Ми туралы



Ми (дұрыс айтылуы — мый) — сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйекпен паналы, қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, көпір ми, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.
Ми бөлімдерінің қызметі
Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен,сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық нерв жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұппапапапар зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.
Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Оның қалыпты қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дененің тепе-теңдігін сақтай алмайды. Мұндай адамдар, мысалы, иненің көзінен жіп өткізе алмайды, олар мас адамдарша теңселіп жүреді, жүргенде қол -аяғы сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ми
Ми (дұрыс айтылуы — мый) — сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты
орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйекпен паналы,
қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, көпір
ми, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.

Ми бөлімдерінің қызметі
Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан
өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен,сондай-ақ ми бөліктерін
өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық
нерв жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұппапапапар зат өз алдында
шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат
ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.
Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Оның қалыпты қызметі бұзылса,
адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дененің тепе-теңдігін сақтай
алмайды. Мұндай адамдар, мысалы, иненің көзінен жіп өткізе алмайды,
олар мас адамдарша теңселіп жүреді, жүргенде қол -аяғы сермеп,
ебедейсіз қимыл жасайды.
Нервтердің бір жұбы — кезкелген нерв миды ішкі мүшелер — жүрек,
өкпе, қарын, ішектермен және т.б байланыстырады.Жүйке жүйесі
эволюциялық даму кезінде бірнеше негізгі кезеңнен өтті: І-кезең –
торлы жүйке жүйесі (ішекқуыстыларда); ІІ- кезең – түйінді жүйке жүйесі
(омыртқасыздарда); ІІІ-кезең – түтікті жүйке жүйесі (хордалыларда), ал
омыртқалыларда ми пайда болды. Жүйке жүйесінің одан әрі дамып, мидың
пайда болуы сенсорлық (иіс, жарық сезу) жүйенің жетілуіне байланысты.
Мидың филогенездік І-кезеңінде үш: артқы, ортаңғы және алдыңғы ми
көпіршіктері пайда болады. Одан кейінгі эволюциялық даму барысында (ІІ-
кезең) ми екіге: сопақша ми мен мишыққа бөлінеді. Организмнің қоршаған
ортамен зат алмасуының өзгеруінен сопақша ми мен артқы мида тыныс алу,
қан айналым, ас қорыту, т.б. орталықтары пайда болады. ІІ-кезеңде көру
рецепторының әсерінен ортаңғы ми күштірек дамыды (тіпті балықтарда
да). ІІІ-кезеңде, жануарлардың сулы ортадан құрлыққа шығуына
байланысты алдыңғы ми дами бастайды. Одан әрі алдыңғы мидың көлемі
ұлғайып, аралық және соңғы ми (ми қыртысы) дамыды. Жануарлардың судан
құрлыққа тіршілік етуге бейімделуі арқылы алғаш рет ми қыртысының жеке
шоғырлары жорғалаушыларда байқалады. Жүйке жүйесінің одан әрі қарай
эволюциялық дамуы барысында ми қыртысы барған сайын барлық төмен
жатқан орталықтардың қызметтерін өзіне бағындырып, ми қызметі
біртіндеп ми қыртысына ауысты. Адамда мидың одан әрі дамуы – оның шығу
тегіне байланысты заңдылықтарға бағынады. Адам миының салмағы 1100 г-
нан 2 кг-ға дейінгі аралықта ауытқып отырады, көлемі – 1456 см3,
аумағы 1622 см2. Адамның ақылдылығы мидың салмағы мен көлеміне
байланысты емес. Мысалы, дарындылығы деңгейлес екі жазушы – Иван
Сергеевич Тургеневтің миының салмағы – 2012 г., ал Анатоль Франстың
миының салмағы – 1017 г.
Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы
шамамен 1300-1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын
адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың
салмағына байланысты емес. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Оны бұлшықеттер
тәрізді жаттықтыруға болады. Ойлау жүктемесін оқу арқылы үнемі
жетілдіру нәтижесінде нейтрондар жүктемесі өседі де қысқа өскіндер
көбірек қалыптасады, сөйтіп олар тармақтала түседі. Тұрақты шұғылдану
нәтижесінде есте сақтау, назар аудару, ойлау, көз алдына елестету және
басқа да жоғары жүйке қызметінің үдерістері жетіле түседі.Жұлындағыдай
ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан айырмашылығы - мидың ақ
заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың бөлімдеріне
байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып
жатады, оны ядро дейді. Мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп,
миды жұлынмен байланыстырады. Ми бөлімдерінің өзара байланысы өткізгіш
жолдар арқылы қамтамасыз етіледі.

Мидың ішінде ми сұйықтығы толған қуыстар бар. Оларды ми қарыншалары
дейді, себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады. Ол
қорғаныштық, ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды реттеу
қызметін атқарады.
Ми бөлімдеріМиды пайда болу, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне
байланысты үлкен үш бөлімге бөледі: бағаналы (сопақша ми, ми көпірі,
мишық, ортаңғы ми), қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары)
және алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. Мидың бағаналы және қыртысасты
бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы кейіннен пайда болған
бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады:

1.Сопақша ми- (продолговатый мозг); (лат. medulla oblongata; medulla
— ми, oblongata — сопақша) — мидың жұлынмен шекарасыз жалғасатын,
пішіні сопақша келген артқы бөлігі. Оның алдыңғы жағы ми көпірімен
жалғасады. Сопақша мидың төменгі бетінде вентральды орталық саңылау
(лат. fissura mediana ventralis) мен оның екі бүйіріндегі латеральды
вентральды сайлар (лат. sulcus lateralis ventralis) арқылы бөлінген:
оң және сол сопақша ми пирамидалары (лат. piramis medullae oblongatae)
білеуленіп көрініп тұрады.Сопақша ми пирамидалары үлкен ми қыртысын
жұлынның қозғалтқыш орталық - тарымен байланыстыратын пирамидалы жүйке
талшықтары аларынан (лат. fasciculus cerebro-spinalis) құралған. (
Сопақша ми пирамидаларының пирамидалы жүйке тал тары будаларынан
құралған өткізгіш жолдары - жұлынның бүйір арқаншаларына отер алдында,
оң ми пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның сол жақтағы бүйір
арқаншасына, ал сол ми пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның оң
жақтағы бүйір арқаншасына бағытталып, жүйке талшықтарымен алмасады да,
пирамидалар айқасын (лат. decussacio pyramidum) жасайды.
Сопақша мидың құрылысы біршама жүлынның құрылысына ұқсас, яғни
сыртқы жағында — ақзат, ішкі жағында — сүрзат орналасады. Ол ақзаттық
аралықтар арқылы көптеген сүрзаттық аралшықтарға, яғни сопақша мидың
сүрзаттық орталықтарына (ядроларына) бөлінеді. Бұлар организмнің
тіршілігіне тым қажет вегетативтік орталықтар құрайтын нейроцитгер
ядролары. Аталган вегетативтік ядроларга:
жүрек согу
тыныс алу
тер бөлу
сілекей бөлу
шайнау
жұту, сору
көз жасын бөлу
ас қорыту сөлдерін бөлу
құсу,
кекіру
күйіс қайтару
тұшкіру
жөтелу
көз жыпылықтау орталықтары жатады.
Сопақша мидың сүрзаты — вегетативтік ядролардан басқа, қызметіне
сәйкес топтасқан нейроциттер перикариондарынан (нейроциттер
денелерінен) құралған ми жүйкелерінің сезімтал және қозғалтқыш
сүрзаттық ядроларын түзеді. Бұлардың араларында бір-бірімен жалгасып
жатқан пішіні әр түрлі нейроциттерден және олардың жүйке талшықтарынан
құралған торлы құрылым (лат. formatio reticularis) болады. Бұл құрьшым
сопақша мидан ортаңғы мига, одан әрі аралық миға дейін созылып жатады.
Торлы құрылым — аталған ми бөлімдері орталықта- рын өзара
байланыстырып, үйлестіру қызметін атқарады. Бұған коса, ол тыныс алу
және жүрек-тамырлар жүйесінің орталығы қызметін де атқарады.Сопақша ми
мен көпірдің ядросы ас қорыту,тыныс алу, жүрек қызметін және басқа
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ми бөлімдері. Мишық
Жүйке жүйесі
Аралық ми. Орталық жүйке жүйесі
Көру қабылдауының асимметриясының жасқа сай ерекшеліктері
Жалпы жүйке жүйесінің құрылымы туралы жалпы ұғым
Жүйке жүйесінің құрылымы
Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары. Ми қыртысы, оның қабаттары
Нерв жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы және оның жастық ерекшеліктері
Жұлын ми сұйықтығының циркуляциясы
Психиканың жалпы сипаттамасы
Пәндер