«Kaz Commerce Egineering» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы сипаттамасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.«KAZ COMMERCE ENGINEERING» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. ҚАТЫСУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ ... ... ... ... ... .5
3. СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ МҮЛКІ ... ... ... 6
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Тұрғын үй құрылысы – жалпыұлттық сипаттағы барынша маңызды міндеттемелердің бірі болып табылатын Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі.
Тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы №1388 Жарлығымен Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама ) бекітілді, оған сәйкес үш жыл ішінде жалпы алаңы 12 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделді.2005-2006 жылдардың нақты нәтижелері 11,2 млн. шаршы метірді құрады, яғни үш жылдың тапсырмасы іс жүзінде 2 жылдың ішінде орындалды.
Осыған байланысты, Мемлекеттік бағдарламаға тұрғын үй пайдалануға беру көлемін 15,8 млн. шаршы метрге дейін ұлғайту жағына түзетулер енгізілді.
1. Форма 1-Пром «Отчет предприятия о производстве продукции (товаров, услуг)» за 2006 г.;
2. Форма №БМ «Баланс производственной мощности»за 2006 г.;
3. Форма № 1-ТВ «Отчет по труду» за 2006 г.;
4. К. Ш. Дүйсенбаев, Э. Т. Төлегенов, Ж. Г. Жұмағалиева, «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Алматы, Экономика, 2001;
5. http://www.google.kz/
6. http://www.yandex.ru/

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3
1.KAZ COMMERCE ENGINEERING ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..4
2. ҚАТЫСУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ ... ... ... ... ... .5
3. СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ МҮЛКІ ... ... ... 6
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 16

КІРІСПЕ

Тұрғын үй құрылысы – жалпыұлттық сипаттағы барынша маңызды
міндеттемелердің бірі болып табылатын Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму
стратегиясының басым бағыттарының бірі.
Тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы
Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы №1388 Жарлығымен Қазақстан
Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама ) бекітілді,
оған сәйкес үш жыл ішінде жалпы алаңы 12 млн. шаршы метр тұрғын үйді
пайдалануға беру көзделді.2005-2006 жылдардың нақты нәтижелері 11,2 млн.
шаршы метірді құрады, яғни үш жылдың тапсырмасы іс жүзінде 2 жылдың ішінде
орындалды.
Осыған байланысты, Мемлекеттік бағдарламаға тұрғын үй пайдалануға
беру көлемін 15,8 млн. шаршы метрге дейін ұлғайту жағына түзетулер
енгізілді.
Болжамға сәйкес Мемлекеттік бағдарламаның аяқталуына қарай
көзделіп отырған 15,8 млн. шаршы метр тұрғын үй көлемнің орнына 18 млн.
шаршы метр тұрғын үй тапсырылатын болады, 290 мыңға жуық отбасы тұрғын үй
жағдайын жақсартады. 2004 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда негізгі
отандық құрылыс материалдар, бұйымдары мен құрастырмаларын өндіру көлемі 70
%-ке ұлғаяды.
Мемлекет басшысының 2007 жылғы 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: құрылыс индустриясын дамыту,
қолжетімді жалға берілетін тұрғын үй кешендерін салу, жер учаскелерін бөлу
ресімдерін ашықтығын қамтамасыз ету, жеке тұрғын үй құрылысының дамуын
ынталандыру секілді бағыттар айқындалды.

1. KAZ COMMERCE ENGINEERING
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. KAZ COMMERCE ENGINEERING жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі бұдан әрі Серікткестік өз қызметін Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 22.04.1998 жылы шыққан
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер
туралы заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік
құқықтықактілеріне сәйкес өзінің құрылтай құжаттары негізінде жүзеге
асырады.
Серіктестік жұмысшылардың жылдық орташа саны 250 адамнан жоғары
және жалпы активтерінің бағасы 325000-еселік айлық есептік көрсеткіштен
жоғары ірі кәсіпкерлік субьектісі болып табылады.
СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЗАҢДЫЛЫҚ МӘРТЕБЕСІ
1. Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды
тұлғаның құқылығын алады.
2. Серіктестік өз атауы жазылған мөрі, дербес балансы, банкіде
есеп – шоты мен басқа да шоттары және өзінің атауы жазылған бланкілері бар.
3. Серіктестік өзінің қызметінің мақсатына жету үшін өз атынан
келісім шарттар жасауға мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар алуға,
міндеттерін орындауға, соттар талапкер және жауапкер болуына құқылы.
4. Серіктестік өзінің орналасқан жерін ауыстырған жағдайда
серіктестік заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгерістер
енгізу үшін бұл жөнінде оның мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырушы органға
хабарлауға міндетті.
5. Серіктестік Қазақстан Республикасының аймағында және шет
елдерде филиалдар және өкілдіктер ашуға, басқа заңды тұлғалармен бірге
бірлестіктер (одақтар) құруға, сонымен бірге басқа заңды тұлғалардың
құрылтайшысы болуға құқылы.
Серіктестік өз филиалдары мен өкілдіктерінің ашылуы және олардың мекен жайы
туралы мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға хабарлауға міндетті.
6. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық
мүлікпен жауап береді және де өз қатысушысының міндеттемелері бойынша жауап
бермейді.
7. Серіктестікке қатысушы оның міндеттемелері бойынша жауап
бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өзінің қосқан
салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
2. ҚАТЫСУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
2.1. Қатысушы құқығы:
қолданылатын заңдарға сәйкес келетін Жарғыда көрсетілген тәтіппен
серіктестіктің іс-әрекеттерін басқаруға қатысуға;
• серіктестік қызметінен табыс алуға;
• серіктестік жарғысында көзделген тәртіп бойынша серіктестіктің қызметі
туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен
танысуға;
• серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан
кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе мүліктің бір бөлігін
заттай алуға;
• қолданылатын заңдарда көзделген тәртіп бойынша өз үлесін иеліктен
айырып беруі арқылы серіктестікке қатысу тоқтатуына құқылы.

2.2. Қатысушыны Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарда
көзделінген және серіктестіктің осы жарғысында көрсетілген басқа да
құқықтарға ие бола алады.
3.3. Серіктестіктің қатысушының міндетті:
серіктестіктің жарғысының талаптарын орындауға;
қолданылатын заңдармен көзделген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде
серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға;
серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге
міндетті.
2.4. Қатысушы серіктестіктің жарғысында және қолданылатын заңдарымен
көзделген басқа да міндеттерді мойнына алуы мүмкін.

ҚЫЗМЕТТІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1. Серіктестік өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс шығару болып
табылады.
2. Көзделген мақсатқа жету үшін серіктестік келесі қызметтерін жүзеге
асырады:
Азаматтық және өнеркәсіптік обьектілердің, авто және темір жолдардың,
тупиктердің құрылысы;
жабдықтарды монтаждау және іске қосу;
бағалау қызыметі;
инжинерингтік қызметі;
жылжымайтын мүлікті сатып алу – сату;
риэлтерлік қызмет;
ғимараттарды, құылыстарды, сондай-ақ жылжымалы және жылжымайтын мүлікті
жалға беру;
жобалық жұмыстарын жүзеге асыру;
қара және түрлі-түсті металлдың қалдығы мен кесектерін жинау дайындау,
сақтау, қайта өңдеу және сату;
жарнамалық қызмет;
жүк тасмалдау қызметін көрсету;
өндірістік қызмет;
кафе,барлар,мейрамханаларды, сауда үйлерін ашу және пайдалану;
халық тұтынатын тауарлар мен өнеркәсіпке тағайындалған тауарларды өндіру,
сатып алу, сақтау, қайта өндеу хәне сату;
қонқ үй шаруашылығын ұйымдастыру, қонақ үйлерді, демалыс үйлерді,
пансиондарды және т.б. ашу және пайдалану;
халыққа, өнеркәсіптерге, мекемелерге сервистік және тұрмыстық қызмет
көрсету;
автотұрақтар, ЖҚС, техникалық қызмет көрсету станцияларын және көлік жуу
орындарын ұйымдастыру;
жанармай, басқа мұнай өнімдерді сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек
сату;
шетел инвестицияларының қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды құруды қоса
алғанда сыртқы-экономикалық қызметтерінің барлық түрлерін жүргізу;
жалпы коммерциялық және сауда-делдалдық қызметі;
туристік қызметі.
Қазақстан Республикасының заңымен тыиым салынбаған басқа да қызмет түрлері.

3. Серіктестік тізбесі заң актілерінде белгіленген жеке қызмет түрлерімен
лицензия негізінде ғана айналыса алады.

3. СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ
МҮЛКІ
3.1. Серіктестіктің жарғылық капиталы 97100 (тоқсан жеті мың бір жүз)
теңгеге тең және осы мөлшерде серіктестік тіркелген кезеңінде толық
қалыптастырылған.
3.2. Жарғылық капитал, серіктестіктің өз капитал есебінен толықтырылу
мүмкін, қажет болса қатысушының қосымша салымдарынан толықтырылады.
3.3. Серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде ақша, бағалы
қағаздар, заттар мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы мен
интелектуалдық қызметінің нәтижелеріне құқығы және басқа мүлік болуы
мүмкін.
3.4. Серіктестіктің жарғылық капиталын өзгеруі (ұлғайтуы немесе азайтуы)
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер
туралы Қазақстан Республикасының Заңының III тарауы тәртіптеріне сәйкес
жүзеге асытылады.
3.5. Серіктестіктің мүлкі қатысушының жарғылық капиталға салымдары: алынған
табыстар, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен
құралады.
3.6. Серіктестіктің мүлкі серіктестіктің меншігі болып табылады және де
оның балансында есептеледі.
3.7. Қатысушының жарғылық капиталдағы үлестері және тиісінше олардың
серіктестік мүлкіндегі үлестері оның жарғылық капиталдағы салымдарына бара-
бар болады.

БАСҚАРУ МЕН БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫ
1. Серіктестіктің жоғары басқару органы Қазақстан Республикасының заңдары
және өзінің құрылтай құжаттары болып табылады. Қатысушы өкілетті
тұлғаларына өкілдік сенім білдіре алады.
Қатысушынцң ерекше құзырына мынамәселелерді шешу жатады:
А) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін, орналасқан жері мен
фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда оның жарғысын өзгерту немесе
серіктестіктің жаңа редакциядағы жарғысын бекіту;
Б) серіктестіктің атқарушы органдарын құру және оның өкілеттіктерін
мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе оның мүлкін
сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің
шарттарын айқындау;
В) серіктестіктің жылдық қаржылық есебін бекіту және таза пайда мен шығынды
бөлу;
Г) серіктестіктің басқарушы кеңесін және (немесе) тексеру комиссиясын
сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтату, сондай-ақ
серіктестіктің тексеру комиссиясының есептері мен қорытындыларын бекіту;
Д) серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ішкі ережелерді, оларды қабылдау
рәсімін және басқа да құжаттарды бекіту;
Е) серіктестіктің өзге шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық
емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім шығару;
Ж) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім шығару;
З) тарату комиссиясын тағайындау және тарату балансын бекіту;
И) шығындарды өтеу тәртібін анықтау;
К) филиалдар және өкілдіктер құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олар
туралы ережелерді бекіту;
Л) серіктестіктің лауазымды тұлғаларын мүліктік жауапкершілікке тарту
туралы шешім қабылдау;
М) серіктестіктің бүкіл мүлкін кепілге беру туралы шешім шығару;
Н) қолданылатын заңдарға сәйкес серіктестік мүлкіне қосымша жарналар енгізу
туралы шешім шығару.
2. Серіктестіктің атқарушы органы Директор болып табылады, ол қатысушыға
есеп береді және бұның шешімінің орындалуын ұйымдастырады. Директорды
тағайындаған кезде оларды еңбек қатынасы еңбек заңына сәйкес келісім шарт
негізінде реттеледі.
3. Қатысушының ерекше құзырына жататын мәселелерден басқа мәселелерге
Директор құзыры жүреді және ол сонымен бірге:
- күнделікті және перспективалық жұмыстарды іске асырады;
- қатысушы шешімінің орындалуын ұйымдастырады және орындалуы туралы оған
есеп береді;
- серіктестіктің мүлкіне, қаражатына қатысушыға берілген шек
шеңберіндебилік жүргізеді;
- сенімхатсыз серіктестік атынан келісімдер (шарттар), міндеттемелер
жасайды және орындалуын бақылайды;
- банктерде есеп және басқа шоттар ашады;
- серікткестіктің еңбек коллективі орындауға тиісті бұйрықтар және
нұсқаулар береді;
- серіктестіктің қызметкерлерін қабылдау және жұмыстан босатуды жүзеге
асырады;
- серіктестіктің өкілі болуға сенімхаттар береді;
- серіктестіктің жарғысы бойынша қатысушының құзырына жатқызылмаған басқа
да өкілдік пен қатысушы берген өкілдіктерді жүзеге асырады.
4. Серіктестіктің Директорына тыйым салынады:
- қатысушының келісімісіз, серіктестіктен мүліктік пайда табу бағытында
шарт (сыйға тарту, заем, тегін пайдалану, сатып алу-сату шарттарын және
тағы басқаларын қоса) жасауға;
- серіктестіктен және серіктестікпен үшінші жақпен жасаған келісімдер
арқылы үшінші жақпен делдалдық сый алуға;
- үшінші жақ атынан немесе мүдделері үшін олардың серіктестікпен арадағы
қатынастарында қызмет жасауға;
- серіктестіктің қызметімен бәсекелесетін кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруға.
5. Серіктестіктің атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды
жүзеге асыру үшін 5 жыл мерзіміне 3 адамнан тексеру комиссиясы құрылады.
Серіктестіктің Директоры тексеру комиссиясының мүшесі бола алмайды.
6. Тексеру комиссиясы кез келген уақытта серіктестіктің атқарушы органының
қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізуге құқылы және осы мақсатта
серіктестіктің барлық құжаттамасын ешқандай кедергісіз көру құқығына ие
болады. Тексеру комиссиясының немесе тексерушінің талап етуі бойынша
атқарушы органның мүшелері ауызша немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық серіктестік түсінігі
Шаруашылық серіктестік түрлері
Шаруашылық серіктестіктің статистикасы
Шаруашылық серіктестіктің түсінігі
Шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттары
Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз
Шығыс нан комбинаты ЖШС нан өнімдерін, макарон өнімдерін өндіру бойынша маманданған кәсіпорын
АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
ЭНЕРГО ТЕХСТРОЙСЕРВИС ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ МҮЛКІ
Өндірістің қaржылық тұрaқтылығын тaлдaу жәнe жeтілдіру жoлдaры
Пәндер