Қартаю


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қартаю

Жекеленген адамдардың өмір ұзақтығы- белгілі бір уақытпен шектеліп, бұл дүниемен қоштасу болып табылады.

Бұл дүниеге келген тіршілік иелерінің барлығы міндетті түрде өмірдің барлық сатыларынан өтіп, соңында қартаяды және көз жұмады.

Қазіргі заманда қартаю мен кәрілік мәселелері үлкен әлеуметтік мәселеге айналып отыр. Жақсы дамыған мемлекеттерде ( Жапония, Америка, т. б. ) адам жасының орташа ұзақтығы 76 жылдан асып отыр. Соған байланысты халықтардың 13℅- ына, кейбір мемлекеттерде 20℅- ына дейін қарттардың үлесіне тиеді және олардың саны жылдан жылға көбейіп бара жатыр. Олар жұмысқа жарамайды және жиі сырқаттанады. Қартаюдың заңдылықтарын зерттейтін ілім герантология және жастары ұлғайған адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім гериатрия қазір қатты дамып келе жатыр.

Қартаю кезіндегі организімнің өзгерістері.

Тұтас организм деңгейінде кәрілік кезінде, шаш ағарып түсе бастайды, көздің көруі, құлақтың естуі нашарлайды, тіс түседі. Тері жұқарып, құрғайды. Сол себептен ол қатпарланып, бетте әжім пайда болады. Сонымен қатар адамның қол жұмысын атқаруға қабілеті төмендейді. Бұл кезде адамның қоршаған орта жағдайларына бейімделу мүмкіншілігі азаяды. Сондықтан бір себептен болмаса, екінші бір себептен кәрі адамның көз жұмуы даусыз.

Қартаю кездегі жүйелердің өзгерістері.

Қартаю кезінде мидың сыртқы қыртысының кейбір қабаттарында нерв жасушалары азайып, глия жасушалары көбейеді. Қартаю кезінде жадыда сақтау қабілеті бұзылады, оқуға құштарлық азаяды. Бірақ бұрында қалыптасқан әдет, сөз қоры, алынған білім жастық ұлғаюына қарай көп өзгермейді.

Қартаю кезінде қан айналым жүйесінде көрнекті өзгерістер дамиды. Бұл кезде жүректің жиырылу күші, қанның минутына көлемі азаяды.

Қарттарда басқа жүйелерінде де өзгерістер пайда болады, сүйекте қан өндірілу азаяды, бүйректің қызметі әлсірейді. Ішек- қарынның сөл шығару қабілеті төмендейді, бұлшық еттердің күші және талдағыштардың (анализаторлардың) функциялары әлсірейді.

“Стресс” және оның маңызы.

“Стресс” (ағылш. Stress- зорлану, күштену, қиналу) деп қоршаған ортаның кез келген қолайсыз әсерлеріне организмнің арнайыланбаған бірбеткей серпілістермен жауап қайтарумен көрінетін, оның қорғану бейімделу мүмкіншіліктерін жаңа деңгейде қалыптасуын айтады. Адам үшін жағымсыз сөздің стресс жағдайын дамытуда маңызы өте үлкен.

“Стресс” атауын медицинаға Канада ғалымы Ганс Селье алғаш XX ғ. 60- жылдары енгізді. Бұл ғалымның айтуы байқауы бойынша әсер еткен қолайсыз ықпалдардың (ол жарақатпа, жұқпама, химиялық уланума немесе ауыр қайғы-қасіретпе) түріне қарамай оларға организм әрқашан бірбеткей жауап қайтарады.

Стресстің организм тіршілігінде маңызы өте үлкен. Оның әсерінен организмнің тіршілігінде қажетті барлық мүмкіншіліктерінің жұмылдырылуы болады. Осыдан ұдайы өзгеріп тұратын қоршаған ортаның жағдайларына организмнің икемделіп, бейімделу мүмкіншіліктері артады.

Г. Сельенің пікірі бойынша кез келген стрессор алдыңғы гипофизге әсер етіп, онда кортикотропин түзіліп шығуын күшейтеді. Ол өз алдына бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатына әсер етіп, глюкокортикоидтық гормондардың өндірілуін артырады. Мәселен, жануарлардың алдыңғы гипофизін немесе бүйрек үсті бездерін сылып тастағанда, кез келген ықпалдарға олардың төзімділігі қатты азайып, бұл жануарлар тез жан тапсырады.

Стресстің адаптациялық маңызы.

Стресстің адаптациялық әсерлері мына жолдармен болуы мүмкін:

  1. Жағымсыз ықпалдың әсерлерінен организмде энергиялық және құрылымдық заттардың жұмылдырылуы болады. Осыдан қанда глюкозаның, аминқышқылдарының, май қышқылдарының, нуклейдтердің деңгейі көтеріледі. Бұл зат алмасу өнімдері «жүйелік құрылымдық із» қалыптасатын адаптацияға жауапты функциялық басым жүйеге бағытталады. Ал, адаптацияға қатыспайтын басқа ағзалар мен тіндерде нәруыздардың ыдырауы артып, олардың түзілуі азаяды.
  2. Стресс кезінде катехоламиндердің әсерінен жасушалардың қабықтарында фосфолипаза, липаза, май қышқылдарының асқын тотығуы артады. Осыдан адаптацияның бастапқы сатыларында көрсетілген нәруыздардың әсерленуі организмнің бейімделу мүмкіншіліктерінде маңызды орын алады.
  3. Стресс кезінде анаэробтық гликолиздің артуы ағзалар мен тіндердің гипоксияға төзімділігін көтереді.
  4. Стресстен кейін нуклейн қышқылдары мен нәруыздар түзілуінің артуы барлық ағзалар мен тіндерге тарайды. Осының нәтижесінде әртүрлі жүйелік «құрылымдық ізер» қалыптасады және мида жаңа шартты байланыстардың бекуінен бастап, организмнің иммундық жауаптарына дейін көптеген бейімделістік серпілістер дамиды.

Сонымен, стресс дамуының бір жағынан организмнің қоршаған орта ықпалдарына бейімделу үшін адаптациялық маңызы болса, екінші жағынан көптеген аурулардың дамуын туындатуы мүмкін.

Стресстің дерт дамуындағы маңызы.

Стресс адамда дерттердің пайда болуына мына екі жағдайда әкелуі мүмкін:

  1. Организмге әсер еткен ықпалдың қарқыны тым артық болып, стресс дамытатын жүйенің белсенділігі қатты көтеріліп кетуінен.
  2. Стрессті шектейтін жүйенің туа біткен немесе жүре пайда болған тапшылықтарынан.

Жоғары көрсетілген екі жағдайда да организмге әсер еткен қолайсыз ықпалдарға жауап ретінде адаптацияға жауапты функциялық басым жүйе және «жүйелік құрылымдық із» қалыптаспайды.

Осылардың нәтижесінде стресс асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы, гипертониялық ауру, атеросклероз, жан- дүниелік және тері аурулары, ісіктердің т. б. с. дерттердің дамуын туындатуы мүмкін.

Тұқым қуатын аурулардан алдын -ала сақтандыру және емдеу жолдарының негіздері.

Қазіргі жағдайда тұқым қуатын аурулардан сақтандырудың негізгі жолы болып тұқым қуатын дерттері бар отбасыларын медициналық генетикалық емханаларда зерттеуден өткізу есептеледі. Генетикалық емхананың негізгі мақсаты -ауру баланы тудырмау. Ол үшін гендік ауруы бар отбасында шежіре тарату, гендік болжау тәсілі және керекті биохимиялық, цитогенетикалық ажыратулар арқылы ауру баланың туу мүмкіншілігін дәл есептеу керек. Тұқым қуатын ауруларды емдеу мүмкіншіліктері қазіргі уақытта берік орын алып келеді. Потогенездік емдеу әдістерінің қағидалары төмендегідей:

  1. Орын толтыратын терапия-организмге өзінде жоқ немесе жетіспейтін биохимиялық заттарды енгізу. Мысалы, гемафилияны емдеу үшін антигемафильдік глобулинді енгізді.
  2. Витаминотерапия- витаминдерді қалыпты мөлшерден 10 тіпті 100 есе үлкен мөлшерде енгізу.
  3. Метаболизмді арттыру (индукция) немесе кеміту (ингибиция) . Индукция - әртүрлі дәрілерді пайдаланып, жетіспейтін ферменттердің түзілуін арттыру. Ингибиция- зат алмасу процестерін төмендетеді. Мысалы, подагра кезінде зәр қышқылының түзілуін тиопуринолмен төмендетуге болады.
  4. Хирургиялық емдеу тұқым қуатын даму ақауларын (жырық ерін, тесік таңдай, полидактилия ж. б. ) емдеуге қолданылады. Тұқым қуатын сфероцитозда көкбауырды алып тастайды. Тұқым қуатын потологияларда эмбриондық тимусты жапсыру немесе оны алып тастау арқылы емдеу.
  5. Диетотерапия- көпшілік тұқым қуатын ауруларда емдеу мен профилактиканың жалғыз потогенездік және өте нәтижелі әдісі. Көпшілік тұқым қуатын ауруларда тиісті қоректенумен зат алмасудың бұзылуын түзету жете зерттелген. Қиыншылығы бұл ауруларда бала туғаннан кейін бірінші жұмада анықтау керек. Бірақ ол әрқашан сәтті аяқтала бермейді. Сонымен баланың бірінші 2-3 айлығында фенилкетонурия анықталса осы әдіспен емдеу оның қалыпты дамуын қамтамасыз етеді, 3 айдан бір жасқа дейін анықталғанда емдеу тек 26℅ қанағаттанарлық нәтиже береді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қартаю кезіндегі жасушалардың өзгерістері
Қартаю теориясы
Қартаю теориясы мен тұжырымдамасы. Қарттарға күтім
Қартаю жайлы мәлімет
Қартаюдың молекулалық генетикалық механизмі
Халықтың қартаю үдерісі
Ағзаның қартаю құбылыстары және герантология мәселелері
Ағзаның қартаю құбылысы
Қартаюдың молекулярлы-генетикалық механизмі
Қартаюдың молекулалық-генетикалық механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz