Атмосфералық ауаны қорғау туралы
Белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бүл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін.
Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (Жер шарында бірнеше мың жанартау бар, оларлың 500-ДЕН АСТАМЫ белсенді), тау жыныстарының үгітілуіне,шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи ЖОЛМЕН ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқүлақ споралары, кейбір өсімдіктерді тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады. Космос шаңы (атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (II ден 64 км/сек дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардың айтуы бойынша тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеориттер түседі.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:
Атмосфералық ауаны қорғау
Белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және
биологиялық заттардың болуын немесе бүл заттардың табиғи орташа көпжылдық
деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның ластануы табиғи
(жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және
антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда
жүруі мүмкін.
Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (Жер шарында
бірнеше мың жанартау бар, оларлың 500-ден астамы белсенді), тау
жыныстарының үгітілуіне,шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне
(найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы
сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі
процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға
аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқүлақ
споралары, кейбір өсімдіктерді тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-
тозаңдары жатады. Космос шаңы (атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан
пайда болады. Секундына атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (II ден 64
кмсек дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-
70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардың айтуы бойынша тәулігіне
жер бетіне 1018 кішігірім метеориттер түседі.
Жыл сайын жерге 2-5 млн тонна космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да
Жермен жанасқан атмосфераның қүрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып
жүретін радиустары 1016—10'5 м шамасындағы бөлшектерден тұрады.
Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтьн көздердің арасында шөлді
дала мен басқа да сусыз даланы айрықша атап кетуге болады. Атмосферадағы
шаң буды суға айналдырумен қатар, күн радиациясын тікелей сіңіреді және
тірі организмдерді Күн сәулесінен қорғайды. Заттардың биологиялық жолмен
ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектерінің, азот
оксидтерінің, көміртегі оксиді мен диоксидінің және т.б. түзілуіне және
олардың атмосфераға түсуіне апарады. Атмосфералық ластануға табиғаттың
алапат қүбылыстарының қосатын үлесі айтарлықтай. Мысалы, орта есеппен
жанартаулардың атқылау нәтижесінде жылына атмосфераға 30-150 млнт газ және
30-300 млнт ұсақ дисперсті күл тасталып отырады. Тек Пинатубо (Филиппин)
жанартауы атқылаған кезде (1997 ж.) атмосфералық ауаға 20 млн тонна күкірт
диоксиді шығарылды. Жанартаулар атқылағанда атмосфераға бірқатар химиялық
ластағыштар - сынап, мышьяк, қорғасын, селен түседі. Ірі орман өрттері
салдарынан да атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады.
Кейбір ғалымдардың айтуынша, қазіргі кездегідей ауа райының ыстық болуы
шамамен 55 млн жылдай бұрын да болған. Солтүстік теңізде, қазіргі Норвегия
аумағында геологиялық авария болып, жанартау лавалары үлкен мүнай
қабаттарының астына енген. Нәтижесінде атмосфораға 2 млн тоннаға жуық
буланған мұнай өнімдері бөлінген. Сол кездегі осы жағдай неге алып келгені,
қанша уақытқа созылғаны белгілі. Атмосфералық ауадағы сол шаңды күлдер 200
000 жылға созылған еді. Қазіргі үрдіспен, алдағы 20 жыл ішінде атмосфераға
тағы да осындай мөлшерде ластауыштар бөлінетіи болады.
Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік
кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері,
ауыл шаруашылығы және т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана
қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады:
шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су,
қалдықтар. Атмосфераға таралатындар: газ, бу, ауа тозаңы, энергетикалық:
шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық,
ультракүлгін және лазерлі сәулелендірулер және т.б. Ауаны ластайтын
компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының және
өндірісте қолданылатын шикізаттың түріне, оларды өңдейтін технологияға
байланысты болады. Атмосфераға бөлінетін 52 Гт әлемдік антропогендік
шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте
ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындылардың құрамында
бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ олардың ішінде ең көп
мөлшерде, яғни, тонналап атмосфераға шығарылатындыларға қатты бөлшектер
(шаң, түтін, күйе), көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері,
фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.
Ғалымдар, экологтар ғана емес, жүмысы мүнай кен орындарымен байланысты
көптеген адамдар - мұнай өндіру кезінде бөлініп шығатын газдарды пайдаға
асыру (утилизация) мәселелерін көтеріп жатыр. Үкімет теория жүзінде бұл
бағыттың маңызды екенін көптен бері айтуда. Тіпті алғашқы жобалардың бірін
бекітіп, мүмкіндігінше жақын арада іс жүзінде қолға алынатынын да айтты.
Алауларда газдарды жағу арқылы Қазақстан бағалы энергетикалық ресурстардан
қағылып отыр.
Мүнан басқа бұл газ ластаушылардың бірі ретінде планета температурасының
өзгеруіне әсер ететін қуатты көздердің бірі. Соңғы уақытқа дейін
республикада атмосфералық ауаны ең қатты ластайтын көздерге, әсіресе, күлі
көп шығатын көмірлерді пайдаланатын жылу энергетикалық кешендерді де
жатқызып келді. Экономикалық дағдарыс кезінде қалада амалсыздан көптеген
өнеркәсіп орындары тоқтап қалды. Алайда қала атмосферасындағы көміртегі
оксиді мен азот оксидінің мөлшерінің арту саны күннен-күнге көбейе түскен
азтокөліктер есебінен болды.
Қазақстанның үлкен қалаларында көп тараған химиялык, ластаушы — күкіртті
газ (күкіртті ангидрид). Зерттеулер өкпе паталогиясы мен атмосфералық
ауаның ластануының арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетеді. Күкіртті
ангидридтің мөлшерінің көбеюі бронхиалды астма мен созылмалы бронхит
ауруының асқынуына алып келеді (10 кесте).
10 кесте
Ласталған атмосфера ауасының көп таралған түрлері және олардың адам
организміне әсері
Ластаушылар Көздері Әсері
Альдегидтер Автокөлік түтіндері, Тыныс алу жолдары
қыздыру кезінде тітіркенеді
майлардың бүлінуі
Аммиак Жарылыс кезіндегі және Тыныс алу
тыңайтқыштар себу жолдарының
кезіндегі химиялық қабынуын тудырады
процестер
Арсиндер Мышьяк, қышқыл және Бүйректі зақымдайды,
металдар өндіру қанның қызыл клеткаларының
бұзылуы
Көміртегі Автокөліктен бөлінетін Қандағы оттегінің
оксиді түтіндер мөлшеріне әсер етеді
Хлор Әкпен жұмыс Көздің шырышты
қабығы мен тыныс
алу жолдары
ауруларын тудырады
Фторлы Мүнай тазалау, Ас қорыту жолдарын
сутек алюминий өндіру қабындырады
Күкіртті Мунай тазалау, Адамның құсқысы
сутек битумды көмір келеді, тамақ пен
көздің тітіркенуі
Көміртегі оксиді Автокөлік түтіндері, Өкпедегі жұмысына әсер етеді
көмірді жағу
Фосген Химия өнеркәсібі Жөтелу, өкпенің тітіркенуі
Күкірт диоксиді Мүнай мен көмір жағу Адамның құсқысы келіп кеуде
клеткасы қысылады, басы
ауырады,
Күл, түтін, қара Қалдықтарды жағатын Көз бен тыныс алу жолдарын
күйе бөлшектері ошақтар, барлық тітіркендіреді
өнеркәсіп орындары
Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны ластайтын негізгі көздер —
автокөліктер, транспорттың басқа түрлері және өндіріс орындары. Зерттеу
мәліметтері бойынша антропогендік әсерден атмосфераға жыл сайын 25,5 млрд.
тонна көміртегі оксиді, 190 млн тонна күкірт оксиді, 65 млн тонна азот
оксиді, 1,4 млн тонна хлорлы және фторлы көміртектер (фреондар),
көмірсутектің, қорғасынның органикалық қосылыстары, сондай-ақ қатерлі ісік
ауруын тудыратын канцерогенді заттар бөлінеді.
Ең таза ауа мүхит бетінде. Ауылды жерлерде ауа құрамындағы шаңды қоспалар
мүхит бетімен салыстырғанда 10 есе, кішігірім қалаларда 35 есе көп. Ал
үлкен қалалар үстінен қара тұманды байқауға болады. Мұнда шаңды қоспалар
мүхитпен салыстырғанда 200 еседен аса көп. Лас ауа ірі қалаларда 1,5-2 км
биіктікке дейін созылады. Бұл лас тұман жазда күн сәулесінің 20%, ал қыстың
күні онсыз да күн сәулесі аз болғандықтан жартысын жібермей ұстап қалады.
Автокөліктерден бөлінетін заттар. Әрбір автокөлік жылына 4 тонна ауа жұтып,
800 кг көміртегі оксидін, 40 кг азот оксидін және 200 кг-дай әртүрлі
көмірсутектерді атмосфераға бөледі.
Автокөліктерден белінетін газдар - 200-дей заттардың қоспалары. Мұнда
отынның толық және жартылай жанған өнімдері - көмірсутектер болады.
Транспорт моторы жай айналымда, жылдамдық алар кезде және кептелісте
тұрғанда қоршаған ортаға көмірсутектер көп бөлінеді. Осындай жағдайда отын
толық жанбайды да, лас ауа 10 есе көп бөлінеді.
Қалыпты жағдайда қозғалтқыштан бөлінетін газдың құрамында СО2- 2,7% болса,
жылдамдықты түсірген жағдайда СО2 - 3,9%-ға, ал жай қозғалған кезде - 6,9%
дейін көбейеді.
II валентті, IV валентті СО2 ауаға қарағанда салмағы ауыр жердің бетіне
жақын жиналады. Сондықтан тротуарда, бесікарбада отырған нәресте СО2-ын
анасынан көп жұтады. Адам организміне жағымсыз әсерлердің бірі —
көліктерден бөлінетіц газ құрамында көп кездесетін қорғасын және оның
бейорганикалық түрдегі формалары. Ауадағы қорғасын мөлшері көбейген сайын
оның мөлшері адам қанында да көбейе түседі. Нәтижесінде қанның оттегімен
қанығуы нашарлап, ферменттердің белсенділігі төмендейді. Ал бұл өз
кезегінде зат алмасу процесінің бұзылуына алып келеді. Сондай-ақ II
валентті СО-да қандағы гемоглобинмен қосылып басқа мүшелерге оттегінің
жеткізілуін қиындатады. Транспорттан бөлінген газдардың құрамында одан
басқа иісі күшті, тітіркеңдіргіщ альдегидтер (акролен, формальдегид)
болады. Мұнан басқа бөлінген лас газдардың құрамында отынның толық
жанбауынан ыдырап бітпеген көмірсутектер болады. Негізінен этилен қатарына
жататын гексан мен пентан. Отынның толық жанбауы себебінен көмірсутектердің
бір бөлігі құрамында шайырлы заттары бар қара күйеге айналады. Егер
автокөліктің моторы нашар жұмыс істейтін болса бөлінетін шайырлы заттар мен
қара күйенің мөлшері де соғүрлым көп болады. Мұндай жағдайда машинаның
артынан будақтап қара түтін шығады.
Көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тетраэтил-қорғасынның жануынан
бейорганикалық қорғасын да бөлінеді. 1 литр бензин құрамында 1 гр
тетраэтилқорғасын болады. Бензиннің құрамына тетраэтилқорғасынды
антидетонатор ретінде қосады. Тетраэтилқорғасынның жануы кезінде бөлінген
қорғасьн қосылыстары бүкіл планета атмосферасына таралады. Соңғы І00 жыл
ішінде Гренландия мұздықтарында қорғасынның мөлшері 5 есе, ал судағы еріген
қосылыстарының мөлшері соңғы 20 жылда мүхитта 10 есеге көбейген.
Атмосфераға бөлінетін қорғасынньщ 86% автокөліктерден бөлінеді.
Аэропорттарда ұшақтардың қонған және ұшқан кездеріңде де ластаушы газдар
мейлінше көп бөлінеді. Мысалы, Боиңг ұшағының ұшуы кезінде бөлінген
зиянды заттардың мөлшері бір мезетте оталған 6850 Фольксваген
автокөлігінен шыққан зияндьі заттар мөлшеріне тең.
Алматы қаласында атмосфераны ластаудың 20% жеке секторлар мен жылу
энергетикалық жүйелердің еншісіне тисе, 80% - автокөліктердің еншсінде.
Қоршаған ортаға жанусыз қалған көмірсутектері мен олардың толық жаңбауынан
шыққан өнімдердің мөлшері бензинмен жүретін автокөліктерде дизельді
автокөліктерге қарағанда анағұрлым көп.
Автокөліктердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету тұрақты қоғам
құрудың маңызды шарты. Сондықтаи қазіргі таңда жанармайды аз жұмсайтын
автокөліктер үлгілері жасалып, бензинді сұйылтылған газға алмастыру,
беңзиннің орнына мал азықтық (қызылша, жүгері) өсімдік майларын пайдалану
қолға алынуда.
Өнеркәсіптік ластану. Қара металлургия. Шойын балқыту, оны құрышқа қайта
өңдеу кезінде де атмосфераға лас түтін көп бөлінеді. 1 тонна шойынды
балқыту кезінде 4,5 кг шаң 2,7 кг күкіртті газ, 0,5-0,1 кг марганец
бөлінеді. Онымен қоса қоршаған ортаға біраз мөлшерде мышьяк, фосфор,
сурьма, қорғасын қосылыстары, сынап парлары, шайырлы заттар бөлінеді.
Түсті металлургияда атмосфераны шаңмен, газбен ластау көзі болып табылады.
Түсті металлургиядан атмосфералық ауаға шаңды заттар, мышьяк, қорғасын және
т.б. заттар бөлінеді. Электролиз арқылы алюминий алу кезінде де
электролиздік ванналардан көптеген шаңды және газды фтор қосындылары
бөлінеді. 1 тонна алюминий алу үшін эдектролиздердің түрі мен қуатына
байланысты 33-47 кг фтор жүмсалып, оның 65% қоршаған ортаға тарайды.
Қазақстан территориясында түсті металлургия үш аймақта -Орталық, Шығыс және
Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Оңтүстік Қазақстанда кен орындары Жоңғар
Алатауы мен Қаратауда кездеседі. Түсті металдургияның өнеркәсіп орындарында
Менделеев таблицасындағы элементтерінің 74 түрі өндіріледі. Түсті
металдарды өндіру үлкен мөлшердегі энергияны қажет етеді. Сондықтан мүндай
өндіріс орындары электр энергиясының көзіне жақын салынады.
Көмір өнеркәсібінде ластаушы көзі больщ терриконниктер -бос жыныстарда
өздігінен жануынан ұзақ уақыт бойы көмір мен пириттің жануы жүреді.
Нәтижесінде күкіртті газ, көміртегі оксиді, шайырлы заттардың қосылыстары
бөлінеді.
Мұнай өндіру, өңдеу, мүнай химия өнеркәсібі атмосфералық ауаға
көмірсутектер, күкіртті сутектер және басқа да иісі жағымсыз заттар бөледі.
Синтетикалык, каучук заводтарынан ауаға - стирол, дивинил, толуол, ацетон,
изопрен және т.б, бөліиеді. 90-шы жылдардың соңында жасаған зерттеулер
бойынша Қазақстанның Каспий өңіріндегі тек мүнай өндіретін орындарынан
жылына атмосфераға 184 000 тонна әртүрлі зиянды заттар бөлінеді. Ал қазіргі
кезде мүнай өндіретін кен орындарының саны да, өндіретін мүнайдың мөлшері
де ол кездегіден көбейе түсті. АҚШ-та қоршаған ортаны ластағаны үшін заңды
түлғалар мыңдаған доллар айып пұл төлейтін болса, біздің еліміздегі
төленетін айып пұл мөлшері одан жүздеген есе аз. Сондықтан да инвесторлар
сүзгілерді орнату, ауыстыру және қоршаған ортаға бөлінетін ластануды
азайтудың орнына, оған қарағанда айып пұл төлеуді жөн санайды.
Құрылыс материалдары өнеркәсібінде цемент және құрылыс материалдарын өндіру
кезінде де қоршаған ортаға зиянды шаңдар бөлінеді. Мұндай шаңдар негізгі
технологиялық процестер - жартылай дайын өнімдерді, шикізаттарды майдалау,
температуралық өңдеу кезінде бөлінеді.
Химия өнеркәсібі (пластмасса, майлайтын материалдар, тұрмыстьқ химия
заттары және т.б.). Бүл өнеркәсіп саласынан бөлінетін зиянды заттар адам
организмі үшін қауіптілердің бірі. Химиялық өнеркәсіптерден қоршаған ортаға
IV валентті көміртегі оксиді, IV валентті азот оксиді, күкіртті ангидрид,
аммиак, күкіртгі сутек, хлорлы, фторлы қосылыстар және т.б. бөлінеді.
Ірі күкірт қышқылды цехтар Жезқазған мен Балқаш мыс балқыту
комбинаттарында, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында, Ақтөбе және Жамбыл
суперфосфат заводтарында салынған.
Атмосферада күкіртті газдар ұзақ сақталмайды. Ауа райы құрғақ жағдайда 2-3
аптадан, ылғалды және атмосферада аммиак болған жағдайда бірнеше сағаттарға
дейін сақталады. Атмосферадағы ылғалмен әрекеттесіп - каталитикалық,
фотохимиялық реакциялардың әсерінен тотығып Н25О4 ерітіндісін түзеді.
Сөйтіп бұл қосылыстың қауіптілігі арта түседі. Күкіртті қосындылар ауа
массасымен бірге жел арқылы көшіп сульфатты формаларға ауысады. Олардың
көшуі желдің жылдамдығы 10 мсек жағдайда 750-1500 м биіктікте жүреді.
Күкіртті газдардың таралуы 300-400 км қашықтыққа дейін жетеді.
Күкіртті қосылыстар адамдар мен жануарлардың тыныс алу жолдарына әсер етіп
тыныс алуды қиындатады. Өсімдіктерде хлорофиллдердің бүзылуына әсер етіп
нәтижесінде фотосинтез процесі нашар жүреді, өсу баяулайды, ағашты
өсімдіктердің сапасы төмендеп, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі азаяды.
Атмосфералық ауа құрамында күкірттің көп болуы металдардың таттануын
(коррозия) үдете түсіп, ғимараттардың, ескерткіштердің, өнеркәсіп
бұйымдарының сапасын төмендетеді. Өнеркәсіпті аудандарда, ауылды жерлермен
салыстырғанда темір 20 есе, алюминий 100 есе тез таттанып бұзылады.
Энергетика өнеркәсіптің барлық салаларының - транспорттың, коммуналды және
ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін арттыратын, халықтың әл-ауқатын
көтеріп, дамуына ықпал ететін негізгі қозғаушы күш. Отын-энергетикалық
кешен - жанармайларды барлау және өндіру, тасымалдау, тарату және
пайдаланудан тұратын салааралық жүйе. Бұлардың құрамына отын өнеркәсібі
(мүнай, газғ көмір) және халық шаруашылығындағы басқа салалармен тығыз
байланысты электроэнергетика кіреді.
Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсібінің дамуына республикадағы мол
табиғи байлықтар себеп болып отыр. Мысалы, Қарағанды көмір бассейнінде
көмірдің қоры 51 млрд тоннаны құрайды. Қостанай облысындағы қоры бай темір
рудалары және Теміртау металлургия комбинатының салынуымен Қарағанды көмір
бассейнінің маңызы арта түсті.
Сонымен қатар энергетиканың қоршаған ортаны отынның органикалық түрлерінің
өнімдерімен, ондағы зиянды қоспалардың болуымен, жылу қалдықтарымен
ластауда да үлесі көп. Бүкіл пайдаланатын энергоресурстардың 25% электр
энергиясының үлесіне тиеді. Қалған бөлігі (75%) өндірістік, тұрмыстық
жылуға, транспорт, металлургия, химиялық процестер үлесіне тиеді. Жыл сайын
дүние жүзінде 25 млрд тоннадан аса энергия пайдаланылады. Энергетиканың
қоршаған ортаға әсері отынның түріне байланысты.
Қатты отынды жаққанда атмосфералық ауаға толық жанбаған отынның күлді
бөлшектірімен бірге күкіртті ангидрид, азот оксиді, фторлы қосылыстардың
кейбір қоспалары бөлінеді. Кейбір жағдайларда отын күлінің құрамында мүнан
да улы заттар қоспалары кездеседі. Мысалы, Донецк антрациттерінің құрамында
біраз мөлшерінде мышьяк кездессе, Екібастүз көмірі күлінде - бос
кремний диоксиді бар.
Көмір - планетада ең көп тараған қазбалы отын. Кейбір мамандарлың айтуы
бойынша көмірдің қоры 400-500 жылға жетеді. Көмірдің мүнайдан тағы бір
артықшылығы, ол дүние жүзі бойынша біркелкі таралған және мүнайға қарағанда
арзан. Бұрынгы КСРО кезінде ірі жылу-энергетикалық кешендер елдің шығысында
орналасты, мысалы Екібастүз, Канск-Ачинск кен орындары. Ашық әдіспен
өндірілетін бүкіл көмірдің төрттен бір бөлігі Екібастұз кен орнының
еншісіне келетін. Мұндағы көмірдің қоры шамамен 9 млрд тонна деп саналады.
Алайда бұл кеп орнынан алынатын көмірден күл көп шығады (50% дейін).
Торф (шымтезек). Энергетикалық тұрғыдан торфты (шымтезекті) кеңінен
пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетіп жағымсыз жақтары көп. Біріншіден, су
экожүйелерінің режимі бұзылады, сол жердің топырақ жабыны мен ландшафтының
өзгеруіне алып келеді. Жергілікті жердегі тұщы су көздерінің және ауа
бассейнінің сапасын төмендетіп, ол жерде тіршілік ететін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz