П. Сорокиннің жалпы әлеуметтік теориясы


Кіріспе
ХХ ғасырдың басында қоғамды зерттеу жұмысының ішіңде методология мен теория проблемалары өздерінің лайықты орнын таба бастаған уақыт туды. Әлеуметтанудағы эмпирикалық зерттеуді теориялық зерттеумен біріктіру идеясын Р. Мертон өзінің "Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым" деген еңбегінде өзекті мәселелердің бірі етіп қойды. Оның пікірінше, бұларды біріктірудің "алтын ғасыры" басталды. Р. Мертонның идеялары эмпиризмнің баса-көктеуіне қарсы, зерттеушілерді теориялық ізденістерге қатыстыруға бағытталды. Теориялық зерттеулерге П. Сорокиннің (1889-1968 жж. ) методологиялық және теориялық концепциялары да ықпал етті. Бұл белгілі әлеуметтанушы ғалым алғашқы маңызды еңбектерін Ресейде, кейін АҚШ-та жазды. Оның көптеген ғылыми еңбектері халықаралық деңгейде мойындалған еді. Солардың арасында "Революция әлеуметтануы", "Қазіргі әлеуметтанулық, теориялар", "Әлеуметтік және мәдени мобильдік", төрт томдық іргелі шығарма: "Әлеуметтік және мәдени динамика" және т. б. бар. П. Сорокин әлеуметтануды теориялық және практикалық деп бөледі. Теориялық әлеуметтануды ол үш бөлімге: әлеуметтік аналитикаға, әлеуметтік механикаға, әлеуметтік генетикаға бөлді. Әлеуметтік аналитика әлеуметтік құбылыстың құрылымын және оның негізгі формаларын зерттейді. Әлеуметтік механиканың (немесе әлеуметтік физиологияның) пәні - адамдардың өзара әрекет ету процестері, басқаша сөзбен айтқанда, адамдардың басқа да күштердің мінез-құлығын анықтауы, тигізер әсері. Әлеуметтік генетика әлеуметтік өмірдің дамуын, оның жекелеген жақтары мен институттарын зерттейді.
Негізгі бөлім
- П. Сорокиннің жалпы әлеуметтік теориясы
Белгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин (1889-1968 ж. ж. ) - тегі орыс американдық социолог, 40-тан аса кітап, бірнеше жүз мақала жазған ірі ғалым. 1922-ші жылға дейін Ресейде тұрып, кейін Батыс Еуропа елдеріне эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. АҚШ-та қызмет ете жүріп, эмпирикалық әлеуметтанудың зерттеу тақырыптары үлкен әлеуметтік мәселелерді қамти алмағанын байқап, оны өткір сынға алдыОның шығармалары әлеуметтанудың дамуының сапалық жаңа кезеңін бастайды. Ол әлеуметтік стратификация, яғни қоғамда топқа, жікке бөліну және әлеуметтік мобильдік (қозғалу, ауысу) мәселелеріне эмпирикалық зерттеу жүргізе отырып, бұларды әлеуметтік ірі мәселелермен, мысалы, қоғамның әлеуметтік құрылымымен тығыз байланыстырды. Одан әрі ол қоғамның жалпы өзгерісін, қозғалысын осы алуан түрлі қоғамды құратын элементтердің атқаратын қызметімен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Осындай элементтердің бірі ретінде Сорокин әлеуметтік институттарды алды. Осыған орай ол әлеуметтік институттардың, оның негізгі түрлері: мектептің, бюрократияның, әскердің, мамандандырылған ұйымдардың, шіркеудің, т. б. әлеуметтік мобильдікке қандай әсерлері бар екенін зерттеді. Сорокин қоғамдық ғылымдардың осы күнге дейін жинағандарының негізінде интегралды әлеуметтануды жасайды. Кірігуші әлеуметтану мәдениетті кең мағынада ұғындырады, сондықтан бірыңғай тұтастыққа қоғам өмірінің социологиялық зерттеуге жататын барлық қырларын үйлестіреді. Орыс революциясының тәжірибесін қорыту барысында Сорокиннің шығармашылық өзгеруі марксизмнен идеализм бағытына қарай жүреді. Сорокин социологиясының тәсілнамалық мәселелеріне көп көңіл аударады. "Әлеуметтанушылар қанша болса, әлеуметтанулар да сонша. " Әлеуметтану ғылым ретінде ұғынылуын "әлеуметтік" сияқты түсініктерге берілетін мағынаға байланысты шешеді.
Дара адамдардың өзара әрекеті - әлеуметтік құбылыстың қарапацйым үлгісі және әлеуметтік талдаудың әмбебапты негізі, өйткені "қоғамдық өмір мен барлық әлеуметтік үдерістер құбылыстарға, әрі екі не одан көп адамдардың өзара әрекеттестік үдерістеріне бөліп ажыратылады; тағы кері әр түрлі өзара әрекеттер үдерістерін қиыстырып біз қоғамдық үдерістердің күрделісінің күрделісі, танго мен футуризмге елігуден бастап дуниежүзілік соғыс пен революциялармен аяқтап, әлеуметтік оқиғалардың кез келгенін шығарып алуымызға мүмкіндігіміз бар. "
Әлеуметтану - дейді Сорокин, ерекше "сыртқы болмысына" не болатын және тікелей байқауға жарайтын әлеуметтік құбылыстарды, яғни әрекеттестікке болатын адамдардың жүріс - тұрысын. Бүкіл әлеуметтік өмір - ол өзара әрекетте болатын шексіз ұласпалы қимылдар мен оларға қарсы бой көрсетулерден тұратын тарихи үдеріс. Әлеуметтану барлық мәселелерді тұлға-қоғам-мәдениет құратын айырылмас үш таған арқылы қарайтынын Сорокин дұрыс деп тапты. Оның негізгі айналысатын мәселесі тұлғаны қалыптастыратын және оның басқа тұлғалармен өзара қатынасының сипатын анықтайтын әлеуметтік - мәдени кеңістікпен ісі болады.
Сорокин әлеуметтанудың құрылымын жасап, оны жалпы және арнаулы деп бөледі. Жалпы әлеуметтану әлеуметтік - мәдени құбылыстардың түрлерінің қасиеттері, қатынастары мен заңдылықтары жөніндегі теория, ол өзі тағы жалпы құрылымдық және жалпы динамикалық социологияға бөлінеді. Арнаулы әлеуметтануларға салалық жіктелуді көрсететін теорияларды - экономикалық, ауыл шаруашылық, соғыс, дін, отбасы, өнер және т. б. айтады. Әлеуметтану жинақтап қорытушы ғылым ретінде әлеуметтік - мәдени жүйені тұтастық деп қарайды. Басқа қорытындылаушы ғылымдар - экономика, саясаттану, құқықтану - әлеуметтік - мәдени кеңістіктің бір саласын зерттейді, ал социология барлық салалардың әлеуметтік құбылыстарының белгілерін, нышандарын зерттейді. Әлеуметтану арнаулы қоғамдық ғылымдар үшін тірек, тәсілнамалық негіз болады.
П. А. Сорокин әлеуметтанудың ірі тұжырымдамасын жасап, дүние жүзіндегі өзгерістердің болашағын түсіндірді. Оның бұл жөнінде екі тұжырымдамасы болды. Олардың біріншісі, әлеуметтік-мәдени динамика, екіншісі - қоғамның тұтастық (яғни, біріктіруші) тұрпаты. Бірінші тұжырымдасына қандай да бір тарихи өзгеріс болмасын, оны мәдени типтердің дамуы ретінде қарады. Ал, мұндағы әрбір мәдени тип бір бүтін ерекше құбылыс ретінде көрінеді. П. Сорокиннің пікірінше, осындай негізгі топтардың үш түрі болады. Олар: сезімдік, ақыл-парасаттылық (рациональный), идеалистік. Біріншісінде нақты дүниені тікелей сезімдер арқылы қабылдау, екіншісінде ақыл - парасатқа, ақылға жеңдіру арқылы, үшіншісінде - интуицияның (яғни, жорамалдап сезінудің) басым болуы арқылы іске асырылады. Осылай мәдени типтің әрқайсысы дамып отырады және олар қоғамның ілгері дамуының әрбір кезеңіне тән.
П. Сорокиннің әлеуметтік мәдени тұжырымдамасы қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің пайда болатын көзін және қозғаушы күштерін анықтайды. Одан әрі олардың диалектикасын анықтаудың әрекеті, талабы болады. Қоғамның бірігу тұрпаты туралы тұжырымдамасында П. Сорокин өзінің болашаққа көзқарасын тұжырымдады. 60-жылдары оның бұл тұжырымдамасы конвергенция тұжырымдамасының негізгі құрамында болды, өйткені П. Сорокиннің бұл тұжырымдамасы қоғамның алуан түрлі ұйымдары мен жүйелерінің арасындағы байланыс-қатынастарды және адамзат қоғамының талап-тілегіне оларды пайдалануды нақты түрде көрсетті. Олардың ішінде меншік түрлері мен саяси құрылымдағы плюрализм (алуан түрлілігі), еңбекті жөне экономикалық тәртіпті ынталаңдыру, басқа елдермен қарым-қатынастардың, әдіс-тәсіддерін жоспарлау, т. б. болады. П. Сорокин жалпы адамзат қоғамы қиын-қыстау жағдайды басынан өткізіп, өзгеріп отырса да, ол әруақытта бірігу бағытына қарай дамитындығын атап көрсетті.
- П. Сорокиннің әлеуметтік - саясы және әлеуметтік қызметі
"Әлеуметтану жүйесі" атты туындысында П. Сорокин әлеуметтанудың ғылыми принциптерін жан-жақты, толық етіп баяндайды. Оның пікірінше, әлеуметтану ғылым ретінде жаратылыстану ғылымдарының типі сияқты құрылуы тиіс. 'Табиғат туралы ғылым" мен "мәдениет жөніндегі ғылымды" бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды. Өйткені басқа ғылымдардың зерттеу объектілері әр түрлі болғанымен олардың бұл объектілерді зерттеу әдістері бірдей. Әлеуметтану дүниені зерттегенде өзгеріссіз, сол қалпында қарастыруы қажет. Кез келген нормативизм, яғни ғылымға адамгершілік және басқа да субъективтік нормалар тұрғысынан қол сұғулар әлеуметтанудан біржола аластатылуы керек. Бұл тұрғыдан алғанда шындық, қайырымдылық, әділеттілік және т. б. сол сияқты принциптер мен нормалардан бөлінуі тиіс. Әлеуметтану "объективтік пән" болуы керек, яғни адамдардың объективтік өлшеуге және зерттеуіне қолайлы нақты өзара әрекеттерін қарастыруы қажет. Әлеуметтану тәжірибелік және нақты ғылым болғысы келетіндіктен кез келген философиялық, құрғақ ой түріндегі пайымдаулардан, ғылымда дәлелденбеген құрулардан бас тартуы тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда жақсы жасалған статистикалық диаграмма қандай да болсын әлеуметтік-философиялық трактатқа тұрарлық. Философиялық пайымдаудан алшақтау - монизм идеясынан да, яғни кез келген құбылысты қайсыбір бастауға апарып қоса салудан да бас тарту болып саналады. Монизмнің орнына П. Сорокин табанды әлеуметтанулық плюрализмді ұсынды.
П. Сорокин әлеуметтануды теориялық және практикалық деп бөледі. Теориялық әлеуметтануды ол үш бөлімге: әлеуметтік аналитикаға, әлеуметтік механикаға, әлеуметтік генетикаға бөлді. Әлеуметтік аналитика әлеуметтік құбылыстың құрылымын және оның негізгі формаларын зерттейді. Әлеуметтік механиканың (немесе әлеуметтік физиологияның) пәні - адамдардың өзара әрекет ету процестері, басқаша сөзбен айтқанда, адамдардың басқа да күштердің мінез-құлығын анықтауы, тигізер әсері. Әлеуметтік генетика әлеуметтік өмірдің дамуын, оның жекелеген жақтары мен институттарын зерттейді. Әлеуметтік құбылыстың дамуы оның құрылымымен және өзге құбылыстармен өзара әрекет етуі арқылы анықталады, сондықтан да әлеуметтік генетика әлеуметтік аналитиканы және әлеуметтік механиканы өз құзырына біріктірген.
Практикалық әлеуметтану қолданбалы пән ретінде сипатталады. Теориялық әлеуметтану қалыптастырған заңдарға сүйене отырып, ол алға қойылған мақсатқа орай қоғам мен адамға әлеуметтік күштерді басқаруға көмектесуі қажет. Практикалық әлеуметтану, түптеп келгенде, әлеуметтік саясат ретінде де көрінеді, өйткені ол әлеуметтік саясатты бағыттайды және дәлелдейді.
"Әлеуметтану жүйесі" еңбегінде П. Сорокин ең алдымен әлеуметтік мінез-құлықты және адамдардың қызметін, әлеуметтік топтарды және қоғам құрылымын, сонымен қатар оларда жүріп жатқан әлеуметтік процестерді неопозитивтік әлеуметтанудың зерттеу объектілері етіп алады. Бүкіл қоғамдық өмір және барлық әлеуметтік процестер құбылыстарға және екі немесе одан да көп индивидтердің өзара әрекет процесіне ажырайды. Міне, осы адамдардың әзара әрекеттері әлеуметтанудың тікелей зерттеу пәні болуы тиіс. Бұл жерде әңгіме индивидтердің мінез-құлқы мен қызметінен сырттай байқалатын "психорефлекторлық" өзара әрекет туралы болып отыр. Конттың позитивизмінен Сорокиннің неопозитивизмінің мәнді ерекшелігі осында. Конттың позитивтік әлеуметтануы қоғамды тұтас әлеуметтік организм ретінде зерттесе, Сорокиннің неопозитивтік әлеуметтануының тікелей зерттеу пәні болып екі немесе шағын топтар деп аталатындарды құрайтын бірнеше адамдардың өзара әрекеттері қарастырылады. Осындай қарапайым өзара әрекеттерден әр түрлі әлеуметтік процестер қалыптасады. Екі индивидтің озара әрекетін П. Сорокин қарапайым әлеуметтік құбылыс ретінде сипаттайды. Бір иңдивидтің психикалық әсерленушілігі немесе сыртқы әсерлердегі өзгерістер келесі бір индивидтің әсерленушілігі және сыртқы әсерлер арқылы пайда болады. Мұндай өзара әрекетті Сорокин "әлеуметтік клеткалар" деп атаған, сол клеткалардан барлық қалған жеңіл және күрделі қоғамдық құбылыстар қалыптасады.
П. Сорокин жоғарыда аталған шығармаларында "күрделі әлеуметтік агрегаттарды", алуан түрлі әлеуметтік топтарды, олардың құрылымдарын және өзара әрекетін зерттейді. Ол әлеуметтік топтарды топтастырудың біржақты және көпжакты критерийлерін ұсынды. Осы критерийлерге сәйкес әлеуметтік топтар бір ғана белгісімен, айталық, тіл, территория, жынысы немесе көптеген белгілеріне қарай бөлінеді. Коптеген белгілеріне орай таптар, ұлттар және басқа да күрделі, әсіресе әлеуметтік біртекті топтар бөлінді.
Сорокин "әлеуметтік координата әдісіне" сай адамда неғұрлым ақпарат көбірек болса дейді, соғұрлым дәлірек оның әлеуметтік мінез - құлқының себептері және оның қоғамдағы рөлі, оның әлеуметтік жағдайы ашық көріне бастайды. Сорокиннің жіктелу теориясы марксистік таптық анықтамадан көбірек. Маркс экономикалық белгіге көңіл бөледі. Сорокин көп түрлі әлеуметтік құрылымның көлденең және тігінен болатын топаралық және топтың ішінде болатын айырмашылықтарды жан - жақты көрсетеді.
Қоғамның біртекті еместігі, оның түрлі әлеуметтік топтарға объективтік бөлінуі П. Сорокиннің әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильдік теорияларынан көрініс тапты. Бұл теориялар бойынша бүкіл қоғам әр түрлі қабаттарға - страттарға болінеді, олар өз арасында табыс деңгейлеріне, қызмет түрлеріне, саяси көзқарастарға, мәдени бағдарларына және т. б. қарай өзгешеленеді. Әлеуметтік стратификацияның негізгі формаларына П. Сорокин экономикалық, саяси және кәсібилікті жатқызған. Оның пікіріне қарағанда, әлеуметтік стратификация қоғамның табиғи және әдеттегі жағдайы. Ол қоғамда орын алып отырған қоғамдық еңбек болінісі, мүлік теңсіздігі, түрлі саяси бағдарлар және тағы басқаларымен объективті түрде қамтамасыз етіледі.
Өзінің мамандығын немесе қызмет түрін, экономикалық жағдайын немесе саяси көзқарастарын өзгерткен кезде адам әлеуметтік топтың бірінен екіншісіне өтеді. Бұл процесс әлеуметтік мобильдік деген атқа ие болды. П. Сорокин әлеуметтік мобильдікті горизонтальды және вертикальды деп ажыратады.
Горизонтальды мобильдік адамның әлеуметтік топтың бірінен келесісіне өтуін білдіреді, әлеуметтік стратификацияның өзгеріссіз деңгейінде қалған адам, айталық, село тұрғыны қала тұрғынына ауысса да, бірақ оның мамандығы және табыс деңгейі бұрынғы қалпында қалады. Вертикальды мобильдік деп адамдардың әлеуметтік жіктің бірінен екіншісіне иерархиялық тәртіппен өтуін, мысалы, қоғамның томенгі жігінен жоғарғысына немесе керісінше, жоғарғы жіктен төменгі жікке өтуін айтады. Вертикальды мобильдіктің болуының объективтік негізі - көбінесе адамдардың экономикалық теңсіздігінде. Дәлірек айтқанда, халық ішіндегі жіктердің табыстарының әр түрлі болуы, байлар мен кедейлердің өмір сүру деңгейлерінің әр түрлі болуы. Осыған орай адамдар қайсыбір қатынаста жоғарғы жікке жатады, әдетте басқа да параметрлер бойынша да сол жікте немесе керісінше болады. Жоғары экономикалық жіктің өкілдері бірден жоғары саяси және кәсіби жіктердің қатарына жатады. Мүліксіздер, әдетте, азаматтық құқығынан айырылады және кәсіби иерархияның төменгі жігіне орналасады. Әлеуметтік мобильдіктің жалпы ережесі осындай.
П. Сорокин әлеуметтік мобильдікті де әлеуметтік стратификация сияқты табиғи және сөзсіз болатын құбылыс деп қарайды. Әлеуметтік мобильдік әлеуметтік стратификация негізінде өмір сүреді.
3. Біздің замандағы П. Соркиннің өзекті идеясы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz