Түркістан автономиясының құрлуы (сабақтары мен аспектілері)


Түркістан автономиясының құрлуы (сабақтары мен аспектілері)
Негізгі бөлім.
І-тарау. Орта Азия мен Қазақстандағы ұлттық мемлекеттік межелеу.
І. 1. РКФСР-дің Түркістан отарлау саясаты.
І. 2. Түркістан (Қоқан) Автономиясының құрылуы.
ІІ-тарау. Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасу жолдары.
ІІ. 1. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің қазақ жерлерін тұтастандыру жолындағы қызметі.
ІІ. 2. Мемлекеттік автономия мәселесіне қазақ интеллигенция сының көзқарасы.
1-Тарау. Орта Азия мен Қазақсатандағы мемлекеттік межелеу.
І. 1. РКФСР-дің Түркістан отарлау саясаты.
Өзін патшалық Ресейдің Түркістанды отарлау саясатына берік әскери қызметші, редактор ретінде танытқан А. П. Романович 1899 жылғы 19-желтоқсан күні ауыр науқастан көз жұмды.
Қарамағындағы елдер мен халықтарға басқыншылық бағыт ұстанған, Ресей патшалығының бір бөлшегі болып табылатын Түркістан генерал-губернаторлығының ресми баспасөзі ретінде «Туркестанские ведомости» газеті әртүрлі кезеңдерге саналуан жағдайларды бастан өткізді.
1870 жылы газеттің 17 саны жарық көрсе, 1871 жылдан - ол аптасына бір рет, 1893 жылдан - аптасына 2 рет, 1903 жылдың желтоқсан айынан - аптасына 3 рет, 1907 жылдан - аптасына 4 рет шығарылды, ал 1907 жылғы шілде айынан бастап күнделікті газетке айналды. 1870 жылғы 287 сәуірден (10 мамыр) 1917 жылғы 15-желтоқсанға дейінгі 48 жыл уақыт ішінде «Туркестанские ведомостидің» 6406 саны жарық көрді.
Газет алғашқы кезде 100 дана, 1901 жылдан бастап 2500 данамен тарады. Ресейдегі аты шулы Столыпин реакциясы кезінде басылымның таралым мөлшері кеміп, 1908 жылы - 967, 1909 жылы 853 дана болып басылды \62\.
«Туркестанские ведмостиге» жазылу бағасы әр дана газетке шаққанда алғашқыда 7 сом деп белгіленсе, 1888 жылы бұл қаржы 7сом 80 тиынға өсірілді. \63\.
Басылымның 1899 жылғы 29 сәуір (11 мамыр) күнгі 32 санында газеттің 30 жылдығына, 1905 жылғы 29 сәуір 12 мамыр күнгі 63-санында 15 жылдығына, 1910 жылғы 28 сәуір (11 мамыр) күнгі 93-санында 40 жылдығына, 1915 жылғы 28 сәуір (11 мамыр) күнгі 92 санында 45 жылдығына арналған мақала, хабарлар басылды. 1890 жылғы 8 мамырда газеттің 1000 номері, 1911 жылғы 30 қыркүйек (13 қазан) күнгі газеттің 2000-номері, 1907 жылғы 4 қарашада 3000 номері, 1914 жылғы 26 қараша (9 жылтоқсан) күні 5000 номері жарыққа шықты.
Сондай-ақ «Туркестанские ведомостидің» 1913 жылғы 4(17) мамыр күнгі 97 номерінде К. П. Кауфманның «Туркестанские ведомостидің» негізін қалаушы болғаны туралы мақала жарияланып, онда көптеген тарихи деректер келтірілген.
Газеттің жалпы шығарылу тарихында оған әр кезеңдерде редакторлық жасаған Н. П. Маев 1870-1892, А. П. Романович (20. 11. 1892 - 17. 12. 1899), С. А. Геппенер (22. 04. 1890 - 29. 05. 1891), Н. Г. Малицкий (05. 11. 1901 - 09. 01. 1907), Е. К. Михайловский, М. Левин, А. Петров, А. Скворцов секілді орыс журналист-ғалымдары орыс журналистикасы тарихында өз қызметіне сай орын алады.
Газет редакторларының бірі, колледж кеңесшісі Н. Малицкийге Түркістан генерал-губернаторлығының 1905 жылғы 1 қарашадағы №281 бұйрығымен 2-дәрежелі алтын жұлдызды Бұқар ордені берілді. Патша үкіметінің өзі шығарып отырған басылым мен олардың басшыларының еңбегін отырлау саясатына қосқан үлестеріне сәйкес тиісінше бағалап тұрғанының нәтижесі.
Уақыт өте келе «Туркестанские ведомости» газетінің мазмұндық түр-сипаты ерекшеленіп, өзгеріске ұшырады. Ол ғылыми мақалалар жинағы ретіндегі бағытын өзгертіп, 1909 жылдан бастап өлкелік, партиядан тыс, жалпы типті газетке айналды. Таралымы да артып, 900 данадан - 3000 данаға дейін өсті.
«Туркестанские ведомости» газетінің 1870 жылғы 28-сәуір (10 мамыр) күнгі 1-санынан 1917 жылғы 25-қаңтар (7-ақпан) күнгі 20-санына дейінгі 5645 нөмірі Түркістан генерал-губернаторлығының ресми үні болып шығарылды.
Ресейде 1917 жылы орын алған Ақпан буржуазиялық төңкерісіне байланысты бұл басылым 1917 жылғы 25-қаңтар (7-ақпан) күнінен 17 (30) -сәуірге дейінгі аралықта 4 ай бойы шықпай қалды. Соған сәйкес газет басшылары да өзгеріп тұрды. Редактор болып А. Скворцовтың орнына А. Л. Липовский, одан кейін В. Наливкин тағайындалды.
1917 жылғы 17(30) -сәуірдегі 21-нөмірінен 1917 жылғы 25-сәуір (7- мамыр) күнгі 27-нөміріне дейін «Туркестанские ведомости» газеті Ташкент атқару комитетінің органы болды.
Газет 1917 жылғы 25-сәуір (7-мамыр) күнгі 27-нөмірінен Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің органына айналды. Өйткені 1917 жылғы 23-сәуірде Ташкент атқару комитетінде тиісті қаржы жоқтығына орай, әрі «Туркестанские ведомости» газеті өлкелік үкіметтің органы болуына байланысты ол Уақытша үкіметтің Түркістан комитетіне берілді. Сондықтан өлкелік газеттің жаңа құрылтайшысы Түркістан өлкесін басқару жөніндегі ереженің 23-бабына сәйкес «Туркестанские ведомости» - ресми аймақтық басылым болып табылатындықтан, бұдан бұлай бұл басылым Уақытша үкімет 1917 жылғы 6-наурызда белгіленген бағдарламалық құжатқа сай үкіметтің және қоғамдық ұйымдардың қызметін көзқарастар бостандығы тұрғысынан жан-жақты көрсетіп отыруды көздейтінін мәлімдеді.
Осылайша, газет 1917 жылғы 28-қазан (10-қараша) күнгі 172-нөміріне дейін Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің қарамағында болып, Түркістан генерал-губернаторлығы канцеляриясының баспаханасында басылды.
Большевиктер партиясының бастамасымен 1917 жылдың Қазан айында жеңіске жеткен социалистік төңкерістің нәтижесінде билік басына келген кеңес үкіметінің саясатына сәйкес «Туркестанские ведомости» газетінің саяси бағыт-бағдары да өзгеріп отырды. Дәлірек айтқанда, газет солай етуге мәжбүр болды.
Бірақ, ол кеңес үкіметінің ұстанған жолын бірден қолдай жөнелген жоқ. Мысалы, газет 1917 жылғы 9(20) -қарашадағы 173-нөмірінен бастап Түркістан Өлкелік Атқару Комитетінің органына айналғанымен (бұл кезде редактор үшін А. Подпалов қол қойды), өз көзқарасын тайсалмай, тікелей білдіріп отырды.
Кез-келген басқа басылымдар сияқты, «Туркестанские ведомости» газетінің де өсіп-өркендеу, өрлеу кезеңдерімен бірге дағдарысқа ұшыраған уақыттар да кездеседі. Ол 1870 жылдан 1909 жылдың екінші жартысына дейін бұлтартпас, нақты деректерге бай ғылыми мақалаларды жиі жариялады. Түркістан өлкесінің халқын, олардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, тілі мен мәдениетін, діні мен әдебиетін, тарихын, жалпы рухани байлығын үйреніп, білуге, қазақ жерінің, тау-тастарының, өзен-теңіздерінің жай-жапсарларын зерттеуге барынша ден қойылды. Мұндағы мақсат - Ресейден қоныс аударушыларды орналастыруға ыңғайлы орындар іздестіру, жергілікті халықты орыстандыру, жерді игеріп, өлкені отарлау идеясын тарату еді.
1909 жылдың екінші жартысынан бастап газет мазмұндық және безендірілу сипатын өзгертті. Басылымның беттері әртүрлі хабарландырулармен, жарнамалармен толтырылды. Материалдар ғылыми тұжырымдық сипатынан айрылып, жеңіл-желпі ақпараттық ағынға түсе бастады. Қоғамдық-саяси оқиғаларға баға беру, екшеп, саралаудың орнын жай хабарлап қоя салу сарыны алмастырды. Мұны ХХ ғасырдың басында Ресейдегі капиталистік дамудың қарқын алуымен байланыстыра қарастырған жөн секілді.
Жарты ғасырға жуық уақыт бойы шығарылып келген, қазақ даласын отарлау дәуірі мен кеңестік орыстандыру кезеңін жалғастырып жатқан, өткен ғасырдағы ірі басылымдардың бірі - «Туркестанские ведомости» газеті Түркістан даласына бодандық қамытын кигізіп, бостандықты армандаған жергілікті халықтардың санасын рухани тұрғыдан тұншықтыру мақсатында осындай қызмет атқарды.
Патша өкіметінің Түркістан өлкесінде тұратын жергілікті ұлт тілдерінде шығарған тұңғыш мерзімді басылымы «Түркістан уалаятының газеті» деп аталды.
«Түркістоан уалаятының газетінің» тұңғыш нөмірі 1870 жылғы 28-сәуір (жаңаша 10-мамыр) күні «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде жарық көрді. Бұл газет - тек қазақ және өзбек тілдеріндегі алғашқы басылым ғана емес, сол кездегі Ресей патшалығының қол астында болған түркі халықтарының тілдеріндегі тұңғыш мерзімді баспасөз еді.
Алайда, осы заманғы, қазіргі дәуірдегі кейбір зерттеушілердің «1869 жылы алғашқы өзбек газеті - «Түркістан уалаятының газеті» («Туркестанская туземная газета») жарық көрді», - деп мүлдем қате деректер келтіріп, біржақты байлам жасауы түсініксіз.
Профессор Х. Бекхожин «Түркістан уалаятының газеті» секілді мерзімді басылымдар « . . . қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, патша өкіметінің отыршылдық саясатын күшейте түсу, оның бұйрық-жарлықтарын жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз отындаттыру, сондай-ақ, оның ресми көзқарастарын халық арасына кең таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатын көздеді», - деп баса айтты.
Сонымен бірге, филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Қожакеев те «Түркістан уалаятының газеті» жеке азаматтардың бастамасымен, демократиялық, ағартушылық ниетпен шығарылған газет емес, патша өкіметінің күшімен шығып тұрды, - дейді.
Филология ғылымдардың докторы, профессор Ф. Оразаевтың «Дала уалаятының газеті», «Түркістан уалаятының газеті» қазақ баспасөзінің қарлығаштары аталып келеді. Оған дау жоқ, ол екі басылымның маңызын жоққа шығарудан аулақпын. Алайда, бұл екі басылым да патша әкімшіліктерінің ресми органы болды, таза бірыңғай қазақ тілінде шыққан жоқ және сол Ресей әкімшіліктерінің органы болғандықтан да кеңестік қаракүйе жағылудан аман қалды, орыс өкілдері қатысқан газеттерді жамандауға ауыз бармайтын болды ма, кім білсін, - деген пікірін қазақ халқының өмірі мен тұрмыс-салтының орыс баспасөзіндегі жазылу бағытын бағалаудағы дұрыс бағдар деп есептейміз.
Патшалық Ресейдің миссионер ғалымдарының елеулі мән берген мәселелерінің бірі - баспасөз арқылы миссионерлік идеяны таратып, насихаттау үшін арнаулы зерттеу жинақтарын, газет, журналдар, аударма кітаптар шығарумен айналысқаны рас болса, «Түркістан уалаың газеті» де осындай мақсатпен шығарылғаны анық.
Сонымен бірге, бұл басылымға тек қана орыс отаршыл басылымдарының бірі деп қана қарау біржақты болареді. «Түркістан уалаятының газеті» орыс тілімен қатар, ана тілімізде де тұңғыш рет жарық көрген басылым ретінде қазақ баспасөзі тарихында лайықты орын алады.
Ресейдің қол астындағы басқа түркі халықтары тарапынан өздерінің ана тілдерінде газет шығару мәселесі бұдан бұрынырақта да қозғалып жүрді. Бірақ патша өкіметі оған рұқсат бере қоймады. Мәселен, жергілікті татар зиялылары 1809 жылдан бастап татар тілінде газет шығару мәселесін 6-7 рет көтерді. Соған қарамастан, татар тіліндегі алғашқы мерзімді баспасөз тек 1905 жылы ғана жарық көрді. Ал, әзірбайжан тілінде 1875 жылы, қырым татарлары тілінде 1883 жылы ғана газет шығарылды.
«Түркістан уалаятының газетінің» алғашқы нөмірінде арнайы мәлімдеме жарияланып, онда: «Түркістан генерал-губернаторларының бұйрығы бойыншаүшбу айдан басталып Түркістан газеті шығады. Осы газеттерде жұртқа мәлім болмақ үшін генерал-губернатордың әртүрлі бұйрығы жазылар және Ташкентте уа өзге шаһарларда болған әртүрлі сөздер, уа хабарлар жазылар. Бұл газет орысшадан басқа орташа қазақтарға керектісі қазақша болып жазылар», - делінген.
Бұл алғашқы хабарламада «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша, соның аудармасы ретінде шығарылды делінгенімен, «Туркестан уалаятының газеті» арада көп өтпей-ақ жеке дербес басылым ретінде жарық көріп тұрды. Аталған қосымша «Туркестанские ведомости» газетінің редакциясына қаражат болмаса, басқа ешқандай қатысы болмағанға ұқсайды. Осы жағдайда ол 13 жыл бойы. 1883 жылға дейін шығарылып тұрды.
Генерал-губернатордың бұйрығымен газетті қазақ және өзбек тілдерінде шығару алғашқы кезде генерал-губернатордың тілмашы Шахмардан Мирясұлы Ибрагимовқа тапсырылып, ол үшін айына 150 сом қаржы бөлінді. Ал, кейін газетке генерал-губернатордың кеңсесінің тілмашы Жанышев редакторлық етті.
Газетті айына төрт рет, екі нөмірін қазақ тілінде, екі нөмірін өзбек тілінде шығарып тұру жоспарланды. Бұл тәртіп негізінен сақталды. Дегенмен газеттің жарық көру реті кейде бұзылып отырды. Мысалы, 1870 жылы барлығы 8 нөмір шығарылса, оның бесеуі өзбек тілінде, үшеуі қазақ тілінде алғашқы 1, 2 нөмірлерін қоса, жарық көрді. Ал 1875-1877 жылдары қазақша 24 нөмірдің орнына 33 нөмірден шығарылды. Әдетте өзбекшесінің төменгі жағына «сарт», қазақшасына «кирг» деп белгілер қойылып отырды.
Газет әр кезде әр түрлі данамен таратылды. 1877 жылғы алтыгша нөмірінде газеттің өзбек тіліндегі нұсқасын 440 адам, қазақ тіліндегі нұсқасын 240 адам жаздырып алатындығы хабарланды. Профессор Т. Қожакев «Жас Алаш» газетінің 1992 жылғы 9 мамырдағы нөмірінде жарияланған «Ұлттық баспасөз күні» атты мақаласында «Түркістан уалаятының газетінің» тарихи мән-маңызы мен тындырған іс-қызметін былайша саралайды:
Біріншіден, ол қазақ топырағында туып, қазақ сахарысына алғаш тараған тұңғыш газет;
Екіншіден, патша үкіметінің ресми газеті болып-ақ, соның ниет-тілегін орындап отырып-ақ бұл газет үлкен прогрессивтік рөл атқарған. Бұдан қараңғы қазақ халқы газет дегеннің не екенін білді, дүниеде болып жатқан жаңалықтарды жеткізуді, өнер-білім, хабар-ошар таратуды, оның қаншалықты қажет екенін ұғынды, сол ресми газеттің әсерімен-ақ оның көзі ашылып, санасы ояна бастады.
Үшіншіден, газеттің озық ойлы редакторлары ішкі істер министрлігі белгілеп берген бағдарламаға құлшылық қылып қалған жоқ, патша үкіметінің ниет-тілегін қанағаттандырумен ғана шектелген жоқ. Олар газетте бейресми бөлім ашып, онда халыққа қажетті, басқа да пайдалы, алуан тақырыпты материалдар жариялап отырған.
Төртіншіден, бұл газет тек Түркістан өлкесіне тарап, тар өрісте қалмаған. Ол қазақ сахарасының барлық өңіріне жаткен.
Бесіншіден, газет дәл осы күнгі ақпарат құралдарының қызмет-міндеттерін атқарып, қазақ жұртын ішкі-сыртқы қажетті хабарлармен қамтамасыз етіп тұрған.
Алтыншыдан, бұл газет қазақтың сол тұстағы тұралап тұрған шаруашылығын ғылыми негізде көтеруге тырысты.
Жетіншіден, бұл газет өнер-білімнен кенже қалған қазақ елін оқыту, ағарту жөнінде пайдалы пікірлер қозғаған.
Сегізіншіден, қазақ әдебиетінің алғашқы насихатшысы болған да осы газет. Қазақ мақал-мәтелдерін жариялап, тіл тазалығын насихаттаған.
Тоғызыншыдан, қазақ тарихында алғаш рет баспасөз мәселелерін әңгіме етті. Оқырмандар арасында бұқаралық жұмыстар жүргізіліп, тілшілер қозғалысын бастады. Газет жанрларының алғашқы үлгілерін де осы газет қалыптастырды. Баспасөзге шолу, рецензия, сапарнама, заметка, мақала, әңгіме, юмореска жанрлары алғаш осында көрінді.
«Түркістан уалаятының газеті» туралы толық дерек-мәліметтер ғылымның қазақ баспасөзінің тарихы саласының көтерілісшілердің 3-еуіне өлім жазасы берілді, 4-адам-12 жылға, 27 адам 4-жылға каторгаға айдалды.
Дегенмен халықтың жаппай ашу ызасынан сескенген генерал губернатор бүкіл Түкістан өлкесінде қара жұмысқа алу мерзімін 15-қыркүйекке дейін кейінге қалдыруға мәжбүр болды. 1916жылғы 23-тамыздпғы бұйрығында шақырылатын жұмысшылар саны Сырдария облыснан-60 мың, Самарқан облысынан- 32-мың 407, жалпы Түркістан өлкесінен 220мың адам болып белгіленді. Қара жұмыстан болыстар мен ауылдардың қоғамдық қызмет бабындағы адамдары, «түземдік» төменгі полиция қызметкерлері имамдар, молдалар мен мударистер, санақшылар мемлекеттік және жекеменшік жоғары және орта оқу орындарында білім алушылар, мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін дәрежелі «түземдіктер», дворяндар мен танымал ататектерден шыққандардың құқығын пайдаланатын «түземдіктер» босатылды.
Халық арасында жиі айтылатын, жұрт жадында жатталып қалған Өстемір Әжібек ұлының 1916 ылғы Жызақ көтерілісіне қатысқаны туралы аңыз әңгімелер аз емес.
Өстемір Әжібек ұлы 1885жылы Түркістан генерал-губернаторлығының Самарқан қарасты Жызақ уезінің Көктөбе облысындағы Ұзынқұдық деген жерде (қазіргі Өзбекстанның Жызақ облысы, Фарыш ауданнының «Қызылқұм» кеңшарының орталығында) дүниеге келіпті. Ол үш жасқа дейін ауыл молдасынан оқып, хат таниды. 1899жылы он төрт жасқа келгенде, жастығынан қарамастан Көктөбе -Пістетелітау аймағында өткен сайлауға қатысып, би атанады. Келесі жылы он бес жасында сол өңірдің болысы болып он жыл бойы ел билеген Нұран деген кісімен бірге балама сайлауға қатысып, болыстыққа сайланады. Содан бастап қатарынан бес рет болыс қызметін атқарады. Сол тұста Көктөбе-Пістелітауды мекен еткен елдің арасында Өстемір болыс үлкен беделге ие болған.
Жызақ уезінің жиырма болысында тұратын халықтың патшалық Ресейдің езгісіне қарсы көтеріліп, бір айға жуық уақыт бойы билікті өз қолдарына алып алғанын, көтеріліс Мырзашөл даласын кеңінен қамтығанын, алайда, орыс-казак жауынгерлерінен жасақталған орыс әскері көтерілісшілерді аяусызжазалағанын жоғарыда айттық.
Аңызға сүйенсек, қарапайым халықтың еңсе көтеріп, қарсы шыққаны жүрегіне шаншудай қадалған патша әскері бейбіт елді қырып-жойғанына қарамастан, олардың ешқайсыда қазақтарға тиіспеген көрінеді. Оның себебі, көтерілген елдің еңсесі бәрібір күшпен жаншылып тасталатынын, патшаны жеңу қазірше қиын екендігін алдын ала сезген Өстемір Болыс Әжібек ұлы Жыззақ қаласындағы уез әкімін (ұлты орыс болса керек) Ұзынқұдықтағы өзінің үйіне әкеліп бір апта бойы жасырып қалады. Өстемір болыстың болжамы келеді. Көздері қанталаған әскерлер көтерілісшілерді талқандайдайды. Бағдан деген ауылдағы уез өкілін атып өлтіргені үшін Жызақ қаласымен Фарыш аудандарында тұратын өзбектерді қанға бояйды. Алайда Өстемір болыстың шапағаты тиген уез әкімі арнайы өкім шығарып, бірде-бір қазаққа қастандық жасамауын бұйырғандықтан бәрі де аманқалады. Әрине, Өстемір болыс Әжібекұлының бұл ісі орыс патшасының жандайшаптарына жаны ашығандықтан емес, өзі билеген қазақтардың жазықсыз құрбан болып кетуіне жол бермеуі үшін жасаған көрегендік, ақылды әрекеттен тұрғаннын мойындау керек.
Қазақ даласында болып өткен тарихи оқиғлардың қай-қайысын алып қарасақ та, жер мәселесні қатыссыз өрбіген емес. Билік басында отырған күштер мен оларға қарсы, өз құқықтарын қорғау жолында күрес жүргізген жергілікті халық өкілдері арасында тұтанып тұрған «кейде ашық, кейде астыртын . . . арбасулардың түп тамыры, қайнар көзі осы жер мәселесі еді». Өйткені адам баласына қажетті барлық байлықтың негізгі көзі - осы екендігін екі жақ та өте жақсы түсінді.
Ресейдің отарындағы Мырзашөл аймағын игеру және суландыру жұмыстарын қарқынды жүргізуге патша өкіметінің соншалықты мүдделі болуы осыған байланысты. 1917-жылғы мамыр айының соңында мұнда 24орыс поселкесі бой көтеріп үлгерді. Ал, сол жылғы 15-ші қыркүйектегі есеп бойынша Қожент уезі мен Мырзашөл өңіріндегі шаруашылықтардың саны екі мыңнан асты.
Дегенмен дәл бұл кезеңде аймақты суландыру ісіндегі серпін бірте-бірте бәсеңси түскен еді. 1917 жыл Түркістан өлкесі үшін қуаңшылық әкелген, аптап ыстық дәнді дақылдарды күйдіріп жіберген жылға айналды. 1914жылмен салыстырғанда астықтың бағасы елу есеге дейін өсті. Аймақты аштық жайлап зобалаңға үшыраған халық тамақ іздеп, жер-ерді кезіп, кетті. Ашыққан халықтың біірбөлігі Мырзашөлге қоныстанды. Өзбеттерінше егіс егіп, жан сақтаудың амалын жасауға кірісті. Соның салдарынан мұнда мақта дақылын өндіру мүлдем дерлік тоқтап, батпақты жерлер көбейді. Бұған қоса, 1917 жылғы Ақпан төңкерісінің нәтижесінде Уақытша өкіметтің жеңіске жетіп, мұндағы негізгі басқару ісі Түркістан Комитетіне берілуі сияқты саяси оқиғалар Сыр бойындағы халықтың ауыр ахуалына ерекше әсер еткені сөзсіз.
1917ылғы 2-5 тамыз аралығында Ташкент қаласында Түркістан аймағы қазақ-қырғыздарының жалпы жиналысы өткізілді. Оған Түркістан аймағының барлық жерлерінен арнайы шақырылмағандарда қатысты. Жиынның құрметті төрағалығына Санжар Аспандияров, М. Тынышбаев, А. Мангелдин, төрағалық серіктікке Қоңырқожа Қожвқов, хатшылыққа Зұлқарнайын Сейдалин, Шаймердин Көпсаламов және Сұлатндек Қожанов сайланды.
Бұл жиналыста 18 мәселе қаралып, қаулы қабылданды.
«Жер-су және переселен орыстар туралы» №3 қаулыда:
«Қазына арықтары, су швғатын, су яки су шықпақшы қазақ-қырғыз жерлері жземствосының қарауына өтсін. Осы күнге дейін мұсылман жұрты Мырзашөлдегі су шығып абад болған жерлерден жер алып істеп пайдаланудан тиімді құқықсыз еді. Аймақ қазақ-қырғыз жиналысы мұндай әділетсіздік жолды тоқтаусыз жоғалтуды керек деп білді. Мұсылмандар әсіресе сол жердің өз жұрты жер иелену жағынан орыстармен тең құқықта болсын хам мұннан былай су шығып абад болатын жерлерде осы жолмен мұсылмандар жер алуға теңдікте болсын, - деп шешілді.
Түркістан аймағы қазақтарының бұл тұжырымдары «қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмей, бұрын алынған жерлердің мұжыөқ отырмағандары қазаққа қайтуы, қазаққа тиетін жер сыбағасын комитеттер кесу» қажеттігін талап еткен «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасымен үндестік тауып жатты.
Сол жылғы 26-қарашада Қоқан қаласында мұсылмандардың төтенше IV съезі ашылып, 28 қараша күні Түркістан өлкесі өз алдына дербес автономия деп жарияланды. Арнайы құрылтай шақырылғанға дейін саяси билік Түркістан Уақытша кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетін болып белгіленді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz