Сұйық дәрілік формалар


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Сұйық дәрілік формалар. Анықтама, сипаттама, классификация. Тазартылған судың дәріхана және зауыт жағдайында алынуы.

Жоспары:

  1. Cұйық дәрілік формалардың жалпы сипаттамасы. Сұйық дәрілік формалардың классификациясы.
  2. Еріткіштерге қойылатын талаптар. Тазартылған су. Тазартылған судың алынуы.
  3. Деминералданған су. Қайтымды осмос.
  4. Тазартылған суды алу әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы. Тазартылған суды алуға арналған аппаратура.
  5. Дәріханаларда сұйық дәрілік пішіндерді өндіру жетістіктерін жетілдіру.

1. Сұйық дәрілік пішіндер - дәрілік заттары сұйық дисперстік ортада таралған еркін дисперстік жүйелер.

Сұйық дәрілік пішіндер дәріханалар рецептурасында негізгі орын алады. Бұл, қатты дәрілік пішіндерге қарағанда, келесі артықшылықтарға ие болуына байланысты:

  • Жоғары био қол жетімдігі, яғни тез сіңірілуі және тез терапевтикалық әсердің басталуы. Бұл дисперстік фаза бөлшектерінің кішігірім мөлшерде болуымен түсіндіріледі.
  • Қолданудың қарапайымдылығы және қолайлығы.
  • Асқазан - ішек трактының шырышты қабығына дәрілік заттардың ушықтыратын әрекеттің төмендеуі.
  • Дәрілердің жағымсыз дәмін және иісін жасыру мүмкіндігі.
  • Дайындаудың қарапайымдылығы.

Сұйық дәрілік пішіндердің басты кемшілігі тұрақсыздығы болып табылады, яғни бұл кезде ерітінділерде микробты контаминация болуы мүмкін. Сондықтан сұйық дәрілік пішіндердің сақтау мерзімі аз болады (3 тәуліктен көп емес) . Сұйық дәрілік пішіндердің тағы бір кемшілігі: құрғақ күйдегі заттарға қарағанда, ерітілген күйдегі заттар гидролиз және тотығу процестеріне көбірек түседі.

Сұйық дәрілік пішіндердің классификациясы

  1. Дисперстік жүйелердің түрі бойынша:
Жүйелердің сипаттамасы

Дисперстік

фаза

Дисперстік фаза бөлшектерінің мөлшері
Дәрілік пішіндердің мысалдары
Жүйелердің сипаттамасы: Төменмолекулалық қосылыстардың шынайы ерітінділері
Дисперстікфаза: Иондар, молекулалар
Дисперстік фаза бөлшектерінің мөлшері: 1 нм
Дәрілік пішіндердің мысалдары: Глюкоза, натрий хлорид, магний сульфат ерітінділері
Жүйелердің сипаттамасы: ЖМҚ шынайы ерітінділері
Дисперстікфаза: Молекулалар
Дисперстік фаза бөлшектерінің мөлшері: 1-100 нм
Дәрілік пішіндердің мысалдары: Желатин, пепсин ерітінділері
Жүйелердің сипаттамасы: Коллоидты ерітінділер
Дисперстікфаза: Мицеллалар
Дисперстік фаза бөлшектерінің мөлшері: 1-100 нм
Дәрілік пішіндердің мысалдары: Протаргол, колларгол ерітінділері
Жүйелердің сипаттамасы: Суспензиялар
Дисперстікфаза: Қатты заттардың бөлшектері
Дисперстік фаза бөлшектерінің мөлшері: 0, 1-50 мкм
Дәрілік пішіндердің мысалдары: Күкірт, магний оксид суспензиясы
Жүйелердің сипаттамасы: Эмульсиялар
Дисперстікфаза: Сұйықтардың бөлшектері
Дисперстік фаза бөлшектерінің мөлшері: 1-150 мкм
Дәрілік пішіндердің мысалдары: Кастор, шабдалы майларының эмульсиясы
Жүйелердің сипаттамасы: Қосарланған (комбинирленген) жүйелер
Дисперстікфаза:
Дисперстік фаза бөлшектерінің мөлшері:
Дәрілік пішіндердің мысалдары: Тұнбалар, қайнатпалар, шырыштар
  1. Қабылдау әдісі бойынша:
  • Ішке қабылдауға арналған - микстуралар, тамшылар;
  • Сыртқа қабылдауға арналған - клизмалар, тамшылар, жағу;
  • Инъекциялық қабылдауға арналған - ерітінділер.
  1. Дисперстік орта бойынша:
  • Сулы;
  • Сулы емес: глицеринді, спиртті, майлы, полимерлі, аралас.
  1. Қолданылатын аппаратурасы бойынша:
  • Зауыттық жасап шығарылуы;
  • Дәріханалық жасап шығарылуы;
  1. Дайындау әдісі бойынша:
  • Масса - көлемдік әдісі бойынша дайындалатын ( қатты дәрілік заттардың сулы және сулы - спиртті ерітінділері, ішке қабылдауға арналған тамшылар, ішке қабылдауға арналған тамшылар, құрамында 3% -ға дейін қатты фазасы бар суспензиялар) ;
  • Көлем бойынша дайындалатын (рецептте шартты атаумен жазып алынған әр түрлі концентрациядағы спирттің ерітінділері, хлорсутекті қышқыл және стандарттық ерітінділер) ;
  • Масса бойынша дайындалатын (тұтқыр және ұшқыш еріткіштердегі қатты және сұйық дәрілік заттардың ерітінділері, эмульсиялар, құрамында 3% -ға дейін қатты фазасы бар суспензиялар, гомеопатикалық сұйық дәрілік заттар) .

2. Еріткіштерге қойылатын талаптар:

  1. Жоғары ерігіштік қабілеттілігі.
  2. Химиялық индифферентігі.
  3. Биологиялық зиянсыздығы.
  4. Жағымсыз дәмнің және иістің жоқтығы.
  5. Микробтық контаминацияға тұрақтылығы.
  6. Үнемділігі.

Бұл талаптардың көбіне тазартылған су жауап береді.

Тазартылған су. Тазартылған суға МС № 42-2619-97 бар. МС сәйкес тазартылған суды дистилляция, иондық алмасу, қайтымды осмос немесе бұл әдістердің комбинациясы арқылы алуға болады. Бұл бөлімде тазартылған суға қойылатын талаптар туралы жазылған. Су түссіз, мөлдір, иіссіз және дәмсіз болуы керек, рН 5-6, 8; қатты қалдық 0, 001%-дан жоғары болмауы керек, судың құрамында нитраттар, нитриттер, хлоридтер, сульфаттар, кальций, ауыр металдар, көміртектің диоксиді, тотықсызданатын заттар болмауы керек, аммиактың 0, 0002% мөлшерде болуы рұқсат етіледі.

МС № 42-2619-97 микробиологиялық тазалығы және тазартылған суға қойылатын талаптар келтірілген: тазартылған су ауыз суға қойылатын талаптарға сәйкес болуы керек (1 мл-де 100-ден көп емес микроорганизмдер), ішек шыбығының патогендік бактериялардың, алтын стафилококтың, көк ірің таяқшасының жоқтығы.

Тазартылған суды алуға, жүктеуге және сақтауға қойылатын санитарлық талаптар «Дәріханалық кәсіпорындардың санитарлық тәртібі бойынша нұсқауды бекіту туралы» № 309 бұйрығында 21. 10. 97ж. келтірілген.

Тазартылған су №309 бұйрығына сәйкес арнайы жабдықталған бөлмеде алынады. Бұл бөлмеде басқа да жұмыс түрлерін жүргізуге тыйым салынады. Тазартылған суды қолданады немесе асептикалық жағдайда жабық сыйымдылықтарда сақтайды (3 тәуліктен көп емес) . Сақтауға арналған баллондар химиялық тұрақты шыныдан жасалған шыны түрінде немесе тоттанбайтын болаттан немесе алюминийден болуы керек. Бұл сыйымдылыққа микроорганизмдер өтпеуі үшін жинақтағыштарды екі саңылауы бар тығынмен тығыздап жабады: бір саңылау арқылы су түседі, ал екіншісі залалсыздындарылған түтікше үшін арналған, онда шыны мақтасынан жасалған тампонды орналастырады.

Тазартылған судың алынуы аквадистилляторлар және басқа да қондырғылар көмегімен жүзеге асады.

Күн сайын баллондағы тазартылған суды, хлоридтердің, сульфаттардың және кальций тұздарының жоқтығын тексеру үшін сапалық анализге жібереді. Суды толық химиялық анализдеу үшін тоқсанда бір рет бақылау - аналитикалық зертханаға жібереді, ал бактериологиялық анализдеу үшін тоқсанда екі рет СЭС-ға жібереді.

Тазартылған судың алынуы. Дистилляция - тамшылармен жиналған су. Дәріхана немесе өнеркәсіптік өндіріс жағдайында дистилляция немесе айдау әдістері кеңінен таралған.

Қалаларда тазартылған суды алу үшін құбыр немесе тұзсыздандырылған суды қолданады. Ал ауыл аймақтарында қолданылатын суды, суға кермектілік қасиет беретін қосылыстардан: органикалық заттардан, аммиактан, тұздардан алдын - ала тазарту қажет.

Суды дистилляция әдісі арқылы алу үшін аквадистилляторлар аппараттары қолданылады. Дайындалған ауыз суын немесе суды, үш негізгі түйіннен: буландырғыштан, конденсатордан және жинақтағыштан тұратын аквадистилляторға орналастырады.

Су орналасатын буландырғышты қайнауға дейін қыздырады. Су булары конденсаторға түседі, мұнда олар сұйылады және конденсат түрінде жинақтағышқа түседі. Бастапқы судағы барлық ұшқыс емес қосылыстар аквадистилляторда қалады.

Буландырғышта судың қайнауы кезінде көпіршікті және беттік бу түзілуі жүреді.

Бірінші жағдайда қайнау кезінде будың көпіршіктері түзіледі, олар сұйықтықтан бөлек түсіп қалады, нәтижесінде өзінің бетіне бастапқы судың жұқа қабатын еліктіреді. Бұл кезде дистилляттың ластануы орын алады.

Беттік бу түзілу айдалмаған су тамшыларының шығарылуына жол бермейді.

Көпіршікті бу түзілуін болдырмау үшін келесі жағдайларды орындау керек:

  • Қайнайтын қабаттың қалыңдығын кішірейту
  • Біркелкі қайнатуды қамтамасыз ету үшін жылыту температурасын реттеу
  • Бу түзілудің оптималды жылдамдығын ұстап тұру

3. Деминералданған су. Соңғы кездері тазартылған судың орнына деминералданған суды қолдануға көңіл бөлінуде. Бұл дистилляторлардың, әсіресе электрлік дистилляторлардың, жиі істен шығатына байланысты болып табылады. Бастапқы судың құрамындағы тұздар буландырғыштың шыныларында қақ түзеді, ал бұл дистилляция жағдайын нашарлатады және де судың сапасын төмендетеді.

Суды тұзсыздандыру (деминералдау) үшін әр түрлі қондырғыларды қолданады. Олардың әрекет ету принципі, суды ионалмастырғыш шайырлар - құрылымы гелді немесе микрокеуекті, ионогенді топтармен ковалентті байланысқан торлы полимерлер, арқылы өткізеді, нәтижесінде су тұздардан босатылады. Суда бұл топтардың диссоциациясы иондық жұпты береді:

  • полимерлі тасымалдағышқа бекітілген ион;
  • қозғалмалы - қарсыион, ионның бір атаулы зарядына айырбастайды.

Суды деминералдау қондырғысының негізгі бөлігі катиониттермен және аниониттермен толтырылған бағаналар болып табылады.

Катиониттердің активтілігі, сутек иондарын сілті және сілтіжер металдарының иондарына айырбастау қабілеттігі бар, карбоксилді немесе сульфо топтың бар болуымен анықталады.

Аниониттер - өзінің гидроксилді топтарын аниондарға айырбастай алатын торлы полимерлер.

Сонымен қатар қондырғыда шайырларды регенерациялау үшін қажетті, қышқылдар, сілтілер және дистильденген су ерітінділері үшін сыйымдылықтар болады. Катиониттердің регенерациясын хлорсутекті немесе күкірт қышқылымен жүргізеді. Аниониттер сілті ерітіндісімен (2-5%) тотықсызданады.

Әдетте ионалмастырғыш қондырғы 3-5 катионитті және анионитті бағаналардан тұрады. Жұмыстың үздіксіз жүруі, бағаналардың бір бөлігі жұмыс жағдайында, ал басқа бөлігі регенерацияда болуымен түсіндіріледі.

Құбыр суы, ионалмастырғыш бағаналар арқылы өтеді, кейін ионалмастырғыш шайырлардың ыдырау бөлшектерін бөгейтін фильтрге барады.

Микробты контаминациядан сақтандыру үшін алынған суды 80-90 0 С-қа дейін қыздырады.

Деминерализаторды, тұзсыздандырылған суды дистилляторларға және ыдысты жуу үшін жуғыш бөлмелерге беру үшін, ауруханаларда және дәріханаларда қолданады.

Деминерализатор өнімділігі 200л/сағат.

Қайтымды осмос. Қайтымды осмос (гиперфильтрация) - ерітінділерді бөлу әдісі, ерітінді 3-8 МПа қысым астында, ерітіндіні өткізетін және ерітілген заттың иондарын немесе молекулаларын толық немесе жартылай бөгейтін жартылай өткізгіш мембранаға түсіреді.

Бұл әдіс алғаш рет 1953 жылы суды тұзсыздандыру үшін Ч. Е. Рейдпен ұсынылған болатын.

Қайтымды осмостың қозғаушы күші қысымның айырмашылығы болады: ерітіндінің осмостық қысымы ( П ) және мембрана бетінде орналасқан тұз ерітіндісінің қысымы (Р) .

Р=Р- П

Тура осмос - заттардың концентрациясын теңестіру мақсатында, біржақты еріткішті жартылай өткізгіш мембрана арқылы өткізу.

Қайтымды осмос - ерітілген тұздарды, органикалық заттардың молекулаларын, сонымен қатар өлшенген қоспаларды және коллоидты бөлшектерді бөлу үшін жартылай өткізгіш мембрана арқылы ерітіндіден су жүйелерін (суды) фильтрлеу.

Қайтымды осмос қондырғысын қолдану кезінде үнемді және жоғары өнімділікті болып табылады. Олар суды екі-, үш-, төртвалентті бейорганикалық заттардан, органикалық заттардан, коллоидтардан, жартылай пирогендерден сенімді түрде тазартады. Жағымсыз жағдай, бұл мембраналардың қымбат болуы.

Ионалмасу және қайтымды осмос әдістері арқылы алынған судың сапасы электрөткізгіш шамасы бойынша жүргізіледі.

4. Тазартылған суды алу әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы

Суды алудың әрбір әдістері жағымды және жағымсыз қасиеттерімен сипатталады.

Суды тазарту әдістері
Артықшылықтары
Кемшіліктері
Суды тазарту әдістері: Дистилляция
Артықшылықтары:
  • жоғары тазарту дәрежесі;
  • ыстық суды алу мүмкіндігі;
  • қондырғыны бумен өңдеу мүмкіндігі;
  • сенімділігі.
Кемшіліктері:
  • жоғары құны;
  • үнемсіз.
Суды тазарту әдістері: Қайтымды осмос
Артықшылықтары:
  • жоғары тазарту дәрежесі
Кемшіліктері:
  • микробтық контаминация мүмкін;
  • мембрананы жылда 2-4 рет ауыстыру керек;
  • суық су;
  • қондырғыны бумен өңдеу мүмкін еместігі;
  • қондырғыны формальдегидпен өңдеу керек.
Суды тазарту әдістері: Ион алмасу
Артықшылықтары: - жоғары тазарту дәрежесі
Кемшіліктері:
  • микробтық контаминация мүмкін;
  • жиі регенерация;
  • ионалмасушы бағаналарды қолдану мерзімі аз;
  • қондырғыны бумен өңдеу мүмкін еместігі.

Тазартылған суды алуға арналған аппаратура. «Саңырауқұлақ» аппараты

Бұл аппаратта буландырғыш, конденсатор және қабылдағыш бір осьтің бойында бір - бірінің астында жатады, аппараттың мұндай конструкциясы аз ғана ауданды алады. «Саңырауқұлақ» аппаратының өнімділігі сағатына 450 литрге дейін суды құрайды. Мұндай аппарат шағын галенді өндірісінде қолайлы болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұйық дәрілік зат формалары
Сұйық дәрілік формалардың классификациясы
Сұйық дәрілік заттар
Бюретқалық жүйені қолдана отырып сұйық дәрілік препараттарды (микстуралардың) даярлау технологиясы
Суспензияларды дайындау техналогиясы
Микстураларды дайындау технологиясы
Негізгі дәрілік қалыптар
Дәрілік формалардың классификациясы
Дәрі-дәрмектер тривиальдық атауларының жасалыну әдістері және атауларды берудегі тәжірбие
Дәрілік заттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz