Қазақ АССР-дағы кеңестік мемлекеттік құрылыс және байлардың шаруашылықтарын тәркілеу (конфискелеу)


ҚАССР Халық Комиссарлары Советі 1920 жылғы 9 желтоқсандағы декрет бойынша күн төлеу мен құн алуға тыйым салды. Сол жылдың 28 желтоқсанында заң бойынша қалың мал жойылды. Декретте "Үндемей жүре беретін қазақ әйелінің еркі мен сезімін корлайтын бұл тәртіпті' (қалың малды) сақтауға Советтердің ерікті социалистік республикасында орын болмауға тиіс", — делінген. Мұның өзі Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бүкіл ел ішінде де семьялық праводағы патриархтық-феодаддық қатынас-тардың сарқыншақтарымен күресу жөніндегі түңғыш заң актылары болды.
Республика үкіметі 1921 жылы қаңтарда көп қатын алушылық пен әмеңгерлікке тыйым салды1.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 22 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




7. Қазақ АССР-дағы кеңестік мемлекеттік құрылыс және байлардың
шаруашылықтарын тәркілеу (конфискелеу)

ҚАССР Халық Комиссарлары Советі 1920 жылғы 9 желтоқсандағы декрет бойынша
күн төлеу мен құн алуға тыйым салды. Сол жылдың 28 желтоқсанында заң
бойынша қалың мал жойылды. Декретте "Үндемей жүре беретін қазақ әйелінің
еркі мен сезімін корлайтын бұл тәртіпті' (қалың малды) сақтауға Советтердің
ерікті социалистік республикасында орын болмауға тиіс", — делінген. Мұның
өзі Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бүкіл ел ішінде де семьялық
праводағы патриархтық-феодаддық қатынас-тардың сарқыншақтарымен күресу
жөніндегі түңғыш заң актылары болды.
Республика үкіметі 1921 жылы қаңтарда көп қатын алушылық пен
әмеңгерлікке тыйым салды1.
КДССР Халық Комиссарлары Советі мемлекеттік меке-мелері өз шешімдерінің
бәрін қазақ және орыс тілдерінде шығарып отыруға міңцетті. Совет өкіметі
қалалар мен басқа да едді мекендердің бүрмаланған немесе патша өкімет орын-
дары басқаша ат берген тарихи қальптгасқан атаулары қайтадан қалпына
келтіретін шаралар қолданды. Түркістан респуб-ликасының қазақ аудандарының
территориясында Совет өкіметінің сайланып қойылған органдары жүмыс істеді.
1921. жыддың жазы мен күзівде уездер мен губернияларда Советтердің съездері
болып өтті, бүларға 2871 делегат қатынасты, олардың қазағы 1432.
Делегаттардың ішінде коммунистер 1345 кісі болды2. Съездердің күн
тәртібінің басты мәселесі — шаруашылық қүрылысының жаңа жағдайларында
Советтердің жүмысын қайта қүру болды.
1922. жылдың аяғына таман Түркістан республикасында шаруалардың үйымы —
"Қосшы" одағы қүрыла бастады. Алғашында ол казақ кедейлері мен
батырақтарының одағы, сәл кейінірек жерсіз және аз диқандардың одағы деп,
ал 1921 жыддың желтоқсанында "Қосшы" одағы деп аталды.
1924 жылы Қазақстанда да қазақ кедейлерінің бүқаралық үйымы —"Жарлы"
одағы дүниеге келді. Бүл екі одақ негізінен қаймағы бүзылмаған қазақ
ауылына іріткі салды. Бүрын бірге түрып, бірге көшіп, бірге қонып жүрген
елге ылаң әкелді. Олар компартия қүжаттарының тілімен айтқавда, кедейлер
шаруашылықтарының қалың бүқарасын біріктіріп, өздерінің аддына қазақ
ауылдарывда шаруашылық жүргізудің орнықты формаларын үйымдастыру, таптық
күресте партияны қолдау міндеттерін қойды. 1924 жылы бүл екі одақ бірігіп
"Қосшы" одағы деп аталды. Келесі жылы оньщ қатарында 200 мыңнан астам мүше
болды. Олар "тап күресін" одақты тазалаудан бастады. Яки өз арасындағы "жат
элементтерді" — байлар мен кулактарды, молдалар мен ишандарды, атқа
мінерлер мен саудагерлерді қуып шықты. Содан азық-түлік салығымен салғыртты
батпандап кірді. Азамат соғысынан, 1921-22 жылдардағы аса ауыр жүт пен
ашаршылықтан күйзелген жүрт бүған . төтеп бере алмай, беті ауған жаққа
көшіп кетуге мәжбүр болды. Ақырында мүның өзі "шаруаларға тікелей қысым"
еі^енін партия да мойындады.
I гКП(б) Орталық Комитетінің 1924 жылғы қазан Пленумы Удеревняға бет бүру"
үранын тастады. Яки шаруалар арасындағы жік еңді барынша үлғая түсті.
Бүрын дәулеттілер ' мен жарлыларға бөлінгендер бүдан былай партия қатарыңца
барлар мен жоқтарға жіктеле бастады. Сөйтіп, ауыл-селодағы береке-бірлік
кеміді. Көп үзайай көшпенділерді отырық-шыландыру процесі басталды. Міне
нақ осы кезде "шаруа-шылық ауыл" деген термин қалыптасты. Мүндай ауьілдарға
шамамен 5-20 шаңырақтан топтаеты. Олар жерді бірігіп өңдейтін серіктіктер
қүра бастады. Бірақ қазақтың жайсан-дары мен игі жақсыларына бүлардың
арасынан да орын тимеді. Содан барып ел арасында дай-дай айтыс, тартыс, дау-
дамай көбейді. Мінеки, И.Сталиннің үр тоқпағы — Голощекиннің "Үлы Октябрь
қазақ ауылын жанай өтіп кетіпті, сондықтан Қазақстанда кіші Октябрь
жүргізбесе болмайды-мыс" дейтін теориясымағын үсынатын кезі — міне нақ осы
кеау
С'~~ Голощекин Қазақстанға "жарты патша" болып келгеннен кейін қазақ тағы
да екіге жарылды. Енді "баррикаданың екі жағындағылар" интернационалистер
мен үлтшылдарға бөлінді. Үлтшылдарға "алашордашылар", "үлтшыл-уклонистер",
"жапонтыңшьшары", "сәдуақасовшина", "тоғ-і жановшина" деген ат беріліп,
оларды қоғамдық-саяси, мәдени-экономикалық өмірден аластаудың барлық
жолдары чісарастырыддьгБүған дейін бір жағынан — ақтардың, екінші жағынан
— қызылдардың хан талауына түскен, мал-мүқамалынан жүрдай болған, бірлік
берекесі қашқан, ашаршылықтан әбден күйзелген халықтың арасынан тағы да 700
бай тәркіленді1. Олар тәркіленіп қана қоймай, ата конысынан аулаққа — "ит
өлген" жаққа жер аударылды.
Сөйтіп, байдың малын өз малына балап келген жарлы жақыбайлар тағы да
сорлады.
Сонда бүл байлар кім еді? Ата тегіне қарай бөлсек, олардың 134-і ғана
хандар мен ақсүйектердің түқымы, болыстар мен датқалардың, молдалар мен
ишандардың үрім-бүтағы. 245-і кеңес заманында бүған дейін дуалы сөзімен,
үтырлы ісімен, биік парасатымен елді аузына қаратқан билер, ақсақаддар,
атқамінерлер. Қалғандары "мата даңқымен бөз етеді" деген сылтаумен байлар
санатына жатқызылған орташалар. Кеңес үкіметі олардың тоқта-торымынан
бастап, астыңғы атына дейін тартып алды. Қысқасы осынау үлы тәркіге
іліккендерден алынған малдың үзын саны — 144474 бас мал. Яки орта есеппен
4 қойды — 1 ірі қараға, немесе 2 қүлынды — 1 ірі қараға баласақ әр байдан
207 шартты ірі тәркіленіпті.
Оның үстіне "жығылғанға — жүдырық" дегендей 1924-1925 жылдар аралығында
егіннің шықпай қалуы, өнімнің күткендегіден мейлінше аз болуы тым жиілеп
кетті. Соның салдарынан РКП(б) Қазақ облыстық комитеті 1924 жылғы 26-28
қыркүйекте өткен Пленумында "Қазақ АССР-індегі егін шықпай қалуының
зардаптарына қарсы күрес және күзгі егіс науқаны" деген арнайы мәселе
қарауға мәжбүр болды. Ал 1925 жылғы сәуірде өткен республика партия
үйымының пленумы шындықтан тайсақтай алмай, тағы да өзінің қүжатына:
"Егіншілікке үкіметгің жасаған қамқор-лық шараларының бәріне қарамастан,
соғыс пен ашаршы-лықтың ауыр зардабы болғаны соншалық — Қазақстанның егін
шаруашылығының қалпына келуі өте баяу: өткен жылы біз соғысқа дейінгі
мөлшердің 74 процентіне жеттік" деп жазып қойыпты. Расыңда Түркістаннан
қосылған Жетісу, Сырдария облыстарының жерін қоспағанда 1925 жылы Қазақстан
егістігінің көлемі 20044268 десятина ғана болды. Ал сонау 1916 жылғы
дүрбелеңнің түсындағы егістіктің көлемі 28000000 десятинадан асып түсетін.
Осы жылдардағы партия басшылары Қазақстан үкіметі күш пен қаржының 90
процентін үдайы егіншілікпен айналысатын аудандарға, отырықшы халыққа бөліп
келіпті. Екінші сөзбен айтқанда, "жіліктің майлы басы" орыстарға бүйырып,
көшпенді қазақ байғүс баяғы патшалы Ресей түсындағыдай шөміштен қағылумен
келген.
Қазақ АССР-і 1920 жылы қүрылғанымен "Ауылға бет бүрайық!" деген үранның
түңғыш рет 1927 жылы ғана жүзеге асырылғанын БКП б Қазақстанның өлкелік
комитетінін сол жылы өткен алтыншы конференциясы мойындады.
1928 жылы байларды тап ретінде жоюдан басталып, елді еріксіз күшпен
үжымдастыру, отырыкшыландырудағы асыра сілтеу саясаты елдің күн көрісінің
көзі — малды жоюға әкеп соқты. Оны дәлелдейтін нақты дерек "Қазақстанның
ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы туралы" 17. 09. 1932 жылғы
БКП(б) Орталық Комитеті қаулысының орындалу барысын "тексеруге келген КСРО
(СССР) Орталық жүмысшы шаруа инспекпшсьшьщ аға инспекторы Лежневіің жазба
есебі".
"Қазақстанда — дейді Лежнев өз есебінде — 1929 жылы 39,5 миллион мал
болса онан 1929-30 жылы 25 миллион 1930-31 жылы 10,5 миллион 1931-31 жылы
5,5 миллионға дейін қысқарды"1.
Бүгінгі уақыт аясынан қарасаң, сол кезевдегі жерді пайдаланудың қоғамдық
сипатын күйрету, қазақ қоғамьшын байлармен бірге ауқатгы бөлімін қатгы жаза
қолдану арқылы күйзеліске үшырату шаруаларының дүрыстығы күмән келтіреді.
Себебі, халықтың шаруашылығы, қоғамдық-саяси өмірдегі ең белсенді тобы осы
ортада кездесуші еді. Бүл ортада мал шаруашылығын өнеркәсіп жолына қойған,
сауда капиталымен байланыстырған талапты үйымдастырушылар да бодды.
Революцияға дейінгі қазақ интеллигенциясы осы ортада қалыптасты2. Жекелеген
қазақ интеллигенциясы өкілдерінің халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір
салтын қысқа мерзімде күштеп түбегейлі өзгерту жергілікті халықтың мақсат-
мүддесіне нүқсан келтіреді деген пікір үлтшыддық әрекет деп есептелді де
оған қарсы соққы беріліл отырды. Ал шовинизм идеясын уағыздаушылар үлт
аймақтарын мекендеген халықтардың, оның ішінде Қазақстанның экономикалық
ерекшелікгерін, түрмыс-салтьш, мәдениетін, тарихи кезендерін ешқандай
есепке алмады.
8. Қазақстандағы индустрияландыруға кешу және бірінші бесжылдық (1928-
1932 жж)

Қазақстанды иңцустрияландыру жөнінде сөз еткевде оньщ Ресей тарихымен
етене байланысын айту керек. Бірінші бесжылдықта Қазақстанда негізінен екі
сала: тау кен және ауылшаруашылығы, өсіресе, мал өнімдерін өндеу өндірісі
дамыды. Шикізатты тасымалдау үшін темір жол желілері салына бастады.
Қазақстанда елді индустрияландыру қарсаңында респуб-ликада әлеуметгік-
экономикалық жағдай өте ауыр жағдайда болған. 307 мемлекет мүлкіне
айнадцырьшған кәсілорынның 250-і жұмыс істемейді. Егістік жердің көлемі
қысқарады. Мал басы 29,9 миллионнан 16,3 миллионға кемиді. Соғыс
қимылдарынан әсіресе өндіріс орындары зиян шекті. Ірі өндіріс орындарынан
жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда 2 есе азайды. Өндіріс
орнындағы өндіріс куралдары, мүнай өндіру 4 есе қысқарды. Кептеген кен
шығаратын жер және көмір шахталарын су басқан еді немесе олар электр
энергаясының бүзылуынан және қүрал-жабдық-тарының жетіспеуінен жүмыс
істемеді. Жол қатынастары (транспорт) әсіресе темір жол қатынасы өте қиын
жағдайда еді. Паравоздардың жартысынан көбісі күрделі жөндеуді қажет етті,
жүздеген көпірлер қираған еді.
1920-1921 жылдары шаруашылықтың күйреуі жүтпен (мал шығыны) және 1921
жылдың қүрғақшылығымен жалғасты. Осының барлығы ашаршылыққа әкеп соқтырды.
ВКП(б) XIV съезі (1925 жыл, желтоқсан) елімізді Социалистік
индустриялауды іске асыру, міндетін белгіледі. Бүл жоспар бойынша
Қазақстанды индустризациялаудың алғашқы кезінде көмірдің, мүнайдың, түсті
металдың басқа да пайдалы қазбалардың бай кені жаңадан зерттеле бастаған
еді. Сондықтан да жаңа өндіріс орындары темір жол қүрылыстары көп жағдайда
дайындықсыз жүрғізілді. Бүл кезде экономикалық және геологиялық зерттеулер
әлі қорытындыланбай түрған кез еді. Жаңа қүрылыстарға мамавдалған жүмыс
күші, қүрылыс материаддары, техникалар және механизмдер, ақша қоры т.б.
жетіспеді. Осылардың бәрі индустриализацияның қарқынын төмендетті және оны
іске асыруды қиындатты. Қазақстанның индустриялық дамуының бірнеше
ерекшеліктері болды. Әсіресе, мынадай қазып шығарушы салалары; мүнай
шығару, көмір өндіру, түсті металдар шығару республикаға индустриясының
үзақ уакыттардағы көрінісін белгіледі. Осы кездерде Риддер және Қарсақбай
өндіріс орындары, Ертістің мыс қорытатын заводы қалпына қайта келтіріліп,
қайта қүрыдды. Шымкент қорғасын заводы, Балқаш мыс балқыту жөне Ащысай
полиметалл комбинаттары салынып, іске қосылды1. Қарағанды бассейні Одақта
үшінші отын қоймасы болып аталды. 1927 жылдың көкгеміңце Түркісіб қүрылысы
басталды. Риддерді, Қарсақ-байды қалпына келтіру жүмысы қүлаш жайды.
Екінші ерекшелігі сол — Қазақстанның индустриялық дамуы басқа да
республикалармен салыстырғанда аса үлкен қарқынмен жүргізілді. Тағы бір
ерекшелігі — республикалық ендіріс орындары шикізат өңдірумен айналысты.
Сондықтан да республика өзіне қажетті заттардың жартысынан кебісіне
көптеген машийаларды, металдан жасалған бүйымдарды, цементгі, ағаш
материаддарын сырттан өкелуге мәжбүр бодцы: индустрияның дамуы Қазақстан
түрғындарының арасында күрделі өлеуметтік демографиялық өзгерістерге өкеліп
соқтырды.
Жүмысшылардың басым көішіілііі орыстар мен украиндар болатын, жергілікті
түрғындар, негізінен, көшпелі және жартылай көшпелі емір салтын сақтады.
Рулық қауымдастық олеуметтік жіктелуге қатты кедергі жасады. Қазақ
сңбекшілерінің жаңа қоғамға өтуі біраз уақытты талап етті. Алайда
болыпевиктердің "революциялық-демократиялық" бағытта жүргізген: ауылды
кеңестендіру, жер-су реформасы, жерді қайта бөлу, бай мен жартылай
феодалдардың мал-мүлкін тәркілеу сияқты шаралары қазақ қауымдастығының
дәстүрлі емір-салтын бүзып, өлкедегі таптық* жіктелуді күшейтті. Әсіресе,
рулық қатынастар мен патриархарлыққа қатты соққы берілді. Аталған жәйттерді
күшпен жүргізу үлттық апатқа айналды.
Жаңа экономикалық саясаттан ауытқу, ауылшаруашы-лығын үйымдастырудағы
жіберілген өрескел қателер мен асыра сілтеулер қазақ ауылына қатты әсерін
тигізді, аштық тудырды, өлкенің жергілікті түрғындарының миграциялық
процесін күшейтті. Егер 1926 жылы өлке түрғындарының қүрамында қала халқы
8,6 процент болса, отызыншы жылдардың аяғында олардың үлесі 29,8 процентке
жетті. Алғашқы жылы қаладағы қазақ саны 77,6 мың болса, 1939 жылы олардың
саны бес есе өсті2.
Олардың қала түрғындары аралығындағы меншікті үлесі 14,3-тен 21,9
процентке дейін үлғайды1. Бүрын бүл цифрлар жаңа қоғамның өскелендік
күшін көрсету кезінде қолда-нылатын. Алайда, миграция қарқынының өсуі
қоғам дамуы-ның ішкі зандылықтарынан гөрі, объективтік емес, волюн-
таристік, кей кездері тіптен қылмысты шешімдерден туатын.
Иңдустрияландыру саясатьш жүргізуде, әсіресе, Ф.И.Голо-щекиннің қылмысты
ролін ерекше атап кету керек. Ол орталық әмірін екі етпей орындайтын
қатыгез, мейірімсіз адам болатын. Республиканы басқарған жылдары (1925-1933
ж.ж.) Мәскеудің Қазақстанды шикізат базасына айналдыру саясатын бүлжытпай
жүргізді. Әңгіменің жөнін айтқан С.Сәдуақасүлы сияқты азаматтарға "үлтшыл-
уклонист" деген айдар тағып, қудалады. Жергілікгі халықтың дамуын
ескермеген ол қазақтарды үлкен қырғынға үшыратты.
Сонымен Бірінші бесжылдық жылдарында Қазақстанда 1929-32 ж. Совет
мемлекетінің республиканың халық шаруа-шылығына жүмсаған күрделі қаржысының
көлемі 1,5 млрд. сомнан асты, оның 48%-і енеркәсіпке, транспортқа,
байланысқа жүмсалды. Бесжылдық ішінде Қазақстанда жаңадан салынған және
жабдықталған 40-тан астам ірі заводтар мен фабрикалар, шахталар мен
рудниктер және электр станциялары қатарға қосылды. Халық шаруашылығындағы
өнеркәсіп өнімдерінің үлес салмағы 39,5%-ке жетті. Ауыр өнеркәсіпті, мүнай
мен көмір өнеркәсібін, түсті металлур-гияны дамытуға бірінші кезекті көңіл
бөлінді. Донбасс пен Кузбасс көмір өндірушілері Қарағаңды бассейнін салуға,
Баку мен Грозныйдың мүнайшылары Орал—Ембі мүнайлы ауданын игеруге
көмектесті. Түркістан-Сібір магистралы, Лениногор полиметалл комбинаты т.б.
ірі кәсіпорындар — Қазақстанның өнеркәсіптік бейнесін айқындайды.
1-бесжылдық түсында пайда болған республика индустриясы КСРО (СССР)-де
социализмнің экономикалық ірге тасын қалауға, Совет мемлекетінің технико-
экономи-калық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, оның қорғанымпаздық қабілетін
нығайтуға елеулі үлес қосты.
Қорыта келгенде Қазақстанда индустрияландыру негізінен қазақ байларын
төркілеуден (конфискелеу) алынған мал-мүлкінің есебімен іске асты, оларды
адамдық қүқынан айыру, өзі мекендеген жерден басқа жаққа жер аудару мен
қорқыту немесе "Тәрбиелеу мақсатында" қамауға алу, үй-мүлкін
конфискациялау, түрмеге жабу (ГУЛАГ) жалған атуды үйымдастыру, үрып-соғу
т.б. 1930 жылдың 15 наурызында ЦИК-тің және СНТ, КАССР "Жартылай
коллективтендіру және бай кулактармен күрес жүргізілген аудандарда
социалистік ауылшаруашылығын нығайту жөніндегі қаулысы қабылданғаннан бір
ай өткен соң-ақ қамауға алынған жөне сотқа берілгендердің саны 3113 адам,
өзі түрған аймақтан тыс жерде жер аударылғандардың саны 6765 адамға жетті.
Үй қожайыны қамауға алынды. Колымге немесе Коли түбегіне жер аударылды".
Халық арасында ашаршылық болды. Одан 1,7 миллион шамасында қазақ
түрғындары қырғынға үшырады. Бір миллиондай адам Қазақстан территориясынан
тысқары жерге көшіп кетті.

9. Қазақстанда күшпен үжымдастыру, отырықшыландыру мен орталыққа ет
тапсыру науқанының қасіреті (1932-1933 жж.)

БК(б) партиясыньщ XV съезі 1927 жылы ауыл шаруашы-лығын коллективтендіру
бағытын жариялады.
1930 жьшдың қащарында ЦКВК (б) "Коллективтендірудщ қарқыны және колхоз
қүрылымының мемлекеттік кемегі жөнінде" қаулы қабьщдады. Ол шешім бойынша
Қазақстаңца жалпы коллективтендіруді 1932 жылдың көктеміне дейін аяқтау
керсетілді. Сонымен, коллективтендіру әкімшілік тәсілімен негізінен күш
көрсету арқылы, жергілікті жағдай ескермей жедеддетілді. Егер 1928 жылы
Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2 пайызы коллективтендірілген болса, 1933
жылдың бірінші көкегінде 50 пайызға жетті, ал 1931 жылдың қазан айында 65
пайызға жетті. Жоғарыдан жүргізілген коллективтендіру жүмысы ауылшаруашылық
өнімдерін ондіру жолында жіберілген бүрмалаушылықтарға малшы кешпенділерді
және жартылай көшпенділердің отырықшы жағдайға күшпен ауыстыру саясатына
байланысты қиындай түсті. Ауылшаруашылық енімдерін өңдіру, ауылдық жерлерде
арсыз үранның астында жүргізілді: "Бүрмалаушылық болмасын, аша түяқ
қалмасын." Малшылардың соңғы түяғына дейін колхозға алынды. Егер
коллективтендірілгенге дейін республикада алты жарым миллиондай ірі қара
мал болса, 1932 жылы оның саны 965000-ға қысқартылған. Қой мен ешкінің саны
18,6 мил-нан 1,3мил-ға азайған. Жылқының саны 3,3 мил-нан 1 мил-ға, түйенің
саны 300000-нан 60000-ға кеміген.
Қазақ халқының ертеден ата кәсібі, күн көрісі мал шаруашылығымен
байланысты болғандықтан 1932-33 жьщдардағы мал шаруашьшығы ең алдымен сөз
болуы заңды. Себебі халқымыздың аштыққа үшырауының елінен, туған жерінен
ауа босуының басты бір себебі кеңес үкіметінің шаруаның қолындағы малын
тартып алуы екендігі сөзсіз.
Шындығында "алып" колхоздар үйымдастыру үраны еріксіз жүргізілді. Оны
үйымдастыруға ауыл мен ауыл, белсенді мен белсенді арасында "шапшаңдық",
"еселенген екпін" жарыстары үйымдастырылды. Соның салдарынан 1930 жылы
желтоқсанда Қазақстандағы еңбек үйымдарының 33%-і колхозға біріктірілді. Ол
жыл санап қарқын алды. Колхозға үйымдастыру 1931 жылы қаңтарда 37,9 %-ке,
наурызда 41%-ке, мамырда 47%-ке, шілдеде 60%-ке, қыркүйекте 64.1% -ке
жетті1.
Колхоздастыру кезінде "асыра сілтеу болмасын, аша түяқ қалмасын" үранынан
мал да ауьшшаруашылық қүралдары да, тіпті, жеке киіз үйлерге дейін ортаға
салынды. Осыдан барып үйің де, малың да, жаның да ортақ болғаннан кейін
"әйелің де ортақ болады, барлығы бір көрпе астында боласың" деген сөз елге
тарап, үлттың рухын, намысын отбасы деген үғымды қорлау басталды.
Өлкелік партия комитетінің 1931 жылғы ақпанда өткен пленумы
"Отырықшыландыру кезінде әртүрлі рулардың кедейлері мен орташаларьшан
қүралған колхоздың поселкесін үйымдастыруды" үсынды. Бір қызығы осы қаулыға
сәйкес интернационалды аудан, интернационалды колхоз қүру деген теріс үғым
туып, еріксіз түрде қазақ, орыс т.б. үлт өкілдерін өр жерден жинап колхоз
қүру басталды. Бүл да коллектив-тендіру кезіндегі солақай саясаттың бір
түрі бодды. Өйткені осы қаулы бойынша интернационалдық колхоз поселкесін
үйымдастыру үшін арасы алшақ өр рудан отырған жерінен кедейлер мен
орташаларды еріксіз көшіруге, топтастыруға тура келді. Осыдан барып
колхоздың, поселкенің орналасатын орынын әр ру өз жеріне, өз елі мен өз
руына қарай тарту басталып, олардың өз арасында алауаздық тартыс етек адды.
Оның аяғы ел ауызбірліктен айырылып, талас-тартыс туып, шапқыншылыққа
үласты. Осыңдай интернационалдық колхоз поселкесі ауыз судан, егіндік, не
шабыңцық жерден қашық, шаруаға қолайсыз жерге орналасуға екеліп соқты.
Мүның өзі едді біріктіруден гөрі оларды өзара қырқыстыру, алакөз ету, ру
былай түрсын үймен үйдің арасында қайырымсыздық, қатігездік туғызды. Елді
ашаршылықтан титықтап, ағайын-туғанынан ажырап, қолдағы маддан мақрүм қалып
босудан басқа амалы қалмайтын жолға әкеліп тіреді. Елдің іргесі сөгіліп
жаппай босуына мүндай саясаттың елеулі өсері болды.
Осыдан барып өлкедегі 123 ауданның 70 (оның ішінде көшпелі және жартылай
көшпелі-50, отырықшы-20) аудан жддпай босты.
Бүл қазақ даласындағы босқындықтың 1916 жылдан бергі үшіншісі. Оның
біріншісі 1916-1917 жыддары болса, екіншісі 1928-29 жылдары, үшіншісі 1931
жылдың күзінен басталып 1932 жылға үласты.
Мысалы, өлкеде 1931 жылы 1119 мың қожалық болса, сонан соң 1932 жылы 723
мың, ал 1933 жылы 6129 ғана қожалық немесе 308432 адам босып кеткен. Олар
Сібірге (27,5%), Қарақалпаққа (15,9 %) төменгі Еділ өлкесіне және Неміс
Республикасына (8,8%), Өзбекстанға(8,2 %,) Орта Еділ өлкесіне (7,6%),
Украинаға (6,3%), Орал облысына (5,8%) қоныс аударған. Әсіресе Алматы
(45185 қожалық), Ақтөбе(39076 қожалық), Батыс Қазақстан(70696 қожалық),
Қарағанды(22374 қожалық), Оңтүстік Қазақстан (12878 қожалық) облыстары мен
Алматы, Талдықорған, Мерке, Тайпақ, Шу, Созақ Қордай, Іле, Қаратал,
Жетіғара, Семиозер т.б. аудандарының халқы жаппай босты1.
Қазақстандағы ашаршылық пен босқындық және басқа да ел басына төнген
ауыртпалықтар жөнінде Т.Рысқүлов және О.Исаевтың И.В.Сталинге жазған
хатында жеткілікті жазылды.
1929 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда 40 млн. бас (төлімен және үсақ
малды ірі қараға шақпағанда) мал болатын. ОнЗн қазір 6-ақ млн. мал қалды.
Орталық Қазақстанның 10-12 ауданы халқының едәуір бөлімі аштыққа
үшырауда. Шамамен алғанда тек көктемде 10-15 мың адам аштықтан өлді. 1931
жылдан бастап басқа' олкелер мен республикаларға жаппай басқыншьшық
қазірде тоқталар емес деп жазған2.
Мал шаруашылығының мүндай халге үшырауының басты ссбебі, Қазақставда
партия саясатының бүрмалауында күшпен үжымдастыруда, малды еріксіз
қоғамдастыруда және мал дайындау, Орталыққа ет тапсыру практикасында және
тікелей бассыздықта болды.
1932 жылдан бастап елде жаппай ашаршылық бастадды, халқымыз орны толмас
қайғы мен қасіретке душар болды. 1 млн.750 мың адам ашаршылыққа ұшырады.
Республикадағы қазақ жүртының жалпы санының 42%-імлн. 100 мың адам Ресейдің
Еділ, Орал, Сібір бойына, Қытайға, Монғолияға, Түркияға, Иранға, Орта Азия
республикаларына жаппай босып кеткен1. Бүл жылда жазықсыз жандарды ату,
асуды үйымдастырған И.В.Сталиннің, Голощекиннің қатыгез саясатының үстемдік
қүрған кезі еді.
Осындай жауыздықтың саддарынан Қазақстан Респуб-ликасы Жоғарғы Төралқа
комиссиясы анықтағандай 2 миллион 200 мың адам опат болды2.
Осы қасіреттің ішінде халқымыздың келешегі — жас балалардың тартқан
тақсіреті, қыршыньшан қиылуы өкінішті-ақ. Ол үшін КСРО Орталық жүмысшы
шаруа инспек-циясының аға инспекторы Петневтің 20 қаңтар, 1934 жылғы
есебіне жүгінелік. 1933 жыддың 7 қарашасында 72069 панасыз бала (өлген
балалар есепте жоқ) есептеледі. Ол әлі күнге тоқтар емес. 1933 жылы балалар
үйлеріне қабылданған балалар: қаңтарда —35191, ақпанда — 42000, науырызда —
53216, сәуірде — 60839, мамырда — 66912, маусымда — 67781, шілдеде — 69260,
тамызда — 68416, қыркүйекте — 62684, желтоқсанда — 72069. Әсіресе, панасыз
балалар Алматы, Ощүстік облыстарда өте жоғары. Жекелеген қабылдау
пункттерге панасыз балалардың есепсіз көп келуіне байланысты балалар үйлері
мен интернат ашу үшін бірсыпыра мекемелерді жабуға (Әулиеата) тура келді.
Панасыздардың 69%-і қазақ, 31%-і әртүрлі үлттар, олардың 4-жасқа дейін-
гілері 13%, 4-тен 8 жасқа дейінгілері 28%, 8-ден 12-жасқа дейінгілері 35%,
12-15 жас арасындағылары 34,6%, ересек балалар 1,1%. Бүлардың 53%-і ер бала
47%-і қыз. бала3.
Балалардың басым көпшілігі жүқпалы аурумен ауырады. Басқаларды
айтпағанда, тіпті балалар үйлері мен интернатқа қабылданғандар арасында
өлім көп. Тек Аягөз ауданында бірнеше ай ішінде 404 бала өлді. Бізше бүған
түсініктеме жасау артық. ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
''Кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылыс үлгісін қолдану''
Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
Мемлекеттік құрылыс
Қазақ кеңестік мемлекеттігінің құрылуы
Қазақстандағы кеңестік мәдени жаңғыру
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы
Қр-дағы мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және мемлекеттік қарыздарды басқару
Өлкедегі кеңестік мемлекеттің құрылуы
Моңғолиядағы социалистік құрылыс жылдарындағы қазақ диаспорасы
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь