Шетел тілін оқытуда музыканың ролі және оны қолдану әдістері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Ағылшын тілінде еркін сөйлеуге үйретудің негіздері ... ... ... ... ... ...4
1. Ағылшын тілінде сөйлеу және монолог сөзге үйрету ... ... ... ... ... ..5
2. Ағылшын тілінде монолог түрінде сөйлеуге үйрету ... ... ... ... ... ... 6

ІІ. Ағылшын тілінде диалог түрінде сөйлеуге үйрететін әдістері ... 8
1. Тыңдап түсіну . сөз әрекетінің түрі, оның сөйлеумен, оқумен және жазумен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2. Ағылшын тілінде сөздік қорды арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3.Ағылшын тілінде жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру ... ... ... ... ..15

ІІІ. Ағылшын тілінде тыңдап.түсінуге үйрететін жаттығулар ... 16
1. Сөзді тыңдап.түсінгенін тексеру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Біз өмір сүріп отырған ортада еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін шет тілін үйретуге көп көңіл бөлуде, әсіресе балалар өз тілінен басқа шет тілін білуге, болашақта шет тілі маманы болуға, шет елдерге саяхат жасауға құмар. Бұл көптеген тіл үйренушілердің арманы. Шет тілін оқып-үйрену – ден қоып, шын ықыласымен еңбектенгендерге қиын емес. Әрине, ол тіл үйренушілердің қабілеті мен дарынына да байланысты болады.
Кез келген шет тілін үйренген кезде кейбір тілдік формаларды – дыбыстар, сөздер, сөз тіркестері және олардың мағынасын үйренушіге қабылдау қиын емес, себебі оның өз тіліндегі формаларға ұқсас болып келеді. Ана тіліндегі формаларға сәйкес келмейтін тілдік формалар мен олардың қызметі үйренушіге қиынға түседі.
1. Әбдіғалиев С. Неміс тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.
2. Мектептегі шетел тілі.
3. Қазақстан мектебі. №1, 2005 ж.
4. Қазақстан мектебі. №1, 2006 ж.
5. Мектептегі шетел тілі. №5, 2003 ж.
6. Мектеп баспасы. №2, 2006 ж.
7. Қазақстан мектебі. №4, 2006 ж.
8. Журнал «Иностранные языки в школе» за 1994-98 гг.
9. Рогова Г.В., Верещагина И.Н. Методика обучения английскому языку на начальном этапе в средней школе. -М: Просвещение, 1988.
10. Куманбаев Н.Н. Методика обучения английскому языку в казахской аудитории. -Алма-Ата: Мектеп, 1988
11. Мектептегі шетел тілі. №4, 2004 ж.
12. Рахманов И.В.Обучение устной речи на иностранном языке. -М., Высшая школа, 1980.
13. Алхазишвили А.А. Основы оавладение устной иностранной речью. М: Просвещение, 1988.
14. Шатилов Т.М. Урок за круглым столом.//Иностранные языки в школе. №2, 1990.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Шетел тілін оқытуда музыканың ролі және оны қолдану әдістері

Орындаған: Озғанбаева Эльвира
304-топ

Тексерген: п.ғ.к., аға оқытушы
Нұрланбекова Е.Қ.

Алматы, 2008
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Ағылшын тілінде еркін сөйлеуге үйретудің
негіздері ... ... ... ... ... ...4
1. Ағылшын тілінде сөйлеу және монолог сөзге
үйрету ... ... ... ... ... ..5
2. Ағылшын тілінде монолог түрінде сөйлеуге
үйрету ... ... ... ... ... ... 6

ІІ. Ағылшын тілінде диалог түрінде сөйлеуге үйрететін әдістері ... 8
1. Тыңдап түсіну – сөз әрекетінің түрі, оның сөйлеумен, оқумен және
жазумен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..11
2. Ағылшын тілінде сөздік қорды
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3.Ағылшын тілінде жаңа сөздердің мағынасын
түсіндіру ... ... ... ... ..15

ІІІ. Ағылшын тілінде тыңдап-түсінуге үйрететін жаттығулар ... 16
1. Сөзді тыңдап-түсінгенін тексеру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 19

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..20
Кіріспе

Біз өмір сүріп отырған ортада еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін
шет тілін үйретуге көп көңіл бөлуде, әсіресе балалар өз тілінен басқа шет
тілін білуге, болашақта шет тілі маманы болуға, шет елдерге саяхат жасауға
құмар. Бұл көптеген тіл үйренушілердің арманы. Шет тілін оқып-үйрену – ден
қоып, шын ықыласымен еңбектенгендерге қиын емес. Әрине, ол тіл
үйренушілердің қабілеті мен дарынына да байланысты болады.
Кез келген шет тілін үйренген кезде кейбір тілдік формаларды –
дыбыстар, сөздер, сөз тіркестері және олардың мағынасын үйренушіге қабылдау
қиын емес, себебі оның өз тіліндегі формаларға ұқсас болып келеді. Ана
тіліндегі формаларға сәйкес келмейтін тілдік формалар мен олардың қызметі
үйренушіге қиынға түседі.
Бұған қоса, үйренуші өз тіліндегі кейбір формалар мен олардың мағынасын
шет тіліне аударады, ал шет тіліндегі формаларды өз тіліне сәйкестендіруге
тырысады. Мұндай аударма жұмыс кейде оң нәтижесін берсе, кейде мүлде
қолайсыз болады. Ол тіл үйренушінің ана тіліне байланысты. Үйренуші өз ана
тілінің шет тілін үйренуде тигізетін ілгері және кері әсерін зерттеп білуі
керек. Шет тілі мен ана тілін салыстырмалы түрде үйрену екі тілдегі
ұқсастық пен айырмашылықтарды айқындауға үлкен көмегін тигізеді. Кез келген
шет тілін үйренушінің өз тіліндегі фонемалар мен бірдей дыбысталатын
фонемалар бар. Мұндай ұқсас дыбысталатын фонемаларды айтып үйрену қиын
емес. Бірақ сонымен қатар кез келген шет тілін үйренушінің өз тілінде жоқ
фонемалар да бар. Ағылшын тілінің дыбыстық қатары мен қазақ тілінің
дыбыстық қатарын салыстырсақ, қазақ тілніде [Ө, w, dz, i, u, eu, ou, uә, а,
ә] дыбыстары жоқ екенін байқаймыз. Бұл фонемаларды еркін дыбыстау үшін
коммуникативті-фонетикалық жаттығулар көмегімен айнаға қарап отырып,
бірнеше рет қайтадан айтқызған жөн.

Ағылшын тілінде еркін сөйлеүге үйрету жолдары
Елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен
бұрын жастарды тәрбиелеп отырған мұғалімдерге үлкен жауапкершіліктер
жүктейді.
Ел Президентінің жолдауында көрсеткеніндей қазіргі шәкірттеріміз
ергеңгі күн әлем кеңістігіне еркін ену үшін білім беру жүйесі халықаралық
деңгейге көтерілуі керек. Осы мәселені жүзеге асыру бағытында
республикамыздың мектептерінде "2 сыныптан ағылшын тіліне үйрету"
эксперимент-сынақтар өткізілуде. Сондықтан да XXI ғасыр ағылшын тілі
мұғалімдеріне қойлатын талаптар ауқымы үлкен.
1. Оқушының зиялы, интеллект ретінде және сезімтал жан болып өсуіне,
оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына көмектесу;
2. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, оларды өмір бойы
дербес оқуға, өз бетімен ізденіп білім алуға дайындап, білімнен өзіне
қажеттерін а філуге дағдыландыру;
3. Оқушының өзі тілін үйреніп жатқан ел мен оның мәдениетіне, біліміне,
өнеріне деген өз көзқарастарын қалыптастыру, "сол тілге деген
кызығушылықтарын арттыру;
4. Өздерінің қабілеттеріне, мүдделеріне орай тілін үйреніп жүрген ел
окілдёрімен байланыс орнатып, оны түрлі карым-қатынас жағдайларында ары
қарай дұрыс жауап беруге үйрету.
Бұл талаптарға жауап беру үшін таңдалған мектептерде мұғалімдер ірік-
теліп, материалдық-техникалық база толықтырылып, пән кабинеттері
жабдықталуда. Әлемдік байланысқа шығу үшін 2700-ден астам тілдің ішінен
агылшын тілінің қатынас кұралы болып саналуының өзі шәкірттеріміздің казак
тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін
меңгерулерін талап етеді. Яғни ағылшын тілінде ауызекі сөйлесіп, түсінісе
білу негізгі мәселе.
Осы орайда ерте жастан ағылшын тілінде коммуникативтік біліктілікті
калыптастыру коптеген ғалымдар мен әдіскерлердің еңбектерінде қарастырылған
және шетел психологтары В.Пенфильд және Р.Робертс "Речь и мозговые
механизмы" атты еңбектерінде "9 жасқа дейінгі жас аралығындағы балалар -
тіл игеру мамандары" деп атап көрсетілген. Олай болса ерте жастан ағылшын
тілін оқыту бағытымыз бүгінгі күн талабына әбден сан жайт.
Бастауыш сыныптағы әрбір сабак басынан аяғына дейін балаға деген
мейірімге толы болу керек. Осы бағытта Ш.А.Амонашвили: " Мектептегі әрбір
кун, әрбір сабақ мұғалім тарапынан оқушыға сыйлық болу керек. Әрбір
оқушының мұғалімімен тілдесуі бала бойына қуаныш пен өмірге құлшыныс беру
керек" деген екен. Сондықтан да әрбір ағылшын тілі сабақтары қызыгушылықты
ояту, ой ашардан басталады. Яғни, мұғалім кішкене балаларға жымиып,
оқушылармен жылы амандасып, хал-жағдайларын сұраумен бастап, өз иелігіндегі
45 минутгың құдіреттілігін өзі сезініп, балаларды да өзіне тарта білуі
керек. Мыс:
1. I am glad to see you.
I love you.
I like you.
2. Nurn and say warm words.
Say complements.
Себебі: біз біріншіден оқушылардың ойлауына, сабаққа кызығуына қолайлы
орта тудыруымыз керек. Қолайлы орта дегеннің өзі-баланың ойлауына мүмкіндік
беру, түрлі идея пікірлерді тудыру, күлмеу, қолпаштау, бірін-бірі тыңдауға,
сыйлауға, пікірлердін әртүрлігін мойындауға үйрету.

Ағылшын тілінде монолог түрінде сөйлеуге үйрету
Тыңдап-түсіну ауызша сөздің бірінші сыңары болса, оның екінші сыңары -
сөйлеу. Демек, тыңдап-түсінумен қатар сөйлеу де сөз әрекетінің бір түрі
ретінде ауызша сөзге жатады. Бұлардың біріншісі - тыңдап-түсіну -
рецептивтік (импрессивтік) сөз де, екіншісі сөйлеу - (ре)продуктивтік
(экспрессивтік) сөз. Сөйлеу арқылы ауызша сөйлеу жүзеге асырылады, яғни сөз
әрекетінің бұл түрі арқылы адамдар бір-бірімен тусініседі, басқа адамдардың
біліміне, іскерлігіне ықпал етеді, оларға бір нәрсені дәлелдейді, оларды
бір нәрсеге сендіреді, сондай-ақ айтылып тұрған хабарға өзінің көңіл-күй
қатынасын білдіреді. Тыңдап-түсіну сияқты сөйлеуде де еске, болжауға,
ықыласқа сүйене отырып, күрделі ойлау процестері қатысады.
Сөйлеудің екі түрі бар. Олар: а) монолог тұрінде сөйлеу және ә) диалог
түрінде сөйлеу. Сөйлеудің бұл екі тұрі бір-бірімен тығыз байланысты және
шынайы таза түрінде сирек кездеседі. Көбінесе олар бір-бірімен аралас
келеді. Тіпті монолог түрінде сөйлеп тұрғанның өзінде, мысалы, лекция оқып
турғанда, сөздің кімге арналғанын, яғни адресатты, сөйлеуші есінен шығара
алмайды. Демек, монолог та адрессіз айтылмайды. Ал осы монолог барысында
адресат қабылдаған хабарға жауап беріп отырса, сөз бірте-бірте диалогқа
айналып кетеді. Керісінше, диалог барысында әріптестердің бірінің сұрағына
екіншісі жауап бере отырып, өз ойын толық айтса немесе бір әріптестің
айтқан пікіріне екіншісі келіспей, оған толық дәлелдер келтірсе, диалог
монологқа айналып кетеді. Сөйтіп монолог пен диалог диалектикалык,
бірлік болып табылады.
Монолог пен диалог бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен,
бұлардың арасында елеулі айырмашылықтар бар. Бұл айырмашылық мынада:
монолог түрінде сөйлеу дегеніміз - ол жеке адамның белгілі бір адамға
немесе бір топ адамға арнап айтқан сөзі. Мұнда тек бір адам ғана ; сөйлейді
де, басқалар тыңдайды. Сондықтан оны монолог деп атайды (моно - жеке, дара,
біреу деген мағынаны білдіреді). Ал диалогта әңгімеге кемінде екі адам
қатысады (диа - екі деген мағынаны білдіреді). Бұлар алма-кезек ауысып
сөйлеп отырады.
Монолог түрінде сөйлеп үйрену барысында оқушылардың басты міндеті -
неміс тілінде белгілі тақырыпқа хабар айту үшін қажетті материалды саналы
түрде түсіну, оларды анықтау. Сосын оқушылар өз ойын дамытып, оны
логикалық жүйемен айтып бере білуі керек. Оқушылар неғұрлым тіл материалын
көбірек меңгеріп, сөздік қоры молайған сайын сөздің логикалық жағы да
байып, күрделене түседі. Бұл аталған міндеттерді орындау оңай емес.
Дегенмен аталған монолог сөз іскерліктерін қалыптастыру, дамыту мен
жетілдіру диалог түрінде сөйлеу іскерліктерін қалыптастырудан гері
жеңілірек. Оның мәні мынада. Монолог түрінде сөйлегенде, оқушы белгілі
жоспар бойынша сөйлей алады. Ол сейлемей тұрып-ақ сөз барысында не
айтатынын біледі. Диалогта бұл мүмкін емес, өйткені диалог белгілі жоспар
бойынша жүрмейді. Келесі жолы не айтуымыз әріптестің айтқан сөзіне
байланысты. Әңгіме барысында бастапқы тақырыптан ауытқулар жиі кездесіп
отырады.
Диалог турінде сөйлеудің тағы бір қиындығы - әңгімеге қатысып отырған
адамға бір мезгілде екі бірдей талап қойылады: бір жағынан ол сөйлеушінің
сөзін түсіне білуі керек, екінші жағынан әріптестің респликасына дереу
жауап қайыра білуі керек. Яғни диалогқа қатысушы-дан тыңдап-түсіну
іскерлігі мен сөйлеу іскерлігі бірдей, бір мезгілде талап етіледі.

Ағылшын тілінде монолог түрінде сөйлеуге үйрету
Монолог сөз - сөздің біршама толық түрі. Мұнда басы артық хабар сирек
кездеседі. Монолог – сөздің активті және еркін (произвольный) түрі.
Сөйлеудің бұл түрін колдану үшін сөйлеушіге белгілі бір мазмұн керек те, ол
сол мазмұнның негізінде сөйлемдер құра білуге тиіс. Оның ұстіне монолог -
сөздің ұйымдасқан түрі, олай болса, мұнда жекелеген сөйлемдер мен
айтылымдар рана емес, бүкіл хабар жоспарланып, бағдарлануы керек.
Монологтың еркін болуы коммуникативтік мақсатқа сәйкес'" тіл материалдарын,
сондай-ақ кейбір тілге қатысы жоқ коммуникативтік құралдарды пайдалана білу
іскерлігін талап етеді, әсіресе интонацияны дұрыс қолдаьу керек. Сонымен
сөйлеуші өз сөзінде пайымдаудың, өтініштін әр тұрлі сатыларын
(градациясын), шакыру, келісім, бір нәрседен бас тартудың түрлерін, сұрақ,
болжау, сенім т. б. дұрыс көрсете білгені жөн.
Монолог түрінде сөйлегенде ақпараттың көлемі мен сипатын, сондай-ақ тіл
материалын сөйлеушінің өзі анықтайды. Сөйлеушіге әсіресе қиын тиетіні - не
туралы айтуды және оны қалай айтуды анықтау. Монологтың қысқаша сипаттары
осылар. Енді бағдарлама монолог түрінде сөйлеуге қандай талаптар қоятынын
қарастырып өтелік.
Орта мектепте оқушылар шетел тілін мамандық деңгейіне дейін меңгеруге
тиіс, яғни орта мектепті бітірген соң мамандығына сәйкес және адамның
өзінің жеке басының мұқтаждығына байланысты шетел тілінен білімін жоғары
көтере түсуіне болатындай деңгейде үйренуге тиіс.
Бағдарламаның қоятын талабына сай орта мектепті бітіруші ауызша сөзде
мынадай іскерліктерді меңгеруі керек:
а) өткен такырыпқа жақын, мағынасын контекст арқылы болжап түсінуге
болатын бір-екі таныс емес сөзі бар диалог немесе монолог түрінде тыңдаған
сөзді түсіну;
ә) монолог және диалог түрінде 1000 сөзді қолданып сөйлеу.

Монолог түрінде сөйлеуге үйрету
Сөз іскерлігі тілдің қарапайым единицаларынан (сөз, сөз тіркесі,
сөйлем) күрделі, ірі единицаларына (үзінді, мәтін), қарапайым
әрекеттен (мысалы, еліктеуден) күрделірек әрекеттерге бірте-бірте көшу
арқылы қалыптас-тырылады. Сөз іскерлігін қалыптастыру үшін арнайы
жаттығулар жүйесі қолданылады. Сөйлеуге ұйрететін жат-тығулар жүйесі деп
экспрессивтік сөздің калыптасуын ескере отырып ұйымдастырылған, бір-бірімен
байланысты, тілдік және операциялық қиындықтардың өсуіне сәйкес қалыптасқан
әрекеттерді айтамыз. Мұндай жаттығулар жүйесі мына төмендегі талаптарға
сәйкес болуға тиіс:
а) психофизиологиялық деңгейде жаттығулар сөйлеудің ерекшеліктеріне
сәйкес болуға тиіс;
ә) сойлеу іскерлігі мен дағдыларын бір-бірімен байланыстырып, бірте-
бірте қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар тобы болуға тиіс;
б) сейлеуге үйрететін жаттығулар жүйесі сөз әрекетінің басқа түрлеріне,
әсіресе тыңдап-түсінуге үйрететін жаттығулар жүйесімен байланысты болуға
тиіс;
в) мұндай жаттығулар жүйесі оқытудың басты мақсаты мен міндеттерін
жүзеге асыруға тиіс.
Монолог түрінде сөйлеуге төселдіретін тиімді жаттығулардың бірі -
оқыған немесе тыңдаған мәтіннің маз-мұнын қайталап айтып беру. Бірақ мұнда
оқушылар өз ойын айтуға дағдыланбайды, дайын мазмұнды қайталауға ғана
төселеді. Сондықтан шетел тілдерін орта мектепте оқытудың жалпы
методикасының авторлары монолог түрінде сөйлеу іскерліктері мен дағдыларын
сөз үлгілері негізінде дамытуды ұсынады.
Монолог түрінде сөйлеп үйрену барысында оқушылардың басты міндеті -
неміс тілінде белгілі тақырыпқа хабар айту үшін қажетті материалды саналы
түрде түсіну, оларды анықтау. Сосын оқушылар өз ойын дамытып, оны
логикалық жүйемен айтып бере білуі керек. Оқушылар неғұрлым тіл материалын
көбірек меңгеріп, сөздік қоры молайған сайын сөздің логикалық жағы да
байып, күрделене түседі. Бұл аталған міндеттерді орындау оңай емес.
Дегенмен аталған монолог сөз іскерліктерін қалыптастыру, дамыту мен
жетілдіру диалог түрінде сөйлеу іскерліктерін қалыптастырудан гері
жеңілірек. Оның мәні мынада. Монолог түрінде сөйлегенде, оқушы белгілі
жоспар бойынша сөйлей алады. Ол сейлемей тұрып-ақ сөз барысында не
айтатынын біледі. Диалогта бұл мүмкін емес, өйткені диалог белгілі жоспар
бойынша жүрмейді. Келесі жолы не айтуымыз әріптестің айтқан сөзіне
байланысты. Әңгіме барысында бастапқы тақырыптан ауытқулар жиі кездесіп
отырады.
Диалог турінде сөйлеудің тағы бір қиындығы - әңгімеге қатысып отырған
адамға бір мезгілде екі бірдей талап қойылады: бір жағынан ол сөйлеушінің
сөзін түсіне білуі керек, екінші жағынан әріптестің респликасына дереу
жауап қайыра білуі керек. Яғни диалогқа қатысушы-дан тыңдап-түсіну
іскерлігі мен сөйлеу іскерлігі бірдей, бір мезгілде талап етіледі.

Ағылшын тілінде диалог түрінде сөйлеуге үйрететін әдістері
Диалогтың негізгі ерекшелігі - оның екі жақты-лығында. Қазіргі кезде
сез әрекетінің теориясында диалогты адамдардың бірге қызмет істеу барысында
бір-бірімен тусінісуінің негізі деп қарастырады. Орта мектепте шетел
тілдерін оқыту методикасының теориялық негіздері деген кітаптың авторлары
диалогтың ерекшеліктері мынада деп атап көрсетеді: бір сез актісінде
рецепция мен репродукция қатар қатысады; диалог екі (немесе одан да көп)
адамдар қатысуы арқылы жүзеге асырылады: диалогқа қатысушы әр адам бірде
тыңдаушы, бірде сөйлеуші болып, диалогқа қатысушылардың рөлдері алмасып
отырады. Диалогка қа-тысушылардың саны екі және одан да көп болуына бай-
ланысты оның мынадай экстралингвистикалық сипаттары кездеседі: ақпараттың
ұжымдылығы; ақпараттың әркелкілігі; ақпаратты бағалаудағы пікір
қайшылықтары; сезге әріптестердің дене қимылы мен мимикасының белсене
араласуы; сөйлеушілердің төңірегіндегі заттардьщ әсері т.б. Осы
аталған ерекшеліктерге байланысты диалогта : сөйлемдердің
эллипсистік түрлерінің жиі қолданылуы түсінікті.
Жоғарыда аталғандардан басқа диалогтың тағы бір ерекшелігі -
оның спонтандылығында, яғни сөздің мазмұны мен құрылымы алдын ала
жоспарланбайды, өйткені оның қандай болуы әріптестің репликасына
байланысты. Диалог сөздің спонтандылығы сөзде түрлі клишелер мен ауызекі
тіл формулаларын қолдануды талап етеді.
Диалог сөзге эмоционалдылық, әсерлілік, мәнерлілік тән. Бұлар сөздің
субъективтік баға беру, бейнелілік сияқты қасиеттерінен көрінеді. Сондай-ақ
сөзде вербалдық емес элементтерді, дайын сөз формулаларын және үлгі-лер мен
клишелерді қолданудан да сөздің эмоционал-дық-экспрессивтік сипаты
керінеді.
Диалогтың осы аталған ерекшеліктеріне орай орта мектепке арналған шетел
тілі бағдарламасы диалог сөзге үйретуге мына темендегідей талаптар қояды;
а) оқытудың теменгі сатысында (5-6-кластар) оқушылар
сұрақ-жауап репликаларын қолдана отырып, қарапайым әңгіме жүргізе
алуға, өтініш, бұйрық, шақыру сияқтыларды айта алуға, таныс
тақырыптар мен өтіп жатқан материал көлемінде және тыңдаған немесе
оқыған мәтінге байланысты айтылған пікірді толықтыра алуға, оған қажетті
қосымша ойларды қоса алуға тиіс. Сөйлеу көлемі - әр оқушыға 5-6 реплика.
Сөйлеу уақыты -3-4 минөт. Сөйлеу жылдамдығы қалыпты ырғақпен бірдей немесе
сөйлемдер арасындағы үзілістер арқылы баяулатылады;
ә) оқытудың ортаңғы сатысында (7-8-кластар) төменгі сатыда игерілген
іскерліктер мен дағдыларды одан әрі жетілдіреді. Соған қоса оқушылар
сұрақтарды, жоспарды, таяныш сөздерді (ключевые слова) және басқа
сүйеніштерді пайдалана отырып, әңгіме жүргізеді; өтініш айтуға, бұйрық
беруге, шақыруды жеткізуге үйре-неді; өзінің келісетінін немесе
келіспейтінін білдіреді; түсініксіз жерді анықтау үшін сұрақ қоюға, қайта
сұрауға, қарсы пікір айтуға, пікірді толықтыра білуге, оқу тақыры-бына,
мәтінге немесе оқиғаға байланысты пікір алмастыруға дағдыланады. Сөйлеу
көлемі: әр оқушы 6-8 реплика айтады. Сөйлеу жылдамдыгы - қалыпты ырғақ;
б) оқытудың жоғарғы сатысында оқушылар өткен тақырыптарға байланысты
әңгімелесіп, кинофильмдер мен диафильмдерге тұсінік береді, олардың
кейіпкерлері орнына сөйлейді; өз пікірін дәлелдеп, келіспейтін себебін
нақты түрде жеткізеді; сөйлеу көлемі: 3-4 минөт ішінде әрқайсысы 2-4
репликадан тұратын 4-5 диалогтық бірлестік айтуға тиіс.
Диалог түрінде сөйлеуге үйретудің объектісі не деген сұраққа жауап беру
ушін әуелі диалог неден тұратынын анықтап алу керек. Диалогқа
қатысушылардың әрқайсысы-ның айтқан сөзін реплика деп атаймыз, яғни диалог
репликалардан тұрады. Диалогтағы реплиқаның екі түрі болады: а) әріптесті
әңгімеге тартатын, оның сөйлеуіне түрткі (қозғаушы) болатын реплика.
Реплиқаның бұл түрін негізгі реплика немесе қозғаушы (түрткі) реплика деп
атаймыз (побуждающая реплика); ә) түрткі (қозғаушы) репликаға жауап болатын
реплика, яғни жауап реплика (реплика-реакция). Репликалардың бұл екі түрі
бір-бірімен тығыз байланыстылығы сонша, олардың бірі екіншісінің тууына
себепкер болып отырады. Қозғаушы реплика әр-қашан жауап реплиқаны тудырады,
қозғаушы реплика бол-ған жерде оган жауап реплика да тууы керек. Ал жауап
реплика қозғаушы репликасыз жеке тұрса, түсініксіз реплика болып шыгады.
Олай болса, реплиқаның бұл екі турі бір-бірімен тығыз байланысты, екеуі бір
диалогтық б і р л е с т і к болып бірігеді. Оқушылар осындай диалогтық
бірлестіктерді меңгеруге тиіс. Сонда олар қозғаушы реплиқаны естігенде,
есіне қозғаушы репликамен бірге меңгерген жауап реплика түседі. Диалогтық
бірлестік дегеніміз қозғаушы және жауап реплика-лардың біріккен түрі және
диалог түрінде сөйлеуге үйретудің негізгі объектісі болып табылады.
Оқушылар жеке-жеке репликаларды ғана үйреніп, сонымен шектеліп қалса, онда
олар бұл репликаларды біріктіре алмайды. Ал диалогтық бірлестіктерді
меңгерсе, онда диалог түрінде сөйлеуге тез үйреніп кетеді. Диалогтық
бірлестік дегеніміз осы.
Жалпы шетел тілдерін оқыту методикасында диалог түрінде сөйлеуге үйрету
саласында сұрақ-жауап бірлестігіне үйрету дәстүрге айналған. Бұл дәстүр
бойынша диалог турінде сөйлеуге үйрету үшін оқушыларды сұрақтар қою-ға және
басқаның қойған сұрақтарына жауап беруге ұйрету керек. Әрине, диалогта
сұрақтар мен жауаптар үлкен орын алады. Алайда бүкіл диалогты тек сұрақтар
мен жауаптар деп қарау дұрыс емес. Диалогтық бірлестік-ке кіретін
репликалар әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, біреуді қонаққа (киноға, театрға
т. б.) шақыру - шақыруды қабылдау немесе қабылдамау:
Н. И. Гез және басқалардың орта мектепте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
Ағылшын тілін оқытудағы рифма мен әннің әлеуеті
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану
Бастауыш сыныптарында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шетел тілін оқытудың мәселелері
Мектеп оқушыларындағы адами құндылықтарды қалыптастырудағы шет тілінің мүмкіндіктері
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ҮЙРЕТУШІ ОЙЫНДАР
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты
Ағылшын тілін қарқынды оқытудың принциптері
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты туралы
Пәндер