Н.Назарбаевтың “xxi ғасыр тоғысында” еңбегінің маңызы



КІРІСПЕ

І НАЗАРБАЕВТЫҢ ХХІ Ғ ТОЛҒЫСЫНДА ЕҢБЕГІНІҢ МАҢЫЗЫ

1.1 Назарбаевтың ХХІ ғ. тоғысындағы еңбегі

1.2 Еңбектің стратегиялық мақсаты

ІІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

2.1 Зор мүмкіндіктер табалдырығында

2.2 Экономикалық дамудың жоғарғы қарқыны

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Соңғы алты жыл ішінде біз екі басты стратегиялық мақсатты көздедік.
Біріншіден, Қазақстан егемен тәуелсіз мемлекет болды. Көптеген адамдар қазір мұны тиісті нәрсе ретінде қабылдауға әзір, бірақ қазақстандықтар мұның біздің тарихымызда қаншалықты сирек әрі қиындықпен болғанын ұмытпауға тиіс.
Екіншіден, біз кең ауқымды әлеуметтік, саяси және экономикалық реформаларды жүргізе бастадық. Аталған мақсаттарға әлі жете қойғамыз жоқ, дегенмен жекелеген бағыттарда көзге түсер нәтижелеріміз де бар.
Енді ахуалды терең таразылау, дамуымызды әлемдік тәжірибе тұрғысынан талдау және реформаларымызды іске асыру мен жаңа институттарымыздың қалыптасу дәрежесін үздік әлемдік тәжірибемен салыстыру маңызды. Өзіміздің бекем және босаң тұстарымызды салиқалы тұрғыдан талдап, тек содан кейін ғана дербес төл стратегиямызды талдап жасаудың маңызы бұдан бір де кем емес.
1. Ашимбаев Т.А. Государственное регулирование перехода к рыночным отношением. // Известия HAH РК. Серия «Общественные науки» — Алма-Ата, 1993. №2.
2. Валовой Д. Кремлевский тупик и Назарбаев - М.: Молодая гвардия, 1993.
3. Владимирова Л.П. Прогнозирование и татрование в условиях рынка. - М. Дашков и К, 2000.
4. В. Клаус. Десять заповедей чешасой реформы: // Известия. 1994. 5 апреля.
5. Казахстанская правда, 1997. 25 декабря.
6. Деловая неделя. 1997. №12,
7. Государственное регулирование экономики / Под общ. ред. д.э.н. проф. В.И.Кушлина и д.э.н., проф. Н.А. Волгина. — М.: Экономика, 2000.
8. Государственное регулирование рыночной экономики / Под.ред. Петрова Р.П. СПб, 1999.
9. Джкевич А.К. К осмыслению опыта экономического развития Япоти // Российский экономический журнал. 1992. №10.
10. Елемесов P., Жатканбаев Е. Государство и рынок: Учебное пособие. — Алматы: Каржы-Каражат, 1997.
11. Есиркепов Г.А. Приватизация государственной собственности в Республике Казахтан в условиях перехода к рынку. — Алматы, Уни-верситет «Туран», 1999.
12. АльПари. 1997. №10.
13. Вопросы экономики. 1990. №5.
14. Заявление Кабинета Митстров Республики Казахстан об эконо-мической политике в 1994 г. // Казахстанская правда. 1994. 5 февраля.
15. Ихданов Ж.О., Сансызбаева Г.Н., СахановаАН. Пмново-финансовые механизмы регулирования экономики. ~ Алматы: Экономика, 1998.
16.Казахстан 1991 — 2001 годы: Информационно-аналитичесский сборник. Агентства PK no статистике. — Алматы: Экономика, 1998.
17.Калиев Г. Аграрная реформа в Казахстане: история, современностъ, перспективы. — Алматы: Бастау, 1998.
18. Кейнс Дж. Общая теория занятости, процента и денег. М., 1995.
19. Класс Эклунд. Эффектная экономика — шведская модель: (Пер. со швед.).- М.: Экономика, 1991.
20. Кошанов А.К. и др. Формирование государственного предприни-мателъства в Республике Казахстан в условиях смешанной экономики. — Алматы, 2000.
21. Ливщиц А. Государство в рыночной экономике (краткий спецкурс) // Российский экономический журнал. 1993. №1.
22. Лю Гогуанъ. Регулирование китайской экономики и судьба реформы // Вопросы экономики. 1989. № 10.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
НАЗАРБАЕВТЫҢ ХХІ Ғ ТОЛҒЫСЫНДА ЕҢБЕГІНІҢ МАҢЫЗЫ

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І НАЗАРБАЕВТЫҢ ХХІ Ғ ТОЛҒЫСЫНДА ЕҢБЕГІНІҢ МАҢЫЗЫ

1.1 Назарбаевтың ХХІ ғ. тоғысындағы еңбегі

1.2 Еңбектің стратегиялық мақсаты

ІІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

2.1 Зор мүмкіндіктер табалдырығында

2.2 Экономикалық дамудың жоғарғы қарқыны

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Соңғы алты жыл ішінде біз екі басты стратегиялық мақсатты көздедік.
Біріншіден, Қазақстан егемен тәуелсіз мемлекет болды. Көптеген адамдар
қазір мұны тиісті нәрсе ретінде қабылдауға әзір, бірақ қазақстандықтар
мұның біздің тарихымызда қаншалықты сирек әрі қиындықпен болғанын ұмытпауға
тиіс.
Екіншіден, біз кең ауқымды әлеуметтік, саяси және экономикалық
реформаларды жүргізе бастадық. Аталған мақсаттарға әлі жете қойғамыз жоқ,
дегенмен жекелеген бағыттарда көзге түсер нәтижелеріміз де бар.
Енді ахуалды терең таразылау, дамуымызды әлемдік тәжірибе тұрғысынан
талдау және реформаларымызды іске асыру мен жаңа институттарымыздың
қалыптасу дәрежесін үздік әлемдік тәжірибемен салыстыру маңызды. Өзіміздің
бекем және босаң тұстарымызды салиқалы тұрғыдан талдап, тек содан кейін
ғана дербес төл стратегиямызды талдап жасаудың маңызы бұдан бір де кем
емес.
Біздің ішкі бекем тұстарымыз бен Қазақстанның қолындағы сыртқы
мүмкіндіктерді, өзімізге тән босаң тұстарымыз бен сыртқы қатерлерді тал-
даудан бастайын.
Еліміздің қолында сегіз артықшылық бар.
Біріншісі. Біз өзіміздің тәуелсіз, егемен мемлекетіміздің негізін
қаладық. Барлық қажетті мемлекеттік институттар қазірдің өзінде бар әрі ай
сайын тәжірибесі мен біліктілігін ширата түсуде. Бірақ мемлекетіміздің
құрылысы аяқталатын күн әлі алыс.
Екіншісі. Біз жетпіс жыл бойы өзіміз өмір сүрген ескі саяси және
экономикалық жүйеден іргемізді түбегейлі аулақ салдық. Бүгін мүлде жаңа
мемлекет өмір сүріп отыр, мүлде өзге саяси және экономикалық жүйе жұмыс
істеуде.
Үшіншісі. Қоғамымыздағы өзгерістер ықпалымен, өзіміз көбіне оны түсіне
де бермей, құндылықтардың сапалық тұрғыдағы өзге жүйесі мен адамдық қарым-
қатынастардың жаңа түріне дағдылана отырып, өзіміз де түгел өзгердік.
Қысқасы, біз азаттық алдық. Мемлекеттік - 9жылдық дүниетанымның жекешіл
дербес дүниетаныммен алмасуы біздің өміріміздің әрбір қырын өзгертті.
Әрине, ескі жүйе шақтап болса да неғұрлым сенімді әлеуметтік игіліктер
беріп келді, әрі бірсыпыра салаларда жетістіксіз де болған жоқ. Алайда,
экономикалық тұрғыдан бәсекеге қабілетсіз болғандықтан, ол жүйенің күйреп
тынғанын да ұмытпауға тиіспіз. Ол әлеуметтік жағынан да осал болып шықты,
өйткені адамдардың көпшілігінің тұрмыс деңгейі шетелдегі тұрмыс деңгейінен
төмен еді. Ол, сондай-ақ, жеке адам хақында да осалдық танытты, өйткені
еркіндік бермеді. Нарықтық экономика мен демократиялық тұрғыда таңдап
алынған мемлекет Қазақстанға қандай шамада өркендеу мен бостандық әкелерін
уақыт өте келе біздің өз тәжірибеміз көрсетуге тиіс. Өтпелі кезең уақытында
біздің азаматтармыздың көпшілігі қилы істі бастан кешірді әрі көп нәрсені
құрбан етті. Бірақ біз мұны тек сіздер мен біздің игілігіміз үшін ғана
емес, ең алдымен, балаларымыз бен немерелеріміз үшін жасап отырмыз.
Төртіншісі. Біздің басты оң игіліктеріміздің ішінде — халқымыздың,
немесе былайша айтқанда, адам ресурстарының сапасы түр. Біздің ғылыми және
шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары білім өресі биік халқымыз бар.
Көптеген елдерде бұл жоқ, әрі олар осындай сапаға жетуді өздерінің
стратегиялық мақсаттарының бірі санайды. Мұның өзі — біздің халқымыз бен
бұрынғы жүйенің аса ірі жетістігі. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес
капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі
неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз.
Бесіншісі. Біздің табиғи ресурстарымыз — орасан зор байлық. Алайда,
мұның өзі қаншалықты көрінгенімен, әлемдік тәжірибе табиғи байлығы бар
көптеген елдердің оны дұрыс игере білмегендіктен, ақыры кедейлер қатарынан
шыға алмағанын көрсетеді. Алайда, Шығыс Азияның неғұрлым дамыған елдері —
табиғи ресурстары жоқ елдер. Осының бәрі жетекші фактор — бұл адамдардың
өзі, олардың ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі екенін тағы
да дәлелдей түседі. Бұл — бізге гүлдену мен тәуелсіздік есігін айқара ашуға
мүмкіндік беретін нақ сол „ал-тын кілттің өзі".
Әлемнің келеңсіз тәжірибесін де үйрену қажет. Ол даму стратегиясының
немесе оларды іске асыру қабілетінің болмауы табиғи байлықтар әлеуетінен
басым түсетінін айқын көрсетіп отыр. Сондықтан, бұдан біз шығаратын басты
қорытынды — ойластырылған стратегия жасап, оны барлық қиындықтарға
қарамастан жүзеге асыру қажеттігі. Жер қойнауының байлығы — барша келер
ұрпақтың игілігі. Бұған қарап бо-саңсымауымыз керек. Керісінше, Үкіметті
қоса, біздің бәріміз ондай байлық қолымызда болмағандағыдай өмір сүріп,
жұмыс істеуге тиіспіз.
Алтыншысы. Біздің ауқымды алқаптарымыз, ауыл шаруашылығы жерлеріміз —
орасан зор әлеуетіміз. Көптеген өлшемдер бойынша біз Канада мен Австралияға
ұқсаспыз, бізге тек бір нәрсе — олардың өнімділігі мен экспорттық әлеуеті
жетіспейді. Бұл жерде де, тағы да, ең бастысы — нақты және тиімді
стратегия, адамдар мен капитал.
Біздің жетінші бекем тұсымыз — қоғамымыздың саяси тұрақтылығы мен
бірлігінде жатыр. Біз қоғам ішінде тікелей тайталасқа жібермей, ахуал-ды
тұрақтандыра білдік, мұны мақтан етеміз, өкінішке қарай, көптеген дамушы
және кешегі коммунистік кейінгі елдердің бұған қолы жеткен жоқ. Алайда
толық тұрақтылықтың, ал топтасу мен бірліктің ауылы әлі алыс жатыр,
сондықтан біздің баршамыз өзіміздің біртұтас отбасымыз деп сезіну, өз
мақсаттарымызды айқын біліп, оларға қарай келісе ілгерілеу үшін алдағы
уақытта көп жұмыс тындыруға тура келеді.
Көптеген топтарының бірлігі, жекешіл және қоғамдық негіздерді салиқалы
үйлестіру, мұның өзі қоғамымыздың жарасымды сатылы дәстүрлерін толықтыра
түседі.
Байлардың ат төбеліндей шағын тобы жарлы адамдардың үлкен тобынан
едәуір алшақтап кеткен жерде қоғам еш уақытта еңбегін көтеріп, абаттанып
гүлдене алмайды. Түрлі этникалық және діни топтардың құқықтары әр түрлі
болып келетін, біреулерге мүмкіндіктер беріліп, өзгелерге
берілмейтін, саяси партиялар мен қозғалыстар тікелей қарама-қарсы
тараптарға бұра тартатын, бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі мен
жауапкершілігі, либерализм мен демократияның және мемлекет күшінің арасында
орасан зор сәйкессіздіктер бар елдің де болашағы жоқ. Біз шектен тыс
шығандап кетудің бірін бастан кешірдік, екіншісіне түсіп малтықпасақ
игі. Менің ойымша, осы бір ақылға сыйымды дүниелерді ұғыну қоғамдық санада
нық орын тепкен де тәрізді.
Сегізіншісі. Мен қазақстандықтардың байсалдылылығы мен төзімділігін,
олардың кеңпейілділігі мен ақжарқындығын атап айтқым келеді. Мұны
шетелдіктердің баршасы дерлік айтып жүр. Мен өз отандастарымызға өтпелі
кезеңнің ауыртпалықтарын түсініп, оған төзіп отырғаны үшін ри-замын және
осы қасиеттер — біздің табысқа жетуіміздің, қоғамымыздың топтасуының,
шетелдік инвестицияларды тартудың және халықаралық қоғамдастықты біздің
проблемаларымызды шешуге кірістірудің елеулі кепілі деп санаймын.

І НАЗАРБАЕВТЫҢ ХХІ Ғ ТОЛҒЫСЫНДА ЕҢБЕГІНІҢ МАҢЫЗЫ

1.1 Назарбаевтың ХХІ ғ. тоғысындағы еңбегі
Біздің осындай күшті жақтарымызбен бірге сыртқы сипаттағы бірқатар
мүмкіндіктеріміз бар. Біздің сыртқы мүмкіндіктеріміз ең алдымен еліміздің
географиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайымен айқындалады.
Қазақстанның негізгі үш мүмкіндігін бөліп айтуға тұрарлық.
Бірінші мүмкіндік біздің Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен
торабында орналасқан географиялық жағдайымыздан туындайды. Әлемдік
экономикалық және саяси процестердің ауқымдану процесі осы факторды
түйінділерінің қатарына қосады. Біздің бабаларымыз түркі халықтарының
біртұтас отбасы құрамында осы маңызды стратегиялық факторды өздері үшін
тиімді пайдалана білді: атақты Жібек жолы бойымен Еуропа және Азия елдері
арасында кең ауқымды сауда арнасы ұйымдастырылған болатын. Бүгін біз осы
арнаны аймақтағы басқа елдермен ынтымақтаса отырып және әлемдік
қоғамдастықтың қолдауымен қалпына келтіре бастадық. Сөз жоқ, келешекте
Еуропа мен Азия арасында сауда, қаржы ағысы жүйесі мен адамдардың көші-қоны
ұлғая түседі.
Көптеген саяси тұрақтандырушы факторлары туралы айтпағанның өзінде,
мен нақ осы себептен, Еуразия идеясын ұсындым және оны дамыта бермекпін,
әрі оның стратегиялық болашағына да сенімім кәміл.
Бізбен шектес кез келген ел тәрізді Қазақстанның жеке өзі де тиімді
транзиттік әлеуетін іске асыра алмайды. Мұны бірлесе, тығыз әрі өзара
тиімді ынтымақпен жасау қажет.
Осындай тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, шекараларымыздың әр
бойында өз өнімімізді өткізудің аса ірі нарықтарының орасан зор әлуетіне ие
болып отырмыз. Таяу жатқан сыйымдылығы 2 млрд. адамға жуық нарықтардың,
бірен-сарандары болмаса, қалған кез келгені Қазақстан өнімін, әлбетте, оның
бәсекелестік қабілеттілігі болған және тиісті көлік арналары дамыған
жағдайда, жұтып қоюға қабілетті. Бұл көршілер — Ресей, Қытай және ислам
мен Орталық Азия мемлекеттерінің тобы, Таяу және Орта Шығыс елдері — тарихи
тұрғыда маңызды әлемдік орталықтар болып табылады. Күллі Еуразия
құрылығында бейбітшілік пен тату көршілік және өзара сенім қарым-
қатынастарын орнықтыру — табысты дамудың қажетті шарты. Соғыстарға,
бақталастыққа, бәсекеге және елдер өздерін тоқырау мен артта қалушылыққа
ұрындыра отырып, өз ресурстарын, уақыты мен күш-қуатын орынсыз шығындайды.
Екіншісі. Мемлекет құрылысы мен реформаларды жүргізудің ауыр
процестерін шетелдік мемлекеттер мен донорлық ұйымдар тарапынан қолдау
бізге қосымша мүмкіндіктер береді. Құн тұрғыда көптеген елдердің бізге
қарағанда оншалықты жолы болмады. Осы фактор, әсіресе өтпелі кезеңнің
бастапқы кезеңдерінде өте маңызды, өйткені бізге сырттың қаржы ресурстары
мен білім-білігі қажет.
Үшіншісі. Ауқымдану және ғылыми-техника-лық прогресс процесі, әсіресе
жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың да-муы біздің
аумақты, әрі аз қоныстанған еліміз үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады.
Алайда біздің осы процестермен қатар адымдайтынымызға ешкім кепілдік бере
алмайды. Демек, осы технологияларды ұғыну, олардың біздің қоғамымызға толық
кіруіне қол жеткізу, ғылыми-техникалық кадрларды қолдау маңызды.
Бүгінгі дамуымыздың келеңсіз сипаттары туралы айта отырып, олардың
көпшілігінің уақытша және өтпелі сипаты барын, оның өзі де кеңестік мұра
мен өтпелі кезеңнің қиындықтарының салдары екенін атап өту қажет.
Бірінші. Бұл коммунистік принциптер рухында тәрбиеленген адамдардың
бірнеше ұрпақтары қалыптастырған біздің дініміз. Кейбіреулер жақында
болған өзгерістерді ынта-жігерімен пайдаланды, бірақ басым бөлігі олай
істеген жоқ. Адамдарға субъективтік және объективтік факторлар ықпал етеді,
олар болып жатқан өзгерістерге баяу бейімделіп, өз проблемаларын шешуде
бұрынғысынша мемлекеттің көмегіне иек артып отыр. Мұндай пәлсапа мен
тұрмысқа деген көзқарас олардың жаңа қиындықтарға төтеп беруіне бөгет
болады, күш-қуаты мен өзінше іс-әрекет жасау талабынан айырады.
Мемлекеттің ендігі жердегі жаңа рөлі адамдар үшін шешімдер қабылдауда
емес екенін көптеген шенеуніктердің өздерінің де әлі түсіне бермейтіні
құпия емес. Керісінше, оның рөлі бәрінен бұрын азаматтар мен жекеше сектор
өздері мен өз отбасылары үшін тиімді шаралар қолдана алатын жағдайларды
қалыптастыруда болып отыр. Біз бұл ретте жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек
бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене
отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз.
Адамның ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді.
Бірақ мемлекет өзгерістер процесін объективті тенденцияларды түсіндіру,
маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де, ең бастысы, өзіндік
молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен
жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымы қалыптасқанша ондаған
жылдар қажет болады.
Екінші. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның ыдырауы және
Қазақстан экономикасының әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі
өндіріс көлемдерінің елеулі төмендеуіне әрі осының салдары ретінде —
әлеуметтік ахуалдың объективті түрде төмендеуіне әсер етпей қоймады.
Технологиялық тұрғыда артта қалған және қуатты мол қажет ететін
өндірістердің ауқымды бөлігі, даярланбаған және шаруашылық жүргізудің жаңа
жағдайларын игере алмаған менеджмент — бәсекеге қабілетсіздікке және
көптеген кәсіпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын
жоғалтуға, төлемсіздіктер мен өндірістің құлдырауына алып келген негізгі
факторлар, міне осылар. Осының салдарынан біздің елімізде соңғы сегіз жылда
өндіріс деңгейі екі еседен артық қысқарды, ал бюджеттік түсімдер одан да
көбірек қысқарды. Мұның өзі көптеген дамушы елдердегі экономикалық өсудің
жоғары қарқыны-мен бір мезгілде болғандықтан, біздің экономикамыз шартты
турде алғанда үш еседен астам артта қалып қойды. Осы факт бізді бұрынғыдан
да жіті, жігерлі қимылдауға мәжбүр етіп отыр.
Үшінші. Біздің экономикалық құлдырауымыздың салдарынан
азаматтарымыздың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейі нашарлап кетті.
Теңгермешілікті жою және жүмыс істейтін еңбек рыногын құру байлар мен
жарлылар арасында елеулі айырмашылықтың туындауына әкеліп соқты. Бул ретте
— мемлекеттің жетекші тірегі және қоғамның негізгі тұрақтандырушы факторы —
орташа таптың шоғыры аз.
Төртінші. Экономиканың қозғаушы күші болуға тиіс ұлттык,
жинақталымдардың ұлғаюы мен капиталдың қорлануы баяу. Ішкі капитал мен
жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға, жекеше
капиталға да, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарына да одан әрі
тәуелді бола түсті. Экономиканы әрі қарай сауықтыру инвестициялардың зор
көлемде келіп құйылуына байланысты, мұның өзі инвестициялық ахуал едәуір
жақсартылса ғана мүмкін болады.
Бесінші. Әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға ауыртпалықпен
өту бұған дейін осындай ауқымда бізге беймәлім болған кедейлік пен
жұмыссыздық проблемаларын туғызды. Бұлар қылмысқа, есірткі құмарлыққа
құнарлы негіз қалап, қоғамдық түңілушілікті туындатады және қоғамдық
тұрақсыздық мүмкіндігін арттырады. Зейнетақылар мен еңбекақылардың уақтылы
төленбеуімен астасқан жоғары жұмыссыздық деңгей негізінде экономикалық
проблемалардан, қаржылық капиталдың болмауынан және оларды шешудегі әлсіз
стратегиялардан туындады. Аграр-лық және әлеуметтік секторларды (денсаулық
сақтау, білім беру, ғылым және т. б.) реформалаудың тиімді
бағдарламаларының жоқтығы және өтпелі кезеңнің қысылшаң жағдайларында
бюджет қаражатын бөлуді қысқарту осы бір өмірлік маңызы бар салалардың
нашарлауы мен туралап қалуына алып келді.

Осы процестер алтыншы осал жағымызды, кез келген тұрғыдан қауіпті —
демографиялық өнімсіздігімізді де сипаттап отыр. 1992 жылдан бастап
соғыстан кейінгі 50 жыл ішінде тұңғыш рет біздің халқымыздың саны қысқара
бастады.

1.2 Назарбаевтың стратегиялық мақсаты

Біздің босаң тұстарымыздың қатарына жетінші осал жағымызды — жете
даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқаруды жатқызған
жөн. Мүның өзі де таза қазақстандық проблема емес. Бұл құбылыспен түгелдей
барлық колониализм дәуірінен кейінгі дамушы және коммунистік кезеңнен
кейінгі елдер бетпе-бет келді. Бүгінгі таңда көптеген проблемалардың шешімі
осы факторға келіп тіреледі және оны тез еңсеру де мүмкін емес.
Әзірше бізде стратегиялық міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде, отан
сүйгіштікпен және адал шешуге қабілетті адамдар мүлде аз.
Барлық істерге жөн-жосықсыз араласу әдеті, ақпаратты қоғамнан жасыруға
жетелейтін құпияшылдықтың қажетсіз және зиянды сілемі, ведомствошылдық пен
жершілдік, жекжатшылдық пен топшылдық, ұжымдық жауапсыздық, сүреңсіздік пен
бойкүйездік, сәйкессіз және көп сатылы құрылым, сыбайлас жемқорлық — міне
біздің бюрократияның бұрынғы режим тәрбиелеп кеткен әрі соңғы жылдары анық
көрініс берген, жасырын нысаннан ашық күйге ауысқан “қадір-қасиеттерінің”
әлі де толық емес жиынтығы осы.
Бұл проблеманың екінші бөлігі кәсіпорындардағы менеджерлер корпусының
мүлде төмен сапасы болып табылады.
Жағдайды оңалту үшін көп іс істелді, соның ішінде кей сәтте оташылық
әдістерін де қолдандық. Бірақ бұл проблеманың басым проблемалар қатарында
тұрғаны айқын.
Мемлекет басшысы ретінде мен бір нәрсені айтуға тиіспін.
Шенеуніктердің жаңа жағдайға бейімделуі үшін біз бөле алатын уақыт өтіп
кетті. Ендігі жерде өзге адамдардың есебінен жарылқаушы болуға, елдің
дамуына нұқсан келтіруге болмайды. Осы зиянды әдеттердің қаулап өсу
әлеуетіне түбірінен балта шауып, Үкімет аппараты мен мемлекет қызмет
реформаларын жеделдету қажет.
Ақыр соңында, бізге заңдарымыздың жарты-кештігіне және тұрлаусыздығына
көңіл бөлу қажет. Үйдің іргетасын қалау жеткіліксіз — оның қабаттары,
қабырғалары мен шатыры болуы қажет. Мұның өзі инвестициялық ауанды
жақсартуға, кедейшілікті азайтуға, қылмыс біткенді құртуға және
әлеуметтік саланы дамытуға қатысты маңызды мәселе.
Мен теріс факторларды оң факторлармен қатар ұлттық стратегиямызды іске
асыру үстінде өзіміз ұшырасуға тура келетін міндеттерді белгілеу үшін
санамалап өттім. Мықты тұстарымыз бен мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ әлсіз
тұстарымыз бен елімізге келер қатерді бөліп атай отырып, олардың уақыт
кеңістігіндегі серпінділігін әрі диалектикалық тұрғыда өзара
байланыстылығын назарда ұстау қажет. Мүмкіндігіміз қатерге ұласуы да,
керісінше болуы да мүмкін. Бүгінгі мықты тұстарымыз әлсіз тұстарымызға
айналуы және керісінше болуы да мүмкін.
Біз қандай шамада мүмкіндіктерімізді пайдаланып, қауіп-қатердің алдын
аламыз, өзіміздің оңымызды еселеп, терісімізді азайтамыз — бұл біздің
өзімізге, мақсаттар мен басымдықтарды дәл қоя білуімізге, оларды уақтылы
әрі оралымды іске асыруымызға байланысты.

ІІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

2.1 Зор мүмкіндіктер табалдырығында

Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей
елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы
мемлекеттерге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары
Корея, Тайвань және Сингапур болса, ал қазір оларға Малайзия, Индонезия
және Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз — Қытай жоғары қарқын танытып
отыр. Индия мен Бразилия да өз қуатын еселей түсіп келеді. Бізге достас
Ресей де жуық арада ұлы елдің жаңа келбетіне ие болады деп шынайы үміт арта-
мыз және оған сенімдіміз.
Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан
басына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің
бірі еді. Бүгінгі таңда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың
доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және
басқа да „көптеген" параметрлері бойынша бізге ұқсас ел, Малайзия да 20
жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе
арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстарының нәтижесінде бұл елдер
күллі әлемде Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр.
Қазақстан өзінің күллі мүмкіндіктерімен нақ осындай нәтижеге қол
жеткізе алмайды дейтін себептер бар ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға
қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін
үлгі болады деп сенемін.
Бізде Жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін Қар Барысы
дүниежүзілік қоғамдастыққа онша таныс емес.
Жануарлар әлемінде Жолбарыс туыстас болғанымен Барыстың өзіндік
ерекшеліктері де бар.
Бұл — өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, ал-ғырлығымен, жасқануды
білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалығымен дараланатын Барыс
болмақ.
Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды әрі тікелей соқтығыстардан
бойын тартатын болады. Бірақ егер өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына
қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы барын салып
қорғайтын болады.
Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой
алдырмауға тиіс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды.
Ол жаңа асулар мен шындарды бағындыруда, мақсатына жетелейтін елеусіз,
бірақ сенімді соқпақтарды іздестіруде табанды да бірбеткей бо-луға тиіс.
Ол қауіп-қатерден қаймықпауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиіс.
Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса-көктей келген қонақтардан
қорғай отырып, аузындағы дәмдісін сонын, аузына тосуға, оның саулығына,
өресі мен пайымына нәр беруге тиіс, сөйтіп кез келген ортадағы қатаң
бәсекелестік жағдайында ерте сақайып, өз бетінше дербес өмір сүруге жете-
леп, көрегендік танытады.
Ол өзі ішетін тұнық судың ылайланбауын, ал өз аясында тіршілік ететін
табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болады.
Ендеше Қазақстандық Барыстың бойына дамудың алдыңғы қатарлы үздік
деңгейіне үстелген батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі мен
төзімділігі де тән болуға тиіс.
Ол өзінің талпыныс-ұмтылыстарында, жеңістері мен сәтсіздіктерінде бір
ананың сүтін тек емген өзінің бауырлары — Өзбек, Қырғыз және басқа да
Орталық Азия барыстарымен дәйім бірлікте болып, олардың өрлеуі мен
жетістіктерін мақтаныш тұтатын болады.
Дегенмен 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны
біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы
тұрғызамыз. Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз
болашағымызға жоспар қүрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске
асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсіздікке
ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз.
Еш нәрсеге бірден қол жетпейді. Табысты әрі тұрақты дамуға объективті
түрде белгілі бір сатылар тән, оған құлашты бір сермегеннен жетуге
болмайтыны да белгілі.
Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен
Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтік
міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен
әл-ауқатын арттыра алмаймыз.
Экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу өз кезегінде саяси
тұрақтылық пен тұрлаулылықты, қуатты әрі нысаналы реформаларды талап етеді.
Ал бұл үшін Президенттің саясатын іске асыруға, ескінің қарсылығын
еңсеруге, әрі күмәнданушыларды соңынан ерте білуге қабілетті кәсіпқой,
зерделі, батыл және отансуйгіш үкімет қажет.
Бұл жұмыста табысқа жету Қазақстан азаматтарының қолдауына байланысты.
Ал мұндай қолдау адамдар істің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуразия идеясы
Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан Мамандығы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының он алты жылдан астам уақыт ішінде Қытай Халық Республикасымен орнатқан мәдени және рухани қарым – қатынастары
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы
Білім жүйесіне қызмет ету - еліміздің болашағына қызмет ету
Елбасы еңбектері тарихи дерек ретіндегі шынайлығы мен обьективтілігін көрсету мақсаты
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Уақыт және тарих
АҚШ - Қазақстан қарым-қатынастары (1991-2007 жж.)
Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы
Пәндер