Мұңайтпасұлы Қажымұқан туралы ақпарат
Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.

1. Қалмақан Әбдіқадыров “Қажымұқан” . Алматы.
“Жалын” 1981.
2. “Ордабасы оттары” 1996ж 20 шілде № 53.
3. “Ордабасы оттары” 1996ж № 89 (16609) сәрсенбі,
16 қазан.
4. “Ұлан” газеті № 36 4 қыркүйек, 2001ж.
5. Хаджы мукан “Алимкул Буркитбаев” . Алматы 2003ж.
6. Мұрат Керегібай “Мұқан” . Астана 2004ж.
7. Естеліктер. “Күш атасы” . Алматы. Қазақстан 1990ж.
8. Оңтүстік спорт. “Қажымұқан қанағаты” № 20 (52), 30 қазан 2004ж.
9. Қазақ әдебиеті “Қажымұқанның туғанына 125 жыл” № 5. 30 қаңтар. 1996ж.
10. Барыс. “Қажымұқан балалары әлемнің түкпір - түкпірінде жүр”. 22.04.2003ж.
11. Егемен Қазақстан. “Қажымұқан белгілі тұлғаның беймәлім қырлары”. 29 маусым.2005ж.
12. Ордабасы оттары. Қажымұқан мен барыс. 19 қараша, 2005жыл.
13. Халық үні “Қажымұқанның туған жеріне талас тоқтар емес . . .”. №25 (59).
14. Қажымұқан атындағы музейі.
15. Республикалық қоғамдық мәдени газет “Қажымұқан қайта тумайды”. № 8 (08). 16.08.2006
16. Егемен Қазақстан. “Қазақтың Қажымұқаны ” 7 сәуір 2006ж.
17. Оңтүстік Қазақстан. “Қазақ палуанының 6 құжаты табылады” №104 (17740) 20.07.2004ж.
18. Алтын Орда . “Қажымұқанды білдік пе?” №1 (207) 9. 01.2004ж.
19. Мұратқан Тәнекеев “Қажымұқан кітабы”. Алматы. Білім баспасы. 2001ж.

Мұңайтпасұлы, Қажымұқан
Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой
балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын
бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған
топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс
медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған
тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте
күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында
түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында
Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің
чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг
Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар
жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу —
сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей
күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай
ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес
қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді,
еңсесі түспеді.
Өмірі
Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі,
Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Кейбір
зерттеулерде, оның 1883 жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның
баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған.
Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан
деген атқа ие болған. Былай басталатын өлең жолдары оның сал-серілігінен де
хабардар етеді:
Атандым Мұқан палуан, бала жастан.
Ішінде күштілердің болдым астам.
Талай-талай жерлердің дәмін татып,
Өтті дәурен осылай біздің бастан
Сонда сол циркте жеңген палуан, ең соңында жеңген палуан мен Қажымұқан
күреске түседі. Оны жыға алмайды, дегенменен халық арасына танылады. Злобин
деген цирктің қожасына ұнайды да, бұл жаңағы барлық зерттеулерде жазады ол
Ваня ағай деген атақты алғашқы кәсіби Санкт-Петербордағы мектепті ашқан
атақты Лебедевке хат жазып жібереді. Сол арқылы ол сол жаққа барады. Сол
жақта үш жылдай дәріс алады. Содан кейінгі өмірі Қажымұқанның үлкен өрісте
болады, биіктей түседі жылдан жылға.
Талас аға жалғайды. Сонда ол орыстың көптеген палуандарымен танымсып,
дос болады. Олардың ішінде Иван Поддубный, Иван Шемякин сияқты мықты мықты
дүние жузіне белгілі жауырыны жерге тимеген, Иван Зайкин тәрізді балуандар
бар, Шульц деген палуан осылармен тек қана күресіп қана қойған жоқ, рухани
жағынан жақындасып, ұзақ жылдар дос болды.
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл.
Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс
әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол
үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды.
Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Сол кездегі саясат бойынша,
бізде тек орыстар ғана емес, жапондықтар да күреседі деген жарнамалар
жасалып, Қажымұқанды Ямагата Мухунури деген лақап атпен күрестіреді.
Сонымен қатар, Мухан, Иван Чёрный сияқты лақап есімдері болған.
1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол Қара Мұстафа деген
атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары
тарай бастайды.
1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді.
Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған
біріншілікте ол Америка чемпионы атанады.
1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбулға барады. Сол кезеңде әлемде
түрік палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық , ол
жаққа орыс палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі
түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буады.
Ол поляк қызымен отау құрған. Омбыда мешітке апарып, оған Бәтима деген
ат беріп, мұсылман дініне кіргізген. Патша үкіметі құлаған соң, балуанның
отбасы азамат соғысы мен аштықтың салдарынан біраз сергелдеңге тап болады.
1937 жылы Қажымұқанның ізіне ІІХҚ қызметкерлері түсіп: Бұл патшаның
адамы, оның қолынан медаль алған, сыйлық алған сыбайласы — деп қудалауға
ұшыратады. Сол себепті Қажы Мұқан отбасын тастап, Түркістан мен Өзбекстанда
бас сауғалайды. Өмірінің соңғы кезеңі Түркістан жерінде өтеді.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің
төрағасы Қазақбаевқа жолығып, оған Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол
арқылы ақша тауып, майданға көмектессем — деген ұсыныс айтады. Бұл
ұсынысты үкімет қолдап, екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың
сомдай ақша табады.
Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның Мұқан
Мұңайтпасұлы деген шын есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен
жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнап, 50 шақты
медальдің иесі болып, жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға — қазақтың нағыз
хас батыры.
Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Ленин туы
колхозында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш
орнатылған. Оның төрт әйелінен тараған ұрпақ Түркістан мен Ақмола өңірінде
өмір сүруде.
Жетістіктері
Ең алғаш рет ірі табысқа Қажымұқан Харбин қаласында өткізілген
Халықаралық турнирде қол жеткізеді. Мұнда ол бірінші орынға ие болып,
өңіріне алтын медаль тақты. Кейбір деректерде бұл турнир 1905 жылы өтті
делінеді. Белгілі басты оқиға — Қажымұқан Жиу-Житсу бойынша күресіп,
турнирде бірде-бір рет жеңілмегені, үлкен алтын медаль жеңіп алғаны.
Харбин сапары Қажымұқанның даңқын аспанға көтереді. Енді оны
Маньчжурия чемпионы деп атап кетеді, әрі Мухинура деген лақап ат
беріледі. Қажымұқанның мұнан басқа да бірнеше лақап аттары болған. Солардың
ішінде Октябрь революциясына дейін осы Мухинура деген лақап аты сақталып
келді. Революцияға дейін ол қатысқан чемпионаттарды ұйымдастырушылар, сол
замандағы жағымпаз баспасөз өкілдері, біресе жапон деп, біресе маньчжур
деп, мүмкіндігінше қазақ екенін айтпауға тырысты. Мәселен, 1909 жылы
Қажымұқан атақты эстон балуаны, әлем чемпионы Георг Лурихтың тобында
күресіп жүреді. Лурих өз тобының жетекші балуандары жөнінде айта келіп,
Қажымұқан туралы: Шығыс ұлы жапон „Мухинура“ ол сирек кездесетін мықты
балуан, күресте қайтпайтын бірбеттігі, далаға тән қайсарлығымен және
ызақорлығымен ерекшеленеді — деп жазған.
1910 жылы Америкаға, Еуропаға орыс балуандарының үлкен бір тобы
аттанады. Сөз арасында айта кететін бір жайт, — бұл сапарда Қажымұқанға
еріп, әйелі Надежда Николаевна Чепковская да бармақ болған. Бірақ аяғы ауыр
болуына байланысты Португалия порты Лиссабонда кемеге көтерілуіне рұқсат
етілмейді. Жергілікті тәртіп бойынша, екіқабат әйелдерді мұхит кемелеріне
мінгізбейді екен. Қажымұқанның өзі Бәтима деп атап кеткен Чепковская цирк
актрисасы болған, әрі ерінің кәсіби күрестегі талай тамаша жеңістерін өз
көзімен көрген.
Осы сапарда Америкаға барған балуандар бірнеше шағын топтарға бөлініп,
әр жерде күреседі. Оңтүстік Американың ірі-ірі қалаларында күш сынасады.
Олардың әсіресе Аргентина астанасы Буэнос-Айреске барған сапары сәтті
болады. Қажымұқан бұл сапардан үлкен алтын медальмен оралады. Бірақ
Қажымұқанның Америкада күрестің қай түрінен өнер көрсеткенін анықтаудың
әзірше сәті түскен жоқ. Оның Американың еркін күрес түрі бойынша сайысқа
түсу әбден ықтимал деген пікір бар. Себебі олай деуге негіз бар. Қажымұқан
өзін әрқашан да еркін күрестен мықты сезінген де, франсузша күрестің
техникасына шорқақтау болыпты.
Қажымұқан Оңтүстік Америкадан 1910 жылдың аяғына таман оралған сияқты.
Олай дейтін себебіміз: ол 1910 жылдың желтоқсанында, 1911 жылдың қаңтарында
Мәскеуде өткен Халықаралық чем¬пионатқа қатысады. Бұл жолы Қажымұқан
Разумовтың, Шнейдердің, Иогансанның, Винтердің, Апполинның жауырындарын
қысқа уақытта кілемге тигізген. Осы чемпионатта сол заманда аты дүрілдеп
тұрған Циклоппен ұзақ алысады. Айқас 20 минутқа созылып, тең аяқталған.
Чемпионаттың жетінші күні Қажымұқан Әлем чемпионы Лурихпен кездеседі. 20
минутқа созылған бұл қиын белдесу еш нәтиже бермей, тең аяқталады. Ертеңіне
Лурих қазақ балуанын тағы да кілемге шақырады.
Белгіленген уақытта Лурих тағы да жеңіске жете алмайды. Әккі Лурих
қулыққа көшеді, ақыры ақшаға сатылған төрешілер Лурих жеңді деп хабарлайды.
Күресті тамашалауға жиналған көпшілік бұл шешімге келіспейтіндіктерін
білдіріп, үлкен шу шығарады. Жарысты ұйымдастырушылар кілемді тастай
қашады. Төрешілердің Қажымұқанға қарсы ойлап тапқаны — ол жарыс ережесін
бұзды деген сылтау.
1911 жылдың сәуірінде Петербургте күреске қатысады. Бұл жолы
чемпионатқа қатысушылар арасында Рауль де Раун мен Георг Лурих та болады.
Әділетсіздік бұл жолы да Қажекеңнің алдынан шығады. Чемпионаттың жарты
жолында баяғы әуен қайталанып, жарыс ережесін бұзды деп тағы да жарыстан
шығарып тастайды. Петербург чемпионаты аяқталар-аяқталмастан, оны Польшаның
астанасы Варшавада өтуге тиісті Халықаралық жарысқа шақырады. Осы жарыс
жайында Бәтима жеңгей былай деп еске алады:
Бұл есте қаларлықтай аты шулы жарыс болды. Қажымұқан бұл жарыста Әлем
чемпионы, атақты неміс балуаны Поль Абс, әлем және Ресей чемпионы Иван Яго,
неміс балуаны Шульц сияқты шебер балуандармен белдесті. Алтын медальды бұл
жолы ойламаған жерден неміс Шульц ұтып алды. Қажымұқан кеудесіне кіші алтын
медальды тақты, күміс медальға Лубие ие болып, атақты Поль Абс қола
медальды қанағат тұтты. Жарты жылдан соң Варшава біріншілігіне қатысу үшін
біз Польша астанасына қайта оралдық. Сол кезде ұлымыз Халиолла кішкентай,
жаңа ғана қаз-қаз басып жүрген кезі еді. Біз Халиоллаға бас-көз болсын деп,
көршінің 16 жасар қызы — Жәмиланы ала келгенбіз. Қажымұқан бұл жолы да
жүлделі орыннан көрінді. Одан жоғары орындарға чех Поспешил мен атақты
Лурих ие болды. Осы жарысқа қатысқан Қытай алыбы Ли Хун Синг пен Лаубе
Қажымұқаннан кейінгі орындарға ие болды. Чемпионат аяқталған соң, бәріміз
ауылға, Омбыға оралдық. Ұмытпасам, осы жолы, не 1912 жылы, әйтеуір осы екі
жылдың бірінде біз Қызылжар қаласына тоқтадық. Қазақ балуанының дәрежесі
көтеріліп, Ресейдегі, шет елдердегі чемпионаттарда жақсы күрес көрсетіп
жүргенін естіген қала тұрғындары, соның ішінде Қажымұқан жас кезінде
жалшылықта болған көпес Григорий Масляков кісі жіберіп, үйіне шақырып,
қонақ етті. Батыр балуанның болған жерлеріндегі күрес әңгімелерін қызыға
тыңдап, көптеген сұрақтар қойды. Дастарханын жайып, сыйлы қонақтарын
шақырып, Қажымұқанға, қасындағы біздерге үлкен сый-құрмет көрсетті. Мұның
өзі байлығымен ғана масаттанып жүрген көпестен кедей шаруаның баласы,
кешегі жалшысы, бойына біткен алып күшін, сарқылмас өнердің иесі, қазақ
халқының мақтанышы Қажымұқанның Григорий Масляковтан биік тұрғанын халықтың
алдында бір көрсетіп тастады. Қажымұқанның астына ат мінгізіп, маған 5 метр
көк мақпал таза күмістен әшекейлеп жасаған редикюльді сыйға тартты. Біз
қанша бас тартсақ та, көнбей қойды. Бұл Қызылжарда болған кездеріңіздің
естелігі болсын деп бәйек болды. Біз Қызылжардан осылай аттандық. Сол жолы
Қажымұқан үш айға жуық ел аралап, тойдумандарда болып, халқының арасында
сайран салып жүрген.
Ақын жазушылар Мұқан туралы
Қара сөздің қадірін білетін қазақ күш атасы деп басқаны емес,
Қажымұқанды атаған. Қажымұқан туралы қалам тербеген алаш қаламгерлерін
түгендеп шығу да оңай емес.
Сәкен Сейфуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Кенен Әзірбаев, Нартай
Бекежанов, Асқар Тоқмағанбетов, Әбділда Тәжібаев, Дихан Әбілев, Сапарғали
Бегалин, Сәбит Мұқанов, Әуелбек Қоңыратбаев, Сырбай Мәуленов, Төлеген
Айбергенов, Қадыр Мырзалиев, Ғафу Қайырбеков, Қалмақан Әбдіқадыров,
Сәуірбек Бақбергенов, Жайық Бектұров, Әди Шәріпов, Зейтін Ақышев, Берқайыр
Аманшин, Әлімқұл Бүркітбаев, Қапан Қамбаров, Төлеген Тоқбергенов, Мұхтар
Шаханов, Жарасқан Әбдірашев, Бекен Әбдіразақов, Сабырхан Асанов, Аян
Нысаналин, Құлбек Ергөбеков, Мамытбек Қалдыбаев, Захардин Қыстаубайұлы,
Серік Байхонов, Жанболат Аупбаев, Әділғазы Қайырбеков, Әсия Беркенова,
Есенқұл Жақыпбеков... Орыстың көрнекті ақыны Дмитрий Мартынов, белді жазушы
Николай Анов... Аттары аталған бір-бір бәйтеректей ақын-жазушыларға спорт
журналистерін қоссақ, Қажымұқан туралы қалам тербеген адамдардың шеті-шегі
жоқ екенін бағамдар едіңіз.[1]
Қызықты мәліметтер
...1944 жылы осындай шоулармен жиналған 100 мың сомды — Қажымұқан осы
қаржыға ұшақ сатып алып, оны Амангелді Иманов атымен атауды өтініп, Жеңіс
қорына аударды. 29 қазанда мынадай жеделхат келді: Оңтүстік Қазақстан
облысы, Шәуілдір ауданы, Ақтөбе кол-зы, Мұңайтпасовқа. Қызыл Армияның
Әскери күштеріне көрсеткен қамқорлығыңыз үшін менен сәлем және Қызыл
Армиядан ризашылық қабылдаңыз, жолдас Қажымұқан. Сіздің тілегіңіз
орындалады. Сталин.
Қажымұқан жерге жатқанда, оған денесінің үстіне тақтайлар орнатылып,
сол тақтайлардың үстімен адамдар лық толтырылған жүк машинасы жүріп
өтететін. Орнынын тұрған Қажымұқан ақсақал жүк машинасындағы адамдарды
иығына отырғызып, жан-жағынан жармасып-жабысып мініп алған адамдармен
оранып алған Алып құрметтеушліредің алдында әрлі-берлі жүретін
Қазақтың Қажымұқаны
Өз ұлтымен бірге жасайтын ұлы тұлғаның бірі әрі бірегейі Қажымұқан
Мұңайтпасұлы екені дау тудырмаса керек. Орасан күштің иесі, күрестің
бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз
өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль
олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде
қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан
ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван
Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг
Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз
кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу – сол заманда
нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің
қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада
намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес

Тау қопарар қайратымен, теңіз тасқынындай екпінімен алаштың боз
кілемдегі байрағын күрес шыңының ұшар басына қадады. Қазақ жұртының
Қажымұқанға жан теңгермейтіні алыптың ұлтқа жасаған өлшеусіз еңбегінен деп
білуіміз керек. Қара сөздің қадірін білетін қазақ “күш атасы” деп басқаны
емес, Қажымұқанды атаған. Қажымұқан туралы қалам тербеген алаш
қаламгерлерін түгендеп шығу да оңай емес.

жоқ екенін бағамдар едіңіз.
Қазақ спортында зиялы қауымның осынша көл-көсір махаббатына бөленген
Қажымұқаннан басқа мықтыны таба алмайсыз. Жасы жетпістен асқан шағында
екінші дүниежүзілік соғысқа арнап ұшақ жасатқан Қажымұқан біртуар балуан
ғана емес, елін, жерін шексіз сүйген ер екенін дәлелдеді емес пе. Алланың
берген табиғи күшімен, ғажап өнерімен ауыл-ауылды аралап тапқан қаражатын
жетім-жесірге үлестіріп жіберіп, өзі ас-судан тарылып, жоқшылықтың
тауқыметін тартқан мәрттігін қалай ұмытамыз.
Бір айта кететін жәйт, көрші Ресейде әлемнің бірнеше дүркін
чемпиондары Иван Поддубный мен Иван Ярыгиннің, Беларусьте Александр
Медведьтің құрметіне әлемдік деңгейдегі дәстүрлі күрес бәсекелері өтеді.
Біз болсақ, күш атасы Қажымұқанның жүлдесі үшін ірі халықаралық турнир
ұйымдастыра алмай келеміз. Қажымұқандай алыбы бар қазаққа бір жарыс
ұйымдастыру неге тұрады. Спорттың басы-қасындағы азаматтар осыны ескерсе
дейміз.
Қыдырбек РЫСБЕКҰЛЫ.
***
Сәкен СЕЙФУЛЛИН
ӨРДЕШ ТӨС, БІЛЕУ ДЕНЕ, ШОЙЫНДАЙ СОМ
...Күресте СССР-да жеке-дара –
Талай дәу қыла алмаған ешбір шара.
Еуропа, Азиядан асқандар да:
Поддубный, Ганс – Гауан, Қазбек Гара.
Ожар бет, қара мойын – бейне құлжа,
Қылар ед бір салса егер мылжа-мылжа.
Шалқиған жауырынды, бұжыр қара,
Еңгезер, үйелмен, дәу, тартқан – құжға.
Қалың бет, бура түсті қара нардай,
Жұп-жұмыр, жуан діңгек,
бойшаң дардай,
Өзге жұрт ергежейлі ол келгенде,
Айбынды жолбарысқа болар пардай.
Топшысы кере құлаш, бітім шалқақ,
Шалқиып малпаң басад, талтақ-талтақ.
Ұзақ жол керуеннің көшіндегі
Сияқты жампоз атан, басқан малтақ.
Нартай Бекежанов
ӨНЕРДІҢ БАР ӨЗІНДЕ АЛУАНЫ
Құдіретті қара күштің қаһарманы,
Балуанның бәрін жыққан жиһандағы,
Тізесін белдескеннен бүккен емес,
Чемпион жер жүзіне аталғалы.
Қаһары қаһарланса тасқан селдей,
Жоталы, жалпақ жоны асқар белдей.
Жетпістің жетеуіне жетсе-дағы,
Серпіні қаңтардағы серіпкен сендей.
Асқар ТоҚмаҒамбетов
ТІЗЕСІН БЕЛДЕСКЕННЕН БҮККЕН ЕМЕС
Иығы жонның жота асуындай,
Маң басқан нардың маңғаз басуындай.
Қайтпаған қайтпаса да қайсар күші,
Ертістің қайнап аққан тасуындай.
Он жігіт жаурынына жайласаң да,
Елу пұт білегіне байласаң да,
Былқ етпей бәрін жалғыз көтереді,
Үстінен пятитонка айдасаң да.
Сырбай МӘуленов
ҰЛ ТАРТЫП ТУСА ИГІ ЕНДІ ӨЗІҢЕ
Саусағы Алатаудың еменіндей,
Жотасы Қаратаудың кемеріндей,
Жүзінен шаттық, қайғы білінбейді,
Тұп-тұнық Қараөткелдің тереңіндей.
Ордадай омырауы алқа-салқа,
Жартастай бас терісі жаңқа-жаңқа,
Құлағы жымырайған жырым-жырым,
Қарыны бұлшық еттей қалта-қалта.
Тұтасқан мойны дала жондарындай,
Білегі жолбарыстың қолдауындай,
Гүрзідей қолдарының тегеуріні
Атасы Қобландының қолдарындай.
Ғафу Қайырбеков
БЕРІП КЕТКЕН ТАРИХҚА АТЫН МЫҚТАП
Мүлде сирек көк шөбі құба жонда,
Мүлде сирек бір қазақ жатыр ұйықтап.
Айтарсың – деп кейінгі сұрағанға
Беріп кеткен тарихқа атын мықтап.
Жандар ғой бұл шапағат жарық құшып,
Бар тұлғасын табиғат мол пішетін.
Ол есіңе түскенде халық түсіп,
Халық еске түскенде ол түсетін.
Қадыр Мырза Әлі
БҰЛШЫҚ ЕТІ ДАЛАНЫҢ
Көкорайда түрсе бабаң балағын,
Майдан қылдың кілемін сан қаланың.
Сен “Әуп!” – десең, түйілетін тас болып,
Бұлшық еті даланың.
Атып ұрмай қоймаушы едің кезенсең,
Сені көріп жер болатын ез еңсе.
Сен жығылсаң – далаң бірге жығылып,
Далаң жеңді – сен жеңсең.
Тау көтерсең – қарың сенің талмапты,
Сондай күшпен ата-бабаң мал бақты.
Саған арнап құйған шойын ескерткіш
Болмас сенен салмақты!
Тұманбай МолдаҒалиев
ҚАЙРАТЫМЕН АЙТҚАНДАЙ ЕЛІНЕ АҚЫЛ
Тау көтерген Қажекем кеудесімен,
Сөйтіп, талай тандырған елді есінен.
Сұңқар жігіт сұқтантты сұлуларды
Тұлпар мініп жастықтың кермесінен.
Белдескеннің бәрін де жыға берген.
Тең табылмай өзіне мына әлемнен.
Шауып өткен бір кезде кең даласын
Даңқ деген құламас құлагермен.
Төлеген Айбергенов
СӘЛЕМ САҒАН, КҮШ-АТАМ!
Заңғар таулар жотасын
Мен өзіңе ұқсатам.
Танымайтын атасын
Сәлем саған, күш-атам!
Күтіп талай батыр сын,
Деп тұрғанда белдесем,
Қалай сыйып жатырсың
Мына қара жерге сен.
Сабырхан Асанов
ӘЙГІЛІ ЕСІМ ЖАЗУЛЫ ТҰР ӘР ҮЙДЕ
Талай елден зерлі шапан киіпті,
Талай кесір ердің басын иіпті.
Талай рет жылағанды күлдіріп,
Талайларға атаныпты сүйікті.
Талай сұлу өзі көңілін білдіріп,
Қосыла алмай, дейді дертке күйіпті.
Ашуланса ол тауды тілген, тураған,
Өзендер де қолында оның тулаған.
Айқастарда дауыстаса – “һәп!” десе,
Жаңғырығып ормандар да шулаған.
...Қариялар саусаққа сап санаса,
бұған дейін мұндай адам тумаған!
Мұхтар Шаханов
ҚҰЛАГЕР ТӨС, ПІЛ ТАБАН...
Қара күште әлі ешкім жоқ сенше биік шырқаған.
Өнерге де өзгелерден жақын ең ғой бір табан,
Рух қашып бара жатыр өзің өскен қырқадан...
Бүгін мені қайта көтер жарты ғасыр өткен соң,
Қанатсызды мойындамас мінезіңмен бұрқаған.
Сол бір салтың тірі тұрса, тұрар әр кез ұлт аман,
Қазақтың бас бұлшық еті, құлагер төс, піл табан...
Омарбай МалҚаров
ҚҰРЫШТАЙ ҚОРЫТЫЛҒАН САЛМАҚТАНЫП
Бар әлем Қажекеңді аңыз еткен,
Ертектей елден-елге тарап кеткен.
Күшіне тарих куә, халық куә,
Мақтаған сөзім емес қошеметпен.
Бекен ӘбдіразаҚов
ИІРГЕН НЕ ДӘУІҢДІ ҰРШЫҚ ЕТІП
Қаратау жотасындай бұлшық еті
Иірген не дәуіңді ұршық етіп.
Қажекең буырқанып белдесуге
Кезенген қаһарлы сәт келді есіме.
Ақтастан құйылған сом тұлғасында,
Күш жатыр жан тең келмес бұл ғасырда.
Туған жер құдіретіндей ұл басында
Осылай туса керек туғасын да!
Әбдіраштың ЖарасҚаны
КЕЛСЕ ЖҰРТҚА ТАНЫТҚЫҢ...
Ерендігін Қазақ дейтін халықтың
Бойыңменен Келсе жұртқа танытқың,
Тереңдігін Қазақ дейтін халықтың
Ойыңменен Келсе жұртқа танытқың,
Ей, жас ұрпақ, Құлақ түр,
Ей, жас ұрпақ, Мұрат қыл
Тау тұлғасын Қажымұқан алыптың!
Сұстылығын Қазақ дейтін халықтың
Айбатыңмен Келсе жұртқа танытқың,
Күштілігін Қазақ дейтін халықтың,
Қайратыңмен Келсе жұртқа танытқың,
Ей, жас ұрпақ, Құлақ түр,
Ей, жас ұрпақ, Мұрат қыл
Тау тұлғасын Қажымұқан алыптың!
Түгелбек Қасымов
КҮШ АТАСЫ
Бұлшық ет білектегі ойнады да,
Галстуктей сом темірді байлады да.
Лезде шешіп алып сымдай созды,
Бір күліп қарап қойып жан-жағына.
Тағы да шалқасынан аунады да,
Құм сықырлап шыдамай салмағына
Жиырма жігіт мінгізіп бөренеге,
Табанымен көтерді айналдыра.
Төлеген ТоҚбергенов
БАЛУАН АТА
...Қажымұқан шекпенін иығынан сыпырды. Одан жейдесін шешті. Бар денесі
босаңдау, тым ішті боп көрінді. Жоғарғы ерні түрік те емес, төменгі ерні
салпиып, салбыраған да емес, етті әрі қалың, бет пішіні кесек, кескіні
қараторы, басы үлкен, мойны жауырынымен тұтаса жалғасып жатқан мөлшерсіз
жуан, құлағы жатаған, бүріктеу екен. Жанары ашық әрі жұмсақ, жүзінен нұр
тамғандай мейірлене қарайды. Шашын тықырлап алғызыпты.
Төбелігі аздап жалтырап тұр. Ол жан-жағын барламай, маңдай алдына тура
қарап сөйледі. Үні қою, төмен шықты.
– Ағайын-туғандар! Аға-іні, апа-қарындастар! Мен қазір жетпістің
жетеуіндемін. Дүниенің жиырма сегіз елінде болып, елу алты алтын, күміс
медаль алдым. Африканың қара перісімен де күрестім, жапонның Саракикиімен
де итше жұлқыстым. Жауырыным жерге тиген жоқ. Қазақ деген халықтың намысын
бермедім. Сонда мына түрімен қалай сөйтті демеңдер, ағайын.
Ол соны айтты да, жұрттың айқай-шуына қарамай, ұзын ақ дамбалының
ышқырын ширата қайырып, балағын тізесінен жоғары түрді. Жанында тұрған
гармоншы жігітке иегін қақты.
Әуелі кеудесін кере “әп!” деп тыныс алды да, бой жазды. Қампиған қарын
омыртқаға жабысып, қаншырдай қата қалды. Кеудесі көріктей боп күмпиіп,
көрер көзге апай төстеніп сала берді. Жетпістен асқан шал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz