Тұкым қуалаушылық. Генетика



I Кіріспе
II Негізгі бөлім

1.1 Тұкым қуалаушылық. Генетика. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.2 Егіздер туралы жалпы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.3 Егіздер өмірге жиі келе ме?Оның түрлері қандай? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.4 Монозиготалы және гетерозиготалы егіздер және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.5 Егіздер әдісінің түрлері, психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
III Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
IV Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Генетика – ағзалардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштікті зеріттейтін ғылым. Тұқым қуалаушылық – ағзалардың ұрпақтан ұрпаққа өздерінің белгілерін (құрылысы, даму, қызметінің ерекшеліктерін) беру қабілеті. Өзгергіштік деп ағзалардың жаңа белгілерді иемдену қабілетін айтамыз. Тұқым қуалаушылықпен өзгергіштік тірі ағзалардың бір-біріне қарама-қарсы, сонымен қатар бір-бірімен тығыз байланысты қасиеттері.
Адамның тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиетін зерттейтін генетика ғылымының бір саласын антропогенетика деп атайды. Адамның биологиялық пісіп-жетілуі, мінез-құлық қасиеттері тұқым қуалайтын гендердің бақылауында болады. Адамның денесі 500 триллиондай жасушадан тұратын болса, оның әрбір дене жасушасы 46 хромосомадан, ал жыныс жасушаларында 23 хромосома болады. Ұрықтану кезінде жыныс жасушалары (гаметалар) қосылады, соның нәтижесінде жасушада хромосомалардың толық, жиынтығы қалпына келеді. Қазір ғалымдардың болжауы бойынша, адамның генотипінде 26 мыңнан 40 мыңға дейін ген бар. Олардың керінуі сыртқы ортаға, әлеуметтік жағдайға және тәрбиеге тығыз байланысты.
1. Жалпы биология оқулығы. Алматы « Мектеп» 2010 ж. 208-211 б.
2. В.С.Мухина «Близнецы» М. «Просвещение» 1968-1997 жж 50-125б.
3. В.Фридрих «Близнецы» М. «Просвещение» 1984 ж 65-70б.
4. Уикипедия – ашық энциклопедиядан алынған мәліметтер.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Монозиготалы егіздер
Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім

0.1 Тұкым қуалаушылық. Генетика. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
0.2 Егіздер туралы жалпы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
0.3 Егіздер өмірге жиі келе ме?Оның түрлері қандай? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
0.4 Монозиготалы және гетерозиготалы егіздер және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
0.5 Егіздер әдісінің түрлері, психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
III Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
IV Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Кіріспе

Генетика - ағзалардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштікті зеріттейтін ғылым. Тұқым қуалаушылық - ағзалардың ұрпақтан ұрпаққа өздерінің белгілерін (құрылысы, даму, қызметінің ерекшеліктерін) беру қабілеті. Өзгергіштік деп ағзалардың жаңа белгілерді иемдену қабілетін айтамыз. Тұқым қуалаушылықпен өзгергіштік тірі ағзалардың бір-біріне қарама-қарсы, сонымен қатар бір-бірімен тығыз байланысты қасиеттері.
Адамның тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиетін зерттейтін генетика ғылымының бір саласын антропогенетика деп атайды. Адамның биологиялық пісіп-жетілуі, мінез-құлық қасиеттері тұқым қуалайтын гендердің бақылауында болады. Адамның денесі 500 триллиондай жасушадан тұратын болса, оның әрбір дене жасушасы 46 хромосомадан, ал жыныс жасушаларында 23 хромосома болады. Ұрықтану кезінде жыныс жасушалары (гаметалар) қосылады, соның нәтижесінде жасушада хромосомалардың толық, жиынтығы қалпына келеді. Қазір ғалымдардың болжауы бойынша, адамның генотипінде 26 мыңнан 40 мыңға дейін ген бар. Олардың керінуі сыртқы ортаға, әлеуметтік жағдайға және тәрбиеге тығыз байланысты.

0.1 Генетика.Тұқым қуалаушылық.
Адам генетикасы. Адамның тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиетін зерттейтін генетика ғылымының бір саласын антропогенетика деп атайды. Адамның биологиялық пісіп жетілуі,мінез-құлық қасиеттері тұқым қуалайтын гендердің бақылауында болады.Адамның денесі 500 триллиондай жасушадан тұратын болса,оның әрбір дене жасушасы 46 хромосомадан,ал жыныс жасушаларында 23 хромосома болады.Ұрықтану кезінде жыныс жасушалары (гаметалар) қосылады,соның нәтижесінде жасушада хромосомалардың толық жиынтығы қалпына келеді.Қазір ғалымдардың болжауы бойынша,адамның генотипінде 26 мыңнан 40 мыңға дейін ген бар.Олардың көрінуі сыртқы ортаға,әлеуметтік жағдайға және тәрбиеге байланысты.Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары барлық тірі организмдерде,оның ішінде адам үшін де бірдей.Адамның көптеген белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдылықтарына сәйкес беріледі. Адамда да басқа организмдер сияқты доминантты және рецессивті белгілер бар.
Адамдағы доминантты және рецессивті белгілер
Реті
Белгілері
Доминантты
Рецессивті
1
Шашының пішіні
Бұйра
Тура
2
Шашының түсуі
Ерте
Қалыпты
3
Көзінің түсі
Қой көзді
Көк
4
Бойы
Аласа
Қалыпты
5
Саусақтың саны
Алты саусақты
Бес саусақты
6
Резус факторы
Оң
Теріс
7
Қолын меңгеруі
Оңқайлық
Солақайлық

Адамда белгілердің тұқым қуалауын зерттеу - өте күрделі процесс.Өйткені адамның генетикасын зерттеуде еркін шағылыстырудың мүмкін еместігі, жыныстық жағынан кеш пісіп-жетілуі,ұрпақ санының аз болуы және
-3-
хромосомалар санының көп болуы елеулі қиындықтар тудырады. Көрсетілген қиындықтарға қарамастан,адам генетикасын зерттеу жұмыстары генеалогиялық,цитогенетикалық,егізд ік және биохимиялық әдістерді қолдану барысында үлкен табыстарға жетті.Генеалогиялық шежіре әдісі. Бұл әдіс бойынша адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің, туыстық қатынастарды, туыстар арасындағы аурулардың бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалау сипатын,оның шыққан тегіне шежіре құрастыру арқылы зерттеп анықтайды.Шежіре әдісінің негізгі мақсаты - жиналған деректер бойынша шежіре үлгісін құрастыру және оны талдау.ол үшін зерделенетін мәселе бойынша әкесі мен шешесі жағынан бірнеше буын бойы мәліметтер жинақталып, соның негізінде шежірелік сызбанұсқа жасалады. Кейбір белгілер мен қасиеттер кез келген ұрпаққа беріле алады,яғни доминанттылық жолмен тұқым қуалап,Мендель заңдарына бағынады.Бұл әдіспен адамның кейбір қабілеттерінің мысалы, музыкаға, шешен сөйлеуге,математикаға бейімділігі жәнет.б. тұқым қуалайтындығы анықталған. Шежіре құрастыруды бастайтын адамды пробанд деп атайды.
Оның іні-қарындастарын сибстер деп белгілейді. Шежіреде талданатын ұрпақтар:
І. Ата ұрпағы
ІІ. Әке ұрпағы
ІІІ. Өзінің ұрпағы
ІҮ. Балалар ұрпағы
Ү. Немерелер ұрпағы
ҮІ. Шөберелер ұрпағы
ҮІІ. Шөпшектер ұрпағы
Шежіре әдісі дәрігерлік - генетикалық кеңестерде тұқым қуалайтын ауруларды алдын ала ескертуге мүмкіндік береді.Оқушылар өз ата-баба
шежіресін айта және жаза білуі қажет.Бұл мектеп қабырғасынан басталуы керек.Өз шежіресін білу туыстар арасындағы жақындықты,бауырлар арасындағы сүйіспеншілікті,ата-баба,апа-әжелер ді есте сақтауға көмектесіп,туыстық некенің болуын азайтады.
-4-
Цитогенетикалық әдіс. Бұл әдіспен сау немесе ауру адамның кариотипіне (хромосома жиынтығына) цитогенетикалық талдау жасалынады. Цитогенетикалық әдісті пайдаланып тұңғыш рет 1956 жылы Дж.Тийо мен А.Леван қалыпты жағдайда адамның дене клеткаларында 22 жұп аутсомалар және бір жұп - жыныстық хромосомалар болатындығы анықталды. Бұл жыныс генетикасы тақырыбында айтылғандай ер адамда жыныстық хромосома гетероморфты (ХУ),ал әйел адамда гомоморфты (ХХ) болып келетіндігі дәлелденді. Бұл әдіс арқылы дүниеге келетін сәбидің жынысын анықтауға мүмкіндік алынады. Егер (ХХ) хромосома біріксе қыз бала, (ХУ) хромосома біріксе ұл бала болатындығы анықталған. Бұл әдісті қолдану арқылы адамның дене және жыныс клеткаларында пайда болатын хромосомалық өзгерістерді байқауға мүмкіндік туғызады. Сондықтан цитогенетикалық әдісті медицинада диагностикалық мақсатта қолданады.
Егіздік әдіс.Егіздік әдіс өмірге келген егіздердің түрлерін ,даму ерекшеліктерін зерттейді. Алғаш рет бұл әдісті адам генетикасында қолданған ағылшын антропологы Ф.Гальтон болды.Қазір бұл әдісті көптеген генетикалық зерттеулерде кеңінен қолдануда.Егіздік әдісті адамның тұқым қуалаушылық қасиеті мен сыртқы орта жағдайын,белгілердің дамуындағы айырмашылықтарды зерттеу үшін пайдаланады. Организмдердің барлық белгілері мен қасиеттері екі фактор генотип пен ортаның өзара әсерінен қалыптасады.Адам бойындағы туа біткен қабілетті дамытып,қалыптастыру үшін оқу мен тәрбиенің маңызы бар екендігі анықталады. Сонымен қатар егіздік әдіс адамның кейбір тұқым қуалайтын ауруларға (шизофрения, эпилепсия,гемофилия және т.б.) бейімділігін алдын ала анықтауға көмектеседі.
1.2 Егіздер туралы жалпы мәлімет
Әрбір адамзат баласын туғанынан бастап қоршаған орта табиғаты қоршап тұрады,сол табиғаттан,оның сұлулығынан және әуенінен әрбір адамда өзіндік сезімі мен ойлары қалыптасады... Табиғаттың құпия сырларының өзі қанша- ма. Осындай табиғаттың құпия сырларының бірі - егіздер.
Егіз балаларды зерттеу жұмыстары ерте заманнан бері бар,оларға барлық уақытта да қызығушылықпен,таң қалушылықпен қараған.Ең алдымен халық ауыз әдебиеттерінде әр түрлі жанрда- миф,ертегі,қиса-жырға,ән,балладалар ға қосып айтқан.Бұдан әрі салт-дәстүрде,өнерде, әдеби кітаптардан, поэзиядан көрініс тапты.
-5-
Ортамызда ерекше адамдар бар. Олар егіздер, үшемдер, төртемдер, тағы басқалар... Бізге бәрі де қызық. Өйткені өмірде мұндай оқиғалар ара-тұра кездесіп тұрады. Өмірге бірден екі,үш,төрт нәрестені өмірге алып келген аналарға бас иеміз.Оны жаратушы иеміздің құдіреті дейміз.Қашаннан бір қозы туса қуанышқа бөленетін қазақ емеспіз бе?Жарық дүниенің есігін ашқан әрбір шаранаға қуанамыз. Әр баланың өз несібесі бар деп шүкіршілік ететін де біздің қазақ.Қуаныштысы,соңғы жылдарда елімізде егіздер мен үшемдер саны көбейіп келеді.Кезінде саны кеміп қалған ұлтымыздың санын арттыруда оның маңызы ерекше.Дегенмен осы тұрғыда бір сәт ойланып көрдік пе? Айталық , елімізде егіздер саны қанша? Үшемдер,төртемдер санын да дөп басып айта алмаймыз.Ол туралы нақты деректер жоқтың қасы. Еліміздегі егіздер туралы деректерді ақпарат құралдары арқылы іздестіріп көрдік,қолға нақты мәліметтер іліге қоймады.Сосын жаһандық желі арқылы жұмыр жердегі егіздер мен үшем,төртемдер мәселесін қарастырдық.Біраз бар екен.Ал қазақша мүлдем жоқ. Ұлан байтақ далада бар-жоғы 16 млн халық тұратын Қазақстан үшін демография мәселесіне селқос қарағандық байқалады.
Реті
Аналардың ұлттарының тобы
Егіз бала туу жиілігі
1
Нигерия
22 жүктіліктен 1 егіз
2
Норвегия Нидерландия Дания
49 жүктіліктен 1 егіз
3
Қаранәсілді Американдықтар
60 жүктіліктен 1 егіз
4
Еуропа елдері
69 жүктіліктен 1 егіз
5
Ағылшын
76 жүктіліктен 1 егіз

6
Басқа Азиялықтар
125 жүктіліктен 1 егіз
7
Жапония
150 жүктіліктен 1 егіз
8
Қытай
250 жүктіліктен 1 егіз
Соңғы деректер бойынша әлемде 70-80 млн егіз жұптары бар Қазақстан егіздерді өмірге алып келуі жөнінен әлемде алғашқы елулікке енеді екен.

Соңғы деректерде 28 орынды иеленеді делінген.Көш басында Африка құрлығындағы Нигерия тұр.Онда әрбір 22 адамға бір егізден келеді екен.
-6-
Жер шарындағы жұрттың төрттен бір бөлігін құрайтын Қытай соңғы орындарды місе тұтады.Онда 250 қытайға бір егізден келеді. Бір-біріне 100 пайыз ұқсас егіздерді қазіргі заманның дамыған ғылыми-техникалық жетістіктерге көшуінде дүниеге әкелу мүмкін емес. 60 жылдармен салыстырғанда қазір егіздердің туылуы 2,5 есеге артқан.Төменгі сызбада әртүрлі ұлт өкілдерінің аналар тобы мен егіздердің туу жиілігі көрсетілген. (1-сызба)
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Облыстық ана мен бала орталығынан алынған мәліметтер бойынша статистикалық есеп

Жылдар
Егіздер саны
2012 жылы
58 егіз
2013 жылы
64 егіз
2014 жылы
50 егіз
ШҚО.Аякөз ауданы бойынша егіздердің туу жиілігі көрсеткіші

Жылдар
Туылған бала саны
Егіздердің саны
2012 жылы
1671
10
2013 жылы
1560
20
2014 жылы
450
11

Сонымен зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі - бұл күндері ғылымға ерекше көңіл бөлініп жатқандығын ескеріп егіздердің тұқым қуалау арқылы берілуі,олардың психо-физиологиялық даму кезеңіндегі ерекшеліктерін байқау және мән-мағынасын ұғыну.Тақырып өзегі қанат жайып,назар аударатындай жағдай.Бұл табиғаттың құпия сырына,жұмбағына қызыға үңілу деп білемін.Менің қызығушылығым ғылыми ізденіс жұмысына жол тартты. Адам генетикасы мен психологиясы саласында ізденіс жұмысын жасағым келді.Мені егіз балалардың үшем,төртем,алтыем т.б. дүниеге келуі қызықтырды.
-7-

Түрлері бірдей,немесе түрлері екі түрлі,жыныстары,мінез бітістері,қызығушылығы кейде бір,кейде әртүрлі болып келуі неге байланысты? Тұқым қуалау заңдылығы мен генге байланысты ма? Осы аталған жағдайларды генетикалық,психологиялық жағынан зерттеу - ғылыми жұмыс тақырыбының негізгі мақсаты. Зерттеу мәселесі - егіздердің түрлерінің бірдей және әр түрлі болуы, генетикалық және психологиялық дамуындағы ішкі белгілері бойынша айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау. Зерттеу болжамы: Егер егіздерге тән қабілет пен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа берілгендігін анықтап,генетикалық жағын,психологиялық жағын анықтаса,онда адам генетикасындағы генеалогиялық әдіс,егіздік әдіс және психология сабақтасып толықтырылады.
Зерттеу саласы: Адам генетикасы мен психологиясы.Адамдағы доминантты және рецесивті белгілері,генеалогиялық,егіздік әдістер.
Зерттеу объектісі - Егіздердің пайда болуы ,түрлері,психо-физиологиялық дамуы және егіз балалар.
Осыған байланысты жұмысым мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
* Егіздердің түрлерін анықтау;
* Егіздердің психологиялық типтерін анықтау;
* Егіздердің психо-физиологиялық ерекшеліктерін ажырату;
* Психологиялық зерттеулер жүргізу;
* Генеалогиялық әдіс арқылы тұқым қуалаушылығын анықтау.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезең - бастау кезеңі. Адам генетикасы мен психологиясына қатысты әдебиеттерді оқу,тылсым табиғат сырлары айтылған ақпарат жаңалықтарын тыңдау.
Екінші кезең - егіздерге бақылау жасау,психологиялық тестер алу, танымдық, генеалогиялық және басқа да эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі.
Үшінші кезең - алдыға қойған міндеттерді орындаудың бастамасы.Табыс нәтижелерін ғылыми жаңалыққа жеткізу мақсатында зерттеу жұмыстарын жалғастырып жүргізе беремін.
-8-
Жұмыстың жаңашылдығы: жұмыстың көрнекілік материалдары қазіргі заман талабына сай,интерактивті тақтамен толық пайдалануға арналған презентация арқылы көрсетіледі.
Егіздер деген кімдер? Бір анадан бір мезгілде екі немесе екіден көп туылған балаларды егіздер деп атаймыз.
1.3Егіздер өмірге жиі келе ме?Оның түрлері қандай?
Егіздер өмірге жиі келе ме?
* Егіздер - 85 жүктіліктен 1 - еу;
* Үшемдер - 6-7 мың жүктіліктен 1- еу;
* Төртем т.б.- 54 млн жүктіліктен 1 - еу.

Барлығымызға белгілі жәндіктерде бір сәтте бірнеше баласын дүниеге әкеледі. Бұл овуляция кезінде бірнеше жұмыртқа бір мезетте дамып жетілуінен болады.Адамдарда және жануарлардың кейбір түрлерінде ұрықтану кезінде бір ғана жұмыртқа ұрықтанып,дамып жетіледі де,бір ғана бала дүниеге келеді.Кейде жұмыртқаның ұрықтанып,пісіп жетілуінің бастапқы даму кезеңінде зигота екі бөлікке бөлінеді. Бұл құбылыс бір жұмыртқалы - монозиготалы егіздердің тууына әкеледі.Бір жұмыртқалы егіздер бір зиготадан дамығандықтан гендері ұқсас,түрлері де, жыныстары да бір болады.Екі жұмыртқаның жеке - жеке дамып жетілу құбылысы да болады.Бұл екі жұмыртқалы - дизиготалы егіздердің тууына әкеледі. Олардың түрлері де,жыныстары да екі түрлі болады.

Егіздердің қандай түрлері бар?
Адамзат баласында егіздердің биологиялық феномені екі типте болады:
* Монозиготалы (бір жұмыртқалы егіздер)
* Дизиготалы (екі жұмыртқалы егіздер)

-9-

*
* Бір жұмыртқалы егіздер
* Екі жұмыртқалы егіздер
*
*
* Бір жұмыртқадан дамиды
* Екі жұмыртқадан дамиды
* Жатырдағы орны бір
* Жатырдағы орны бөлек
* Бір жынысты болады
* Бір және әр түрлі жынысты
* Түрлері бірдей болады
* Түрлері әр түрлі болады.
* Қан тобы бірдей
* Қан тобы бірдей және әр түрлі

* Бір жұмыртқалы егіздер (монозиготалы) генетикалық жағынан - ұқсас,бірдей,пара-пар,тең (идентичный).
* Екі жұмыртқалы егіздер (дизиготалы) генетикалық жағынан - әр түрлі,бір-біріне ұқсамайды,тең емес (неидентичный).
Монозиготалы және дизиготалы егіздерді зерттейтін ғылым гемеллология деп аталады.
Кей жағдайда эмбриондардың дұрыс бөлінбеуі салдарынан дене бөліктері мен ішкі ағза мүшелерінің дұрыс дамымай қалуынан монозиготалы сиам егіздері дүнеге келген.Кейбір жағдайда оларды күрделі операциялар жасау арқылы ажыратуға болады.
Кейбірі бөлінбей өсіп-жетіліп,өмірге бейімделгендері де бар.Дұрыс дамып жетілмеген егіздерде - екі егіздің біреуі ғана дұрыс жетілгендігі,ал екіншісінің дамуында дефектілері болатындығы кездеседі.Бұл сиам егіздерінің өмірге келуі сирек жағдай.
Дұрыс дамып жетілмеген егіздерді анықтайтын ғылым тератология деп аталады.Тератология сөзі грек тілінен аударғанда терас- құбыжық, ұсқынсыз , логос - ғылым деген мағынаны білдіреді.Құбыжық балалардың дүниеге келуі бір жұмыртқалы егіздер арасында пайда болған айырмашылықтарға генотиптің әртүрлілігі емес,ортаның физикалық және химиялық факторларымен қатар әлеуметтік жағдайлардың да әсері болады.
-10-
Құбыжық балаларды тудырушы факторлар: ультракүлгін сәулелер,ауыр металл тұздары,токсикалық заттар арақ,темекі жарақат алу. т.б.
Құбыжық балалар түрлері:
* Бір бала

* Бірнешеу (ұрықтанған жұмыртқаның алғашқы даму кезеңінде дұрыс бөлінбей қалуынан)

* Бірнеше құбыжық егіздерде симметриялы және ассиметриялы егіздер кездеседі. Генетиктердің анықтауы бойынша сиам егіздері 65-85 мың нәрестеден біреуі кездеседі. Мұндай егіздер елімізде Қызылорда облысының Шиелі аймағында 1998-2000 жылдары үш анадан туылғаны белгілі.
Генетиктерді қандай егіздер қызықтырады? Генетиктер үшін бір жұмыртқалы егіздердің дамып жетілуі қызықты. Олар дамып келе жатқан ағзаға қоршаған ортаның қалай әсер ететіндігін зерттеген.

Қала тұрғыны,барлық жағдайы бар. Ауыл тұрғыны,шаруа әйел.

Ағзаға әсер етуші белгі - генге қоршаған орта әсерінің нәтижесі.
1875 жылы Ф.Гальтон егіздік әдісті ұсынды. Егіздік әдіс бойынша:
1. Егіздердің екі типі болады: монозиготалы және дизиготалы;
2. Егіздік әдіс генотип ролін анықтауға көмектеседі және ортаға қатысты белгілердің пайда болуын анықтайды.
Егіздік әдіс бойынша тұқым қуалаушылық ауруларының көрсеткішін де көрсетуге болады.

-11-
Ауру түрлері
Бір жұмыртқалы егіздер
Екі жұмыртқалы егіздер
Шизофрения
69%
10%
Эпилепсия
67%
3%
Қант диабеті
65%
18%

Егіз балалардың жеке ағза жүйелерінің құрылымы мен қалыптасуының ерекшеліктері әр түрлі болуы мүмкін.Егіздер кезіндегі жүктілік ауыр болады, токсикоз,қан қысымы көтеріледі.

Егіздердің жүктілігі бір балаға жүктілік мерзімінен қысқа болады,егіздер көбіне толықтай жетілмей туылады. Босану жағдайы да қиын болады.Соның салдарынан егіздердің дамуы құрбыларымен салыстырғанда баяу болады.Басын ұстауы,отыруы,журе бастауы да баяу қалыптасады.Кішкентайларынан әлсіз болғандықтан, ауруға бейім болады.
Ақыл-ойының дамуы да баяу қалыптасады.Олардың тілдері де жай шығады, интеллектуалды көрсеткіштері де төмен болады.Егіздердің туғандағы салмағы да маңызды рөл атқарады,ең жеңіл егіздің интеллектісі төмен болады.Бала өскен сайын біртіндеп дамып отырады.Егіздердің жалғыз баладан айырмашылығы - екі бала психикалық және дене дамуы жағынан бір стадияда болады,бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста,бірге дамиды.Бұл керемет әлеуметтік жағдай болып табылады.Егіздердің психикасының дамуына олардың бір-бірімен қарым-қатынасы,қоршаған ортаның егіздерге қарым-қатынасы және ата-анасының қарым-қатынасы әсер етеді.
1.4 Монозиготалы және гетерозиготалы егіздер және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Дизиготалы егіздерге (ДЗЕ) алғашқы 2 түр тән болса, монозиготалы егіздердің (МЗЕ) өмірге келуі кезінде жоғарыда аталған барлық 4 түрі байқалуы мүмкін екен.
Егіздер тууының жиілігі әр популяцияда түрліше көрінеді, бірақ бұндай алуан түрлілік ДЗЕ-дің туу жиілігі айырмашылығының арқасында пайда болады, ал МЗЕ-дің туу жиілігі барлық популяцияларда шамамен бірдей қайталанады, яғни
-12-
тұрақты. МЗ немесе ДЗЕ-дің туу жиілігін қарапайым тәсіл арқылы анықтауға болады. МЗЕ әрдайым бір жынысты болса, ДЗЕ-дің бір жынысты не екі жынысты болып туу мүмкіндігі бірегей. Олай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Генетика жайлы жалпы мәлімет
Психогенетиканың қалыптасып дамуы жайлы ақпарат
Эволюциялық генетика
Биохимиялық әдіс
Генетика ғылымының даму кезендері
Тұқымқуалаушылықтың материалдық негіздері жүесі
Генетикалық аурулар
Биологияны оқыту әдісінің ғылымдармен байланысы
Тұқым қуалайтын аурулар. Медициналық-генетикалық кеңес
Тұқым қуалаушылық
Пәндер