Жеңіл атлетика туралы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Жүгіру. Жүру.
2 Биіктікке секру
3 Дала жарысы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті. Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен.
1 Дене тәрбиесі. Әдістемелік құрал Г.Маковецкая, Т.Васильченко, О.Меркель.Алматы кітап 2009ж.
2 Қ.Р. үздіксіз білім беру жүйесінде “Салауатты, денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру” тұжырымдамасы. – Валеология, дене тәрбиесі, 2003. №1.
3 Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы; Рауан, 1994.
4 Брусиловский М.В. Қазақстандағы дене тәрбиесі және спорт очерктері». Алматы, «Кітап», 2001.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жеңіл атлетика. Дене шынықтыру маңызы
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Жүгіру. Жүру.
2 Биіктікке секру
3 Дала жарысы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті. Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен.

1 Жүгіру. Жүру.
Жүгіру -- қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа -- 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа -- 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.
Жүру -- 20 шақырым спорттық жүріс. Лақтыру -- диск, найза, граната, балға, доп және ядро. Секіру -- орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.
Жеңіл атлетикалық көпсайыс -- көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар -- жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.
Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы -- жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолдана - ды. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.
Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші -- жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.
Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған орай мынандай жаттығуларды орындауға болады:
белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000 м) бір темппен жүгіріп өту (бірнеше рет қайталау);20-30 м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өту. 6-8 рет қайталанады;соқпақ жолды бір темппен жүгіріп өту (1000, 2000. 3000 м);белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту;аяқтың өкшесімен ғана жүгіру;аяқтың ұшымен жүгіру;жүреден отырып жүгіру;сыңар аяқтап секіріп, жүгіру;қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары жылдамдықпенжүгіру (20, 30, 40 м);қолды жерге тіремей төменгі сөреден жүгіріп шығу;белгілі бір қашықтықты аяқты артқа сілтеп жүгіру;белгілі бір қашықтықты арқамен алдыға қарап жүгіріп өту;30-40 м қашықтықты екі аяқтап секіріп жүгіру;30-40 м қашықтықты орында тұрып секіріп өту;30-40 м қашықтықты жүреден отырып жүріп өту.

2 Биіктікке секіру
Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі -- аттап секіру, екіншісі -алдыға қарай аунап секіру, үшіншісі -- шалқадан жатып өту. Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті -шалқадан жатып өту әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі аттап секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы аттап секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат -- итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.

3 Дала жарысы.

Қазақстан ауа райының жағдайына байланысты екі өңірден тұрады. Қысы жоқ жылы өңірі де, жылға жуық қары жататын солтүстік өңірі. Қысы жоқ, жылы өңірде шаңғы тебудің орнына дала жарысы өткізіледі. Дала жарысы барлық оқу орындарының дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.
Дала жарысы -- кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Жаттығушылар, болмаса жарысқа қатысушылар, ағып жатқан бұлақ суынан өтеді, секіре алмаса, айналып өтудің жолын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл Атлетиканыі Қазақстанда дамуы
Жеңіл атлетикаға кіріспе
Жеңіл атлетиканың шығу тарихы
Жеңіл атлетиканың даму жолы
Жеңіл атлетиканың түрлері
Жеңіл атлетика спортының даму тарихы
«Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі» оқу құралы
Жеңіл атлетика жайлы
Жеңіл атлетиканы дамыту
Жеңіл атлетика түрлері
Пәндер