Ес туралы туралы мәлімет



Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Ес — күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, үмыту секілді процестерден түрады.
Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И. П. Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндіретін. Жүйке жүйесінің пластикалылығы дегеніміз түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Ес туралы жалпы ұғым
Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында
сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Ес — күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта
жаңғырту, тану, үмыту секілді процестерден түрады.
Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И. П. Павловтың жүйке жүйесінің
пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндіретін. Жүйке жүйесінің
пластикалылығы дегеніміз түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан
уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша байланыстардың тікелей
тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы
байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Бірақ бұл жалпы долбар.
Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғылымда әлі
нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші
ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр қүбылыстарымен байланыстырса (есті
зерттеудегі электро физиологиялық бағыт) енді бір зерттеушілер есті мидың
нейро-химиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың өкілдері мидың
кейбір клеткаларын (нейрондарын) бір сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклеинді
қышқылдар комплексінің табылуы) естің бүкіл ми массасынан алатын орнын әлі
анықтай алмай келеді.
Бір нәрсені еске сақтау — оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің негізі
болып табылатын байланыстарды , психологияда ассоциация деп атайды,
Егер бұрын Пластика — гректін пластикос деген сөзі, қазақшасы
мәнер қалдыру деген мағынада. Ассоциация — ассоциатио деген латын сөзі,
қазақшасы байланыс деген мағынада. бірнеше объектіні бір мезгілде немесе
бірінен соң бірін елестетсек не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда
болады. Кейін объектінің біреуін ғана елестетсек миымызда оның қалған
бөлегін тудыруға себеп болады. Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап
тапқан ежелгі грек ойшылы Аристотель (б. э. д. 384—322) болды. Аристотель
ассоциацияларды тек тікелей елестетумен байланыстырып, психикалық
әрекеттін, қалған түрлерін (ойлау, қиял, ерік т. б.) түсіндіруге бүл
принципті қолданбады. ғылымда тұңғыш рет ассоциация ілімін шартты рефлекс
теориясымен дәлелдеген, осы негізде көптеген психикалық процестердің
табиғатын түсінуге болатындырын көрсеткен ұлы орыс ғалымы И.П. Павлов
болды. И.П. Павлов психологияда ассоциациялар деп аталатын құбылыс ми
қабығында екі қозу процесінің қабаттасып келуіне байланысты пайда болып,
сан рет қайталаудың нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар екенін
түсіндірді. ұлы ғалым бүл туралы былай деп жазды "Уақытша жүйкелік байланыс
жануарлар дүниесінде де, біздің өзімізде де байқалатын жан-жақты
физиологиялық құбылыс. Сонымен қатар, ол түрлі әрекеттерден, әсерлерден
құрылса да немесе әріп, сөз, әлде ойдан құрылса да психикалық құбылыс болып
табылады, оны психологтар ассоциация деп атайды. Ассоциациялардың
Аристотель заманынан белгілі үш түрі бар. Олар: іргелестік, ұқсастық жөне
қарама-қарсылық ассоциациялар. Бұл ассоциациялар жөнінде И. П. Павлов былай
дейді: "Шартты байланыс бұл, сірә, біздің бір мезгілдік ассоциация
дейтініміз болса керек. Шартты байланыстардың генерализациясы ұқсастық
ассоциациясы дегенге сәйкес келеді. Шартты рефлекстің (ассоциациясылық)
анализі мен синтезі, сайып келгенде, ой әрекетінің негізгі процестерімен
мәні бірдей нәрсе" Кезінде Аристотель ойлап тапқан ассоциациялардың
табиғатын былайша түсінуге болады: 1) Іргелестік ассоциациясы бойынша бір
зат жөніндегі елес өзімен бірге оған қатысы бар екінші затты қоса туғызады.
Мәселен, Кремль ұғымы Қызыл алаң ұғымын, көктем туралы ұғым шөп туралы
ұғымды туғызуы мүмкін. 2) Ұқсастық ассоциациясынан нәрсенің, көріністің
бейнелері өздеріне ұқсас образдарды еске түсіреді, яғни бір зат жөніндегі
елес сол затқа қандай болса да ұқсастығы бар екінші затты елестетеді.
