Қазақстан Республикасы өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Кәсіпорынның инновациялық қызметі
Инновация ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Жаңа техникамен технологияның техникалық деңгейінің көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
Ғылыми.техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

2. Қазақстан Республикасындағы инновациялық стратегияның серпіліс қайнары
Инновациялық экономиканы қалыптастыру және оны дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
3. Инновацияларға қолдау . мемлекеттік саясат
Жаңа Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге бағытталған мемлекеттік саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
IV. Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Кез келген экономикалық жүйеде, оның ішінде нарықтық экономикада Елбасының жолдауында негіз болған индустриалды- инновациялық стратегияны жүзеге асыруда қамтамасыз ететін іс-шаралардың бірі – инновациялық процес.
Ол процесті жүзеге асыратын қызмет түрлері, былайша айтқанда «инновациялық қызмет» осы қызметті мемлекет реттеп, бағыт бағдар беріп отыру керек. Бұл Қазақстан Республикасының «инновациялық қыметті мемлекеттік қолдау туралы» заңында көрсетілген. Міне, бұл ел өңіріндегі айтулы оқиға. Өйткені, бұл заң арқылы Республикадағы инновациялық процесті жылдамдатып, жаңа техника мен технологияның өмірге келуін сапалы түрде әрі нақтылай қамтамасыз етуге болады. Мұнда инновациялық негізгі ұғымдар, инновациялық процестегі мемлекеттің орны, оны қаржыландыру көздері және жүзеге асыру жолдары қарастырылған.
1. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы» Алматы: Экономика, 2003. ж.
2. Есімжанова С.Р. «Маркетинг» Алматы: Экономика, 2003 ж.
3. Жолдасбаева Н.Ө. «Кәсіпорын экономикасы» Алматы. Экономика, 2002ж.
4. «Президент және Халық» газеті. 6 сәуір, 2007 ж.
5. «Егемен Қазақстан» газеті 23 сәуір, 2007 ж.
6. Президент Жолдауы. 2007 ж.
7. «Қазақстан – 2030» статегиясы.
8. Қазақстан экономикасының тенденциялары. Деловая неделя. №12, №11, 1998 г.
9. Қалиев Г.А., Темірұлы Е. «Нарықтық экономиканың анықтамалылығы» Алматы, 1993 ж.
10. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. «Экономка». М: 1998 г.
11. Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 26–шы желтоқсанындағы «есеп және қаржылық есеп беру туралы» №2732 заңы.
12. БҰҰ-ның Қазақстандағы даму мақсаттары . 2002 ж.
13. Дүйсенбаев К.Ш. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы 2001.
14. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Н.Назарбаев 2007 жылғы Қазақстан халқына жолдауы.
15. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Н.Назарбаева. Астана, 2006.
16. «Қазақстан Республикасының жекешелендіру бағдарламасының негіздері». Б.Б.Жақсыбаев, КазГУ, 1997.
17. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудағы ақпаратпен қамтамасыз етуді жетілдіру. Қ.Қ.Макулов. Алматы, 2007
18. Романовский М.В, Собанти Б.М. «Финансы» Москва, 2002.
19. Стоянова Е.С. «Финансы и менеджмен». Москва, 2003
20. Исабеков Б.Н. «Индустриалды –инновациялық қызметтердің негізінде кәсіпкерді қалыптастыру». Алматы, 1998.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

Экономика және менеджмент кафедрасы

Кәсіпорын экономикасы пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Қазақстан Республикасы өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту

Орындаған: 050506 – Экономика
мамандығының 3 курс студенті

Ешова Г.Д.
Ғылыми жетекші: оқытушы

Оспанбек Т.К.

Алматы 2007

ЖОСПАР

І. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Кәсіпорынның инновациялық қызметі
1. Инновация ұғымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..4
2. Жаңа техникамен технологияның техникалық деңгейінің көрсеткіштері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..6
3. Ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік
тиімділігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .8

2. Қазақстан Республикасындағы инновациялық стратегияның серпіліс
қайнары
1. Инновациялық экономиканы қалыптастыру және оны дамыту жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .10
3. Инновацияларға қолдау – мемлекеттік саясат
1. Жаңа Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге
бағытталған мемлекеттік саясат
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
ІІІ. Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 22
IV. Пайдаланылған әдебиет
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Кіріспе

Кез келген экономикалық жүйеде, оның ішінде нарықтық экономикада
Елбасының жолдауында негіз болған индустриалды- инновациялық стратегияны
жүзеге асыруда қамтамасыз ететін іс-шаралардың бірі – инновациялық процес.

Ол процесті жүзеге асыратын қызмет түрлері, былайша айтқанда
инновациялық қызмет осы қызметті мемлекет реттеп, бағыт бағдар беріп
отыру керек. Бұл Қазақстан Республикасының инновациялық қыметті
мемлекеттік қолдау туралы заңында көрсетілген. Міне, бұл ел өңіріндегі
айтулы оқиға. Өйткені, бұл заң арқылы Республикадағы инновациялық процесті
жылдамдатып, жаңа техника мен технологияның өмірге келуін сапалы түрде әрі
нақтылай қамтамасыз етуге болады. Мұнда инновациялық негізгі ұғымдар,
инновациялық процестегі мемлекеттің орны, оны қаржыландыру көздері және
жүзеге асыру жолдары қарастырылған.
Сондықтан инновациялық процесті қаржыландыру маңызды болып табылады.
Республикалық инновациялық қор акционерлік қоғамы Қазақстан
Республикасының инновациялық қызметті дамыту мен инновациялық процестерді
жүзеге асыру болып табылады.
Инновацияларды енгізу кәсіпорындардың меншікті құралдарының
жетіспеушілігімен және несие алу үшін жоғарғы пайыздық ставкалармен
тежеледі. Жоғарыда айтылғандай отандық компаниялармен инновациялық
процестерді қаржыландыру қарастырылғанымен, Қазақстандық өңдеулерді шетел
компанияларымен қаржыландыру тұрақты өсуде.
Инновациялық қызметпен айналысатын көптеген шетел компанияларының
стратегиясы олардың 30-40 пайыз пайдасы жаңа технологияларды енгізу
есебінен алынған тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетіндігін көрсетеді.

1. Кәсіпорынның инновациялық қызметі
1.1 Инновация ұғымы
Кәсіпорынның инновациялық қызметі — бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы,
не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа; әдістерін, қолдану мақсатындағы
ғылыми-техникалық және зияткерлік әлуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке
сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қогамның мұқтажын
қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
• өнімділік;
• үдерістік.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде
анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не
тіршілікте қолданылып жүрген технологаянық жаңа түрінде пайдалануын
ұштастырады.
Процестік инновация.- бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және
технологаяны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды
өзгерту.
"Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және
шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы
болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлер технологиясы және қызмет
көрсетуі басымдық, абсолюттік жаалықтарға ие болады және үлгінің түп
нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және
жаңалыңтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік
кезеңі уақыт араылғы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден
алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде аныңталады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды
пайдалануда қосылатындары:
• жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалың ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа
зертханалық үлгілерін техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияның
және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық
жүмыетарды жүргізу;
• өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың
қажетті түрлерін таңдап алу;
• жаңа өнімді дайындауда технологиялық прогресті әзірлеу;
• қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан
өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
• жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық
-басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
• қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны аңпаратпен
қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
• қажетті ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін
дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы
әдіспен іріктеу;
• лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарыын жүргізу немесе қажетті
құжаттарды алу;
• инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді
жүргізу.

1.2 Жаңа техника мен технологияның техникалық деңгейінің көрсеткіштері
Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметінің тиімділігін
талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші
кезеңінде – жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін дәстүрлі
қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және жаңа техника
мен технологияның тиімділігі.
Техникалық - ұйымдастырушылықдеңгейінің экономикалық тиімділігін
арттыру көрсеткіштері өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың,
технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтық және ғылыми-зерттеу және
конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға
айыру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық - ұйымдастыру
деңгейі өндірістік процестің негізгі амоменттерін пайдалану деңгейінде
байңалады: еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне,
сондыңтан да, мұндай экономикалың көрсеткіштер, еңбек өнімділігі,
қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы
ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын пайдалануды қамтитын жаңа
техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші
болып табы"лады„ Жоғарыдагы аталған көрсеткіштер (еңбек өнімділігі,
қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының
аиналымдылығына) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады.
Бұларды талдау техникалық-
ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша"" жүргізу қажет. Жеке
көрсеткіштермен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады.

Техникалық және ұйымдық дамудың экономикалық тиімділігін
арттыру шаралары мына төмендегі топтарға бірігеді:
• еңбек енімділігінің үстелуі, жүмыс істеушілердің саны және еңбекақы
қорының салыстырмалы ауытқуы;
• материалдың қайтарымның үстелуі (материалды жетсіну), материалдың
ресурстардың шығындарының салыстырмалы ауытқуы;
• негізгі өндірістік, қорлардын, қор қайтарымы үстелуі (қор
сиымдылығының төмендеуі), негізгі өндірістік қорлардың салыстырмалы
ауытқуы;
• айналым қаражатының айналым жылдамдығының үстелуі, (босатып алу
немесе байлау) айналым қаражатының салыстырмалы ауытқуы;
• қарқындату есебінен еңбек, материалдың және қаржы ресурстарын
тиімді пайдалануда өнімді шығару мөлшерінің үстелуі;
• пайданың немесе өнімнің өзіндік құнының үстелу
• кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржы жағдайының
көрсеткіштерінің үстелуі.
Қолданылатын техникалық және технологиялық шешімдердің үдемелігі
өндірістің мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық
деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технология
қарқындылығы және технологаялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу -
ұйымдың деңгейіне әсер етуін
байланысты болады.

1.3 Ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияның өндіріске
енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңгнен
тұрады:
Бірінші кезең – бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті
шығындарды анықтау.
Екінші кезең – бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау.
Үшінші кезең - бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске
енгізудегі экономикалық тиімділікті бағалау;
Төртінші кезең - бұл экономикалық көрсеткіпгтерді салыстыру
арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділіг бағалау.
Өндіріс жағдайында экономикалық тиімділікті анықтау кезінде мыналар
пайдаланылады:
• өнімде және қызмет көрсетуде қолданыстағы көтерме сауда,
бөлшек сауда бағалары және тарифтер;
• қолданыста заңды түрде белгіленген өндірістік ресурстар (өндірістік
қорлар, еңбек және табиғи) үшін нормативтік төлемдер;
• қолданыстағы кәсіпорынның пайдадан нормативтік аударымы және
орталыңтандырылған салалың қорлар және резервтерді
ңалыптастыру үшін жоғары ұйымдардың, мемлекеттік және жергілікті
бюджеттердің бірігуі;
• банкілердің несие берудегі немесе жеке қаржыларын саңтау
жөніндегі кәсіпорынның тәртібі мен есеп ажырасу мөлшері;
Жалпы түрінде гылыми-техникалың прогресті жедел-у тиімділіктің бірнеше
түрін жасайды: экономикалық, урстық, техникалың және әлеуметтік.
Экономикалық нэтижелілік - бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және
материалдық сиымдылыңтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы
өсіру не пайдалылыңты онан әрі арттыру.
Ресурстық нәтижелілік - бұл кәсіпорындарда ресур-рды босатып алу:
материалдың, еңбек және қаржы.
Техникалық нәтижелілік - бүл жаңа техника мен технологияның, ашу,
өнертабыс және оңтайландыру ұсыну, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің
пайда болуы.

2. Қазақстан Республикасындағы инновациялық стратегияның серпіліс
қайнары

2.1 Инновациялық экономиканы қалыптастыру және оны дамыту жолдары
Бүгінде Қазақстанның жедел экономикалық өсуінің басты факторы табиғат
байлығы, ең алдымен мұнай мен газ болып табылады. Бірақ бұдан әрі де
экономикалық дамудың негізгі көзі ретінде тек табиғат ресурстарын
қарастыратын болсақ, онда өткен кезеңнен қалған құрылымдық, технологиялық
мүкістерді түзей алмаймыз. Қазақстан экономикалық өсудің, бәсекеге
қабілеттілікті күшейтудің айтарлықтай ғылыми және білім беру әлеуеті сияқты
стратегиялық факторына ие болып отыр.
Оны нарықтық экономикада тек инновациялар арқылы қосуға болады.
Инновацияларсыз қазіргі заманғы экономикаға бірден-бір түбегейлі міндетті
шеше алмайсың.
Инновациялық экономиканы қалыптастыру Қазақстанның ХХІ ғасырдағы
дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Елдің ұлттық мүдделері осыны
талам етеді, әлемдік дамудың негізгі беталысы соны көрсетеді. Соңғы кездері
мемлекет ғылым мен инновациялық қызметті дамыту үшін ауқымыды шаралар
қабылдауда. Даму институттары 2,5 млрд доллар соманы құрайтын 130
инвестициялық жобаларды қаржыландыруда.
ТМД елдері арасында алғашқы болып Қазақстан Ұлттық инновациялық жүйені
(ҰИЖ) қалыптастыру мен дамыту бағдарламасын әзірледі. Бұл біз үшін жаңа
түсінік. Ал дамыған елдерде нақ осы ҰИЖ инновациялық үдерістің барлық
элементтерін – ғылымды, өндіріс пен рынокты біртұтас етіп байланыстыруға
мүмкіндік беріп отыр.
Бағдарламаны жүзеге асырудың алғашқы неғұрлым маңызды нәтижелері
ішінде венчурлық индустрия іргетасы қаланғанын, қазақстандық Kazsat
спутнигі ұшырылғанын, Alatau TV city ұлттық технопаркі ашылғанын атап
көрсету керек. Құрылған жүйенің негізгі Ұлттық инновациялық қор (ҰИҚ) болып
табылады, ол инновациялық белсенділіктің артуына, жоғары технологиялық және
ғылымды көп қажет ететін өндірістерді дамытуға жәрдемдесуге арналған. ҰИҚ
қызметінің маңызды бағыты тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды ғылыми
зерттеуді қажыландыру болып табылады. Бес басым бағыт таңдап алынған:
баламалы энергетика; ІТ –технологиялар; биотехнологиялар мен фармацевтика;
көмірсутегі секторы үшін технологиялар; жаңа материалдар мен
нанотехнологиялар. Осылардың әрқайсысы бойынша жобалар 250 мың долларға
дейінгі көлемде қаржылардырылуы мүмкін. Бұған қоса ҰИҚ-ның негізігі
міндетіне инновациялық инфрақұрылымдар құруға қатысу кіреді.
Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесі дамуының жаңа кезеңі Президент
Н.Назарбаевтың Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты халыққа Жолдауында алған
қойылған міндеттерді жүзеге асырумен байланысты. Жолдаудың аса маңызды
бағыттарының бірі жоғары технологияларды енгізу мен инновацияларды қолдауға
бағытталған, біртұтас мемлекеттік стратегияны жүргізу болып табылады.
Инновациялық үдерісте ірі технологиялық корпорацияларға ерекше рөл
жүктеледі. Қазақстанда мұндай корпарациялар санаулы. Сондықтан Қазақстанда
инновациялық экономика құрудың негізгі бағыты Қазақстанның 30
корпоративтік көшбасшылары мемлекеттік бағдар-ламасы болып табылады. Оның
басты мақсаты – Қазақстан экономикасын жаңарту және отандық компанияларды
бәсекеге қабілетті өнімдердің халықаралық рыноктарына шығару. Бағдарлама
мемлекеттік жекеменшік серіктестік тетіктеріне негізделген. Серпінді жобаны
жүзеге асырудың 100 млн доллардан астам болуы керек. Мемлекеттік бизнес-
жобаларға үлестік қатысуы алғашқы кезеңде 25% қосу бір акциядан артық
болмайды. Қазақстанның 9 өңірінде экономиканы жаңартудың негізгі бағыттары
бойынша 22 серпінді жобаға жол ашылды, олардың жалпы құны шамамен 7,5
млрд долларды құрайды.
Бағдарлама шеңберінде жаңа технологиялар әзірленетін болды. Төрт
жобаны іске асыру басталады: автомобиль шиналары өндірісі жөніндегі зауыт
құрылысы, ол Қазақстан және шекаралас елдер автомобиль рыногындағы тиімді
тауашаны толтырады; локомотив зауытының құрылысы жөніндегі жоба темір жолды
жоғары сапалы отандық вагондармен қамтамасыз етуі тиіс; көлік – логистика
орталығы мен Ниссан автомашинасын шығаратын зауыттары салынатын болады.
Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшылары мемлекеттік бағдарламасын
жүзеге асыру Қазақстанның инновациялық экономика-сының негізін қалауға
мүмкіндік береді.

3. Инновацияларға қолдау – мемлекеттік саясат

3.1 Жаңа Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге
бағытталған мемлекеттік саясат
Осы тарадың жүгі ауыр және күрделі. Саясатымыздың аса маңызды
бағыттары осында топтастырылған. Көлемнің шектеулігіне байлнанысты
бағыттарды тұжырымдап жазуды іске асырдық.
Бірінші бағыт – Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің орнықты сипатын
қамтамасыз етуге бағытталған толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру.

Мұнда 5 мәселе ерекше атап көрсетілген:
- Қазақстан экономикасының сыртқы рыноктарға шығатын негізгі салаларына
лоардың экспорттық табыстылығының деңгейі мен соны айқындайтын факторлар
тұрғысынан жүйелі талдау, мониторинг және бағалау жүргізу.
- Басқа елдердің бәсекелес өндірістері мен сааларына, сондай-ақ нақ сол
халықаралық рыноктарға қатысатын трансұлттық корпорацияларға салыстырмалы
талдау жүргізу, қазақстандық экспорттаушылар мен экономика секторларының
кейіндеп қалуына әкеліп соғатын немесе оларға салыстырмалы артықшылықтар
жасайтын факторларға баға беру.
- Нақты экспорттық салалардың оң және теріс тұстарына баға беру және
қолдағы артықшылықтарды қай жерде қолдану, ал керек жерінде орын алған
проблемаларды жоюдың бағыттарын айқындау.
- Өнеркәсіптің құрылымын өзгертуге қабілетті әрі едәуір қосымша құнға ие
есемелі тиімділігі, экспорттық және ресурстар үнемдеуші әлеуеті бар
серпінді ауқымды зор жобалар әзірленеді.
- Қазақстан бизнесінің сыртқы рыноктарға шығуы үшін нысаналы жүйелі қолдау
ұйымдастырылады.
Екінші бағыт – Әлемдік шаруашылық жүйесінде қазақстандық тауашаларды
іздестіру, оларды қолға қарату және жақсарту.
Үшінші бағыт - Іргелі және серпінді жобаларға қатысу.
Төртінші бағыт – Мемлекеттік холдингтердің қызметін шоғырландыру және
олардың жұмысын халықаралық стардарттарға сәйкес ұйымдастыру.
Бесінші бағыт – Өндіруші сектордың тиімділігі мен макроэкономикалық
қайтарымдылығын едәуір арттыру.
Алтыншы бағыт - ырықтандыру жағдайында қаржы жүйесінің орнақтылығы
мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі.
Жетінші бағыт – Қазақстан үшін тиімді жағдайларда БСҰ-ға кіруінің
барысында Үкімет аграрлық секторларды қолдаудың лайықты деңгейін сақтап
қалуы және өнеркәсіп орындарын БСҰ жағдайында тиімді жұмыс істеуге дайындау
жөніндегі тиісті бейімдеу шараларын іске асыру.
Сегізінші бағыт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми-техникалық прогрестiң теориялық негiздерi
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру мәселелері
Дүние жүзілік химия өнеркәсіптерінің ірі карпорациялары
КӘСІПОРЫНДАРДА ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық дамыту басқармасы
Қазақстан Республикасында кластерлерді құрастырудың экономикалық тиімділігі
Индустриялық кәсіпорынның өндірістік ресурстары және оны тиімді пайдалануы
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2006 жылға арналған экономикалық және әлеуметтiк саясаттың негiзгi бағыттары мен экономикалық көрсеткiштері
Өндірісті ұйымдастыру типтері
Нapық:мәнi, пaйдa бoлyы мeн қызмeтi
Пәндер