Қазтуған жырау өмірі мен толғаулары


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р

І. Кіріспе

Қазтуған жырау өмірі мен толғаулары

ІІ. Негізгі бөлім

а ) Қазтуған жыраудың табиғат туралы түсінігі

ә) Жыраудың өмірге деген көзқарасы

б) Қазтуған жыраудың - қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орны

ІІІ. Қорытынды


Қазтуған жыраудың табиғат туралы түсінігі мен өмірге деген көзқарасы

Қазтуған жыраудың өмірі

Аты әйгілі XV ғасырдың әрі батыры әрі шешен жырауы. Оны халық Қарға бойлы Қазтуған деп атап кеткен. Қазтуған ноғайлы дәуірінің перзенті. Туып өскен жері-Каспий алқабы, Бөкей жеріне қарасты. Еділ мен Жайық арасы, Қабыршақты даласы, қазіргі Орал өлкесінің Жалпақтал мен аудандарына жататын өлке. Астрахань облысына қарасты Краснояр ауданы, Бозан, Ақтуба өзендерін шешендеген елден шыққан. Ақтуба мен Бозан өзендері Еділдің кішігірім төменгі салалары қазіргі Краснояр ауданы. Краснояр ауданының көп жері бұрын Бөкей ордасына қараған. Жырау көшпенділердің шынжыр балаң, шұбар төс әскери аристократиясынан шыққан сияқты. Халық аңыздарында ол қолбасы, батыр деген.

Ол өзін «Айдаса қойдың көсемі, Сөйлесе қызыл тілдің шешені». «Буыршынның бұта шайнар азуы». «Бидайықтың көл жайлаған жалғызы», - деп таныстырады.

Өазтуған жырау тайпалар көсемі, отты биі, әскер басы, орақ тілді шешен, Арқалы ақын болған. Қарашаш ноғайлы ортасындағы кіші аралдағы, Қияш өзені жағасындағы Баба ата мәйітінде жерлеген. Қазтуған заманында бұл жерлер ноғайлар мекені деп есептелінген-ді.

Қазтуғанның дәл қай жылы туып, өлгені туралы тиянақты дерек әзірге белгісіз. Шамамен ол XV ғасыр ішінде өмір сүрген, 75 жастарында қайтыс болған.

Халық Қазтуғанда әрдайым еске алып, қадір тұтады. Ол туралы талай аңыздарда айтады. Ел аңызында ол қалмақтарға қарсы қол бастаған ұрпақтың батыры. Оның тоғыз батыр ұлы болыпты.

Онымыз тұрып оқ атсақ,

Он сан қалмақ бөлінген, -

деп айтыпты батырдың өзі. Халық аузында мынадай да жолдар кездеседі.

Тоғыз тұтам оқ жонған,

Толғамалы найза өңгерген

Тоғыз көзді торқалы,

Темір болат сауыт киген,

Толғамалы жақ тартқан

Толассыз тұрып оқ атқан

Тоғыз оқ торғауышты бөгеген,

Тобылғыдан су тартқан.

Жетпіс бесте жасы бар,

Қабыршақты жайлаған

Ақсуды төмен бойлаған,

Шоғанға атын байлаған,

Қарға бойлы Қазтуған.

Ақынның бақа өлеңдерінен де оның өмірі туралы кейбір деректерді ұшырата береміз.

Алаңда алаң, алаң жұрт,

Аққала ордам қанған жұрт.

Атамыз біздің бұл Сүйініш,

Күйеу болып түскен жұрт,

Анамыз біздің Бозтуған,

Келіншек болып түскен жұрт.

Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,

Салт-салпыншаң анау үш өзен,

Сәулетті менің ордам қонған жар,

Менен қалған мынау Еділ жұрт . . .

Бұл өлең жолдарынан Қазтуғанның үш өзенді жайлаған Еділді мекен еткен батыр болғанын, атасы Сүйініш, анасы Бозтуған екенін аңғару қиын емес.

Жыраудың толғаулары

Қазтуған жырлары әуенді, дыбысты, ырғақты, күшті поэзия. Ат арқасында, топ ортасында айтылған жырдың солай болуы да заңды. Дауысты «А» дабасын қатар қолданып, аңғарта сөз тастау тыңдаушыға әсерлі, құлаққа жұғымды.

Арғымақтың баласы,

Арыған сайын тың жортар.

Әрқамнан қасым қалар деп,

Ақ дария толқын күшейтер.

Құйрығын күн шалмаған балығым,

Ортамнан айран салар деп.

Тағы бір назар аударатын жай, соңғы екі жолдағы образды сөздер. Бұрын соңды қолданылмаған, тек Қазтуғанға ғана тін тіркес, «құйрығын күн шалмаған балығым, ортамнана ойран салар деп»-қандай әдеме сөз! Осы өлеңнің шумағы үш жолдан тұрады. Ақын бес жолды өлең шумағында жиі қолданған. Бұған қарағанда Қазтуған-өлең құрылысында мән берген шебер жырау.

Әрбір сөз, әрбір жол өз орнында. Ақын бір ыңғай бір дабыстардан бастап, ұзақ шұмақтар құрады. Ақын өлеңдері поэтикалық тілі жағынан да қазіргі оқушыны жалықтырмайды. Қазтуған өзіне тән теңеу, эпитет, метафоралар қолданады. Қатарынан «Ж» әрпінен басталып ұзақ шұмақты өлеңнің балама сөздері жер-қоныс құнарлығын өте айқын танытарлықтай:

Жабағылы жас тайлақ,

Жардай атан болған жер.

Жатып қалып бір тоқты,

Жайлып лақ қой болған жер.

Жарлысы мен байы тең.

Жабысы мен тайы тең,

Жары менен сайы тең.

Енді ақын қолданған теңдеулерге көз салыңыз.

Еділді ақын:

Боташығы бұзаудай,

Боз сазаны тоқтыдай,

Балығы тайдай тулаған

Бақасы қойдай шулаған.

деп бейнелейді.

немесе

Шырмауығы түйе топтырмас,

Балығы көлге жылқы жаптырмас.

Адам тұлғасын жасауға да жаруа қабілеті жетерлік. Батыр бейнесі, өз басының суреті айтарлықтай айқын және риалистікпен көрсетілген.

Бұдырайған екі шекелі,

Мұздай үлкен көбелі.

Қара тұлымы сұлтандайын желпіді,

Адырнасы шай жібек оққа кірісті.

Айдаса қойдың көсемі,

Сөйлесе қызыл тілдің шешені

Ұстаса қашағанның ұзын құрығы,

Қалайлаған басты орданның сырығы.

Ақынға тән сөз қолданыс, көркемдеу, тәсілдері де таңданарлық. «Белгілі биік көк сеңгір басынан қарға ұшырмас. Балдағы алтын құраш болат, қалайлаған басты орданың сырығы. . , т. б. » образды сөздер жырауға тән өзіндік тіркестер.

Билер өтті би соңы,

Би ұлының кенжесі,

Буыршынның бұта шайнар азуы,

Бидайықтаң көл жайлаған жалғызы,

Бұлт болған айда ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,

Сүйінші ұлы Қазтуған!


Қазтуған жыраудың табиғат туралы түсінігі

мен өмірге көзқарасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулар әлеміне шолу жасау
Жыраушы тұлғалар
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Жыраулар поэзиясы
Қазтуған Сүйінішұлы- жырау
Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр
Қазақ хандығы кезіндегі жыраулар
Доспамбет жыраудың толғаулары
Жалпы мектептегі музыка сабағында жыршы-жыраулардың алатын орны
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz