String Grid компоненті – жолдар кестесі


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:
String Grid компоненті - жолдар кестесі
String Grid компоненті құрамында жолдары бар кестені білдіреді. Кестені мәліметтері тек оқуға не редактрлеуге ғана арналған. Бұл компонент ең алдымен мәтіндік ақпараттарды, графикалық ақпараттарды кестеде бейнеленуін көрсету үшін қажет. Бұл компонент кесте түрінде бейнелеу үшін пайдаланылады. Кесте белгіленген жұмыс аймағынан тұрады. белгіленген аймақ жұмыс аймағының жол және баған атауларын шығару және тышқанның көмегімен олардың өлшемін басқару қызметін атқарады.
Бейнеленген мәтінді анықтайтын компоненттердің басты қасиеттері:
Бұл қасиеттердің бәрі орындалу кезінде ғана жұмыс істейді. Мәтіндерді программалы не бөлек ұяшықтарға, не String класының әдісі бойынша жолдар мен бағандарға беруге болады.
ColCount жұмыс аймағы баған ақпараттарынан тұрады, ал RowCount - жұмыс аймағы жол ақпараттарынан тұрады.
FixedCols қасиеті - белгіленген аймақтың бағандар санын, ал FixedRows қасиеті - белгіленген аймақтың жолдар санын көрсетеді.
FixedColor қасиеті - ұяшық фонының түсін анықтайды.
LeftCol қасиеті - кесте өрісінің сол жақ шекарасынан форманың сол жақ шекарасына дейінгі қашықтықты анықтайды, ал TopRow қасиеті - кесте өрісінің жоғарғы шекарасынан форманың жоғарғы шекарасына дейінгі қашықтықты анықтайды.
ScrollBars қасиеті кестедегі айналу сызықтарынның болуын анықтайды. Егер кесте сәйкес өлшемге сыйса не сыймаса, онда айналу сызықтары автоматты түрде шығып, өшіп отырады.
Options қасиеті көпшілік қасиет болып табылады, ол кестені көптеген қасиетін анықтайды: горизонтолды, вертикалды бөлгіш сызықтардың фиксированный (goFixedVertLine, goFixedHorzLine) және фиксированный емес ( goVertLine, goHorzLine ) ұяшықтарда болуын анықтайды, қолданушының тышқан арқылы жолдар мен бағандардың ( goColSizing, goRowSizing ) өлшемін өзгертуін анықтайды, жолдар мен бағандардың ( goColMoving, goRowMoving ) көшірілуін және т. б. анықтайды. Options қасиетіні басты элементі goEditing болып табылады, онда кестені құрамын редактрлеу мүмкіндігі бар. Кесте ұяшығының мазмұнын жөндеу мүмкіндігін көрсетеді. Егер «ақиқат» мәні тағайындалса, онда жөндеуге рұқсат етіледі, кері жағдайда рұқсат етілмейді.
Options. goTab - курсоды кестенің ұяшығына « Tab » клавишасын пайдаланып көшіру мүмкіндігін көрсетеді. Егер «ақиқат» мәні тағайындалса, онда жөндеуге рұқсат етіледі, ал «жалған» мәні қабылданса, онда рұқсат етілмейді.
Options. goAlwaysShowEditor - компоненттің жөндеу режимінде болу мүмкіндігін көрсетеді.
StaticText, Panel, Label компонентері
StaticText, Panel, Label - компоненттері формада әртүрлі жазбаларды бейнелеу үшін қолданылады. Бұл компоненттер мәтіндерді көрсетуге арналған.
Мәтіндердің мағыналары Caption қасиетімен анықталады. Оны проектілеу кезінде құруға болады немесе қосалқы программаның орындалуы кезінде программалы түрде беруге және өзгертуге болады. Мысалы :
Label1. Caption:= ‘Қызметкерлердің саны’+InttoStr(I) ;
Сандық ақпаратты көрсету керек болса, FloattoStr және IntToStr функцияларын қолдануға болады. Олар сандарды мәтіндерге ауыстырады. Бірнеше фрагменттерден құралған мәтіндерді форматтау үшін, «+» операциясын қолдануға болады. Ол жолдардың конкатенацясын, яғни қосылуын білдіреді.
Барлық компоненттердің түсі Color қасиетімен анықталады, ал жазу Font қасиетімен беріледі .
StaticText және Panel компонеттерінде, сонымен қатар BordreStyle қасиеті бар. Ол мәтінің шекарасын анықтайтын бордюр. Ал Panel компоненті
BevelInner, BevelOuter, BevelWidth қасиеттері жазбаларды хаттау кезінде үлкен мүмкіндіктер береді . Яғни, Panel компоненті енгізген мәтінге үлкен мүмкіндік береді, ал Label кіші мүмкіндік береді .
Компоненттер Top, Left, Height, Width, Aline, Anchors, Constraints қасиеттерімен анықталады. Бұл қасиеттер компоненттердің координаталарын, оның өлшемін және қолданушының ата-аналық компоненттің өлшемі өзгергендегі олардың өзгеруін анықтайды. Қолданушымен терезедегі қосалқы программаның өлшемі өзгертілгенде мәтіндерді бейнелейтін компоненттерді қайта салу керек. Әйтпесе, мәтінді түзету бұзылуы мүмкін. Ол болмас үшін OnResize өңдеуші оқиға формасына Repaint әдісімен қайта салу компонеті операторын қою керек:
Static. Text1. repaint;
Белгінің өлшемі Label және Panel AutoSize қасиетімен анықталады. Егер бұл қасиет ақиқат деп қойылса, онда компонентті вертикалды және горизонталды өлшемдері жазбалардың өлшемдерімен анықталады. Егер жалған болса, онда компоненттің ішінде мәтінді түзету Alignment қасиетімен анықталады. Ол мәтінді сол, оң, ортасынан клиенттік белгілеу облысын түзетуге мүмкіндік береді. Panel компонеттінде ұзын мәтіндерді автоматты түрде AutoSize мағынасы жалған болғанда және компоненттің өлшемі бірнеше жолдарды орналастыруға болғанда көшіруге болады .
Label компонентінде WordWrap қасиеті бар, ол ұзын сөйлемдерді жаңа жолға ауыстырады . Мұндай қасиет орындалу үшін WordWrap қасиеті True болу керек, ал AutoSize қасиеті False болу керек, өйткені онда бірнеше жол орналасу керек .
Ал StaticText мәтіндерді тасымалдау автоматты түрде орындалады, AutoSize қасиеті False болуы жеткілікті, компоненттің өлшемі бірнеше жолдың орналасуына жеткілікті .
FocusControl - фиксированный компонент. Егер Caption қасиетіне бір символдың алдына «&» амперсанд символын қойсақ, онда ампресандтың алдындағы символ белгілеу жолында сызылған түрде көрсетіледі.
Label компоненті - форма бетіне мәтін шығаруға арналған компонент . Компоненттің қасиеттері мәтіннің орналасуы мен түрін анықтайды . ол келесі қасиеттерден тұрады :
1. Allign - форма бетінде өрісті өзгерту . Ол келесі нұсқалардан тұрады :
1. 1 allButtom - Labell компонентін форманың астына автоматты түрде түсіру;
1. 2 allTop - форманың жоғарғы жағына шығару ;
1. 3 allClient - форманың түгел бетіне жаю ;
1. 4 allLeft - форманың сол жағына шығару ;
1. 5 all Right - форманың оң жағына шығару ;
1. 6 allNone және allCustom - компонент өзгермейді ;
2. Alligment - өрістің ішінде мәтінді туралау тәсілін береді :
2. 1 taCenter - мәтін енгізгенде дәл ортасынан басталады ;
2. 2 taRight - Justify - оң жағынан басталады ;
2. 3 taLeft -Justify - сол жағынан басталады ;
3. AutoSize - True және False нұсқаларын қолданып, Label компонентінің өлшемін өзгерту ;
4. Caption - компонентте орналасатын мәтін ;
5. Color - компоненттің іші боялады ;
6. Top - шығару өрісінің жоғарғы шекарасынан форманың жоғарғы шекарасына дейінгі қашықтық;
7. Left - шығару өрісінің сол жақ шекарасынан форманың сол жақ шекарасына дейінгі қашықтық ;
8. Width - шығару өрісінің ені;
9. Height - шығару өрісінің биіктігі ;
10. WordWrap - ағымдағы жолға сыймайтын сөздің автоматты түрде келесі жолға көшетінін көрсетеді . қасиетінің мәні теріс болуы қажет ;
11. Transparent - фондағы шығарылатын мәтінді басқарады ;
12. Visible - мәтіннің көрінуін немесе көрінбеуін басқарады ;
13. Font - мәтінді шығару үшін пайдаланатын шрифт ;
Panel компоненті - форманың бетіне мәтін шығаруға арналған мәтін . Ол келесі қасиеттерден тұрады :
1) BevelInner және BevelOuter - қасиеттері сыртқы және ішкі бейнесіне сәйкес рамок панеліне бейне стилін береді ; ( byNome - отсутсвует, bvLowered - вдавленная рамка, bvRaised - плоская рамка)
2) BevelWidth - ішкі мен сыртқы рамканың қашықтығын анытайды ;
3) BorderStyle - рамканың мәтінін анықтайды ;
4) Aligment : to Center - мәтінді рамканың ортасына қояды ; taLeft, Justify - мәтінді сол жағына қояды ; taRigt, Justify - мәтінді оң жағына қояды
5) Color - рамканың ішіне түс беру ;
6) Font - шрифт мәнін береміз ;
7) Height - рамканың биіктігінің мәнін береміз ;
8) Left - оңға және солға қарай жылжыту ;
9) Name - Рanel атауы жазылады ;
10) Caption - мәтін жазылады ;
11) Top - төмен және жоғары қозғалту ;
12) Width - рамканың ұзындығын беру ;
Тізімнен таңдау компоненттері -
ListBox, CheckListBox, ValueListEditor, ComboBox, ComboBoxEx
ListBox , Checklist Box компоненттері жолдардың тізімін көрсетіп, қолданушыға керек жолды таңдауға мүмкіндік береді. Екі компоненттің басты қасиеті, тізім жолдары бар, - Items қасиеті және TString типті. Проектілеу кезінде оның ішін Объектілер Инспекторы терезесінде орналасқан алдындағы қасиеттің жанындағы көп нүктелі батырмаға басу арқылы толтыруға болады. Орындаған кезде TString классының Clear, Add және т. б. қасиеттер мен әдістерді қолдануға болады. Бұл класс кейбір объектілерді керек жолға қоюға мүмкіндік береді. Сонда қолданушы тізімдегі жолды таңдағанда оны автоматты түрде бұл объктіге жатқызуға болады.
ListBox компонентінде MultiSelect қасиеті бар. Бұл компонент тізімдегі көптеген тадауларды қолдануға мүмкіндік береді. Егер MultiSelect = жалған болса, онда қолданушы тізімнен бір ғана элементті таңдай алады. Бұл жағдайда таңдалған жолдың индексін ItemIndex қасиетінен білуге болады. Бірақ бұл қасиет орындалу уақытында байланыс аясында болса, оны қолдануға болады. Егер де ешқандай жол таңдалмаса, онда ItemIndex = -1.
Мысалы, келесі код қолданушының тадауын көрсетеді. Егер таңдау жасалмаса, онда «Сіз өзіңіздің талдауынызды жасамадыңыз» деген хабарлама шығады. Ал, егер де тізімдегі бір элемент таңдалған болса, онда «Сіздің таңдауыныз . . . : . . . » түріндегі хабарлама шығады. Мұндағы: бірінші көп нүктенің орнына таңдалған жолдың номері, ал екінші көп нүктенің орнына - таңдалған жолдың мәтіні бейнеленеді.
With (Sender as TCustomListBox) do
Begin
If Item Index <0
Then Show Message (‘Сіз өзініздің тадауынызды жасамадыңыз’)
Else Show Message (‘Сіздің таңдауыныз’+
IntToStr (ItemIndex+1) +’:’+
Items. Strings [Item Index] ) ;
End;
Проектілеу кезінде ItemIndex - тің бастапқы мағынасын беруге мүмкін емес. Үнсіздік түрінде ItemIndex = -1. Бұл тізімдегі бірде-бір элементтің таңдалмағанын көрсетеді. Егер сіз бұл қасиетке басқа мағына, яғни үнсіз түрде таңдау жасағыңыз келсе (ол қосалқы программа жұмыс істеген кезден бастап көрсетіледі), онда олай да істеуге болады. Мысалы, өңдеуіштегі On Create оқиғасына мынадай оператор жазғанда орындалады:
ListBox1. ItemIndex :=0;
Егер көптеген таңдаулар қолданылса ( яғни, MultiSelect = true ), онда ItemIndex мағынасы сол фокуста орналасқан тізім элементіне лайық. Көптеген (множественный) таңдау кезінде қажет элементтің таңдалғанын тексеру үшін, Boolean типіндегі Selected[Index:Integer] қасиетін тексеруге болады. Мысалы, келесі код «Таңдалынған жол . . . : . . . » түріндегі хабарламаны (алдындағы мысалға ұқсас) барлық таңдалынған жолдарға шығарады.
For i: =0 to ListBox1. Items. Count - 1 do
If (ListBox1. Selected [1] )
Then
Show Message (‘Тадалынған жол’ + intToStr (i+1) + ‘: ‘+
ListBox1. Items. Strings [i] ) ;
Көптегн таңдау әдісінде MultiSelect = true болғанда Extended Select қасиеті де әсер етеді. Егер Extended Select = true болса, онда қолданушы элементтердің интервалын белгілей алады, яғни біреуін белгілеп, содан кейін Shift батырмасын басып курсорды келесі элементке ауыстыру керек. Бір-біріне жатпайтын элементтерді белгілеу үшін қолданушы таңдау кезінде Ctrl батырмасын басқанда жүзеге асады. Ал, егер Extended Select = жалған болса, онда Shift және Ctrl батырмалары таңдау кезінде жұмыс істемейді.
Columns қасиеті бағандардың санын анықтайды. Оларда тізім бейнеленеді, егер ол толығымен ListBox компоненті терезесіне сыймаса.
Sorted қасиеті тізімді алфавит бойынша қоюға мүмкіндік береді. Sorted
= true болғанда тізімге жаңа жолдар соңына емес, алфавит бойынша жазылады.
AutoCompletе қасиеті, егер оны ақиқат деп берсе, ол қолданушыға жолдың бірінші символын батырманы басу арқылы сәйкес жолды тізімнен тез табуды қамтамасыз етеді.
Style қасиеті тізімде мәтінді ғана емес, сонымен қатар суреттерді, ал Дельфий 6 виртуалды тізімдер құруға болады.
lbOwnerDrawFixed және lbOwnerDrawVariable мағыналары тізімге бейнелерді енгізу үшін қолданылады. Мұндағы lbOwnerDrawFixed тізімдегі элементтердің биіктігі бірдей екендігін білдіреді, ал lbOwnerDrawVariable элементтердің биіктігі әр түрлі бола алтындығын айтады. lbVirtual мағынасы виртуалды тізімдегі жолдардағы мәтін мен бейнелерге сәйкес болады. Ол тізімдегі элементтердің биіктігі бірдей болады. Виртуалды тізім орындалу кезінде программа формалданады. Ол үшін OnData, OnDataFind, OnDataObject компоненттерінің оқиғалары қолданылады. Бұл оқиға болу үшін, ең алдымен жолдар санын - Count тізім қасиетін беруіміз керек. Бұл қасиет ListBox тізімінде әрдайым болады, бірақ тек виртуалды тізімдерде ғана оның мағынасын беруге болады. Басқа кездерде бұл қасиет тек оқу үшін ғана қолданылады.
ListBox-компоненті
ListBox-қа ұқсас бір компонент бар. Бұл CheckListBox индикаторлы тізіммен. Ол ListBox сияқты, бірақ әрбір жолды жанында қолданушы өшіріп-қоса алатын индикатор болады. Индикаторларды программалы түрде де өшіріп-қосуға болады, егер тізім мәліметтерді қорытындылау үшін қолданылса және міндетті түрде ондағы әр объектінің мінездемесі белгіленсе. Мысалы, складтағы бар товардың берілген тізбегі.
CheckListBox компонентінің қасиеттері ListBox компоненттерінің қасиеттеріне ұқсас, көптеген таңдауды анықтайтын қасиеттен басқасы. Бұл қасиет CheckListBox компонентіне керек емес, өйткені онда көптеген таңдауды индикаторды құрғанда іске келтіруге болады.
Дельфий 6-дан бастап, CheckListBox -та жаңа қасиет пайда болды. Бұл қасиет тізімді тақырыптардың көмегімен бірнеше бөлімдерге бөлуге мүмкіндік береді. Header қасиеті булевті мағынадағы индексті массивті көрсетеді. Ол берілген жол тақырып жолы болып санала ма (ақиқат болса), әлде бұл кәдімгі индекаторлы жол (жалған болса) екндігін анықтайды. Header қасиеті - тек орындалу уақыты және программалы түрде толтырылуы керек (үнсіз түрде барлық мағыналар жалған болады) . Мысалы, мына операторлар
CheckListBox1. Header [1] :=true;
CheckListBox1. Header [9] :=true;
Олар екінші және оныншы тақырып жолдарын көрсетеді.
Тақырыптар фон түсімен жолдарда бейнеленеді, ол HeaderBackgroundColor қасиетімен анықталады, ал жазу түсі HeaderColor анықталады
ValueListEditor компонентін қарастырсақ. Бұл тізімдердегі жолдарды «аты-мағынасы» түрінде редактрлейтін терезе. Терезеде аттарға арналған « Key » және мағыналарға арналған « Value » атты екі бағаны бар. Тақырыптардың атын проектілеу кезінде не программалы түрде TStrings типіндегі Title Captions қасиетінде қолданылады. Бұл қасиетті бірінші жолы сәйкес бірінші аттар бағанына, ал екінші - екінші бағанға сәйкес.
Strings қасиеті Tstrings типті құрамында барлық жолдарды тізімі бар. Проектілеу кезінде ол объектілер инспекторынан шақырылатын жолдар редактілерімен толтырылуы мүмкін. Орындалу уақытында қолданушы оны толтыра алады, егер компонентте редактрлеуге рұқсат берілсе. Сонымен қатар программалы түрде бұл қасиетке Tstrings типті тізімдегі мазмұнды жазуға болады. Tstrings классыны әдістері тізімге жолдарды қосуға, өшіруге т. б. мүмкіндіктерді орындауға болады.
Keys қасиеті индекстелген аттар тізімі болып табылады. Индекстер 1-ден басталады. Values [const Key: string] : string қасиеті аттар тізімінен мағынаны беруге немесе оқуға мүмкіндік береді. Егер қасиетте мағынаны беру қолданылса, бірақ Key аты тізімде жоқ болса, онда тізімге аттар мен мағыналар жаңа жолға жазылып қосылады. Егер қасиет оқу үшін ғана қолданылса, ал Key аты тізімде жоқ болса, онда бос жол қайтып келеді.
Жолдар элементіне кіруді тағы бір әдісті Cells[ACol, ARow:Integer] қасиеті береді. Бұл қасиетте Acol = 0 аттар бағанына сәйкес келеді, ал Acol = 1 - мағыналар бағанына сәйкес келеді. Arow = 0 тақырыптар жолдарына сәйкес келеді, ал Arow > 0 - жолдар тізіміне.
Тек оқуға арналған RowCount қасиеті жолдар және тақырыптар жолдарының сандарын көрсетеді.
Key Options қасиеті аттар бағанын редактрлеу кезінде қолданушы аясындағы операцияларды анықтауға көмектеседі. Бұл қасиет көптік, бос немесе keyEdit, keyAdd, keyDelete, keyUnique құрамдас элементтері болып табылады. keyEdit элементі қолданушыға бірінші бағандағы аттарды редактрлеуге мүмкіндік береді. keyAdd элементі қолданушыға тізімге жаңа долдарды қосуға мүмкіндік береді. keyAdd элементін keyEdit элементімен бірге қосуға болады. keyDelete элементі қолданушыға белгіленген жолдарды өшіруге мүмкіндік береді. keyUnique эементі қолданушыға тізімде бар жаңа атпен жолды қосуға мүміндік береді.
Item Props тек аттарды орындау қасиеті қолданушыға тізімдегі әр элементтіңмағынасын редактрлеу әдісі бойынша басқаруға мүмкіндік береді. Элементтер оның атымен не жолдар индексімен беріледі (0-ден басталады) . Item Props массивы ТItem Props классыны объектілерінен тұрады, олар қажет элементке кіруді бейнелейді. бұл классты қасиеті мынадай мағыналарды редактрлеу әдістерін көрсетеді:
DisplayOptions қасиеті көпшілік болып табылады, оның құрамында doColumnTutles элементтері бар - тақырып жолы фиксированный, doKeyColFixed - аттар бағаныны ұзындығы тұрақты, doAutoColResize - компоненттің ұзындығы өзгергенде бағандарды ұзындығы автоматты түрде өзгереді.
Options қасиеті құрамында көптеген опциялар бар, олар кестенің сызықтардың көрсетілуін басқарады, және қолданышудың бағандардың өлшемін т. б. өзгертуге мүмкіндігі бар.
Сырғымалы тізімдегі компоненттер: ComboBox, ComboBoxEx .
Combo Box компоненті тізімдер редакторына клавиатурадан мәліметтерді енгізіп, программаны орындалу барысындаегізілген тізімнен бір элементті таңдау мүмкіндігін береді.
Combo Box компонентінің бейнелеу стилі оның Style қасиетімен анықталады. Оның мынадай басты мағыналары бар:
csOwnerDrawFixed және csOwnerDrawVariable стильдерінде бейнелер OnDrawItem өңдеуші оқиғасындағы канвада салынады. Ал csOwnerDrawVariable стильіндесурет салу алдында OnMeasureItem оқиғасы пайда болады, бұл оқиғада элементтің биіктігін беру керек.
Text қасиеті бойынша қолданушының таңдауын немесе онымен енгізілген мәтінді анықтауға болады. Егер қолданушымен тадалған элементтің индексін анықтау қажет болса, онда ItemIndex қасиетімен қолдануға болады. ComboBox үшін ItemIndex -тің бастапқы мағыналары актуалды болып табылады. Егер бастапқы мағыналар берілмесе, онда қолданушы қосалқы программаны қосқанда компоненттер терезесінде тізімдегі керек мағынаны көрмей қалады.
Егер терезеде мәліметтерді редактрлеу жүргізілсе, онда ItemIndex :=-1 . Редактрлеудің жүргізілуін осы жазылым бойынша анықтауға болады.
MaxLength қасиеті қолданушы редактрлеу терезесіне енгізе алатын символдардың максималды санын анықтайды. Егер MaxLength =0 болса, онда символдарды енгізілу саны шексіз.
DropDownCount қасиеті ашылған тізімде бейнеленетін элементтер мөлшері, яғни сырғымалы тізімнен пайда болатын жолдардың санын көрсетеді.
Sorted қасиеті тізімді алфавит бойынша қоюды қамтамасыз етеді. Sorted =true болғанда жаа жолдар тізімнің астына емес, алфавит бойынша қосылады.
-ке ұқсас. Олардың бір-бірінен айырмашылығы, біріншіден, ComboBox -қа қарағанда ComboBoxEx - те элементтер тізіміне бейнелерді енгізу оңай. Бір жағынан ComboBox-тың кейбір мүмкіндіктері, мысалы, сортировка жасау мүмкіндігі ComboBoxEx компонентінде мүлде жоқ. Сонымен қатар бұл тізімде канвада сурет салу мүмкіндігі жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz