Сәкен Cейфуллин өмірбаяны



Сейфуллин, Сәкен (Садуақас, 1894-1938) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Туып өскен жері - Қарағанды облысының Шет ауданына (бұрынғы Жаңаарқа ауданына) қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Саяси репрессияның құрбаны болған.
Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905-1908), үш кластық қалалық (1913-1916) оқыған. Омбыда қазақ жастарының «Бірлік» қауымын, Ақмолада «Жас қазақ» ұйымын ашып, «Тіршілік» газетін шығаруды ұйымдастырған. Ақмола Совдепі президиумының мүшесі (1917). КОКП мүшесі (1918). Ақмола совдепшілермен бірге тұтқындалып (1919) Атаманның «азап вагонында» 47 күн азап шегіп, Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шыққан. Ақмола Атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі (1920). Қазақтың Кеңестік Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің 1-Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі (1920). «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы (1922).

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Сейфуллин, Сәкен (Садуақас, 1894-1938) - қазақтың көрнекті жазушысы,
қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері.
Туып өскен жері - Қарағанды облысының Шет ауданына (бұрынғы Жаңаарқа
ауданына) қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Саяси репрессияның
құрбаны болған.
Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905-
1908), үш кластық қалалық (1913-1916) оқыған. Омбыда қазақ жастарының
Бірлік қауымын, Ақмолада Жас қазақ ұйымын ашып, Тіршілік газетін
шығаруды ұйымдастырған. Ақмола Совдепі президиумының мүшесі (1917). КОКП
мүшесі (1918). Ақмола совдепшілермен бірге тұтқындалып (1919) Атаманның
азап вагонында 47 күн азап шегіп, Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып
шыққан. Ақмола Атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік
бөлімінің меңгерушісі (1920). Қазақтың Кеңестік Автономиялық Республикасын
жариялаған Кеңестердің 1-Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті
Президиумының мүшесі (1920). Еңбекші қазақ газетінің редакторы (1922).
Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы (1922-1925). Халық ағарту
комиссараты жанындағы Ғылым орталығының төрағасы, Қазақтың пролетар
жазушылары ассоцияциясының (Қаз.АПП) басшысы (1925). БК(б)П Өлкелік
комитеті партия тарихы бөлімінің меңгерушісі (1926). Қызылорда халық ағарту
институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры
(1927). Әдебиет майданы журналының редакторы (1932). Қазақтың коммунистік
журналистика институтының профессоры (1934).

Сәкеннің алғашқы өлеңдер жинағы Өткен күндер деген атпен 1914 жылы
жарық көрді. Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық
ерекшелігі мен идеялық саяси ұстанымын бедерлі айғақтайтын туындылары -
Кел жігіттер, Жас қазақ марсельезасы, Жұмыскерлерге,  Жолдастар
сияқты саяси лирикалары, сондай-ақ Советстан, Көкшетау, Альбатрос,
Социалистан, Қызыл ат поэмалары. Проза саласында Жер қазғандар,
Айша, Біздің тұрмыс, Сол жылдарда, Жемістер повестері мен Тар жол,
тайғақ кешу мемуарлық роман жазған. Бақыт жолында, Қызыл сұңқарлар
драмалары өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар. Қазақ әдебиетінің
қалыптасуына айрықша еңбек сіңірген С.Сейфуллин әдебиеттің басқа
жанрларында да айтарлықтай із қалдырған. Оның әдеби-сын мақалалары,
баяндамалары мен сөйлеген сөздері ұлттың мәдени-рухани өміріне сергек
араласқан сыншылдық ойының құнарлылығын және пәрменділігін танытады.
Әсіресе, қазақ әдебиеттану ғылымында күні бүгінге дейін құнын жоймаған
Қазақ әдебиеті атты зерттеу еңбегінің мәні зор. Сәкен шығарған әндер
халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып, дүниеге келген өзіндік даралық
сипаттармен ерекшеленеді.
Сәкен қазақ маңдайына біткен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері жайлы
Кеңестік дәуірде социалистік реализм әдісі талаптарына сәйкес жазылған қазақ романдарын оқытуда алда тұрған міндеттерді айқындау, шешім іздестіру
Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының танудың технологиясы. мектепте дастан оқыту мәселесі
Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны мен шығармашылығы
Әдеби сын жанрындағы сыншылдық көзқарастар мен сынның жанрлық формасы
Бес арыс
Алаштың ардақты тұлғасы
Қapжылық еcеп беpу: жacaу әдicтемеci мен тәжipибеci
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН (1894-1938). БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН (1894-1938)
А. Байтұрсынұлы
Пәндер