(Мәселен, толқынның шуы адамдардың самбырлаған сөзін, жапырақтың сыбдыры
адамның жайлап сөйлеуін т. б.). 3) Қарама-қарсылық ассоциациясында бір зат
туралы елес оған қарама-қарсы екінші затты не қүбылысты еске түсіреді. (Ақ
пен қара, биік пен аласа, айқай-шу мен тым-тырыс т. б.).
Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын,
қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді. Егер біздің есімізде
ертеректе қабылданған нәрселер сақталмаса, бізге өмірді әр кез қайта жасап
отыруға тура келер еді, не болмаса өмірдегі заттардың барлығы да әр уақытта
белгісіз, не жаңа нәрсе болып көрінер еді.
Ес адамның басқа жан қүбылыстарымен де (қабылдау, ойлау, қиял т. б.) тығыз
байланысып жатады. Ол, әсіресе, ойлау үшін аса қажет. Нәрсе есте дұрыс
сақталмаса, бұл жәйт ойлауға қиындық келтіреді. Ж. Аймауытов: "еске түсіру
өнері дегеніміз — ойлау өнері. Байланыстардың мәнісі — ойлау деген сөз",—
дейді.
Баланың жеке басын қалыптастыруда оның есін тәрбиелеу айрықша орын алады.
Мектептегі оқу-төрбие процесінің негізгі мақсаттарының бірі — баланың есін
үздіксіз дамытып отыру. Әр жастағы оқушылардың есінің қалайша дамып
отыратындығы психологиялық зерттеулерде жақсы көрсетілген, олардың біразы
заңдылықтар ретінде дәлелденген. Осы заңдарға сүйеніп, баланың оқу
материалдарын ұмытпай, есте сақтауына қолайлы жағдайлар жасау — әрбір
мүғалімнің міндеті.

Ес процестері
Ес өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады.
Бұлардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.
Ол арнайы есте қалдыру және еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді.
А. Есте қалдыру
Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнаулы мақсат қоймайды, есте қалдырудың
арнаулы тәсілдерін пайдаланбайды. Айналадағы өмірдің түрлі көріністері
(оқиғалар мен адамдардың қимыл-әрекеті, сөзі т.б.) сол әрекеттің ағымына
қарай есте қалып отырады. Ал (арнайы ырықты) есте қалдыру арнаулы
тәсілдерді кажет етеді, оны тудыратын тиісті мотивтер болады. Қандай
объектіні болмасын әдейілеп есте қалдыру үшін мына төмендегі шарттарды
орындап отыру қажет болады:
1) Есте қалдыруда әр кез мақсат қойып отыру зор маңызды. Оқу материалын
жақсы меңгеру үшін, оған қатты зейін қою жеткіліксіз, ол үшін алға айқын,
анық мақсат қойю керек. Мәселен, оқушыларға бір әңгіме айтып, оны үш-төрт
күннен кейін қайта сұраса, балалардың біразы әңгіменің негізгі бөлімдерін
қайта жаңғырта алмай қиналады. Ал енді осы оқушыларға екінші бір әңгіме
айтып, үш-төрт күннен кейін қайтып айтып бересіңдер десе, балалардың біразы
сол әңгімені ұмытпай жадында ұстай алады. Бұл екі тәжірибені арасындағы
айырма: соңғыда материалды есте берік сақтау мақсат етіп қойылған, ал
бірінші жағдайда мұндай анық мақсат қойылмаған еді.
2) Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәні адамның қажетіне де
байланысты болады. Мәселен, оқушылар қандай бір шығарманы оқымасын, бір
қажетіме керек болар деп оқитын болса, оны есте қалдыру қиынға соқпайды.
3) Оқылатын шығарманы жоспарлай алу — есте қалдыруға көп жеңілдік
келтіреді. Жоспар мүмкін болғанша анық, айқын, дәл болуы керек. Қалай болса
солай құрыла салған жоспар есте берік сақтауға негіз бола алмайды. Оқитын
шығарманың ішінен еске тірек боларлық, жерлерін іздестіріп, оны бірнеше
мағыналы бөлшектерге бөлу, бөлшектің әрқайсысының мағынасына лайықты ат
ойлап табу — еске қалдыруды нәтижелі етеді.
4) Мағыналы есте қалдыру дегеніміз — нәрсенің мәніне түсіну. Сондықтан
мағыналы түсіну ойлау процесімен тығыз байланысты. Материалды жақсы үғынып,
терең түсіну, мағыналы байланыстар жасау, маңызды белгілерін анықтай алу —
оны анализдей, синтездей, салыстыра, жүйелей білуді керек етеді.
5) Оқып отырған шығарманың байланысын, жүйелерін елестетуге, еске тірек
боларлық ой-желісін табуда схема, чертеж, таблицалармен қатар, арнаулы
шартты белгілер қолданылып отырса, есте қалдырудың сапасы арта түседі. В.
И. Ленин қандай болмасын бір- кітапты оқығанда, әсіресе, Маркс пен
Энгельстің еңбектерін оқып үйренгенде кітапқа, (кітап тек өзінікі болған
жағдайда ғана) не жазған конспектісіне арнаулы белгілер қойып отыратын
болған. Мәселен, ол кітаптың не дәптердің жиектеріне "өте нәзік және
терең", "әбден дұрыс", "әсем айтылған", "тамаша", "өте дұрыс", "тапқырлық",
"жақсы айтылған", "Бұл диалектиканы ұғу өте маңызды" т. б. сөздерді жазып,
автордың пікірлерін мақұлдаса, өз дұшпандарының кітаптарына "ІПатпақ —
өтірік жала!", "тұрпайылық!", "сөз болғаның", "шатастырып отыр", "шіркін-ай
десеңізші", "бұл қандай сандырақ десеңізші!", "дұрыс емес"— дегендей соз
тіркестерін жазады екен.
В. И. Ленин өте маңызды кітаптарды оқуға бірнеше рет оралатын, сонымен
бірге, өзінің сол кітаптардан жасаған конспектілерін жақсартып, толықтырып,
редакциялап та отырған. Мұндайда ол: "қайта оралу керек!", "тағы да, тағы
да оралу керек" деген сөздерді жиі жазып отырады екен. Сондай-ақ оқып
отырған нәрсесіне арнаулы белгілер қоюға үлкен мән берген. Туысынан аса
зерек, оқығанын қалай да ұмытпайтын данышпан адам бола тұра, оқығанын есіне
берік сақтау үшін осындай қосалқы әдістерді өте көп қолданған.
6) Есте қалдырылуға тиіс шығарманы адам мүмкіндігінше өз сөзімен
құрастырған сөйлемдермен айтып бергені абзал. Егер бала мұғалімнің
айтқанын, не өзінің кітаптан оқығанын сөзбе-сөз айтып беретін болса, мұндай
жағдайда оның есте қалдыру қабілеті жақсармайды.
7) Оқылатын шығарманы жақсылап есте қалдыру адамның өзін-өзі тәрбиелей
алуына да байланысты. Мәселен, оның еңбегі жақсы ұйымдасқан болса, есте
қалдыру дәрежесі де жоғары болады. Күндік режимге мән бермейтін, өзін
көлденеңнен кез келген нәрселер билеп кететін адамдардың есте қалдыру
дәрежесі айтарлықтай болмайды. Ондайлар Абай айтқандай, "ой кеселдеріне"
қарсы тұруға шамасы жетпейді. Абайдың түсінігінше, ой кеселді нәрселерден
қашық болу — (яғни уайымсыз салғырттық, ойыншы, күлкішілдік не бір қайғыға
салыну) естіген нәрсені ұмытпаудың басты шарттарының бірі.
8) Есте қалдырудың сапасы дұрыс қайталай алуға да байланысты. Әдетте оқу
материалын бір қайтара оқып жаттап алуға болмайды. Аз уақыт ішінде жиі-жиі
қайталап жаттаудың да қажеті жоқ. Мәселен, өлеңді бірден жаттап алса, ол
тез ұмытылады, сондықтан оны бірнеше уақытқа бөліп жаттау қажет, бірақ
арадағы үзілістер тым ұзақ болмасын. Тек көлемі шағын шығарманы тұтас
күйінде жаттауға болады. Егер шығарма көлемді болса, оны бөлшектеу қажет.
Бірақ қалай болса солай бөлшектемей, логикалық ой сақталатындай етіп бөлген
пайдалы. Мұндайда қайталаудың саны азырақ болады және ол есте ұзақ
сақталады.
Сондай-ақ, жатталған нәрсені ұмытып кеткен соң қайталау пайдасыз, оны
ұмытпай тұрып қайталау керек, өйткені "...қайталауды ескіріп, құлап бара
жатқан үйді жөндеу үшін емес, үйді берік нығайта отырып, үстіне екінші
қабатын салу үшін жасайды. Әрбір ілгерілеп басқан адым бұрынғы өткендерді
қайталап отыруға негізделу керек". Қайталауды түрлендіріп отырудың, оны
уақыт жөніне дұрыс құрудың маңызы жөнін де
К.Д.Ушинский былай дейді: "Бұдан бұрын жаттап алынғандарды сол күйінде
аудармай, айтып берудің ешбір қажеттілігі жоқ... ал, кездейсоқ кездескенді,
жаттап алғанды жаңа түрмен яғни жаттап алғанды басқа сөздермен қайталап
айтып беру әлдеқайда пайдалы". Жаттаудың мнемоникалық, әдісінің бірі
механикалық (мағынасына түсінбей) есте қалдыру. Егер мағыналы есте
қалдырудың мәнісі құбылыстардың ішкі мәніне, олардың бір-бірімен
байланысына түсіну болатын болса, механикалық есте қалдыруда заттар жай,
сыртқы байланысқа түседі. Мұның басты шарты — қайталау. Естің бұл түрінің
кей жағдайларда іске керек болып қалатын кездері болады. Шетел сөздерінің
жазылуы мен айтылуын, қиын сөздер мен атауларды, хронологиялық даталарды,
көше, жер, су аттарын, телефон нөмірлерін есте қалдыру қажет болған кезде
механикалық еске қалдырып жаттаған дүрыс. Есте қалдырудың соңғы түрі
жасанды ассоциациялар арқылы мнемоникалық әдіспен жүзеге асып отырады.
Мнемоника — грек сөзі, қазақша жаттау өнері деген мағынаны білдіреді.

Естің биохимиялық теориясы.
Ес механизмін нейрофизиологиялық дәрежеде зерттеу мәселелері осы
кездегі биохимиямен ұштасады. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері есте
сақтау екі сатылы сипатта болады деген жорамал жасайды. Бұл жорамал
бойынша алғашқы сатыда тітіркендіргіштер тікелей әсер еткеннен кейін мида
электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болып , олар клеткаларда
физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Екінші сатысында бірінші саты
негізінде биохимиялық реакция пайда болып, жаңадан протейндер дейтін
белокты заттар құрайды. Бірінші саты тек секунт, минуттарға созылады. Ол
– естің қысқа мерзімді физиологиялық механизмі. Ал екінші сатыда
клеткаларда химиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімді есте
сақтаудың механизмі болып табылады.
Мұндай жорамалдардың шындығын анықтау мақсатымен сабауқүйрық
тышқандарға арнайы тәжірибе жүргізілген. Адам есінен уақытша танып
қалғанда, науқастанбастан бұрын көрген-білгендерін ұмытып қалатыны
мәлім. Бұл жайт адамдарға қарсы мерзімде әсер еткен нәрселердің ізі-
электрохимиялық реакциялардың биохимиялық өзгерістерге жетпей, басылып
қалатындығын көрсетеді.
Естің химиялық теориясын қолданушылар есте сақтаудың
физиологиялық негізгі клеткалардағы нуклеин дейтін қышқыл молекулаларының
бөлінуімен байланысты деп санап, бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау
арқылы беріліп отырады деп есептеледі. Ал онтогенетикалық не дара
адамның есі рибонуклеин қышқылына байланысты (РНК) делінеді. Мұның бәрін
айқынырақ түсіну үшін мынадай бір мысал келтірейік. Алматы қаласының
Кеген ауданы жаққа бір сомосвал машинасы кетеді, Машина сағатына 50км жол
жүреді. Сол машина 95км жол жүргенде апатқа ұшырап, жүргізуші
жарақаттанады. Жүргізуші емделіп шыққан соң одан апатқа кімнің кінәлі
екендігін сұрағанда, ол 70-75км-ге дейінгі көргендері мен көргендерін айта
береді. Бірақ 75 км-ден 95 км-ге дейінгі аралықта болған оқиғаларды айта
алмайды. Оның себебі – мағлұматтардың консолидация күйіне енбегендіктен,
жүргізуші есіне сақтамағандығы.
Швеция биохимигі Хиденнің зерттеулері клеткаларда
тітіркендіргіштерді күшейтудің РНК затын көбейтіп, ұзақ уақыт бойы
химиялық іздер қалдыратынын анықтаған. РНК өте өзгергіш; оның өзіндік
өзгеруі 1015-1020-ға дейінгі сандар арасында болып отырады. Осындай
биохимиялық зерттеулер табылған жаңа мағұматтар болашақта адамның ес
процесін басқаруда үлкен жетістіктерге жеткізуі мүмкін. Адамның ес процесі
-өте күрделі және адамның іс әрекетіне орай жоғарыдан төмен қарай дамып,
бүтінің бөлшекке-организімнен мүшеге, одан клеткаға және керісінше ауысып
отыратын процесс. Сондықтан, естің механизмін әр түрлі жәрежеде анықталған
зерттеу нәтижелері бір-бірін толықтырып отырады.
Естің түрлері.
Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса
маңызды қызмет атқаратын болатындықтан, оның түрлерімен мен көріністері де
әрқилы. Естің бөліну адамның түрлі әрекет ерекшелеріне сәйкес жүргізіліп,
олар есте қалдыру, қайта жаңғырту процесімен тығыз ұштасады. Мысалы, адамға
есту есі мен көру есі психикалық қасиеттер ретінде көрінеді. Іс әрекет
сипатарына орай, ес мынандай үш түрге негізделіпр бөлінеді: 1. Психикалық
белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезімдік,
бейнелі-көрнекілік және сөздік-мағыналық (логикалық); 2. Іс-әрекетінің
мақсат сипатына қарай: ерікті еріксіз ес. 3. Адамның матиралды қанша
уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді
(түпкілікті), сондай-ақ оперативті ес. Естің кейбір түрлері арнайы аспап-
мнемомерт арқылы өлшенеді.
Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз-ойын, спорт, еңбек, оқу әрекетіне
байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып. Оларды
қайта жаңғыртып отыру. Мысалы, коньки тебу, машинада жазу, өлең сөздерді
жаттау, қой қырқу т.б. Естің бұл түрлі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың
негізі болып табылады. Адамның бастап кешірген түрлі сезімдер мен эмоциялық
күйлерін есте қалдырып отыруын сезімдік ес деп атаймыз. Өз айналасындағы
нәрселер мен құбылыстарға көңіл-күйінің қандай қатынаста болғанын қайта
жаңғыртып, оларды тітіркендіргіш ретінде есіне түсіруі адамды қызықтырып,
түрлі іс-әрекеттерді атқаруға жетелейді.
Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде,
бозарады, не қызарады. Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған
күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғынан алғанда,
бұл естің басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.
Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты
бейнесін ойда қалдырыпқайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі
арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм
жаңғыртылады. Осыған орай бейнелі көрнекілік ес,- көру, есту, сипау, иіс,
дәм естері болып табөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен
көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есебіне
сипау, иіс, дәм естері (түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы
дамып, басқа естердің кемшіліктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе,
көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде
дамыған болады.
Кейде эйдетикалық есі бар адамдарда кездеседі. Мұндай адамдар заттар
мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен
бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы
тітіркендіркішке күшті қозудың нәтижесі болып саналады.
Сөздік-мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой
қортындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай
формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-
мағыналық (логикалық) деп атауы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді
қажет кезінде бізө сөз, не олардың мәнін есте сақтау арқылы жаңғыртамыз.
Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесініңқызметі басым болса, сөздік
–мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән-
жайлы есте сақтаулогикалық-мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз
тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу-механикалық түрде есте
қалдыру делінеді. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу
материалын есте сақтауда жетекші мәнге ие. Естің бұл түрлері адамның әрқилы
іс-әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет-тілегіне, мақсат-мүдесіне орай
түрлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып
қалыптасады.
Ерікті және еріксіз естер. Естерді ерікті және еріксіз деп бөлу
орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажетілігіне байланысты.
Белгілі мақсат қоймайақ, арнайы есте қалдырма-ақ есте сақтау мен жаңғырту,
есте түсіру еріксіз ес деп атайды. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл
ерікті ес болады. Мұнда есте қалдыру мен жаңғырту, еске түсу, жаттап алу
үшін мнемоникалық амалдар қолданылады. Естің бұл түрлері бірізділікпен
дамып отыратын естің сатылары болып табылады. Еріксіз естің орасаң зор
орын алатынын әр адам өз тәжірибесінен жақсы біледі. Дегенмен, адам қажетті
деп тапқан нәрселері үшін арнайы амалдар қолданып, ерікті есте қалдыруды да
жиі қажет етіп отырады. Естің адам санасына тұрақтанып, жемісті болуының
өзіндік сипаттары бар. Олар-естің көлемі, тездігі, дәлдігі, ұзағы, даярлығы

Қысқа мерзімді және түпкілікті ес. Оперативтік ес. Қажетті материалдар
мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдер қолданып, оны
қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің
консолидациясы немесе мағұматтардың есте берік қалуы деп аталады. Мұндай
есте осындан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз
алдында елестеп, құлағында даусы естіледі. Бірақ, мұндай процестер
тұрақсыз. Дегенмен, бұл ерекшеліктің сырттан алынған хабарларды есте
сақтап, оларды қайта жаңғыртуда ерекше маңызы бар. Естің бұл түрін қысқа
мерзімді ес деп атайды. Ал түпкілікті ес қабылдаған нәрселерді,
құбылыстарды олардың белгі-қасиеттерін, тиісті материалдарды есте сақтау,
оларды бірнеше рет қайталау арқылы ұзақ уақыт бойы есте қалдырады.
Түпкілікті есте қалдырудың тағы бір ерекшелігі-әсер еткен нәрселердің ұзақ
мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да байланысты. Сондықтан,
нәрселер ізінің консолидациясы қабылданған материалдардың мәнісіне қатысты.
Мағынасына түсінбей, нәрселердің әсерін қайталай беру мида қорғаныс
тежелеулерін тудырып. Түпкілікті еске айналуды қиындатады.
Көркем әдебиет пен ауыз ек тілде қысқа мерзімді ес алғашқы ес,
шапшаң көрініс деп те айтыла береді.
Дегенмен, психология ғылымында ол оперативті ес (түрлі амал-тәсілдерін
есі) деген атпен белгілі.
Ес түрлерінің өзара байланысы. Ес түрлерінің бөліну принципі
адамдардың іс-әрекет сипатына орай жүргізіледі де, олар өзара тығыз
ұштасып, бірін –бірі толықтырып отырады. Мысалы, сөздік-мағыналық ес
мағыналы болумен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай-ақ ол қысқа
мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Осыдан қысқа мерзімді ес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы
Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде зейінді ұйымдастыру
Психикалық таным әрекеттерінің оқу іс-әрекетіндегі функциялары
Когнитивті психологияның даму мәселелері
Жады
Есептеуіш техника
Когнитивті психология рөлі
ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ
Бала есінің дамуы
Психикалық таным процестерінің жалпы сипаттамасы
Пәндер