Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасының экономикалық мазмұны мен нәтижелері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
I. Тарау.Ақша реформасының қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 1993жылғы Ақша реформасының себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 1993 жылғы Ақша реформасының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Реформа жүргізудің шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

II. Тарау. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасының экономикалық мазмұны мен нәтижелері (номинализм) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы . теңгенің енгізілуі және тұрақтылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның. барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысынын болуына негізделген ақша кажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс кұралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану кұралы, дүниежүзілік ақшалар.
1. Ақша, несие, банктер. Алматы. 2001ж.
2. Мамыров Н. Микроэкономика. Алматы. 2004ж.
3. Жүнісов Б. Нарықтық экономика негіздері.- Алматы,1999ж.
4. Назарбаев Н. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы.- Алматы,1999ж.
5. Шеденов Ө. Жалпы экономикалық теория.- Алматы,2003ж.
6. Серкебаев Б. Қазақстан несие жүйесіндегі мәселелер // Қаржы-Қаражат.-1999.-№6
7. Рустемов К. Ақша реформасы уақыт сыны.//Қаржы-Қаражат.-2000.-№1
8.Әлімов Қ. Салық халық несибесі // Қаржы-Қаражат.-2001.-№5
9.Мамыров М. Государство и бизнес.-Алматы,2002
10. Байдүйсенов А. Жауапсыздық жарға жығады // Қаржы-Қаражат.-2000.-№5

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
I. Тарау.Ақша реформасының
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 1993жылғы Ақша реформасының
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .4
1.2 1993 жылғы Ақша реформасының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Реформа жүргізудің шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...7

II. Тарау. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасының
экономикалық мазмұны мен нәтижелері
(номинализм) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің енгізілуі және
тұрақтылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...10

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..21
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...23

Кіріспе
Ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе
болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы
аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент
формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл
бұйымдары және т.б. Мұның. барлығы тауар өндірісі мен тауар
айналысынын болуына негізделген ақша кажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде
адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес
түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс кұралы, төлем құралы, қазына
жинау және қорлану кұралы, дүниежүзілік ақшалар.
Ақшаның өзінде, сондай-ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер
болды. Егер де бұрындары сатып алу - сату процесі жалпыға бірдей
эквивалентпен алтынмен жүргізілсе бұл күндері қағаз және несие ақшалармен
жүзеге асуда.
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар
өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады.
Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.
Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі
қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды.
Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті
алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды.
Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын
таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға
кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық
формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да
әрбір тауар қажетті
тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша
айырбас құны ретінде көрінеді. "Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп
шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша".
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның
құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады.
Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-
біріне ауысады.
Курстық жұмыстың мақсаты, Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша
реформасын жан-жақты ашып, тақылау.
Курстық жұмыс Ақша реформасын жүргізудің себептері мен қажеттілігі,
және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасының экономикалық
мазмұны мен нәтижелері деген екі бөлімдерден және бөлімдер шағын
пунктерге бөлінген .
Қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Ақша реформасын жүргізудің себептері мен қажеттілігі.
1.1 1993 жылғы Ақша рефорасының себептері.
Ақша реформасын өткізудің қажеттігі. Революцияға дейінгі Қазақстанда
жүргізілген 1895-1897 жж. ақша рефомалары нәтижесінде алтын монета айналысы
бар алты монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс және мыс
монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен қамтамасыз етілген
Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты бөлігін
алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады сондықтан да
оларға деген халықтың сенімі болды.
Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі купюрада қағаз
ақшаларды шығарды. Ұсақ ақшалар ролін чектер, бондар, маркалар және баска
да ақшалай суррогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы
басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан
кейін ақша айналасының жағдайы біршама нашарлай түсті. Үш жыл ішінде
(1913-1920) айналыстағы қағаз ақшаларының массасы 48 есеге дейін өсіп
кетті, Ақша 10 мың есеге құнсызданды. 1919 ж. алғаш рет кеңестік
мемлекеттік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналысқа
шығарылды. Түркістанда, Солтүстік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста
және басқа жерлерде жергілікті ақша белгілерін шығаруға рұксат
берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі болды. Жергілікті ақша
белгілері Жетісуда, Верный қаласында (казіргі Алматы) шығарылды.
Жетісулық несиелік билеттер Мемлекеттік банкте апиынмен сакталған
және Жетісу облысының барлық байлығымен қамтамасыз етілді. Бұл
туралы несиелік билеттің бет жағында көрсетілген жазу
куәландырады. Дүние жүзілік тәжірибеде мұндай жағдайлар болған емес.
Жергілікті билік органдарының иелігінде мұндай бағалы дәрәлік
шикізаттың 275 пуды болды, олар елдің байлығы болып саналды.
Бірақ бұлар қаржылық жағдайды нығайта аламады. "Верненск рублі" күн сайын
құнсыздана бастады.
Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер,
шетелдіктер және ақ гвардия "үкіметі" өздерінің ақшаларын басып шығарды.
Олардын бағамдары әр түрлі болды, және олар тезірек құнсызданды.
Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылық қатынастардың
натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылды. 1920 ж.
соңынан бастап "енбек паегін" ақысыз беру басталды. Келесі жылдары
пәтерақы және коммуналдық қызметтер үшін төлем төлеу алынып тасталды.
Оқущыларға тегін киім берді. Базарлардың өзінде азық-түліктермен алмасу
ақшасыз, яғни кездейсоқ айырбас эквивалент (мысалы, етік жұбы 30 фунт
крупаға, немесе 1 пуд қара ұнға. басқа немесе 3 фунт махоркаға және т.б.)
түрінде жүзеге асырылды.
Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС
жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы: әр
түрлі өнеркәсіп салаларындағы өнімдер көлемінің өсуі, еңбек
өнімділігінің артуы, ауыл шарушылығының басты өнімдерінің өсуі
(бидай, мақта), тауар айналымының артуы жатады.

Тауар шаруашылығындағы ақша айналысыныц бірқалыпты болуының
екінші бір алғышарты - бұл ақшаның алтынмен қамтамасыз етілуі. 1.01.1922
жылдан 1.01.1923 жылдар аралығында Мемлекеттік банктің алтын валюта
резерві 6,7 млн-нан 31 млн рубльге дейін өсті. 1922 ж.
сәуірде бағалы металдарды және тастарды еркін түрде иеленуге
рұқсат берілді, оған дейін халық оларды мемлекетке тапсыруға
міндетті болатын. Бағалы металдардан жасалған монеталар мен шетел
валюталарын сатып алу мен сатуды Мемлекеттік банктің өзі ғана жүргізуге
монололиялық құқығы болды.
Ақша айналысын қалыпқа келтірудін басты бір қадамына 1922 ж.
мемлекеттік ақша белгілерін шығару жатты. Мұндағы 1 рубль бұрын шығарылған
10 мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта есептеу олардың төрт нолін
сызып тастау (деноминациялау әдісі) арқылы жүргізілді.
1922 ж. 1 мамырынан бастап, барлық есептесулер жаңа ақшалармен жүзеге
асты. Айналыстағы ескі ақша белгілерін 1923 ж. 1 қаңтарына дейін
кассаларда кабылдады.
Екінші рет деноминациялау барысында 1923 жылғы үлгідегі 1 рубль 1922
жылы 100 рубльге немесе бұрынгы кеңестік ақша белгілерінің бір миллионына
теңесті.
Деноминациялар ақшаны есепке алуды оңайлатты, ақша айналысын бір
қалыпқа келтіру жөніндегі ұмтылыстарды куәландырды. Әйтсе де рубльді
тұрақтандыру мүмкін болмады.

1.2 1993жылғы Ақша реформасының түрлері.
Ақша реформасы екі кезеңде жүргізілді. 1922 ж. 25 шілде және 11
қазанда Кеңхалком декретімен Мембанкке 1, 2, 3, 5, 10, 25
және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық
берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7,74234 г алтын) 10
рубльге теңесті. Мембанк червонецтерді кәсіпорындарда вексельдік және
тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар
айналысының қажеттілігімен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік
берді.
Червонецтерді эмиссиялаудың несиелік сипаты олардың қарызды өтеу
барысында банкке қайтарылуына қызмет етті. Вексельдер мен тауарлы-
материалдық бағалылықтардан басқа да червонецтер эмиссия сомасынан 25%
алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етілді. Банктік билеттер алтынға
айырбасталмады, бірақ банк червонецтердің алтын рубльдегі бағамының
сақталуын бақылап отырды. Кеңес мемлекетінің барлық тарихында червонец
жалғыз ғана тұрақты валюта болып табылды.
Сауда-саттықтың және банктік несиелердің ұлғаюына қарай червонецтер де
айналыста қолданыла бастады. Олар айналыстағы барлық ақша массасынын нақты
құнының 1.04.1923 ж. - 15%, 1.07.1923 ж. - 37%, және 1.10.1923 ж. -74%
құрады. Кәсіпорындар арасындағы барлық ақшалай есеп айырысулар, мемлекеттің
кірістері мен шығыстары және баска да төлемдер червонецтермен бейнелене
бастады.
Червонецтер ірі ақша болғандықтан да олар көбіне көтерме шаруашылық
айналымына қызмет етті. КеңестІк ақша белгілері өздерінің ұсақ құндылығына
қарамай, олар ұсақ бөлшек сауда және базар айналымында қызмет ете берді.
Шын мәнісінде елде екі валютаның қосарлы айналысынының жүйесі қалыптасты:
Мембанктің несиелеу барысында шығарған червонецтері және Халыкаралық қаржы
комитетінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарған кеңес акшасының
белғілері.
Екі валютаның қосарлы айналысы - халық пен елдің экономика жағдайына
катты есер етті. Жалақы червонец түрінде есептелгенімен кеңестік ақшалық
белгілерінде берілді. Шаруалар өздерінің өнімдерін кұнсыз кеңестік ақша
белгілеріне сатқылары келмеді.
1.05.24 жылы айналыстағы ақша массасы астрономиялық санға - 762,3
квадрильон рубльге (квадрильон - бұл 15 нолі бар ақша бірлігі) жетті. Бұл
ақша массасының нақты құны (червонецтегі) 15,2 млн рубльді құрады.
Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздану қарқыны орташа және ұсақ
купюрадағы ақшалардың жетіспеушілігіне әкеліп соқты. Сөйтіп, ұсақ ақшалар
ретінде әр түрлі ақшалар, әсіресе тұрақты валюталарда бейнеленген
сурогатгарды шығарды

3. .Реформа жүргізудің шетелдік тәжірибесі.
Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың
интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар
қызметінің пайа болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық
құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.
Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен
нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі
дүниежүзілік ақша кызметін алтынға балап бекітті.
Егер де елдің ішінде ақша ұлттык ақша бірліктері формасьшда қызмет
етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстің айтуынша: "ақшалар
өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы кымбат бағалы металл формасын
киеді"1, яғни жалпыға бірдей эквивалент формасына өтеді.
Бірақ алтын айналысы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға
алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етті. 1913 ж. халықаралық есеп
айырысулардың 80%-зы ағылшын фунт стерлингінде бейнеленген аударым
вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп
айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет етті.
Бреттон-Вудстағы (1944 ж) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен
фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін бердІ. Кейіннен дүниежүзілік
ақшалардың жаңа формалары: СДР - арнайы қарыз алу кұқығы; ЭКЮ - еуропалык
есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға
ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі "еуро" айналысқа шықты.
Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы үлттық ақшалардың металл
ақшадан несиелік акшаға өту жолын кеш те болса қайталауда.
Қазірғі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда,
бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР,
ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жок, сондыктан да олар толыққанды түрде
дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын
нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.

2. Қазақстан Республикасында 1993 жылғы ақша реформасының экономикалық
мазмұны мен нәтижелері.
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің енгізілуі және
тұрақтылығы.
Бір адамның ауыстыратын ақшасының ең жоғары мөлшері 1000 рубльден
аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбастауға
рұқсат етілді. Белгіленген лимитен жоғары сомада ақшасы бар адамдарға табыс
көздері туралы декларациямен арнайы комиссияға бару керек болды.
1991 ж 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек қою
енгізілді. Салымдарды тек қана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне
байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл-
кұжаттарына белгі қойылды.
"Павловск" реформасы нәтижесінде айналыстан 8 млрд рубль алынып
тасталып, оның иелік ету заңдылығы дәлелденбеген болатын.
Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу қабілетінің ұлғаюына әсер етпеді.
Бағаның жіберілуі ақшалардың ұстамсыз өсуінде байқалды.
Қайта құру жағдайында өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша
массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық-түліктер көбіне шетелден
сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды
сатудан тусірді: 1989 ж. - 300 т., 1990 ж. - 234 т.
1990 ж. нақты ақшаның эмиссиясы 25 млрд рубль құрады, бұл 1981-1985
жж. қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыруар ақша массасы бос тұтыну
нарығына сай келмеді.
1991 ж. қаңтарда "1961 жылғы 50 және 100 рубльдік үлгідегі ақша
бірліктерін КСРО Мембанкінде төлем ретінде қабылдауды және олардың
айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардьң салымдарынан қолма-қол ақша
беруді шектеу туралы" Президенттің Жарлығы мен КСРО Министрлер Кабинетінің
қаулысы кабылданды. Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа купюралар
енгізІлді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаны жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш
күн берілді.
КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы - рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға
кірмейтін елдерді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекеттер аумағында айналыста
жүре берді. Әр түрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің
саяси тәуелсіздікке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен
экономиканың социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін
еместігіне байланысты біртұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.
КСРО ыдырағын соң ақшаны дезинтеграциялау процесі өте күрделі
жүргізіліп және бұрынғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын
енгізілумен аяқталды.
КСРО республикаларының егемендігі жариялағаннан кейін барлық 15
ұлттык банктер бір-біріне тәуелсіз түрде орталық банктер ролін атқара
бастады. Мұндай салдардың біріне несиелік экспанциялау жатгы.
Мысалы, Украина ¥лтгык банкі 1992 ж. маусымда несие беру
көмегімен кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды
өткізді. Бұл мысалды ТМД елдердің көптеген орталық банктері қайталады.
Ресей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айналғанымен де
кейбір КРСО-ның бұрынғы республикалары өздерінің ішкі тұтыну нарығын
басқа республикалардың сатып алушыларынан "қорғау" максатында
өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар,
Украинада, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды.
1992 ж. шілде айында Орталык; банктердің корреспондентік
шоттарындағы ақша каражаттар көлемінде және Ресей мен бұрынғы
кеңес мемлекеттері арасындағы төлемдерді күнделікті екі жақты өзара
есеп айырысу талабын ескере отырып, енгізілгенде ғана бұл іс жүзінде ұлттық
қолма-қолсыз рубльдердің құрылуына әкеліп соқтырады. Келесі қадам
- меншікті валюталардың шығарылуы екені, осы бастан белгілі болды, сөйтіп
1992 ж. маусым-шілдеде Эстония, Латвия, 1992 жылы қазанда Литва,
1992 жылы қарашада Украина мен Беларусь мемлекеттері өз ұлттық
валюталарын енгізе бастады. 1993 жылы мамырда Қырғызстан, тамызда
Грузия ұлттық валюталарын енгізді. Бұл жерде соңғы болып енгізгендер
қатарына (1995 ж. Тәжікстанды қоспағанда) Түрікменстан, Өзбекстан, Армения,
Молдова және Қазақстан (1993 ж. қараша) болды. Бұл елдер тобы
рубль аймағын Ресей орталық банкінің 1993 ж. рубльдік
банкноталарды жаңаларына айырбастауды жүргізген соң барып кетті. Кейбір
елдердің, онын қатарында Қазакстанның рубль аумағын қалпына келтіруге
деген ұмтылысынан еш нәтиже шыкпады.
1992 ж. 9 қазанда ТМД-ның сегіз мемлекеттерімен қолі қойылған "Рубльді
ресми төлем құралы ретінде пайдаланатын мемлекеттердің біртұтас ақша жүйесі
мен келісілген ақша-несие және валюта саясаты туралы", соңынан 1993 ж.
қыркүйекте алты мемлекеттің бірігуімен рубль аумағының жаңа типін құру
туралы да келісімдері жасалды. Бұл сұрақ бойынша РесейдІң екі жақты келісім
сөздер жүргізуі текіқана сәтсіз аяқталып қоймай, бұрынғы кеңес
мемлекеттерінің макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты шараларын
жүргізуді созып жіберді.
1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан ТМД-ның басқа
мемлекеттерімен бірге "рубль аумағында" қала берді. 1992 ж. айналысқа 200,
500, 1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын
тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банкі атап көрсетілді. 1992 ж. маусым айында
алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10 000 және 50 000 купюрлары
шығарылды.
Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста
ақшаның үш түрі: 1961-1991 жж. Кеңес ақшалары, 1992 ж. кеңес үлгісіндегі
(200, 500, 1000 руб.) Ресей Орталық банктің шығарған ақшалары, 1993 жылдың
бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді.
1993 ж. 23 шілдесінде Ресейдің Орталық банкі 1961-1991
жж. кеңес ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 ж.1 5000 және 10000
рубльдерді айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың
айырбасына бір апта берілді. Айырбастауға 35 мың рубльден аспайтын
сомалар жатты.
Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен екі күн өткен соң
айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір
адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.
Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдерІне, оның
ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.
1992 ж. бірінші жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері
ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған
болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның "Хариссон" фирмасымен шарт
жасалды. Сөйтіп, 1993 ж. 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар
Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.
1993 ж. 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
"Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы" Жарғыға кол қойды.
Осы жарғымен 1993 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі
Банктердің банк ісі қызметін атқару
Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері
Ақша теориясы
Ақша реформасы
Қазақстан Республикасының ақша реформасы
1930 – 1932 жылдардағы несие реформасы
Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы
Пәндер