз1.
Қазақтың халық шежіресі сілемдерін тарих атасы Геродот жазбаларынан
бастап, арысы Қытай, араб, берісі дерек көздерінен, М. Қашқаридың Диуан –
Муфат – ат түрік, Әбілғазы Баһадурханның Шежіре және түрік, Нәліп
Ғасымбектің Түрік тарихы, ең ескі шежірелерге жататын Құтадғу білік,
Қошу шыдама сияқты күллі түркіге ортақ мұралардан, түркі халықтарының,
оның ішінде қазақтардың да тарихын зерттеген В.Радлов, В.Бертольд сияқты
ғалымдардың еңбектерінен, әсіресе Н.Аристовтың тікелей түркі шежірелеріне
арналған кітабынан т.б. табуға болады.
Демек, елім деп еңіреген ерен тұлға, қазақ тарихы ғылымының басында
тұрған кемел дарын Міржақып Дулатұлы айтқанындай, шын кіріссек, үздіксіз
ізденсек... көмескіні ашуға, барды табуға болатыны анық. Осындай үлкен істі
ғылыми саралауды М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
қолға алып, шежірелердің 3 томын баспаға әзірлеуі көптің көкейінен шығатын
жұмыс5.
Бізге жетіп отырған шежірелер сол байырғы жеке-жеке рулардың, дәлірек
айтқанда, бүгінгі Қазақстан территориясын мекендеген елдердің қазақ халқы
боп ұйысқан қауымдастығы аясында бірігер алдында, не біріккеннен кейін өмір
сүрген аталарының бергі тарихы6.
Шежірелер көне түркі тілінде әрі араб графикасымен жазылғандықтан да
бүгінгі қалың қазақ жұртшылығының оқып-танысуына ерекше қиындықтар
туғызуда. Әлемнің көптеген мемлекеттері бұл жылнама –шежірелерге зор
ілтипатпен қарайды.
С.Толыбеков өз еңбегінде Азия халықтарының
тарихшысы Әбілғазы хан , Иран тарихшысы Хонданер т.б, еңбектеріне сүйенген.
Ташид –ад- дин, Бичурин, Бернштам сияқты зерттеушілердің жазғандарына
жүгінеді. Бұл арада ол орыс тарихшысы Карамзин мен қазақтың белгілі ақыны
Ш.Құдайбердиевтің айтқандарын ескерген.
Бұл тақырып бойынша сондай-ақ Ш.Құдайбердиев7, Б.Серікбайұлы8,
М.Ж.Көбейұлы9, С.Толыбеков2, С.Ешмұхамбетов10, Д.Дүйсенбаев11,
Ж.Бейсенбайұлы3, Н.А.Аристов12, Востров пен Мұқанов13 т.б. тарихшылар еңбек
етті.
Дегенмен, шежірелерді ел ішінен жинау, түбегейлі зерттеу, әрине оңайға
түспейді. Өкінішке орай, қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін, тарихын,
этнографиясын зерттейтін ғалымдар бұл салада некен-саяқ ұшырайды.
Мәшһүр Жүсіп Көбейұлы өз еңбегінде: Біздің бұл қазақта тасқа таңба
басқандай анық шежіре жоқ - деген екен. Негізінде бұл тақырыпқа терең
баруға ғалымдар жасқанып та, именіп те келді. Бітіру жұмысында осы мақсатты
алға ұстай отырып, деректік материалдар және тақырып бойынша жазылған орыс
зерттеушілерінің, тарихшылардың еңбектеріне сүйене отырып, шежірелік
мәліметтерден осы Суан руының шежіресін, оның тарихи маңызын жан-жақты ашып
көрсетуге тырыстым.
Бітіру жұмысым кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде бұл мәселенің маңыздылығы және осы тақырып бойынша пайдаланылған
әдебиеттерге тарихнамалық шолу берілді.
І тарауда осы Шежіренің – тарих ғылымындағы бір сала екені жазылды.
ІІ тарауда Суан тайпасының этникалық тарихы, орналасуы туралы жазылды.
І тарау
ШЕЖІРЕ – тарих ғылымының бір саласы
Бұл жерде шежіренің тарих үшін маңыздылығын бірақ шежірені дайын тарих
деп қабылдауға болмайтындығы айтылады.
Халық шежіресін халықтың өткен өмірінен хабар беретін, мұралық мәні
бар, халықтың тарихы ретіндегі естелігі деп қарауымыз керек.
Шежіре – бұрын жазба тарихы болмаған, сауатсыз көшпелі қазақ халқының
күнкөріс тіршілігіне негіздеп қоғамдық сана – сезімнен туған, бір буыннан
екінші буынға, атадан балаға, үлкеннен кішіге ауысып, жұртшылық құлағына
сіңген және оған түсінікті халық аузындағы тарих халық естелігі халық
мұрасы2.
Ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан ата – бабалар шежіресі ұлттық тарихын
жасап қалдырған өзінен бастап жеті атасына дейін балаларына үйрету ата-
ананың борышы болған. Ал білікті де білгір ауыл ақсақалдары мен рудың
билері ең кем дегенде өз руының шежіресіне қанық болған.
Шежіреші деген атаққа ие болған біліктілер 12-20 атаға дейін тарата
білген. Бүкіл бір жүздің тіпті жалпы қазақтың жетпіс жеті атасын тарататын
жетік шежірешілер болған.
Бұлар ата тегін таратумен қатар, сол аталар дәуірінде халық басынан кешкен
ірі оқиғаларды да ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған14.
Жер жүзіндегі халықтардың қайсысы болса да ғасырлар бойы тарихи дамудың
туындысы.
Зерттеліп жазылған тарихи кітап болмауы мүмкін, бірақ, тарихсыз халық,
халықсыз тарих жоқ. Дамудың объективтік заңы бойынша ұлт халықтан, халық
ұлыстан, ұлыс рудан, ру туыстас адамдар тобынан құралып, белгілі бір
экономикалық – қоғамдық формацияларды бастан өткеріп, қалыптасудың ұзақ
жолында қилы оқиғаларды әр ұрпақ өз таным, түсінік дәрежесінде қорытып,
шамасы келгенше қаймағын бұзбай келер ұрпаққа жеткізуге тырысқан. Кейін
жазу-сызу дамыған елде өз тарихын шежіре етіп жазып отырған. Ал бізде қазақ
шежірелері атадан балаға ауызша жеткен.
Әр отбасының өз шежіресі, яғни жеті атасына дейінгі рулық шежіреге
рулықтан тайпа әрі қарай жүздердің, яғни ұлттық шежіре болып құралады.
Халқымыз екі жүзден аса рудан құралса, яғни екі жүзден аса шежіре
бар деген сөз. Зерттеушілердің айтуы бойынша қазақ шежірелері VII ғасырдан
XX ғасырға дейінгі мезгілді қамтиды. Қазақ ру-тайпаларының шежірелері Орта
ғасырларда қағаз бетіне жазылып, ру басы, би, сұлтандардың хандардың
Ордаларында сақталатын болған.
Орта ғасырларда Орта Азиядан шыққан жазушы, тарихшы ғұламалар шежіре
жинады, өз еңбектерінде шежіре деректерін пайдаланды. Соның бірі Мұхаммед
Хайдар Дулатидің Жетісу тайпаларының шежіресі, Қадырғали Жалайридің
Жылнамалар жинағы тағы басқа еңбектерінде айтылады.
Шоқан Уәлихановтың айтуынша ескі шежірелер Есім ханның, Тәуке ханның,
Сәмекенің, Әбілмәмбеттің ұрпақтарында сақталған. Ондай шежірелер Абылайда,
оның ұрпақтары Уәлиде, Сұйық төреде, Әбілқайырда, оның балалары - Нұралы,
Айшуақта, оның ұрпақтары - Жәңгір ханда, Дәулеткерейде болған15.
Абылай шежіресі оның ұрпақтары арқылы капитан Андреевке, Н.И.
Гордоковтың қолына өткен. Әбілқайыр шежіресі толығымен Тевкелевтің,
П.Н.Рычковтың қолына тиіп, сол арқылы орыс архивтеріне жетіп осы күнге
дейін сақталған.
ХІХ ғасырдың басында бірталай қазақ шежірелері Мәшһүр Жүсіп Көбейұлының
Қазақ шежіресі, Бұл қазақ қай кезде үш жүз аталған.
Нұржан Наушабайұлының Қазақ пен түрік шежіресі, Мұхаметжан
Тынышпайұлының Қазақ шежіресі тағы да басқа шежіре туралы біршама
еңбектер жарық көрген.
Міне осыдан-ақ қазақ шежірелеріне ертеден-ақ үлкен мән беріліп,
зерттелгенін, тарихи дерек ретінде рухани мәдениет ескерткіші есебінде де
пайдаланылған.
Қазақ шежірелерінің тарихын, көбінесе орыс этнографтары Н.Аристов,
М. Тадыженский, Г.Потанин, А.Диваев, Н.И.Григорьев, И.Шангин тағы да
басқалары ғылыми және әкімшілік-мемлекеттік тұрғыдан жинастырған.
Ал еліміздің өткен өмірін ғылыми тұрғыдан зерттеп, шежірені саралап,
тарихи жүйеге келтіру Шоқан Уәлиханов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр
Көбейұлының, Мұхаметжан Тынышпайұлының үлесіне тиген.
Шежіренің қай түрін алсақ та шежіренің өзегі болып отырған ұлттық
немесе рулық ата тектің таралуы ғана емес, сол рудан тараған билер,
батырлар, шеберлер, қас сұлулардың, елдің даналарының өмірі мен қызметінен
үлгі-өнеге, мағлұмат аламыз. Сол себептен де шежірені тек ата-бабалардың
шығу тегінің рет тізімі ғана емес, рудың, тайпа, елдің бүкіл ұлттың
тарихының қоғам дамуының ғылымы деп айтуға болады.
Шежіреге көзқарас елдің тарихына, мәдени дамуымен рухани байлығына
деген көзқарас.
ҰЛЫ ЖҮЗ ҰЛЫСЫ
Алға қойған мақсатым - Суан тайпасының шежіресі болғандықтан ұлы жүздің
ұлысын айтпай кетуге болмас. Балқаш, яғни теңіз көліне құятын Қаратал
өзенінен Сырдария немесе Шыршық өзеніне дейін Қаңлы, Дулат нәсілі. Бұл
Дулат бұрынғы Чуйский нәсілінен, арғы түбі қара Қырғыздан шыққан. Сол
Дулаттың Оңтүстік күнбатысына келген көп Қаңлы және Қаңлының шанышқылы
деген табы ұлы жүздің ең көбі Дулат болған. Оның ішінде Ботбай, Шымыр,
Сиқым, Жаныс, Албан, Суан.
Үйсін ескі заманда аты шыққан Қытай патшалығымен ұзақ уақыт қарым-
қатынаста болған ел. Ұлы жүздегі Үйсін мүмкін сол елдің қалдығы. Әлде, сол
атпен кейін пайда болған рудың аты.
Ұлы жүз шежіресі бойынша Ақарыстан 7-буын Үйсін, Үйсіннен Ақсақал,
Жансақал, Ақсақалдан Қараша би, одан Байдібек.
Байдібектен Сарыүйсін, Жолманбет, Жарықшақ.
Жарықшақтан Албан, Суан, Дулат, Суаннан Тоқарыстан: Тоқарыстаннан
Тоқарыс, Мұрат, Тұрдымбет, Баубек, Мұраттан Орыс, Қараменде, Әпсүгір,
Байтоғай, Қарабек, Шегерек.
Тұрдымбеттен Есет, Тұрсын, Түрегелтай, Баубектен Жәдігер.
Орыстан Мырзагелді, Қангелді, Елтынды.
Ұлы жүз ұлысы жайлы: Қазақ Совет энциклопедиясында былай дейді. Қазақ
халқының этникалық құрамына енген ру мен тайпалардың саяси экономикалық
және мәдени бірлестігі. Жалпы ұлы жүз туралы зерттеулер жүргізгендер:
Н.А.Аристов, В.В.Бартольд, А.Левшин, Ф.И.Рычков, Шоқан Уәлиханов
еңбектерінде кездеседі.
Ұлы жүз тарихы жайлы нақты жазба деректің жоқтығын жоғарыда айттық.
Енді қазіргі ұлы жүздің тарихы тым тереңде. Оны б.э.б. Қаңлы, Үйсіннен
бастап таратуға болады.
II тарау
Суан тайпасының этникалық тарихи орналасуы
Былай барсам Албаным,
Албанымды қозғасам,
Саған түсер салмағым...
Онан
былай Суаным,
Аз
да болса жуаным
Сүйінбай
Суандар жайында қазақ тарихшыларының ішінде алғаш пікір айтышу –
Мұқаметжан Тынышбаев. Ол өз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz