Ұрпаққа ұлағат
Мазмұны
Менің елім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Алаштың тілі, анамның тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Атамнан қалған сан мұра ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қасиеті жерімнің ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
Қадірлісі елімнің ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 66
Мақтанышым . Астанам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 80
Үйренеміз, ойнаймыз, ойлаймыз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 86
Ән шырқайық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 101
Әңгімелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 112

МЕНІҢ ЕЛІМ
Түркі
Ерте ғасырларда қалыптасқан түркі тектес халықтардың ортақ атауы. Түркі халықтарына қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түркімен, ұйғыр, ноғай, татар, чуваш, башқұрт, алтай, тува, саха т.б. жатады. Дүние жүзі бойынша 180 миллиондай адам бар. Түркі халықтары Жерорта теңізінен бастап Солтүстік мұзды мұхитқа дейінгі аса үлкен аумақты алып жатыр. 40-қа жуық түркі халықтарының ішінде Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Азербайжан сияқты дербес мемлекеттер бар.
Түркі халықтарының мәдени мұрасы өте бай. Алғашқы жазба үлгілері Орхон-Енисей ескерткіштерінен басталады. Түркі тілінде сөйлейтін халықтардың тарихын, этнографиясын, тілін, әдебиетін, мәдениетін зерттейтін «Түркітану» ғылымы қалыптасқан. Қазіргі кезде түркі халықтарының арасында тығыз саяси, әлеуметтік, мәдени байланыстар орын алған.
Алаш
Алаш – қазақ халқының байырғы сөзі. Мағынасы – елдік, тұтастық, бірлік, айбарлық деген бірнеше ұғымдарды жинақтайды. Қазақ ішінде «алаш алаш болып, Алаша хан болғанда», «алты алаш», «алты сан алаш», «алаш мыңы» секілді тұрақты тіркестер ежелден айтылады. Сондай-ақ «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» деген нақыл-ұстаным да бар. Бұдан шығатын қорытынды, алаш – қазақ ұлтының өте бір аяулы сөзі. Мұны қазақ этнонимінің синонимі десек те болады.
Жалпы тілдік негізі тұрғысынан келсек, алаштың түбіріндегі «ал» – от, қызыл, арай дегенді білдіретін ежелгі түркі сөзі. Мысалы, Алтай, алау, алқызыл, албырт, аластау, албар, аламан, алөкпе, алаң, алқап т.б. сөздердің арғы түбі «от» ұғымына (қуат, күш, жігер, шапшаңдық, қызбалық, тегеурін, зор деген мағынадағы) барып тіреледі. Отандық зерттеушілер ішінде Шоқан Уәлиханнан бастап Алаш ұғымын зерделегенін байқаймыз. Ол қазақ пен алаш ұғымдарын қатар қоя отырып
(«начало народа казахов или алач ...»), былай деп жазады: «У киргиз
Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!
Н.Назарбаев
роды имеют свою тамгу и уран. Уран у всех киргиз есть алач». Бұдан Алаштың – елдік-мемлекеттік рәмізге айналған ұғым екені көрінеді. ХХ ғасырдың басында Ә.Бөкейхан бастаған ұлт қайраткерлері Алаш атын партияға да, үкіметке (ұлт кеңесі) де бергенде осы ұстанымды басшылыққа алғаны анық. Азаматтық тарихымыз үшін аса маңызды Алаш қозғалысы кезеңінде Алаш идеясы – қазақтың ұлттық идеясының темірқазығы болды. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес еді. «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш». Кереге – мемлекет құрылысы, Алаш – идеология. Тоқтам осындай болатын. Алаш – жаңа түрдегі елдігіміздің, байырғы айбарымыздың рәмізі еді.
Д.Қамзабекұлы
Қазақ
«Қазақ» сөзінің шығуы жөнінде көптеген пікірлер бар. Ғалымдар бұл атауды көбінесе «еркін» сөзімен байланыстырады. «Қазақ» сөзі тарихи жазбаларда алғаш рет ХІІІ ғасырда қолданылған. Қазақ атауымен мемлекет ретінде белгілі болуы ХҮ ғасырға келеді. 1456 жылы Керей хан мен Жәнібек хан қазіргі Шу өңіріндегі Қозыбасы деген жерде Қазақ хандығын құрды. Қазақ халқының хандық жүйеде мемлекет ретінде өмір сүруі ХІХ ғасырдың І жартысына дейін жалғасты. Осы кезеңнен бастап тәуелсіздік алған 1991 жылға дейін Қазақстан Ресей мен Кеңес одағының құрамында болып келді. Қазіргі кезде қазақ халқы Қазақстан Республикасының 60 пайыздан астамын құрайды. Қазақтар, сонымен қатар, Қытайда, Өзбекстанда, Ресейде үлкен диаспора болса, Азия, Еуропа елдерінде де бар.
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы – Евразия деп аталатын құрлықтар кеңістігінің дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Оның батыс аймақтары Европа құрлығының жерінде жатыр. Қазақтар Жайық деп атайтын Орал өзені – Европа мен Азияны бөліп тұратын шекара. Ал еліміздің солтүстігі, шығысы мен оңтүстігі Азия құрлығында орналасқан. Қазақстан Республикасының аумағы – 2 миллион 724 мың шаршы километрді құ -
Адам мақсатқа өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
Әбу Наср әл-Фараби
райды. Жерінің аумағы жөнінен ол бүкіл дүниежүзінде 9-орында тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемлекетті сыйғызып жіберуге болады. 1999 жылғы ресми санақ бойынша Қазақстанда 15 миллион шамасында халық тұрады. Жыл өткен сайын бұл цифр ұлғая түсуде. Елімізде халықтың 53,4 пайызын құрайтын байырғы халық қазақтардан басқа ұлттардың да өкілдері тұрады. Шамамен алғанда, орыстар – 30, украиндар – 3,7, өзбектер – 2,5 пайызды құрайды.

Менің елім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..5
Алаштың тілі, анамның тілі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
22
Атамнан қалған сан мұра

... 27
Қасиеті жерімнің

... ... ... ... 59
Қадірлісі елімнің

... ... ... ... . 66
Мақтанышым – Астанам

... 80
Үйренеміз, ойнаймыз, ойлаймыз
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 86
Ән шырқайық

... ... ... ... ... 101
Әңгімелер

... ... ... ... ... ... .. 112
Ұрпаққа ұлағат. Балаларға арналған өлеңдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар,
әндер т.б.
Ұсынылып отырған жинаққа қазақ халқының болмысын көрсете алатын
мағлұматтар және балаларды отансүйгіштікке баулитын әдеби, танымдық үлгілер
енгізілді.
Жинақтың мақсаты – жас ұрпаққа туған елі мен жерінің қадір-қасиетін таныту.
МЕНІҢ ЕЛІМ
Түркі
Ерте ғасырларда қалыптасқан түркі тектес халықтардың ортақ атауы.
Түркі халықтарына қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түркімен, ұйғыр, ноғай,
татар, чуваш, башқұрт, алтай, тува, саха т.б. жатады. Дүние жүзі бойынша
180 миллиондай адам бар. Түркі халықтары Жерорта теңізінен бастап
Солтүстік мұзды мұхитқа дейінгі аса үлкен аумақты алып жатыр. 40-қа жуық
түркі халықтарының ішінде Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан,
Түркіменстан, Азербайжан сияқты дербес мемлекеттер бар.
Түркі халықтарының мәдени мұрасы өте бай. Алғашқы жазба үлгілері Орхон-
Енисей ескерткіштерінен басталады. Түркі тілінде сөйлейтін халықтардың
тарихын, этнографиясын, тілін, әдебиетін, мәдениетін зерттейтін Түркітану
ғылымы қалыптасқан. Қазіргі кезде түркі халықтарының арасында тығыз саяси,
әлеуметтік, мәдени байланыстар орын алған.
Алаш
Алаш – қазақ халқының байырғы сөзі. Мағынасы – елдік, тұтастық,
бірлік, айбарлық деген бірнеше ұғымдарды жинақтайды. Қазақ ішінде алаш
алаш болып, Алаша хан болғанда, алты алаш, алты сан алаш, алаш мыңы
секілді тұрақты тіркестер ежелден айтылады. Сондай-ақ Керегеміз – ағаш,
ұранымыз – Алаш деген нақыл-ұстаным да бар. Бұдан шығатын қорытынды, алаш
– қазақ ұлтының өте бір аяулы сөзі. Мұны қазақ этнонимінің синонимі десек
те болады.
Жалпы тілдік негізі тұрғысынан келсек, алаштың түбіріндегі ал – от,
қызыл, арай дегенді білдіретін ежелгі түркі сөзі. Мысалы, Алтай, алау,
алқызыл, албырт, аластау, албар, аламан, алөкпе, алаң, алқап т.б. сөздердің
арғы түбі от ұғымына (қуат, күш, жігер, шапшаңдық, қызбалық, тегеурін,
зор деген мағынадағы) барып тіреледі. Отандық зерттеушілер ішінде Шоқан
Уәлиханнан бастап Алаш ұғымын зерделегенін байқаймыз. Ол қазақ пен алаш
ұғымдарын қатар қоя отырып
(начало народа казахов или алач ...), былай деп жазады: У
киргиз

роды имеют свою тамгу и уран. Уран у всех киргиз есть алач. Бұдан Алаштың
– елдік-мемлекеттік рәмізге айналған ұғым екені көрінеді. ХХ ғасырдың
басында Ә.Бөкейхан бастаған ұлт қайраткерлері Алаш атын партияға да,
үкіметке (ұлт кеңесі) де бергенде осы ұстанымды басшылыққа алғаны анық.
Азаматтық тарихымыз үшін аса маңызды Алаш қозғалысы кезеңінде Алаш идеясы –
қазақтың ұлттық идеясының темірқазығы болды. Зиялылардың Алаш атауын
таңдауы да жайдан-жай емес еді. Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш. Кереге
– мемлекет құрылысы, Алаш – идеология. Тоқтам осындай болатын. Алаш – жаңа
түрдегі елдігіміздің, байырғы айбарымыздың рәмізі еді.
Д.Қамзабекұлы
Қазақ
Қазақ сөзінің шығуы жөнінде көптеген пікірлер бар. Ғалымдар бұл
атауды көбінесе еркін сөзімен байланыстырады. Қазақ сөзі тарихи
жазбаларда алғаш рет ХІІІ ғасырда қолданылған. Қазақ атауымен мемлекет
ретінде белгілі болуы ХҮ ғасырға келеді. 1456 жылы Керей хан мен Жәнібек
хан қазіргі Шу өңіріндегі Қозыбасы деген жерде Қазақ хандығын құрды. Қазақ
халқының хандық жүйеде мемлекет ретінде өмір сүруі ХІХ ғасырдың І жартысына
дейін жалғасты. Осы кезеңнен бастап тәуелсіздік алған 1991 жылға дейін
Қазақстан Ресей мен Кеңес одағының құрамында болып келді. Қазіргі кезде
қазақ халқы Қазақстан Республикасының 60 пайыздан астамын құрайды.
Қазақтар, сонымен қатар, Қытайда, Өзбекстанда, Ресейде үлкен диаспора
болса, Азия, Еуропа елдерінде де бар.
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы – Евразия деп аталатын құрлықтар кеңістігінің
дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Оның батыс аймақтары Европа құрлығының
жерінде жатыр. Қазақтар Жайық деп атайтын Орал өзені – Европа мен Азияны
бөліп тұратын шекара. Ал еліміздің солтүстігі, шығысы мен оңтүстігі Азия
құрлығында орналасқан. Қазақстан Республикасының аумағы – 2 миллион 724
мың шаршы километрді құ -

райды. Жерінің аумағы жөнінен ол бүкіл дүниежүзінде 9-орында тұр. Мұндай
жерге Франция сияқты 5 мемлекетті сыйғызып жіберуге болады. 1999 жылғы
ресми санақ бойынша Қазақстанда 15 миллион шамасында халық тұрады. Жыл
өткен сайын бұл цифр ұлғая түсуде. Елімізде халықтың 53,4 пайызын құрайтын
байырғы халық қазақтардан басқа ұлттардың да өкілдері тұрады. Шамамен
алғанда, орыстар – 30, украиндар – 3,7, өзбектер – 2,5 пайызды құрайды.
Сондай – ақ елімізде немістер, ұйғырлар, кәрістер, дұнғандар, түріктер және
басқа халықтардың өкілдері бар.
Елдің мемлекеттік тілі – қазақ тілі болып табылады. Қазақстан
Республикасының астанасы 1998 жылы Алматы қаласынан Астана қаласына
көшірілген. Ел басшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1999 жылы
бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде сайланған Президент.
Қазақстан Республикасында 14 облыс, 159 аудан, 85 қала, 195 кент, 2150
ауылдық және селолық округтер бар. Еліміздің Еділ өзенінің төменгі ағысынан
Алтай тауына дейінгі ұзындығы 3000 километрдей болса, Батыс Сібір жазығынан
Іле Алатауына дейінгі аралығы мың жарым километрден астам. Ал Қазақстан
шекарасының жалпы ұзындығы 15 мың километрге жетеді. Еліміз батысы мен
солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түркіменстан, Өзбекстан
және және Қырғызстан республикаларымен, ал шығысында Қытай Халық
Республикасымен шекаралас. Азаттық үшін болған екі жарым ғасырдан астам
уақыт күрестен кейін қазақ халқы тәуелсіздікке 1991 жылдың 16 желтоқсанында
қол жеткізді. Сондықтан да жыл сайын 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының
тәуелсіздік мерекесі ретінде ресми аталып өтеді. Қазақстан – Біріккен
Ұлттар Ұйымының тең құқықты мүшесі.
Қазақстанның табиғаты мейлінше алуан түрлі. Оның байтақ жерінде тау
да, төбелер мен жазықтар да бар. Қазақстан жерінің ең биік нүктесі – Хан
Тәңірі шыңы теңіз деңгейінен 6995м жоғары, ал ең төменгі нүктесі – Қарақия
ойпаты теңіз деңгейінен 132 м төмен жатыр.
Қазақстандағы өсімдіктердің жалпы түрлері 6 мыңнан астам. Олар -
Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті... Біздің жастарымыз ана тіліне
жетік, білімді, мәдениетті болсын.
Ахмет Жұбанов
дың ішінде емдік қасиеті барлары, сирек кездесетін түрлері де аз емес. Ал
құстардың түрі 500-ден астам. Өзен-көлдерде балықтың 107 түрі өсіп-өніп
жатса, далалар мен ормандардағы жабайы аңдардың түрі 178-ге жетеді екен.
Атырау теңізінің ең терең жері 600 м-ге жетеді. Ел аумағының 10-
нан бір бөлігін таулар алып жатыр.
Қазақстан тілі XV ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып
болған еді. Ол 1989 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі мәртебесіне ие болды. Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары
қазақтардан басқа Қытай Халық Республикасы, Монғолия, Иран, Ауғанстан,
Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан
сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. Қазақ тілі батыс
түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер –
қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, Қырым татары, қарашай, балқар,
құмық және т.б. тілдері.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін,
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде деген тұжырымдаманы үнемі айтып
келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейде көтерілген кейінгі жылдары
бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ әлі шешілмей
жатқан түйінді мәселелер де баршылық. Ең бастысы - өз ұлтымыздың ана
тілінде, халықтық тамаша салт - дәстүрлеріне деген енжарлығынан әлі арыла
алмай келе жатқандығында. Ал отбасында, ата-ана мен балалардың орыс тілінде
сөйлей салуы жазылмаған әдетке айналып кеткен. Отаршылдық, империялық
дәуірдегі орыс тіліне басымдықпен қарау көзқарасынан әлі құтыла алмай келе
жатқанымыз жасырын емес. Сонымен бірге қазақ тілінің мүмкіндігі шектеулі,
болашағы жоқ деген жалған түсінікпен үйренуге жалқауланып жүрген шектеулі
жандар өз ұлтымыздың арасында да кездеседі. Олар бұл күнде күн сайын
сөйлескілері келмейді. Бұның өзі басқа ұлттардың біздің тілімізге деген
ықыласын төмендететіні сөзсіз. Бірақ бұндай кері кеткен көзқарасты,
төзімділікпен өркениетті түрде жеңе білуге тура келеді. Ондаған жылдар бойы
халық ағзасына еніп, дамып кеткен дертті бірнеше жылда емдеп тастау мүмкін
де емес қой. Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады деген мақалды ескере
отырып, кәсіпқойлық пен төзімділікті ұмытпауға тиіспіз. Бәрінен бұрын
әрқайсымыз ана тілімізді сүйіп, білуге ұмтылып, үйреніп, ол тілде оқып әрі
жаза білуіміз қажет.
Сәлем – сөздің анасы.
Бұқар Қалқаманұлы
Тәуелсіз елім бар
Көк айна көлім бар,
Кең жайлау жерім бар.
Еңбегі еленген
Атақты ерім бар.
Жемісті бауым бар,
Шың-құзды тауым бар.
Еңісті өр еткен,
Жеңісті қауым бар.
Жайдарлы желім бар,
Өрісті белім бар.
Ерлікке баулитын
Егемен елім бар!
Тарих боп кешегім,
Көп жұмбақ шешемін.
Егемен еліме,
Еге боп өсемін!
Б.Исаев
Мен неге қазақтықтан сақтанамын
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық,
Арасан қоныс қылдым ірге жайып.
Елім, жерім қорғайтын ерім болып,
Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз.
Ғұмар Қараш
Ер жеттім ен далада лықа тойып.
Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаны тітіркенткен.
Кіргені есік, шыққаны тесік болып,
Күнбағыс, Күншығысқа әмірі жеткен.
Кешегі хан Шыңғыстың ұрпағына,
Талай царь, талай князь тәжім еткен.
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанмын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйдіріп жүрегімді тартқан менің,
Сарыарқа, Сарыдала туған жерім.
Көк күмбездің астында көк масаты,
Сәулемен алтындаған сары белім.
Кең дала, шаңсыз ауа, таза қоныс,
Иісі аңқып бетім сүйген самал желім.
Кіндік болып малменен жанды өсірген,
Жаз жайлау, күзгі күзек қысқы тебін.
Даламның мен сағынам бек пен ханын,
Ел үшін аямайтын шыбын жанын.
Қайғысыз ұйқы ұйықтатып
Қайғырусыз жылқы бақтырып,
Қалыңсыз қатын құштырып,
Алашты алаш қылған сабаздарым.
Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы!
Ахмет Байтұрсынұлы
Топтан торай шалдырмасқа,
Қазақтың бір тайын кәпірге алдырмасқа.
Бір түнде тоқсан ойланып,
Тоғыз төңкерілетін ...
Ел қорғаны ерімнің сүйем бәрін.
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
С.Торайғыров
Мен қазақ боп туғаныма мақтанамын
Қарсы тұрып қас жауына қаптаған,
Ешбіріне ар-ожданын сатпаған.
Бағы тайып бодандықтан жүрсе де,
Дархан пейіл, жомарттығын сақтаған.
Мен қазақ боп туғаныма мақтанам.
Бір ғасырда мың жығылып, мың тұрған,
Желтоқсанда қанатынан қырқылған.
Бірақ талмай азаттыққа ұмтылған,
Абай, Мұхтар Қаныштардай ұл туған.
Мен қазақпын деп әлемге мақтанам.
Желбіреген аспан түсті байрағы,
Батыр елмін барыс сынды айбары.
Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын
таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық
Ғабиден Мұстафин
Мен қазақпын деп айтуға мақтанам,
Ынтымақты бұзылмаған қаймағы.
М.Жақсылықұлы
Отан
Көп аузынан түспейтін
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым, білгің келе ме?
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң
Отан – аудан ауылың.
Отан – тарих, Отан – тіл,
Жазған елің, ер халқың,
Отан – өлең, Отан – жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Туған өлкем
Елінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен,
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем?
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар,
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем?
Көңіл – терең теңіз, білім – тереңінде жасқан інжу-маржан.
Жүсіп Баласағұн
Отан
Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз,
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Отанды
Жас, кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені, онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді, бағалап.
Өйткені Отан баласындай
Бізді өсірер аялап.
Отан деген – атамекен.
Отан деген туған жер.
Отан – ана,
Отан – үлкен
Қазақстан – туған ел.
Е.Өтетілеуов
Қазақстан
Жақсы аттанды демессің сүйем десең,
Табынатын тәңірім, ием де –сен.
Адам болып күн кешу қиын маған,
Арқа тұтып өзіңе сүйенбесем.
Сен менің сүйегім мен қанымдасың,
Жанымдасың, ұятым, арымдасың.
Саған деген махаббат дамылдасын,
Тіл – халықтың мәдениеті мен қуатының көрінісі.
Мұхтар Мағауин
Тек сенің топырағыңды жамылғасын.
Өзіңше түсің де ерек, ісің де ерек,
(Сырым бар саған айтар ішімде көп).
Қомағай көзімді бір тойдыра алмай,
Қорқамын бәрі осының түсім бе деп.
Қазақстан!
Пай, пай, пай!
Ардағым-ай!
Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай,
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!
М.Мақатаев
Қазақстан
Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым.
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың.
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын.
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
Сүйем! десем –бәрі шын,
Қазақстан - намысым!
Әрбір тасы – киелім,
Әр уығы – жүйелім.
Ұстазыңа бар ықылас-ниетіңмен қызмет қыл.
Қожа Ахмет Иассауи
Ән кернеген жүрегін
Күй кернеген тиегін,
Сары алтыннан сүйегің,
Қазақстан – жыр елім!
Шаңырағым – шырағым,
Топырағың – тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан – қыраным!
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан.
Жұлдыз жансын жолыңнан,
Басыңа бақ орнасын,
Қыдыр болсын жолдасың,
Құдай сені қолдасын,
Қазақстан – көз жасым! ...
Ұ.Есдәулет
Қазақия
Қазақиям – азат ұям,
Қоңыр жұртым
Ұлы елім,
Қаңқылдаған қаз атынан
Сөз саптаған сүлейім.
– Қанға – қан! – деп,
– Жанға – жан! – деп
Атам қазақ үйреткен,
Нағыз түрік затты халық тілі – біздің қазақта.
Әлихан Бөкейхан
Өтті ғасыр сандаған көп,
Ақ сойылын сүйреткен.
Шыңбысың сен –
Хан-тәңірім,
Әлде Бетпақ –шөлмісің,
Қаңсыса да қан тамырың,
Қыңқ етпейтін көнбісім.
Тасыдың да,
Жаусыдың да,
Түпсіз арнаң толсашы,
Дүниенің күнәсінің,
Жуылатын моншасы.
Аялаған азаттығым
Бұл-бұл ұшса басымнан, -
Кімге керек қазақтығым
Мақтан еткен жасымнан?
Төбеңдегі Айды мына
Тұмарыңдай көремін
Қапалы да
Қайғылы да
Қоңыр елім,
Өр елім.
Топырақтың табын сездім,
Жүгірдім де жығылдым.
Отан деген назым сөздің
Мәнін сенен ұғындым.
Ең берік Ат, ең биік Ат, ең баянды Ат – Азамат.
Әбіш Кекілбайұлы
Аспандай кең атамекен,
Иі қанбас көн дала,
Сені сүю –
Қате ме екен?
Сүйіп өтем сонда да!
Ұ.Есдәулетов
Біздің жер
Көлдеріміз – Марқакөл,
Шөлдеріміз – Мырзашөл.
Тауларымыз – Теміртау,
Жолдарымыз – Жібек жол.
Шыңдарымыз – Оқжетпес,
Баркөрнеулер сол тектес.
Барса Баянауылдан
Адам түгілі бұлт кетпес.
Далаларым – Сарыарқа,
Қалаларым – Астана.
Қасқабұлақ, Қарасаз,
Ұлыларға баспана.
Атырау, Жайық, Өр Алтай,
Аттарына заты сай,
Ордабасын күзетіп,
Қазығұрттың жатысы-ай.
Жайлауларым – Сұлутөр,
Белестерім – Бақырбел.
Өз тілін сезбеген бала – ана сүтін татпаған жетіммен тең.
Бауыржан Момышұлы
Жоталарым – Қыземшек,
Осы біздің өскен жер.
О.Асқар
Ата Заңды ардақта!
Ғұрпымыз бар ел сенген,
Дәстүрлері – ең ізгі.
Әділдікпен өлшенген
Заңымыз бар Негізгі.
Бас иетін бар адам,
Әрбір сөзі салмақты,
Қорғар бәле-жаладан –
Ата Заң бұл ардақты.
Ата Заңға, қарағым,
Шексіз болсын құрметің.
Туған елдің талабын,
Заңды орындау – міндетің.
Бақытты өмір сүргенің,
Бақ-дәулетің баршасы,
Күліп-ойнап жүргенің –
Ата Заңның арқасы!
К.Құныпияұлы
Қазақстан жалауы
Аспан түстес көгілдір
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын.
Еске белгі-ұрандар
Сары алтындай сақталған,
Рухани әлемі кең, рухы биік ел – қайсар ел. Ондай елді ешкім жеңе
алмайды. Рухы сынған, рухани жүдеген елді жеңу де – жеңіл.
Шерхан Мұртаза
Күн, шұғыла, қыран да
Алтын түспен апталған.
Астында оның қалқыған
Қыран құстың бейнесін
Азат елдің шалқыған
Көңілі деп білерсің.
Сол жағында матаның
Қызыл түсті жолақ тік:
Мұратындай атаның
Әсем өрнек ол ұлттық.
Көк байрағы бабаның –
Бүгінгі ұрпақ алауы,
Мияты әке баланың –
Қазақстан Жалауы!
Е. Өтетілеуұлы
Біздің Елтаңба
Алтын қанат көмкерген
Шаңырақ бар, уық бар –
Әсем бейне сен көрген
Жай бейне емес, ұғып ал!
Сүйсіндірген өзіңді
Түсіне біл таңбаны:
Аңызда ұшқыр, төзімді
Пырақ – халық арманы.
Көгілдір түс аясы –
Бейбіт дала елесі.
Шаңырақ – жұрт панасы,
Уықтар – күн сәулесі.
Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты,
мәдениетті адам деп санауға болмайды.
Мұхтар Әуезов
Жоғарыда түсер көз
Бес тармақты жұлдызға
Ал Қазақстан деген сөз
Таныс барлық ұл-қызға.
Мағыналы, сымбатты
Бар осындай белгіміз –
Маған, саған қымбатты
Елтаңбасы ол – еліміз!
Ошақ басын ұмытпа
Дүниеден дүбірлетіп өтерсің,
Саспашы тек, мақсатыңа жетерсің.
Өмір – теңіз, желкеніңді көтеріп,
Әлі ертең-ақ өрге жүзіп кетерсің.
Тек бір сылтау іздей көрме сыныққа,
Өзің өскен Ошақ басын ұмытпа!
Жылжи берші, кезең емес жасқанар,
Бөгей алмас білім атты тас қамал.
Отаныңның аяулысы боларсың,
Отан деген отбасынан басталар.
Қадыры жоқ құр қызыққа құнықпа,
Қайткенде де Ошақ басын ұмытпа!
Жолың жарқын, жүгініп сен намысқа
Самғарсың-ай алыстардан алысқа.
Ұшқан ұяң сонда да ыстық көрінер,
Оған деген жүрек сыйын тауыспа.
Оған деген көңіліңді суытпа,
Ешқашанда Ошақ басын ұмытпа!
А. Шамкенов
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген
нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де –
ақымақшылық.
Абай
Қос палаталы Парламент – Заңорда
Сүріндің бе?
Түрегел,
Әділ заң бар сүйенер!
Заңорданы – жұрт тегі:
Қос өркешті түйе.. - дер.
Тыным көрмес жазы-қыс,
Іс істемес жаңылыс:
Бір өркеші – Сенат та,
Бір өркеші – Мәжіліс.
Әділ заңдар – елге нұр,
Шашар,
Бастар төрге бұл.
Әділдіктің – бұл қос үй,
Қос қанаты бейне бір ...
Ө.Ақыпбекұлы
АЛАШТЫҢ ТІЛІ, АНАМНЫҢ ТІЛІ
Қазақ тілі
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім!
М.Жұмабаев
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын;
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста,
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
Мені мұндай бақытты жаратар ма!
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
М.Мақатаев
Қазақ тілі
Ғұндарға дағы,
сақтарға дағы,
ақ сүтін берген арман тіл,
атқанда дағы,
шапқанда дағы
қансырап аман қалған тіл.
Жоңғардың сұсы,
шүршіттің мысы
еңсесін баса алмаған,
жүрегін шоқып қырсықтың құсы
соңынан қалмай сарнаған.
Өрт шалған тудай жаралы тілім,
Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында
болса – сол шын адам болады.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
желбіреп желмен шалқыдың,
қақ жарып шығып
даланың түнін,
жусан мен қымыз аңқыдың.
Фарабилер мен Бейбарыстардың
өсиеті де өзіңде,
Махамбет сынды жолбарыстардың
қасиеті бар сөзіңде.
Бабалар өзі байытқан тілім:
шұбарладың деп сен мені,
бұйырар болдың айыпқа бүгін,
парықсыз біздей пендеңді.
Қайғыға қалай бауыр баспайын,
ертерек туып,
кеш қалсам
күлкімді мұңға айырбастаймын,
ана тілімді еске алсам.
Құрыған тіл! – деп табандағанның,
деймісің кетпес түгі де,
тілімді сонша жамандағанның
шоқ түсер әлі тіліне.
Ұ.Есдәулет
Мен қазақтың тілімін
Мен қазақтың тілімін,
Беретін көп білімім.
Достасатын сендермен
Жаңа пәннің бірімін.
Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш.
Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш.
Халел Досмұхамедұлы
Үйретем тіл заңдарын,
Сөзіме құлақ сал бәрің.
Менімен тез іске асар,
Ойға алған арманың.
О.Асқар
Үйрен ана тіліңді
Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей тұрып туған ана тіліңді.
Әлде қалай жоғалтса ана баласын,
Бала іздеп таппай ма өз анасын.
Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей,
Өз тіліңмен ертерек тап жарасым.
Сенде айып жоқ, тілің де емес кінәлі,
Ешкімнің жоқ болса да оған күмәні.
Үйренбесең, өз тіліңді білмесең.
Жазықсыз-ақ жазғырып ел тұрады.
Қаның жаның, қазақы ұлттық түрің бар,
Сенен үлгі алар қызың, ұлың бар.
Перзентісің еркін, азат халықтың,
Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.
О.Асқар
Бір досқа
Өзге тілді білгенге,
Білімді боп билейсің.
Біздің қазақ бауырларымыз аталы сөзге өте түсінетін, өте зерек халық
Сайфи Құдаш
Кергенменен құр кеуде,
Өз тіліңді білмейсің.
Төс қаққанмен күнде сен,
Демес халқың құлыным.
Өз тіліңді білмесең,
Неге керек білімің?!
Ә. Табылды
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың
баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың
мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей
ұлдары ғана аяққа таптайды.
Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз
жоқ.
Ғабит Мүсірепов
АТАМНАН ҚАЛҒАН САН МҰРА
Халықтық дәстүрлер мен салт-сана рәсімдері
Халық педагогикасында тұрмыстық ереже болып, халықтың санасына сіңіп,
салтына айналған әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні арта бермек. Халықтың
тұрмыстық іс-әрекет дағдысында үлгілі істер, әуелі дағды, содан соң ол
дәстүрге әдет-ғұрыпқа, салт-санаға айналып өмір заңдылығы болып
қалыптасқан. Ал, өмір заңын бұзу қоғам мүшесі үшін күнә, қылмыс
жүгенсіздік деп есептелінеді.
Ата дәстүрін ардақтау – қазақтың халық педагогикасының ұлттық
ұжданы. Егер жеті атасына дейін ата тегін, тарихын білмейтін ұрпақ
болса, оны жеті атасын білмеген жетесіз деп халық кінәлайды,
айыптайды, жазғырады, жазалайды.
Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы деп, халық атадан
балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың
бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Шыншыл, әділетті, иманды болу
сонау арғы ата – бабамыздан бері қалыптасып келе жатқан дәстүріміз
дейді де, халық сол игі дәстүрді бұзған ұрпаққа айып тартқызады. Ат
тұяғын тай басар деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын талап етеді.
Әулеттік тағлымдар ата дәстүріне айналып, санаға сіңіп, салтқа биіктейді.
Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң атаны, ата-бабаны
құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық борыштарды өтеу – кейінгі ұрпақтың
міндеті. Ол ұрпақтық борыштар: ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата
дәстүрлерін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрлерді жалғастыру, адамгершілік
қағидаларды қалтқысыз орындау болып табылады. Бір бала бар жасық туады,
бір бала бар әкесінен асып туады деп, халық жасық туған баланы
тәрбиелеп қатарға қосады., асып туған баланың іс-әрекетін қуаттап, оны
уағыздайды.
Ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ, ең азы жетінші ата-бабасына дейін
аталарының аты-жөнін, олардың жақсы қасиеттерін, өсиет-өнегелерін өзіне
үлгі-өнеге тұтуға тиіс.
Ата тегін ардақтау дәстүрі, көбінесе, от басында сөз болып, ата-ана
балаларын ата-ананы, ата-бабаны сыйлауға тәрбиелейді.
Төменде ата дәстүрін ардақтау жөнінде жазылған екі әңгімені оқып,
пікірлесуге ұсынып отырмыз.
Ер намысы – халықтық салттың ең бір қалыптасқан заңы. Бала тәрбиеленіп
кісілікке жеткен соң, ол өз намысын қорғай білуге міндетті. Егер ер жігіт
намысын қорғай алмаса, ол азаматтық беделін жояды. Ерді намыс өлтіреді,
қоянды қамыс өлтіреді деген мақал содан қалған. Ер бала әке жолын қуып,
әкеден де асып туып, қатарынан қалмай, алдына қойған мақсаттарын
абыроймен орындауға борышты. Елін қорғау еңбек ету, ата-анасын ардақтау,
өнер үйрену, күш-жігерлі болу, айтқан сөзінде тұру, әділетті болу, біруге
жалынышты кіріптар болмау, әйел адамды құрметтей білу, жасық болмау тағы
басқа ізгі қасиеттерді бойына сіңіру – ер-азаматтың намысы, абыройлы, ары.
Әсіресе ұлттық дәстүрге сәйкес инабатты, иманды, ілтипатты болу – ер
жігіттің айнымас ары, бұлжытпай орындайтын заңды борышы. Түрі жылыдан
түңілме деген сөз содан қалған. Халықтың үкімдік заңын пір тұтқан ер
азамат малым – жаным садағасы, жаным – арымның садағасы деп, арына
адал болған.
Қыз абыройы – отбасының, елдің болашағы, босағаның беріктігі, өмірдің
қызығы. Қазақ халқы Қыздың жолы - жіңішке деп, оның абыройын сақтауын
қатаң қадағалап отырған. Қыздың абыройы оның ақыл-парасатына,
инабаттылығына, махаббатты жоғары бағалауына, іске бейімділігіне,
өнерпаздығына, білімдарлығына байланысты. Қазақ халқы қыздың абыройын
жоғары бағалайды. Оның абыройлы болуына көбінесе ана жауапты деп қарап,
анасын ардақтай білмеген қыз, өз абыройын да сақтай білмейді деп
тұжырымдайды. Өз намысын қорғаған қыз есер жігітке кіріптар болмайды, есті
жігітке ес қосады. Қыз абыройлы болу үшін оның мінез-құлқы, ибалы, иманды
болуы керек. Қыз қылығымен жағады деген мақал содан қалған. Халық өсіп
келе жатқан қыздың алдына өмірлік міндеттер қойып, оны орындауын қыздың
абыройы деп санаған. Ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау,
дөрекі сөйлемеу, қабақ шытпай жүру, үлкеннің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты
болу, өсек айтпау, бала тәрбиесін білу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана
тілін ардақтау, орынсыз сөз таппау, арқан есе білу, қой сауа білу, кілем
тоқи білу, кесте тіге білу, тағы басқа іс-әрекеттер мен мінез-құлықты
қасиеттер, иман жүзді, абзал жанды қыздың бойында болу керек деп есептеген.
Отбасында да, балар бақшасында, мектепте де, көпшілік орындарда да баланы
ел намысына, қыз абыройына сәйкес тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз.
Бата, тілек – Адам баласына жақсылық ойлау, оған тілек айту қазақ
халқының дінге байланыссыз, алғашқы қауымнан қалыптасқан дәстүрі. Кейіннен
келе тілек айту сол тілекке жету Құдіретке байланысты деген сеніммен бата
қалыптасты да оған діни сөздер тірек болды. Шын мәнінде тілек дегеніміз –
бата, бата дегеніміз – тілек Үйің құтты болсын, сапарың оң болсын,
жақсы жатып жайлы тұрыңыз деген тілектер, қысқа баталық өздер. Халық
дәстүрінде батаны жасы үлкен Адам немесе қария беру керек. Бата, тілек
жастарды бірлікке, әділеттікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Бата ризашылық
ниеттің көрінісі ретінде де айтылады. Сондықтан бата, тілектің де тәрбиелік
мәнін пайдалана білу керек.
Әдеп сақтау (этикалық қалып) – қазақ халқының тарихи қалыптасқан
қоғамдық саласының практикалық көрінісі, әлеуметтік тәртіптің, борыш пен
міндеттің заңды айғағы. Халық өмірлік практикада ешбір тиым салусыз-ақ өз
қалауынан адамгершілік, мақсат-мүддеге сәйкес әдептілікті, әдеп сақтау
жүйесін қалыптастырған. Әрине, Туына қарай аңы, заманына қарай заңы, Әр
елдің заңы басқа, иті бар қара қасқа, дегендей әдеп сақтаудың тарихи
таптық, әлеуметтік ерекшеліктері де болған. Ал қазақ халқының әдеп сақтау
дәстүрі ешбір тапты, ұлтты нәсілмен, жыныс айырмашылықтарын алаламайды.
Онда релятивизм, абсолютизм, анитетеза дегендер болмайды. Әдеп сақтаудың
әлеуметтік, қоғамды мәні зор. Әулет, әлеумет қоғам мүшелері қалыптасқан
әдептілікті бұзбауға міндетті. Әдептілікті бұзған адамға кез-келген қоғам
мүшесі жасына, нәсіліне қарамай өз пікірін айтуға тыйым салуға ерікті,
өйткені әдеп сақтау - әлеуметтік дәстүр. Әдеп сақтаудың экологиялық мәні де
зор. Әдепті адам табиғатты қорғай білуге тиіс. Табиғаттың әсемдігіне,
әдемілігіне кір келтірмеуге міндетті. Суды былғау, талды кесу, қайнардың
көзін ашпау, жолдағы кедергі атты алып тастамау, құдыққа түкіру, нанды
лақтыру әдептілік емес. Халық ондай әдепсіздікті кешірмейді. Әдеп сақтау
этикет яғни, мінез-құлық пен қарым-қатынастың қалыптасқан халықтың ережесі.
Ол ереже бұзылса, халықтық дәстүр де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан
келеді. Әдеп сақтау ұлттық рәсімге, тәртіпке, ережеге амалсыз бағыну емес.
Сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, атап айтқанда адамгершілік борышты
өтеу болып табылады. Әдептілік, әдемілік дейді халық. Әдеп сақтаудың
психологиялық әсері де мол болады. Әдептілік, имандылық, кішіпейілділік,
көпшілдік деген сөз. Отбасында әлеуметтік қарым-қатынастың негізі ретінде
әрбір адам әдеп сақтауды қатаң қадағалайды. Әдептілік бұзушылыққа жол
бермейді. Тәртіп сақтау үшін, қалыптасқан ережені заң деп түсінуді талап
етеді. Талап қою, әдептіліктің орындалуына талап – ету әулеттің бәрінің
міндеті. Балалар бақшасында әдеп, әдептілік деген сөздер айналасында
әңгіме, ойын ұйымдастырылады, ертеңгілік өткізіледі. Көшеде жүру, көпшілік
ортасында болу, үлкендерге орын беру, кішіге қамқорлық жасау қарт адамдарды
қадірлеу, ата-ананы ардақтау, жолдастық қарым-қатынас, сәлемдесу, табиғатты
қорғау (тал егу, гүлді күту, көгалды таптамау т.б.) тақырыптарды
тәрбиешілер әдеп сақтау жөнінде жоспарлы түрде тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Мектепте әдеп сақтау дәстүрі оқушылар ережесімен пионер, комсомол
ұйымдарының тәрбиелік жұмыстарымен байланыстырылады. Сынып жетекшісі әдеп
дегенді қалай түсінеміз, әдептілік деген не?, әдеп сақтау адамгершілік
т.б. тақырыптарда сынып сағатын өткізеді. Әдеп сақтау жөнінде мектеп
қабырғасында әсем безендірілген жарнамалар бала тәрбиесіне ерекше әсер
етеді. Әдептілік жөнінде мектепте арнайы апталық ұйымдастырылып, оның соңы
жалпымектептік кешпен ұштастыру қызықты өтеді. Әдеп сақтау кешіне ата-
аналар, ұстаздар, өнер адамдары, ақын-жазушылар қатыстырылады. Отбасында,
балалар бақшасында, мектепте, әдептілік жөніндегі әңгімелер мен өлеңдерді
оқып, ол шығармалар туралы пікірлесудің мәні зор.
Әкім Ысқақ
Аманат
Ізгілікті іздеші, Абыройды сақташы.
Үміттерді үзбеші. Ата-анаңды аяла,
Үлкендерді ардақтап, Жақсыларды саяла.
Құрметтеші, Сіз деші. Адалдықты сақтағын,
Жаман сөзге ермеші, Достарыңды сатпағын.
Намысыңды бермеші. Осы – саған аманат,
Ел сенімін ақташы, Жоламасын жаман ат.
Ұл-қызым, саған айтам ... .
Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе ... ...
Жүріп келе жатқан адам отырған адамға, атты адам жаяуға, аз адам көпке
сәлем беруге тиіс.
Үлкендер мен ғалым адамдар алдында көп сөйлемеуге тырыс. Мешітке, үйге
ассалаумағаләйкум деп кіру керек, кешке кеш жарық деп кіру керек.
Үлкен кісілерді, ананы, әйелді көлікке қолтықтап демеп мінгізу, не
түсіру керек. Әйел алдында әдепті бол, сыпайы сөйле.
Үлкен кісі келсе жайдары қарсы ал, киімін іл, төрге шығар. Көшеде,
жолда жатқан шыны, темір болса алып таста.
Үлкендерден бұрын тамаққа қолыңды салма. Адамға күш қолданба.
Сәбилерге өтірік айтпа, алдама, қорқытпа. Оларды жаман әдетке үйретпе.
Тамақ жеп отырып сөйлеме.
Тамақты өз алдыңнан же, кісі алдындағыға қол созба.
Егін ішінде дәретке отырма.
Сұйық тамақты сораптамай іш.
Дастархан үстінде әдемі отыр, әдепті сөйле.
Дініңе сеніммен, құрметпен қара.
Халқыңның тарихын, дәстүрін, салтын, әдет-ғұрпын жадыңа тоқы және оны
кейінгілерге үйрет.
Қанша ұлы адам болсаң да халық алдында кіші, әдепті бол.
Біліміңді көпке, пайдалы жерге жұмса.
Жаман дағдыдан аулақ бол.
Жаман адамдардан қашық жүр.
Көршілеріңмен жылы сәлемдес.
Достыққа берік, адал бол.
Біреуді жамандама, өзіңді жамандаған адаммен дауласпа, жауласпа.
Қуанышта, қиындықта, қайғыда, ашуда ұстамды бол.
Шаруашылықтың басы-қасында жүген адамдарға жолыққанда: бақташыға
бағар көбейсін, мал айдап бара жатқандарға айдар көбейсін, егіншіге
бір дәнің мың дән болсын, түрлі жұмыс үстіндегілерге іске сәт, жаңа
қоныстанушыларға қоныс құтты болсын деу керек.
Жолаушыларға, жүргіншіге, сапарға шыққандарға сапар сәтті болсын деу
керек (қайда барасыз деуге болмайды).
Үй сыртында тұрып немесе теріс қарап тұрып сөйлеуге болмайды. Аты
белгілі адамдарға құрмет көрсет.
Шалбарды отырып кию керек.
Әйелдер, қыздар орындықта аяғын айқастырып отыруға болмайды.
Алыс сапарға, игілікті іске, емделуге аттанар алдында қариялардың
батасын ал.
Үйге, мешітке, қасиетті орындарға оң аяқпен кіру керек.
Кемтар адам алдында дене кемістігі туралы әңгімелеме.
Моншада да ұятыңды жаба біл.
Пейіліңді кеңге сал.
Кешірімді, мейірімді, сыпайы бол.
Өркөкірек адамнан қаш, өзің де кеудеңді көтерме.
Байлыққа мақтану ақылдының ісі емес.
Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды тыңдама.
Кемтарларға, жетімге қамқорлық жаса, жәрдем бер, садақа бер.
Айтта, Наурызда, мереке күндерінде құтты болсын айтуды ұмытпа.
Танитын адамдарға қуанышына ортақтасуды немесе қайғысына көңіл айтуды
ұмытпа.
Тәңірге, әруаққа, халыққа тіл тигізбе.
Ата-анаңа әдеппен сөйле, құрметпен қара, айтқанын сөзсіз орында және
оларды әулие тұт.
Біреудің киімін (жақсы болса да) киюге әуестенбе.
Өнердің қай түрі болса да үйренуден жалықпа.
Туыс-туғандарыңды, нағашы-жиендеріңді тағы басқа ілік, құда,
жекжаттармен жиі қатынасып, араласып-құраласып жүр. Оларды өзіңе жақын тұт.
Туған жеріңді ұмытпа. Ол жерге жиі барып тұр. Бір уыс топрағын үйіңде
қастерлеп сақта.
Ата-баба қорымдарына соғып оларға дұға оқуды ұмытпа.
Біл, білме жолдағы қорымдарға дұға оқып, бет сипауды есіңнен шығара
көрме.
Көп адам жиналған жерге сәлемдеспей өтпе.
Ауру адамның көңілін сұрауды ұмытпа. Бірақ кешке, түнде көңіл сұрауға
болмайды. Ауру адамға қайғылы хабарды айтпа.
Лауазымы үлкенге жалпаңдама, лауазымы кішіге кекірейме.
Әр істе де адал бол. Әділ болсаң әлді боласың.
Абай өлеңдерін жатта. Абай өлеңі – білім, ғылым, үлгі, өнеге, тәлім,
тәрбие, адалдық кілті.
Өзіңді кім сыйласа, оны сен де сыйла, құрмет көрсет.
Қаруың – білімің мен тілің, сүйенішің, тірегің – ақылың болсын.
Ерлі-зайыптылар бір-біріне жала жабуға және өте ауыр сөз айтуына
болмайды.
Балаларының алдында ата-аналар өзін әділ, әдепті ұстауға тиіс.
Ұрлық, күш жұмсау, біреудің мүлкін, үйін өртеу, зорлық өте ауыр күнә.
Күнә мен кінә бірдей емес.
Тақыт пен бақыт бірдей емес.
Қызығу мен қызғану бірдей емес.
Сыйластық пен сыбайластық бірдей емес.
Оқу мен тоқу бірдей емес.
Атақты адам болғың келсе, сондай адамдар туралы оқы да тоқы.
Құрметті адам болғың келсе – көптің сөзін сөйле, халық жағында бол.
Бақытты болғың келсе ізгі істерге бойыңды үйрет, жаман әдеттен қаш.
Әр құралды өз орнына пайдаланатын бол. Мысалы күрекпен шеге қақпайды.
Пайдакүнемдік, айлакерлік, қулық жақсылыққа бастамайды.
Азғындаушының азығы – арақ. Одан өзің де, өзгені де сақтандыр.
Өнер адамдарын үлгі тұт.
Ата-анаңа, ұстазыңа, жетекшіңе ажырайып қарама, қатты сөйлеме.
Жұрт алдында әдепсіз сөз сөйлеме, ерсі қимыл жасама.
Жұдырық жұмсау жігітке абырой емес.
Басқа қызға, басқа біреудің келіншегіне көп қарама.
Қыздар-ау, көп сықылықтамаңдар.
Жұрт жұмылып жатқан істен шет қалма.
Көмек сұрағандарға, апатқа ұшырағандарға қол ұшыңды бер.
Отан, халық алдындағы борыштарыңнан бас тартушы болма.
Өзіңе өзің сын көзіңмен қарап жүр.
Құран, намаз оқылып жатқанда сөйлеме, қозғалма, тұрып кетпе.
Жаназа оқылып жатқан жерден айналып кетпе. Адамды жерлеуге бара
жатқандардан озба, жолын кеспе.
Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішті болмауды әрқашан
ойлап жүр.
Көпке қарсы болма. Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас
деген мақал бар.
Төсеккөрпенің тұйығын ірге жаққа қаратып төсейді.
Жас адам көлікке, атқа ең соңынан мінуі керек.
Үйде, дастарханда адамдар жасына қарай үлкендер төрде, жастар төмен
қарай отырады.
Жас адамдар үлкендер алдында, үлкендер жастар алдында өздерін әдепті
ұстағандары жөн.
Біреудің байлығына, дүние-мүлкіне, ақшасына сұқтанба.
Бойыңды да, ойыңды да, арыңды да таза ұста.
Жүзің жарқын, жаның жомарт, мінезің жақсы болсын.
Көп ішінде жаныңдағы адаммен сыбырласып (құпия) сөйлеспе.
Сын сағатта әлсіздік, ұстамсыздық жасаған адамды халық жек көреді.
Қиын сәтте батыр болмасаң да батыл бол.
Халқым барда қарным ашады деп қамықпа.
Миым ашиды дегеннен гөрі жаным ашиды деген жөн.
Жақсы және жақсылық туралы айтуды әдеттен.
Халықтың ақыл-жастан, асыл-тастан деген керемет сөзіне ой жіберіп
қарашы.
Ақ шашты атаны, ақ жаулықты ананы көрсең –ізет көрсет.
Жаман адамға да жақсы көзбен қара.
Аш болсаң да, тоқ болсаң да құдайыңды ұмытпа.
Халыққа, аруаққа шет болма.
Біреудің намысына тимей сөйле.
Біреудің кемшілігі мен істегі мінін көп алдында айтпа.
Жарлы болсаң да жарамсақ болма.
Ер адамға әйел киімі жараспайтыны сияқты әйелдер мен қыздарға ер киімі
де қонымсыз әрі тәңірінің бұйрығында да жоқ нәрсе.
Баланы ойынмен, үлкенді шындықпен жеңесің.
Жазықсыз жәндікті өлтірме, малға зәбір көрсетпе.
Тәрбиеліден – тәлім, ғалымнан – ғибрат, өнерліден – өнеге ал.
Көңіл-күй лебіздері
Алғыс, ризалық сөздері
Алла разы болсын! Рақмет!
Айың оңыңнан тусын! Қатарыңның алды бол!
Айналайын! Құдай қолдасын!
Ақ батамды бердім! Тәңірі жарылқасын!
Бар бол, қалқам! Тілегіңді берсін!
Бағың жансын! Тілегің қабыл болсын!
Бақытты бол! Көсегең көгерсін!
Жұлдызың жансын! Көп жаса!
Жұлдызың жоғары болсын! Нұр жаусын!
Мерейің үстем болсын! Мұратыңа жет!
Екі дүниенің қызығын көр Өркенің өссін!
Алғыс, ризалық адамның жақсылығы, мейірімділігі, игі, ізгі қызметі
үшін айтылады. Ол көбіне ақ батамен ұштасады. Алғыспен ер көгерер, дейді
халық.
Қошемет, қоштау, таңдану сөздері
Айт де!(палуанға) Ой, арыстаным-ай!
Айтқаның келсін! Ой, жолбарысым-ай!
Азамат екен! Әмин!
Аузыңа май! Әп, Бәрекелді!
Анаңнан айналайын! Бәсе, Бәсе!
Тамаша! Жаса, жаса!
Ғажап! Жарайсың, ерім!
Керемет! Жігіт деп осыны айт!
Е, уай пәлі? (ақынға) Уай, дегені! (әншіге)
Ерім, жарадың! Уа, батырым!
Е, солай десейші! Шіркін!
Тусаң, осылай ту! Соқ! Соқ! (палуанға)
Тіл-аузым тасқа! Паһ, Шіркін!
Өркенің өссін! Періштенің құлағына
Қасқыр екен! шалынсын!
Уай, сарбаз! Пай-пай!, т.б.
Бұл қошемет қана емес, жігер, күш-қайрат беретін сөздер болғандықтан,
көтеріңкі дауыспен, лепірген сезіммен айтылады. Мұны айтушылар көтеріліп,
алақан соғып, көңілді, қуанышты жайда отырады.
Сағыныш, айналу-толғану сөздері
Айым! Көз сүйгенім-ай!
Айналайын! Көз көргенім-ай!
Ақ тайлағым! Күнім-ай!
Ақ ботам! Жалғызым-ай!
Ботақаным! Жарығым-ай!
Ботам-ай! Қалқам-ай!
Базарым-ай! Қарағым-ай!
Бауырым-ай! Қоңыр қозым-ай!
Жалғызым-ай! Қуатым-ай!
Жақсы көрудің, сүйіспеншіліктің, туыстықтың, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz