Алматы қаласы туралы ақпарат



Алматы қаласы (Бұрынғы кездері Верный және Алма-Аты деп аталған) – Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Респбуликасының оңтүстік –шығысында орналасқан. Алматыда 1 185 900 адам тұрады. Қаланың аумағы – 170 шаршы километр.
Алматы қаласы 6 ауданнан тұрады: Алмалы, Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандары. Сонымен қатар әкімшілік бағынышта кенттер, ауылдар бар.
Алматы қалалық әкімшілігі мынадай департаменттер мен басқармалардан тұрады.
Қала тұрғындарының жартысынан көбін қазақтар құрайды. Қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар, татарлар, украиндар және т.б. ұлт өкілдері тұрады. Шетелдіктердің ішінде ең көбі түріктер. Бейресми деректер бойынша халық саны 2 миллионды, ал респи дерек бойынша Алматыда 1,3 миллионды қоныстайды.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Алматы қаласы (Бұрынғы кездері Верный және Алма-Аты деп аталған) –
Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле
Алатауының баурайында, Қазақстан Респбуликасының оңтүстік –шығысында
орналасқан. Алматыда 1 185 900 адам тұрады. Қаланың аумағы – 170 шаршы
километр.
Алматы қаласы 6 ауданнан тұрады: Алмалы, Алатау, Әуезов, Бостандық,
Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандары. Сонымен қатар әкімшілік бағынышта
кенттер, ауылдар бар.
Алматы қалалық әкімшілігі мынадай департаменттер мен басқармалардан
тұрады.
Қала тұрғындарының жартысынан көбін қазақтар құрайды. Қазақтардан
басқа орыстар, ұйғырлар, татарлар, украиндар және т.б. ұлт өкілдері тұрады.
Шетелдіктердің ішінде ең көбі түріктер. Бейресми деректер бойынша халық
саны 2 миллионды, ал респи дерек бойынша Алматыда 1,3 миллионды қоныстайды.

1854 жылғы ақпанның 4-де Іле Алатауының баурайында Ресей империясының
әскери қамалы Верныйдың қалануымен қала тарихының жаңа кезеңі басталды.1854
жылдың күзінде Верный қаласының құрылысы аяқталды. Верный қамалының бір
жағы Кіші Алматы өзенінің бойымен орналасқан, ағаштан құрылған бесбұрыш
пішінде салынды.
1867 жылы сәуірдің 11-де Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск
қаласы аталды. Бірақ сол жылы Дала коммиссиясының баяндамасы бойынша
қаланың аты Верный болып қайта өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол
кездегі реформаларға байланысты болды. Верный өзімен аттас Верный уезі
мен Жетісу ауданының орталығына айналды. 1921 жылы 5 ақпанында аудан
комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы
шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деген атқа ие болды. Бұл шешім
бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитеті: Қалалық революциялық орталық
мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма-Атаға
өзгертілсін деген бұйрық шығарды.
1993 жылғы шешім бойынша қала атауы орыс тілінде Алма-Атадан Алматыға
ауыстырылды. 1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы
жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми,мәдени, тарихи, қаржылық
және өндірістік орталық болады.

Өнеркәсібі
2005 жылы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша қала аумағында 1668
өнеркәсіптік кәсіпорын тіркелген. Олардың 168 – ірі орта (қызметкер саны 50
адамнан асады). Жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі – 77,7%. Жалпы алғанда,
қала бойынша ірі және орта кәсіпорындары өнім өнідірісін 2004 жылы алдыңғы
жылға қарағанда 10,2% ұлғайтты.
Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы қала бойынша өсуін өңдеу өнеркәсібінің
кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Осы қала бойынша өндірілген өнімнің
көлемі есеп беру беру кезеңіне 156311,8 млн теңгеге жетті.
Алматы – Қазақстанның ірі өнеркәсіп және қаржы орталығы. Мұнда машина
жасау өнеркәсібінің Алматы ауыр машина жасау зауыты, Поршень зауыты,
Электроприбор, жеңіл өнеркәсіпте Жетісу, Қыз Жібек, т.б. іргелі
акцион қоғамдары жұмыс істейді. Қалада 11 494 жеке меншік, 513 біріккен
кәсіпорын, 317 шетелдік кәсіпорын бар. Олар 1997 ж 41,5 млдр теңгенің
өнімін шығарды. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары 11 мыңнан асады.
Алматыда 54 дербес банк және 30 банк филиалы жұмыс істейді.
Қазіргі таңда ААҚОАСА мистігінде++++ 14 элемент бар – Астана -
Финанс АҚ, Кредит АҚ, Қазақстан ипотекалық компаниясы АҚ, Концерн
Цесна Астық ЖШС, Экотон, АҚ МАG, АҚ Қазақтелеком, АҚ
Қазкомерцбанк АҚ, Темірбанк Ақ АТФ БАНК.Қала кәсіпорындары АҚШ,
Италия, Туркия, Германия және Ресей фирмаларымен іскерлік қатынастары
дамуда.Алматы- еліміздің ең ірі көлік байланыс торабы. 1992 жылы маусымда
Алматы-Үрімші тас жолы көлігі тұрақты қатынай бастады. Алматы әуежайы
Жер шарының кез келген мемлекетімен байланысуға мүмкіндік береді. Қала
қаржы мен сауданың халықаралық орталығы мәртебесін сақтап қалды.
Алматы - Алматы қаласына арналған энциклопедиялық – анықтамалық
басылым. 1983 жылы Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы әзірлеп,
баспадан шығарған. Қазақ және орыс тілдерінде жеке-жеке басылған Кітапқа
барлығы 1722 мақала енгізілген. Басылым түрлі-түсті суреттермен көркем
безендірілген. Көлемі – 77,5 бет, таралымы – 30 мың дана. Кітап
Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласымен оның төңірегінің
табиғаты, халқы, тарихы, экономикасы, қала құрылысы мен архитектурасы,
халық ағарту ісі, физкультура мен спорт, бейнелеу өнері, театры, музыкасы,
кино өнері, халықаралық байланыстары туралы мәліметтер береді.
Энциклопедиясының алфавиттік бөлімінде астана аудандары, кәсіпорындар,
мекемелер мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баспасөз қызметінің құралдары
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Алматы қаласының әкімдігінде өткізілген өндірістік тәжірибе бойынша
Салық комитетінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Нұр - Сұлтан қаласының экологиялық жағдайы
Гендерлік саясат оны қаржыландыру
Қызметтік хаттар және олардың түрлері
Алматы облысының 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасына талдау
Мемлекеттік тілде іс - қағаздар жүргізу ережелері
Стоматология кабинети
Пәндер