Қазақстан Республикасының құқығы құқық ұғымы және оның мәні
1. Құқық нормалары және оларды жүзеге асыру
2. Құқық жүйесі
3. Заңдылық және құқық тәртібі.
4. Құқық бұзғаны үшін жауапкершілік
5. Конституциялық құқық және қоғамдық құрылыстың негіздері
Қорытынды

Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық құбылыс ретіңде түсінілетін философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек. Алдымен, субъективтік тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету, демалу, өмір сүру, қорғану құқығы секілді тікелей субъектімен байланысты құқықтар. Объективтік мағынадағы құқық — нормативтік құқықтық актілерде белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл орайда көрсетіп кету керек — субъективтік құқық объективтік құқықтың негізінде туындайды және тоқтатылады. Мәселен, 1999 жылдың 1 маусымынан бері «объективтік құқықтың» негізінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық көлікте тегін жүруге деген «субъективтік құқықтары» тоқтатылып, жеңілдіктер алынып тасталған. Құқық бұл көрсетілгендерге қоса, оқу пәні ретінде де түсініледі (әкімшілік құқық, Азаматтық құқык, Еңбек құқығы және т.б.).
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ
ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
Жоспар
1. Құқық нормалары және оларды жүзеге асыру
2. Құқық жүйесі
3. Заңдылық және құқық тәртібі.
4. Құқық бұзғаны үшін жауапкершілік
5. Конституциялық құқық және қоғамдық құрылыстың негіздері
Қорытынды
Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық құбылыс ретіңде түсінілетін
философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек.
Алдымен, субъективтік тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның
мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету,
демалу, өмір сүру, қорғану құқығы секілді тікелей субъектімен байланысты
құқықтар. Объективтік мағынадағы құқық — нормативтік құқықтық актілерде
белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл орайда көрсетіп кету керек
— субъективтік құқық объективтік құқықтың негізінде туындайды және
тоқтатылады. Мәселен, 1999 жылдың 1 маусымынан бері объективтік құқықтың
негізінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық көлікте тегін
жүруге деген субъективтік құқықтары тоқтатылып, жеңілдіктер алынып
тасталған. Құқық бұл көрсетілгендерге қоса, оқу пәні ретінде де түсініледі
(әкімшілік құқық, Азаматтық құқык, Еңбек құқығы және т.б.). Құқықтық
объективтік және субъективтік мағыналардың біріктіріле түсінілетіндігі де
жоққа шығарылмайды. Осыларға қарап құқықтың аса күрделі категория екенін
білуге болады. Жалпы алғанда құқық дегеніміз — мемлекет белгілеп,
мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың)
жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі онын нормаларын сақтау мемлекеттің
мәжбүр ету күшімен қамтамассыз етілетіндігінде.
Құқықтын мәні Конституцияда және басқа да зандарда бекітіліп,
тиянақталған оның түпқазық бастауларында, негізгі принциптерінде ашылады.
Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің
дамуы, корғалуы және олардың субъектілерінің тендігі; демократизм,
интернационализм,гуманизм.
Саяси биліктің халықтың атынан жузеге асуы. Бұл ереже Қазақстан
Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық болып
табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық мемлекеттік билікті
тікелей және өз өкілдері аркылы жүзеге асырады.
Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі—
мемлекеттің материалдық-техникалық базасын кұрудағы маңызды шарт.
Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен қатар
жеке меншік нысандарына негізделетіні, ал мемлекет меншіктің барлық
субъектілерінің заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ететіндігі жөніндегі
ереже бекітілген. Республика басқа мемлекеттер аумағындағы өзінің
азаматтары мен заңды тұлғаларының өз мүліктеріне деген меншіктік құқығын
қорғайды.
Демократизм азаматтық құқықтар мен бостандықтардың кең ауқымымен
ұштаса отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құқығын қамтамасыз
ететін оның құқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді.
Демократизм азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша
орын алатыны — олардың мемлекеттік істерді басқаруға қатысуы міндеттерін
орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге асады. Қазақстан Республикасы
қоғамдық бірлестіктердің Конституция мен зандар шеңберінде мемлекеттік
істерді басқаруға, заңдарды талқылау мен қабылдауға, мемлекеттік және
жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік
береді.
Интернационализм — барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси,
шаруашылық және мәдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі теңдікті
тану және оны құқықпен қамтамасыз ету болып түсініледі. Республикамызда
нәсіліне, ұлтына, тіліне және т.б. жағдаяттарға қарамастан құқық пен бостан-
дықтеңдігіне кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан халықтары Ассамблеясы
интернационалдык ұйым.
Гуманизм (латын тіліндегі һитапиз — адамдық, адамгершілік) — адамның
жеке тұлға ретіндегі кұндылықтарын, оның еркін даму және өз қабілеттерін
көрсету құқығын тану. Адамның қадір-қасиеті мен құқықтарын қадірлеуді
қамтамассыз етуден тұратын басты кұқықтық принциптердің бірі — оның
игіліктеріне қамқорлық жасау.
Адамгершілік принципі Ата Заңымызда айрықша аталған. Онда әркімнің
өмір сүруге кұқығы бар екені, ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы
жоқ екені, сондай-ақ адам мен азаматтың ар-ожданы мен абыройына қол сұғуға
болмайтыны жөнінде баяндалған. Сонымен қатар адамның кінәлі екендігі сот
үкімімен дәлелденіп, үкім занды күшіне енбейінше, адам қылмыс жасады деп
танылмайтындығы жөніндегі қағида орнықтырылған. Осылайша, кез келген күдік
дәлелденгенге дейін айыпталушы тұлғаның пайдасына шешіледі.
Құқық пен маральдың өзара байланысы және өзара шарттастығының
арақатынасы қандай? Біздің құкыққа маральдың жоғары принциптері тән. Мараль
да, құқықта әлеуметтік нормалардың түрлері ретінде бір мақсатқа: әлемдік
қауымдастқтың ажырамас бөлігі — мызғымас Қазақ мемлекеттілігінің кұрылысына
қызмет етеді.
Құқықтың саясатпен және экономикамен арақатынасын білудің құқықтың
мәнін сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың мазмұны қоғамдағы
өндірістік катынастармен айқындалады. Мемлекеттің саяси шараларының басты
аспектілері құкықта бейнеленіп көрсетіледі.
Құқық экономикалық базистің қондырмасы деп саналады. Өмірдің
материалдық жағдайы өзгерген сайын құкықта өзгеріп отырады. Қазіргі
уақыттағы шаруашылық жүйесінің өзгеруіне байланысты зандардың да тиісінше
өзгеріске ұшырап, толықтырылып отыруы занды құбылыс. Қоғамдык қатынастардың
бұдан кейінгі дамуында да құқықтың ролі арта түсуі керек.
Құқық бастаулары
Құқықтың қайнар көздері — құқық қалыптастыратын әлеуметтік
факторлардың жиынтығы (мемлекет, таптар, идеология және т.б.), оған
құқықтық сипат беруге қажетті мемлекеттік еріктің көріну нысаны (заң,
жарлық, қаулы, декрет және т. б.). Құқық бастауы болып тек құкықтық мәні
бар актілер ғана танылады. Үндеулер, мәлімдемелер, декларациялар және т. б.
моральдык-саяси сипаттағы актілер құкықтық маңызы болмағандыктан құқықтың
қайнар көзіне жатпайды.
Әрбір елдің құқықтық табиғатына байланысты өзіне тән құқық қайнар
көздері болады. Мемлекеттің құқықтық жүйесі өзгеруіне байланысты
мемлекеттегі құкық көздері де өзгеріп отырады. Құқықтың қайнар көзіне
құқықтық әдеттерді, сот (әкімшілік) процентін, шарттарды, ғылыми
доктриналарды, нормативтік құқықтык актілерді жатқызамыз.
Құқықтық әдеттер — адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет
күшімен қамтамассыз етілетін ресми түрде бекітілген әдет-ғұрыптар. Кезінде
қазақелінде қоғамдық қатынастар әдет-ғұрып нормаларымен реттелгені белгілі.
Құқықтың бұл бастауы бұл күндері араб елдеріне және басқа да діни-ғұрыптық
кұқықтық жүйедегі елдерге тән. Бүгінгі таңдағы елімізге қатысты
санкцияланған әдет-ғұрыптарды айта кетуімізге болады. Мәселен, ҚР АК-нің 3-
бабының 4-тармағында іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар республи-
ка аумағында қолданылып жүрген азаматтық зандарға қарсы келмесе, солармен
реттелуі мүмкін екендігі айтылған.
Құқық прецеденті - жоғары сот органдары қабылдаған нақты шешім. Осы
шешім төменгі сот органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады. Құқық
прецедентінің шыққан елі — Англия. Бүгінде құқық прецеденті Англия, АҚШ,
Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар көзі бо-
лыптабылады. Құқықтық шарттар негізінен халықаралық қатынастардағы құқықтың
бірден бір көзі болып табылады. Олар екі немесе одан да көп субъектілердің
тек өзара міндетті құқық ережелерін қамтиды.
Нормативтік құқықтық актілер — құқықтың ең басты қайнар кезі ретінде
танылады. Олар қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпы ережелерден тұратын
мемлекеттік органдар ресми қабылдаған актілер.
Біздің республикамызда танылатын құқық қайнар коздері еліміз
Конституциясында баянды етілген. Конституцияның 4-бабының 1-тармағында
Қазақстан Республикасында колданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес
зандардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың
халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондайақ Республиканың
Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының
нормалары болып табылады делінген.
Нормативтік актілердің өзгеру тәртібі және олардың жүйесі Конституция
мен 1998 жылғы 24 наурыздағы Нормативтік құқықтық актілер туралы ҚР
Заңында көрсетіліп, нақтыланған. Нормативтік құқықтық актілер мазмұнының
сипаты, күші және олардың әрекет аумағының қаншалықты екені норма
шығармашылық қызметті іске асыратын органға тікелей байланысты.
Жоғарыда аталған Нормативтік құқықтық актілер туралы Заңның 4-
бабының 1, 2-тармақтарында нормативтік құқықтық актілердің иерархиялық
сипатта орналасқан төмендегідей сатысы көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар;
ҚР Конституциялық заңдары мен ҚР Президентінің Конституциялық заң күші бар
Жарлықтары;
ҚР Кодекстері, Заңдары, сондай-ақ ҚР Президентінің з.к.б. Жарлықтары;
ҚР Президентінің нормативтік Жарлықтары;
ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;
ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;
министрлердің нормативтік бұйрықтары, мемлекеттік комитеттердің нормативтік
қаулылары, өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары,
қаулылары;
— мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.
Заңның осы бабының 4-тармағында жоғарыда көрсетілген
сатыдан тыс тұратын нормативтік қаулылар көрсетілген. Олар:
ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары;
ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;
—ҚР Орталық Сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары.
Заңның 3-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілер негізгі және
туынды түрлерге бөлінеді.
Жоғарыда көрсетілгендер актілердің негізгі түрлеріне жатады, ал
нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады: регламент,
ереже, қағида, нұсқаулық.
Бүкіл құқықтың бастауы болатын Конституцияны Негізгі Заң деп те
атайды. Өйткені ол өз мазмұны жөнінен мейлінше маңызды, басты заң болып
табылады, ағымдағы заңнаманы немесе басқа да нормативтік актілерді
қабылдауда бастапқы саты ретінде тиянақты қызмет атқарады.
Конституция— қоғамдық және мемлекеттік құрылысты, биліктің өкілді
органдарының тәртібі мен принциптерін, сайлау жүйесін, азаматтардың
құқықтары мен міндеттерін белгілейтін мемлекеттің Негізгі Заңы. Оның жоғары
зандық күші бар және ол еліміздегі барлық заңнаманың нормативті базасы
болып табылады әрі Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады.
Ата Заңда Конституция ережелеріне қарсы келетін заңдардың және басқа
да актілердің заңдық күші болмайды деп атап көрсетілген.
Маңызды құқық бастауы Парламент қабылдаған заңдар болып табылады.
Олар нормативтік актілерге (жарлықтарға, қаулыларға және т. б.) қатысты
жоғары заңды күшке ие. Мемлекеттің орталық атқарушы; уәкілетті органдары
қабылдаған нормативтік актілердің бәрі заңға сәйкес акт болып табылады. Заң
ережелері мемлекеттік органдардың барлығы үшін сақталуға міндетті. Әрекет
шеңберіне және зандық күшінің деңгейіне қарай зандар Конституцияға
өзгерістер мен толықтырулар енгізетін, конституциялық және ағымдағы зандар
болып бөлінеді.
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізген заң 1998 жылғы 7
қазанда қабылданды. Осы Заңға сәйкес Конституциядағы Президент, Парламент
депутаттары өкілеттік мерзімдеріне қатысты және т.б. нормаларға өзгерістер
мен толықтырулар енгізілді.
Заңдардың, Президент жарлықтары мен қаулыларының негізінде және
оларды орындау үшін шығарылған заңға сәйкес актілер де маңызды құқықтың
қайнар көзі болып табылады. Бұл актілердің заңдық күші және қызмет шеңбері
жөнінен айырмашылықтары бар. Бұлардың ішінде Қазақстан Республикасы
Үкіметінің еліміздің барлық аумағында орындалуы міндетті қаулылары үстемдік
етеді.
Құқық қайнар көзінің негіздеріне әр түрлі министрліктердің,
мемлекеттік комитеттердің, Үкімет жанындағы бас баскармалардың,
инспекциялардың, департаменттердің нормативтік-құқықтықсипаттағы актілері,
бұйрықтары, нұсқаулары, қаулылары, сондай-ақ Республика Жоғарғы Сотының
қаулылары, Президенттің орындалуға тиісті Жарлықтары негізінде жарияланатын
нұсқаулары, Үкімет қаулылары жатады. Жергілікті өкілді және атқару
органдарының нормативтік актілер болып табылатын шешімдері де құқық қайнар
көзі ретінде танылады. Бұлар олар орналасқан аумақтағы барлық кәсіпорындар,
мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтар үшін
міндетті. Құқықтың басқа бір көзі — қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтар мен
кооперативтердің мемлекет мақұлдаған нормативтік құқықтық актілері.
Құқықтық нормалардың әркеттілігін күшейту, әр түрлі заңдардың
арасындағы ішкі логикалық байланысты белгілеу және оны практикалық қызметте
пайдалануды жеңілдету мақсатымен Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы
құрастырылған.
Құқық нормалары және оларды жүзеге асыру
Құқық нормалары — мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, лауазымды
тұлғалар, барлықазаматтар орындауға міндетті мемлекет белгілеген және
бекіткен орындалуы міндетті мінез-құлық ережелері. Ережелерді жүзеге асыру
сендіру тәсілімен ғана емес, мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен де қамтамассыз
етіледі. Құқықтың үстем нормасы ретінде Конституция қоғамдық қатынастарды,
Республиканың қоғамдық құрылысы мен саясатының негіздерін баянды етеді,
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, мемлекеттің
мақсаттары мен ұйымдастыру принциптерін белгілеуді қамтиды. Құқық
субъектілерінің нақты шеңберіндегі қоғамдық қатынастар құқықтың салалық
нормаларымен реттеліп отырады. Мысалы, Қазақстан Республикасындағы еңбек
туралы ҚР Заңы қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында еңбек процесі
барысында туындайтын қатынастарды реттейді. Құқық нормалары белгілі бір
адамға арналмайды. Қылмыстық Кодекстің 308-бабына сәйкес билікті немесе
қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, яғни лауазымды адамның құқықтары мен
өкілеттігі шегінен көріну асып кететін және азаматтардың немесе ұйымдардың
құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен
қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы —
басшылар мен лауазымды тұлғалардың беймәлім тобына арналады да, жалпы
сипатқа ие болады. Құқықтың осы нормасына негізделген сот үкімі қылмыс
жасаған нақты адамға арналған жағдайда жеке түрде болып келеді. Құқық
нормасының бір ерекшелігі онда қоғамдық қатынастардың нақты қатысушысына
нені орындау керектігі немесе неден қалыс қалу кажеттігі мазмұндалады,
бұның нәтижесінен туындайтын оның мінез-құлқының шектері мен аумақтары
белгіленеді. Олар ұдайы әрекет үстінде болып, кез келген сәтте және
әлденеше кайталанып, қолданылуы мүмкін.
Құқықтық нормалардың құрылымы — оның құрылысы, элементтері: гипотеза,
диспозиция және санкция.
Құқықтық норманың гипотезасы — нормада көрсетілген мінез-құлық
ережелерінің күшіне енуіне байланысты орынның, уақыттың немесе оқиғаның
жағдайларында қолданылатын белгілі бір шарт. Мәселен, мұра қалдырушы өлген
күн, ал егер оны өлді деп жариялағанда — соттың шешімінде көрсетілген күн
мұраның ашылған уақыты деп танылады.
Дипозиция — құқықтық нормалардың негізгі бөлігі болып табылады. Онда
мінез-құлық ережелері сипатталып, анықталады. Құқық пен оған қатысушылардың
реттелетін құқықтық нормалары қатынастарының міндеттері белгіленеді.
Мәселен, Азаматтық кодекстің (бұдан әрі — АК) 268-бабында: Міндеттемеге
сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік
беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т. б. сияқты белгілі бір әрекеттер
жасауға не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші
борышқордан өз міндеттерінің орындалуын талап етуге кұкылы. Несие беруші
борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті делінген.
Санкция — құқықтық норманың қорытынды бөлігі, диспозициядағы әрекетті
жасағаны үшін немесе әрекетсіздігі үшін жауапкершілік өлшеміне ие. Бұл
мінез-құлық ережесін сақтамаудан немесе құқык нормасы белгілеген шектен
шығып кетуден болатын салдар.
Санкциялар (қылмыстық-құқықтық, әкімшілік, тәртіптік, мүліктік)
қылмыс, әкімшілік теріс қылық жасағандық үшін, азаматтық кұқық қатынастары
субъектілердің тәртіптік, мүліктік және оларға байланысты мүліктік емес
қатынастары үшін қолданылады. Бұйыру мазмұны немесе диспозиция сипаты
бойынша құқық нормалары императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.
Императивтік нормаларда үзілді-кесілді, бұйрық нысанында нақты
талаптар қойылады. Мәселен, АК-тің 358-бабында: Егер міндеттемелердің осы
түрі немесе осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мөлшері заңмен
белгіленген болса, қосылу шарты бойынша немесе тұтынушы ретіндегі азамат
несие беруші болып табылатын өзге шарт бойынша борышқордың жауапкершілік
мөлшерін шектеу жөніндегі келісім жарамсыз болады деп көрсетілген.
Көрсетілген норма императивті, өйткені ол тараптардың жауапкершілікті
шектеуін болғызбайтын келісім жағдайын анықтайды. Құқықтың азаматтық,
еңбеқ, қылмыстық, әкімшілік және басқа да салаларының нормалары осындай
болуы мүмкін.
Диспозитивтік нормаларда диспозиция тараптардың мәселені өздері
шешуіне мүмкіндік беретін салыстырмалы түрде белгілі бір ережелерді
қамтиды. Әйтпесе, құқық нормасында көзделген бұйыру күшіне енеді. АК-тің
270-бабында:
1. Тараптар (борышқор мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттемеге
қатысушылар болып табылады.
Үшінші жақ ретінде міндеттеме тараптарының біреуіне міндеттемелер немесе
өзге де құқык қатынастары аркылы байланысты жактар қатысады.
Міндеттеме үшінші жак үшін міндеттер туғызбайды. Заң-дарда немесе
тараптардың келісімінде көзделген реттерде міндеттеме үшінші жақтар үшін
міндеттеменің бір немесе екі тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкін
деп көрсетілген. Демек, бұл норма тараптарға мәселені ең алдымен өздері
дербес шешуге мүмкіндік береді. Егер де жалға алушы өз талаптарын мұндай
жолмен қанағаттандыра алмаса, онда осы нормада көзделген ереже күшіне
енеді. Диспозитивтік нормалар тараптардың белсенділігін ұштайды, оларда
құқық демократизмі, мейлінше айқын керінген.
Құқық тәртібін нығайту ісінде құкықтың реттеуші және қорғаушы
нормаларының айырмашылықтары бар.
Реттеуші нормалар құқықты анықтап, қоғамдық катынастардың
қатысушыларына міндеттер жүктейді. Оған, мәселен, Конституцияның 34-бабында
Республиканың әрбір азаматы Конституция мен зандарды сактап, баска
адамдардың құқықтарын, бостандыктарын, абыройы мен қадір-қасиетін
құрметтеуге міндетті екендігі керсетілгенін айтуға болады. Яғни, жоғарыда
аталған міндеттер Республиканың барлык азаматтарына тікелей жүктеледі.
Қорғаушы нормалар құқықтық жауаптылық өлшемдерін, қоғамдық
қатынастарға қатысушылардың құқықтарын қорғау өлшемдерін анықтайды. Құқық
нормаларын қолдануға, яғни әрекет жасаудың мәжбүр ету шараларын жүзеге
асыруға бағытталған. Қорғаушы нормаларға, сондай-ақ, жасалған қылмыс үшін
қылмыстық жазалау шаралары қарастырылған ҚК-тің баптары да жатады.
Құқық нормаларының бт жөнінен қолданылуының басталуы оның күшіне
енуімен анықталады. Ол нормативтік актіде көрсетілген сәттен бастап күшіне
енеді, ал ол жоқ жағдайда заң жарияланған сәттен кейінгі он тәулік ішінде
күшіне енеді деп есептеледі. Президенттің қаулылары мен жарлықтары, Үкімет
қаулылары олар қабылданғаннан немесе бекітілгеннен кейін дереу күшіне
енеді. Құқық нормасы жойылғаннан кейін, яғни оны алып тастағаннан, басқамен
ауыстырғаннан немесе мерзімі біткеннен кейін өз әрекетін тоқтатады.
Жалпы алғанда құқықтың маңызды принципі жаңа занда қайсы бір қоғамдық
әрекеттер үшін жауаптылықты күшейту көзделген жағдайдагы заңның кері күшін
терістеу болып табылады. Конституцияның 77-бабында: жауапкершілікті
белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін
немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды деп атап
көрсетілген. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік
заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады
делінген.
Құқық нормасының кеңістіктегі әрекеті деп осы норма V жүзеге
асырылатын аумақ ұғынылады және бұл бәрінен бұрын занды немесе баскадай
нормативтік актіні шығарған органға байланысты. Республикалық органдар
шығарған кұқық нормалары еліміздің барлық аумағында қолданылады. Жергілікті
билік және басқару органдарының нормативтік актілері тиісті облыс, аудан
аумақтарындағы күшке ие. Белгілі бір аумақта ғана күші жүретін арнайы
нормативтік құқықтық арнайы актілер болады (мысалы, табиғи жағдайларды
ескере отырып, жалақыға үстеме көзделген Семей полигоны және Арал маңындағы
елді мекендер).
Құқық нормаларының күші белгілі бір адамдар тобына ғана таралуы
мүмкін. Осыған байланысты оның кеңістіктег әке тиісті адамдарға қатысты
күші көбінесе өзара тартысты: біздің заңымыз мемлекетіміздің бағыт
аумағында және барлық азаматтарға, басқару орган лауазым иелеріне,
шетелдіктерге, азаматтығы жоқ болуы мүмкін. Алайда, күші бүкіл республика
аумағынана тарағанымен белгілі бір адамдар тобына ғана қатысты құқықтық
нормалар да болады. Мысалы, Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы
ҚР заңында көзделгендей қызметкерлердің жасқа толу талаптары және
зейнетақы заңдарында көзделгендей зейнетақыға белгілі бір жасқа жеткен
азаматтардың ғана құқығының болуы.
Әлбетте, жеткілікті ойластырылған нормативтік құқықтық актілердің
қабылдануы, басылуы, мейлінше маңызды болмақ. Алайда, мемлекеттің
тапсырмаларын орындау, олардың функциясын жүзеге асыру бірқатар жағдайларда
оларды өмірде іске асыруға байланысты болмақ; яғни құқық нормаларын жүзеге
асыру пәрмені мемлекеттік және қоғамдықоргандар мен ұйымдардың, лауазымды
тұлғалар мен азаматтардың қызмет әрекетіне тікелей байланысты. Әңгіме
кұқықтық актіні іс жүзінде қолдану жайында болып отыр.
Құқық нормаларын сақтау олармен тыйым салынған әрекеттерден қалыс
қалуды білдіреді.
Құқық нормаларын орындау дегеніміз — тиісті міндеттеріне сәйкес құқық
нормаларының күшін орындауға бағытталған белсенді әрекеттерді жасау.
Құқық нормаларын пайдалану — нормада көзделген құқықтарды
(медициналық, дәрігерлік қызметті, білімді тегін алу, еңбек, демалыс және
т. б.) өмірде қолдану жолымен жүзеге асырылады.
Құқық нормаларын қолдану — нақты адамға, құқық субъектісіне қатысты
тиісті мемлекеттік органдармен тәжірибеде жүзеге асырылатын құқық нысаны.
Мұнда құқық нормаларын мемлекеттік органдар нақты қызметінде өз өкілеттігін
жүзеге асыру тәртібінде іске асыруының маңызы зор. Бұл жағдайда құқық
белгілі бір субъектіге бағытталып жеке (нормативтік емес) сипатқа ие
болады. Осындай жолмен, мысалы, қаралған істер бойынша сот органдары үкім,
шешім шығарады, әкімшілік органдары айып тартқызып, құқықты бұзған
адамдарға әкімшілік тұрғыдан жаза қолданады, сондай-ақ құқық нормасын
қолданудың басқа да арнаулы актілерін — бұйрықтар, өкімдер және т. б.
шығарады. Олар нақты іске асқаннан кейін ғана жүзеге асырылды деп
есептеледі. Сот шығарған үкім сондай-ақ тиісті басшылар берген бұйрық
орындалғаннан кейін ғана жүзеге асты деп есептеледі.
Құқық қолдану актілері оның нормалары талаптарынан туындап, дәлме-дәл
сәйкестікпен шығарылуы тиіс. Осыған байланысты әрбір нақты жағдайда қолдану
үшін тиісті құқық нормаларын дәл таңдап алудың маңызы зор. Нормаларды
жүзеге асырудың маңызды нысаны тиісті қоғамдық қатынастарды реттеу болып
табылады. Құқықтық қатынастар — құқық нормаларымен реттелген қатынастардың
өзі.
Құқықтық қатынастар мен кұқық нормалары арасында екі жақтан да тығыз
байланыс болады. Құқық нормаларының талаптары құқық қатынастарында
нақтыланып, бұл қатынастардын белгілі бір субъектілерінің субъективтік
құқықтарына және міндеттеріне айналады.
Құқықтық катынастардың субъектісі заң бойынша құқықтарға ие болу және
өзіне міндеттерді, нақты алғанда, мемлекеттік және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz