Экономиканың даамуындағы банктік несиенің рөлі және оның шектері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. НЕСИЕНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САНАТ РЕТІНДЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Несиенің қажеттілігі және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Несиелеудің негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3. Несиенің нысандары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.4. Ұлттық Банктің және екінші деңгейдегі банктердің несиелері ... ... ... ... .22

2.ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАНКТІК НЕСИЕНІҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.1. Несиенің маңызын көрсететін негізгі салалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.2. Елдің экономикасының жағдайының өзгеруіне байланысты, несиенің маңызының өзгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.3. Несиенің оңтайлы шегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Жалпы бұл тақырыпты бұгінгі күні қоғамда, нарықтық экономикада банк қызметінің рөлі өте күрделі әрі жоғары болып табылатындығы негіз болды. Мемлекетіміздің нарықтық экономикаға орнығып келе жатқан тұста банк және банктік қызмет экономиканы қалыптастырудың басты іргетасы болып саналады. Бүгінгі уақыттарға дейін банк қызметі күрделі құқықтық институт болып есептеледі. Ал қазіргі кезде жағдай өзгерді. Нарықтық экономиканың нығаюы, банк қызметінің дамуы, мемлекеттің қаржы – несие жүйесінің тұрақтануы бұл саланың маңызын арттыра түсуде. Қоғамдық қатынастармен терең ұштасқан сайын бұл саланы тек экономистер мен заңгерлер ғана емес әрбір кәсіпорындардың менеджерлері, салық органдарының қызметкерлері басқа да қызмет саласындағы мамандардың меңгеруіне тура келді.
Банк қыззметінің тәжірибелік маңзыының артуы бүгінде кәсіпкерлікпен миллиондаған адамдардың айналысып дамуымен тығыз байланысты. Оның қызметі банктік шоттар ашу, төлемдердің банк арқылы жүруі, белгілі бір несиелер беру, депозиттер қабылдау арқылы көрініс табады.
1) Я.Ә. Әубакіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпов, Т.П. Табаев Экономикалық теория. Алматы , 1999 ж.. “Қазақ университеті”.
2) Саниев М.С. Ақша, несие банктер. Алматы , 2001 ж.
3) Тасыбаев А.С. Банкілік құқық. Алматы, 2001 ж.
4) Банки Қазахстана внутреннием финансовом рынке. Ред. Р.К. Жоламанов и др. Алматы, 1996.
5) Волынский. Кредит в условиях современного капитализма. Алма – Ата, 1992.
6) Геращенко, Ю.П. Савинский. Денежное обращение и кредит ССр. М.,1986.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. НЕСИЕНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САНАТ РЕТІНДЕ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Несиенің қажеттілігі және оның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Несиелеудің негізгі
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..11
1.3. Несиенің нысандары мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.4. Ұлттық Банктің және екінші деңгейдегі банктердің
несиелері ... ... ... ... .22

2.ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАНКТІК НЕСИЕНІҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ШЕКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 25
2.1. Несиенің маңызын көрсететін негізгі
салалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.2. Елдің экономикасының жағдайының өзгеруіне байланысты, несиенің
маңызының
өзгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..29
2.3. Несиенің оңтайлы
шегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 36

Кіріспе

Жалпы бұл тақырыпты бұгінгі күні қоғамда, нарықтық экономикада банк
қызметінің рөлі өте күрделі әрі жоғары болып табылатындығы негіз болды.
Мемлекетіміздің нарықтық экономикаға орнығып келе жатқан тұста банк және
банктік қызмет экономиканы қалыптастырудың басты іргетасы болып саналады.
Бүгінгі уақыттарға дейін банк қызметі күрделі құқықтық институт болып
есептеледі. Ал қазіргі кезде жағдай өзгерді. Нарықтық экономиканың нығаюы,
банк қызметінің дамуы, мемлекеттің қаржы – несие жүйесінің тұрақтануы бұл
саланың маңызын арттыра түсуде. Қоғамдық қатынастармен терең ұштасқан
сайын бұл саланы тек экономистер мен заңгерлер ғана емес әрбір
кәсіпорындардың менеджерлері, салық органдарының қызметкерлері басқа да
қызмет саласындағы мамандардың меңгеруіне тура келді.
Банк қыззметінің тәжірибелік маңзыының артуы бүгінде кәсіпкерлікпен
миллиондаған адамдардың айналысып дамуымен тығыз байланысты. Оның қызметі
банктік шоттар ашу, төлемдердің банк арқылы жүруі, белгілі бір несиелер
беру, депозиттер қабылдау арқылы көрініс табады. Сондықтан да жеке және
мемлекеттік секторда жұмыс істейтін жеке тұлғалар, заңды тұлғалар банк
жүйесі мен банк қызметінің заңдылығына тәуелді болып келеді. Сондай – ақ
қоғам үшін экономиканың дамуы үшін банктің несиемен қамтамасыз ету қызметі
өзіндік ерекше орынға ие. Өндірістің дамуы, шағын кәсіпкерліктің жандануы,
мемлекеттің осы саланы қолдауы барысында банктерге үлкен жүк артылып
келеді. Осы мақсаттағы банк қызметтерінің бірі банктік несиелеу.
Менің курстық жұмысым осы несие және оның экономиканың дамуындағы рөлі
жайлы болып отыр.

3

1. Несиенің экономикалық санат ретінде жалпы сипаттамасы.
1.1. Несиенің қажеттілігі және оның маңызы.

Тарихтың қай кезеңінде болса да несие алуан түрлі экономикалық және
қоғамдық ойшылдардың назарын аударатын. Экономика ғылыми өзінің пайда
болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал,
қазіргі нарық кезеңінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көңіл
бөлініп отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым – қатынас ең жо,арғы
ресімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан – түрлі практикалық
және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйніне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр.
Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы
зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де ұмытпалы несие, барлық
қоғамдық қарым- қатынасты жаңартудың және түрлендірудің ревалюциялық
қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат
байланыс орнатты , олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш
күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономистерге несиенің арғы негізін қазіргі
жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек, оның үстіне әр
түрлі деректерде несиенің экономикадағы маңызы , әр түрлі түсіндіріледі.
Мысалы, кейбір экономистер, несие өнімсіз шығынды көбейтіп (әңгіме
төленетін процент жөніндее), өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтіреді,
нарықтық экономикаға тән қарама – қайшылықтарды шиеленістерге түседі,
сондықтан экономикалық дағдарысты жоймайды, керісінше оны тереңдетеді, оған
тікелей себепші болады деген пікір айтады. Басқалары, керісінше несие
экономиканың тұрақты, үхдіксіз дамуына мүмкіншілік береді дейді.. Осындай
қарама – қарсы пікірлер орын алған жағдайда істің жәйін түсіну үшін алдымен
несиенің қажеттілігі қайдан
4
шығады деген сауалға жауап беруіміз керек.
Жоғарыда айтылғандай, несиенің түбірін тауарлы өндірістің пайда болған
кезінен іздеу керек, тікелей айтқанда, тауар айырбастау, оның бір қолдан
екінші қолға ауысуы, несиелік қатынастың дәл шыққан жері деуге болады.
Қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, несиелік қатынастың пайда болып
және өркенлелуінің, нақты экономикалық негізін капиталдың айналымы мен
ауыспалы айналымы құрайды.
өндіріс құрал – жабдықтары, құндық тұлғасында дәл бір уақытта ақшалық,
өндіргіш күштері және тауарлық нысанында бола алады. Өндіріс пен айналым
процессінде, олар бір нысаннан екінші нысанға ауысып отырады, яғни үзбей
ауыспалы айналымда жүреді.
Сонымен қатар, осындай ақшаның материалдық нысанға ауысып, одан
қайтадан ақшаға айналуы әрбір шаруашылықта бір кезде өтпейді. Бір
шаруашылықта - өндіріс кезеңін (циклын) жаңа бастап жатса, екіншісі оның
орта шеңінде жүреді, ал үшіншісі оны аяқтап, енді өнімдерін сата бастайды.
Әрине іс жүзінде әр өндіріс кезеңдерінің тап осындай шектелуін байқау қиын.
Өйткені өндіру мен өткізу кезеңдерін үздіксіз күнбе күн жүріп жатады.
Дегенмен өндірістің осындай кезеңділігінің саладрынан кез келген
шаруашылықта ақшаның құйылу мен тартылу сәттері болып тұрады. Өйткені,
өндіріс пен айналым кезеңінің ұзақтылығы әр шаруашылықта әр түрлі. Оған
себеп, әр шаруашылықтың әр түрлі табиғи жағдайлары, техникалық жабдықтану
деңгейі, шикізаттар мен отын жеткізушілердің және дайын өнімді
тұтынушылардың алыс – жақындығы, жұмысшы – қызметкерлердің мамандық
дәрежесі мен өндірісті ұйымдастыру қабілетінің деңгейі т.с.с. Кейде мүлде
бірдей жағдайда істейтін екі кәсіпорынның айналым мерзімі бірдей болмайды.
Өйткені, өндірісті ұйымдастыру оны керекті заттармен қамтамасыз етіп,
шыққан өнімді өткізу деңгейлері оларда мүлде бірдей бола алмайды.
5
Сонымен қатар, өндіру мен өткізу процесінде басақ да, айналымды
жеделдететін немесе бәсеңдететін кездейсоқ қозғаушы күштер пайда болады.
Мысалы:
- Шикізаттар мен материалдардың түсуінің бір қалыпты болмауы;
- Тасымалдау жағдайының қиындылығынан (Мысалы, темір жол вагондарының
болмай қалуы) дайын өнімді өткізудің кідіруі;
- Өткізілген өнім үшін немесе көрсетілген қызмет үшін уақытында
төленбеушілік т.с.с.
Осы сияқты күшьердің салдаынан пайда болатын өнідру мен өткізу
процессінің әр шаруашлықта бір кезде басталып, бір кезде
аяқталмайтындығынан олардың кейбіреуінде уақытша бос қаржы пайда болады, ал
кейбіреулеріне өндірісті үздіксіз жалғастыру үшін қосымша қаржы керек
болады.
Дәлірек айтқанда бос ақша ммынандай жағдайлардан шығады:
- Әрбір шаруашылық , жұмысшы қызметкерлерге еңбек ақыны айына екі рет
(қазіргі жағдайда, көбінесе бір – ақ рет) өткен 15 (30) күнге
төлейді, ал жұмысшы – қызметкерлер материалды құндылықты күн сайын
жасайды. Сондықтан соңғы еңбек ақы төлеген күннен бастап, келесі төлем
күніне дейін шаруашылықта 15 (30( күннің ішінде күн сайын өсіп
отыратын қаржы резерві пайда болады;
- Шаруашылық, өткізілген өнімнен түскен таза пайдасын бір сәтте жұмсап
жібермейді. Ол керекті кезіне дейін уақытша бос қаржы болады;
- Өткізілген өнімнен түскен түсімнің ішінде, өндірістің негізгі құрал –
жабддықтарының тозығының орнын толықтыру үшін жұмсауға арналған ақша
бар (амортизация) . Сол ақша да күрделі өңдеу жұмыстарын жүргізетін
кезге дейін бос қаржы болып, шаруашылықтың есеп шотында қалады.

6
Бұл себептер өндіру мен өткізу процесінің ішінен шығады. Сондықтан
олардың шығуы обьективтік жағдай және барлық шаруашылық жүргізетін
субьектілерге тән.
Шаруашылыққа қосымша (капиталдың) қажеттілігі де әр түрлі себептермен
байланысты, оның ішінде аса күрделілері, өндіріс процесінің маусымдылығы
мен өткізілген өнім үшін түсетін түсімнің түсу мерзімі мен өндіріске ақша
керек мерзімінің сәйкес келмеуі.
Сонымен әрбір шаруашылықта, жоғарыда айтылған себептерге байланысты
уақытша бос ақшаның пайда болу кезі мен оны өндіру мен өткізу процесін
үздіксіз жүргізу мақсатында жұмсау кезінің арасында салыстырмалы қарама –
қайшылықтар туып тұрады. Осындай қарама –қайшылықты жөндеу (реттеу) үшін
паййланатын бірден бір экономикалық құрал несие болып табылады. Ол үшін
барлық шаруашылық жүргізетін субьектілердің, бюджеттің, жеке тұлғалардың
уақытша бос қаржыларын бір жерге, банкідегі есеп шоттарына,
шоғырландырылады, ал банктер осы ақшаларды пайдалануға, уақытша қосымша
қаржыға мұқтаж болған шаруашылық жүргізу субьектілерге, жеке тұлғаларға
және керек болған кезінде , басқа елдердің фирмаларына, қайтарымдық және
ақылық жағдайларға несие береді.
Сөйтіп, несие тауарлы өндірістің сөзсіз атрибутына айналады. Кез келген
қоғам біріншіден босаған ақшаның бостан босқа , пайда түсірмей “өлі
капитал” болып жатқанында құмар емес, екінші жағынан экономиканың ұдайы
және кеңейтілген ауқымда дамуына ынталы.
Осының бәрін қорытындылай келіп, несиені экономикалық санат ретінде
“құнның, қайтарымдылығы мен несиені негізінде, қғамның қажеттерін
қамтамасыз етуге лайықты қозғалысы” – деген жөн. Осындай анықтамада
несиенің құнның ауыспалы айналымнан шғатындығы да, оның кейбір мағыналы
қасиеттері де, әлеуметтік экономикалық жағы да қамтылы.
Несиенің қажеттілігі мен оның мазмұнын сипаттай келіп оның ақшадан
7
қандай айырмашылығы бар екенін де айта кету жөн. Өйткені несиеге ақшалай
қаражат беріледі, сондықтан осы екі ұғымның бір біріне ұқсастығы көзге
түседі. Бірақ , олар әр түрлі экономикалық санат және олардың құратын
экономикалқық қарым қатынасы да әр түрлі.
Ақша де несие де төлемнің мерзімін ұзартуға қатынастады., екеуі де
төлем ретінде . бірақ, ақша өзінің мазмұнын төлем әрекетімен және сол шақта
көрсетеді, ал несие өзінің мазмұнын ұзартылған мерзімі өткеннен кейінгі
төлеммен емес, ал сол төлемнің ұзартылу фактісімен көрсетеді.
Ақша мен несиенің тағы бір айырмашылығы, олардың тұтыну құнына
байланысты. Біздің білетініміздей, ақшаның тұтыну құны оның кез келген
басқа өнімге айналу мүмкіншілігінде болса, несиенің тұтыну құны несие
беруші (несиелеу) мен алушының (несие алу) қажеттерін қанағттандыруда.
Несие құнның ақшалай нысанында да, тауарлы нысанында да беріле алады,
ал ақшалй қатынас тек құнның ақшалай нысанында іске асрылады.
Сөйтіп, ақша мен несиенің бір қарағанда байқалатын ұқсастығына
қарамастан олардың арасында елеулі айырмашылықтар бар. Солай бола тұра,
ақша мен несие бірімен – бірі қатар істейді.
Несиенің мазмұнын ашып көрсету жолында кейбір экономист авторлар оның
сенімділігіне көбірек көңіл бөледі. Өйткені, “несие”
Деген сөздің орысшасы, “кредит” , латынша “credare” деген сөзінен
шыққан. Оны , егер орысшаға аударса “верить” деген сөз, қазақша “сену”
болады. Бірақ, мәсселені бұл тұрғыдан қараған дұрыс емес. Несие еш
уақытта құр сеніммен берілмейді. Несие алу үшін алдымен оның кезінде
қайтарылуын қамтамасыз ететін кепілдемелер беру керек. Әрине, банктер
кейде өзінің өте сенімді, көп жылдан бері қарым –қатынастары нығайған,
қаржы жағынан тапшылық көрмейтін клиенттеріне сенім көрсетеді. Оларға
несие кепілдемесі берілуі мүмкін. Ондай “сенім несиесі” деп аталады.
Бірақ мұндай жағдай сирек кездеседі, әсіресе экономикалық дағдарыс,
нарықтық қарым – қатынастың жетілмеген кезеңінде.
8
Сондықтан несиелік қатынаста “сенім” деген түсінік тек тапсырылған
құжаттарға сенуге болады деген сөз.

2. Несиелеудің негізгі қағидалары.
Бұрынғы Кеңестік банк жүйесінің жұмысында несиені тиімді пайдалануда
шешуші жағдайлардың бірі, несиенің белгіленген қағидаларын мүлтіксіз
орындау болатын. Басқаша айтқанда, шаруашылықтарды несиелегенде ,
банктердің барлық әрекеті сол қағидалардың орындалуына бағытталған.
Сондай қағидалар - төртеу болатын:
- Несиенің жоспарлы – мақсатты түрі;
- Несиенің қайтарымдылығы;
- Несиенің мерзімділігі;
- Несиенің материалдық құндылықтар мен өндіріс шығындарымен қамтамасыз
етілуі (қамтамасыздығы).
Қазіргі нарықтық экономикада әр банк , тәуелсіз несие саясатын
жүргізетін болғандықтан олардың қандай да болса, қағидаларды орындауды
талап етудің қажеттігі болмай қалды. Оның үстіне жаңа экономикалық жағдайда
кейбір қағидалар өзінен өзі мағынасын жойды. Мысалы, бұрын несиенің жоспары
– мақсатты түріне сәйкес несие тек жоспардың орындалу дәрежесіне сәйкес
берілуге тиіс болатын. Енді жоспарлау болғандықтан бұл қағида өзінен өзі
қолданылмай қалды. Қазір әр банк қандай мақсатқа қанша несие беру керек
екенін қолда бар ресурсқа байланысты және банктің пайдасын көбейту
мақсатына қарай анықтайды. Осыған байланысты несие берудің жағдайларын әр
банк өзі белгілейді және олар барынша толық, несие алушымен жасалатын
шартта көрсетіледі. Басқаша айтқанда, қазіргі жағдайда банктердің барлық
несиелік саясаты осы шарттың бетіне сияды.
Дегенмен, қазіргі нарық кезінде де жоғары а келтірілген несие
қағидаларының кейбіреулерінің елеулі маңызы бар және оларды барлық
9
банктер несие бергенде басшылыққа алады. Мысалы, банк ешкімге ешқашан да
несие бермейді, егер оның мезгілінде қайтарылуына сенімі болмаса (несиенің
қайтарымдылығы мен мерзімділігі). Несиенің қамтамасыз етілу қағидасы
бұрынғыдан да қатаң түрде қолданылып жүр. Қазір банктен несие алу үшін
бұрынғыдай, жеткілікті сомада тауарлы – маериалдық құндыылқтардың барлығын
және оларды өндіріс процесінен өткізгеннен кейін несиені қайтаруға толық
мүмкінділік туатынын дәлелдейтін мәліметтер беру жеткіліксіз. Қазір
банктерге басқа құжаттармен қатар, жоғарғы өтімді кепілзат, болмаса
бірінші сыныпты компанияда (фирмадан) кепілдік хат тапсыру керек. Оның
үстіне кепілзаттың құны, сұралып отырған несиенің сомасынан әлдеқайда көп
болуы шарт.
Сонымен , қайтарымдылық, мерзімділік және қамтамасыздық несие берудің
негізі талабы келеді. Олар екі жақтың шартында көрсетіледі. Сондықтан
оларды несиенің негізгі қағидалары деп қабылдау керек. Осыған байланысты
кейбір беделді экономистердің соңғы жылдары шыққан басылымдарында өндіріс
шығындары кейін өткізілген өнім үшін түсетін түсімдермен табылады.

3. Несиенің нысандары мен түрлері.
Несиенің нысандары:
1). Қарызға берілетін түріне қарай тауарлық , ақшалай және тауарлы –
ақшалай (араласқан) нысандары бар.
Және де несиенің туарлық нысаны ақашалай нысаннан бұрын пайда болды.
Ол – тауарлы өндірістің пайда бола бастаған кезінде, қолында артық тұтыну
бұйымдары барлар оларды басқаларға қарызға бере бастағанда шықты. Мысалы,
егінші басқа дихандарға келесі егін жинағанға дейінгі қарызға тұқым беретін
болған.
Ақша шықаннан кейін несиенің тауарлық нысанын қолдану бара- бара
азайды.
10
Қазіргі нарықтық экономикада несиенің тауарлы санаты қайтадан өріс
алды. Кез келген тауар өндіруші, өзінің тауарын сатып алушыға төлем
мерзімін кейіндетіп, консиганаторлық сатуға беруге құқықты. Сонымен қатар,
банктер, шаруашылықтарды лизингілік қаржыландырғанда, тауарлық нсеие пайда
болады. Өйткені, жалдауға (арендаға) берілген жабдықтарды, жалдап алушы,
белгілі бір мерзім өткеннен кейін сатып ала алады. Сөйтіп, жабдықты
жалдауға берген күннен бастап, оны сатып алған күнге дейін ол тауарлы
несие болады.
Іс жүзінде тауарлы несиені пайдаланудың зиянды екенін байқауға болады.
Ол капиталдың (ақшаның) айналымын баялатады, төлем тәртібін әлсіретеді,
несиелер (қарыз беруші) өзінің өндірісін тоқтатпау үшін қосымша қаржыға
мұқтаж болады. Осының бәрі айналымда артық ақшаның пайда болуына апарып
соғады. Сондықтан, өркениетті экономикада несиенің тауарлы нысанын қолдану
керек емес.
Несиенің ақшалай нысаны. Бұл нысан қазіргі уақытта көп тараған және
экономиканың өсу мақсатына сәйкес келетін нысан. Ақша , тауар ауыстырудың
жалпыға бірдей баламасы болғандықтан, айналымның және төлемнің әмбебап
қаруы болғандықтан оған қажеттілік, өндіріс көлемінің, өнімді өткізудің,
ауыстырудың, тұтынудың өсуіне сәйкес өседі. Осындай қажеттілік несиенің
ақшалай нысанымен қамтамасыз етіледі. Және де, оны мемлекеттің өзі де,
әрбір шаруашлылық жүргізуші субьектілер де әрбір жеке тұлғалар да , және
мемлекеттің ішінде де, сыртқы экономикалық қарым – қатынастарда да
пайдаланады.
Несиенің тауарлы – ақшалай (араласқан) нысаны.
Несиенің бұл нысаны тауарлық нысанда, ұзартылған мерзімге берілген
несиені, ақшамен қайтарғанда немесе ақшалай берілген несиені тауармен
қайтарғанда пайда болады. Мұндай нысан көбінесе мемлекетаралық несиелік
қарым – қатынаста қолданылады: бір мемлекет, екінші мемлекеттен ақшалай
алған несиессін тауармен қайтарғанда. Мұндай ахцал көбінесес
11
экономикасы нашар дамыған елдермен қарым қатынаста кезедеседі. Өйткені,
олардың ақшалай ресурстары жетпегендіктен алған нсеиесін шикізат
ресурстарымен, ауыл шаруашылық өнімдерімен қайтарады, және де дүниежүзілік
бағадан әлдеқайда кем бағамен. Олай істемеген күнде , ол мерзімі өтіп
кеткен несиелер үшін одан да артық төлем (процент) төлнуге болады..
2) Несиелік мәміледе кімнің несиегер (кредитор) болып қатынасқанына
байланысты, несие нысандары: банк несиесі, коммерциялық несие, мемлекеттік,
халықаралық, азаматтық несиеелері болып бөлінеді.
Несиенің банктік нысаны. Барлық несие нысандарының ішінде ең көп
тараған нысан. Бұл түсінікті де. Өйткені, біріншіден, банткердің
операцияларының ішінде, несие беру (несиелеу) ең бастысы. Екіншіден,
шаруашылықтардың, жеке тұлғалардың уақытша бос ақшалаарын бір жерге
шоғырландырып, оларды басқаларға несиеге беру, банкіден басқа ешкімнің
қолынан келмейді. Сондықтан, банктердің несиелік қызметтен түсетін табысы,
барлық табыстың 70 % - нан асады. Жоғарыда айтылғаннан несиенің банктік
нысанының мынандай ерекшілігін байқауға болады:
- Несие беру банктер , өзінің қаржысы емес, банкке шоғырландырған
шаруашылықтардың, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржылары мен
жұмылдырылған депозиттерді, салымдарды пайдаланады;
- Несие алушы (қарызгер), қарызға алған ақашадан тапқан табысы сол
несиенің өзін және оның өсімін өтеуге жеткілікті болатындай етіп
пайдалануы керек. Сөйтіп, төлемділік, несиенің банкілік нысанының
ажырағысыз қасиеті (атрибуты).
Несиенің коммерциялық нысаны. Несиенің бұл нысанында несие беруші
(несиегер) шаруашылық жүргізуші субьектілер болады. Өткенде , талай рет
аййтылғандай , мұндай несиенің негізінде төлемнің мерзімін ұзарту жатыр.
Яғни, тауарлы сату үшін беріп, ақшаның тауар сатылып болғаннан кейін
12
алу (консигнация). Болмаса, сатып алушы сатушыға тауардың құнын белгілі
мерзім өткеннен кейіін төлеу жөнінде, вексель – борышқорлық міндеттеме
береді. Сондықтан кейде бұл нысанын вексельдік нысан деп атайды.
Коммерциялық нсеие, қазіргі нарық кезінде , тауарлық нысанда да,
ақашалй нысанда да кездеседі. Өйткені, қазіргі жағдайда бос ақшасы бар
шаруашылық жүргізуші субьектілерге, төлем мерзімін ұзартып берумен қатар,
ақашалй несие да бере алады. Бұл несие ісінде банктің монополиясы
болмайтын нарықтық экономикаға тән қасиет.
Коммерциялық несиенің , ақашалй нысанының өзіне тән ерекшелігі , оны
құрайтын көздер уақытша шаруашылық айналымынан босаған қаржылар, ал осы
несие тауарлық нысанда болс, оған төлем мерзімін ұзарту, тауарды өткізу
процесінің жалғасы болып саналады.
Сөйтіп, қарызға айналымнан босаған қаражат емес, сол процесте жүрген
кәдімгі тауар беріледі.
Коммерциялық несие нысандарының ерекшеліктері мынандай:

Коомерциялық несие тауарлық Коммерциялық несие ақашалай
нысанда нысанда
Несиеге берілетін итауарға Несиеге берілген құнға меншіктік
меншіктік сатушыдан сатып несие берушіде қала береді. Несие
алушыға ауысады. алушы оны уақытша пайдалана алады.
Несиені пайдаланғаны үшін төлем
Төлем мезгілін ұзартқаны үшін процент ретінде төленеді.
төлем, тауардың құнына кіреді.

Несиенің мемлекеттік нысаны. Несиенің бұл нысаны жөнінде екі түрлі
біріне – бірі қарама – қарсы пікір бар. Кеңес қоғамның тұсында шыққан
экономикалық басымдардың бәріне де, мемлекет борышкер болып, ал заңды
немесе жеке тұлғалар, несиегер болып қатынасатын несиелік қарым –
13
қатынас , несиенің мемлекеттік нысаны деген түсінік болған.
Сонымен қатар, мемлекет қазіргі нарықтық экономика жағдайында да,
нарықтан қарызға алады. Тек ол капитал – нарығы емес, бағалы қағаздар
нарығы деп аталады. Және де мемлекет бұл әрекетті бұрынғыдай қаржы –
несиелік мекемелер, қаржы Министрлігі мен Орталық (ұлттық) банктер арқылы
іске асырады. Ол үшін олар, әр түрлі бағалы қағаздар шығарады, оларды
мемлекет атынан ішкі нарықта таратады, бірақ негізінде солай болса да, оны
мемлекеттік қарыз деп атамайды.
Қорытындылай келіп , несиенің мемлекеттік нысаны мемлекет немесе оның
жергілікті органдары , қарызгер немесе несиегер болып қатынасатын несиелік
қарым – қатынастың жиынтығы деген жөн.
Бұл жерде “қарызгер”, деген сөздер тікелей мемлекетпен байланысты емес.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекет тікелей ешкімге несие бермейді. Ол екінші
дәрежелі банктердің атқарымы. Сондықтан бұл сөздер, тек мемлекеттің және
оның жергілікті органдырының несиелік қарым – қатынаста, сондай дәрежелерде
қатынаса алатындарын дәлелдеу үшін келтірілген.
Несиенің халықаралық нысаны. Несиенің бұл нысаны, несиелік мәмлеге
қатынасушының бір жағы шетелдік субьектісі болған кезде пайда болады.
Несиенің бұл нысаны жөнінде келесі тарауда кеңірек айтылады.
Несиенің азаматтық нысаны. Бұл нысан нарықтық экономикаға тән. Өйткені,
нарықтық экономиканың тұсында халық бай мен кедей болып жіктеледі. Байлар
өзінің артық ақшаларын кедейлерге несиеге бере алады. Несие тауарлық, не
ақшалай нысанда беріле алады. Несиенің бұл нысанының бір ерекшілігі -
мұнда сенімділік, дос жарандық көбірек орын алады: несиелік шарт жасалмауы
мүмкін, қайтару мерзімі де жағдайға байланысты белгіленеді, оны мерзімді
өткізіп қаййтаруға да болады, қосымша төлемі (процент) де символдық болуы
мүмкін, ал кей жағдайларда несие қосымша төлемсіз берілуі мүмкін. Бірақ,
мұндай несиеге ешқандай
14
құжат жасалмайды екен деп түсінуге болмайды. Керек болған жағдайда барлық
қажетті жағдайлары да қатаң болуы мүмкін. Бәрі де несие беруші мен оны
сұрпанушының өзара қатынастарына байланысты.
3) Несиенің қандай мақсатқа алынуыа байланысты ол, өндірістік және
тұтінімдіқ нысандарға бөлінеді.
Несиенің өндірістік нысаны: Өзінің атынан көрінгендей, несиенің
өндірістік нысаны өндірісті ұйымдастывру және оны кеңейту, жаңадан
жабдықтар, жаңа техниклар алу, жетілдірілген технология енгізу сияқт,
өнімнің жалпы көлемін өсіретін және оның сапасын арттыратын шараларға
пайланылады.
Нарықтық экономикаға ауысу кезінде несиенің осы нысаны үлкен өріс алды.
Өйткені, мемлекет өндіріс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиенің қажеттілігі және оның мәні мен капиталы
Несиенің қызметтері
Несие және оның қызметтері
Несиенің экономикалық санат ретінде жалпы сипаттамасы
Несиенің формалары мен қазіргі кезеңдегі дамуы
Несие экономикалық категория ретінде
Несие қызметінің түсінігі
Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы
Ақша - несие саясатының стратегиялық мақсаттары
Несие, оның мәні мен қызметі
Пәндер