«ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ іс-тәжірибе бойынша есеп беру


«ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ ІС-ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ ЖОСПАРЫ:

КІРІСПЕ

І-БӨЛІМ. «ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ АКТИВТЕРДІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ

1. 1. Негізгі құралдардың есебі, талдауы мен аудиті

1. 2. Материалдық емес активтердің есебі, талдауы мен аудиті

1. 3. Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі, талдауы мен аудиті

1. 4. Ақша қаражаттарының есебі, талдауы мен аудиті

1. 5. Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың есебі, талдауы мен аудиті

ІІ-БӨЛІМ. «ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР МЕН МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ

2. 1. Меншікті капиталдың есебі, талдауы мен аудиті

2. 2. Жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі, талдауы мен аудиті

2. 3. Кредиторлық қарыздардың есебі, талдауы мен аудиті

«ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

І-БӨЛІМ. «ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ АКТИВТЕРДІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ

1. 1. Негізгі құралдардың есебі, талдауы мен аудиті

ЖШС «Ойлстройсервис» өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру үшін бухгалтерлік есептің жеке объектіне бөлінген негізгі құралдар деп аталатын қажетті еңбек құралдары болуы керек.

Еңбек құралдары, еңбек құралдарының кейбір түрлерін бухгалтерлік есеп стандарттарын енгізгенге дейін Қазақстан Республикасындағы негізгі құралдарға жатқызылатын №6 БЕС сай, 01. 01. 97 жылы енгізілген негізгі құралдар құнымен шектеледі және келесі нұсқамен анықталады: «Негізгі құралдар - материалдық өндірісте және өндірістік емес ортада ұзақ мерзім уақыт (бір жылдан астам) әрекет ететін материалды активтер».

Өндіріс процесінде көп рет қолдану, ұзақ мерзімді уақытта бастапқы түрін сақтау (табиғи - заттай түрі) негізгі құралдардың ерекшелігі болып табылады. Өндіріс процесі және сыртқы орта әсерлерінен бірте-бірте тозады және белгіленген нормалар бойынша амортизацияны есептеу жолымен нормативті қызметінің мерзімі бойында бастапқы құнын өндіріс шығындарына өткізеді.

Негізгі құралдар кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрай отырып, өндірістік потенциалдың маңызды элементі. Сондықтан кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарлатудың маңызды жағдайы болып негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды рационалды қолдану болып табылады.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар, т. б. ) әсер ету жүзеге асады және өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдық, өткізгіш қондырғылар) . Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші - қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Ол ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын үй-коммуналдық, денсаулық сақтау мүлкі, т. б. ) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Менің қарастырылып отырған «Ойлстройсервис» ЖШС-де негізгі құралдар жалға алынбайды және берілмейді.

Негізгі құралдардың құрамына келесілер жатады:

Жер - субъект меншігіне сатып алынған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек.

Машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар мен жабдықтар; жұмысшы машиналар мен жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құрпалдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады.

Ғимараттар мен қондырғылар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері және электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялары, құбырлары) .

Басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

«Ойлстройсервис» ЖШС-дегі негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, оның ішінде орын ауыстыруы мен шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ, есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістереінің тиімділігін; негізгі құралдарды жһндеу бойынша шығындардың сенімді есебін; негізгі құраолдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгелінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамсыз ету керек.

«Ойлстройсервис» ЖШС-дегі негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын есептеу

«Ойлстройсервис» ЖШС-дегі негізгі құралдарға амортизация есептеу қарапайым әдіспен жүргізіледі. Бұл әдіске бұрын бухгалтерлік есептегі амортизация есептеу тәсілдерінің түрлеріне тоқтала кетейік. Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатысумен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі бар: табиғи және сапалы (моральдық) (заман талабына сай келмеуі) .

Негізгі құралдардың амортизациясының есептеудің әртүрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сай дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:

  • құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;
  • құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар) етіп есептен шығару (өндірістік тәсіл) ;
  • жеделдетіп есептен шығару;
  • қалдығын азайту жолымен есептен шығару;
  • құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару.

Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептеу әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.

Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептеу әдісі мына формула бойынша есептелінеді:

Бастақы құн - жойылу құны

Пайдалану мерзімі

Амортизацияны (тозуды) орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл) негізгі құраолдардың тозуы тек олардың пайдалану дәрежесі болып табылады және оны есептеу процессінде уақыт кесіндісі ешқандай рөл атқармайды.

Ол келесі формуламен есептелінеді:

Бастапқы құн - жойылу құны .

Орындалатын жұмыстың болжамды мөлшері

Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдістері:

а) Кумулятивтік әдісі - латын тілінен аударғанда - өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосудың көмегімен тозудың сомасы есептелінеді, демек объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады.

ә) Азайып отыратын қалдық әдісі - бұл әдіс те кумулятивтік әдістің принциптеріне негізделген. Оны екі еселенген амортизациялау нормасын қолдану арқылы азайып отырған қалдық әдісі деп те атайды. Мысалы, автокөлікті пайдалану мерзімі 5 жыл. Бірқалыпты үлестіру әдісінде амортизациялау нормасы 20 пайыз болады (100/5) .

Екі еселенген нормасымен есептелініп, азайып отыратын қалдық әдісінде амортизациялау нормасы 40 пайызға тең (20*2) .

Іс-тәжірибе өткен кәсіпорында амортизацияны есептеудің қарапайым әдісі қолданады, бас бухгалтердің түсіндіруі бойынша мұның бірнеше қомақты себептері бар:

  1. бұл әдіс ҚР-ның Салық кодексінің ережелеріне ең жақын болып табылады, себебі онда амортизацияның шекті нормалары көрсетіледі;
  2. сатып алынатын негізгі құралдардың жиі жағдайда өте қымбат болып табылады, сондықтан амортизацияны есептеудің жеделтілген әдісін қолдану кәсіпорын үшін қиынға түседі.

Негізгі құралдардың тиімділігін және пайдалануын талдау

Өнеркәсіптік кәсіпорында өндіріс тиімділігін жоғарлатудың маңызды факторының бірі болып табылады, олардың қажетті саны мен ассортиментінде негізгі құралдармен қамтамасыз етілуі және олардың толық пайдалануы болып табылады.

Талдау мәселелері - кәсіпорынның оның құрылымдық бөлімшесінің негізгі құралдардың қамтамасыз етілуін және жалпылама, жеке көрсеткіштер бойынша олардың пайдалану деңгейін анықтау, сонымен қатар, олардың өзгеру себептерін табу, өнім өндіру көлеміне және т. б. көрсеткіштерге негізгі құралдарды пайдаланудың әсерін зерттеу, өндірістік қуаттың пайдаланудың дәрежесін зерттеу, негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділігін жоғарлатудың резервтерін айқындау. Талдау негізінен негізгі құралдардың көлемін, олардың динамикасы мен құрылымын зерттеуден басталады: кәсіпорынның өндірістік қуатын өнеркәсіптік өндірістік қорлар анықтайды. Негізгі өндірістік қорлардың техникалық жағдайын және қозғалысын зерттеу талдауда маңызды болып табылады. Олар келесідей көрсеткіштермен анықталады:

  1. Жаңару коэффициенті = келіп түскен негізгі құралдар құны/кезең соңындағы негізгі құралдар құны
  2. Есептен шығу коэффициенті = шығарылған негізгі құралдар құны/кезең соңындағы негізгі құралдар құны
  3. Тозу коэффициенті = негізгі құралдардың тозу сомасы/негізгі құралдардың бастапқы құны
  4. Жарамдылық коэффициенті = негізгі құралдардың қалдық құны/ негізгі құралдардың бастапқы құны

Ереже бойынша кәсіпорын негізгі капиталының жалпы сомасында негізгі арасалмақты (удельный вес) негізгі қорлар алады. Көп жағдайда кәсіпорын қызметіндегі соңғы нәтижелер: өнім шығарылымы, оның өзіндік құны, табыс, рентабельділік, қаржылық жағдайдың тұрақтылығы - негізгі қорлардың санына, құнына, техникалық деңгейіне, қолдану тиімділігіне тәуелді.

Негізгі қорларды қолданудың тиімділігін мінездейтін көрсеткіштер келесілер: рентабельділік (табыстың НӨҚ - дың орташа жылдық құнына қатынасы), қор қайтарым (ҚҚС, акцизді алып тастағаннан кейін өндірілген немесе өткізілген өнім құнының НӨҚ - дың орташа жылдық құнына қатынасы), қорсиымдылық (қорқайтарымға кері көрсеткіш) . Сонымен қатар, негізгі қорлардың салыстырмалы экономиясымен есептелінеді.

± Эопф =ОПФ1 - ОПФ0 х IВП,

мұнда ОПФ0, ОПФ1 - НӨҚ -дың сәйкесінше базистік және есеп жылдарындағы орташа жылдық құны, IВП - өнім өндірісі көлемінің индексі.

Жеке көрсеткіштер машиналардың, құралдардың, өндірістік аудандардың жеке түрлерін қолдануды сипаттау үшін қолданады. Мысалы, смендегі бір құралға келетін өнімнің орта шығарылымы (натуралды түрде), 1м 2 өндірістік ауданға келетін өнім шығарылымы және т. б.

Берілгендерді талдау үшін қайнар көздер (источники) : кәсіпорынның бизнес - жоспары, техникалық даму жоспары, кәсіпорынның есептік бухгалтерлік балансы, балансқа қосымшалар, негізгі қорлардың саны мен қозғалысы туралы есеп, өндірістік қуаттың балансы, негізгі қорларды қайта бағалау мәліметтері, негізгі қорларды есептеудің инвентарлық карточкалары, проектілік - сметалық, техникалық құжаттамалар және т. б.

Негізгі қорлардың тиімділігін барынша тура көрсететін көрсеткіш қоррентабельділігі болып табылады. Оның деңгейі тек қор қайтарымға ғана емес, сонымен бірге өнім рентабельділігіне тәуелді. Бұл көрсеткіштердің өзара байланысын келесі үлгіде көрсетуге болады:

R опф = П / ОПФ = ВП / ОПФ х П / ВП = ФО х Rвn немесе

R опф = П / ОПФ = РП / ОПФ х П /РП = ФО х Rрn,

Мұндағы: R опф - НӨҚ-дың рентабельділігі;

П - өнімді өткізуден түскен пайда;

ОПФ - НӨҚ-дың орташа жылдық құны;

ВП және РП - сәйкесінше өндірілген және өткізілген өнімнің құны;

ФО - қор қайтарым;

Rвn - өндірілген өнім рентабельділігі;

Rрn - өткізілген өнім рентабельділігі;

Қорқайтарымы деңгейінің өзгерісіне өз кезінде бірнеше факторлар әсер етеді. Негізгі қор рентабельділігін анықтайтын факторлар келесі суретте көрсетілген :

Қор рентабельділік факторлы жүйесінің схемасы

Келесі кестедегі берілгендер - НӨҚ рентабельділігінің нақты деңгейі жоспарлыдан 3 % төмен екенін көрсетеді. Оның қор қайтарым мен өнім рентабельділігінің есебінен өзгергенін абсолюттік айырма әдісімен анықтауға болады.

НӨҚ-ды қолданудың тиімділігін талдау үшін берілген алғашқы ақпараттар:

Көрсеткіш
Жоспар
Нақты
Ауытқу
Көрсеткіш:

1. Өнім шығарылымы (ВП), мың. теңге

2. Өнімді өткізуден түскен пайда, мың теңге

3. Орташа жылдық құн, мың. теңге

- НӨҚ; ( ОПФ )

- активті бөлігінің ( ОПФ @ )

- құралдар бірлігі ( Ц )

4. Арасалмақ, коэффициент:

- қордың активті бөлігінің ( УД @ )

5. Қор рентабельділігі ( R опф ), %

6. Өнім рентабельділігі ( Rвn ), %

7. Қор қайтарым, теңге:

- НӨҚ ( ФОопф )

- активті бөлігінің ( ФО @ )

8. Технологиялық құралдардың орташа

жылдық саны (К)

9. Барлық құралдармен жыл ішінде

жұмыс атқарылғаны (Т), мың сағ.

10. Соның ішінде құрал бірлігімен:

- сағаттар ( Тед )

- смен ( СМ )

- күндер ( Д )

11. Құрал жұмысының смендік

коэффициенті ( Ксм )

12. Сменнің орташа ұзақтығы ( П ), сағ.

13. 1 машина - сағатта өнімді жасау (ЧВ),

мың. теңге

Жоспар:

96 000

17 900

12 715

7 680

120

0, 604

140, 8

18, 65

7, 55

12, 5

64

240

3750

500

250

2

7, 5

0, 400

Нақты:

100 800

19 296

14 000

8 400

127, 27

0, 60

137, 8

19, 14

7, 20

12, 0

66

226, 51

3432

470, 4

245

1, 92

7, 3

0, 445

Ауытқу:

+ 4800

+ 1396

+ 1285

+ 720

+ 7, 27

0, 0043, 0+ 0, 49

0, 350, 50

+ 2

13, 49

318- 29, 6

- 5, 0

- 0, 08

- 0, 2

+ 0, 045

Қор рентабельділігі мынаның есебінен өзгереді:

НӨҚ-дың қор қайтарымы:

∆ R опф = ∆ ФО х Rвn nл = ( 7, 20 - 7, 55 ) х 18, 65= -6, 53 %;

Өнім өндірісінің рентабельділігі :

∆ R опф = ∆ ФО х Rвn nл = 7, 20 ( 19, 14 - 18, 65 ) = + 3, 53 %.

НӨҚ - дың қорқайтарымына әсер ететін бірінші (реттік) деңгейлі факторлар: НӨҚ - дың жалпы сомасындағы қорлардың активті бөлігі үлесінің өзгеруі және қорлардың активті бөлігі қор қайтарымының өзгеруі:

ФО = УД @ х ФО @

Кестедегі мәліметтер бойынша факторлардың әсер есебін абсолюттік айырма әдісімен есептейміз:

∆ ФОуд = ( УДф @ - УД пл @ ) ФО пл @ =

= ( 0, 6 - 0, 604 ) х 12, 5 = -0, 05 теңге,

∆ ФОфо @ = ( ФОф @ - ФО пл @ ) УДф @ =

= ( 12, 0 - 12, 5 ) х 0, 6 = -0, 30 теңге,

соңы - 0, 35 теңге.

Қорлардың активті бөлігінің қор қайтарымы (технологиялық құралдардың) оның құрылымы, жұмыс уақытына және орта сағаттық шығарылымына тәуелді.

Талдау үшін келесі факторлық модельді қолданамыз:

∆ ФО @ = К х Тео х ЧВ / ОПФ @

Технологиялық құралдың орташа жылдық құны санының және оның орта құнының келтірілген бағасының ( Ц ) туындысына тең :

ФО @ = К х Д х Ксм х П х ЧВ / К х Ц = Д х Ксм х П х ЧВ / Ц

Құрал қор қайтарымының өсіміне факторлардың әсерін есептеу тізбектік қойылым әдісімен орындалады:

ФО пл @ = Дпл х Ксмпл х Ппл Х ЧВпл = Цпл = 250х2х7, 5х0, 4 / 120 =

= 1500мың теңге/ 1, 20 мың теңге = 12, 5 теңге.

Қор қайтарымының бірінші шартты көрсеткішін анықтау үшін бір құралдың орта жылдық құнының жоспарлының орнына нақтысын аламыз, ол бірдей бағаларды тек оның құрлымының есебінен ғана өзгеруі мүмкін :

ФО @ усл1 = Дпл х Ксмпл х Ппл х ЧВпл / Цф = 250х2х7, 5х0, 4 / 127, 27 =

= 1500мың теңге/ 127, 27 мың теңге = 11, 7857 теңге.

Құрал құрылымының өзгеру нәтижесінде қорқайтарым деңгейі 0, 7143 теңгеге ( 11, 7857 - 12, 5 ) азайды.

Кейін құрал құрылымының нақты өлшемі, жұмыс атқарылған күн санының нақты өлшемі және басқа факторлардың жоспарлы өлшемі кезіндегі қор қайтарымы есептеледі:

ФО @ усл2 = Дф х Ксмпл х Ппл х ЧВпл / Цф = 245х2х7, 5х0, 4 / 127, 27 =

= 1470 мың теңге / 127, 27 мың теңге = 11, 55 теңге.

Құралдардың бүкіл күндік тоқтамдарының жоғары жоспарлығының нәтижесінде, қор қайтарымы 0, 2357 ( 11, 55 - 11, 7857 ) теңгеге төмендеді.

Қор қайтарымының үшінші шартты көрсеткіші оның нақты құрылымы, нақты жұмыс атқарылған күні, нақты сменділік коэффициенті және басқа факторлардың жоспарлы өлшемі кезіндегі есептелінеді :

ФО @ усл3 = Дф х Ксмф х Ппл х ЧВпл / Цф = 245х1, 92х7, 5х0, 4 / 127, 27 =

= 1411, 2 мың теңге / 127, 27 мың теңге= 11, 088 теңге.

Құралдың жұмыс сменділік коэффициентінің төмендеуі есебінен, оның қорқайтарымы 0, 462 теңгеге ( 11, 088 - 11, 55 ) төмендеді.

Қор қайтарымының төртінші шартты көрсеткішін есептеу кезінде жоспарлы болып тек орта сағаттық шығарылым деңгейі ғана қалады :

ФО @ усл4 = Дф х Ксмф х Пф х ЧВпл / Цф = 245х1, 92х7, 5х0, 4 / 127, 27 =

= 1373, 57 мың теңге/ 127, 27 мың теңге = 10, 7923 теңге.

Нақты смендік ұзақтығы жоспарлыға қарағанда 0, 2 сағатқа кем болған-дықтан, бір құралдың жылдық шығарылымы 37, 6 мың теңгеге, ал қор қайтарым 0, 2957 теңгеге ( 10, 7923 - 11, 088 ) азайды.

Құралдың нақты шығарылымы кезіндегі қорқайтарым келесідей болады :

ФОф @ = Дф х Ксмф х Пф х ЧВпл / Цф = 245х1, 92х7, 5х0, 4 / 127, 27 =

= 1527, 5 мың теңге / 127, 27 мың теңге = 12, 00 теңге

Жоспарлыға қарағанда 1, 2077 теңгеге жоғары.

НӨҚ -дың қор қайтарым деңгейіне бұл факторлардың әсерін білу үшін алынған нәтижелерді НӨҚ - дың жалпы сомасындағы қорлардың активті бөлігінің нақты ара қатынасына көбейтеміз.

∆ ФОхі = ∆ ФОхі @ х УД ф @ .

НӨҚ-дың қор қайтарымының өзгеруі :

Құрал құрылымы есебінен - 0, 7143 х 0, 60 = - 0, 42858

Бүкіл күндік тоқтам есебінен - 0, 2357 х 0, 60 = - 0, 14142

Сменділік коэффициенті есебінен - 0, 4620 х 0, 60 = - 0, 27720

Ішкі сменділік тоқтам есебінен - 0, 2957 х 0, 60 = - 0, 17742

Орта сағаттық шығарылым есебінен + 1, 2077 х 0, 60 = + 0, 72462

Барлығы - 0, 50 - 0, 30

Үшінші реттік факторларлдың қорлардың активті бөлігінің қорқайтарым деңгейіне әсерін есептеу үшін - құралды ауыстыруға немесе оны модернизациялауға байланысты өнім өндірісі көлемінің қалай өзгергенін білу керек . Ол былай есептелінеді:

∆ ФОн @ = ( ∑ Ті х ЧВні - ∑ Ті х ЧВсі ) / ОПФф @ =

( 19800х0, 7-19800х0, 4) / 8400 = 5940 / 8400 = 0, 707 теңге.

Мұндағы: Ті - і - құралды енгізгеннен кейін есепті мерзімнің соңына дейінгі уақыт, ЧВн, ЧВс - 1 машина - сағаттық ауысымнан кейін і құралды ауыстырғанға дейінгі өнім шығарылымы.

Осындай тәсілмен өнім өндірісі мен қорқайтарымының технологияларды жетілдіру мен өндірісті ұйымдастыру бойынша ҒТП шараларын ендіру есебінен өзгерісін анықтаймыз :

∆ ФО @ нтп= ( ∑ Ті х ЧВн - ∑ Ті х ЧВс ) / ОПФ @ ф =

= ( 14500х0, 66 - 14500х0, 42 ) / 8400 = 0, 414теңге.

Қор қайтарымының әлеуметтік факторлар (жұмысшылардың квалификациясын жоғарлату, еңбек және демалыс жағдайының жақсаруы, денсаулықты сақтау шаралары және т. б. ) есебінен өзгерісін қалдықтық әдіспен анықтаймыз :

∆ ФО @ соц = ∆ ФО @ нв - ∆ ФО @ н - ∆ ФО @ нтп =

= 1, 2077 - 0, 77 - 0, 414 = 0, 0867 теңге.

НӨҚ - дың қор қайтарым деңгейіне берілген факторлардың әсерін былай анықтаймыз: і факторы есебінен құрал қайтарымының өсімін көбейтеміз. Қордың нақты активті бөлігі ара салмағына.

Өнім өндірісі көлемінің қалай өзгеретінін білу үшін, әр фактор есебінен НӨҚ қор қайтарым өзгерісін - НӨҚ-дың нақты орта жылдық қалдығына, ал НӨҚ-дың орта жылдық құнының өзгерісін - НӨҚ-дың жоспарлы қор қайтарым деңгейіне көбейту керек. Есептеулердің нәтижесі төменде келтірілген :

Қор қайтарым факторлы талдауының нәтижелері

Фактор
Қор қайтарымының өзгеруі, теңге
Өнім өндірісінің өзгеруі, мың теңге
НӨҚ активті бөлігінің
НӨҚ
Фактор:

Бірінші деңгейдің

1. НӨҚ ортажылдық құны

2. Қордың активті бөлігінің үлесі

3. Қордың активті бөлігінің

қор қайтарымы

Қор қайтарымының өзгеруі, теңге:

+ 1285х7, 55=

0, 05х14000=

- 0, 30х14000=

Өнім өндірісінің өзгеруі, мың теңге:

+ 9700

- 700

- 4200

Фактор: Барлығы
Қор қайтарымының өзгеруі, теңге: - 0, 35х14000=
Өнім өндірісінің өзгеруі, мың теңге: + 4800
Фактор:

Екінші деңгейдің

3. 2. 1. Құралдың құрылымы

3. 2. 2. Бүкілкүндік тоқтам

3. 2. 3. Сменділік коэффициенті

3. 2. 4. Ішкі смендік тоқтам

3. 2. 5. Ортасағаттық шығарылым

Қор қайтарымының өзгеруі, теңге:

- 0, 7143х0, 60= - 0, 42858х14000=

-0, 2357х0, 60= - 0, 14142х14000=

- 0, 4620х0, 60= - 0, 27720х14000=

- 0, 2957х0, 60= - 0, 17742х14000=

+ 1, 2077х0, 60=+0, 72462х14000=

Өнім өндірісінің өзгеруі, мың теңге:

- 6000

- 1980

- 3881

- 2484

+10145

Фактор: Барлығы
Қор қайтарымының өзгеруі, теңге: - 0, 50 - 0, 30х14000=
Өнім өндірісінің өзгеруі, мың теңге: - 4200
Фактор:

Үшінші деңгейдің.

3. 2. 5. 1. Құралды ауыстыру

3. 2. 5. 2. ҒТП шараларын ендіру

3. 2. 5. 3. Әлеуметтік факторлар

Қор қайтарымының өзгеруі, теңге:

+ 0, 707х0, 60= +0, 4242х14000=

+ 0, 414х0, 60= +0, 2484х14000=

+ 0, 0867х0, 60=+0, 05202х14000=

Өнім өндірісінің өзгеруі, мың теңге:

+ 5939

+ 3478

+ 728

Фактор: Барлығы
Қор қайтарымының өзгеруі, теңге: + 1, 210 + 0, 7462
Өнім өндірісінің өзгеруі, мың теңге: +10143

Кестеде көрсетілгендей, қорқайтарымға және өнім өндірісі көлемінің деңгейіне келесілер кері әсер еткен: қорлардың активті бөлігі үлесінің төмендеуі, қымбат құралдар үлесінің жоғарылауы, техникалық бүкілкүндік және ішкі смендік жоғары жоспарлы тоқтамдардың өсуі. Келесіде бұл тоқтамдардың себебін анықтап, оларды төмендету резервтерін анықтау керек.

Құралдардың жоғары жоспарлы тоқтамдардын төмендету есебінен өнім шығарылымы, талданып отырған кәсіпорында, 83 45 мың теңгеге (1980 - 3881 + 2484 ) өсіруге мүмкіндік бар.

Қорқайтарым өзгерісі факторларының қоррентабельділік деңгейіне әсерін: фактор есебінен қорқайтарымның абсолютті өсімін өнімнің жоспарлы рентабельділігіне көбейту арқылы анықтаймыз.

Қор рентабельділік факторлы талдаудың нәтижелері

Фактор
Қорқайтарымның өзгеруі, теңге
Әсердің есептелуі
Қоррентабель-ділігінің өзгеруі %
Фактор:

Бірінші деңгейдің

2. Қордың активті

бөлігінің үлесі

3. Қордың активті бөлігінің қор қайтарымы

Барлығы

Қорқайтарымның өзгеруі, теңге:

0, 05

0, 30

0, 35

Әсердің есептелуі:

0, 05х18, 65

0, 30х18, 65

- 0, 35х18, 65

Қоррентабель-ділігінің өзгеруі %:

- 0, 932

- 5, 595

- 6, 527

Фактор:

Екінші деңгейдің

3. 2. 1. Құралдың құрылымы

3. 2. 2. Бүкілкүндік тоқтам

3. 2. 3. Сменділік

коэффициенті

3. 2. 4. Ішкі смендік тоқтам

3. 2. 5. Ортасағаттық

шығарылым

Барлығы

Қорқайтарымның өзгеруі, теңге:

0, 428580, 14142

0, 27720

0, 17442

+ 0, 72462

0, 30

Әсердің есептелуі:

- 0, 42858х 18, 65

0, 14142 х 18, 65

0, 27720 х 18, 65

0, 17442 х 18, 65

+ 0, 72462 х 18, 65

0, 30 х 18, 65

Қоррентабель-ділігінің өзгеруі %:

7, 9932, 637

5, 170

3, 309

+ 13, 514

- 5, 595

Фактор:

Үшінші деңгейдің.

3. 2. 5. 1. Құралды

ауыстырылымы

3. 2. 5. 2. ҒТП шараларын

ендіру

3. 2. 5. 3. Әлеуметтік

факторлар

Қорқайтарымның өзгеруі, теңге:

+ 0, 4242

+ 0, 2484

+ 0, 05202

Әсердің есептелуі:

+ 0, 4242 х 18, 65

+ 0, 2484 х 18, 65

+ 0, 05202 х 18, 65

Қоррентабель-ділігінің өзгеруі %:

+ 7, 911

+ 4, 633

+ 0, 970

Фактор: Барлығы
Қорқайтарымның өзгеруі, теңге: + 0, 72462
Әсердің есептелуі: + 0, 72462 х 18, 65
Қоррентабель-ділігінің өзгеруі %: + 13, 514
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ ІС-ТӘЖІРИБЕ
«Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі іс-тәжірибе бағдарламасының жоспары:
«КАЗОЙЛСЕРВИС» жшс-дегі іс-тәжірибе бойынша есеп беру
«Казахцемент» ЖШС-дегі ақша қаражатының есебі мен есеп айырысу есебі
Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі
Еңбекақы төлеу элементтері
Өндірістік тәжірибені өткендігі туралы есебі («Жартас» ЖШС материалдары негізінде)
Кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды аудиттеудің теориялық негіздері
Басқару шешімдерін қабылдау кезеңдері
«Макинский элеватор»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz