Ғаламдастыру дәуіріндегі жалпы білім берудегі адамгершілік тәрбие: Қазақстан тәжірибесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ғаламдастыру және адамгершілік тәрбиесі.

Үшінші мың жылдықтың табалдырығын аттаған кезеңде мектептің алдына қоятын ең басты мәселе - қазіргі заманның өркениетті, проргресшіл бағытына сай, азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, өзге елдердегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Бірақ, дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және оған байланысты әлеуметтік-экономикалық, психологиялық, педагогикалық мәселелер күннен-күнге күрделілене түсуде. Қазіргі әлемде өршіп жатқан соғыс, ұрыс-керіс жағдайлары және апаттарды болдырмаудағы барлық адамзаттың және әрбір жеке адамның ролі мен жауапкершілігін күшейту өте қажет болып отыр. Сонымен бірге бүгінгі күні темір қоршаулардың бәрі алынып, бүкіл дүние жүзі ортақ ақпараттық кеңістікте өмір сүруде, мысалы, ЮНЕСКО, интернет жүйесі, компьютерлендіру бағдарламалары, ғарышты игеру, бүкіл әлемдік қуатты коорпарациялар, халықаралық туристік ұйымдар, әлемдік қаржы институты, т. б. яғни, әлем халықтары өміріне ғаламдастыру үрдісі тамырын жая бастады.

Сондықтан, ХХІ ғасырды - ғаламдастыру дәуірі деп атауымызға әбден болады. Осыған орай, ғаламдастыру жағдайында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу , «ғаламдастыру» ұғымының мәнін ашуды мақсат етіп қойдық. .

Соңғы кездегі айтулы оқиғалардың бірі, дербес мемлекет болғаннан кейін, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ұсынысымен, тарихымыз бен дүниетанымымыздағы қалыптасқан ұғымдар мен түсініктерді, әлемге деген көзқарасымызды жаңаша, ғаламдық тұрғысынан, қайта саралайтын көп томдық «ұлттық энциклопедияның» дүниеге келуі.

Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» жолдауында «ауқымдану және ғылыми - техникалық прогресс әсіресе жаңа ақпараттық және телекомуникациялық технологиялардың дамуы біздің аумақты әрі аз қоныстанған еліміз үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Демек, осы технологияларды ұғыну, олардың біздің қоғамымызға толық кіруіне қол жеткізу, ғылыми - техникалық кадрларды қолдау маңызы» делінген.

Сонымен ғаламдастыру - объективті әлеуметтік құбылыс. Болашақ ұрпақты жеке тұлға етіп қалыптастыруда оны ескермей кету мүмкін емес.

Әлем халықтары өміріне ғаламдастыру біртіндеп еніп келе жатқан уақытта, өз тәуелсіздігіне кеше ғана қолы жеткен еліміз үшін өз келбетін жоғалтып алмау, адамгершілік қасиеттерімізден айырылып қалмау, ұлт ретінде жойылып кетуге апарып соқтыруы мүмкін рухани мәңгүрттіктен сақтану және оны болдырмаудың шараларын бүгіннен бастау, әрбір адамның рухани байлығы мен мәдениеттілігін жетілдіру, біліктілігі мен білімін арттыру кезек күттірмейтін негізгі мәселе.

Педагогиканың негізгі мақсаты оқушыны жеке тұлға етіп, қалыптастыру болғандықтан, ол философиялық заңдылықтарды негізгі ала отырып, адамгершілікке тәрбиелеуді қажет етеді.

Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Сондықтан, қазіргі заманның педагогика ғылымында жеткіншек ұрпаққа адамгершілік қасиетті қалыптастырудың ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеу, қарастыру міндеті қарастырылып отыр.

Қазіргі кездегі ғаламдастыру жағдайындағы жалпы білім беретін мектепте білім берудегі ерекшеліктер мынадай жаңа міндеттер ұсынады :

- ғаламдастыру жағдайына сәйкес білім беру мазмұнын жаңарту, жетілдіру.

- әлемдік білім беру тәжірибесіне сүйене отырып, білім беру мазмұнына өзгерістер, жаңалықтар енгізу.

- ғаламдастыру жағдайында ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, білім және тәрбие беру.

- жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне енгізу

- оқудың модульдық жүйесін пайдалану

- педагогикалық құндылықты жалпы адамзаттық құндылыққа ұластыру

- жаңа үшінші мыңжылдықтың оқулықтарының, бағдарламаларының басты ерекшелігін ескере отырып, дамыта және интеграциялап оқыту.

- қазіргі кезде ғылым, техника, мәдениет дамуында білімнің жаңарып, өзгеріп, жетіліп отыруы.

Ғаламдану оқыту мен білім беру мәселесіне де өз әсерін тигізіп, өркениет дамуынан кенже қалмау үшін жаңа өзгерістер мен рефорамаларды қажет етеді. Ол реформалар біздің елімізде де жүріп жатыр. 1-5 сыныптардың жаңа оқулықтары оқушылардың қолына тиіп,

12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі эксперименттер жүргізілуде. Осы тұста қаз іргі ғаламдастыру жағдайында мұғалімдерге мынадай талаптар қойылады :

Біріншіден, ХХІ ғасыр жаңа технологиялар мен жаңа білім беру ғасыры болғандықтан, ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамып, ғылым, техника, мәдениет дамуындағы білімнің мазмұны жаңарып, өзгеріп, жетілуі оқыту процесін қамтитын мәселе болып отыр. Осыған орай мұғалім педагогикалық технологияларды талдау, электронды оқулықтарды сабақта пайдалану, интернет т. б. техникалық құралдар арқылы ғылымдағы жаңалықтан хабардар болып, онымен оқушыларды өз беттерінше айналасуға бағыттауы қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандану дәуіріндегі педагог-психологтардың білім берудегі кәсіби және жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыруды модернизациялау
Білім берудегі ноу-хау: жалпы білім беру мектептеріндегі инновациялық педагогикалық технологиялар
Әбу Насыр Әл-Фарабидің педагогикалық мұрасы: білім-ғылым және тәрбие берудегі өзекті мәселелер
Мектептен тыс ұйымдардың өңір халқына білім мен тәрбие берудегі рөлі (музыкалық білім беру мысалында)
Экологиялық білім берудегі этика мен эстетика: Қазақстан тәжірибесі және ерекше қорғалатын табиғи территориялардың рөлі
Білім мен тәрбие берудегі отбасының рөлі: қазақ отбасындағы этноәлеуметтік маңызы және мектеппен ынтымақтастық
Арнаулы білім берудегі тәрбие: ХХ ғасырдағы өзгерістер, патернализм мен тәуелсіз өмір тұжырымдамасы
Жалпы білім берудегі дамыта оқыту технологиялары және оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру әдістемелері
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі табиғаттың рөлі
Музыкалық білім берудегі балдық-рейтингтік әріптік бағалау: әдістемелік қағидалар мен сабақ тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz