Қазақ-Қытай тілдеріндегі еліктеу сөздерді салғастыра зерттеу
Кіріспе
I. Тарау. Қазақ.қытай тілдеріндегі еліктеу сөздердің мағыналық. құрылымдық ерекшеліктері
1.1. Еліктеу сөздердің зерттелу тарихы жөнінде қысқаша шолу
1.2. Еліктеу сөздердің мағыналық сипаты мен қалыптасу жолдары
II. Тарау. Қазақ.қытай тілдеріндегі еліктеу сөздердің синтаксистік сипаты
2.1. Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қолданылу ерекшеліктері
2.2. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Еліктеу сөздер қытай-қазақ тілдерінің қай-қайсысында да өзіндік дара сипаты бар, ерекше, оқшау сөз табы ретінде қаралады. Оған еліктеу сөздердің басқа сөз таптарына ұқсамайтын қалыптасу жолдары, мағыналық-құрылымдық ерекшеліктері, сөйлем құрамындағы орны мен рөлі, қолданылу икемділігі т.б. жақтары себеп болған. Диплом жұмысында екі тілдегі еліктеу сөздердің жоғарыда аталған өзіндік ерекшеліктерін салғастыра отырып, олардағы ортақтықтарды тауып, өзгешеліктерді айқындауға баса мән берілді. Мүлде ұқсамайтын екі жүйеге тән тілдер бола тұрса да, олардағы еліктеу сөздердің пайда болуы мен қолданылу жақтарындағы өзгешеліктердің болуына қарамастан, көптеген ортақтықтардың да барлығын байқауға болады. Сондықтан, жұмыста екі тілдегі еліктеу сөздерді салғастыра қарастыруды негізгі мақсат еттік.
1.张志公《汉语语法常识》新知识出版社1956年版。
2.《语法和语法教学》人民教育出版社,1957,第20页。
3.丁声树等著《现代汉语语法讲话》商务印书馆1961年版。
4.张静主编《现代汉语》上海教育出版社1979年版。
5. 黄伯荣、廖序东主编《现代汉语》下册,高等教育出版社1997年版,第21页。
6.卢福波著《对外汉语教学实用语法》,北京语言文化大学出版社1996年版,第63页。
7.李嘉耀,李熙宗著《实用语法修辞教程》,复旦大学出版社2000年版。
8.邵敬敏主编《现代汉语通论》上海教育出版社2001年版
9.李大魁主编《现代汉语》,中国人事出版社2000年版。
10. 李祥瑞等编《基础汉语》(哈文版),伊犁人民出版社1999
年版。
11. 胡裕树主编《现代汉语》,上海教育出版社1979年版。
12. 张静《汉语语法问题》,中国社会科学出版社1987年版。
13. 陈燕燕 编著《汉哈对比语法》,新疆教育出版社1990年版。
14.史锡尧、杨庆蕙主编《现代汉语》北京师范大学出版社 1986年,北京。
15. 倪宝元、张宗正著《使用汉语语法》,福建人民出版社1985年版。
16.王松茂主编《汉语语法研究参考资料》,中国社会科学出版社1983年版。
17. 耿世民 著《现代哈萨克语语法》,中央民族学院出版社1989年版。
18.А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991. 344-350 бб.
19.Қазақ тілінің грамматикасы. 1-том, морфология, Алматы, 1967. 253-257 бб.
20.Ш. Ш. Сарыбаев. Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер. Алматы, 1960.
21.Ш. Ш. Сарыбаев. Еліктеуіш сөздер. Алматы, 1982. Методикалық кеңес және бақылау пысықтау жаттығулары.
22.Б. Ш. Кәтембаев. Еліктеу сөздерді оқыту. Алматы, 1974.

әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Сағымбаев Ерлан
ҚАЗАҚ-ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕРДІ САЛҒАСТЫРА ЗЕРТТЕУ
(Диплом жұмысы)
Ғылыми жетекші:
Алматы-2007
Мазмұны
Кіріспе
I. Тарау. Қазақ-қытай тілдеріндегі еліктеу сөздердің мағыналық- құрылымдық
ерекшеліктері
1.1. Еліктеу сөздердің зерттелу тарихы жөнінде қысқаша шолу
1.2. Еліктеу сөздердің мағыналық сипаты мен қалыптасу жолдары
II. Тарау. Қазақ-қытай тілдеріндегі еліктеу сөздердің синтаксистік сипаты
2.1. Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қолданылу ерекшеліктері
2.2. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі
Кіріспе
Еліктеу сөздер қытай-қазақ тілдерінің қай-қайсысында да өзіндік дара
сипаты бар, ерекше, оқшау сөз табы ретінде қаралады. Оған еліктеу сөздердің
басқа сөз таптарына ұқсамайтын қалыптасу жолдары, мағыналық-құрылымдық
ерекшеліктері, сөйлем құрамындағы орны мен рөлі, қолданылу икемділігі т.б.
жақтары себеп болған. Диплом жұмысында екі тілдегі еліктеу сөздердің
жоғарыда аталған өзіндік ерекшеліктерін салғастыра отырып, олардағы
ортақтықтарды тауып, өзгешеліктерді айқындауға баса мән берілді. Мүлде
ұқсамайтын екі жүйеге тән тілдер бола тұрса да, олардағы еліктеу сөздердің
пайда болуы мен қолданылу жақтарындағы өзгешеліктердің болуына қарамастан,
көптеген ортақтықтардың да барлығын байқауға болады. Сондықтан, жұмыста екі
тілдегі еліктеу сөздерді салғастыра қарастыруды негізгі мақсат еттік.
Тақырыптың өзектілігі
Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздер әр екі тілде өз алдына жеке
зерттеліп келсе де, қазірге дейін оларды арнаулы салғастыра зерттеген
ғылыми еңбек жоқ. Сондықтан бұл тақырып көлемінде салғастыра зерттеу
жүргізу қазақ-қытай тіл білімі үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселе.
Екіншіден, еліктеу сөздерді жан-жақты зерттеу практикалық қытай тілі пәнін
оқыту процессінде студенттердің еліктеу сөздердің ерекшеліктерімен толық
танысуы, жан-жақты түсінік қалыптастыруы үшін қажет. Үшіншіден, біз диплом
жұмысын жазу барысында еліктеу сөздер жөніндегі қытай тіл мамандарының
көптеген зерттеу еңбектерін пайдаланып, оларды жүйелеп, негізгі
көзғарастарды іріктеп алып, олардың ортақ және өзгеше жақтарын саралап
көрсетуге күш салдық. Бұл ғылыми еңбектер мен көзғарастар бұдан кейінгі
еліктеу сөздерді зерттеушілер мен еліктеу сөздер жөнінде жазылатын оқу
құралдарына пайдалануға болатын құнды материал деп білеміз.
Жұмыстың зерттеу нысаны
Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздер, олардың зерттелуі, лексика-
грамматикалық ерекшеліктері.
Зерттеу әдісі
Жұмыста салғастырмалы зерттеу тәсілі қолданылды.
Жұмыстың мақсаты
Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздер жөніндегі бұрын-соңды жарық
көрген ғылыми еңбектерді басшылыққа ала отырып, екі тілдегі еліктеу
сөздердің ортақтықтары мен айырмашылықтарын айқындау, қазақ тілімен
салғастыра отырып қытай тіліндегі еліктеу сөздердің өзіндік сипатын,
әсіресе, еліктеу сөздердің қолданылу ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсету.
Сөйтіп, қытай тіліндегі еліктеу сөздерді оқытуда кездесетін қиын түйіндерді
теориялық тұрғыдан да практикалық жағынан да талдап түсіндіру болып
табылады..
Жұмыстың негізгі міндеті
Зерттеу мақсаттарына сай, қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздердің
лексика-семантикалық сипатын, жеке сөз табы болуындағы негізгі
грамматикалық белгілерін айқындау, еліктеу сөздердің морфологиялық құрамын,
жасалу жолдарын, қолданылу ерекшеліктерін көрсету.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
Қытай тілін оқыту практикасында студенттердің қытай тіліндегі
еліктеу сөздерді үйрену, игеру барысында кездесетін қиыншылықтар ескеріле
отырып, еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты, әсіресе, қолданылу
ерекшеліктері, сөйлемдегі басқа сөздермен байланысы, синтаксистік қызметі,
фонетикалық ерекшеліктері, морфологиялқ құрамы нақты мысалдар арқылы жан-
жақты көрсетілді. Екі тілдегі еліктеу сөздердің өзіндік ерекшеліктері
салғастырыла отырып, олардың ортақ және өзгеше жақтары сараланды. Қытай
тіліндегі үнемі қолданылатын еліктеу сөздер іріктеліп алынып, әр қайсысы
жеке-жеке мысалдармен түсіндірілді.
Жұмыстың теориялық мәнділігі
Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздердің зерттелуі, лексика
грамматикалқ ерекшеліктері, қолданылуы, синтаксистік қызметі т.б. туралы
байымдаулар мен талдаулар алдағы уақытта қытай тіліндегі еліктеу сөздерді
зерттеуге қызығатын студенттер мен магистранттардың зерттеу жұмыстарына
теориялық жақтан пайдалануына негіз болады деп ойлаймыз.
Жұмыстың практикалық мәнділігі
Жұмыста келтірілген қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздерге қатысты
көнтеген нақты мысалдар мен оған қатысты талдау, сипаттаулар студенттердің
практикалық қытай тілін оқу барысында кездесетін еліктеу сөздерге
байланысты қиын түйіндерді түсінуіне көмектеседі деп ойлаймыз.
Тілдік материадардың сипаттамасы
Жұмыста еліктеу сөздер жөнінде қазақ-қытай тіл мамандары жағынан
жазылған арнаулы зерттеу еңбектері, сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы
қытай филологиясымен шұғылданатын оқушылар мен оқытушыларға арналғн оқу
құралдары негізгі материал ретінде пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы
Жұмыс кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңынан
пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

Еліктеу сөздер алуан түрлі дыбыстарға тіл дыбыстары арқылы еліктеуден
пайда болған сөздер. Дүниеде дыбыс түрі сан алуан және өте күрделі. Ал тіл
дыбыстары болса шекті. Адамзат шекті тіл дыбыстары арқылы шексіз дыбыстарды
шығара алатын болса да, әлемдегі сонша көп, күрделі дыбыстарды өз қалпында
айнытпай, дәл бейнелей алмас еді. Сондықтан, тілдегі еліктеу сөздері аты
айтып тұрғандай тілдік дыбыс тұрғысынан басқа дыбыстарға еліктеу, жақынырақ
бейнелеу ғана. Мұндай еліктеп бейнелеу кейде дәл түссе де, кейде бастапқы
дыбысқа жақынырақ келумен ғана шектеліп отырады. Бұл бір, мәселенің екінші
жағы әр тілдің дыбыс жүйесі бір келкі емес және табиғат дүниесіндегі
дыбыстарды қабылдау, сондай-ақ оны сол тілдің дыбыс жүйесі бойынша бейнелеу
барысы да бірдей емес. Сол себепті, ұқсас бір дыбыс әр тілде әр басқа
бейнеленеді. Мысалы, қазақша “Есік тарс етіп жабылды” “Шар тарс етіп
жарылып кетті” деген сөйлемдердегі “тарс” сөзі қытайша “门关上了”,
“乓的一声气球踩破了” 乓(pang) деген дыбыспен бейнеленеді. Мұндағы “тарс”
пен 乓(pang) екі тілде екі түрлі ұқсамаған дыбыс болғанымен, олар арқылы
білдіріліп отырған ісжүзіндегі дыбыс біреу ғана, яғни, есіктің қатты
жабылуынан немесе шардың жарылуынан шыққан дыбыс. Демек дыбыстық еліктеудің
өзі де әр ұлттың тіл дыбыстарымен ғана емес, сол ұлттың ұлттық болмысымен,
дүние танымымен және ойлау дағдысымен де тіке қатысты деуге толық негіз
бар.
Қытай тілінде де қазақ тіліндегідей еліктеу сөздері дербес сөз табы
ретінде, тіпті, негізгі сөз табы ретінде қарастырылады. Оған біріншіден,
еліктеу сөздердің басқа бір дыбыстың еліктеу жолымен жасалған көшірінді
дыбысы бола тұрса да, өзіндік лексикалық мағынаға ие болады деп қаралуы
болса, екіншіден, сөйлем ішінде өз алдына жеке сөйлем мүшесі бола
алатындығы. Үшіншіден, еліктеуіш сөздер мейлі бір дыбыстан немесе одан да
көп дыбыстан құралсын, бәрі бір мәлім бір мағынаны білдіре алатын тілдік
дыбыс формасына ие сөз болып есептелетіндігі. Міне осы ерекшеліктер
еліктеуіш сөздерді қытай тілінің негізгі сөз таптарының қатарына қосуға
негіз болған.
Еліктеуіш сөздер қытай тілінде өткен ғасырдың 60-жылдарынан бері қарай
сөз таптарының бірі ретінде қытай тілі грамматикасына арналған ғылыми
еңбектерге енгізіліп біршама жүйелі зерттеліп келеді. Оған дейін қытай
тіліндегі сөздерді алғаш таптастырған Ма Жяньжұң болды. Оның 1898 жылы
шыққан “马氏文通” атты еңбегінде қытай тіліндегі негізгі сөздерді беске,
көмекші сөздерді тоғыз түрге бөліп көрсеткен. Еліктеуіш сөздер арнаулы сөз
табы ретінде көрсетілмегенімен, одағай сөздер көмекші сөз табы ретінде
көрсетіліп, еліктеуіш сөздер одағайлардың қатарына жатқызылған. 1924 жылы
шыққан Ли Жин щи-дің “新著国语文法” кітабында сөз таптары тоғыз түрге
бөлініп, еліктеуіш сөздер одағайлар ретінде қарастырылған. Лүй Шушяң-ның
“中国文法要略” (1942 ж.) еңбегінде еліктеуіш сөздер жеке дара қолданылатын
шылау сөздерге жатады деп көрсетілген. Қытай тілінің сөз таптарының
қатарына сан есімдерді алғаш қосқан ғалым УаңЛи-дің “中国语法纲要” (1946
ж.) кітабында еліктеуіш сөздер де, одағайлар да жеке сөз табы ретінде
қарастырылмаған. ГауМиңкай да одағайларды көмекші сөздер дей отырып,
еліктеу сөздерін одағайлармен бірге қарастырған. 1962 жылы ғана Диң Шыңшу
өзінің “现代汉语语法讲话” атты еңбегінде еліктеу сөздерін қытай
тіліндегі 10 сөз табының бірі ретінде алғаш рет жеке сөз табы деп көрсетті.
Содан бері еліктеу сөздер қытай тілінде жеке сөз табы ретінде қаралып
келеді. Еліктеуіш сөздер содан бері Хуаң Борұң, Ло Анюань, Сұн Дыжин,
ШауЖиңмин қатарлы белгілі ғалымдардың еңбектерінде біршама жүйелі
зерттелді. ШауЖиңмин қатарлы ғалымдар жазған “қытай тілінің
грамматикасында” (2001 ж.) қытай тіліндегі одағайлар мен еліктеу сөздері
негізгі сөздер қатарына кіргізіліп, оларды негізгі сөздердің ішіндегі
дыбыстық сөздер қатарына жатқызған. “ Дыбыстық сөздер” дегенде одағайлар
да, еліктеу сөздерді де дыбысқа қатысты пайда болады деп қаралады.. Қытай
тілінде бұл екі сөз табының ортақтығы ретінде де олардың дыбысқа қатысты
пайда болу ерекшелігі аталады. Соған байланысты қытай тілінде еліктеу
сөздерін қазақ тіліндегідей дыбыстық еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш
сөздер деп бөлу дағдысы жоқ, еліктеуіш сөздер ұғымы тек дыбыстық жолмен
еліктеу арқылы пайда болған сөздерге қаратылады. Қытай тіліндегі еліктеуіш
сөздерді негізгі сөздерге де, көмекші сөздерге де жатпайтын өзіндік
ерекшелікке ие сөз табы деп қарайтындар да бар. Сұн Дыжин “ Қазіргі қытай
тілінің грамматикасы” еңбегінде “Еліктеуіш сөздер қытай тіліндегі негізгі
сөздерге де, көмекші сөздерге де жатпайтын ерекше сөз табы” деген пікірін
білдіреді. Олай деуге қытай тіліндегі еліктеуіш сөздердің сөйлем ішінде
мәлім синтаксистік тіркес шарты жағдайында ғана сөйлем мүшесі бола
алатындығы себеп болса керек. Қорыта айтқанда, қытай тілінде өткен ғасырдың
60 жылдарынан кейін ғана еліктеуіш сөздер жеке сөз табы ретінде қарастырыла
басталды және қытай тілінде қазақ тіліндегідей еліктеуіш сөздердің
бейнелеуіш түрі жоқ, яғни, бейнелеуіш сөздер еліктеуіш сөздер қатарында
қаралмайды. Енді бір жағынан еліктеуіш сөздердің тарихында, олар бастапта
одағайлар ретінде қарастырылса, кейінтін одағайлардан бөліп жеке сөз табы
ретінде қаралды. Қытай тіліндегі еліктеуіш сөз деген атаудың (象声词) өзі
де тіке аударғанда “дыбысқа еліктеу сөзі” болып шығады. Сөйтіп, қытай
тілінде еліктеуіштер де одағайлар да дыбыс негізінде пайда болады деп
есептелінеді.
Қазақ тіл білімінде еліктеу сөздерді бірінші рет жеке сөз табы ретінде
тану керек деген ғалым А. Ысқақов. Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздердің
өзіндік белгілері жөнінде профессор А. Ысқақов бірнеше еңбек жазған. Ғалым
Ш. Сарыбаев та Ысқақовтың пікірлерін қолдай отырып қазақ тіліндегі
еліктеуіш сөздер жөнінде өзіндік тың ойлар айтады. Аталған ғалымдардың
еліктеуіш сөздер жөніндегі пікірлерінде үлкен алшақтық болмаса да, еліктеу
сөздердің терминдік атауында және әрбір әрбір құбылыс-бейнелерді баяндауда
аздаған өзгешеліктер барлығы байқалады. А. Ысқақов қазақ тіліндегі
мимемаларды еліктеу сөздер дей келе, оларды семантикалық жағынан еліктеуіш
сөздер және бейнелеуіш сөздер деп үлкен екі топқа бөледі. Ал Ш. Сарыбаев
мимемаларды еліктеуіш сөздер деп жалпы атап алады да, оларды дыбыстық
еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер деп бөледі. Еліктеуіш сөздер
тілімізде тарихи бар, бұрыннан қалыптасқан, әдеби көркем шығарма тілінде
жиі қолданылады. Бірақ, ертеректе шыққан мектеп оқулықтарында өкінішке
орай, еліктеу сөздер одағайлар қатарында қарастырылып келді. Кейінтін
еліктеу сөздерінің өзіндік грамматикалық белгілері айқындалып, тіл
мамандары жағынан мойындалғаннан соң, оқулықтар мен грамматикалық ғылыми
еңбектерге қазақ тіліндегі тоғызыншы сөз табы болып енді. Қытай- қазақ
тілдеріндегі еліктеу сөздердің зерттелу тарихына ортақ бір жағдай олардың
екі тілде де бастапта одағайлар қатарында қаралуы деуге болады. Жоғарыда
баяндалғандай қытай тілінде де өткен ғасырдың 60-жылдарына дейін еліктеу
сөздері одағай делініп, оқулықтар мен оқу құралдарында солай аталып келсе,
қазақ тіл білімінде еліктеу сөздер 1971 жылы ғана мектеп оқулықтарына жеке
сөз табы ретінде енгізілген. Мұның басты себебі де бұл екі сөз табының
негізінен дыбыс негізінде қалыптасуында жатса керек.
Еліктеу сөздер табиғат дүниесінде нақты кездесетін құбылыстардың құлақ
сезімі арқылы қабылданатын түрлі дыбыстарға еліктеуден, көру мүшесі арқылы
танылатын әр қилы көріністердің бейнеленуінен пайда болатын сөздер.
Грамматикалық тұрғыдан алғанда еліктеу сөздері негізгі сөздер тобына
жатады. Мысалы: Есік сарт етіп жабылды. От жылт-жылт етеді. Жүрегім лүп-лүп
етіп аузыма тығылды. Дегенлегі сарт құлаққа естілетін дыбыстық ұғымның
атауы, жылт-жылт сөзі көзге көрінген, байқалған бейне құбылыстың атауы, лүп-
лүп дыбыстың да, бейненің де атауы емес, адамның денесінде болған сезімнің
атауы ретінде жұмсалып тұрған еліктеу сөздер.

Адам ойы қандай күрделі болса, тілдегі сөздердің мағыналары да сондай
күрделі, соған орай қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздердің мағыналары
да алуан түрлі болып қолданыла береді. Мысалы:
噔噔 dengdeng (Жол жүргендегі аяқ дыбысы)
正在这时,远处传来了噔噔的脚步声。
Дәл осы кезде алыстан сықырлаған аяқ дыбысы естілді.
哗哗 huahua (Жаңбырдың сіркіреуі)
雨哗哗地下个不停。
Жаңбыр сіркіреп тоқтайтын емес.
轰隆 honglong (Найзағайдың шатырлауы, зеңбіректің гүрсілі)
山上硝烟弥漫,炮声隆隆。
Тау басы қою тұман, дүркін-дүркін зеңбіректің гүрсілдеген дауысы естіледі.
嘀铃铃 dilingling (Қоңыраудың сылдыры)
突然一阵嘀铃铃的电话铃声打断了他的思路。
Кенет шыр еткен телефон дауысы оның ойын бөліп жіберді.
呼噜 hulu (Ұйқы кезіндегі қорылдаған дыбыс)
他呼噜了两声, 就睡着了。
Ол қор етіп ұйықтап кетті.
哈哈 haha Күлкі үні.
怦怦 pengpeng Жүрек лүпілі.
扑腾扑腾 puteng puteng Жүректің дүрсілдеп соғуы.
呼哧呼哧 huchi huchi Ентіккен дыбыс.
噗噜噜 pululu Көз жасының тырсылдап тамған дыбысы
咕咕 gugu Қарын ашқандағы құрсақтың шұрылы.
咕嘟咕嘟 gudugudu Суды қылқылдатып жұтқандағы дыбыс.
咚咚 dongdong Есік қаққандағы тықылдаған дыбыс.
铛铛 dangdang Қоңыраудың сыңғыры
砰砰 pengpeng Мылтықтың тарсылы.
噼哩啪啦 pilipala Шапалақтың шартылы.
唧唧喳喳 jiji chacha Құстардың сайрауы
嗡嗡 wengweng Араның ызыңы т.б.
1. Жалаң және қос буынды еліктеу сөздердің барлығын қайталап айтуға болады.
Мысалы: 呼——呼呼,嘀嗒——嘀嘀嗒嗒,嘀嗒嘀嗒
2. Қос буынды еліктеу сөздердің жоғарыдан басқа өзгеріп қайталанатын
формасы да бар. Мысалы: 滴里嘟噜,咪里麻啦
乒零乓郎,噼里啪啦,叽里咕噜,稀里哗啦。
3. Еліктеуіш сөздер жеке тұрып сөйлем бола алады. Мысалы:
轰隆隆隆 ... ..雷声响个不停。
“突突突 ... ..”,一辆摩托车开来了。
砰!子弹向别处飞去。
4. Еліктеу сөздер сөйлемде етістіктің, сандық мөлшер сөздердің алдында
тұрады. Мысалы:
心里怦怦地跳着。(етістіктің алдында)
只听见嚓的一声刹车了。( сандық мөлшер сөздердің алдында)
5. Жалаң буынды еліктеу сөздер сандық мөлшер сөздерді анықтап келгенде
құрылымдық шылау的 қосылып айтылады да, қос буынды еліктеу сөздер сандық
мөлшер сөздерді тікелей анықтай береді. Мысалы:
几只家雀噌的一声飞走了。(жалаң буынды)
没留神,刺溜一下滑倒了。(қос буынды)
6. Еліктеу сөздер сөйлемде етістіктің алдында тұрғанда етістікпен
құрылымдық шылау地 арқылы байланысады. Сөйлем мағынасына қарай кейде地
шылауын қоспауға да болады. Мысалы:
子弹刺溜地从耳边擦过去。(地 шылауы арқылы)
嘀嗒嘀嗒地流水。 (地 шылауы арқылы)
小雨嘀嗒嘀嗒下个不停。(地 шылауынсыз)
石头叽里咕噜往下滚。(地 шылауынсыз)
Қазақ тілінде еліктеуіш сөздер семантикалық ерекшелігі жағынан да,
грамматикалық сыр-сипаты жағынан да, фонетика-морфологиялық құрылымы
тұрғысынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұрады.
Еліктеу сөздер семантикалық жағынан, біріншіден, сан алуан заттар мен
құбылыстардан шығатын түрлі дыбыстарға, аң-құс, жан-жануарлардың
дыбыстарына еліктеуден пайда болса, екіншіден, осы заттар мен
құбылыстардың, тіршілік дүниесінің сыртқы сын- сипаты, қимыл-әрекетінің
көріністерінен пайда болатын түсініктерді білдіреді. Мысалы: тарс-тұрс,
сарт-сұрт, жалп, желп, жалт-жұлт, шаң-шұң, тарбаң-тарбаң, арбаң-құрбаң, арс-
ұрс, тық-тық, тырс, шарт, қырт, ыңқ, қыңқ, қалт-құлт т.б.
Қазақ тілінде еліктеу сөздер зат немесе құбылыстың я болмаса жан-
жануардың дыбыстарына еліктеу мен сыртқы түр-тұрпатына, қимыл-қозғалысына
еліктеуге байланысты дыбыстық еліктеу сөздер және бейнелеуіш сөздер болып
екі топқа бөлінеді.
Дыбыстық еліктеу сөздер табиғат құбылысында кездесетін алуан түрлі
жанды заттардың дыбыстау аппараттарында, жүріс-тұрыстарында және жансыз
заттардың өзара бір-біріне тиюі, соқтығысуы, қақтығысуларынан пайда болады.
Мұндай сөздердің қолданылуы да, мағыналары да өте кең. Мысалы: Машина дүр
ете түсті.(С. М.) Адамдар дүр етіп есікке ұмтылды. Кекілік ұшып дүр етті.
(Х. Ес.) Мұндағы дүр сөзі үш түрлі мағынада қолданылған. 1-мысалда
машинаның таза өз дыбысы бйнеленсе, 2-мысалда адамдардың қимыл-әрекетін
дыбыстық жолмен әсірелеп көрсету басым тұр. 3-мысалдағы дүр дыбысының
деңгейі 1-мысалдағы дүр сөзіне қарағанда әлде қайда солғын. Бір еліктеу
сөзінің әлде неше мағынада қолданылу ерекшелігі қытай тіліндегі еліктеу
сөздеріне де тән құбылыс. Мысалы:
那扇门一开就嘎吱嘎吱地响。
Анау есікті ашсаң болды шиқылдай жөнеледі.
一翻身床板就嘎吱嘎吱的。
Аунасаң төсек сықырлайды.
Осындағы 嘎吱 gazhi сөзінің екі сөйлемдегі дыбысты бейнелеу деңгейі бірдей
емес. Бұдан шығатын қорытынды ұқсас бір еліктеуіш сөз екі тілде де бірнеше
мағынада қолданылуы мүмкін. Кейбір мағынасы арқылы бастапқы дыбысты
дәлірек, жақынырақ бейнелеуге болса, кейбір мағынасы бастапқы дыбыстан
алысырақ, тіпеті кейде бенелеу, обыраздау сияқты ауыспалы мағыналарда
қолданылады.
Қазақ тіліндегі еліктеу сөздердің екінші бір түрі бейнелеуіш сөздер.
Бейнелеуіш сөздер табиғатта кездесетін әр қилы құбылыстар мен заттардың,
жан-жануарлардың сыртқы көрінісі мен олардың қозғалысқа түскен іс-
әрекеттерінің көру қабілеті арқылы танылатын бейнелік сипаты болып
табылады. Мысалы: Қиюы қашқан тақтайлар быт-шыт болып кетті. (С. М.) Осымен
қалың топ жапыр-жұпыр бірнеше рет айқасты. ( М. Ә.) Толған ай шілдедегі
жалт-жұлт еткен. (С.Тор.) Сұлу торы жарға сумаң етіп шыға келді.( М.Ә.)
Қали одырайып қарап тұр. (С. Ер.) Мен бет аузымды тыржитып, екі езуімді
ырситып, денелерім дірілдеп, аяғымды жерге тіреп, кірпік қақпай ежірейіп
тұрмын. (Б.Тұр.)
Кейбір бейнелеуіш сөздердің мағынасында дыбыс та, бейне де жарыса
қолданылады. Мысалы: Сылқ-сылқ жұту. Қарш-қарш шайнау. Кеңк-кеңк күлу т.б.
Қытай тілінде еліктеу сөздер тек дыбыстық еліктеуден пайда болған
сөздерге ғана қаратылады. Қазақ тіліндегідей бейнелеуіш сөздер
қарастырылмаған. Қытай тілінде морфологиялық өзгеріс жоқтың қасы дерлік.
Сондықтан, қазақ тіліндегідей сөйлем ішінде көсемше тұлғасымен тұратын
бейнелеуіш сөздер қытай тілінде сөйлемнің анықтауыш, пысықтауыш,
толықтырғыш мүшелері арқылы білдіріліп отырады. Мысалы:
她吓得浑身发抖。
Ол қорыққанынан дірілдеп кетті.
孩子们把小屋弄了个乱七八糟。
Балалар кішкентай бөлменің аптар-тептерін шығарды.
战士们把敌人打得个落花流水。
Сарбаздар жаудың быт-шытын шығарды.
电灯光照房里白亮白亮的。
Електр шамы үй ішін жарқыратып тұр.
他急得象热锅上的蚂蚁。
Ол сасқанынан шыж-пыж болды.
哭了一会儿,她默默地给女儿擦干了脸上的血迹,长久地看着那没有血色的苍白 的面孔
,突然俯下头去,用嘴唇吻着女儿冰冷的脸腮。
Ол біраз жылап алып, қызының бетіндегі қан дақтарын үн-түнсіз сүртті де,
оның қан-сөлсіз бозарған бетіне ұзақ қарап отырып, кенет еңкейіп қызының
мұздай шекесінен сүйді.
Бұл мысалдарда қытай тіліндегі 发抖, 乱七八糟, 白亮白亮的, 象热锅上的蚂蚁,
默默地, 没有血色的苍白的 сөздері бейнелеуіш сөз есептелмейді. Олар сөйлем
ішінде теңеу, әсірелеу мақсатында қолданылған басқа сөз таптарына жататын
сөздер. Ал олардың сөйлемдегі қазақша аударма баламасына келсек, дірілдеп,
быт-шытын, жарқыратып, шыж-пыж, үн-түнсіз, қан-сөлсіз сөздері жеке-жеке
еліктеу сөздердің бейнелеуіш түріне жатады.
Еліктеу сөздердің дыбыстық ерекшеліктері
Қазақ тілінде еліктеу сөздердің дыбыстық құрамы басқа сөз таптары
сияқты ала-құлаланып, түрліше болып келмейді. Өйткені еліктеу сөздердің
дыбыстық құрамында бір ізге келтірілген жүйе, дыбыстық форма бар. Еліктеу
сөздер өздерінің осы дыбыстық ерекшеліктерімен басқа сөз таптарынан
оқшауланып, өзгешеленіп отырады. Ол ерекшеліктер:
1. Еліктеу сөздер мұрын жолды ң дыбысымен аяқталады. Көбінде дыбыстық
еліктеуіш сөздер болып келеді. Мысалы: дың, дің, сың, сің, шың, шің,
ызың, даң-дұң, щаң-шұң т.б.
2. Еліктеу сөздер р дыбысымен аяқталады. Көбінде дыбыстық еліктеуіш сөздер
болып келеді. Мысалы: сыр, пыр, шар, шор, зыр, гүр, дыр, дір, дүр, бар-бар
т.б.
3. У дыбысына аяқтайды. Мысалы: лау-лау, кеу-кеу, су, гу-гу, ду-ду т.б.
4. П дыбысына бітеді. Мысалы: шоп-шоп, шөп-шөп, шып-шып, сып-сып, шап-шұп
т.б.
5. Ұяң з,ж дыбыстарына бітеді. Мысалы: баж-бұж, шыж-быж, қаз-қаз т.б.
6. к,қ дыбыстарының біріне бітеді. Мысалы: тақ-тақ, сық-сық, дік-дік, тік-
тік т.б.
7. рс дыбыс тіркесімен бітеді. Мысалы: тарс, пырс,дүрс, қорс, бырс т.б.
8. рт дыбыс тіркесімен бітеді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz