Миграциялық саясатты зерттеудің теориялық-әдістемелік аспектілері



КІРІСПЕ 3.7 бет


І. МИГРАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ.ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Миграцияның әлеуметтік функциялары 8.11 бет
1.2 Миграциялық саясатты зерттеудің концептуалдық негіздері 12.14 бет


ІІ. МИГРАЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
2.1 Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік.демографиялық және этномәдени қауіпсіздігіне ықпалы 15.20 бет
2.2 Миграцияның Қазақстан Республикасына экономикасына тигізетін әсері 21.23 бет

ҚОРЫТЫНДЫ 24 . бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25. бет
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі контекстіндегі миграциялық саясатының қалыптасуы және миграцияның әлеуметтік функциялары зерттеледі. Қауіпсіздікке миграциядан туындайтын қатерлер талқыланады. Мигранттар қоғам үшін қандай жағдайда қатер төндіреді және қабылдаушы халық үшін саяси, экономикалық, қылмыстық қауіптің жоғарылауына негіз болады деген сұраққа байланысты жүргізілген талдау нәтижесі, мигранттардың өздерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмегенде, әлеуметтік жағынан қорғалмағанда, құқықтары заңмен дұрыс деңгейде сақталынбаған жағдайда реципиент ел үшін қатер келтіретіндігі анықталған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Миграция ерекше феномен ретінде ғылыми бөлінісінен бастап, әйтеуір бір контекстіде-экономикалық немесе әлеуметтік, тарихи немесе мәдени, демографиялық немесе этникалық тұрғыдан қарастырылып келген еді.
1. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына жолдауы;
2. М.Б. Тәтімов, «Миграциялық саясат қандай болуы керек», Алматы – 1998
3. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңы»
4. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатерлер»
5. Мейрманов С.Т. «Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі контексіндегі миграциялық саясатының қалыптасу мәселелері», Алматы – 2004
6. Миграция және жаһандану, Алматы – 2004
7. Миграция, адаптация и безопасность, Алматы – 2004
8. Қазақстанның демографиялық қауіпсіздігі және миграция, Қоғам және дәуір – 2004, N 2
9. Интеллектуалдық эмиграция және қауіпсіздік, Алматы - 2004

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
3-7 бет

І. МИГРАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Миграцияның әлеуметтік функциялары 8-11
бет
1.2 Миграциялық саясатты зерттеудің концептуалдық
негіздері
12-14 бет

ІІ. МИГРАЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
2.1 Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық және
этномәдени қауіпсіздігіне ықпалы 15-20 бет
2.2 Миграцияның Қазақстан Республикасына экономикасына тигізетін
әсері
21-23 бет

ҚОРЫТЫНДЫ
24 - бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25- бет

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі
контекстіндегі миграциялық саясатының қалыптасуы және миграцияның
әлеуметтік функциялары зерттеледі. Қауіпсіздікке миграциядан туындайтын
қатерлер талқыланады. Мигранттар қоғам үшін қандай жағдайда қатер төндіреді
және қабылдаушы халық үшін саяси, экономикалық, қылмыстық қауіптің
жоғарылауына негіз болады деген сұраққа байланысты жүргізілген талдау
нәтижесі, мигранттардың өздерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмегенде,
әлеуметтік жағынан қорғалмағанда, құқықтары заңмен дұрыс деңгейде
сақталынбаған жағдайда реципиент ел үшін қатер келтіретіндігі анықталған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Миграция ерекше феномен ретінде ғылыми
бөлінісінен бастап, әйтеуір бір контекстіде-экономикалық немесе әлеуметтік,
тарихи немесе мәдени, демографиялық немесе этникалық тұрғыдан қарастырылып
келген еді. Бұл кездейсоқтық емес. Өйткені, миграциялық процестер бір
жағынан, бір немесе бірнеше қоғамда болып жатқан өзгерістермен күшті
байланысты және осы мағынада алғанда оның әр жағының дамуының көрсеткіші-
саяси, этноәлеуметтік, еңбек нарығындағы жағдай, тағы басқалар. Екінші
жағынан, өзара сандық қана емес, сапалық қатынаста да (мәселен, әлеуметтік-
демографиялық және этномәдени сипатымен) ерекшеленген әр түрлі миграциялық
ағымдар өте күрделі және осы себептен донор мен реципиент қоғамдардың да
жағдайына ықпал етеді.
Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан-2030 атты Қазақстан халқына
жолдауында, бірінші ұзақ мерзімдік басымдық ретінде ұлттық қауіпсіздікті
қояды. Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса,
онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз,-дейді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев, ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне
мықты демографиялық және көші-қон саясаты шығарылуы керек. Егер біздің
мемлекеттік органдарымыз бұған бұрынғысынша немқұрайдылықпен қарайтын
болса, онда біз XXI ғасырдың қарсаңында Ресейдің артынан адам саны сыртқы
көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін демографиялық
оппа жағдайына тап боламыз. Бұл тенденция дереу тоқтатылуға тиіс,-деген
еді.
Біз Қазақстандағы миграцияның қауіпсіздікке қатерін біріншілердің
қатарында болып зерттейтіндігімізді білдік. Мұндағы ең басты қиындық мынада
еді, яғни миграция мен қауіпсіздік, бір-бірімен жақындасатын ауқымдық
ретінде, бірінен-бірі принципті түрде ерекшеленеді. Миграция кеңістіктегі
қоныс аудару процесіне түскен адамдардан көрініс табады, ал нышандық
сипатта, бұл үлкен деңгейде құрылымдармен әрі инстнтуттармен байланысты.
Миграцияны сандық қатынаста өлшеуге болғанымен, қауіпсіздіктің сандық
өлшемі проблемалық. Миграция өзінің өмір сүруінде сапалық бағаға тәуелді
емес, тек қана бұл баға миграцияны қолдау мен шектеуге қалай ықпал етеді
деген мәселеге ғана тәуелді, керісінше, қауіпсіздік сапалық бағалауға
толығымен байланысты әрі оған ұшырамағанға дейін өмір сүрмейтін де секілді
(шындығында, ол әлі де санамызға енбеген құбылыс ретінде өмір сүруі
мүмкін). Бір сөзбен айтқанда, миграцияны шынымен көруге болады, ал
қауіпсіздікті сезіну қиын.
Басқа да әлеуметтік феномен ретінде миграция бір ғана емес, бірнеше
контекстілерге сіңісе еніп кеткен. Алайда, мұның бәрін қамту мүмкін емес,
себебі белгілі бір аналитикалық тапсырманы шешу үшін миграцияны
контекстілердің біреуінде ғана алып қарастыру қажет. Ең дұрысы, өзекті,
толығымен зерттелмеген анық бір контекстіні зерттеу керек. Біз өз
зерттеуімізде миграция феноменін тұтастай қауіпсіздік контекстінде
зерттеуді алдымызға мақсат етіп қойдық.
Қазіргі кезендегі әлемдегі жаһандану процесіне байланысты, Қазақстан
Республикасының қауіпсіздігі контекстіндегі миграциялық саясатының
қалыптасуы мәселесі өте өзекті. Өйткені, еліміздің саяси режиміндегі және
әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы өзгерістер жаңа миграциялық жағдайдың
пайда болуына әкелді. КСРО-ның ыдырауына орай, Одақ ішіндегі болатын
миграциялық процестер трансшекаралыққа айналды. Бұрынғы Кеңес Одағына
кірген мемлекеттер мигранттарды өркениетті қабылдаудың объективті
жағдайларына ие емес. Өйткені, көптеген онжылдықтар бойы онда тек Кеңес
дәуірінде жүргізілген шектеулі тыйым салынған саясаттан басқа иммиграциялық
саясаттың еш тәжірибесі болмады. Ал Кеңес Одағы ыдыраған соң, бұрынғы Кеңес
Республикаларымен миграциялық алмасу мемлекет аралық болып шықты да, олар
ең алғаш алыс шет ел деп аталатын елдерден мигранттардың үлкен ағымын
сезінді және посткеңестік кеңістіктегі іс жүзінде қабылдаушы елдердің
біріне айналды. Ал Қазақстан Республикасы қабылдаған миграциялық ағымдардың
біршамасы өзінің табиғаты жағынан астыртын, яғни қарулы шиеленіс,
этносаралық шиеленіс, осымен қатар Азияның депрессивті аймағынан да
келгендерден құралды. Мәжбүрлі қоныс аударушылар мен босқындардың саны да
артуда. Әсіресе, жақын және алыс шет елдерден келетін жұмыс күші
мигранттары, яғни тастарбайтерлер елімізде көбеюде, ал бұлар біздің
коғамымызда біртіңдеп бесінші бағанды қалыптастыруда. Себебі олар мәдени
жағынан да, менталитеті жағынан да бізге бөтен болғандықтан қоғамымыздағы
қалыптасқан этномәдени тепе-теңдіктің бұзылуына, шикізаттар үшін күрестің
өршуіне әкеліп, жаңа конфликтілердің пайда болуына серпін берері сөзсіз. Ал
уақыт өте келе дұрыстап орнығып алған соң, олар Қазақстандағы саяси және
әлеуметтік жағдайға жүйелі түрде ықпал ете бастауы мүмкін. Өйткені
Қазақстандағы барлық тұрғын халықтың саны бар болғаны 15 миллион ғана. Егер
де Қазақстанға әр түрлі елдерден мигранттар келе беретін болса, біршамадан
соң біз өзінің үйіңде тұрып жатып, пәтер жалдаушының кейпіне енген жағдайға
түсіп қалғанымызды байқамай қалуымыз мүмкін. Осы айтылғандарға байланысты
миграцияның жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер болып
табылуы, бұл проблеманы зерттеуді өте өзекті етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстандағы миграциялық процестерді
зерттеуге арналған біршама еңбектердің болғанына қарамастан, миграциялық
саясатты қауіпсіздік контекстінде тұтастай қарастырған еңбектер жоқ.
Осы мәселеге тоқталатын болсақ, миграцияны қауіпсіздік контекстінде
зерттеген алғашқы еңбектер ағылшын тілінде жарық көрген болатын және осымен
қатар арнайы термин пайда болған еді. Батыс ғалымдары посткеңестік миграция
жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қауіпсіздігіне не маңызы бар (донор немесе
реципиент ретінде ме, айырмашылықсыз) және посткеңестік кеңістік
аумағындағы миграциялық қозғалысқа қатысушылардың қауіпсіздігімен қандай
байланысы бар деген мәселелерді үстіртін ғана қарастырып өткен.
Біздің еліміздегі халықтың миграцияның әлеуметтік функцияларын зерттеу
мәселесіне келер болсақ, ол мынандай үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең:
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 20-шы жылдарын құрайды. Бұл
кезеңде мынандай еңбектер жарық көреді, олар: И.Л. Ямзиннің Шаруалардың
босау кезінен бастап Ресейдегі қоныс аударулар (Киев, 1912), В.В.
Оболенскидің Соғысқа дейінгі Ресей мен КСРО-ғы халықаралық және континент
аралық миграциялар (Москва, 1928) және т.б.

Екінші кезеңде:
(1930-1950 жж.) миграцияны зерттеу, басқа да ғылымдар мен бағыттарды
зерттеу тәрізді ондаған жылдарға дейін зерттелмей қалады. Бұл кезеңде
социализм дәуірінде миграция жоспарлы түрде жүргізіледі, сондықтан да оны
зерттеудің қажеттілігі жоқ деген түсінік қалыптасады. Осыған байланысты
1939 және 1959 жылдардағы жүргізілген халық санағының санақ парақтарына
миграция туралы сұрақтар да енгізілмейді.

Үшінші кезең:
1960-шы жылдардан бастау алады, бұл кезеңнен бастап халықтың
миграциясын зерттеудің жаңа дәуірі басталды. Миграцияның әр түрлі
аспектілеріне арнаған, алдыңғы қатарлы демограф ғалымдардың еңбектері
жарияланды, олар В.И. Медков, А.Я. Кваша, В.А. Ионцев, Г.С. Витковская,
Н.М. Римашевская, т.б.
Әлеуметтік-демографиялық процестердің социологиялық зерттеу тәсіліне
Т.И. Заславская, О.М. Маслова, В.И. Переведенцева өз еңбектерін арнаған.
Миграцияның қоғамның этникалық құрылымы мен әлеуметтік-демографиялық
жағдайына ықпалын Г.С. Витковская, Ж.А. Зайончковская, т.б. өз еңбектерінде
қарастырады.
Қазақстандық ғалымдар да миграцияны қазақстандық қоғамымыздың
демографиялық, саяси, ұлттық, қауіпсіздік контекстілерінде зерттеп, өз
еңбектерін, мақалаларын жариялады. Олар: Тасмағамбетов, Б.Г. Аяған, М.Б.
Тәтімов, Қ.К. Тоқаев, И.Н. М.Х. Асылбеков, А.Б. Гали, К.Л. Сыроежкин, В.В.
Козина, Е.Ю. Садовская, А.А. Нұрмағамбетов, Ф.Н. Базанова, Н.В. Романова,
Н.Э. Масанов, Г.М. Мендқұлова, Б.Б. Әбдіғалиев, А.Т. Тилесов, А.И.
Лұқпанов, т.б.
Зерттеу бағытын таңдау Қазақстанның миграциялық саясатына әсер
ететін әр түрлі қатерлерді ашып көрсете отырып, қауіпсіз миграциялық
саясатының қалыптасу жолдарын талдаумен байланысты.
Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі, бұл мәселенің шет елдік және
отандық ғалымдардың зерттеу денгейі, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері,
объектісі және пәні негізделген, жұмыстың жаңалығы мен практикалық
маңыздылығы көрсетілген.

І. МИГРАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Миграцияның әлеуметтік функциялары

Саяси ғылымның категориясы ретіндегі миграциялық саясат, миграция
функциялары, миграция және қауіпсіздікті ғылыми зерттеудің әдістемесі,
қауіпсіздік контекстіндегі миграцияны зерттеудің концептуалдық негіздері
қарастырылады. Миграцияның әлеуметтік функциялары атты бірінші бөлімшеде
қауіпсіздік контекстіндегі миграциялық саясаттың қалыптасуы проблемасының
концептуалдық және әдістемелік тәсілдері талданады, тиімді әлеуметтік-
экономикалық саясат жүргізу үшін миграциялық ағымдардың көлемі мен
мигранттардың құрамын бағдарлай білу, миграцияны пайда болдыратын
факторларды және миграцияның салдарын бағалай білудің кажеттілігі айтылады.
Миграция мен қауіпсіздікті ғылыми зерттеудің әдістемесі беріледі.
Қазіргі ғылымда, әсіресе батыс ғылымында миграцияны зерттеп, талдауда
бір жағынан бірін-бірі толықтыратын және біріне-бірі біршама қарсы келетін
екі негізгі теориялық парадигмалар бар. Біріншісі, құрылымдык парадигма.
Бұл парадигма миграцияны түсіндіргенде орталық орынды адамды немесе топты
миграциялауға итермелейтін құрылымдарға береді. Миграция теориясындағы
екінші парадигма, миграциялау туралы мәселеде субъективті факторға басты
орынды береді. Субъективтік парадигма микродеңгей теориясы етіп анықталады,
өйткені адам миграцияның басты агенті ретінде талданады.
Тарихқа шолу жасасақ ең алғашқылардың бірі болып миграциялық
процестерді жүйелендірген ағылшын ғалымы Е.Г. Равенштейн болған еді. Оның
1885 жылы жасап берген миграцияның он бір заңын немесе ережелерін қазірдің
өзінде миграциялық теорияны жасаушылар негізге алады. Осы он бір ереженің
ішіндегі бүгінгі күнде қоғамның дамуында алтыншы және жетінші заңдылықтар
берік және анықтаушы сипатқа ие. Яғни: миграцияның көлемі өндірістің,
сауданын, әсіресе көліктің дамуына байланысты көбейе түседі; миграцияның ең
басты анықтаушысы-экономикалық себептер болады.
Миграция дегеніміз - бұл әлеуметтік-экономикалық катынастарға
байланысты болатын миграциялық қозғалыс. Миграцияның мынандай
категорияларға негізделген интегралды функциялары бар, олар:
1) типі;
2) түрі;
3) формасы;
4) себебі;
5) деңгейі.

1) Миграциялық қозғалыстар бір елдің ішінде де, осымен бірге
мемлекеттердің арасында да болады. Сол себептен де тұрғын халықтың
миграциясының екі типін бөліп алады: халықаралық (мемлекетаралық, сыртқы)
және ішкі (мемлекет ішілік).
Халықаралық миграцияға иммиграция және эмиграция деген түсініктер тән.
Біріншісі, бір елге жұмысқа орналасуға немесе оқуға түсу мақсатында және
басқа да себептерге байланысты басқа елге барып кіруді білдіреді.
Екіншісінде елден кету туралы айтылады. Осыған байланысты эмигранттар жэне
иммигранттар болып бөлінеді. Ішкі миграция дегеніміз - бір мемлекеттің
территориясы көлеміндегі қозғалыс. Ішкі миграцияның ағымдары мынандай
бағыттары бойынша бөлінеді: қала-қала; ауыл-ауыл; ауыл-қала.

2) Ішкі де, сыртқы миграцияға да мынандай негізгі түрлер тән. Олар:
маусымдық миграция, маятниктік миграция (челноктық, шекаралас), зпизодтық
миграция, мәжбүрлі миграция, заңсыз (астыртын) миграция. Осы жоғарыда
айтылған миграция түрлерімен қатар, қазіргі кезде зерттеушілер моральдік
миграция түрін де бөліп алуда. Яғни, адам қоныс аударғысы келгенімен
қаржысының жоқтығынан көшіп кете алмайды, осымен қатар бұл жерде кедейлік
миграциялауға себеп те болады және қоныс аударуға кедергі келтіретін де
фактор болып табылады.

3) Формасына қарай миграциялық козғалыстарды былай деп бөлуге
болады: мемлекеттің немесе әр түрлі қоғамдық кұрылымдар
(мәселен, ұйымдастырылған түрде еңбекшілерді жинау, қоғамдық үндеулер
бойынша миграция) көмегі арқылы жүзеге асатын коғамдық-ұйымдасқан
және ұйымдаспаған, яғни мемлекеттің көмегінсіз жүзеге асатын.

4) Миграциялық қозғалыстарды себептеріне байланысты жіктей отырып
мыналарды бөліп алуға болады, олар: экономикалық, әлеуметтік, саяси,
мәдени, діни, нәсілдік, әскери, демографиялық (отбасының бірігуі, некелік
миграция) және т.б.
Қазіргі кезеңде миграцияны қандай факторлардың анықтағанына қарамастан,
басты орынды экономикалық алады.

5) Тұрғын халықтың миграциясы үш деңгейге бөлінеді. Бірінші деңгей-бұл
миграциялау туралы шешімді қабылдау.
Екіншісі - бұл территориялық қоныс аудару, жоғарыда айтқандай
ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған, яғни мигранттың өзінің тәуекеліне
байланысты.
Үшіншісі - бұл мигранттың жаңа орынға, жана жұмысқа бейімделуі және
үйренуі деңгейі.
Әдістемелік принцип талаптары бойынша, миграцияны қарастыратын
зерттеуші, бұл әлеуметтік-саяси құбылысты жан-жақты түсіну үшін белгілі бір
зерттеу іс жосығын анықтап алуы керек. Сондықтан да, зерттеуші өзінің
зерттеу жұмысында ғылыми танымның барлық әдістер қорын қолданғаны жөн,
ғылыми танымның әдісі сапасында тарихи әдіс те әлеуметтік құбылыстар мен
процестердің пайда болуын, қалыптасуын және тарихи жағдайларға
байланысты дамуын зерттейді. Мәселен, астыртын мигранттарды,
гастарбайтерлерді қанап, ауыр жұмысқа салу, қазіргі кездегі құлдықтың
бейнесі. Осыған таза мысал ретінде, қырғыз және өзбек мигранттарының
Қазақстандағы ауыр жағдайларын келтіруге болады.
Құжаттардың, ақпараттардың ең басты мәселелерін білуде контент-анализ
де маңызды. Мәселен, миграция мен демографияға байланысты арнайы
бағдарламаларға контент-анализ жасалынып, оның басты көрсеткіштері бірінші
және екінші бөлімде пайдаланылды. Мысалға, 2003-2004 жылдардағы БАҚ-ның
мигранттар туралы материалдарына контент-талдау жасалынды. Нәтижесінде
Экспресс К, Казахстанская правда газеттерінің кейбір сандарында ғана
заңсыз мигранттар туралы, олардың қайыршылықта өмір сүретіндігі, осыған
байланысты қылмыс жасайтындықтары жазылған.
Сонымен Қазақстан Республикасының миграциялық саясатының басты мақсаты-
миграциялық процестерді басқару, халықтың көбеюіне немесе тұрақтануына
ықпал ететін және мемлекетіміздің біртұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін болуы керек. Ол үшін миграциялық саясаттың қауіпсіздігімізге
ықпалын, жүйелік, құрылымдык-қызметтік, тарихи, бихевиористік,
салыстырмалы, социологиялық әдістер арқылы зерттеп білу қажет.

1.2 Миграциялық саясатты зерттеудің концептуалдық негіздері

Миграциялық саясатты зерттеудің концептуалдық негіздері атты екінші
бөлімшеде қауіпсіздіктің қатерлері шынымен көрініс берген немесе
потенциалды болуы мүмкіндігі айтылады. Бірқатар қазақстандық ғалымдар да
өздерінің зерттеулерінде былай деп жазады: үкіметтік деңгейде
үйлестірілмеген миграциялық процесс мемлекеттің экономикалық, демографиялық
саясатына кері әсерін тигізумен қатар, ұлтаралық шиеленістің де туындау
себепкері болады.
Қазақстанның белгілі демографы М.Б. Тәтімов миграциялық саясаттың
қандай болуы керектігі жөнінде өзінің пікірін былай білдіреді: Миграциялық
саясат, үлкен территориясы бар жаңа унитарлы мемлекет Қазақстан
Республикасының беріктігінің күшеюінің стратегиялық мақсаттары мен
міндеттеріне сай болуы керек.
Шет елдердегі миграциялық саясаттағы өзгерістер туралы айтар болсақ,
АҚШ-нан кейін, Франция да 2004 жылдан бастап қауіпсіздік шараларын
жетілдіру максатында кіру визасын алу үшін бірқатар елдердің азаматтарынан
биометриялық мәліметтерін-саусақ таңбаларын, кейбір жағдайларда бет бейнесі
өлшемдерінің де көрсетілуін талап етуде. Осы айтылған АҚШ, Франция,
Литвадағы, т.б. елдердегі миграциялық өзгерістерді де өз сөзінде мысалға
келтіре отырып, Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары
Әбдірашит Жүкенов 2004 жылдың 27 қыркүйегіндегі Республика Президентінің
жанындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссия жиналысында келешектегі
миграциялық саясатқа байланысты мынандай пікірін білдірді: Қазақстанға
Қырғызстан территориясы арқылы заңсыз мигранттар келуде. Ал Қырғызстандағы
Баткент шатқалы Орталық Азиядағы ең қауіпті аумақ, өйткені қолдағы бар
мәліметтер бойынша ол жерде террористер мен экстремистерді дайындау
орталықтары құрылуы мүмкін.
Қазақстандық саяси ғылым докторы К.Л. Сыроежкин, Қазақстан
Республикасының миграциялық саясатының басым бағыттары мыналар болуы қажет
дейді. Олар, бұл саладағы жауапкершіліктің күшеюін қарастыратын ұлттық
заңдылықты жетілдіру; иммигранттарды шыққан жерлеріне немесе соңғы келген
жеріне шығару туралы іс-жосығын, мемлекеттік органдардың өзара келісе
отырып және ақпарат алмасу нәтижелерінде шешуі; нормативтік актілерге
қосылу мен оның ережелерін орындау арқылы заңсыз миграцияның алдын-алу
жөніндегі жалпы еуропалық және әлемдік жүйеге мемлекеттердің
интеграциялануы.
Ал саяси ғылымдар кандидаты Б.Б. Әбдіғалиев былай деп атап өтеді:
Қазақстанның тұрақты дамуы үшін демографиялық процестерден туындайтын
салдарлар мен қиыншылықтар да басты орынды алады.
Біріншіден, территориямыздағы аз қоныстану, адам санының азаюы
мемлекеттік қауіпсіздік деңгейін төмендетеді. Мұндай жағдайда халқы тығыз
қоныстанған көрші мемлекеттеріміз Қытай мен Өзбекстанның демографиялық
қысымы күшейе түседі;
екіншіден, қазіргі кездегі туудың азаюынан, эксперттік бағалаулар
бойынша әсіресе 2020 жылдан соң Қазақстанның Қарулы күштерін толықтыру
мәселесі туындайды. Ал заңсыз иммиграция діни экстремизм мен терроризмнің
тарауына әкелуі мүмкін.
Ресей ғалымдарының миграциялық саясатқа байланысты көзқарастарына
тоқталар болсақ, мынандай тұжырымдарды атап өтуге болады. Мәселен,
Ауылшаруашылық бағдарлау институтының жоғарғы маманы, география
ғылымдарының кандидаты Н.В. Миртчян былай дейді: Заңсыз мигранттарды
депортациялағаннан гөрі, иммигранттарды легализациялау мен натурализациялау
тиімді. Мұны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі көші - қон процестерінің мәселелері
Көші - қонның шарықтау шегі
Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні
Миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу: жағдайы, мәселелері және басымдылықтары
Қазақстан Республикасының көші – қон процестердің ерекшеліктері
Халықаралық миграция және мемлекеттердің миграциялық саясатын шешу принциптері
Қазақстан Республикасындағы халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайы
Демография және әлеуметтану
Халықтың көшіп-қонуын мемлекеттік реттеудің экономикалық мәселелері
ҚАЗІРГІ МИГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУ: ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТ
Пәндер