АҚШ заңнамасында колданылатын құқықтың орын алуы



АҚШ заңнамасы бойынша қолданылатын құқық мәселесін жеке құқықтың қайнар көзі бойынша шешу керек. АҚШ отаны Англия болып табылатын жалпы құқық елдеріне жатады. Бірақ, Америка Құрама Штаттарындағы жалпы құқық өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Оған себеп ретінде АҚШ федеративтік құрылымы мен сот билігінің орталықтандырылмауы болып табылады. Міне, осы мәнжайлармен АҚШ-тың жалпы құқығы жеке штаттардың қүқығы болып есептеледі. Қазіргі таңда сауда мәмілелерін құқықтық реттеу штаттардың айрықша құзіретіне жатқызылған. Сәйкес құқықтық институттардың ішінен тек патенттік және авторлық құқық, дәрменсіздік, сондай-ақ штаттар арасындағы сауда және шетелдіктермен сауда жасасу федералдық органдардың жүргізілуіне жатқызылады.
Сонымен қоса, АҚШ-та жалпы құқық еліне жатқызылмайтын Луизиана штатында европалық үлгідегі азаматтық кодекс(1804 жылғы Наполеон кодексі) әрекет етеді.
XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап АҚШ өз заңдарын жүйелеу мақсатында бірыңғай заңдар қабылдай бастады. Солардың ішінде сауда мәселелерінен бөлек қолданылатын қүқық мәселесін де қарастырған бірыңғай сауда кодексін айтуға болады.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
АҚШ заңнамасында колданылатын құқықтың орын алуы.

АҚШ заңнамасы бойынша қолданылатын құқық мәселесін жеке құқықтың
қайнар көзі бойынша шешу керек. АҚШ отаны Англия болып табылатын жалпы
құқық елдеріне жатады. Бірақ, Америка Құрама Штаттарындағы жалпы құқық
өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Оған себеп ретінде АҚШ федеративтік
құрылымы мен сот билігінің орталықтандырылмауы болып табылады. Міне, осы
мәнжайлармен АҚШ-тың жалпы құқығы жеке штаттардың қүқығы болып
есептеледі. Қазіргі таңда сауда мәмілелерін құқықтық реттеу штаттардың
айрықша құзіретіне жатқызылған. Сәйкес құқықтық институттардың ішінен тек
патенттік және авторлық құқық, дәрменсіздік, сондай-ақ штаттар арасындағы
сауда және шетелдіктермен сауда жасасу федералдық органдардың жүргізілуіне
жатқызылады.
Сонымен қоса, АҚШ-та жалпы құқық еліне жатқызылмайтын Луизиана
штатында европалық үлгідегі азаматтық кодекс(1804 жылғы Наполеон кодексі)
әрекет етеді.
XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап АҚШ өз заңдарын жүйелеу мақсатында
бірыңғай заңдар қабылдай бастады. Солардың ішінде сауда мәселелерінен бөлек
қолданылатын қүқық мәселесін де қарастырған бірыңғай сауда кодексін айтуға
болады.
Басқа құқықтық жүйе мемлекеттерінде қарастырылған тараптардың келісімі
бойынша қолданылатын құқықты белгілеу құқығы АҚШ-та да көзделген. Бірақ,
тараптардың еріктерінің автономиясы қағидасының қолданылуы шектелген.
Құқықты таңдау туралы ескертпе заңмен анықталатын болса, онда екі түрлі жол
қарастырылады:
Біріншіден, Бірыңғай сауда кодексі (1-105 бап) тараптарға
қолданылатын қүқықты таңдауға келісім береді, егер мәміле таңдап алынған
құқық орнымен тығыз байланыста болса. Осы нормадан тараптардың еріктерінің
автономиясына жол беріледі, бірақ ақылға сыйымды шекте және тараптардың
еріктерінің автономиясы қағидасы үлкен дәрежеде шектелген.
Жоғарыда келтірілген норма шектеуін толық түсіну үшін, норманы
талқылап кетейік:
Егер АҚШ кәсіпкері басқа елдің кәсіпкерімен сыртқы экономикалық мәміле
жасасқан болса, онда қолданылатын құқық ретінде 1-105 бапқа сәйкес кәсіпкер
штатының немесе шетел кәсіпкерінің заңы алынуы мүмкін. Сондай-ақ, мәмлеге
таңдап алынған құқық мәмілемен тығыз байланысы болуы керек. Осыдан тараптар
тек қана қолдануға тиісті құқық ретінде кәсіпкер штатының немесе келесі
тарап елінің не басқа, бірақ мәмілеге тығыз байланысты құқықты таңдап алу
құқықтары бар екендігін ұғынамыз. Яғни олардың таңдауына континентальдық
құқықтық жүйе елдеріндегідей ақылға сыйымды шекте кез келген елдің құқығын
емес, берілген үш елдің заңның біреуін таңдауға ғана рұқсат беріледі. Көп
жағдайда мәмілеге тығыз байланысты үшінші елдің құқығын таңдау мүмкін бола
бермейді. Өйткені, мәмілеге байланысы бар құқықты тапқанның өзінде оның
кейбір нормаларының қолданылуы жария тәртіп ескертпесіне қайшы келеді де,
оның мәмілеге қатысты қолданылатын құқық ретінде қолданылуын болдырмайды.
Тағы айта кететін бір мәселе, ол жоғарыда айтылған баптың нормасы
мәміле тараптары американ-неміс кәсіпкерлеріне пайдасын тигізбейді, егер
олар американ немесе неміс құқығын қолданбай, бейтарап (мәмілеге тығыз
байланысы жоқ) елдің, мысалыға ағылшын құқығын қолданғылары келсе. Осы
кезде құқықты таңдау туралы заңмен көзделген екінші жолды қарастырамыз.
Екіншіден шарттары туралы Вена Конвенциясының 6 бабы бойынша, егер
оның қолданысы жағдайында тараптарға оны қолданбауға немесе ешқандай
шектеусіз шартты реттеуге басқа құқықты таңдауға рұқсат береді.фолс,гордон
431 с
Жаңа американдық теориялардың ішіндегі ең әсерлісі болып Каверстің
ілімі табылады. Ол өз ілімін алғаш рет 1933 жылы Гарвард заң шолуында
классикалық ағылшын-американ доктринасының конфликтілік құқығына қарсы
бағытталған сын очерк ретінде шығарған. Каверстің теориясы АҚШ сот
тәжірибесінің анализіне негізделеді.
Сатып алу-сату шарттары мен басқа да мәмлелер бойынша бірқатар
мәселелер 1-105 баптың әрекет ету шегінен шығып кететіндігін алдын ала
болжауға болады. Американ сот тәжірибесі статуттарда, соның ішінде
азаматтық істер бойынша сот прецеденттерінің араласуын қарастырады.
Коллизиялық құқық бойынша еңбектерде аталған бапты талқылауға аз ғана, ал
сот прецеденттеріне байланысты қорытындыларына үлкен көңіл бөлінген.
Лунц 28с
Лунцтың ойынан, бірыңғай сауда кодексінде аталған норма орын
алғанымен, оның қолданылуына байланысты мәселе басқаша, яғни, АҚШ-та кең
таралған сот прецедентінің орын алуын ұғынуға болады.
Каверстің ілімі нәтижені таңдау әдісі деген атаумен белгілі.
Коллизиялық норманың қолданылуы, Каверстің ойынша, нақты істі әділетті және
мақсатты шешу үшін құзіретті құқықтық тәртіпті анықтауға бағытталған ба
әлде жоқ па? Оның қолданылу нәтижесін ескермей абстрактіліқ Коллизиялық
норма әдісін қолдану Каверспен жоққа шығарылады. Әртүрлі құқықтық
тәртіптердің коллизиялық – материалдық нормаларының нақты іс бойынша
әділетті, әрі мақсатты шешім беретін норманы тандау керек.
Көптеген сот істерінде коллизиялық нормаға сілтеме жасау сот шешімінің
мотиві ретінде емес, сотпен сілтеме жасалған коллизиялық нормаға тәуелсіз
табылған, сот шешімін құптау үшін қарастырылады: алдымен нақты іске шешім
іздестіріледі, ал, кейін сол шешімге коллизиялық байлам сілтемесі ретінде
негіздеме қарастырылады. Қарапайым сөзбен айтсақ, қарастырылып жатқан іске
бұрын қарастырылған осындай істің (прецеденттің) шешімі іздестіріледі және
сол прецедент шешіміне тиісті коллизиялық байламды анықтайды. Соңынан
қарастырылып жатқан іске прецедент шешімінің коллизиялық байламын негіздеп
істі шешеді. Бір ауыз сөзбен айтқанда, бұрынғы шығарылған шешімді жаңа іке
сәйкестіре отырып қолдануды айтамыз.
Шешімді заңды негіздеуге қатысты осындай тәсіл қолданылған жердің
нәтижесінде анықталмаушылық туындайды: осындай шешімнен қандай да бір
қағиданы шығару толық дерлік мүмкін болмайды, деп конфликтілік құқық
өкілдерінің бірі қарастырады.
АҚШ-тағы Каверс тәсілінің қазіргі заманғы басқа ағымдарға қарағанда
үлкен жетістікке жетуі, оның тәжірибеге әсер етуінің арқасында емес, ол
оның теориялық фундаментті тәжірибеге сәйкестеудің нәтижесінде
жетті.Лунц 33
АҚШ құрылысы жағынан федеративті мемлекет болғандықтан, онда басқа да
федеративті мемлекеттерге қатысты қолданылатын интерлокальдық коллизия
мәселесін қарастырайық. Интерлокальдық коллизия мәселесі мемлекеттердегі
дербес жүйеге сәйкес құқықығы бар әкімшілік-территориялық бірліктердің
болуымен байланысты болады. Осындай мемлекеттің субъектілері өздеріне тән
уақыт бойында қалыптасқан, мазмұны жағынан ерекшеленетін жеке құқықтың
жүйесі болып табылады. Осындай мемлекет ретінде АҚШ-ты алуымызға болады.
Оның әр штатында өзіндік қалыптасқан соттық прецеденттері мен қабылданған
заңдары бар. Солардың негізінде әр штаттың құқықтарының арасында
штатаралық коллизия деп аталатын коллизия пайда болады.
Егер шетел құқықтық тәртібі бірнеше жеке құқықтық тәртіптерден тұрса,
онда шетел құқықтық тәртібінің ережесі көрсеткен құқық қолданылады. Ал,
ондай ереже болмаса, ең тығыз байланысты құқықтық тәртіп қолданылады.
Австрия пар 5
Көрсетілген Австрия нормасының соңғы сөйлемі XX ғасырдың соңына таман
халықаралық жеке құқықтың жалпы даму тенденциясы бойынша, ең тығыз
байланысты елдің құқығы қағидасы бойынша шешіледі.
АҚШ және Ресей доктринасына қарасақ, интерлокальды қоллизия мәселесі
таңдап алынған елдің құқығы бойынша шешілуі керек деген тұжырымға тоқтайды.
Басқа мәселелер Ресей заңнамасында шешуін тапқанымен, бұл мәселеге ешқандай
норма арналмаған. Сондықтан Ресейге қатысты интерлокальды коллизияны шешу
халықаралық жеке құқықтың соңғы жетістігінің бірі, әрі бірқатар
мемлекеттердің жеке құқыққа арналған заңдарында орын алған мәмілеге тығыз
байланысты елдің құқығы бойынша анықталады.
Ал, АҚШ-тың Бірыңғай сауда кодексі өзінің әмбебап 1-105 бап нормасымен
бұл мәселенің жауабын беріп кеткен.
АҚШ-тағы қолданылатын құқықтың жағдайын қарастырсақ, онда жалпы құқық
елдеріне тән шетел құқығын іс бойынша фактілі мән-жай ретінде
қарастырылатындығын аңғаруға болады. Сондай-ақ АҚШ соты өзінің дәлелдемелік
құқығын қолданады. Соттың дәлелдемелік құқығын қолдануы, шетел құқығының
қолданылуын жоққа шығармайды. Өйткені, қолданылуға тиісті елдің құқығы
бойынша мәміленің жасалуы мен орындалуының және орындалудың барлық салдары
реттеледі. Бірақ, бұл тиісті құқықтың шексіз, әрі барлық қатынасқа
қолданылатындығын білдірмейді. Тараптардың дәлелдемелік жарысқа түсуі АҚШ-
та қалыптасқан дәлелдемелік құқық негізінде жүзеге асырылады.
Тағы ескере кететін мәселе, сот қолданылуға тиісті құқықты анықтау
барысында субъективті әдіске қарағанда объективті әдісті кең қолданады.
Осыған ретінде, АҚШ-та қалыптасқан сот прецеденті мен атаулы 1-105 баптың
нормасы үлкен әсерін тигізеді. Тараптар мәмілеге қатысты құқықты
белгілегенімен, сот бірден ол құқық мәмілеге тығыз байланысы бар ма, жоқ
па?, соны анықтайды. Ал, ол болса соттың өз кезегінде тығыз байланысты
елдің құқығы қағидасы, әрі байламын қолданады. Сот прецеденті мәселесі де
осындай жолмен, шешіледі, айырмашылығы, сот шешімге байламды таба отырып
тығыз байланысты құқықты анықтайды. Қорыта тұжырымдасақ, АҚШ-та
мәмілелердің көбінде шартпен тығыз жердің құқығы коллизиялық байламының
қолданылатындығын байқауға болады.
Енді, қайта Бірыңғай сауда кодексінің нормаларын қарастырайық.
Трараптардың құқықты таңдау мүмкіндігі шексіз емес. Кодекстің кез келген
қаулысы қолданылатын құқықты анықтаса, онда сол қаулы әрекет етеді және
оған қайшы келетін келісімнің коллизиялық нормаларымен қоса қолданылатын
құқықтың шегінде ғана күші болады.
Кодекстің 1-105 бабының 2 тармағында қолданылатын құқықты қарастыратын
қаулылар туралы айтылған:
- сатылған тауарларға қатысты несие берушілердің құқығы-2-402 бап;
- банкілік депозиттер мен инкассолық операциялар туралы тараудың
қолданылуы - 4-102 бап;
- осындай мәмлелер туралы сәйкес тарау бойынша кешенді
шектеу (Вulk Тrаnsfеrs) - 6-102 бап;
- құнды қағаздар туралы тараудың қолданылуы - 8-106 бап;
- мәмілені қамтамасыз ету туралы тараудың мақсаты мен әрекет ету аясы
- 9-102 және 9-103 баптар.
Міне, осы аталған жағдайлардан басқа осы Кодекске сәйкес мәмілемен
байланысты құқықты таңдауға болады.
Айтылған көзқарастардың нәтижесі АҚШ тек жалпы құқық мемлекеті ретінде
қарастырғанын байқаймыз. Бірақ, осы параграф басында АҚШ-та жалпы құқыққа
жататын штаттардан бөлек, француз кодексін пайдаланатын Луизиана штаты
туралы айтылған болатын. Осыған байланысты бұл штатта континентальдық жүйе
елдеріне тән әдістер мен тәсілдер қолданылса, ал, жоғарыда қарастырылған
Бірыңғай сауда кодексінің ережелері қолданылмайды.
Қарап отырсақ, АҚШ құқықтық жүйесі аралас жүйе мемлекеті екендін
көреміз. Содай-ақ, тараптардың құқықты таңдау еркінің үлкен дәрежеде
шектелуімен қоса, қолдануға тиісті құқықты анықтаудың бір ғана байламды
басым қолдана отырып анықтайтынын көреміз.

ҚР заңнамасында қолданылатын құқық мәселесінің орын алуы.
1 ҚР қолданылатын құқық мәселесі.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы өз тәуелсіздігін алғаннан, кейін,
өзінің демократиялық сипаттағы заңнамасын жасай бастады.
Ұлттық заңнаманы жасаумен қоса, оның ішінде қарастырылатын халықаралық
жеке құқық қатынастарын реттейтін заңнаманы да қалыптастыру керек болды.
Бірқатар мемлекеттерде халықаралық жеке құқыққа арнайы жеке заңдары бар.
Ал, ҚР жеке құқықпен реттелетін мәселені 1999 жылы қабылданған Азаматтық
кодекстің Ерекше бөліміне жеке бөлім ретінде енгізді. Сондай-ақ бұл
еліміздегі алғаш тәжірибе, өйткені, бұрын Кеңес одағы құрамында болған
кезде, бұл мәселе тек кеңес билігінің ерекше құзіретінде болатын. Осыған
қарамастан АК халықаралық жеке құқыққа арналған бөлімінде заң техникасы
жоғары дәрежеде және мәселелерді шешу барысында жаңа қадамдар
қарастырылған.
Осыған дәлел ретінде баламалы сипаттағы көптеген коллизиялық
байламдардың болуы, сондай-ақ тараптардың еріктерінің автономиясы, жария
тәртіп институттарының жетілдірілгенін айтуға болады.
Тақырыпты ұлттық заңнама бойынша қарастырмас бұрын, елімізге Кеңес
Одағынан қалған Азаматтық заңнама негіздері бойынша қарастырып кетейік.
ҚР АК Ерекше бөлімі қабылданғанға дейін сыртқы экономикалық қызметтің
басқалай коллизиялық ережелерін бекіткен КСРО және республикалар Азаматтық
заңнама негіздері әрекет етті.
"Егер тараптар өзгеше көрсетпесе, мәміле тараптарының құқықтары мен
міндеттері мәміленің орындалу елінің құқығы бойынша анықталады.
Мәміленің орындалу жері кеңес құқығы бойынша анықталады". 165 бап, 2
тармақ
"Қазақстан заңнамасы бойынша мәміленің жасалған орны болып,
оның жасалған жері есептеледі. Егер мәміле хат жазысу арқылы (жоқ
тараптардың арасында (между отсутствующими)) жасалса, онда мәміленің
жасалған жері болып, мәміле жасасу туралы ұсыныс жасаған тараптың елі
есептеледі. Бірақ, бұл ережемен 1999 жылдың 1 шілдесіне дейін жасалған
шарттар бойынша қолдануға болады". сулей, жаңайдар 139 бет
Нақтырақ тақырыпқа келсек, ҚР АК 1084 бабының 1 тармағына сәйкес,
шетелдік азаматтардың немесе шетелдік заңды тұлғаларының қатысуымен не өзге
де шетелдік шиеленістірген азаматтық құқықтық қатынастарға қолданылуға
тиісті құқық осы кодекстің, өзге де заң актілерінің, Қазақстан Республикасы
бекіткен халықаралық шарттардың және танылған халықаралық ғұрыптардың
негізінде анықталады. Алайда, бұл жалпы норма. АК 7 бөлімінде қолданылатын
құқықты анықтауға көмектесетін субъективті және объективті критерилер
көрсетілген. Тақырыпты толық және жүйелі түрде ашу үшін, бірінші,
субъективті әдістен бастайық.
АК 1112 бабына сәйкес, сыртқы экономикалық шарт тараптарына, егер
заңда өзгеше көрсетілмесе кез келген елдің құқығын таңдауға рұқсат береді.
Тараптардың келісімімен қолданылатын құқық ҚР-на немесе контрагаент елінің
не, бекітілген құқықтық қарым-қатынастарға ешқандай қатысы жоқ үшінші елдің
заңы алынуы мүмкін. Егер бірнеше аумақтық немесе құқықтық жүйелер
қолданылатын елдің құқығы қолданылуға тиіс болған жағдайларда, осы елдің
құқығына сәйкес құқықтық жүйе қолданылады. ҚР азаматтық заңнамасы кейбір
елдердің құқық нормаларына қарағанда тараптардың құқықтары мен міндеттерін
реттейтін заңнаманы таңдауға тараптарға үлкен ерік берген, және сыртқы
экономикалық мәмілелердің статуты бекітілген міндеттемелер бойынша құқықтық
қатынастыр қай елдің заңнамасымен реттелетіндігі туралы келісіммен
анықталады. Яғни, қолданылатын құқықты анықтау барысында мәміледе көрініс
тапқан тараптардың назарға алынуы тиіс. Сондай-ақ, тараптар тұтас алғанда
мәміле үшін де, оның жекелеген бөліктері үшін де қолданылатын құқықты
таңдай алады. Бұл халықаралық жеке құқық доктринасының соңғы жылдары дамып,
жаңа жетістіктерге жеткенін байқатады. Мәміленің әр бөліміне жеке құқықты
таңдау мүмкіндігін "depecage" немесе заң биотехнологиясы деп атайды.
"Бұлай құқықты ыдырату жағымсыз, өйткені, тараптар шетел құқығын
айырып, әр бөлімге әр елдің - құқықтық жүйесін қолданады, бірақ "Lех
voluntatis" қағидасын тану, тараптардың, бір уақытта әртүрлі құқықтық
жүйелерді таңдауға құқық беруді де қоса таниды. Бұл жағдай позитивті
сипатта екендігі сөзсіз. ИГБ 97 с
Осы жаңа жетістік бойынша Испаеваның пікірімен жартылай келісуге
болады. Мәміленің әр бөліміне әртүрлі құқықтық жүйелерді қолдану, олардың
арасындағы сәйкессіздікке әкелуі мүмкін және олардың қолданылуын қиындатып
жібереді деген тұрғыда Испаевамен бір қөзқараста боламыз. Ал, соңғы жылдары
сыртқы экономикалық мәмілелердің әр бөліміне әртүрлі құқықтар мен
конвенцияларды қолдану тенденциясының артқанын байқаймыз. Әрине, тауарды
сатып алу-сату мәмілесі бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері
1980 жылғы Вена Конвенциясымен, ал, есеп айырысу нысанын аккредитив арқылы
реттеу орынды болар деп ойлаймын. Және де, соңғы жылдары осы заң
биотехнологиясының қолданылуын зерттеп жүрген ғалымдардың тұжырымы
негізінде, мәміленің әр бөліміне әртүрлі құқықтарды қолдану институты пайда
болды. Егер, осы кең таралған, әрі халықаралық жеке құқық доктринасымен
негізделген тұрғыдан қарастырсақ, онда жоғарыда аталған автормен келіспеуге
болады. Бірақ, бұл институттың қарастырылуына байланысты Испаеваның айтқан
ойы негізді деп ойлаймын. Яғни, тараптарға әртүрлі құқықты әр бөлімге
қолдануға рұқсат беретін норманың енгізілуі тараптардың еріктері
автономиясының кең ұғымда орын алуын көрсетеді.
Ал, АК 1112 бабының 4 тармағы тараптардың еріктерінің автономиясы
қағидасы уақыт бойынша әрекет етуін қарастырады: "Шарттың тараптары
қолданылатын құқықты кез келген уақытта, шарт жасасу кезінде де, одан кейін
де таңдап алуы мүмкін. Тараптар шартқа қолданылатын құқықты өзгерту туралы
да кез келген уақытта уағдаласа алады".
Тараптардың кез – келген уақытта қолданылатын құқықты бекітіп және
өзгерте алуы, олардыың қатынастарының тығыз қатынасқа үйлесуіне әкеліп
соқтырады. Өйткені, олар таңдаған құқықтық жүйе шарт орындалу барысында сай
келмеуі және бірқатар қайшылықтар тудыруы мүмкін. Сондықтан да, осындай мән-
жайлардың реттелуін қарастыратын норманың болуы ұлттық заңнамамыздың
жетістігі болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлері
Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесі
Ұлттандыру әрекетінің теориялық және тәжірибелік мәселелерін зерттеу
Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілігі
Халықаралық жеке құқықтың әдістері
Халықаралық дербес құқық пәнінен дәрістер
Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық сыбайлас жемқорлық
Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу
Халықаралық бала асырап алудың түсінігі мен шарттары
Пәндер