«МаңғыстауМұнайГаз» акционерлік қоғамы



«Маңғыстаумұнайгаз» ашық акционерлік қоғамы – Маңғыстау облысындағы мұнай өнеркәсібінің басты саласы. Пайдалы қазбаларға бай өлкедегі бүгінде кең қанат жайған бұл жетекші өндіріс саласының даму тарихы, бүкіл облыстың, республиканың индустриялды өркендетілуі ең әуелі осы кәсіпорыннан бастау алады.
«Маңғыстаумұнайгаздың» күшімен Ақтау, Жаңаөзен қалалары дүниеге келді. Компания бүкіл Маңғыстау өңірінің оның аумақтық өндірістік кешенінің дамуына қуатты серпін берді.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мына негізгі қызмет түрлерімен айналасады:
1. көмірсутекті шикізат жатқан жерлерді барлау;
2. мұнай мен газды іздестіру,құрылымдық және пайдалану ұңыларын қазу;
1. «Маңғыстаумұнайгаз» энциклопедиясы 2003ж.
2. Панорама, 4 қараша 2007ж.
3. www.mangystau.kz
4. www.gaezta.kz
5. Kazakhstan today
6. Континент №12(25) 14-28 маусым 2007г.
7. АПК.Информ 1 наурыз 2008г.
8. «ПетроКазахстан» журналы 2008ж №2 ақпан
9. «Үшқиян» газеті 2008ж. Шілде
10. «ПетроКазахстан» журналы 2007ж №10қазан
11. «Маңғыстау» инциклопедиясы. 2000ж.
12. «Местное время» 2008ж. мамыр
13. «ОSС» ЖШС-ның қорынан.
14. «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңы» заңдар жинағы

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы көмірсутекті шикізаттарға ең бай әлемдегі
мемлекетердің бірі. Қазақстанның басты шикізат байлығы мұнай болғандыктан,
оның болашағы, еліміздің тәуелсіз дамуы мен халықтың әл-ауқатының артуы,
экономикамыздың өсуі осы мұнайға, мұнайдың өнімділігіне, оның болашағына
байланысты.
Қазақстаның ірі мұнай өндіруші кенорындары еліміздің батыс жағында
шоғырланған. Бұл оның ең басты географиялық орныналасуына байланысты.
Негізінен мұнай өндіретін 5 облыс бар. Олар: Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе,
Батыс Қазақстан, Қызылорда.
Манғыстаумұнайгаз Бүкілодақтық халық шаруашылығы Кеңесінің 1963
жылғы 7 қыркүйектегі №53-12 және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1963
жылғы қараша айының 27 жаңасындағы № 280 қаулыларымен мемлекеттік
кәсіпорын -өндірістік бірлестік ретінде құрылды. Осы күнге дейін бірнеше
жылда түбектің мұнай,газ кенорындарын зерттеп, барлап, ашуда және жеделдете
игере бастауда көптеген жұмыстар жүргізілген еді.
Зерттеу объектісі. Зертеу объектісі - Маңғыстаумұнайгаз ашық
акционерлік қоғамы, оның ішінде персоналмен жұмыс жасау басқармасы бөлімін
зерттеу . Осы басқарманың негізгі жұмыс тараптарымен танысу, сондай-ақ
құжаттарымен және ағымдағы жұмыстарымен танысып, бұл басқарманың атқаратын
қызметіне тікелей қатысу арқылы мәлімет жинау.
Зерттеу заты. Практика барысында тақырыбыма байланысты зерттеу заты -
Маңғыстаумұнайгаз ашық акционерлік қоғамын зертеу болып табылады.
Сондай-ақ осы компанияның шығындарын және осы компанияның қызметтерінен
түсетін күнделікті табысын есептеуді меңгеру.
Зерттеу мақсаты. Осы кәсіби-өндірістік практика барысында зерттеу
мақсатымыз - мекеменің қаржы құралдарының қозғалысын бақылау, мекеменің
негізгі жұмыстарымен танысып, болашаққа қажетті тәжірибелерді түйіндеу,
жүзеге асыру. Маңғыстаумұнайгаз ашық акционерлік қоғамын зерттей отырып,
персоналмен жұмыс жасау басқармасы бөлімінің құрылымын зерттеу, қызмет ету
аумағын анықтау.

1 МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Маңғыстаумұнайгаз ашық акционерлік қоғамы – Маңғыстау облысындағы
мұнай өнеркәсібінің басты саласы. Пайдалы қазбаларға бай өлкедегі бүгінде
кең қанат жайған бұл жетекші өндіріс саласының даму тарихы, бүкіл облыстың,
республиканың индустриялды өркендетілуі ең әуелі осы кәсіпорыннан бастау
алады.
Маңғыстаумұнайгаздың күшімен Ақтау, Жаңаөзен қалалары дүниеге келді.
Компания бүкіл Маңғыстау өңірінің оның аумақтық өндірістік кешенінің
дамуына қуатты серпін берді.
Маңғыстаумұнайгаз АҚ мына негізгі қызмет түрлерімен айналасады:
1. көмірсутекті шикізат жатқан жерлерді барлау;
2. мұнай мен газды іздестіру,құрылымдық және пайдалану ұңыларын қазу;
3. мұнай, газ оорындарын жарақтандыру, құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс
жұмыстарды, жол салу және жөндеу;
4. мұнай мен газ өндіру;
5. мұнайды кәсіпшілікшілік жинақтау, тасымалдау және комплексті дайындап,
тұтынушыларға өткізу;
6. республика мұнай өңдеу зауыттарында өңделгеннен кейін мұнай өнімдерін
өткізу;
7. ұңғыларды, мұнай кәсіпшілік, электромеханикалық қондырғыларды жөндеу
және күту;
8. өндірісті автоматтандыру мен байланыс құралдарын монтаждау және
пайдалану;
9. ішкі және халықаралық рынокта мұнай мен мұнай өнімдерін өткізуді
зерттеу;
10. тауарлар мен қызметті сыртқа шығару және әкелу, өзара тиімді сыртқы
экономикалық байланыстарды, шетел фирмалармен сауда-экономикалық,
ғылыми-техникалық қарым-қатынасты дамыту;
11. кен орындарын пайдалану барысына ақпараттық-есертеу қызметін көрсету;

1.1 Маңғыстаумұнайгаз АҚ- ның даму тарихы

Маңғыстау мұнайлы тұрғын екені жергілікті халыққа ерте кезден белгілі
болып, зеттеушілердің назарын аударып келген.
Бірақ Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстары байлығын барлап, игеру
мәселесімен еліміз Ұлы Отан соғысынан кейін шұғылдана бастады.
1961 жылдың 5 шілдесінде Жетыбай жеріндегі №6 барлау ұңғысын қазу
кезінде өнеркәсіптік қуатты мұнай фонтаны атқылады. Сол сәттен Маңғыстау
мұнай тарихы басталып, Қазақстан Республикасы ірі өндірісі бар елдер
қатарына қосылды.
1963 жылы қараша айының 27-нде Батыс Қазақстан Халық шаруашылығы
кеңесінің № 280 Қаулысымен мұнай-газ өндіру кәсіпорны Мангышлакнефть
өндірістік бірлестігі құрылды. Маңғыстаумұнайгаз акционерлік қоғамы
бүгінде Қазақстан Республикасының мұнай-газ өндіретін бірден бір ірі
кәсіпорынның қатарындағы аймақта өндірілетін мұнайдың тең жартысынан
астамын, ал Республикада бестен бірінен астамын қамтамасыз етеді.
1965 жылы Мангышлакнефть1 бірлестігі Казахстан нефть бірлестігіне
өзгертілді.
1966 жылы 30 желтоқсанда Маңғыстауда екінші мұнай кәсіпшілігі пайда
болды. Бұл күні Жетібай кен орнында алғашқы үш ұңғы мұнай бере бастады. Сол
жылы мұнай кен орындары ашылған жерде Жетібайнефть мұнай кәсіпшілік
басқармасы құрылды.
1967 жылы Өзен мен Жетібай кенорындары елге 3733 мың тонна, 1970 жылы
10401 мың тонна, немесе, 1913 жылы революцияға дейінгі бүкіл Ресейдің
өндіргенімен тең берді. 1967 жылы қаңтарда салынып болған 154 километрлік
Шевченко-Жетібай-Өзен автомагистралі өндірістердің материалдық-техникалық
жабдықталуын жақсартуға мүмкіндік берді.
1970 жылы 25 тамызда 1500километрлік Өзен-Құлсары-Гурьев-Құйбышев
ыстық мұнай құбырының іске қосылуы Маңғыстау мұнайын елдің орталық
аудандарына жеткізу проблемасын толықтай шешті. Өзен кенорнында тораптық
сорап стансасы арқылы теңіз суын қабатқа айдау объектісі пайдалануға
тапсырылды. Оның тәуліктік қуаты 2500 текшеметр құрады. Жетібайнефть МГӨБ
бойынша жылдық мұнай өндіру көлемі 1,5 млн тоннаға жетті.
1972 жылы Жаңа Өзен қаласында 5000 орындық стадионның бірінші кезегі
ашылды. Теңге газ кәсіпорнының өнеркәсіптік газы Орта Азия-Орталық газ
құбырына қосылды.
1973 жылы Мамырда – Қарамандыбас, қазанда – Асар, оңтүстік Жетібай
мұнай кен орындары пайдалануға қосылды. Екі жылдан соң Ұлы Отан соғысының
30 жылдығын байланысты Өзен мұнайшылары 100 миллионыншы тонна мұнай
өндірді. Өзен кен орнында қабатқа тәулігіне 1400 текшеметр ысытылған теңіз
суын айдайтын қондырғы іске қосылды. 1978 жылы Ұлутас кен орны пайдалануға
қосылды.
1982 жылы Жетібайнефть МГӨБ ұйымдасқаннан бері 40 млн тонна мұнай
өндірілді. Қаражанбаста №82, 809 ауа айдау ұңғылары бойынша өнімді қабаттың
ішін қыздыру тәжірибесі жасалды. 1988 жылдары Кумкольнефть мұнай-газ
өндіру басқармасы құрылды. Оның қарамағына кен орнын жарақтандыру,
материалдық-техникалық және көлік қызметін көрсету, әлеуметтік сала
ұйымдары берілді. Жетібайнефть МГӨБ ұйымдасқаннан бері 50 млн тонна мұнай
өндірілді.
1994 жылдары МұнайГаз холдинг компаниясының бұйрығымен
Маңғыстаумұнайгаз Өзенмұнайгаз өндірістік бірлестігі бөлініп шықты.
1997 жылы Қаламқаста вахтамен істейтін мұнайшылар қалашығын салу жұмыстары
басталып, 1999 жылға қарай толығымен аяқталған еді. Онда денсаулық сақтау,
физкультура және спорт басқармасы құрылды. Ақтауда мұнайшылар емханасы,
Қаламқаста, Жетібайда және Асарда дәрігерлік амбулаториялар жұмыс істей
бастады.
2000 жылға қарай Жетібайда мұнайлы қабат көздерін сұйықтықпен ашу
тәсілін қолдану қосымша 63 мың тонна өнім алуға мүмкіндік берді.
2001 жылы OilServesCompany ЖШС құрылып, жауапкершіліг шектеулі
Химремонтскважин, Шегендеу және Бұрғышы серіктестіктері
біріктірілді.Асарда 144 орындық жатақханасы, 80 орындық асханасы бар
европалық үлгідегі тұрғын кешкен салынып, пайдалануға берілді.
2002-жылы Ресейдің Арнаулымашин жасау және металлургия кәсіпорнынан
қабат мұнай көздерін су айда шу қондығысы сатып алынды.
Еңбекті ұйымдастыруды оңтайландыру тәсілі одан әрі жалғасты.
Маңғыстау технологиялық көлік, Бозашы технологиялық көлік, Жетібай
технологиялық көлік, Арай жауапкершілігі серіктестіктері жаңадан
ашылған Ойл Транспорт Корпорейшэн кәсіпорнына біріктірілді.
Орта есеппен тәуліктік өнім өндіру 12652 тонна құрады. Оның ішінде
Қаламқасмұнайгаз ӨБ 9657 тонна, Жетібаймұнайгаз ӨБ 2995 тонна.
2003 жылы Қабат мұнай көздерінүлкен қысыммен ұйықтық аәдап ашу тәсілі
Қаламқас кен орнында да қолданыла бастады.
Маңғыстаумұнайжолдары, Маңғыстаумұнара, Нефтестрой ЖШС
ірілендіріліп, OILCONSTRUCTIONCOMPANY серіктестігіне біріктірілді.
Маңғыстаумұнайгаз АҚ бойынша тәуліктік өнім көлемі орта есеппен
12080тоннаға жетті. Оның ішінде Қаламқасмұнайгаз ӨБ 9560тонна,
Жетібаймұнайгаз ӨБ 2520тонна. Маңғыстаумұнайгаз АҚ қазір малпы мұнай
қоры 969 миллион тонна (6783баррель) құрайтын 15 мұнай және газ кен
орындарын пайдаланып отыр.
1999 жылдың басындағы жағдай бойынша акционерлік қоғамның кен орындары
қойнауларынан барлығы 144миллион тонна мұнай өндіреді. Алынуға жататын
қалған мұнай қорлары 200миллион тонна (1400миллион тонна баррель).
Маңғыстаумұнайгаздың күшімен Ақтау, Жаңаөзен қалалары дүниеге келді.
Компания бүкіл Маңғыстау өңірінің оның аумақтық өндірістік кешенінің
дамуына қуатты серпін берді.

1.2 Маңғыстаумұнайгаз АҚ-ның серіктестіктері

Соңғы жылдары өндірісті оңтайластыру процестері де сәтті жүргізілді.
Мәселен, ұнғылар қонын пайдаланумен, бұрғылаумен айналысатын 2001 жылы
Химремонтскважин, Шегендеу және Бұрғышы жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктері ірілендіріліп OilServesCompany компаниясына біріктірілді.
Асарда 144 орындық жатақханасы, 80 орындық асханасы бар европалық үлгідегі
тұрғын кешкен салынып, пайдалануға берілді.
2002-жылы Ресейдің Арнаулымашин жасау және металлургия кәсіпорнынан
қабат мұнай көздерін су айдаушу қондығысы сатып алынды.
Еңбекті ұйымдастыруды оңтайландыру тәсілі одан әрі жалғасты.
Маңғыстау технологиялық көлік, Бозашы технологиялық көлік, Жетібай
технологиялық көлік, Арай жауапкершілігі серіктестіктері жаңадан
ашылған Ойл Транспорт Корпорейшэн кәсіпорнына біріктірілді.
Құрылысшылар мен монтажшылардың Маңғыстаумұнайжолдары,
Маңғыстаумұнара және Нефтестрой еншілес серіктестіктері жаңадан
құрылған OilConstructionCompany кәсіпорны құрамында қызмет tnt бастады.
Осындай өзгерістердің нәтижесінде жұмыста ұйымшылдық, жеделдік арта түсті,
өндірістік, технологиялық және орындау тәртібі нығайды, өндіріс мәдениеті,
ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуал жақсарды, еңбек белсенділігі
күшейді.
Маңғыстаумұнайгаз кен орындары орталықтан шалғай орналасқанына
қарамастан электр қуатымен мүлтіксіз қамтамасыз етілген. Қаламқас пен
Жетібайда арнайы учаскелері бар Маңғыстауэнергомұнай ЖШС-де 500-ден астам
адам еңбек етеді. Оған Маңғыстау мұнай өнеркәсібінде алғашқы жылдардан
табысты қызмет етіп келе жатқан белгілі ардагер энергетик Қалабай Төлегенов
басшылық жасайды.
Телефон байланысы да қалтықсыз қызмет етеді. Акционерлік қоғамда
сенімді байланысты қамтамасыз етіп отырған Мұнайтелеком жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі қазіргі заманғы озық байланыс құралдарымен
жабдықталған.
Барлық өндірістік және технологиялық жұмыс процестері
автоматтандырылған және компьютерлендірілген. Акционерлік қоғамда
автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және байланыс басқармасы жұмыс
жасайды. Ал, кен орындарын ғылыми зерттеп, пайдалану мақсатында Ғылыми-
өндірістік орталық қызмет етеді.
Экологиялық қауіпсіздікті және мұнай мен су құбырларының төзімділігін
қамтамасыз ету үшін Маңғыстаумұнайгаз АҚ басшылығы 2003 жылы
шыныпластикалық құбыр зауытын салу жөнінде шешім қабылдап, ол
Шыныпластикалық Құбырлар Зауыты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі деп
аталды.
Шыныпластикалық Құбырлар Зауыты ЖШС – Қазақстандағы мұнайгаз саласы
үшін де, шаруашылық-тұрмыс қажеттері үшін де диаметрі әр алуан, жоғары
қысымды шыныпластикалық құбырлар шығаратын алғаш кәсіпорын. Эксперттердің
болжамы бойынша Қазақстанда алдағы он жылдықта мұнай өндіру көлемі өсіп
отырады. Ұңғы қорының өсіп отыруы құбыр арқылы жеткізу жүйесін 10мың км-ге
дейін өсуін талап етеді. Мұнай өнеркәсібінде құбыр арқылы тасымалдау
жылына 80км-ден 100мыңдаған км-ге дейін жетті. Бұл бағыттың дамуының
негізгі тежеуіш фокторы – құбыр арқылы тасымалдау транспортының негізгі
қордағы тозу мөлшері 50% жеткендіктен болып отыр. Ол белгілі бір табиғат
жағдайларында болат құбырлар тез тозып, қатты қысымға шыдамай, пайдалануға
жарамсыз болып қалатындықтан болады. Бұл мәселені шыныпластикалық
құбырларды енгізу арқылы шешуге болады. Жаңа технологияға сәйкес бұл
құбырлар жоғары коррозияға шыдамдылығымен, төзімділігімен және ұзақ
өміршеңдігімен ерекшеленеді(15-25 жылға дейін жарамды)
Шыныпластикалық құбырлар сыртқы изоляция мен ерекше қорғауды талап
етпейді. Сыртының тегістігі гидравликалық әрекеттесуін көптеген мөлшерде
төмендетеді және мұнай айдауға қажет энергияны үнемдеуге көмектеседі.
Осылардың бәрі жоғарғы парафинді мұнайды айдауда мәні зор. Жоғарғы химиялық
және биологиялық төзімділігі бұл құбырда жоғарғы агрессивті суды және теңіз
суын тасымалдауға көмектеседі, сонымен қатар олардың өміршеңдік кезеңі
темір құбырларына қарағанда әлденеше рет жоғары болып келеді.
Сонымен бірге тереңдікте пайдаланылатын мұнай сораптарын сынақтан
өткізетін және жөндейтін Технотрейдинг кәсіпорны да құрылып, нәтижелі
жұмыс жасауда.
ММГ АҚ-мы транспорт кешені ММГ АҚ-ның өндіріс алаңдарында
тасылатын жүктер мен вахта жұмысшыларын бір орталықтан тасымалдау үшін
технология, жолаушы мен автокөлік транспортын өз құрамына біріктірген
Арай ЖШС, БТТ ЖШС, ЖТТ ЖШС, МТТ ЖШС дейтін төрт серіктестіктен
құралды. Осы төрт кәсіпорынның қызметіне талдау жасағанда, төрт
серіктестіктің қолда бар қуаты 60- пайыз, парктің технологиялық дайындығы
негізінен 70-пайыздан да төмен деңгейде болды. Негізгі қорлар мен қосалқы
материалдарды басқарудың бытыраңқылығы - өндірістің өсуіне кері әсер етіп,
шығындардың өсуіне әкеліп соқтырды. Негізгі құралдарды кідіріссіз, ұдайы
пайдалану өндірістің негізгі факторларын ескермеді. Транспорт легі
ықтималандырылмады. әрбір кәсіпорындағы құрылымы мен басқарылуы әртүрлі
болды. Қолда бар жөндеу базасы жаңа құрал-жабдықтармен жаңғыртылмады және
өнімсіз болды. Басқарманың басқару жүйесін қайта түбегейлі қайта
ойластыруды қажет етті. 2001 жылдың қыркүйегінде Central Asia Petroleum
директорлар Кеңесі ММГ АҚ-ның транспорт кешені құрамына бөлімдер ретінде
Бозащы, Жетібай, Маңғыстау үш басқармасы және жолаушы тасымалы транспорт
басқармасы кіретін ОЙЛ ТРАНСПОРТ КОРПОРЕЙШЭН біртұтас транспорт
корпорациясын құру туралы шешім шығарды. Транспорт кешенін реформалаудың
негізгі мақсаты бұрыңғы басқару жүйесін тарату, ММГ АҚ-на қызмет
көрсетуді жақсаоту үшін техникалық, технологиялық және экономикалық
саясатты жетілдіру болды. Транспорт кәсіпорындарын қайта құру қарсаңында
мынадай шешімдер шешілді: Ғылыми-техникалық прогресті дамытудың әлемдік
тенденцияларына сәйкес тиімді техникалық және технологиялық саясат жасалды;
Машиналар мен арнаулы техникалар паркінің технологиялық құрылымы
жетілдірілді және компанияның тиімді өндірістік құрылымы жасалды;
Компанияның машиналарды сапалы жөндейтін жөндеу базасы құрылды.
Кейінірек, ОЙЛ ТРАНСПОРТ КОРПОРЕЙШЭН ЖШС мекемесі құрамында бірнеше
басқармалар, серіктестіктер құрылды, олар төмен көрсетілген: БУТТ
(БТКБ) ЖШС;МУТТ (МТКБ) ЖШС;
ЖУТТ (ЖТКБ) ЖШС;ТУПП (ЖКТБ) ЖШС
1995 жылы Бозащы түбегінде Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының
№ 2 автотізбегінің ірге тасы қаланды. Алғашқы ұжым Қазақстаннефть
бірлестігінің негізінде автотранспорт – конторы болды. Ең басты мақсат,
басқармадан Өзен, Жетібай, Бозащы, Қаражанбас, Құмкөл технологиялық көлік
басқармалары бөлініп, өз алдына шаңырақ құрды. Осынау басқармалардың
ұйытқысы болған ұжымымыз, қазіргі таңда заман талабына сай жұмыс істеуде.
Басқарманың алғашқы гаражы 1970 жылы Жетібайда құрылған. Қазір облыс
бойынша екі Ураган машинасы бар, оның бірі Казтрансойл мекемесінде
болса, екіншісі осы МУТТ басқармасында. Оның техниканы тасудағы
қуаттылығы үлкен болғандықтан ол Ураган деген атауға ие болған. Бұл
көлікті кез келген адам басқара алмайды, оның өзіндік тәсілі бар. Қазіргі
уақытта МУТТ басқармасы сұраныс бойынша көбінесе Қаламқас, Жетібай, Өзен
бағыттарында 80-90 тонналық техника жабдықтарын тасиды.
Жетібай Маңғыстаудың мол байлығының ақжолтай хабаршысы. Маңғыстау
алғашында әлемге Жетібай арқылы танылды. Өйткені, Жетібай 1961 жылы тұңғыш
фонтан атқылап, облыста тұңғыш рет қара алтынды игеру басталды. Бүгінде
автотранспортшылар мұнайшылармен бірлесе отырып өркенді істерін одан әрі
жалғастыруда.
Автокөліктер тұрағы – Мұнайшы кенті (орталық база), Шығыс Жетібай,
Оймашы кен орны. Басқарма- 1,2,3,4 автотізбектерден, өндірістік жөндеу
шеберханасынан және бас механик қызметі бөлімдерінен тұрады.
Автокөліктердің сапа құрамы- ЦА-320, ППУ, АЗМ-30, АЦН, СГИ, ЛС-6, ЛСГ-
10, АЗА, штанговоз, трубовоз, су, мұнай, ауыр және көлемді жүк
тасымалдайтын машиналар, тракторлар (погрузчик), самосвал, автобустар.
Көптен бері тұрақты еңбек етіп келе жатырған озаттар:
Басқармада – 4 автотізбек, 347 техника, оның 47-сі трактор техникасы
бар.
Бірінші автотізбектің бастығы Абай Бисенов, олардың қарамағында 16
тоннадан 40 тоннаға дейінгі үлкен автокрандар бар. Сонымен қатар мұнай кен
орнында ұңғыларды зерттейтін лабороториялық машиналар Жетібай аймағында
жұмыс істейді. Былтырдан бастап, яғни 2004 жылдан бастап бұл автотізбектің
жұмыс ауқымы кеңейе түсті. Қаламқас жолындағы 43 шақырым жердегі зауытта,
Ақтау қаласында 15 шағын ауданда және су тұшытатын зауыттың құрылыстарында
жұмыс істейді. Екінші автотізбектің техникалық құрылымы өзгеше. Оның 40
автобусы бар, негізгі міндеті тасымалдау. Жетібайдан 70 шақырым жердегі
бұрғышыларды таңертеңгілік 6-дан бастап апарып, кешкілік алып келеді.
Үшінші және Төртінші автотізбектің жұмысы ауырлау деуге болады. Олар
Жетібай кентінен 70 шақырым жердегі бұрғылау алаңдарында жұмыс жасайды.
Бозащы технологиялық көлік басқармасы 1980 жылы ақпан айының 11-ші
жұлдызында ММГ АҚ-мы бірлестігінің бұйрығы бойынша, облысымызда көптеген
көлік мекемелеріне қара шаңырақ болған МУТТ-дан (бастығы П.З.
Пенский)бөлініп, жеке заңды тұлға болып құрылды. Тұңғыш Басқарушы марқұм Б.
Бисенов еді. Жаңадан құрылған арнаулы технологиялық көлік басқармасының
алдында қойылған мақсат: Бозащы түбегіндегі жаңадан ашылып жатырған
Қаражанбас, Қаламқас кен орындарының арнаулы техникаға деген сұранысын
оперативті түрде қамтамасыз ету, техника санын ұлғайта отырып, жаңа кен
орындағы арнаулы техникаға деген барлық мекеменің қажеттілігін өтеу. Ол
жылдары Қаламқас кенорнында тәулігіне 12 мың тонна мұнай өндірілетін.
Осындай кең ауқымды арнаулы техникаға деген қажеттілікті тұтастай БТКБ-сы
тек бір ғана өзі қамтамасыз етіп тұрды. Сонымен қатар сол кездегі
экономикалық жағдайға байланысты біздің ұжым Маңғыстау ауданының
шаруашылықтарына өндірістік және әлеуметтік мәселелерін шешуге бірнеше
жылдар бойы көмек көрсетті және әлі де көмектесетініне кәміл сенемін.
Мекеменің құрылған күнінен бастап үлкен дайындықтан өткен тәжірибелі
жұмысшылар мен инженерлер-техникалық қызметкерлер топтастырылды. Олардың
Бір тобы күні бүгінге дейін кейінгі жастарға үлгі бола отырып еңбек етуде.
Осыдан біраз ғана бұрын, 1995 жылы жылдың 12 желтоқсанында ММГ АҚ-
ның Бас директоры М. Салықов МТКБ-ны бөлу туралы № 196-шы бұйрық шығарды.
Ол уақытта МТКБ-да жеті автотізбек болатын, оның төрт автотізбегі
Маңғышлақ темір жол станциясына таяу, Мұнайлы ауданның Ынтымақ елді
мекенінде орналасты. Техникалар негізінен жүк таситын. Үш автоколонна қала
көлемінде болды. Олар вахта жұмысшыларын және ММГ АҚ-ның басқару
аппаратын тасымалдайтын. Мекеме есебінде 678 автокөліктер мен арнаулы
техникалар болды. Бөлінуден кейін АТҚБ-ға үш автотізбек өтті: № 1,2
автотізбектері вахта тасымалдайтын автобустар да, № 4 автотізбек
технологиялық, инженерлік және жиын-теріндік қызмет атқарды.
Автокөліктердің орташа саны 150 бірлік құрайтын. Жұмысшылардың орташа саны
195 адам, олардың 163-і жүргізушілер еді. Негізгі міндет ММГ АҚ-ның
кәсіпорнының вахта жұмысшыларын тасымалдау болатын. Алғашқы директорымыз
бұрын АТУ-дың жолаушы тасымалдау жөніндегі бастығының орынбасары С. Исатаев
болды. АТКБ-ны орналастыруға ең қолайлы орын ММГ АҚ-ның ПГМК-дан сатып
алған, ауданы, 10.0338-ға бұрынғы Аб № 9 учаскесі еді. Тапсырыс сәтінде
вахта тасымалдау автокөліктерінің, әсіресе Икарус, КАВЗ, ЛАЗ маркалы
автобустардың техникалық жағдайлары 10-20 жылдан бері пайдаланып келе
жатырған, өз ресурстарының 40 пайызын өтеген, ескі еді, алайда кәсіпорын
басшылығымен ММГ АҚ-мы ықпал етулерінің арқасында автокөліктерді тез
жөндеп, техникалық толықтай жарамды қалыпқа келтіріліп 1996 жылы қаңтар
айында 27 кәсіпорынмен қызмет көрсету жөніндегі келісім шарт жасалынды,
олардың 80 пайызын ММГ АҚ-ның филиалдары құрады. 1996 жылдың бірінші
жартысында технико-экономикалық көрсеткіштердің өзінен-ақ өткен жылдың
сәйкес кезеңімен салыстырғанда ММГ АҚ-на көрсетілген қызметтің көлемі
артқаны анық көрінді. 1997-99 жылдары жұмыс көлемінің болмауы себепті
автокөліктердің жұмысын бәсеңсіткен едәуір қолайсыздықтар байқалды, әсіресе
технологиялық және жедел тасымалдау техникалары жұмыссыз тұрып қалды. ППК
50 пайызға дейін құлдырады. 1999 жылдың екінші жартысында жаңа техникалар
мен қосалқы бөлшектердің келе бастауы техникалық дайындық пен паркті
пайдалану коэффициентінің орындалуына оң әсерін тигізді. Жаңа Икарус, КАВЗ
автобустарының келуі экономикалық көрсеткіштердің өсуіне үлкен маңызды роль
атқарды. 2001 жылдың 11 қыркүйегінде ММГ ААҚ-ның Бас директоры С.
Қырымқұлов Ойл Транспорт Корпорейшэн ЖШС-не біріктіру үшін ЖТТ, БТТ,
МТТ және Арай ЖШС-ін тарату туралы № 1117-ші бұйрыққа қол қойды.
Қайта құрудың барысында бұрыңғы ЖШС-дің базасында ЖТКБ, БТКБ,
МТКБ және ЖКТБ транспорт басқармалары құрылды. Кадрлық өзгерістер
жасалды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұрғышы ЖШС
Маңғыстаумұнайгаз Акционерлік қоғамында өнім сапасын басқаруды талдау
Маңғыстаумұнайгаз АҚ- ның ішкі шаруашылық жоспарлау басқармасы
Мұнай-газ саласының бәсеке қабілеттілігінің техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының персоналмен жұмысын басқару бөлімшесі
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
«Маңғыстаумұнайгаз» өндіру бірлестігі
Қазақстанда аудитті нормативтік-құқықтық реттеу («Маңғыстау мұнай газ» акционерлік қоғамының қызметі мысалында)
Өзенде бұрғылау шебері
Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру
Пәндер