Түркістанда Тайқазан



Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің есігінен аттаған адамның көзіне алғаш түсетін зат – қазандық бөлмесінің қақ ортасынан орын тапқан қасиетті Тайқазан.
Бойына талай сыр бүккен бұл қазанды бабалардың көзі деп, қолымен ұстап көруге әркім-ақ құмар. Кесенені салдырған Көреген Әмір Темір тапсырысымен бұл қазан 1399 жылы 25-маусымда, ( хижр. 801 жыл, 20-шәуәл) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін асыл металдардың қоспасынан құйылған. Салмағы екі тонна, сыйымдылығы үш мың литр. Қазан сыртындағы араптың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны шайхылардың сұлтаны Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады. Қазақстан мен Қырғызстанның аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстар барысында табылған қазандарды ғалымдар екі түрге бөледі.
Біріншісі — «сақтық», конусты қазандар, екіншісі тұғырсыз қазандар. Түркістандағы «сақтық» типтегі қазанға жатады. Алып қазан жасау көне сақ, ғұн, дәуірлерінен бері жалғасып келген дәстүр екенін деректер мен айғақтар растайды. Елдік санасы биік, отбасылық құндылықтарды жоғары қойған әлігі социумдар үшін қазан береке мен бірліктің, молшылықтың, елдіктің нышаны болған.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ТҮРКІСТАНДА ТАЙҚАЗАН

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің есігінен аттаған адамның
көзіне алғаш түсетін зат – қазандық бөлмесінің қақ ортасынан орын тапқан
қасиетті Тайқазан.

Бойына талай сыр бүккен бұл қазанды бабалардың көзі деп, қолымен ұстап
көруге әркім-ақ құмар. Кесенені салдырған Көреген Әмір Темір тапсырысымен
бұл қазан 1399 жылы 25-маусымда, ( хижр. 801 жыл, 20-шәуәл) Түркістан
қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде,
сирек кездесетін асыл металдардың қоспасынан құйылған. Салмағы екі тонна,
сыйымдылығы үш мың литр. Қазан сыртындағы араптың гүлденген сульс және куфи
қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны шайхылардың
сұлтаны Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады. Қазақстан
мен Қырғызстанның аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстар
барысында табылған қазандарды ғалымдар екі түрге бөледі.
Біріншісі — сақтық, конусты қазандар, екіншісі тұғырсыз қазандар.
Түркістандағы сақтық типтегі қазанға жатады. Алып қазан жасау көне сақ,
ғұн, дәуірлерінен бері жалғасып келген дәстүр екенін деректер мен айғақтар
растайды. Елдік санасы биік, отбасылық құндылықтарды жоғары қойған әлігі
социумдар үшін қазан береке мен бірліктің, молшылықтың, елдіктің нышаны
болған. Мұндай түсінікті ауыз әдебиеті нұсқаларымыздың беттерінен көп
кездестіруге болады. Мысалы, дауылпаз ақын Махамбеттің шығармаларында Қара
қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермедік деп келетін жерлері бар. Ал,
төңкерілген қазан болса керісінше, нәубеттің, қасіреттің образы болып
есептелген. Қазан сыртындағы жазулардың екінші қатарындағы он сегіз рет
қайталанып жазылған Мубарак бад деген сөз де құтты болсын, берекелі
болсын, береке дарыған орын деген мағынаны береді. Бір шаңырақтың қазаны
күнде кешке қайнап жатса, бұл сол елде соғыстың жоқтығы, тыныштықтың
белгісі саналса, онда буы бұрқырап жілік-жілік еттің пісіп жатқаны сол
елдегі тоқшылықтың, молшылықтың белгісі саналған. Халық арасында бұл
түсінік әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ.
Мұндай алып қазандар, заманында билеушілердің, лауазымды әскер
басылардың қабіріне қойылатын болған. – Бұл қәбір иесінің ауқатты, жоғарғы
топтпан болғанынан хабар береді, – дейді ғалымдар. Ал, Геродоттың
келтірген мына бір қызық мәліметіне қарағанда мұның мәні тіпті тереңде
екенін аңғаруға болады, – Бір күні сақтардың Ариант есімді патшасы
жауынгерлерінің әр қайсына садақтарының бір-бір ұшынан алып келуді
бұйырады. Сосын оларды балқытып, алып қазан құйдырды. Көшпенділердің жорық
кезінде алып жүретін үлкен қазандары болғаны белгілі. Бірақ, мына қазанның
жасалуы да, қызметі де ерекше, мұны жасауға сансыз жауынгер қатысып,
әрқайсысы өз үлесін қосқан. Алып келген садағының ұшы қазанның бөлінбес
бөлшегіне айналғандай, өзі де осы тайпаның сондай бөлшегіне айналып,
тайпаның бірлігінің, беріктігінің кепіліне айналып отыр.
Қазан сыртындағы үш қатар жазулардың төменгі жағында орналасқан отызға
жуық томпақтарды ғалымдар Куббалар дейді. Халық арасында болса, мұны
қазанның емшектері деп атап кеткен. Осының екінші атауы томпақтардың
мәнін толық ашады, бұл Ұмай анаға сиынған сақ тайпаларының ұғымында өмірдің
шырағы, шаңырақ отын тұтатушы, ұрпақтарды жалғастырушы болып табылатын
анаға бас июдің, үлкен құрметтің көрінісі. Бұл, кез келген нәрсенің
байыбына жете барып, қәдірін терең ұғынған сақтардың табиғатына тән
құбылыс.
Ғалымдар сопылықты мұсылман әлемі рухани тоқырауға ұшырап, дін қасаң
қағида мен жансыз догмаға айналып, жылуын жоғалтқан кезде осыған кері туған
құбылыс деп түсіндіреді. Алайда, сопылық ілімі әуелден бар болатын. Мұхамед
с.ғ.с пайғамбардың көзі тірісінде айналасындағы сахабалардың әрекеттері
сопыларға сай еді: түн ұйықтамай құлшылық қылып, рухани кемелдікке жетуді
алдына мақсат қоятын. Осындай, діннің формасы ғана қалып, соқыр сенім
үстемдік құра бастаған уақытта, оның ішкі мәнін ашуға ұмтылып, нәпсісімен
күресетін жамағат пайда болғанда оған сопылар деген ат тағылып, исламннан
бөлек дүние етіп көрсеткісі келетіндер де табылып жатты. Қазақстан мен Орта
Азия-дай кең аумаққа исламның осы, сопылық дәстүр арқылы енгені белгілі.
Баяғы заманды қозғамай-ақ, осы күннің өзінде төрткүл дүниеге қонақжай,
тыныштық сүйгіш, кеңпейіл халық етіп танытқан сол ілімнің инерциясы
болатын. Бұл, ғасырлар қойнауынан аналардың сүтімен, бабалардың қанымен
бойға дарып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан бірден бір ерекшелік.
Сопылықтың мұндай өміршеңдігін жергілікті мәдениетке мән беріп, оны бойына
сіңіруінен дейді зерттеушілер. Осындай процестер барысында көшпенділер әдет-
ғұрыптарының трансформацияланғанындай, қазандар да өз символикасын сақтай
отырып, діни рәсімдерде нақты мақсатқа пайдаланатын болды.
Атақты шығыстанушы М.Массонның еңбектерінде жұма күндері Түркістандағы
қазан суға толтырылып, жұма намазынан кейін айналасына адамдар алқа құрып
отырып зікір салатыны айтылады. Рухани кеңістікте жай тұрған судың өзі,
микроэлементтері ерекше тәртіппен түзіліп, басқа суларға қарағанда бөлек
табиғат табады. Судың осындай жағдайларда сапасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Йассауи кесенесі
Ясауи дүниетану жағынан сопылық бағытта
Ақсақ Темір
Ахмет Ясауи кесенесі
Жыраулар поэзиясындағы құт-береке ұғымы
Еліміздің мәдени мұрасы
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сызбасы
Саяси режим - мемлекетке билік жүргізудің арнайы тәсілдері
Айша бибі мазары
Қожа Ахмед Яссауий кесенесі
Пәндер