Заң актлерін кодификациялау


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Д. А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ

«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ » КАФЕДРАСЫ

К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: «Заң актлерін кодификациялау»

Орындаған: ЮП-05-СПО-КО

тобының студенті

Байыров Талант

Тексерген : Аға оқытушы

Адилова К. А.

АЛМАТЫ ’ 05

Ж о с п а р

Кіріспе.

Негізігі бөлім.

I-тарау . Кодификациялау ұғымы және түрлері

ІІ-тарау . Кодификациялық актлердің негізгі белгілері

ІІІ-тару . Заң актлерін жүйелеудің ерекшеліктері

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

К і р і с п е

Заңдар басқада нормативтік актлер әр түрлі уақытта түрлі мән жайларға байланысты қабылданады. Соған байланысты олардың арасында қайшылықтар да, келісімсіздік те болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар, әрине, заңдарды пайдаланғанда қиыншылықтар туғызыды, заңдардың тиімділігін төмедетеді. Сондықтан заңдарды жүйелеу - олардың барлық жақсы, тиімді қасиеттерін пайдалану үшін өте қажет тәсіл. Жүйелеу - қолдалынып жүрген заңдарды, барлық нормативтік актлерді тәрьіпке келтіру, құқықтық нормаларды келістірілген жүйеге салу.

Менің осы курстық жұмысмның негізігі зерттеу объектісі болып, сол заң нормаларын жүйелеудің негізгі жолы кодификациялау туралы болып табылады. Негізінде қарапайым тілмен жеткізетін болсақ, кодификациялау дегеніміз сұрыптау деген мағынаны білдіреді деп айтуымызға әбден болады.

Заң актлерін сұрыптау құқықтық нормаларды құқық жасау барысында тәртіпке келтіру. Осы орайда ескірген, бұрын қолданылып жүрген заңдардың, басқа да нормативтік актлердің күші жойылады, құқықтық нормалар қайтадан қаралып, өзара келістірілген біртұтас жүйеге біріктіріледі. Осындай жұмыстың нәтижесінде біртұтас, заң және логика тұрғысынан бір қалыпқа келтірілген, барлық жағынан келістірілген нормативтік акт жасалады.

Курстық жұмыстың құрылымына тоқталатын болсам:кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспе бөлімінде өзімнің тақырыбым туралы, яғни оның актуальдылығын, құрылымын қарастырдым. Негізгі бөлім өзінің мазмұнына сай үш тарауға бөлінді:Бірінші тарауда, заң актлерін кодификациялауға қысқаша тоқталып, оның түрлерін қарастырдым. Екінші тарауда кодификациялық актлердің басты белгілеріне тоқталсам, соңғы тарау заң актлерін жүйелеудің ерекшеліктері туралы болмақ.

І ТАРАУ. Кодификациялау ұғымы және түрлері

Кодификация - бұл қалыпты актілердің мазмұны өзгертіліп, бытыраңкыларды логикалық үйлесімді біртұтас актіге біріктірген жүйелеу формасы. Демек, жиынтық сипаттағы қалыпты-құқықтық акт кодификацияланған деп есептеледі. Ол белгілі бір тақырып бойынша қолданылып жүрген және өз мәнін жоғалтпаған қалыпты нұсқауларды біріктіреді. Кодификациялау процесі кезінде ескірген құқықтық материалдар алынып тасталынады, қалыптардың қарама-қайшылығы, олқылықтары жойылады, жаңадан мінез-құлық ережесі туындайды. Ондағы қалыпты тұжырымдар ішкі біркелкілігімен, тұтастығымен және үйлесімімен сипатталып, әдетте, едәуір көлемді болып келеді (мысалға, Қазақстан Республикасының Азаматтық, Қылмыстық, т. б. кодекстерін қараңыз) .

Кодификациялық актілердің құрылымы күрделі. Оның баптары мол болып, бөліктерге тарауларға бөлінеді. Олардың кейбіреулерінде кіріспе бөлімі бар. Кіріспе әр түрлі тәсілдермен мазмұндалады. Бір жағдайда кіріспеде осы заң актісінің мақсаттары, міндеттері, себептері қысқаша түрде баяндалады. Енді бір жағдайларда кіріспеде кеңейтілген саяси сипаттама, үшінші бір ретте қалыптары мен қағидаларын мәлімдеу түрінде беріледі. Ал, кейбір кодекстерде кіріспе мүлдем болмайды. Кіріспе өзінің мазмұны жағынан қалыпты сипатта болмайды. Сондықтан кодификация - құқықшығармашылықтың оңтайлы тәсілі, жүйелеудің ең қиын түрі.

Сөйтіп, кодификациялық акт - бұл мемлекеттік буынның ең беделді әрі жоғары заң күші бар шешімі. Сондықтан кодификация ең алдымен заң актісін шығарумен аяқталады. Алайда бірқатар жағдайда үкіметтік актінің, сондай-ақ ведомстволар актілерінің де кодификация сипаты бола береді. Кодификациялық актінің ең үлгі нысаны Кодекс болып табылады.

Кодекстер бір сипаты коғамдық қатынастардың белгілі бір саласын егжей-тегжейлі реттеуге мүмкіндік беретін ірі жиынтық акт болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің түрлі шарттық міндеттемелерге жататын көптеген қалыбы тиісті қатынастарды түгелдей реттейді және осы қалыптарды нақтылай түсетін қосымша актілерді қажетсінбейді.

Кодекстер жасау - бір мәселе бойынша қолданылып жүрген актілердің көптігін жою мәселесін шешудің тиімді жолдарының бірі.

Кодификациялық актілер жарғы, қағида, ереже нысанында да қабылданулары мүмкін.

Жарғы - мемлекеттік қызметтің, әлдебір саласын (мысалы, темір жол көлігінің, ішкі су көлігінің, т. б. нүсқасын) реттеуші қалыпты-қүқықтық акт. Белгілі бір органдардың, ұйымдардың және мекемелердің қызметін, олардың құқықтары мен міндеттерін, басқа органдармен, ұйымдармен, мекемелермен және азаматтармен өзара қарым-қатынасының негіздерін ретке келтіреді.

Қағида деп, әдетте, белгілі бір құқық субъектісінің (мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің) мәртебесін не қызметін ұйымдастыру мәселелерінің шоғырын айтарлықтай егжей-тегжейлі реттейтін қалыпты-құқықтық акт болып танылады.

Ереже - қызметтің әлдебір түрін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын қалыпты-құқықтық акт (мысалы, Әділет министрлігі туралы Ереже) .

Кодификациялауды, әдетте, жүйелеу және ең бастысы - заң актілерін жетілдірумен байланыстырады. Сондықтан оның нәтижелері тек өзіне тән ерекше қасиеттермен сипатталатын негізгі әрі мейлінше заң күші бар сұрыпталған акт түрінде керінеді. Бұдан шығатын қорытынды, кодификацияланған актіде айтарлықтай ұзақ уақыт кезеңіне (белгілі бір болашаққа) арналған тұрақты қалыптар болуы тиіс. Сұрыпталған акт әрекетінің тиімділігі көп ретте сол қоғамдық қатынастар дамуының ағымын, оның қозгалысын заң шығарушы қаншалыкты дәл ескертетініне байланысты болады.

Сұрыптаушы акт салыстырмалы алғанда дербес қалыпты нұсқауларды біркелкі түзілген жүйеге келтіре отырып, әдетте, қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттеуді жаңартады. Оның бойында жаңалық сипаты міндетті түрде болады, өйткені сұрыптау кезінде қоғамдық қатынастарды құқыктық реттеудің белгілі бір аясына жаңа бөлшектер енгізіледі, заңдардағы бос кеңістіктің, ақаулардың орны толтырылады. Сұрыптаушы акт жекелей алғанда ірілендірілген (топтастырылған) актіден осылай ерекшеленеді.

ІІ ТАРАУ. Кодификациялық актлердің негізгі белгілері

Кодификациялық актінің басты белгілеріне тоқаталалық. Ол мыналар:

1) әдетте, кодификациялық актіде заңдар институттарын, салаларын қалыпты негіздерін айқындап, қоғамдық өмірдің ең басты мөселелерін реттейтін қалыптары қамтылады;

2) ондай акт қоғамдық қатынастардың ауқымды және кең сфераларын (мүліктік, еңбек, неке жөне отбасы қатынастарын, қылмыскерлермен күресу, т. б. ) реттейді;

3) зандарды жетілдіру түйіні бола отырып, ол - бір-бірімен қабысқан тұжырымдардың ықшамдалған жиынтық актісін білдіреді; ол жиі айтарлықтай тұрақты коғамдық қатынастардың бірыңғай кағидаттары негізінде реттелген, өмір төжірибесінде пісіп-жетілдірілген тұтас қүқықтық құжат;

4) кодификациялық актілердің өте тұрақтылық, өзгеріске ұшырамайтын, ұзақ кезеңдерге есептелінген құқық қалыптарының берік құрылымын қамтамасыз етеді. Кодификациялық актінің тиімділігі заңгерлердің қоғамдық қатынастардың даму объективтік тенденциясын, оның реттегіш динамикасын есепке алуларынан байқалынады;

5) кодификацияның мәні, әдетте, зандар жүйесінің салаларға, институттарға бөлінуіне қарай анықталынады. Кодификация құқықтық қалыптық актілердің жүйесін, олардын заңдық бірлігін және үйлесімділігін нығайтады. Сөйтіп, кодификациялық акті баска қалыпты актілерден жоғары тұрады және олардың жүйесін басқарады;

6) ол сонымен катар, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге белгілі бір, кейде айтарлықтай елеулі өзгерісер және тек, ерекше ережелер де енгізеді, қолданылып жүрген заңдардың сапалы өңделген қорытындысына айналады;

7) кодификациялық акті өзінің көлемі жағынан өте маңызды, күрделі құрылымдардан тұрады, оның ішкі құрылымы белгілі бір жүйеге сай келеді.

Әдетте, заң әдебиеттерінде және практикада кодификацияның бірнеше түрін ажыратады. Оның біріншісі - жалпылама кодификация - заңдардың барлық салалары бойынша кодификациялык актілердің блоктарын қабылдау, сөйтіп, ішкі жүйелілігі жағынан ірілендірілген актінің «кодекстердің кодексі» деп аталатын біріктіріліп, ықшамдалған түрін туғызу. Келесі түрі - салалық кодификация -зандардың белгілі бір салаларын (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік кодекстер жөне т. б. ) қамтиды. Ақыры, арнайы (мамандандырылған) кодификация - белгілі бір құқықтық институттарды реттейтін актілерді шығару (салықтық, орман, кеден кодекстері және с. с. ) және кешендік кодификация - кешенді қүқық салаларын не әр түрлі құқық салаларының нормаларын біріктіру, әрине, біртектес қатынастарды реттейтін ірі сфераларды қамтиды.

Инкорпорация - қалыпты актілердің белгілі бір жүйе бойынша заң шығарушының баспа бетінде жариялаған мәліметтері. Заңдарды ретке келтіру төжірибесінде олардың түрлері көп өрі түрлі сыныптық негіздерге бөлінеді. Зандарды инкорпорациялау материалдардың орналасу реті; қалыпты матери-алдарды іріктеу мен өндеудің күрделілік дәрежесі бойынша түрлі нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін.

Қалыпты материалдарды қамту көлемі жөнінен инкорпорация жалпылама және жекеленген болып бөлінеді.

Жалпылама инкорпорация деп мәні мен зандық күші бойынша біртекті қалыпты - құқықтық актілерді ретке келтіруді айтамыз.

ІІІ ТАРАУ. Заң актлерін жүйелеудің ерекшеліктері

Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу - ықшамдау, ретке келтіру, оны бірыңғай ішкі үйлесімді жүйеге түсіру дегенді білдіреді. Бұл орайда жүйелеу кезінде қолданылып жүрген калыптарды ретке келтіру (күші жойылған жекелеген баптарды, тармақтарды, тармақшаларды, абзацтарды мәтіннен алып тастау және керісінше, оған кейінгі барлық өзгерісті, толықтыруды, осындай өзгерістер немесе толықтырулар енгізген актілер деректерін көрсете отырып енгізу; актіден қалыптық нұсқаулар жоқ бөліктерді алып тастау, мәтінінде мұндай бөліктердің болмау себептері туралы белгілер жасау; қалыпты актіге қол қойған адамдар туралы мөліметтерді алып тастау, қолданылып жүрген актілерді зандардың салалары бойынша болу ғана емес, заңдарды жаңарту (түрлі қодекстер, ережелер, жарғылар жөне т. б. жасау) . Заңдарды жүйелеуді реттестіру, яғни заңдарды белгілі бір ретке келтіруге, қалыпты актілердің мазмұнын өзгертпей жиынтықтар мен жинақтар шығаруға және қолданылып жүрген құқық қалыбын белгілі бір мәселе бойынша тиісінше қайта қараумен байланысты калыпты материалды тәртіптеуге, яғни кодификацияға бөлу заң әдебиетінде кеңінен мәлім әрі сырт кейпінде де қолданылып жүрген қалыпты реттеуді жинақтастырушы, сондай-ақ белгілі бір өзгерістерді, яғни өзгерістер енгізілген қағидатты сипаттағы жаңа қалыпты актілерді басып шығаруды біллдіреді.

Заң актілерін жүйелеу құқықтық реттеуді одан әрі дамыту және жетілдіру, қоғамдық өмірдің қозғалысын, өзекті қажеттіліктерін оңтайлы да тиімді бейнелеу үшін керек. Қалыпты құқыктық актілерді іздеудің оңайлылығына, олармен халықтың қалың бұқарасының, қоғамдық белсенділердің таныс болуына қол жеткізуде, жұртшылықтың құқықтық санасын өрістетуде, азаматтардың өз конституциялық құқықтарын пайдалануын және заңдық міндеттерін тиісінше орындауын, мемлекеттік аппараттың қызметін ойдағыдай қамтамасыз етуде, сондай-ақ қалыпты құқықтық актілерді есепке алу үшін жүйелеудің маңызы зор. Сөйтіп, қалыпты құқықтық актілерді жүйелеу демократияны дамыту мен жетілдіруге, зандылықты, мемлекеттік және қоғамдық өмірді нығайтуға ықпал етеді.

Қазіргі құқық тәжірибесінде қалыпты құқықтық актілерді жүйелеудің төрт тәсілі қолданылады:

  • Заңдар мен өзге де актілердің түрлі ыңғайдағы жиынтықтарын, жинақтарын әзірлеу мен басып шығару (инкорпорация) . Инкорпорация - қалыпты актілердің белгілі бір жүйе бойынша заң, шығарушының баспа бетінде жариялаған мөліметтері. Заңдарды ретке келтіру тәжірибесінде олардың түрлері көп әрі түрлі сыныптық негіздерге бөлінеді. Заңдарды инкорпорациялау материалдардың орналасу реті; қалыпты материалдарды іріктеу мен өңдеудің күрделілік дәрежесі бойынша түрлі нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін. Қалыпты материаддарды қамту көлемі жөнінен инкорпорация жалпылама және жекеленген болып бөлінеді. Жалпылама инкорпорация деп мәні мен заңдық күші бойынша біртекті қалыпты - құқықтық актілерді ретсе келтіруді айтамыз. Әдебиетте кездесетін инкорпорация ұғымын қорыта келе оның мынадай аса маңызды белгілерін тұжырымдауға болады:жүйелеу түрлерінің бірі ретінде инкорпорацияның белгісі - қалыпты құқықтық актілерді тәртіпке келтіру болып табылады; инкорпорация дегеніміз - қалыпты қүқықтық актілерді әлдебір жүйе бойынша заң шығарушының жариялаған мәліметтері; мұндай актілердің мазмұнындағы өзгерістердің көрсетілмеуі; актілерге сыртқы редакциялық-техникалық өңдеу жүргізу: барлық соңғы шыққан актілерге өзгерістерді енгізу, лауазымды адамдардың қойған қолдарын алып тастау, күші жойылған деп танылған калыпты емес, уақытша бөліктерді алып тастау және т. б.

Заңдарды инкорпорациялаудың ең қарапайым мысалы - қолданылып жүрген акт мәтініне барлық кейінгі ресми өзгерістерін енгізіп, оны жаңа өзгертілген нұсқасында жариялау болып табылады.

Егер акт жаңа нұсқасында ресми басылымдарда жарияланатын болса, онда бұл әдіс қалыпты актілерді қайта жариялау деп аталады.

Белгілі бір ірі қалыпты құжаттарды немесе бүкіл заңдарды тұтастай өңдеп инкорпорациялау әлдеқайда терең әрі құқық қолдану төжірибесінде мейлінше тиімді болып табылады. Мүндай инкорпорациялау қызметінің нәтижесінде са-лалық, ведомстволық немесе өзге де қағидат бойынша заңдардың, басқа қалыпты құқыктық актілердің түрлі жинақтары мен жиынтықтары жасалады.

Сөйтіп, қалыпты құқықтық актіні жинаққа, жиынтыққа кіргізбес бүрын оны өңдеп алу кажет:

  • күші жойылған жекелеген баптарды, тармақтарды, тармақшаларды, абзацтарды мәтіннен алып тастау керек және керісінше, кейінгі барлық өзгерістерді, толықтыруларды енгізген актілердің дерегін көрсете отырып, қосу қажет; актіден қалыпты нұсқаулары жоқ бөліктерін алып тастап, мәтінде осы бөліктердің алыну себептері туралы ескертпе жасау кереқ; қалыпты актіге қол қойған адамдар туралы мөліметтер алынып қалады.

Қалыпты-құқықтық актілерді былайша сырттай өңдеу олардың қалыптық мазмұнын қозғамайды. Құқық қалыптары ешқандай өзгертілмей, осы жүйелеу кезінде қандай күйде қолданыста болса, сол қалпында инкорпорацияланады. Бұл ретте қалыпты-құқықтық актілердің деректері, тармақтарының нөмірлері, абзацтары және т. б. толық сақталады.

Оның нақ осы белгісі - актінің қалыптық мазмұнының өзгермей сақталуы - жүйелеудің әлдеқайда жетілген түрі ретінде инкорпорацияның консолидациядан (топтастырудан), кодификациядан (сұрыптаудан) және актілерді есепке алудан негізгі ерекшелігін білдіреді.

Заңдардың инкорпорациялануын сипаттаған кезде, әдетте, оның жалпы және жеке (материалдық көлемі бойынша) ; хронологиялық (тізбектік) жөне жүйелік (жүйелеу тәсілі бойынша) ; республикалық және ведомстволық (пән бойынша) ресми, жартылай ресми (официозный) және бейресми (заңдык табиғаты бойынша) болып бөлінеді.

  • Заңдарды жүйелеудің екінші түрі -кодификациялау(сұрыптау), өзінің кең ұғымында зандарды жетілдірудің және тәртіпке келтірудің үлгілі әрі мейлінше тиімді нысанын білдіреді. Ол қоғамдық қатынастардың айтарлықтай ауқымды саласын реттеуші жөне әдетте, қүқықтың белгілі бір саласын, қосалқы саласын, жеке қүқық тұтқасын құрайтын қолданыстағы күллі қалыпты материалды терең де жан-жақты талдау және қайта қарау негізінде жүзеге асырылады. Жүргізілген талдау нәтижесіне сүйене отырып, заң шығарушы ғылыми өлшемдердің негізінде қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігіне қарай болашақ сұрыптаушы актінің тақырыбын айқындайды, уақыт тезінен өтіп, өзінің мәнін сақтап қалған қолданыстағы қалыптық нұсқауларды таңдап алады, сөйтіп, оларды сұрыптаушы актінін жобасына енгізеді, ескірген қалыптық ережелер мен әлдебір түзетулерді қажет ететін ережелерді анықтайды, қоғамдық өмірдің дамуындағы ағымдарды бейнелейтін жаңа нұсқауларды әзірлейді. Сонымен, дамыған құқықтық жүйеде сұрыптаушы акт, әдетте, тиісті мәселе бойынша барлық негізгі ережелерді өз бойына табиғи жинақтаған, оларды белгілі тәртіпке жүйелеген жиынтық акт болып табылады. Ол сонымен қатар, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге белгілі бір, кейде айтарлықтай елеулі өзгерістер және тың, ерекше ережелер де енгізеді, қолданылып жүрген зандардың сапалы өңделген қорытпасына айналады. Сұрыптаушы актіні тиісті заң шығарушы орган бекітеді және бұл түрғыда сұрыптау құқықты туындатудың негізгі нысандарының бірі болып табылады.

Сұрыптаушылық қызмет барысында жаңа құжатты бекітумен қатар, әдетте, сұрыпталған актіні қабылдаумен байланысты бұрын қолданылып келген қалыпты актілер жөне олардың іс жүзінде күші жойылмаған бөліктері күшін жоюға ұсынылады. Сондай-ақ егер жаңа сұрыпталған актінің қабылдануына орай белгілі бір түзетулер жасау қажеттігі туындаса, қолданылып жүрген актілерге енгізілетін өзгерістер әзірленеді. Сөйтіп, заңдарды ескірген, уақыт талабынан қалған, тиімділігі аз актілерден тазарту мәселесі шешіледі.

Құқықтық реттеуде тұжырымдаушы бола отырып, сұрыптау сонымен қатар қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу тәжірибесінде қоғамның соңғы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатын да көздейді. Басқаша айтқанда, сұрыптау - белгілі бір қолданылып жүрген калыптарды бекіту және оларды жүйелеу ғана емес, сонымен қатар жаңа құқықтық нұсқауларды әзірлеу, зандардың мәтіндерін жетілдіру болып табылады. Сұрыптаудың нақ осы қасиеті оны құқықшығармашылық қызметтің мейлінше жетілген түрлерінің бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының құқық шығарушы органдары қабылдайтын сұрыпталған актілер қолданылып жүрген зандардың негізін құрайды, бірақ ағымдық көлемі бойынша шағын зандардың және өзге де қалыпты құқықтық актілердің кең шеңберін қабылдауға тосқауыл болмайды.

Заңдарды ретке келтірудің жоғарғы нысаны, оны жаппай сұрыптау болып табылады, тиісті мемлекет өкіметі жоғарғы органның (не өкімет пен басқарудың) барлық жаңартылған және белгілі бір ғылыми негізделген жүйе бойынша түзілген қалыпты нұсқауларын қамтыған сұрыптау жүргізу негізінде заңдардың барлық саласында бірыңғай кең ауқымды акт (оны көбіне «кодекстердің кодексі» немесе «кодекстер жиынтығы» деп те атайды) жасалады. Республика заңдары дамуының кдзіргі кезеңінде сұрыптаудың мұндай нысанына өзірге қол жете қоймас, бірақ оны келешекте ескеру қажет, сонда заңдардың барлық саласында өңделген, жаңартылған әрі осы заманғы бүкіл талапқа сай келетін сүрыпталған актілеріміз болады. Осы орайда құқықшығармашылығы барысында, мемлекетгік буындардың құқық қолдану қызметінде жөне қолданылып жүрген қалыптарды нақты құқықтық қатынастарда іске асыруда қалыпты құқықтық актілерді жүйелеудің күллі ұтымды тәсілін пайдалану өзекті мәселе болып қала береді.

  • Жүйелеудің үшінші түрі - консолидация (топтастыру), яғни қалыпты актілердің көптігін бір ірілендірілген актіге біріктіру. Жаңа іріленген акт оған енген қалыпты актілерді ауыстырады, өйткені, құқық шығарушы орган оны жаңадан қабылдап отыр және өзінің ресми деректері: атауы, қабылданған күні, нөмірі әрі лауазымды адамның қолы бар. Былайша айтқанда, топтастыру мемлекеттік органдардың құқық шығару қызметінің бір түрін білдіреді.

Соған қарамастан, бүл құқық шығарудың өзгеше тәсілі. Оның басты ерекшелігі - топтастыру кезінде қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің мазмұны өзгермейді. Бұрын қабылданған актілердің қалыпты нұсқаулары жаңа актіге өзгеріссіз біріктіріледі. Олар ең әрі кеткенде редакциялық жөндеуге түседі: қарама-қайшылықтары, қайталанулар, үздік создықтығы жойылады, мазмұны ұқсас қалыпты нұсқаулар және т. б. бір тармаққа жинақталады.

Топтастыру шаруашылықты басқару, салық салу, әкімшілік жауапкершілік мәселелері бойынша қалыпты актілерді тәртіпке келтіру мақсатында, бір сөзбен айтқанда, ондаған, жүздеген шашыраңқы қалыпты нұсқауларды олардың мазмұнын өзгертпей біріктіруге болатын жердің бәрінде құқық шығару қызметінде пайдаланады.

  • Жүйелеудің төртінші түрі - қалыпты құқықтық актілерді есепке алу, яғни оларды жинау, сақтау жөне бақылау жағдайында ұстау, сондай-ақ есепке алынған құжаттар арасынан қажетті құқықтық ақпаратты табуды қамтамасыз ететін іздеу жүйесін жасауды білдіреді.

Есепке алудың негізгі міндеті құқықтық ақпараттарды жинау және қажеттісін жедел іздеп табуға мүмкіндік беретін күйде үстап тұру болып табылады. Есепке алуға болатын актілерді жинау түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Олардың едәуір бөлігін қалыпты құқықтық актілерді ресми жариялайтын жинақтардан алуға болады.

Есепке алынған қалыпты актілер жиыны ақпарат қорын құрайды, қалыпты актілер онда белгілі бір тәртіпте сақталады. Бірнеше жүздеген немесе мыңдаған актіден тұратын қор, әдетте, заң шығарушылық буындар бойынша бөлімдерге бөлінеді. Актілер бөлімдер ішінде мерзімдік ретпен орналасады. Картотека бірыңғай сыныптау негізінде жүргізіледі. Заңдар салалары бойынша сыныптау бөлімдеріне, бөлімдер бөлімшелерге, ал кейінгісі қажетіне карай жекелеген тармақтарға бөлінген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ
Әкімшілік заңдардағы кодификациялау институты
“ЗАҢДАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ”
ҚР салық қызметін ұйымдастыру
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
Азаматтық құқықтың принциптері
Президенттің нормативті жарлығы
Заңға бағынышты нормативтік актілер
Салықтардың түсінігі және экономикалық мәні
Қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz