Жәңгір Хан өмірбаяны
Қазақ мемлекетінің іргесі Жәнібек хан тұсында қаланды деуге толық негіз бар. Ұлттық тарихымызда ол Жәнібек хан деп жай аталмайды, Әз Жәнібек хан дегендей ерекше марапатқа ие болған. Біз 2002 жылдың алғашқы сандарынан бері қарай «Қазақ хандығының құрылуы» деген тақырыппен Қазақ мемлекетіне аса зор еңбек сіңірген Керей, Әз Жәнібек, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Салқам Жәңгір, Тәуке және т.б. хандар туралы өмірбаяндық әрі тарихи деректерді үзбей жариялап келеміз.
Қазақтың соңғы ханы Жәңгір Бөкейұлы 1801 жылы бұрынғы Бөкей ордасында дүниеге келді. Сол Бөкей ордасы қалай құрылып еді? Осы орайда, Еділ-Жайық бойының арғы бергі тарихын айтпай кету және орынсыз. Жеті жұрт мекен еткен бұл атырапты біздің жыл санауымыздан бұрынғы VIII – III ғасырлар аралығында иран тілдес скиф-сарматтар мен аландар қоныстаныпты. Кейіннен Угоро-фин тайпасы мен венгрлер, біздің дәуіріміздің IV – XIII ғасырында түркі тілдес ғұндар мен аварлар, хазар, оғыз, печенек, қыпшақтар, XIII – XV ғасырда монғол хандары орда тікті. Олардың өкшесін баса кеп ноғай мырзалары мен қазақ хандары қанат жайды.

ЖӘҢГІР ХАН
(1801-1845)
Қазақ мемлекетінің іргесі Жәнібек хан тұсында қаланды деуге толық негіз
бар. Ұлттық тарихымызда ол Жәнібек хан деп жай аталмайды, Әз Жәнібек хан
дегендей ерекше марапатқа ие болған. Біз 2002 жылдың алғашқы сандарынан
бері қарай Қазақ хандығының құрылуы деген тақырыппен Қазақ мемлекетіне
аса зор еңбек сіңірген Керей, Әз Жәнібек, Бұрындық, Қасым, Хақназар,
Тәуекел, Есім, Салқам Жәңгір, Тәуке және т.б. хандар туралы өмірбаяндық әрі
тарихи деректерді үзбей жариялап келеміз.
Қазақтың соңғы ханы Жәңгір Бөкейұлы 1801 жылы бұрынғы Бөкей ордасында
дүниеге келді. Сол Бөкей ордасы қалай құрылып еді? Осы орайда, Еділ-Жайық
бойының арғы бергі тарихын айтпай кету және орынсыз. Жеті жұрт мекен еткен
бұл атырапты біздің жыл санауымыздан бұрынғы VIII – III ғасырлар
аралығында иран тілдес скиф-сарматтар мен аландар қоныстаныпты. Кейіннен
Угоро-фин тайпасы мен венгрлер, біздің дәуіріміздің IV – XIII ғасырында
түркі тілдес ғұндар мен аварлар, хазар, оғыз, печенек, қыпшақтар, XIII – XV
ғасырда монғол хандары орда тікті. Олардың өкшесін баса кеп ноғай мырзалары
мен қазақ хандары қанат жайды.
XV – XVII ғасырда түркімен, қарақалпақ, башқұрт халқы жайлады. Осы аты
аталған үш халықтың бір бөлігін Кубаньға, екінші жартысын Арал теңізі
маңына ығыстырып, XVII ғасырдың 30-шы жылдары қалмақтар кеп орнықты.
Қытайдан қашып бас сауғалаған бұл шұбырынды Бұхар мен Самар даласын
қоныстанған жетінші жұрт болатын.
Десек те, бұл өңірге қалмақтар табан тіреп орныға алмады. Ауызбірліктің
аздығынан екіге жарыла айырылып, 1771 жылы Үбіші хан бастаған 100 мың
шаңырақ қаңырап жатқан Жоңғар өлкесіне қайтадан қотарыла көшті. Қалған аз
бөлігі Еділдің арғы бетіне әупіріммен өтіп бас сауғалады.
Сонымен, 1771-1801 жылдардың мөлшерінде Еділ-Жайық арасындағы Самар
даласы деп аталатын байтақ өлке бос жатты.
Әз Жәнібек хан салдырып,
Ақылын кәпірге алдырып
арманда кеткен Астрахань қаласын сол кезде билеп тұрған губернатор Киорпиг
бұл жерге тез бауыр баса қойды.
Заңдастырып алуды да ұмытқан жоқ. 1799 жылы Астрахань мен Жайық
өзенінің теңізге құятын жеріне дейінгі аралықты қорыққа айналдырған
патшаның указы шықты. Губернатор осы қорыққа бас-көз болуды полк командирі
Попов дегенге жүктейді. Поповпен тіл табысқан Бөкей сұлтан ақыры Киорпигтің
аузын алып, Еділ мен Жайық арасында еркін көшіп-қонып жүруіне, қалаған
жеріне қыстауына рұқсат беруін сұрайды. Бұл өтініш губернатор арқылы
патшаға жетеді де, Павел I 1801 жылы 11 наурызда мақұлдағанын білдіріп,
жоғары мәртебелі указын шығарады. Бөкей ордасының іргесі міне, осылай
қаланады.
1801 жылы күзде Бөкей сұлтан әр рудың старшындары мен билерінің басын
қосып, Бұхар беттен Самар бетке жедел қоныс аударуға қам жасайды.
әрқайсысының қонысын белгілейді.
Бастапқыда Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы жұртын сұлтандық дәрежемен
басқарады. 1812 жылы оған хан атағы беріледі. Бірақ, бұл атақтың игілігін
көре алмай, араға үш салып, 1815 жылы қайтыс болады. Соңында орнын басар үш
ұл қалды. Жәңгір, Әділгерей, Меңдігерей. Хан тағының мұрагері – Жәңгір бұл
кезде небәрі он төртте болатын. әрі Астрахань қаласындағы азаматтық
губернатор Андреевскийдің үйінде жатып, орысша білім, еуропаша тәрбие алып
жүрген кезі еді. Сондықтан мұрагер оң-солын танығанша ел тізгінін марқұмның
інісі Шығай ұстады.
Жәңгір 1824 жылы әкесі Бөкейдің орнын басып, арнайы указбен хан тағын
алды. Араға бір жыл салып, Орал қаласының жанындағы тоғайда осы мәртебелі
атақтың құрметіне ұлан-асыр той өткізіледі.
Оған Орынбор шекара комиссиясының шенеуніктері, Орал, Астрахань
казачествосының иығы зерлі әкімдері шақырылған. Бұл жер әлі күнге Хан
тоғайы деп аталады.
Иә, Әбілқайырдың шөбересі, Нұралының немересі, Бөкейдің бел баласы
Жәңгір қазақ тарихындағы соңғы хан. Бұл Россия императорының екі басты
самұрық бейнелі мөрімен расталған шындық. Бірақ соңғы хан Кіші жүзді басы
бүтін билей алмады. Сондықтан да үкім құдіреті аға сұлтандықтың о жақ, бұ
жағында болды. Ақ сөйлеу парыз, осындай әрә-сәре күйді әкесі Бөкей де
бастан кешті.
Жәңгір ханның бойында қаталдық пен қайраттылық, өктемдік пен ерлік,
мансапқорлық пен дегдарлық қат-қабат ұштасып жатқан болатын. әрқайсысы
орайына қарай көрініс тапқан. Тіпті қателігі де бір басына жетерлік еді.
Біз тарихи тұлғаларды әлі күнге дейін тек әдеби кейіпкер дәрежесінен асып
тани алмай келеміз. әйтпесе, Жәңгір ханның қателігімен қатар халыққа
бағыштаған ізге істері де жетерлік еді ғой. Мысалы, ол 1826 жылы Қазақ
елінде шешек ауруына қарсы тұңғыш егуді ұйымдастырды, 1928 жылы Бөкей
хандығының географиялық және топонимикалық картасын жасатты, 1832-1833
жылдары Ордада жәрмеңке және дәріхана ашты, 1941 жылы тұңғыш мектеп дәріс
бере бастады. Бұл мектепте балар грамматика, математика және басқа пәндер
бойынша білім алатын жоғары мектеп болды. Осы мектептің қабілеті жоғары
зерделі түлектері Ресейде білімін жалғастыруға мүмкіндігі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz