Бастауыш мектептерде жаратылыстану пәндері арқылы экологиялық білім беру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасы

050102- «Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі»

ТАҚЫРЫБЫ: Бастауыш мектептерде жаратылыстану пәндері арқылы экологиялық білім беру.

Қабылдаған:Саидаева Г. Ө

Орындағандар:Әбдікерім Г.

Гусманова А.

Алтаева Ж.

БельхожаеваМ.

Алдебаева Г.

Жанетова Г.

Баданова Г.

Бағыбаева А.

Қалшаева Л.

БексұлтановаС.

Битеева Ж.

Алматы 2007 жыл

Жоспар

Кіріспе

I. Негізгі бөлім

1. 1. Экологиялық білім − көп сатылы үрдіс.

1. 2. Экологиялық білім берудің негіздері мен қалыптастырудың пәндік жүйесі.

1. 3. Экологиялық тәрбие берудің қазіргі кездегі маңызы.

1. 4. Бастауыш сынып о қушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру.

II. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр.

Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы, табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа түсіретін салмағын шектен тыс өсірді. Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы, жер бетінен өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің біржола құрып кетуі мен табиғи ортаның шектен тіс ластануы айрықша белең алды. Осындай табиғи экожүйелердің бұзылуы салдарынан флора мен фаунаның тозуы орын алып, қолайсыз экологиялық ахуал халықтың денсаулығына елеулі зиян келтіруде . Ал мұның бәрі қоршаған ортаны қорғап, табиғатты сақтау мен оны қалпына келтіру мәселелеріне ерекше мән беріп, оның ресурстарын үнемді пайдалануды қатаң талап етеді.

Соңғы жылдары экология ғылымының негізгі салаларының бірі - педагогикалық экология ( көпшілікке білім мен тәрбие беру ), адам экологиясы және халықтық экология -

« этноэкология » бағыттары дами бастағаны белгілі. Бұл − бүгінгі өмір талабы. Себебі, биосферадағы тіршіліктің тұрақты сақталуы адамның ақыл − ойына тікелей тәуелді екендігі анықтала түсті. Сондықтан XXI ғасыр адамзаттың санасы кемелденген нооэкология кезеңі болмақ. Өйткені, жер шарының бүгінгі тағдыры мен болашағы мен адам баласының ақыл − ойының, білімінің деңгейіне тікелей қатысты.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экологиялық проблемаларды нәтижелі шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізі кез келген мемлекеттің әлеуметтік − экономикалық жүйесін экологияландыру болып табылады. Осыған орай, соңғы жылдары жарық көрген мемлекеттік заңдар, тұжырымдамалар, қаулылар, актілер, табиғи байлықты қорғау мен оларды тиімді пайдалануға арналған ұсыныстар бұл істі жүзеге асыруда экологиялық бағдарлама ретінде басты құрал бола алады.

1992 жылы маусым айында Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ы өткізген әлемдегі экологиялық жағдай, қоршаған ортаны қорғау және сақтау мәселесіне арналған конференцияның шешімдері дүниежүзілік қоғамдастықтың тұрақты экологиялық дамуға өтуге деген

ұмтылысын күшейтіп, білім беру мен тәрбиелеу ісін экологияландыруға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.

1999 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының « Білім беру туралы» Заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саяси принцитердің бірі ретіндегі « Білім берудің ғылыми сипаты, құқылық, экологиялық бағыты » туралы 3-бабы және « Мектептен тыс тәрбие беру мен оқыту » туралы 14-бабы қазіргі талабына сәйкес экологиялық тәрбие мен білімнің қоғам өміріндегі маңызы мен рөлі артып отырғанын дәлелдейді.

Қорыта келгенде, бұл мемлекеттік құжаттарда болашақ ұрпақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері көрсетіліп, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануға бағытталған іс −шаралар белгіленген. Нақтырық тоқталсақ:

- мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында экологиялық білім негіздерін оқыту.

- басшы қызметкерлер мен мамандардың кәсіби экологиялық даярлығы және қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негізінен білімі болуы.

- қоршаған ортаны талдау саласынан ғылыми зерттеулердің тәжірибеде конструкторлық және практикалық енгізу жұмыстарының мемлекет тарапынан қолдау табу мәселелері атап көрсетілген.

Осылайша жалпыға бірдей экологиялық білім мен тәрбие беру мақсат міндеттері мен бағыттарын республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде жүзеге асыруды жастардың көзқарасын табиғатта жауапкершілік қатынасын қалыптастыруды мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғарғы оқу орындарына дейінгі аралықты экологиялық тәрбие, білім мазмұны мен жаппай қамтып жүргізуді міндеттейді.

Экологиялық білім мен тәрбиенің жүйелі жүргізілуі оқыту мен тәрбие үрдісін экологияландыруды оның барлық сатыларында іске асуруда негізделеді: отбасы → балабақша→ бастауыш сынып болып үздіксіз білім беру жүйесімен сабақтаса байланысуы тиіс. Демек, экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалармен тұрғылықты халықтың

табиғатты қорғау, сақтау әрекетіне әзірлігін экологиялық білімін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз процесс ретінде қарастыру қажет.

1. 1. Экологиялық білім − көп сатылы үрдіс.

Қазіргі кезде әлемдік экономика жаңа сапалық деңгейге: білімге негізделген экономикаға өзгеуде. Соған байланысты халықтың әлеуметтік жағдайын жақсатру, азық - түлік қорын молайту, табиғат байлығын үнемдеу, тіршілік ортасын қорғау, бүкіл азаматтық мәселелер ретінде көтеріліп келеді. Ендеше бұл талаптарды жүзеге асыратын, жаңаша ойлайтын жастар дайындау мәселесі туып отыр.

Қазіргі кезеңде эқология саласында қиындықтарды ғылым жолымен шешу талабы білім берудің жаңа парагдимасын туғызады. Сол себепті де экономикалық сана мне экологиялық мәдениеттілікті мектеп жасынан қалыптастыру үшін нарықтық шаруашылықтың заңдылықтары мен оқушыларды міндетті түрде таныстыра отырып, экологиялық білім негіздерін оқыту кезінде жеке тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын қарастыру кезек күттірмес міндеттердің бірі. Сондықтан белгілі экологиялық мәселелерді жалпылай шолып, содан кейін іргелі құбылыстарды, ұғымдарды, заңдылықтарды жеке - жеке ерекшелеп түсіндіру арқылы оларды қайтадан біртұтас жүйеге біріктіріп, білім берудің дамытушылық ұстанымын іске асырудың ғылыми - әдістемелік жүйесін жасау керек.

Экология пәнін оқыту экологиялық және әлеуметтік мәселелердің мәнін түсінуге қоршаған орта мен адам арасындағы өзара байланыстың дамуына талдау жасауға үйретеді. Экологиялық білім мен тәрбие беру «табиғат - адам - қоғам » жүйесіндегі қарым - қатынасты оқушылардың ғылыми негізінде игеруі кезеңінде қалыптасады. Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын қалыптастырып, табиғатқа үлкен парасаттылық жауапкершілік қарым - қатнасын тудыру. Экологиялық мәдениеттілік адамның сезімін тәрбиелеуден, экологиялық сананы қалыптастырудан пайда болады.

Экологиялық тәрбие мен білім беру - көп сатылы үрдіс. Біріншіден, адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін негіздейді. Екіншіден, жеке тұлғаның адамгершілік дүниетанымын тәрбиелейді. Үшіншіден, сарамандық әрекетте білім мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін ерекшелік факторын қалыптастырады.

Экологиялық білім мен тәрбие табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай

алатын жеке тұлғаның экологиялық сенімін қалыптастырып, белсенділігін көтереді. Сондықтан экологиялық білім беру оқушылардың

табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырудың негізі болса, әртүрлі формаларда жүргізілетін экологиялық тәрбие жеке тұлғаның сезімдік әлеміне бағытталады, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін өсіреді.

Қоршаған ортаны қорғау ( ауа, су, топырақ ) қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттес үрдістерін де кешенді тұрғыдан қарауды талап етеді. Өйткені, экологиялық мәселелерді адам мен қоғам үшін пайдалы, тиімді шешуге тырысатын маманның жеке тұлғасының адамгершілік дүниетанымын қалыптастырады. Экологиялық тәрбие оқушыларда табиғатқа деген жанашырлықты, жауапкершілікті сезіуге баулиды. Экологиялық сана экологиялық білімдерден тұрады. Ол оқушылардың дүниетанымдық маңызды құрамдас бөлігі ретінде экологиялық тәрбие беру үрдісінде дамиды.

Экологиялық білім берудің біртұтас жүйесін қалыптастыру Қазақстанда білім берудің жаңа жүйелері мен әлемдік стандартқа сай мемлекеттік оқу жоспарын жасауды, қаржыландыруды, экологиялық ұстаздарға қамқорлық көрсетуді, мектепте экологиялық білім мен тәрбие беруді көздейді.

Көп жағдайда экологиялық тәрбие жұмысының төмендігі мұғалімдердің кәсіби мамандығының нашарлығы жайлы жиі айтылады. Оның үстіне ауылдағы мектептердің көбі өте ауыр халді бастан өткеріп отыр, осындай мектептерден келген балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру үлкен міндет.

Білім беру жүйелері үнемі дамып, жаңарып отыратын үрдіс. Қазіргі ғылым, техника, мәдениет дамуына сай келетін техникалық құралдар, компьютерлер, электрондық оқулықтар, бағдарламалар қажет. Оқушылардың сапалы экологиялық білім алуы үшін оқу тәжірибелік жұмыстарын өндірістік орындарында және ғылыми зерттеу мекемелерінде өткізсе тіпті жақсы.

Экологиялық білім деңгейін көтеруде радио - теледидардан берілетін хабарлардың, дәрістердің, интернеттен алынатын экологиялық деректердің, оқушылардың экологиялық санасын қалыптастыруда рөлі айрықша.

1. 2. Экологиялық білім берудің негіздері мен қалыптастырудың жолдары.

Адамзат тарихы табиғат тарихымен тікелей байланысты. Қазіргі кезде адам мен табиғаттың дәстүрлі өзара салдары үлкен экологиялық мәселеге айналуда. Адамды қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға дағдыландыратын экологиялық тәрбиені мектеп жасынан бастау қажет. Соңғы жиырма жылда ғалымдардың экологиялық тәрбие мен білім беру мәселелерін зерттеуге көңіл бөлулері айтарлықтай өсті. Мәселен, Н. Верзили, А. Захлебный, И. Зверев, Б. Иоганзен, И. Матрусов, А. Мамонтова, В. Сухомлинский және т. б өз еңбектерінде табиғатты қорғаудағы қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырумен оқу тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық тәрбие мен білім берудің түрлі аспектілерін қарастырады.

Экологиялық білім беру мынадай үш мәселені шешуі тиіс.

1. Адекватты экологиялық көріністерді формалау, яғни « адам − табиғат » жүйесінің өзара байланыстары туралы көріністері.

2. Табиғатпен қарым − қатынасты формалау.

3. Табиғат пен қарым − қатынастағы әдеп, дағдылар мен біліктіліктер жүйесі мен стратегиясын формалау.

Оқушыны табиғатқа жауапкершілікпен қарауға баулу − күрделі әрі ұзақ мерзімді қажет ететін үрдіс. Оның нәтижесі анықталған білім мен біліктерді игеру ғана емес, табиғи ортаны жақсартуға, қорғауға қажетті талап пен дағдылардың, эмоциялық қатынастардың дамуы болуы тиіс.

Экологиялық тәрбие үрдісін тиімді жүргізуге тікелей ықпал ететін, экологиялық мәдениеттің негізгі бөліктерінің бірі болатын тұлғаның жеке жан дүние саласына әсер етуді күшейту қажеттілігі байқалады. Ал қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерту қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылар айқындаған қоғамдағы экомәдениет құндылықтарының негізінде экологиялық тәрбие мәселесін ғылыми тұрғыдан шешу арқылы іске асырылады.

Соңғы жылдары бастауыш сыныптарда « Дүниетану » пәні оқытылады. Бұл пәннің жасөспірімдердің дүниетанымын қалыптастыруда рөлі зор. Яғни, білім берудің біртұтастық, жүйелендіріп кіріктіре оқыту ұстанымдарының бірізділігін жүзеге асырады. Бірақта экологиялық білім қалыптастырудың жетекші ұстанымы табиғат құрауыштардың бір-біріне тәуелді байланыстылығы сақталмаған. Жасөспірімдерге қоршаған табиғи орта туралы білім биоцентризм

ұстанымы бойынша жүйелі әрі бір-бірімен сабақтастықта берілуі тиіс. Тағы бір жағдай соңғы жылдары үздіксіз экологиялық білім беруді жүзеге асыру барысында кейбір бастауыш мектептерде экология курсы енгізіле бастады. Көптеген мұғалімдер өзінің авторлық бағдарламалар бойынша сабақ жүргізеді. Бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламаларын бір жүйеге келтіру міндеті тұр. Сондықтан біз экология пәнінің бастауыш сыныптарға арналған жоба бағдарламасын назарларыныңзға ұсынуды жөн көрдік.

Бастауыш сынып экологиясы бүгінгі талапқа сай « Дүниетану » курстарына қосымша білім беруге бағытталған. Алдына қойған негізгі мақсаттары:

  1. Жасөспірімдерге айнала қоршаған ортаны адам өмірімен байланыстыра отырып білім беру.
  2. Жасөспірімдерге қоршаған ортаның бір-бірімен үнемі байланыста болатынын ұғындыру.
  3. Оқушыларда алғашқа экологиялық ұғымдарды қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілік ой - өрісін дамыту.

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін бағдарламаны

құрастыруда 1-4 курстар бойынша қамтылған білім жиынтығы былайша топталған. Мәселен 1- сыныпта: Қоршаған орта мен адам арасындағы қарым -қатынастар табиғи ортаның біртұтастығы және бір-бірімен қатынас түрлері, табиғат нысандары, өсімдіктер мен жануарлар туралы алғашқы оң және теріс көзқарастар туралы білім беріледі.

2- сыныпта : Адамның табиғатқа деген сұранысы мен қамқорлығы, туған өлке мен атамекен тұрмыстық ғимараттар, оның табиғаттан алынып жасалатыны, тұрған мекені мен оның құрауыштарының қажеттілігі туралы ой-өрістері дамытылады.

3-сыныпта : Адамның табиғатты пайдалану кезіндегі теріс іс - әрекеттерін көрсету арқылы олардың табиғатқа деген қамқорлығын, аяушылық сезімдерін ояту, өсімдік пен жануарлар дүниесінің адамға қажет екеніне толық көздерін жеткізу, үй және мектеп үлесіндегі өсімдіктерге қамқорлық жасау элементтерін бойларына дарыту.

4-сыныпта: Оқушыларда өсімдіктер мен жануарлардың әртүрлілігі мен бірлестіктерін, топтарын ажырату, олардың қызығушылықтарымен ынтасын арттыру көзделеді.

Алғаш рет тірі организмдерді қорғау керектігін түсіндіру. Қызыл кітаптың мақсатын ұғындыру. Сол сияқты оқушылардың қоршаған ортаның сапасы, ластану және адамның денсаулығы арасындағы байланыстарды ажырату деңгейіне дейін білімдері дамытылады.

Әрбір курсты аяқталуы табиғатқа шығу арқылы бекітіледі. Оқушылар және көргендерін қолмен ұстап түйсініп, табиғат әртүрлі құбылыстарынан ләззат алады. Туған мекенге деген алғашқы патриоттық сезімі оянады.

Оқушылардың білім мен біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар:(1-4 сыныптар)

1- сынып бойынша оқушылар:

айнала қоршаған ортаны бағдарлауды;

табиғаттағы заттарды, өсімдіктер мен жануарларды;

ауа, су, топырақты ажыратып олардың адам үшін қажеттілігін;

адамның табиғаттағы орнын ажырата білулері тиіс;

Оқушылардың біліктілігі:

табиғаттағы заттарды ( өлі және тірі заттарды ) ажырата білу;

− ауа, су, топырақты ажырату және олардың пайдасы туралы айтып бере алу;

− өсімдіктер мен жануарларды ажыратып, олардың адам үшін қажеттілігін іс жүзінде білу.

2- сынып бойынша оқушылар:

− өзінің тұрған үйін, мекенінің тазалығын, жеке басының гигиенасын сақтауды;

− ірі құрылыстар, көліктердің түрлері, мектеп т. б мекемелер туралы;

− тұрған мекенінің айналасындағы табиғат құрауыштарын, азық-түлік сапасын, айнала мен көше тазалығын сақтауды;

− үй және жабайы жануарларды ажыратып, олардың адам өміріндегі маңызын білулері тиіс;

Оқушылардың біліктілігі:

− үйдің айналасы, көше, үй-іші және өзінің жеке басының тазалығын сақтауды;

−ірі ғимараттар мен мекемелерге бару, жол жүрудің қарапайым ережелерін;

− азық −− түліктің сапасын ажырату, үй және түздегі жануарлармен қамқорлық қарым−қаатынас жасау және сақтану шараларын;

− өсімдік пен жануарларды немесе ғимараттардың аттарын біліп ажырата алады;

3- сынып бойынша оқушылар:

− табиғаттағы заттардың бір - бірімен байланысын, адамның табиғатты

пайдалану себептерін;

− табиғаттағы өзгерістерді байқау, мәдени өсімдіктер мен орманның ерекшеліктерін;

− бау - бақша, мектеп үлесі, гүлдердің түрлері, оны күту, олардың пайдасы мен зияны туралы мәселелерді білулері тиіс;

Оқушылардың біліктілігі:

− табиғаттаға заттарды атап, оның не үшін керектігін;
− өсімдіктер мен орманның түрлерін ажыратып, олардың маңызын;
− пайдалы және зиянды организмдердің бірнешеуін атап, олардың адам үшін маңызын айтып беруді меңгереді;

4- сынып бойынша оқушылар:

− адамның табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануы немесе пайдаланбауы;

−өсімдік пен жануарлардың мәңгі еместігі, олардың олардың сиреп немесе біржола құрып кететінін;

− тірі организмдердің өмір сүруі және тіршілігінің адамға тәуелдігі;

− қызыл кітаптың маңызы және кейбір сирек аң мен құстар жайлы және оларды қорғау;

− өзен мен көлдер және жерді қадірлей білу мен олардың ластануының себептері;

−ауаның сапасы және адам денсаулығы туралы мәселелерді білулері тиіс;

барысында бағы беруді;

− сирек өсімдіктер мен жануарлардың бірнеше түрлерін атап және кездесетін жерлерін білу, оларды қорғау жолдарын;

− ауа мен судың сапасы және тазалығын ажыратып, олардың немен ласнанатынын ажыратып, талдау жасауды игереді.

Қорыта айтқанда, оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде олардың бойында төмендегідей іскерліктер мен қағидаларды қалыптастыру қажет:

− басты идеяларды, негізгі экологиялық ұғымдарды түсіну арқылы адамның табиғат заңдылықтарына сәйкес ықпал етуі;

−табиғатты ұтымды пайдалануға байланысты қолданбалы дағдыларды меңгеру, ортаның жағдайын бағалай білу, табиғатқа зиян келтірмейтін, залал тигізбейтін нормаларды сапалы түрде сақтау;

− табиғи және жасанды ортаны жақсарту қызметін жандандыру, табиғи ортада тәртіп сақтау.

Аталған іскерліктерді қалыптастырғанда ғана адам экологиялық білімді, тәрбиелі, көргенді болып табылады.

1. 3. Экологиялық тәрбие берудің қазіргі кездегі маңызы.

Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми - техникалық прогрестің дамуы барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым−қатынастың қарама−қайшылығы арта түсуде. Осы қарама−қайшылық негізінде табиғаттың тепе−теңдігі бұзылып,

табиғи жүйенің өзін − өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті.

Табиғат әлемі − адамдардың тіршілік ету ортасы. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сол себепті табиғатпен қоғам арасындағы қарым −қатынастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп − жетілуіне ауадай қажет екендігіне жас ұрпақтың көзін жеткізу бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Қазақстан Республикасының Конституциясының алтыншы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді.

Қазіргі әлемдік деңгейдегі дамушы Қазақстанның жағдайында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден − бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі 1991 жылы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында » және 1992 жылғы « Қазақстан Республикасының білім беру туралы » заңында 1996 жылғы « Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында » көрсетілген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау » туралы заңның 89-шы бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз етуге арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешуге тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізу қажеттілігі баса көрсетіледі.

Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ал, сол қоғам дамуына себепші − адам. Осы адам мен табиғат арасында жақындық болмай, еш

даму, еш болашақ болмайды. Сондықтан болашақ ел тізгінін ұстар, еліміздің ертеңгі иелеріне бүгінгі күннен бастап табиғатпен оның ерешелігін, маңызын жанында қалыптастыру, яғни экологиялық тәрбие беру өте маңызды мәселе.

Ғылымда « экология » деген ұғымды алғаш айтқан адам − Эрнест Геккель. Ол « экология » деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866

жылы немістің табиғат зерттеушісі Э. Геккельдің өмірге енгізген

« экология » сөзін дәлме − дәл аударғанда «үй туралы ілім, тұрақ, мекен туралы ғылым » деген гректің сөзінен шыққан .

Осы тұрғыда Я. А. Коменский « Тәрбиенің негізі − табиғат, ал адам −табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы » дейді.

Француз ағартушысы Ж. Ж. Руссо өзінің педагогикалық еңбектерінде

« Баланы табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын бала болғанын қалайды » деп жазды.

Ал психологтар Л. С. Выготский, С. А. Рубинштейн, И. С. Кан, Е. М. Кудрявцева, Қ. Жарықбаев т. б. өз еңбектерінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы, қоршаған ортамен қарым− қатынаста психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген тұжырым айтады.

Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің− негізі, жас ұрпақ үшін маңыздылығы, табиғат сұлулығына қатысты эстетикалық аспектідегі адамгершілік қатынас қалыптасады. Осы тұрғыда белгілі И. Д. Зверев

« Педагогикалық практиканың негізгі жағдайында барлық оқу пәндерін экологияландыруға байланысты мұқият ойланып істелген жұмыстар қажет » дейді. Сондай−ақ, ол пәндерді экологияландыру басты мәселе деп қарайды. Ол экологиялық мақсаты ғылыми білім жүйелерін көзқарастар мен икемдерді мораль нормаларына сәйкес, қоршаған ортаның жағдайына белсенді қатынасуды қамтамасыз ету болып табылады дей отырып, экологиялық білім бер мен тәрбие оқушының табиғат сұлулығына ықыластылылығын, табиғатты эстетикалық түсіну, осы сұлулықты сақтау үшін адамгершілік, адамзаттық борышты ұғыну сияқты дамутышылықты қалыптастырады деп атап көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми - теориялық негіздері
Қоршаған ортаға және тұрақты дамуға қатысты рио-де-жанейро декларациясы
Тест тапсырмаларын бағалау нормалары
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) Әдістемелік құрал
Оқушыларға экологиялық мәдениетті оқыту
ГЕОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
12 жылдық білім беру
Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Қазақ тілі оқу пәні
Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz