Оңтүстік Корей мен Жапония мемлекеттерінің саяси жағдайы



I Кіріспе

Оңтүстік Корей мен Жапония мемлекеттерінің саяси жағдайы ... ... ... ...3

II Негізгі бөлім

1.«Бейбітшілік сызығы» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

2. «Шығыс Азия қауыпсіздігі» концепциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

3. Үкімет негізіндегі «антикоммунистік кеңес» ұйымы ... ... ... ... ... ... ... .13

III Қорытынды

Дүниежүзілік аренадағы екі елдің орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Көптеген өркендеген Азия мемлекеттерiнiң iшiнен Оңтүстiк Корея -Жапонияның ең жақын көршiсi болып табылады. Географиялық жағынан бұл екi елдi теңiз бұғазы ғана бөлiп тұр.
Таптық ортақтылыққа назар аударсақ, бұл екi елдiң мемлекеттiк қайраткерлерi екi елдiң топтасуына мүмкiндiктер туғызуы керек. Ия, үшiншi елдердiң саяси мәселесiн қозғаған кезде, Оңтүстiк Корея мен Жапония мемлекеттерi бiртұтас майдан ретiнде алға шығады. Бiрақ, Корея мемлекетi мен Жапония арасындағы қарым-қатынастарды айта отырсақ, алғы жоспарда ымыраны көтермейтiн тап қайшылықтары пайда болады.
Соншалықты парадоксалды жай және де бұл өткiр қайшылық, үйлеспеушiлiктiң қайнар көзi неде деп сұрайсыз?
Қырық жыл бойы жапон империалистерi корей халқына қысым көрсеткен, өткен-кеткен шақтары себеп болып есептеледi. Бiздiң бiлуiмiзше, отарлық үстемшiлiк -өзiнiң бойына экономикалық, саяси және де ұлттық қанауды енгiзедi.Жапон үстемдiгi жойылғаннан кейiн, яғни ағылшындықтардың басқыншылығы кезеңiнде Оңтүстiк Кореяда феодалдар мен помещиктер арасында билiк үшiн өткiр тартыстар басталды. Нәтижесiнде американ әскери әкiмшiлiгiнiң көмегiмен марионеттiк режим орнатылды. Билiкке көзқарасы консервативтi бағытталған феодалдар келдi.
1.Аналитические материалы корейского культурно-информационного центра
Описание Кореи: Ч. 1-3. СПб., 1900. ч. 3. с. 35-40.
2.«Дипломатический словарь» под ред. А.А.Громыко, А.Г.Ковалева, 3.П.П.Севостьянова, С.Л.Тихвинского, т.1 стр.7, М., «Наука», 1985
4.Богатуров А. Д. Великие державы на Тихом океане.
5.История и теория международных отношений в Восточной Азии после второй мировой войны (1945-1995). М., 1997.
6.Киссинджер Г. Дипломатия. М., 1997.
7.Киссинджер Г. Нужна ли Америке внешняя политика?: К дипломатии для ХХI в. М., 2002.
8.Уткин А.Н. Американская стратегия для XXI в. – М., 2002.
9.Уткин А.Н. Американская империя – М., 2003.
10.Г. Киссинджер «Нужна ли Америке внешняя политика?» М. 2002 г.
11.Ю. Л. Говоров «История стран Азии и Африки в новейшее время» Кемерово, 1997 г. стр. 59
12.Н. Г. Федулова «Эволюция политики США в Азиатско-Тихоокеанском регионе 70-80-е годы» М.1987 г. стр.58
13.Кальвокоресси П. Мировая политика после 1945 года. Т. 1. М., 2000
14.Кортунов С. В. Холодная война: парадоксы одной стратегии. // Внешняя политика и безопасность современной России. Хрестоматия. Т. 1. Кн. 1. С. 117—148
15.Лунев С.И. Дипломатия в Южной Азии. - М., 1997
16.Арин О. А. «Япония: политика и внешняя политика»
17.Иногути Т. «Японская внешняя политика в условиях американской однополюсности»
18.Крупянко М. И. «Япония в системе Восток» М. 1991 г.
19.Кутаков Л. Н. «Внешняя политика и дипломатия Японии» М. 1964 г.
20.Петров Д. В. «Внешняя политика Японии после второй мировой войны»
21.Сборник «Актуальные проблемы современной Японии» М. 2002 г.
22.Сборник «Восточная Азия между регионализмом и глобализмом» М
23.Ломакин В.К., Мировая экономика. М., 1998.
24.Страны мира: краткий полит. - эконом. справочник. М., 1993.
25. Советский энциклопедический словарь. М., 1987.
26. Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б., Экономическая и социальная география мира. М., 1993.
27.Петровский В.Е. Азиатско-тихоокеанские режимы безопасности после холодной войны. - М.,1998. 28.Торкунов А.В., Уфимцев Е.П. Корейская проблема: новый взгляд. - М., 1995.
Интернет:
//www. japantoday. ru /
//www.policy03.narod.ru/

Жоспар

I Кіріспе

Оңтүстік Корей мен Жапония мемлекеттерінің саяси
жағдайы ... ... ... ...3

II Негізгі бөлім

1.Бейбітшілік
сызығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..5

2. Шығыс Азия қауыпсіздігі
концепциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

3. Үкімет негізіндегі антикоммунистік кеңес
ұйымы ... ... ... ... ... ... ... .1 3

III Қорытынды

Дүниежүзілік аренадағы екі елдің
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..20

Көптеген өркендеген Азия мемлекеттерiнiң iшiнен Оңтүстiк Корея
-Жапонияның ең жақын көршiсi болып табылады. Географиялық жағынан бұл екi
елдi теңiз бұғазы ғана бөлiп тұр.
Таптық ортақтылыққа назар аударсақ, бұл екi елдiң мемлекеттiк
қайраткерлерi екi елдiң топтасуына мүмкiндiктер туғызуы керек. Ия, үшiншi
елдердiң саяси мәселесiн қозғаған кезде, Оңтүстiк Корея мен Жапония
мемлекеттерi бiртұтас майдан ретiнде алға шығады. Бiрақ, Корея мемлекетi
мен Жапония арасындағы қарым-қатынастарды айта отырсақ, алғы жоспарда
ымыраны көтермейтiн тап қайшылықтары пайда болады.
Соншалықты парадоксалды жай және де бұл өткiр қайшылық,
үйлеспеушiлiктiң қайнар көзi неде деп сұрайсыз?
Қырық жыл бойы жапон империалистерi корей халқына қысым көрсеткен, өткен-
кеткен шақтары себеп болып есептеледi. Бiздiң бiлуiмiзше, отарлық
үстемшiлiк -өзiнiң бойына экономикалық, саяси және де ұлттық қанауды
енгiзедi.Жапон үстемдiгi жойылғаннан кейiн, яғни ағылшындықтардың
басқыншылығы кезеңiнде Оңтүстiк Кореяда феодалдар мен помещиктер арасында
билiк үшiн өткiр тартыстар басталды. Нәтижесiнде американ әскери
әкiмшiлiгiнiң көмегiмен марионеттiк режим орнатылды. Билiкке көзқарасы
консервативтi бағытталған феодалдар келдi.
Бұл тұрақсыз коалиция мемлекеттiк капитализмнiң жолына тұрды.
Буржуазия мемлекет арқасында баи бастады. Халықтың антижапон көңiл-күйiн
ескере отырып, өзiне ұсақ буржуазия арасынан бiрталай уақытқа берiк тiрек
орната алды. Ли Сын Ман Жапонияға қарсы берiк, таймайтын бейбiтшiлiктiң
күрескерi ретiнде көрсетiп, нәтижесiнде өзiнiң позицияларын нығайтпақшы
болды.
Сепараттық мемлекет құрылғаннан кейiн, көптеген капиталистiк елдер
алдында Оңтүстiк Кореяның қадiрi артты. Бiрақ ең жақын көршiлер-Жапония мен
Оңтүстiк Корея арасында дипломатиялық қарым-қатынастар 1965жылға дейiн
орнаған жоқ. Жапонияның билеушi таптары Ли Сын Манның оппозициялық үкiметi
келгеннiң арқасында Оңтүстiк Корея мен Жапония арасындағы қарым-
қатынастарын орнатпақшы болды. Екiншi этаптың басталуына жол салған келiс-
сөздердiң 6-шы туры 1960жылы қазан айында өткiзiлдi. Соңғы 10 жыл iшiнде
екi мемлекет алғаш рет бiр-бiрiнiң айтқанына көндi. Бiрақ, 1961 жылы болған
әскери төңкерiс нәтижесiнде келiс сөздердi-тоқтатуға мәжбүр болды.
Жапонияның билеушi топтары сыртқы саяси жағдайдың өзгеруiне назар аударып,
1961 жылы келiс-сөздердi қайта бастады.
Оңтүстiк Корей елiнiң ынтасымен 1964жылы желтоқсан айында келiс-сөздердiң 7-
шi, яғни соңғы туры басталды. Бұл келiс-сөздердiң басталуына Америка Құрама
Штатының өкiлдерi мен Оңтүстiк Кореяның сыртқы iстер министрi қатысты. 1964
жылдың 7-18 желтоқсан айынын аралығында Токиода өткен комитет отырысында
балық аулау жөнiндегi келiсiмге қол қойылып, Жапон елiнде өмiр сүрiп жүрген
одақтастардың заңды статусы туралы айтылды. 1965 жылдың басында екi ел де
назар аударар саяси, экономикалық мәселелер қарастырылды.
1965 жылы 17ақпан айында Сеул қаласына Эцусабуро Сиина басқарған жапон
делегациясы келдi. Оңтүстiк Кореяның сыртқы iстер министрi Ли Довонмен
бiрнеше кездесулер барысында Жапония мен Оңтүстiк Корея арасындағы қарым-
қатынастардың негiзгi келiсiмдерi жөнiнде iс қарастырылды. 1965жылы 20
ақпан айында шарт парафирленiп, ал 4айдан кейiн, 22 маусымда Токиода
Оңтүстiк Корей-Жапон келiсiмiне қол қойылды. Нәтижесiнде бұл келiсiмдер
Оңтүстiк Кореяның Ұлттық жиналысымен (14маусым) Жапон парламентi (12қараша)
шартты түрде бекiттi.
Оңтүстiк Кореяның оппозициялық партияларымен Жапонияның демократиялық
күштерiнiң қарсылығына қарамастан, 1965 жылы 18 желтоқсанда Корей-Жапон
арасындағы қарым-қатынастар жөнiнде шартты бекiту грамоталарымен алмасты.
Көптеген Жапон-Корей дипломатиялық қатынастарды орнату барысындағы келiс-
сөздердiң нәтижесiнде 7 ресми құжаттар пайда болды.
Негiзгi қатынастар келiсiмi, экономикалық ынтымақтастық , Жапон
елiнде тұрып жүрген корей халқының заңды статусы, мәдени құндылықтар мен
мәдениет саласындағы қарым-қатынастар. Басынан барлық құжаттарға қол
қойылғаннан кейiн екi ай өтпей, екi ел арасында ала ауыздықтар басталды.
Бұл ала-ауыздық қайдан пайда болды деп сұрайсыз. Келiсiмнiң негiзгi бөлiмiн
қарастырсақ , Оңтүстiк Корей билеушiлерi-бүкiл корей халқының заңды және
негiзгi өкiлi болғысы келдi. Ал Жапон билеушi топтары өз жағынан Оңтүстiк
Кореямен қарым-қатынасын жақсартқысы келiп, КХДР-мен ұштастыруды көздедi.
Бұл себептен жапон делегациясының талабымен 1948 жылы 12 желтоқсанда
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы преамбула мен №3 статьяға №195
қарарға нұсқау қабылдады. Шынымен айтсақ , ештемеге назар аудармай, Сеулдың
билеушi топтары жеңiстi уақыттан бұрын тойлай бастады. Оңтүстiк Кореяның
сыртқы iстер министрi Ли Донхвон негiзгi қарым-қатынастардың преамбуласы
мен келiсiмнiң үшiншi статьясына сүйене отырып, Корей түбегiндегi ең заңды
үкiметтi-Корей Республикасының үкiметi деп жариялады (1с 663). КХДР –да
құрылған халық құрылысын авторитеттi түрде заңсыз деп жариялады.
Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Мун Джудон №3 статья бойынша
Жапония Солтүстiк Кореямен дипломатиялық қарым-қатынастар орната алмайтынын
айтты. Бiрақ тез арада Жапон үкiметiнiң басқа пiкiрдi ұстануы жөнiнде
белгiлi болды.
Парламент сессиясында премьер-министр Эйсаку Сато мен сыртқы iстер
министрi Эцусабуро Сиина Корей Республикасы үкiметiнiң юрисдикциясын тек
қана келiсiм сызығының оңтүстiгiне қарай мойындауы туралы айтты (1с 663).
Жапонияның билеушi топтарымен Оңтүстiк Корей билiгiнiң Негiзгi қарым-
қатынастар жөнiндегi келiсiмi қолды байламай, керiсiнше КХДР-мен өзара
байланысын жөнге сала алуын болашақ жоспарға енгiздi.
Аналогиялық келiспеушiлiктер Корей-Жапон қарым-қатынастарының негiзгi
проблемасы ғана емес.

Бейбітшілік сызығы

Проблеманың бiрi-бейбiтшiлiк сызығы болып саналады.(Жапондықтар оны
Ли Сын Ман сызығы де атайды.) Бұл бейбiтшiлiк сызығы 1952 жылы қаңтар
айында Оңтүстiк Корей президентi ұсынған диклорация бойынша енгiзiлдi.
Корей-Жапон арасындағы келiс-сөздер барысында балық аулаудың ортақ зонасын
орнату мәселесi туралы қарастырылды.
1965 жылдың 29 шiлде айында ашылған Ұлттық Жиналыстың 52-шi
сессиясында премьер-министр Чон Ильгвон Оңтүстiк Корей билiгiнiң позициясын
төмендегiдей белгiледi: Aято Икэда кабинетiнiң қолында билiк болған
кезде,Жапония жабық, арнaйы ережелерi бар теңiз зонасын орнатты. Бұл
бейбiтшiлiк сызығыныңорнауы емес пе? (1с. 663)
Келiсiмге қол қойғаннан берi 15 жыл өтсе де бейбiтшiлiк сызығы
жөнiндегi проблеманың өткiрлiгi әлсiрей алмайды. Оңтүстiк Корей
патрульдерiнiң жапон балық аулау көлiктерiн ұстау ең жарқын дәлел ретiнде
келтiруге болады. Керiсiнше, жапондықтар да қарызда қалмай, жапон шекарасы
арқылы өтпекшi болған балық кемелерiн ұстап, ары қарай жiбермеген.
Осылайша, Корей-Жапон қарым-қатынастарындағы бейбiтшiлiк сызығы- керiс,
ұрыс сызығына айналды.
Бәселекескен сұрақтардың бiрiне Токто аралының мәселесi кiредi
(Жапонша-Такэсима деп аталады). Бұл арал балық санының байлығымен атақты.
Токто аралына байланысты талас-тартыстар тынышталып, қайта күшпен
жанданады.
1974 жыл тамыздың 8-де Хаптон тхонсин телеграф агенттiгiнiң хабарлауы
бойынша: Оңтүстiк Корей сыртқы iстер министрлiгi Токто аралы тарихи және
географиялық орналасуы жағынан Корей Республикасының меншiгi болып
табылады. Сонымен қатар, Токто аралының маңында балық аулау кәсiбiмен
айналасқан жапон кемелерiн тексеруге корейлiктердiң толық құқығы бар,-деп
айтылды.
Жапондықтардың Оңтүстiк Кореяға бiрiншi бес жылдық жоспардың iске асу
кезеңiнде көрсеткен мемлекттi дамытуға бағытталған көмегi екi ел
арасындағы қарым-қатынастардың iрге тасы болды.
1960-1970 жылдары, яғни Корей Республикасында екiншi, үшiншi және төртiншi
экономикалық даму программаларының iске асу кезеңiнде, жапон капиталының
Оңтүстiк Корей қазынасына құйылуына мүмкiндiк туғызған қарым - қатынастар
екi ел арасында магистральды. Бұл- екi маңызды факторлармен бекiтiлдi.
Бiрiншiден, Сеулдың шамданушылық жоспарға: Корей жартыаралындағы бiр-
бiрiне қарсы бағытталған социал-саяси системаларының жарысуы мен тұрақсыз
iшкi саяси және әскери хунтаның экономикалық жағдайлар кiредi.
Екiншiден, Жапония Оңтүстiк Кореяға мемлекеттi дамытуға бағытталған
көрсетiп тұрды. Олар Сеулдың КХДР-мен күресте жеңiске жетуiн көздедi.
Пак Джон Хи режимi билiкке келген кезде КХДР-ң саяси және экономикалық
дамуы көзге түсiп, Үшiншi республиканың пайда болуы мен, Пак Джон Хи
режимiнiң Жапон билеушi топтарымен тығыз байланыста болған кезең едi.
Корей жартыаралына монополистiк капиталдың енуiне плацдарм құрған,
Корея Республикасының территориясына бiрiншi болып келген iрi жапон
фирмалары Жапонияның Ұлттық қауiпсiздiк басқару органдарымен тығыз
байланыста болды. 1969 жылы 19-21 қараша айында Вашингтон қаласында өткен
АҚШ президентi Р.Никсонмен Жапонияның премьер-министрi Эйсаку Сато арасында
болған келiс-сөздер нәтижесiнде Жапон-Американ коммюникесiне қол қойылды.
Бұл коммюникеде Жапон монополистерiнiң Сеул режимiне қажет кезде әскери
көмек көрсетiп, өздерiнiң ақша капиталын қауiпсiздендiру мәселерi
қарастырылды. Сатоның айтуы бойынша: Корей Республикасының қауiпсiздiгi
үшiн өте маңызды. Жапон-Американ келiс-сөздерi нәтижесiнде Вашингтон мен
Токио арасындағы қарым-қатынастар жақын арада өзгертiлдi. Бұл бүкiл Шығыс
Азия мен тынық мұхит аймағына өз қапасын тигiздi. Егер бұрын АҚШ пен
Жапония арасындағы келiсiм екi жақты келiсiммен бiтсе, қазiр бұл келiсiм
бүкiл Шығыс Азиямен Тынық мұхит аймағына қиын әсерiн тигiзедi. Осылайша, үш
жақты мемлекеттiң құрылуына бiрiншi қадам жасалды. Никсон мен Сатоның
кездесуiнен кейiн үшжақты қауiпсiздiк құрылымының құрылуына жақсы кезең
деп айтты. Бiздiң бiлуiмiзше, Танакамен келiс-сөздерiнен кейiн Дж.Форд
Оңтүстiк Корей басшыларымен кездесуге аттанды.
Бұл кездесусiң негiзгi бағыты- Шығыс Азиядағы әскери одақтың тепе-
теңдiгiнiң тұрақтануы.
АҚШ пен Жапония үшiн Оңтүстiк Кореяның қауiпсiздiгi өте маңызды ,-дедi
АҚШ-тың мемлекеттiк хатшысы Генри Киссинджер.
Вашингтон, Токио және Сеул арасындағы әскери қарым-қатынастардың
нығайуы бұкiл дамыған елдердiң қызығушылығы мен наразылығын туғызды.
Бiрақ оған қарамастан Азия, Жапония, Оңтүстiк Корея өз шешiмiнде
тұрды. Мемлекет шешiмдегi Жапон белгiлi бұл келiсiм Жапония мен әлемнiң
басуда елдерiне тигiзе алатын қиыншылықтары көп деп санады.
Либерал – демократ партияның өкiлi Тосио Кимура Жапония АҚШ-пен бетпе-
бет жүрек ашырса өткен-кеткен дипломатиялық стереотептерден айырала алады
деген.
1974 ж. 19 тамыз айында бюджет комиссиясы өкiлдерiнің палатасында
Кимура көптеген сұрақтарға жауап бере отырып, бiздiң үкiметпен Жапония
үшiн Корей жарты аралындағы бейбiт пен қарым – қатынастардың
тұрақтандырылуы маңызды- деген.
Сеул билеушiлерi КХДР-ң жағынан шабуыл қаупi қорқытып отырса,
Жапонияның сыртқы iстер министрлiгi Кимураның билiгiмен бiрнеше уақыт бойы
Корей жарты аралына жақындағысы келедi. 1974 жылы 29 тамыз Тосио Кимура
былай дедi: Солтүстiктен қандай да бiр қауiп бар ма, жоқ па оңы тек қана
Оңтүстiк Корея шешуi керек. Ал Жапония мемлекет ешқандай қауып жоқ деп
ойлайды.
Екi күннен кейiн Оңтүстiк Корея үкiметi арнайы отырысқа жиналып
Жапонияның сыртқы iстер министрiнiң ақылға қонбайтын жат көзқарасына
қызықты.
Өткенде Жапон премьер министрi болған Эйсаку Сато Кимураның өтiнiшiн
қолдаған жоқ Сеул режiмiне өзiнiң көнiл аууын жасырған жоқ. Ондай пiкiр
Оңтүстiк Корея жағынан ашу кернеу шақырды. Себебi, Солтүстiк Кореямен еш
қорқыныш туғызбайды деп айтуға құқығы жоқ деген. Iшкi iстер министрi
тұсында, Жапон-Корей қарым – қатынастарын орнатқан Эцусабуро Сиина, өкiлдер
палатасының спикерi Нака Фунада және де көптеген консервативтi көзқарасты
ұстанған, ястреб группасының билеушiлерiнiң наразылығын туғызды.
1974 жылы Министрлер кабинетiнiң (iрi) ауыстыруы болды. Киити Миядзава
Жапониялық жаңа сыртқы iстер министiрi болып тағайындалды. Көптеген халық
алдында Сеул режiмiне деген көзқарасы түбiрiнен Кимураның көзқарасына
қарама-қарсы болады деген.
Соңғы 6 ай iшiнде Корей жартыаралында көзге түсер өзгерiстер болмаса
да, Миядзава өз сөзiнде тұрды. 1975 жылы 25 ақпан айында Сыртқы саяси
ведомстваның жаңа басшысы ретiнде, Жапон үкiметiнiң атынан бұл жағдайды
қорқынышты деп бағалады. Сеул режiмiмен әскери қарым – қатынасын нығайту
үшiн бұрыңғы саясатқа қашу мәселесi,- 1975 жылы 5-6 тамыз айында
Вашингтонда өткен кездесуде қарастырылды. Бұл кездесуге Жапонияның жаңа
премьер-министрi Такэо Мики мен Америка президентi Форд қатысты.
Мемлекеттiк қайраткердiң екеуi де Тынық мұхит аймағын тыныштық пен өзара
бейбiтке жетудi көздедi. Бiрақ келіссөздер барысында, Корей жартыаралында
шиеленiсушiлiктiң әлсiреуiне назар аудармай, Азия , Жапон, және Оңтүстiк
Корей арасында әскери ынтымақтастықтың орнауына көңiл бөлiндi.
Мики мен Форд арасындағы болған ортақ келiссөздер нәтижесiнде Корей
Республикасының қаупсiздiгi, Корей жартыаралында сақталуы керек. Ал бұл, өз
кезегiнде бүкiл Шығыс Азияны қауiпсiздiкпен және де, бейбiтшiлiкпен
қамтымасыз етуi қажет - деп шешiлдi.
1969 жылы қараша айында Сато-Никсон коммюникесi мен Мики мен Форд
арасындағы қарастырылған келiссөздердi салыстарсақ ,екеуi де Жапония мен
Оңтүстiк Кореяның тағдырларының ортақтылығына әкелiп тiреледi.
Жаңа құжаттарға сүйенсек, Сеул режимi мен Жапон аралдарының қауiпсiздiк
жөнiндегi қол үзбес, сонымен қатар тар қарым-қатынастардың тезисi пайда
болды деуге болады.
1975 жылы 28 шiлде айында өткен жиында, АҚШ-тың жоғарғы әскери күш
шеңбер өкiлдерiнiң жиналуы-бұл тезисқа дәлел бола алады. Бұл жиналыс
барысында, АҚШ пен Жапония арасындағы қорғаныс функцияларын бөлiп
қарастырылу ұсынысы енгiзiлдi ( ескертiп кетсек, бiраз уақыт бұрын , 1975
жылы сәуiр айында, АҚШ- қа Жапонияның сыртқы iстер министрi-Киити
Миядзава ресми сапармен келген ). Ол Вашингтон қаласында өткiзiлген пресс-
конференция барысында, америкалық және шет елдер тiлшiлерiнiң алдында сөз
сөйлегенде: 1969 жылы қараша айындағы америка-жапония коммюникесiнде
корей пунктерiнiң мiнездерiн тиянақты түрде дәлелдедi.
АҚШ ұсынастары төмендегiдей болады:
1. Теңiз үстi трассаларын қауiпсiздiкпен қамтамасыз ету үшiн,
қауiпсiздiк күшi өз шекаралық суларға ғана емес, сонымен қатар,
шекарадан тыс системаның болуы қажет.
2. Авиалиниялардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн, автоматты және де,
жоғарғы сезiмдi ескерту системасымен, жоғарғы дәрежелi
истребительдермен қамтамасыз ету қажет.
3. Ақш пен Жапония, Корей жарты аралы жөнiнде алдын-ала жауынгерлiк
көзқарастармен алмасып, Оңтүстiк Кореяның әуе шабуылына қарсы қорғаныс
функцияларын бөлiп алу.
АҚШ өзiнiң ұсыныстарын алға шығарып , Оңтүстiк Кореяның қауiпсiздiгi
Жапонияның қауiпсiздiгi үшiн өте маңызды деп ескертедi.
Оңтүстiк Корея мен Жапонияның қауiпсiздiгi тығыз байланысты болып,
сонымен қатар, Шығыс Азияның саяси жағдайына тәуелдi болғандықтан,
Жапонияның билеушi топтары, Сеул режимiнiң әскери күштерiмен тығыз
байланысқа келмекшi болды. Белгiленген бiр базада, американ Пентагонының
басшылығымен, екi елдiң арасындағы әскери жоспарлар талқыланды.
1975ж. тамыз айының соңына таман, Жапония мен Оңүстiк Корей жерiнде
АҚШ-тың сыртқы iстер министрiмен кездесу барысында вояж қабылданды. Керек
кезде, тактиклық ядро қаруларының қолдану қаупi төндi.
Әрине, үшжақты альянстың қатысушылары, өздерiнiң әскери жоспарларын
дәрiптемегенмен, бiрталай хабарламалар мен газет-журналдар арқылы халыққа
белгiлi болды.
Дж. Шлессинджердiң ресми түрде жолығуы бiткеннен кейiн, 1975жылы 9
желтоқсанда, Жапонияның сыртқы iстер министрi Киити Миядзава парламент
алдында сөз сөйлеген кезде, былай деп айтты: Айқын жағдайда, Жапон
территориясындағы американ базасынан Корей жартыаралы аймағындағы
әрекеттер үшiн Б52 атқыштарын жiбере алады Кешiрек, 1976 жылы 30
қаңтарда ұлтық қауiпсiздiгi басқармасының басшысы - Митита Саката
парламентпен тығыз қарым-қатынасты көздеп, Жапонияның әскери-әуе
күштермен унифицирдi құпия кодтарының қолдануы жөнiндегi мәселенi
қолдады.

Шығыс Азияның қауiпсiздiгi

Дж.Форд пен Жапонияның премьер-министрi Такэо Микидiң кездесулерi
нәтижесiнде Шығыс Азияның қауiпсiздiгi деп аталатын коммюнике
даярланды. Бұл коммюникеның негiзгi мақсаты - Жапонияның қалған
қауiпсiздiгiн арттырып, көршiлес елдерге техникалық-экономикалық көмектi
арттыру. Сонымен қатар, капиталистiк жолмен дамыған Оңтүстiк Кореямен
бүкiл Азияның әскери потенциалын нығайтып, қауiпсiздiкпен қамтамасыз
ету. Америка-Жапония арасындағы жөнiндегi келiсiмде Жапония, жоғарыда
айтылғандай, жапон монополияларымен инвестициаланған, капиталистiк жолмен
дамыған Азия мемлекеттерiне қамқоршы мемлекет ролiн атқарды.
Қауiпсiздiк концепциясы мемлекеттi автоматты түрде бәсекелес
жағдайға әкелiп соғуы мүмкiн. Бұл бәсекелестер, Сеул режимiнiң әскери
потенциалын тез арада арттырған, Корей жартыаралы мен Азияның көптеген
жерлерiнде тууы мүмкiн. 1971-1975 жылдар аралығында АҚШ Оңтүстiк Кореяға
2 млн. доллар көлемiнде әскери көмек көрсеттi. Әскери күштi нығайтуды
көздеген Оңтүстiк Кореяның билеушi тобы,бес жылдық жоспар жасады. Бұл
жоспарды iске асыру үшiн, 5 млрд. доллардай қажет. Қаражаттың жартысынан
көбiн Сеул билеушiлерi шет елдерден қарыз ретiнде алмақшы болды. Бұл
қарызға, негiзiнен АҚШ-пен Жапония көңiл аударады деп сендi.
Корей жартыаралында әскери операцияларды өткiзу үшiн, АҚШ-тың Жапон
аралдарындағы американ базаларының қолдануы, сонымен қатар, экономикалық
көмектiң қарқынды түрде арттырылуы - Оңтүстiк Кореяның үстемшiлi, Пак Чон
Хидiң позицияларын нығайтты. Сеул режимiнiң әскери потенциалының
арттырылуы - Жапонияның Азиядағы АҚШ-ң әскери және сыртқы саяси
доктриналарына деген құштарлыққа әкеп соғады. Сонымен қатар,
мемлелекеттiң халықаралық саяси позицияларға күрделi зиян келтiрiп, оған
қоса, Жапонияның Азиядағы дипломатиялық қарым-қатынастары орнамаған,
жалғыз ғана КХДР-мен қарым-қатынастарды жөнге салу жолында, көптеген
қиындықтар туғызды.
Дамыған Азия мемлекеттерiнде Жапон монополистiк капитал
экспансиясының кеңейюi, прокапиталистiк режимiнiң сақталуы мен нығайуына
қызығушылық тудырды.
Жапонияның билеушi таптары бейбiтшiлiктi қолдап, халықаралық тәртiптi
ретке келтiру мақсатында, Қиыр Шығыс аймағындағы АҚШ-пен әскери
ынтымақтастыққа келдi. Жапонияның билеушi және де iскер таптары, социал-
экономикалық жүйелерi қарама-қарсы, көршiлес орналасқан Корей
жартыаралына ерекше назар аударады. Класстық позицияға сүйене отырып,
социалистiк КХДР-мен жарыста Сеул режимiне көмек көрсету үшiн, қолдарынан
келгендi жасады. Жапондықтар Сеул режимiнiң әскери потенциалын өсiрiп,
корей экономикасына қаржыны аямай салды. Оңтүстiк Кореяда капиталистiк
тәртiптi сақтау үшiн, орасан мол қаржы сомалары жұмсалды. Жапонияның
билеушi топтары алдында , күн тәртiбiнде Корей жартыаралының оңтүстiгiнде
өзiнiң экономикалық, саяси мүддесiнiң берiктiлiгiн қамтамасыз ету туралы
сұрағы тұрды. Тура, осы факторлар негiзiнде Оңтүстiк Корей қауiпсiздiгi
мен Жапонияның қауiпсiздiгi арасында үзiлмес қарым-қатынас концепциясы
iске асырылды. Ресми насихаттар негiзiнде 38-шi параллельдегi болған
оқиғаларды жасанды түрде драматизациялады. Сол себептен, соңғы кездерi
Оңтүстiк Кореямен Жапонияның арасындағы қарым-қатынастың нығайуына iрi
ұтыс тiгiлдi.
АҚШ Жапонияның Сеулмен әскери альянсын нығайтуға итермелеседе,
жапондықтар Оңтүстiк Кореямен әскери қарым-қатынасқа отыруға, белгiлi
абайлағыштықпен қарады. Бұл жетпiсiншi жылдардың соңында аса байқалды.
Картердiң администрациясы билiкке келгеннен кейiн, халықаралық
аренада агрессиялық әрекеттерге ұтыс тiгiлiп, саяси мәселелерден
бiртiндеп кетудi көздедi. Нақ, осы бағытта АҚШ өзiнiң одақтастарына қысым
көрсеттi. Негiзiнен, АҚШ Жапонияның әскери бағытында Оңтүстiк Кореямен
жақындастырғысы келдi.
Iске асқан, бес жылдық жоспар Оңтүстiк Кореяның экономикалық
потенциалының жоғарылауына әкелдi. Сеул әкiмшiлiгi әскери көмектiң
артуына көп назар аударды. Бұның бәрi- Оңтүстiк Корей режимiнiң, Қиыр
Шығыстағы халықаралық жағдайларға қауiп төндiруiне дәлел болды.
Бұл жағдайда Жапонияның Оңтүстiк Кореямен әскери-саяси Одаққа
елiктiрiлуi- мемлекет үшiн қосымша iшкi және сыртқы саяси қиындықтар
туғызды.

Біріншіден – Жапон қоғамында Совет Одағын және де КХДР мен қарым-
қатынастарды дамытуға орасан зор үлес қосқан билеуші топтар бар. Ал бұл
елдерге қарсы біріншіден, Токио мен Сеул арасындағы әскери одақ бағытталушы
еді. Екіншіден – Оңтүстік Корея билеушілері арқасында Жапония қандай болса
да, әскери конфликтке тарту қауыпiн төндірер еді. Оңтүстік Кореяның
Жапониямен әскери бірлестікке деген ұстамдық қарым – қатынастар екі ел
арасындағы экономикалық қарым – қатынастардың көбісінде орасан зор роль
атқарды. Жапонияның билеуші тобы өзінің көмегімен қаруланған, қауіп
төндірер бәсекелес елдi қасында ұстағысы келген жоқ.
1979 жылы бірнеше ай арасында Cеулде Жапонияның ұлттық қауiпсiздiк
басқармасы қабасшыларының көбісі болып кетті. ЛДП қатарында ястреб деп
аталатын Ясухиро Нагасонэ де болған. Сеул лауазымды адамдарымен
кездесу барысында Накасонэ былай деген: Солтүстік-Шығыс Азиядағы
бейбітшілікті сақтау үшін Америка әскерлері Оңтүстік Корея территориясында
болуы қажет. Сондықтан олар белгісіз уақыт бойы сонда қалуы керек.
Ұлттық қауiпсiздiк басқармасының бұрынғы басшыларының көбі 1979 жылы
25 шілдеде Оңтүстік Кореяға Жапон әскери ведомоство басшыларының келу
сапарына дайындалды.
Бірінші ресми сапаршыны жоғары дәрежеде қарсы алды. Аса құрметпен
әскери оркестр “кими – гае” деген Жапон гимнін орындады. Ганри Ямаситоның
Оңтүстік Кореяға сапары 30 сағатқа созылды.
Жергілікті және шет елдер басылым орындарында былай :

Штаб басшыларының бірiккен комитетiнiн төрағайы Ким Джон Хван,
жапон елшісі Редзо Сунобэ, халықаралық істердің Ұлттық қауiпсiздiк
басқармасының хатшысы Хисахико Окадзаки және әскери ведомостволық
басшыларының кездесу барысында екi елді қызықтырар мәселелерді қарастырды.
Солтүстік – Шығыс Азиядағы ортақ жағдай мен КХДР –дың әскери қуатын
өсіру мәселелері қарастырылды. Ямасито Корея жартыаралының қауіпсіздігі
Жапонияның қауіпсіздігімен тура байланысты Корей жартыаралында әскери
тұрақтылықты (тепе-теңдік) сақтау мақсатында, АҚШ өз әскерлерiн барысынша
көп уақыт бойы шығармауы керек, деген. Оңтүстік Кореяға деген қарым-
қатынасы тек достық көзқараста ғана болады. Но Джэ Хенді өзін-өзін қорғау
күштерін нығайту жөніндегі жоспарымен таныстырып, әуе шабуылына қарсы
қорғаныс бөліктерінің байсалды түрде арттыруы туралы хабарлады. Оңтүстік
Кореядағы Ямоситоның мәлімдемесі ұстамды, сақ түрде жасалды. Бірақ
Ямоситоның Оңтүстік Кореяға сапары Корей жартыаралығындағы әскери
жауапкершілікті Жапонияның жауапты болмайтындығын түсіндіреді. Ямоситоның
іс сапары бітіп, отанына қайтқанынан кейін Хасида имбо газет беттерінде
“алдыңғы қатарғы қауіпсіздік сызығы” ісіне Жапонияның Оңтүстік Корея
қазынасына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азия-тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі
Корея Республикасының тарихы
Жапонияның сыртқы саясатындағы территориялық (РФ, ҚХР, Оңтүстік Кореямен) мәселелердің орны мен маңызы
1950-1953 жылдардағы Корей соғысы: себептері, барысы, нәтижелері
КХДР ядролық бағдарламасының тарихи алғышарттары
Корей халқының этнодемографиялық жағдайы
Қазақстан және Оңтүстік Кореяның мектепке дейінгі білім беру жүйесінің салыстырмалы анализі
КХДР ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер мүдделерінің қарама-қайшылығы
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
Қытайға Жапониядан капитал шығару
Пәндер