Шет елдерде сот шешімдерін қайта қарау институтының пайда болуы және дамуы



1. Ежелгі Греция және Көне Рим мемлекеттеріндегі сот шешімдерін кайта қарау институты

Істі бірінші сатыда толық жөне әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ қателесуден қорғау міндеттерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін қайта қарау институты осы талаптарға негізделеді, яғни сот жауабы соттық тексеруге жатқызылады.
Сот өндірісінің осындай нысанының бірі апелляция болып табылады. Оның шығу тарихы сонау ежелгі Греция құқығы мен Коне Римдік кұқықтан бастау алады. Ол заңдық күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қарау сатысы ретінде жақсы таныс. С.И. Ожегов орыс тілі сөздігінде бұл терминге мынадай анықтама береді: "Апелляция — істі қайта қарату мақсатымен жоғары сатыдағы сотқа Сот шешімі жөнінде шағымдану". XIX ғасырдың белгілі орыс криминалисі И.Фойницкий өзінің "Қылмыстық сот өндірісінің курсы" деген еңбегінде, апелляцияны толық. күшіне енбеген төменгі сатыдағы соттың шағым түскен үкімін нақты және заңдық негізде (арызда көрсетілген көлемде) жоғары инстанцияның қайта қарауы деп түсіндіреді. Апелляция сот өндірісінің басқа да нысандары сияқты әр уақытта дұрыс көзқараспен кабылданып, түрлі жолдармен дамытылып отырған.
Жалпы сот қаулыларына шағымдану институтының, соның ішінде апелляциялық және кассациялық шағымдану институттарының пайда болу және даму тарихын сөз етпес бұрын, ең алдымсн алғашқы қоғам пайда болғаннан оның мүшелерінің арасында қоғамдық катынастардың орныға бастағандығына назар аударғанымыз жөн. Нәтижесінде, сол қоғам мүшелерінің арасында дау-жанжалдардың туындауы заңды құбылыс еді. Ал, бұл өз кезегінде соларды шешуді қажет етті. Қазір тарихты пайымдасаңыз, ерте дәуірде адамдардың іс-қылықтарын және оқиғаларды бір-біріне мүлдем қарама-қарсы екі топқа: "оң және теріс", "адамгершілікті және адамгершіліксіз" деп бөліп қарағанын аңғару қиын емес. Бір ру мүшелерінің арасындағы дауды шешу, сондай-ақ жасалған іс-әрекеттердің дұрыс немесе бұрыс екендігін бағалау ертедегі соттардың шексіз құқығын танытты. Ал, дәстүрлі қүқық алғашқы мәдениеттің ең маңызды элементтерінің бірі ретінде мемлекеттік билік аппаратының қатысуынсыз қоғамдық тәртіпті сақтаудың басты қүралына жатқызылды.
Алғашқы қоғам тұрақты емес, ол үнемі даму үстінде болды. Әрі сол даму барысында адамзат біртіндеп экономиканы жасаушы дәрежесіне көтеріліп, алғашқы қауымдастық қоғамды өзінің шарықтау шегіне (қоғамның әлеуметтік жіктелуі, таптардың пайда болуы, мемлекеттің дүниеге келуі) жеткізді.
Европалық мемлекеттердің ертедегі даму кезеңінде орталық мемлекеттік биліктің тым әлсіз, әрі өзінің мекемелері арқылы сотты бағындыруға және оны бақылауға бейімсіз болғандығын атап өткеніміз жөн. Сондықтан да сот өз
Әдебиеттер

1. Фойницкий И.Я. Курс уголовного судопройзводства. «Альфа», 1996. Т.2.
2. Ожегов С.И. Словарь русского языка. М., «Русскии язык», 1984.
3. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М., «Новый юристь», 1998.
4. Графский В.Г. Всеобщая история права и государства. М., "Hop-Ma", 2001. 5. Чельцов-Бебутов М. А. Курс уголовно-процессуального права. М., 1995.
6. Российское законодательство х-хх веков в девяти томах. Т.8. Су-;ебная реформа. М., 1991. 7.Кротких М.Г. Самодержавие и судебная реформа 1864 года в Ро-сии. Воронеж, 1989.
8. Российское законодательство Х-ХХ веков в девяти томах. Т.8. Судебная реформа. 1991.
9. Декреты Советской власти. М., 1957. T.1:
10. Сапаргалиев М. История народных судов Казахстана. Алма-Ата, "Қазақстан", 1966.
11. Ривлин А.Л. Пересмотр приговоров в СССР., "Юридическая ли-тература", 1958.
12. Ленин В.И. Полн. Собр. Соч. Т. 45.
13. Сборник разъяснений Верховного суда РСФСР, 1930.
14. Сборник циркуляров Пленума Верховного Трибунала ВЦИК за 1921 г. М., 1922.
15. Александров А.С., Ковтун Н.Н. Основания к отмене (изменению) приговоров в суде апелляционной инстанции. "Государство и пра-во", 2001. №10.
16. Кони А. Собрание сочинений. Т.4. М., "Юридическая литерату-, 1967.
17. Тамас Аймухамбетов. Сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарау институттарының дамуы. Алматы 2004.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
ШЕТ ЕЛДЕРДЕ СОТ ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА
ҚАРАУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
ЖӘНЕ ДАМУЫ
1. Ежелгі Греция және Көне Рим мемлекеттеріндегі сот шешімдерін кайта
қарау институты

Істі бірінші сатыда толық жөне әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен
әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ қателесуден қорғау
міндеттерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін қайта қарау
институты осы талаптарға негізделеді, яғни сот жауабы соттық тексеруге
жатқызылады.
Сот өндірісінің осындай нысанының бірі апелляция болып табылады. Оның
шығу тарихы сонау ежелгі Греция құқығы мен Коне Римдік кұқықтан бастау
алады. Ол заңдық күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қарау сатысы ретінде
жақсы таныс. С.И. Ожегов орыс тілі сөздігінде бұл терминге мынадай анықтама
береді: "Апелляция — істі қайта қарату мақсатымен жоғары сатыдағы сотқа Сот
шешімі жөнінде шағымдану". XIX ғасырдың белгілі орыс криминалисі
И.Фойницкий өзінің "Қылмыстық сот өндірісінің курсы" деген еңбегінде,
апелляцияны толық. күшіне енбеген төменгі сатыдағы соттың шағым түскен
үкімін нақты және заңдық негізде (арызда көрсетілген көлемде) жоғары
инстанцияның қайта қарауы деп түсіндіреді. Апелляция сот өндірісінің басқа
да нысандары сияқты әр уақытта дұрыс көзқараспен кабылданып, түрлі
жолдармен дамытылып отырған.
Жалпы сот қаулыларына шағымдану институтының, соның ішінде апелляциялық
және кассациялық шағымдану институттарының пайда болу және даму тарихын сөз
етпес бұрын, ең алдымсн алғашқы қоғам пайда болғаннан оның мүшелерінің
арасында қоғамдық катынастардың орныға бастағандығына назар аударғанымыз
жөн. Нәтижесінде, сол қоғам мүшелерінің арасында дау-жанжалдардың туындауы
заңды құбылыс еді. Ал, бұл өз кезегінде соларды шешуді қажет етті. Қазір
тарихты пайымдасаңыз, ерте дәуірде адамдардың іс-қылықтарын және оқиғаларды
бір-біріне мүлдем қарама-қарсы екі топқа: "оң және теріс", "адамгершілікті
және адамгершіліксіз" деп бөліп қарағанын аңғару қиын емес. Бір ру
мүшелерінің арасындағы дауды шешу, сондай-ақ жасалған іс-әрекеттердің дұрыс
немесе бұрыс екендігін бағалау ертедегі соттардың шексіз құқығын танытты.
Ал, дәстүрлі қүқық алғашқы мәдениеттің ең маңызды элементтерінің бірі
ретінде мемлекеттік билік аппаратының қатысуынсыз қоғамдық тәртіпті
сақтаудың басты қүралына жатқызылды.
Алғашқы қоғам тұрақты емес, ол үнемі даму үстінде болды. Әрі сол даму
барысында адамзат біртіндеп экономиканы жасаушы дәрежесіне көтеріліп,
алғашқы қауымдастық қоғамды өзінің шарықтау шегіне (қоғамның әлеуметтік
жіктелуі, таптардың пайда болуы, мемлекеттің дүниеге келуі) жеткізді.
Европалық мемлекеттердің ертедегі даму кезеңінде орталық мемлекеттік
биліктің тым әлсіз, әрі өзінің мекемелері арқылы сотты бағындыруға және оны
бақылауға бейімсіз болғандығын атап өткеніміз жөн. Сондықтан да сот өз
қызметінде тәуелсіз болды. Оның қабылдаған шешімі түпкілікті әрі ешбір
шағымдануға жатпайтын. Алайда кейінірек орталықтандырылған мемлекеттік
биліктің өркендеп нығаюының нәтижесінде, сот өзінің тәуелсіздігін біртіндеп
жоғалта бастады. Сөйтіп орталық билік тарапынан сот шешімдерін тексеру
қүқығы пайда бола бастады. Сот шешімдерін қайта қараудың бұл түрі тергеу
процесіне тән еді. Мұндағы тексеру бастамасының мәні сол, процесс барысы
мүдделі адамдардың еркіне ешқандай байланысты болмады. Тергеу процссі сот
өндірісінде тараптардың іс-әрекетін мүлдем назарға алмағандықтан, соттағы
қайта қарауда бұл тіпті де мойындалмады. Әрбір іс міндетті түрде төменгі са-
тыдан жоғары қарай алдын ала заңмен белгіленген тәртіп бойынша жылжуы
тиістін. Әрі сот шешімдерін қайта карау жөніңдегі инстанциялар ол кезде өте
көп болатын. Сол үшін де істер кебіне өте ұзақ қаралды.
Мемлекеттің бұл даму кезеңінде апелляция және кассация шағымдану
тәсілдері ретінде әлі белгісіз еді. Бір соттың шешімін басқа бір сот
түзетпейтін, яғни қабылданған шешімді, сол шешім қабылдаған соттың өзі ғана
өзгерте алатын.
Сот шешімдерін қайта қарау институтының өмірге келуіне, тек мемлекеттік
билік күшейіп, халық сотын өзінің бақылауына бағындырғаннан кейін ғана
мүмкіндік туды. Бұл иерархиялық. бағынушылыққа, яғни төменгі соттьң өзінен
жоғары тұрған сотқа бағыну жүйесіне иегізделген еді.
Мұнда тексеру бастамасы біртіндеп жеке бастамаға ауыса бастады. Яғни,
жоғарғы инстанция тек төменгі сатыдағы соттың шешімімен кұқығы бұзылған
адамның өтініші бойынша ғана шағымдалған шешімді қарауға кіріседі. Бұл
жерде сот шешімдерін кайта қарайтын инстанциялар саны әлдеқайда азая
түседі. Бұл жөнінде И. Фойницкий былай дейді: "...істерді тездетіп қарау
мәселесі алға тартылып, ендірістік инстанциялардың санын қысқарта отырып,
сот шешімдерінің тұрақтылығына қол жеткізу кеңінен мойындала бастады.
Сөйтіп, қайта қараудың мынадай түрлері белгіленді: жеке шағымдану,
апелляция, кассация және қылмыстық істерді қайтадан қарау. Бұлардың бір-
бірінен өзгешелігі сот шешімдерінің айырмашылығына байланысты болды.
Мәселен, каулылар мен ұйғарымдар жеке шағымдануға жатқызылса, түпкілікті
емес үкімдер — апелляция тәртібімен, түпкілікті үкімдер (егер олар әлі
үзілді-кесілді заңдык күшіне енбесе) кассация тәртібімеи кайта қаралды. Ал,
егер түпкілікті үкімдер үзілді-кесілді заңдық күшіне енсе, онда оларға тек
жалғыз тәсіл - істі қайта қарау қолданылды".
Осы ереже ежелгі Грецияның және Көне Римнің, сондай-ақ еуропалық
елдердің мемлекеттік және құқықтық тарихында өзіндік дәлелін тауып отыр.
Мемлекеттік жүйе жаңадан орнығып жатқан кезде ежелгі Грецияда
қылмыстық сот қандай еді?
Егер таратып айтар болсақ, ол замандарға мынадай өзіндік
ерекшеліктер тән еді: біріншіден, дауды шешудің ескі тәсілдері әлі де
сақталынып, пайдаланылды. Мысалы, қайсыбір қиын мәселелер әкімшілік билігі
бар халық жиындарында, ақсақалдар кеңесінде (ареопаге)талқыланды. Сондайақ
жекпе-жек, ант беру, т.б. осы сияқты көне дәстүрлі тәсілдер қолданылды.
Екіншіден, сол уақыттарда мем-лекеттік биліктің арнайы органы ретінде
соттар қалыптаса бастады. Олардың бұрынғы рулық институттармен ешқандай
байланысы жоқтын.
Гректердің мемлекет қалаларында халық жиыныңдағы сот ежелгі сот
нысандары ретінде б.д.д. VII-VI ғасырларға дейін сақталынып келді. Бұл
соттар "гелиэя" деп аталды. Гелиэя — гректің "гелиос" — күн деген сөзінен
алынған. Өйткені халық жиындары тек күндіз басталып, содан күн батқанға
дейін созылатын.
Сот істерін қараумен "фесмофеттер гелиэясы" (халық жиындары
қаулыларының білгірлері) айналысты. Фесмофеттер әділ сот жүргізу міндетінен
басқа, заңның маңызды анықтамаларын жазып, оларды кейін даулы істерді шешу
барысында пайдалану үшін сақтап отыру қызметін атқарды. Сондай-ақ,
лауазымды адамдардың шешіміне жасалған апелляцияларды қарау да гелиэялардың
міндетіне жатқызылды. Бұл құқық гелиэяға б.д.д. 594 жылы Солон жүргізген
саяси реформалардың нәтижесінде берілген еді.
Аталмыш реформалар негізінен үш бағытты ұстанды, әрі сол заман үшін
олар өте демократияшыл деп танылды. Мәселен, бірінші бағыт — өмірлік құ-
лдықты жоюды, екінші бағыт — кез келген адамның жәбірленушіні қорғап, сотқа
немесе жиынға талапкер ретінде шығуына мүмкіндік жасауды (бұрын, егер
жәбірленуші қандай да бір зиян шексе, өзі немесе біреулер арқылы талапкер
ретінде шағымдана алатын, ал енді жәбірленушіні көрген кез келген азамат
оны қорғап, араға түсуге мүмкіндік алды), үшінші бағыт — жоғары сот және
заң шығарушылық өкілеттіктерін жүктей отырып, халық жиынындағы халық сотына
апелляция қүқығын беруді көздеді.
Б.д.д. V ғасырда гректердің құқықтық санасының даму үрдісінде іс жүргізу
құқығын шектеу басталды.
Дәл осы кезінде Афиндегі ең басты сот мекемесі — гелиэя (ант
бергендер соты) деп танылды. Оған ең алдымен Солон бекіткен ежелгі
фесмофеттер гелиэясының міндеттері тапсырылды. Алайда, бүл екеуінің
арасында елеулі өзгешеліктер де бар еді. Мысалы, фесмофеттер гелиэяларында
барлық істерді архонттар — ақсүйек өкілдері атқарса, ант бергендер соты
халық арасынан сайланған толық қүқылы судьялардан құрылды.
Іс жүргізу нысанына қарай афиндік гелиэяда сот талқылауының екі түрі
болды: мемлекеттік маңызы бар істер бойынша және жеке істер бойынша.
Мемлекеттік істерге мемлекеттің немесе мемлекеттің зандарын бұзудан жапа
шеккен оның жеке азаматының мүдделеріне байланысты қозғалған жайттар
жатқызылды. Ал, жеке істер деп адамдардың өз басы мүдделерінің бұзылуынан
пайда болған жағдайлар танылды.

Гелиэя халық жиынында алдын ала қарауға тиіс істерде шешуші дауысты
иеленді. Ол бұрын ареопагқа тиеселі болған вето қүқығын пайдаланды. Сондай-
ақ гелиэя архонттарды және басқадай жоғары лауазымды қызметкерлерді
сайлаудың дүрыстығын тексеру һәм лауазымды қызметкерлерді олардың сайлау
мерзімдерінің аяқталуы бойынша немесе қызметтерін теріс пайдаланғаны үшін
өкілеттіктерін тоқтатуы женінде жауаптылыққа тарту туралы істерді қарау
барысында жоғары инстанция болып танылды. Осы істер бойынша бірінші сатыға
Бесжүздік кеңес жатқызыдды. Ол лауазымды түлғалардың өз қызметтерін теріс
пайдалануы туралы істерді қарап, оларға айып ақша төлетіп, кейде тіпті өлім
жазасын қолданды (соңғы қүқықты кейін Кеңестен алып қойды). Бесжүздік кеңес
соттаған адам, оның шешімі жөнінде гелиэяға шағымдана алды. Ал, гелиэя
шығарған шешім түпкілікті болып есептелді.
Дегенмен де, гелиэяның басты назары қылмыстық сот ретінде, ең алдымен
қылмыстық істер бойынша әділ сот жүргізуге бағытталды.
Қүқықтары мен міндеттерін бұзуға байланысты азаматтық істерді, сондай-
ақ аса маңызды емес қылмыстық істерді диэтеттер қарады. Олар әрбір тайпадан
теңдей мөлшерде, алпыс жасқа толған адамдардан сайланды.
Диэтеттер соты гелиасттар сотына қарағанда тез өткізілетіндігімен,
аз шығын жүмсалатындығымен, айыпталушы үшін пәлендей қауіпті емес
екендігімен ерекшеленді. Диэтеттердің шешіміне қанағаттанбаған тараптар
гелиасттар сотына шағымдана алды. Алайда, бірінші сатыда қаралмаған жаңа
дәлелдемелерді гелиэя сотына ұсынуға рүқсат етілмеді. Гелиасттардың
үкімдері апелляцияға жатқызылмады.
Тек өте сирек жағдайларда ғана гелиэя шешімінің күші жойылып, іс
қайтадан қаралды. Мүңдайға кебіне мынадай себептерге байланысты жол
берілді: біріншіден, сотталушы бірнеше процестерде куәның жауабының жалған
екен-дігін дәлелдесе(жалған куәларға айып салынды); екіншіден, сотталушы
өзінің сотқа шақырылмағандығын, немесе белгіленген уақытта дәлелді
себептермен келе алмағандығын дәлелдесе.
Сонымен, ежелгі Грецияның қылмыстық іс жүргізуіңде сол замандарда-
ақ апелляция түрғысында сот шешімдерін қайта қарау институтының
қолданылғандығы және үдайы дамып отырғандығы жайлы түжырым жасауға болатын
сияқты. Ал, ежелгі Грецияның сот қылмысы мен сот өндірісі осы елдің
демократиялық принциптерге негізделген мемлекетгік құрылымына сәйкес
құрылды деуге толық негіз бар.
Ежелгі Грецияның сот жүйесіне талдау жасай отырып, Көне Римнің сот
органдарының құрылымына да назар аударғанымыз жөн-ау. Әрине, бұл жерде
олардың қайсыбір ішкі жүйесі туралы біржақты кесіп-пішіп айтудың қиын
екендігін де мойындауымыз қажет. Өйткені, әр кезендерде олардың саны,
құрылымы, құзыры көбіне өзгеріп түратын. Оның үстіне Римде жеке-дара,
бірыңғай сот органдары жоқ болатын. Сот міндеттерін атқарушы барлық ор-
гандар мен лауазым иелері бұдан басқа саяси, қаржылық жүмыстармен,
әкімшілік басқарулармен, т.б. айналысты.
Патшалық дәуірде (б.д.д. VIII-VI ғ.) римдік мемлекет түрлері
өзгертілгенмен, іс жүзінде рулық құрылыстың барлық органдарын халық жиыны,
қауым басшыларының кеңесі (Сенат), патшалық билік (Rex) сақтаған еді. Ол
кезде Римде мемлекеттік билік органдарының арасындағы басқару міндеттері
нақты белгіленбегендіктен, олар көп мәселелерде бір-бірінің ісіне килігіп
жататын. Дәл осындай қосарлану жағдайы сот билігіне де тән болатын. Мысалы,
халық жиыны да (куриаттық комиция), патша да соттың кейбір міндеттерін
қатар атқарды.
Көне Римдік мемлекеттің осынау даму кезеңінде сот қаулыларына
шағымдану институты жоқ болатын. Аса маңызды қылмыстық істерді патшаның
жеке өзі немесе Сенаттың қатысуымен бірлесіп қарады. Ал, кейбір жағдайларда
патша істі қарауды өзінің делегаттарына (квесторлар, дуумвирлер) тапсырып,
олардың ісәрёкеттеріне бақылау жүргізу қүқығын өзіне қалдыратын.
Біздің дәуіріміздің VI ғасыры қарсаңында мемлекеттіліктің
қауымдастық нысаны жойылып, оның орнына құл иеленуші Рим республикасы
келді. Республиканың күрделі басқару әкімшілігі болды және ондағы барлық
органдар-дың, лауазым иелерінің қызметтік міндеттері нақты белгіленді. Дәл
осы түста магистратура пайда болып, ол бүкіл римдік қүқық жүйесінің аяғынан
тік тұру жолында үлкен рөл атқарды.
Патша билігі жойылғаннан кейін оның сот саласындағы міндеті
республикалық магистраттарга, дәлдірек айтқанда екі консулға жүктелді. Олар
бүрынғыға қарағанда едәуір шектеулерді иеленді. Мәселен, патша халық
жиынына апелляция беруге рүқсат ету немесе тыйым салу туралы мөселені шешу
қүқығын иемденсе, ал консулдар Валерия заңына (б.д.д. 509ж.) сәйкес,
азаматты өлім жазасына кесуге, дене мүшелеріне қатысты жаза қолдануға,
айыппұл салуға (егер ол белгілі бір шектен асқан жағдайда) шығарылған әрбір
үкім бойынша апелляцияға рұқсат етуге міндетті еді.
Әр түрлі сот міндетттерін мынадай магистраттар атқарды: халық
трибундары, преторлар, диктаторлар, провинциялық магистраттар (бүрынғы
преторлар мен консуддар). Халық трибуны өзінің қалауы бойынша қамауға алуға
және ашық жауап алуға құқылы болды. Претордың басты міндетіне сот қызметі
жатқызылды. Ол негізінен процессуалдық әрекеттермен айналысып, көп жағдайда
судьяның рөлін жалыз атқарды. Сонымен қатар, преторларға заңдарды тусіндіру
міндеті де жүктелді. Бүл, әрине, олардың сот ісіндегі құзіретін едәуір
кеңейтті. Ал, диктаторлық билік орнаған кезде, мемлекеттің барлық билігі,
соның ішінде сот билігі де диктатордың қолына берілді. Ол кез келген шешім
шығаруға қүқылы болды.
Римдік республика кезеңінің бірінші жартысында қылмыстық әділ сот
процесін бақылауға алуға халықтың қолы жетті. Сөйтіп, осының нәтижесінде
сот жүйесінде елеулі өзгерістер жасалды. Қылмыстық істерді талқылау
біртіндеп халық жиындарының қолына шоғырлана бастады. Бүл жөнінде
И.Я.Фойницкий былай дейді: "...халықтың сотқа қатысуы, тараптардың жеке
әрекеттерінің кеңінен мойындалуы мен істің ашық жүргізілуі үйлесім тауып,
нәтижесінде керемет процессуалдық жүйе қальштасты. Бүл Римнің даңқына сай
әрі күні бүгінге дейін таңырқауға лайықты жетістік еді".
Әр түрлі магистраттар қабылдайтын жекелеген сот шешімдері біртіндеп
халық жиындарының бақылауына көшірілді. Ал халық жиындары оларды қайта
қарауға қүқылы-тын. Консулдардың екінші жылында қабыдданған Валерия заңы
әрбір римдік азаматқа кез келген шенеунік шығарған үкімнің халық жиынында
қайта қаралуын талап етуге ерік берді.
Осындай өкімдердің ықпалымен консулдардың қылмыстық сот жүргізу
қүқығы мүлдем жойылып, ал, басқа римдік магистраттар өздерінің билігін
халық соттарына тапсырды (quaestiones perpetuae), немесе халық жиындарына
бағыныштылық жағдайға көшті.
Апелляция қүқығы диктаторларға қатысты тым шектеулі болды. Бүл
жерде істі халық жиынына ауыстыру халықтың өтінішіне және диктатордың өз
еркіне байланысты шешілді. Бұл диктатор халықтың жоғары өкілі болып таны-
латындығының логикалық нәтижесі сияқты еді. Халық төтенше жағдайларға орай
кезінде оған барлық билікті бере отырып, тіпті қайта қарау қүқығынан да бас
тартқанды. Сондай-ақ, халық өзінің басқа сайланбалы магистраттарын да
кейбір жағдайларда апелляциядан босатып отырды (тек едәуір шектеулі
мөлшерде), мысалы, квесторлар және триумвирлер.
Рим республикасында қайта қарау процессінің дамуына мүмкіндік
туғызушы саяси себептер, оның заңдық түзілісіне де біршама ықпалын тигізді.
Судьялардың шешімдерін қайта қарауды талап ету құқығы түлғаның
немесе тараптардың процесс нәтижесіне мүдделілігінен емес, қайта сол
шенеуніктердің іс-әрекеттерін қадағалау және олардың өз қызметін теріс
пайдаланғандығы туралы халыққа хабарлау сияқты жалпыазаматтық қүқықтарынан
туындайтын. Осы қағидаға байланысты, тек тараптар ғана емес, сонымен қатар
әрбір римдік азамат та аталмыш қүқықтың субъектісі бола алатын. Осыған орай
Римде цензорлардың және трибундардың өзіндік институттары құрылды. Олар бұл
мәселеде басты рөл атқарды. Мысалы, трибунның тілегі бойынша шенеуніктің
шешімінің орындалуы тоқтатылып, іс Римдегі халық сотына ауыстырылатын.
Республикалық кезеңде апелляция, халықтың сот үстінен қарау
ерекшелігін таныта отырып, ол туралы тек магистраттардың шешім қабылдауына
рұқсат етілді. Ал, комицияларда халық шығаратын шешімдер, сосын халық
соттарында халық өкілдері шығаратын шешімдер апелляция қатарына
жатқызылмады. Апелляция халыққа, оның жиынына ұсынылды.
Алғашқы апелляция, тек аса маңызды істер үшін (өлім жазасына немесе
дене мүшелеріне қатысты жазада, бірақ айыппұл салуда емес), әрі тек толық
құқылы римдік азаматтардың мүддесіне байланысты жағдайларда ғана қабыл-
данды.
Алелляция өндірісі негізінен пәлендей қиын емес болтын. Әрбір азамат
үкім орындалғанға дейін: "Шағымдана-мын!" (provoco) деген бір ауыз сөзбен
оның жүзеге асырылуын тоқтата алатын. Осындай кезде іс халық жиынына
жіберіліп, шешім шығарған шенеунік, өзінің үкімін қорғауға тиістін.
Апелляциялық қарау тараптар арасында емес, шешімге қанағаттанбаған адам мен
сол шешімді қабылдаған шенеуніктің арасында жүргізілді. Халық апелляцияның
дүрыстығына көз жеткізу үшін істі жан-жақты тексеріп, қайсысының кінәлы
екендігіне байланысты ша-ғымданушыға немесе судьяға жаза қолданды.
Шағымдану институтының әрмен қарай дамуы кейін империя кезеңінде
жалғасын тапты. Бүл кезең принципат және доминат деп аталатын екі уақыт
бөлігінен құралды. Сот органдарының көзқарасы бойынша аталмыш бөліктердің
бір-бірінен айырмашылығы пәлендей үлкен емес. Мәселен, принципат кезінде
мемлекеттік билік пен басқарудың республикалық органдары сақталынды да,
теориялық жағынан олар сот міндетгерін атқаруға тиіс болғанымен, іс жүзінде
барлық сот билігі императордың — принцепсаның қолында болды (Мысалы,
Октавиан азаматтық соттың да, қылмыстық соттың да жүргізу қүқығын иеленді,
Август халық жиындардның міндетін езіне қаратып алды. Сондай-ақ, жаңадан
біраз мемлекеттік оргавдар ұйымдастырылып, олар тікелей императорға
бағындырылды ). Ал, доминат кезінде (б.д. 284ж.) барлық республикалық орган-
дар таратылып, магистраттар муниципалды лауазым иелеріне айналды. Бұл
барлық сот органдары мен лауазым иелері тікелей императорға бағынады деген
сөз еді.
Бастапқы кезде императорлар апелляция институтын жекелеген
магистраттардың сот ісіне билік жүргізу құралын иемденуі ретінде мадақтап
жүрді. Себебі халық өкілдері ретінде олардың қүқын және трибундардың қүқын
мүрагерлікпен иеленген императорлар, апелляциялық шағымдануды да қолдарына
шоғырландыруға тырысты. Бірақ соттарды императорлық билікке бағындыру ісі
аяқталған сәтте, апелляциялық шағымдану императорларға үлкен салмақ
түсіргендіктен, әр түрлі шектеулерге тап болады.
Апелляциядан босатылған магистраттардың мекемелеріне қарамастан
(Мысалы, Үлы Константин заманында әскери қызметтегі когорт преторларының
үкімдері апелляцияға жатпайтын және оларды шешу үшін тек мирасқордың сол
істі қайта қарауы туралы өтінішіне рұқсат етілді), апелляция қьшмыстық
процессте саяси қылмыстар, жалған ақша жасау туралы істер және тағы басқа
ауыр қылмыстар бойынша алынып тасталынды. Бүл негізінде істерді тезірек
талдау қажеттілігінен туындаған еді. Сондай-ақ қылмыс жасаудағы кінәлылығын
көрсететін бұлтартпас дәлелдемелер жинақталған жағдайдың барлығында
апелляцияға рұқсат етілмеді.
Императорлық кезеңде апелляциялық талқьілаудың субъектілері қатты
реформалауға ұшырады. Апелляциялық қайта қарауды талап ету қүқығы
тараптардың қолына жинақталып, олар белгіленген бір мерзім ішінде өздерінің
келіспеушілігін жазбаша немесе ауызша түрде білдіруі тиіс болды.
Апелляцияға тілек біддіру үкімнің орындалуын тоқтататын.
Сонымен қатар апелляциялық өндіріс шешімге қанағаттанбаған түлға
мен судьяның арасында ерекше дауға айналмастан, керісінше бірінші сатыда
қаралған, сол іс бойынша тараптардың таласының жалғасы іспетті саналды.
Ең жоғары апелляциялық саты (инстанция) — император. Жоғары
мемлекетгік билік түрлері түгелдей императордың қол астына
біріктірілгендіктен, ол қызмет бабында өзіне бағынышты барлық лауазым
иелерінің іс-әрекеттеріне араласуға толық қүқылы болды.
Императорлар бұл құқықтарын кеңінен пайдаланды. Олар қайсібір себептермен
өздерін қызықтырған немесе әлдекімдердің өтініші бойынша кейбір істердің
талқылауын тікелей мойнына алды.
Императорлық кезеңнің соңына қарай ерекше өндірістік тәртібі бар
кеңсе құрылды. Бүл жерге жеке келіссөз жүргізуге тараптар жіберілмеді.
Қабылдаған шешіміне апелляция жасалынған сот, кеңсе үшін арнайы баяндама
әзірлеуге (relatio) міндетті еді. Баяндама тараптарға таныстырылып, олар
келіспеген жағдайда, өздерінің қарсылығын жазбаша түрде мәлімдеулеріне
мүмкіндік берілді (libelli refuratorii). Содан кейін осы қүжаттардың
барлығы кеңсеге жіберіліп (serinium epistoearura), кеңсе мүшелері дауыс
беру арқылы тиісті шешім қабылдайтын. Бұл шешім императордың мақұлдауынан
кейін сарай квесторларына хабарланды.
Апелляциядан тыс, императорлық кезенде қайта қараудың және бір
институты — тексеру пайда болды. Бүл тәртіптің мәні сол, қылмыстық істерді
қарау барысында даулы сүрақтар туындай қалған жағдайда, соттарға өз
бастамасымен әлгі дауды шешіп беру үшін императордың кеңсесіне мәлімдеме
жасау міндеті жүктелді.
Император Августтың кезінде (б.д.д. 30 ж. — б.д. 14ж.) соттардың
шешімі жөнінде қалалық преторға шағымдану қажет болды. Тек осылай, іс
барлық сатылардан өткесін барып, сот шешімін бұзу туралы өтініш императорға
жіберілді.
Кейін император Диоклетианның жарлығы бойынша (б.д. 284-305ж.)
Римнің шет аймақтарында аймақ басшылары соттың міндетін атқарды. Бұл кезде
соттың төменгі саты-сына муниципалды магистраттар жатқызылды. Олар пәлендей
маңызды емес істерді қарады. Осыған байланысты апелляция жүйесі былай
белгіленді: претордың немесе басқа да төменгі сатыдағы судьялардың шешімі
жөніңде магистратқа шағымдануға мүмкін болды. Төменгі сатыдағы провин-
циялық соттардың шешіміне байланысты апелляция сол шет аймақтың
басшыларына, ал аймақ басшыларының шешіміне қатысты апелляция жоғары
империялық шенеуніктерге берілді. Мұндай апелляцияларды бірнеше рет
қайталауға рұқсат етілді. Алайда кейінірек, император Юстинианнның
патшалығы тұсында (б.д. 527-565 ж.) апелляцияны әлденеше рет қайталауға
тыйым салынып, бір іс бойынша, тек екі рет шағымдануға ерік берілді.
О баста ретсіз жүргізілген апелляция өндірісі, біртіндеп белгілі
бір жүйеге түсіріле бастады. Сейтіп, апелляция сот шешімдеріне шағымданудың
құралы ретінде, өзінің толық рәсімін император Юстинианның патшалығы
кезінде тапты.
Апелляциялық шағымдану жоддарын жетіддіру кеңселік іс қағаздарын
жүргізу нысандарын дамытуды қажет етті (Бұл ауызша айтылған сөздерді келесі
сатыға жеткізуге мүмкін еместігінен туындаған еді, сондықтан да сотта
болған барлық жағдай сот хаттамасына жазылды).
Заңға қайшы апелляция үшін санкциялар белгіленіп, кінәлы адам екі
жылға дейін жер аударылып, жеке мүлкінің тең жартысы тәркіленді.
Тап осы кезде апелляциялық шағымды қарау тәртібі де өзгертілді.
Егер бұрын император өз шешімін, тек судьялар мен мүдделі адамдардың өзінің
атына жіберген жазбаша түсініктемелері аясында, яғни төменгі сот сатысында
қаралған іске байланысты материалдардың негізінде шығарып келсе, енді ол
тараптардың қосымша дәлелдемелерін және соларды талқылаған сот мәжілісінің
қорытындысын да назарға алатын болды. Бұл Юстиниан заманында енгізілген сот
ісі өндірісіндегі мүлдем жаңа бастама еді.
Дегенмен де, апелляция жүйесінің болуы өзіндік біраз қиындықтар
туындатты: біріншіден, сот өндірісінің тым созылып кететіндігі, екіншіден,
оның қымбатқа түсетіндігі (сот салығының енгізілуіне байланысты). Бірақ бұл
қиын-дықтар апелляцияның жалпы маңызын ешқандай да түсірген жоқ. Шын
мәніңде, бүл әділ де заңды сот шешіміне қол жеткізу жолындағы бірденбір
жетістік болатын.
Апелляциялық шағымдану тәртібі римдік қүқықтың ең маңызды
элементтерінің бірі ретінде бағаланды. Ол әлемдік қүқықтану ғылымы
тарихыңда өзінің лайықты орнын тапты. Алғаш рет Көне Римде дүниеге келген
апелляция институты өзінің өміршендігін көрсете отырып, кейін еуропалық
елдердің процессуалдық заңнамалары мен сот өндірістерінде әрмен қарай
дамытылды, біртіндеп әлемнің басқа да мемлекеттеріне қадам басты. Ал, XXI
ғасырда апелляция Қазақстан Республикасының сот өндірісінен өз орнын алды.

Сот шешімдерін қайта қарау институты — 1864 жылғы сот реформасы
аясында

Сот реформасының негізгі ережесі үш бөліктен тұрды. Олар — сот
өндірісі, азаматтық және қылмыстық сот өндірісі. Реформаның нәтижесі
ретінде II Александр пат-ша қабылдаған мынадай заң актілерін атап өтуге
болады:
1. Сот анықтамаларын құру.
2. Азаматтық сот ендірісінің жарғысы.
3. Қылмыстық сот өндірісінің жарғысы.
4. Мировой судьялар қолданатын жазалар туралы жарғы.
Сот жарғылары сот ендірісіне байланысты судьялардың
ауыстырылмайтындығы, олардың әкімшілікке тәуелсіздігі, соттың
сайланбалылығы, оның мәжілістерінің жариялылығы, ашықтығы, процестің
жарыспалылығы, қорғаушылар, ант берген заседательдер институты жөнінде
ресми түрде жариялады. 1864 жылдың 20 қарашасындағы Жарлықта сот
реформасының басты міндеті сот билігін көтеру, оған тәуелсіздік беру жөне
халық арасында сотқа деген құрметті арттыру болып табылады деп көрсетілді.
Сонымен, Сот жарғылары сот жүйесінің негізін былай
қалады:
1. Қоғамдық топтарға арналған күрделі де орасан үлкен сот жүйесінің
орнына екі жүйе: жергілікті және жалпы сот-тар құрылды. Жалпы соттарға
округтік соттар және бірнеше округтік соттар үшін жоғары инстанция қызметін
атқара-тын сот палатасы жатқызылды. Ал, жергілікті соттар қатарына мировой
судьялар және екінші апелляциялық инстанция міндетін атқаратын солардың
құрылтайлары енгізілді. Мировой соттар мен жалпы соттардың арасын бір ғана
кас-сациялық сот жалғастырып түрды. Оның міндетін үкіметтік сенат атқарды.

2. Маңызды қылмыстық істер бойынша ант бергендер соты құрылды. Бүл
қылмыстық соттың сыртқы ықпалдан тәуелсіз болуына, айыптау мен қорғаудың
арасындағы тепе-тендіктің сақталуына кепілдік берді. Сессияларда қылмыстық
істерді қарауға қатысу үшін округтік соттарға тартылатын ант берген
заседательдер ерекше алқа құрып, кінәлылығы туралы мәселені өз беттерінше
әрі түпкілікті шешіп отырды. Ант бергендер сотына қылмыстық іс-әрекетгері
үшін құқықтарынан айыруға немесе шектеуге байланысты жазалар қолданылатын
істер тапсырылды.
3. Мировой судьялар және округтік соттар түпкілікті шешкен істерді
апелляциялық тәртіппен қараудың тек екі сатысы және бір нақтылы қайта қарау
белгіленді. Миро-вой судьялар үшін апелляциялық инстанцияның қызметін
мировой құрылтайлар, ал округтік соттар үшін сот палаталары атқарды.

4. Сот жарғыларына сәйкес сот ведомствосының құрамына прокуратура
енгізілді. Ол жалпы бақылау міндетінен босатылып, сот жүмысына
жүмылдырылды.
Сот реформасына дейін губерниялық прокурорлар барлық мемлекеттік
органдардың (сот және екімшілік) заңдарды дүрыс қолдануын қадағалап келген
болатын. Ал, Сот жарғьшары прокуратураның қызметіне шектеу қойып, про-
курорларға тек қылмыстық іс жүргізудегі айыптау уәкілеттігін және сот,
тергеу, бас бостандығынан айырылғандарға арналған орындардың жүмыстарын
бақылауды жүктеді.
5. Сот процесінде бәсекелестік жарыс үстынының қалыптасуы жаңа арнайы
институттың — адвокатураның құрылуын талап етті. Мұндай орган сенім
берілген адвокаттар корпорациясы түрінде өмірге келді. Аталмыш ұйым өзінөзі
басқару негізінде жүмыс істеп, сот билігінің бақылауында болды. Соттың және
тараптардың бірінің келісімі бойынша сот процесіне сенім берілген
адвокаттар мен қатар жеке сенім берілгендер де, яғни мүдделілермен
жасалынған келісім бойынша өз қызметін ұсынушы адамдар да қатыса алды.
Сот реформасын жүргізу негізіне Батыс Еуропа елдерінің заңнамалық,
сот құрылымдық және сот өндірістік теориясы мен іс тәжірибелері алынған
еді. Ал, Жарғыларды жасаушылар Ресейдің сот жүйесін құру барысында ағылшын
және француз модельдерінің ортасындағы жолды таңдады.
1864 жылғы реформаның нәтижесінде құрылған сот жүйесі екі тармаққа
(мировой соттар және жалпы сот жүргізу қүқығы бар соттар) бөлінді.
Мировой соттар сайланбалы органдар болды. Бірақ оларды түрғындар
емес, уездік земство жиналысы, яғни дворяндардың нүсқау бере алатын
уәкілеттігі бар жетекшілері басқаратын земство мекемелері сайлады.
Орталықтарда мировой судьяларды қалалық дума сайлады. Мировой судья-лардың
қызмет атқару мерзімі үш жыл деп белгіленді. Олар осы уақыт ішінде жалпы
сот жүргізу қүқығы бар соттардың судьялары сияқты ауыстырылмау ққығын
иеленді.
Мировой судьялықтан үміткерлер үшін өте жоғары мүліктік және жер
цензасы белгіленді. Мәселен, талапкердің иелігінде 15 мың рубльден кем емес
ақшаға бағаланатын жері немесе басқадай жылжымайтын мүлігі болуы тиістін.
Бұл көрсеткіш жылжымайтын мүлік есебінен орталық қалаларда 6 мың рубль, ал
басқадай қалаларда 3 мың рубль деп бекітілді. Бұл мүліктік ценз мировой
судьялардың қатарына кедей адамдардың еніп кетуінен, яғни кейін қызмет
бабын пайдаланудан туындайтын парақорлықтан сақтану мақсатыңда жасалынған
еді. Сондай-ақ мировой судьялардың қатарына кездейсоқ адамдардың еніп
кетпеуін мейлінше толық қамтамасыз ету үшін олар (судьялар) жабық дауыс
беру арқылы сайланды. Сайлауда жеңіп шыққандар сенаттың мақұлдауына
жіберілді.
Мировой судьялар екі дәрежеге: учаскелік және құрметті деп бөлінді.
Құрметті судьялардан учаскелік мировой судьялардың айырмашылығы: жалақы
алды; мемлекеттік және қоғамдық мекемелерде қызмет атқаруға рүқсат етілмеді
(өйткені олар үнемі учаскесінде болып, өзіне жүктелген міндетті атқаруға
тиіс болды).
Әрбір мировой құрылтайдың құрамына учаскелік мировой судьялардан
басқа құрметті мировой судьялар да енгізілді. Бірақ құрметті судьяларға
еңбекақы төленбеді. Әлбетте, сондықтан құрметті мировой судья болуға тек
кірісі мол, бай адамдар ғана тілек білдірді. Әдетте, олар ірі помещиктер
мен жоғары лауазымды шенеуніктер еді.
Құрметті мировой судьялардың өздеріне бекітілген белгілі бір учаскесі
болған жоқ. Сондықтан олар тек тікелей өтініш жасаған жағдайдағы істі ғана
қарады. Алайда, құрметті мировой судьялар учаскелік мировой судьялар
қараған істер үшін екінші саты болып танылатын мировой құрылтайдың құрамына
енгізілді. Сондай-ақ олар, егер әлдебір себептермен округтік соттың бір
мүшесі болмай қалса, соның орнына азаматтық және қылмыстық істі қарау үшін
округтік сотқа қатыса алды.
Мировой судья өзіне тиесілі азаматтық және қылмыс-тық істерді жеке-
дара қарады.
Қылмыстық істерді қарау барысында Мировой судьялар қолданатын
жазалар туралы жарғыны басшылыққа алып, өздерінің жүмысын 1864 жылы
қабылданған Қыл-мыстық сот өндірісінің жарғысы негізінде жүргізді.
Заң шығарушылар мировой сотты құру арқылы тараптар арасындағы шағын
дауларды шешіп отыратын беделді сарапшы органды жасақтауды мұрат тұтқан
еді. Мировой судья түрғындар арасында ең құрметті, ерекше сыйлы адам болуы
тиістін.
Егер тараптардың бірі судья шығарған үкімге шағымданатын болса, іс
апелляциялық тәртіппен мировой судьялардың құрылтайында қаралды. Екінші
сатыдағы сот саналатын құрылтайды барлық қатысушылар мен сол уездің не-месе
орталық қаланың құрметті мировой судьялары құрады. Апелляциялық инстанция
істі тек сотталушының пікірі немесе прокурордың қарсылығы деңгейінде
қарады. Қай-та қарауда жаңа дәлелдемелер қабылданып, тараптар мен куәлар
тыңдалды.
Мировой судьялардың құрылтайына міндетті түрде округтік сот
прокурорының көмекшісі қатыстырылды. Ол іс талқыланып біткен соң, өзінің
қорытындысын құрылтайға тапсыру қажет болды. Қорытындыда жинақталған
дәлелдемелерге қысқаша талдау жасалып, сотталушыға қандай заңның қолданылу
қажеттігі көрсетілді. Прокурордың қорытындысы тыңдалғаннан кейін төраға
айыпталушыға немесе оның өкіліне соңғы сөздерін айтуға мүмкіндік берді.
Құрылтай шағым бойынша, не мировой судьяның үкімін бекіту, не жаңадан
басқа шешім қабылдау жөнінде үкім шығарды. Жазаны ауырлату, тек прокурордың
наразылығына немесе жеке айыптаушының пікіріне сәйкес қолда-нылды. Үкім
сотталушының тілегіне байланысты қайта қаралған жағдайда жазаны жеңілдетуге
немесе мүлдем тоқтатуға ерік берілді.
Жалпы сот мекемелері жүйесінде бірінші және екінші инстанциялық
соттарға тиісінше округтік соттар жөне com палаталары жатқызылды. Әрбір
округтік сот мировой судьяның қарауына жатпайтын азаматтық және қылмыстық
істерді талқылау үшін құрылып, бірнеше уездің аумағын қамтыды. Округтік
сотта қаралуы тиіс барлық азаматтық істер соттың үш түрақты мүшесінің
("басты судьялар") қатысуымен талқыланды. Ал, қылмыстық істер екі түрлі
жолмен қаралды. Біріншісі, бас бостандығынан айыруға жатпайтын ауыр емес
қылмыстар туралы істерді соттың үш мүшесінен түратын басты құрамы талқылау
тиіс болды. Бұл істерді прокурор немесе жеке айыптаушы округтік сотқа
тікелей жіберіп отырды. Жолданған істерді өндіріске қабылдау мәселесі сот
мәжілісінде шешілді. Екіншісі, ауыр қылмыстар туралы істер округтік сотта
ант берген заседательдердің қатысуымен қаралды. Мұндай істерді прокуратура
алдын ала тергеуден кейін сот палатасына ("сотқа тарту камерасы" деп
аталды) жолдап отырды. Ал, округтік сот істі қарауға, тек айыптау актісін
бекіту және айыпталушыны сотқа беру туралы палатаның анықтамасы бар болған
жағдайда ғана кірісті.
Ант бергендер соты француздардың ассиздер соты үлгісінде құрылды.
Оның басты құрамында үш судья болып, оның біреуі мәжілісте төрағалық етті.
Ант берген заседательдер орындығын 12 кезекгі ант берген және 2 қосымша ант
берген (науқастығына байланысты шығып қалған кезекті ант бергендерді
алмастыру үшін) құрады.
Округтік сотгың барлық мәжілістері міндетті түрде прокурордың қатысуымен
өткізілді.
Ант берген заседательдердің қатысуынсыз шығарылған округтік соттың
үкіміне байланысты апелляциялық шағым және наразылық сот палатасына
ұсынылды.
Ант берген заседательдердің вердикті негізінде қабылданған округтік
соттың үкімдері апелляциялық тәртіппен қайта қарауға жатқызылмады. Мұндай
үкімдер жөнінде тек кассациялық тәртіппен Сенатқа шағымдануға және
наразылық білдіруге рүқсат етілді.
Сот палаталары жұмыс бабында бірнеше губернияларды қамтығандықтан
округтік соттарға қарағанда әлдеқайда күрделі мекемелер деп есептелді. Сот
палатасы округгік соттардың азаматтық істерге байланысты барлық шешім-
деріне және ант берген заседательдердің қатысуынсыз шығарылған округтік
соттардың үкімдеріне жасалынған апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды
қарау үшін екінші саты болып танылады.
Сот палатасы құрамында төраға мен бірнеше мүшесі бар азаматтық
және қылмыстық департаменттерге бөлінді. Департаменттердің бірінің төрағасы
аға төраға лауазымын иеленді. Ол өзінің департаментіне жетекшілік етумен
қатар, департаменттердің жалпы жиналысын басқарып, сот басқармасының біраз
міндетгерін атқарды, тәртіптік бақылау жасады.
Сот палатасы қылмыстық департаментінің жанында ант берген
соттардың қарауына жататын істер бойынша "сотқа тарту камерасы" жұмыс
істеді. Ол негізінен департаменттің барлық мүшелері қатысқан жабық мәжіліс
сияқты еді. Сол жерде іс бойынша баяндама жасайтын палата прокуроры
бекітілген айыптау актісімен көпшілікті таныстырды.
Патшалық Ресейдің қылмыстық сот жүйесінде бәрінен де Жоғарғы қылмыстық
соттың оқшауланып тұрғанын атап өткеніміз жөн. Егер ашығын айтсақ, оны құру
мәселесі реформа жобасында қарастырылмағанды. Алайда, іс барысында осындай
ұсыныс туындап, ол Мемлекеттік кеңестің жалпы жиналысында талқыланып, ақыры
оң шешімін тапты. Көпшіліктің пікірін қуаттаған патша, сол жерде
мемлекеттік қылмыстар туралы істерді қарайтын Жоғарғы қылмыстық сот құру
жөніндегі ұсынысты бекітті.
Қылмыстық сот өндірісі жарғысының 1060-1065-баптарына сәйкес
Жоғарғы қылмыстық сот бірінші әрі ең соңғы инстанция болып белгіленді. Ол
мемлекеттік қылмыстар мен жоғары лауазымды түлғалардың (Мемлекетгік
кеңестің мүшелері мен министрлер) қызметгік қылмыстары туралы маңызды
қылмыстық істерді қарау үшін әрбір жолы патшаның ерекше жарлығымен құрылды.
Жоғарғы қылмыстық сот Мемлекеттік кеңестің төрағасынан және
Мемлекеттік кеңес департаментгерінің төрағаларынан, сондайақ екі
кассациялық департаменттің және Сенат жалпы жиналысының қатысушыларынан
құралды. Жоғарғы қылмыстық сотта қаралатын істер бойынша тергеу жүмыстарын
Сенаттың қылмыстық кассациялық департаментінің ерекше тағайындалған
сенаторы жүргізуі тиіс болды. Ал, прокурордың міндеті юстиция министріне
жүк
телді. Жоғарғы қылмыстық соттың үкімдері ешқандай да шағымдалуға жатпады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, 1864 жылы жүргізілген сот реформасының
нәтижесінде Ресейде үшінші инстанция — кассация енгізілді. Істерді қайта
қарауды тек сот өндірі-сінің маңызды тәртібі бүзылған жағдайда және
материалдық құқықтың нормалары дұрыс қодданылмағанда ғана жүзеге асыратын
кассациялық сот жөніндегі идея реформаға дейінгі сотқа беймәлім болатын.
Жарғыларды әзірлеушілер "Жалғыз апелляция қиындыққа тап болғандар мен
сотталушьшарды толық қорғай алмайды, өйткені апелляциялық соттың
шешімдерінде де заңның тікелей мәні немесе сот өндірісінің дәстүрлі
ережелері, нысандары бүзылуы мүмкін. Мүндайда, әрине, сот шешімін әділ деп
айта алмасың анық" дегенді атап көрсетті. Ал, Жарғылардың өздерінде былай
деп жазылды: "Істі апелляциялық немесе тексеру тәртібімен қарайтын соттар
ешкімнің қадағалауына жатпайтын жоғары орын бола алмайды... Сот
ведомствосындағы сотты басқару ісіне нақтылы шектеулер қойылуы тиіс. Олар
ең алдымен соттың өзіне, апелляциялық және тексеру тәртібіне қатысты
болғаны жөн".
Реформаны дайындау барысында мемлекеттік кеңседе, Сенат іске
байланысты жағдайлардың және дәлелдемелердің дұрыс түсіндірілмегендігі
жөніндегі апелляциялық шағымдарды қарамауы тиіс, екендігі атап керсетілді.
Мұндай қайта қараулар сот палаталарынан әрмен аспағаны мақұл. Тек сот
өндірісінің тәртібі бүзылғанда немесе заң ережесі дүрыс қолданылмағанда
ғана шағымның кассациялық сотқа — үкіметтік Сенатқа ұсынылуына рұқсат
етілуі тиіс. Сөйтіп, Сенатта заңнын, біркелкі жөне дұрыс орындалуын
жоғарыдан бақылауға мүмкіндік туады.
Реформаны әзірлеу барысында Сенаттың құрамында арнайы кассациялық
департаменттер (қылмыстық және аза-маттық) құру көзделді. Сенаттың
кассациялық департаменттері туралы өз ойын білдірген И.Фойницкий, бұл істі
мәні бойынша қарамайтын, тек сот шешімдерінде заң күшінің дәл сақталынуын
бақылаумен шектелетін инстанция деп бағалады.
Кассациялық инстанция ретінде Сенат "істі мәні бойынша қарамастан,
сот өндірісінің жалпы тәртібі негізінде заң күшінің дәл қорғалуын және оның
біркелкі орындалуын бақылайды" (Сот құрылымдарын құру. 5-бап).
Ол тараптардың мировой судьялардың құрылтайы мен сот палаталарының
апелляциялық тәртіппен шығарған түпкілікгі үкімдеріне жасаған кассациялық
шағымдарын, сондай-ақ округтік соттардың апелляциялық шағымдануға жат-
пайтын үкімдеріне жасалған кассациялық арыздарды және наразылықтарды ант
берген заседательдерді және сот палаталарын (қоғамдық топтардың өкілдерін
қоса) қатыстыра отырып қарады.
Кассациялық шағымдану қүқығы сотталушыға, жеке айыптаушыға,
прокурорға, азаматтық талапкерге және азаматтық жауапкерге берілді.
Егер апелляциялық шағымдану заңдық әрі фактілік негіздер, яғни
қүқықтарды қолдану және дәлелдемелерді бағалау мәселелері бойынша жасалған
болса, онда кассациялық шағымдану тек қана заңдық негіздер бойынша рұқсат
етілді.
Қылмыстық сот өндірісінің жарғысы (ҚСЖ 912-бап) үкімдердің күшін
жою үшін мынадай негіздерді қарастырды:
1) қылмыс пен жаза түрін анықтау кезінде заңның тікелей мәнінің
бұзылуы және оның дұрыс түсіндірілмеуі;
2) онсыз сот үкімдерінің зандық күші мойындалмайтын әдет-
ғүрыптардың және нысандардың бүзылуы;
3) сот құрылымына заңмен белгіленген ведомстволық немесе қызметтік
шектің бұзылуы.
Кассациялық шағымның жасалынуы арыз түскен үкімнің орындалуын
тоқтатты (ҚСЖ 958-бап). Бұл ереже ақтау үкімдеріне қолданылмады, өйткені
олар бірден жүзеге асырылатын.
Кассациялық инстанция шағымды қараусыз қалдыруы да мүмкін, немесе
арызды қарап, бірақ аяқсыз қалдыруы мүмкін, сондай-ақ шағымды қарау
нәтижесінде шағымдалған үкімнің күші жойылуы мүмкін.
Шағымды қараусыз немесе аяқсыз қалдыру кезінде шағымдалған үкім
зандық күшіне енгізілген деп есептелді де ол бірден орындалуға тиіс болды.
Кассациялық өндірісте Сенат қабыддаған шешім шағымдануға жатқызылмады.
Үкімнің күшін жойған жағдайда, кассациялық инстанция істің мәні
бойынша жаңа үкім шығармады. Ол істі басқа сотқа немесе сол соттың өзіне
жолдай отырып, тек басқа құрамда қайта қарауды және жаңа үкім қабылдауды
тапсырды.
Істі қайта қарау барысында, егер күші жойылған үкімге байланысты
прокурордың наразылығы, немесе жеке айыптаушының сипаттауы болмаса,
сотталушыға кесілетін жаза бұрынғыдан көбейтілмеуі тиіс. Алайда бұл ереже
істі екінші рет қайта қарау кезінде айыптаудың мәнін езгертетін жаңа
дәлелдемелердің анықталуына байланысты жағдайларда қолданылмады.
XIX ғасырдағы Ресей заңнамасы үкімдерді қайта қараудың ерекше,
төтенше түрі ретінде қылмыстық істерді қайта бастауды атады.
Қылмыстық сот өндірісі жарғысының бесінші тарауында сот
шешімдерін қайта қараудың аталмыш түрін реттейтін нормалар қарастырылған.
Қылмыстық істерді қайта бастау туралы өтініш жасау құқығын прокурорлық
қадағалау қызметіндегілер иеленеді. Олар өздерінің Сенаттың кассациялық
департаментіне берген ұсыныстары арқылы сотталушыға зиян немесе пайда
келтіру түрғысыңда мәселе кетере алды. Сол уақыттағы заң бойынша ұсыныс
жасау мерзімі нақты белгіленбеді. Ұсыныс сотталушы қайтыс болғаннан кейін
де жасалына беретін. Өздерінің дәлелдемелерін қосымша материалдармен
толықтыра түсу үшін прокуратура өз бастамасымен, сондай-ақ мүдделі
адамдардың өтініші бойынша алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізуге ерікті
болды. Сонымен қатар қылмыстық істерді қайта бастау туралы өтініш жасау
құқығы сотталушының өзіне және оның туыстарына берілді. Алайда, Жарғыда
өтініш білдірушінің туыстық дәрежесі және қайта бастау туралы етініш жасау
қүқығының туыстарға берілуінің сотталушының өліміне қатысы бар ма, әлде жоқ
па екендігі нақты көрсетілмеген.
Жарғының 935-бабы қылмыстық істерді қайта бастау үшін мынадай
негіздерді белгіледі:
1) бір қылмыс үшін (іс жүзінде жасалынбаған) бірнеше адамның түрлі
үкімдермен сотталуы және сотталушының кінәсыздығы жөнінде жаңа
дәлелдемелердің ашылуы немесе соттың қателігінен оның өз іс-әрекетіне
лайықты мөлшерден жоғары жазаға тартылуы;
2) әлдекімнің кісі өлімі үшін сотталып, бірақ кейін әлгі
құрбандықтың тірі қалуы немесе іс жүзінде жасалынбаған басқадай қылмыс үшін
сотталуы және сотталушының кінәсыздығы жөнінде жаңа дәлелдемелердің ашылуы,
яки сот-тың қателігінен оның өз іс-әрекетіне лайықты мөлшерден жоғары
жазаға тартылуы;
3) үкімнің шығарылуына негіз болған қүжаттардың немесе
түсініктердің жалғандығының ашылуы;
4) қайта бастау туралы өтініш түскен немесе ұсыныс жасалған іс
бойынша сот жүргізген судьяның жеке пайдасын көздегендігінің дәлелденуі.
Сенат істі қайта бастау туралы өтініш негізделген жағдайлардың анық-
қанығына көз жеткізіп, олардың дәлелді екендігін мойындағасын, істің қай
сотта қаралуға жататындығына байланысты тиісті қүжаттарды сонда жолдайды.
Егер төменгі сатыдағы соттың шешімі әлі жүзеге асырылмаған болса,
онда оның орындалуы іс толық шешімін тапқанға дейін уақытша тоқтатылып,
сотталушының тергеуден және соттан қүтылып кетпеу жағын қарастыратын
шаралар ұйымдастырылды.
Қылмыстық істерді қайта бастаудың өндірістік тәртібі қандай
соттардың үкімдерінің қайта қаралып жатқандығына байланысты бір-бірінен
өзгешелігі болды. Жалпы сот жүргізу қүқығы бар соттарда қаралатын істер
бойынша қажетті дәлелдемелерді жинау және тексеру қызметі прокуратураның
қолына тапсырылып, соның өкімімен атқарылды. Әрі бұл үшін Сенат тарапынан
ешқандай рұқсат талап етілген жоқ. Прокурордың ұсынысы мен сотталушылардың
немесе олардың туыстарының өтініштері үкімді шығарған сот арқылы Сенатқа
жолданды. Осындай өтінішті алған Сенат, қылмыстық істі қайта бастау үшін
негіздің бар екендігіне көз жеткізген соң, мынадай шешімдердің бірін
қабылдады: өтінішті қараусыз қалдыру, яки істі қайта бастау.
Егер қылмыстық істі қайта бастау қажет болса, онда ол қайта
бастаудың негізі анықталған өндіріс деңгейіне кері келтірілді. Егер істі
қайта бастау барысында Сенат қосымша алдын ала тергеу жүмыстарын жүргізіп,
нәтижесінде сотталушы кінәсыз деп табылса, іс жалпы негізде тоқтатылды (ҚСЖ
277-бап). Мұндай болмаған жағдайда іс қаралуға тиісті бірінші сатыдағы
сотқа жіберіліп, сот талқылауы жүргізілді және жалпы негізде үкім
шығарылды. Егер іс әрекетке тиесілі шарадан жоғары жазаның қолданылуына
байланысты қайта басталатын болса, онда ол үкімнің күшін жою жөнінде шешім
шығарған сотқа тек жазаны жеңілдету үшін жіберілді.
Мировой судьялар қарап, шешетін істерде жоғарыда айтылғандардан бір
өзгешелігі, мұнда прокуратура қылмыстық істерді қайта бастау барысында
соншалық белсенділік танытқан емес. Жеке адамдардың өндірісті қайта бастау
туралы өтініштері тікелей үкім шығарған судьяға немесе құрылтайға ұсынылды.
Өтінішті тексеріп, оны қанағаттандыруға тұрарлық деп тапқан жағдайда, судья
немесе құрылтай істі қайта бастау жөніндегі ұсыныспен Сенатқа шықты.
Сонымен, аталмыш санаттағы істер бойынша Сенаттың қарауына тараптардың
өтініші емес, соттардың ұсынысы жатқызылды.
Қорыта айтқанда, 1864 жылдары Ресейде жүргізілген сот реформасының
нәтижесінде Сот жарғылары енгізген сот шешімдерін қайта қараудың тәртібі
мен сот жүйелері сол уақыт үшін үлкен жетістік болғандығын атап өткеніміз
жөн. Әрі осынау жаңа бастамалар Ресейде 1917 жьшғы қазан төңкерісіне дейін
кеңінен қолданылып келді.

Кеңестік дәуірдегі сот шешімдерін, қайта қарау институты

1917 жылдың 25 қазанында (7 қараша) Петроград қаласында тарихта "Қазан
төңкерісі" деген атпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аралық соттар: құқықтық табиғаты
Аралық соттар: түсінігі, азаматтық юрисдикция жүйесіндегі орны, маңызы, мүмкінділігі, артықшылықтары
АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ӨНДІРІС
Конституциялық бақылау институтын қолдану
СОТТЫҢ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ
Апелляциялық шағым наразылық беру
Республикалық кезеңде апелля - ция халықтың сот үстінен қарау
Апелляциялық сатыдағы сотта істі қараудың екінші бөлімі - апелляциялық шағымды немесе наразылықты қарау
Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу
Пәндер